Пульмонологиядағы шұғыл жағдайлар. Жедел тыныс жетіспеушілігі дегеніміз



бет1/8
Дата13.03.2024
өлшемі0.63 Mb.
#495429
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8
пульмонология каз




Пульмонологиядағы шұғыл жағдайлар.
Жедел тыныс жетіспеушілігі дегеніміз – бірнеше күн, сағат немесе минут ішінде дамитын, сыртқы тыныс алу қанның қалыпты газ құрамын қамтамасыз етпей немесе тыныс алу үшін шамадан тыс күш жұмсау нәтижесінде дамитын процес .
Себептері: ОНЖ тежелуі (кома, бас миының жарақаты, менингит немесе энцефалит, улану);
Тыныс алудың жүйке-бұлшықеттік реттелуінің бұзылуы (кезкелген этиологиялық құрысу, сіреспе, полиомиелит, полирадикулоневрит),
Рестриктивті процестер (құрғақплеврит, ауырсыну салдарынан диафрагманың қозғалғыштығының шектелуі, қабырғаның көптеген сынуы, өкпе ісінуі, экссудативті плеврит, пневмоторакс, пио немесе гидроторакс, өкпе ателектазасы, асқазанның шектен тыс толуы, ішек парезі), жоғары тыныс алу жолдарының бітелуі (тілдің тыныс жолдарын жабуы, жедел эпиглотит, ларингоспазм, жедел ларинготрахеит, кеңірдектің және трахеяның бөгдезаты), төменгі тыныс алу жолдарының бітелуі (жедел бронхиолит, бронхтағы бөгде зат). , фосфор органикалық қосылыстармен улану.
Клиникасы: эйфория – психикалық қозу, жұмбақтап сөйлеу, зейінді шоғырландыру қабілетінің төмендеуі, ойлаудың тежелуі, сезімталдықтың жоғарылауы, өз жағдайын сыни емес бағалау; адинамия - летаргия, тез шаршау, терінің, сіңірдің және периостальды рефлекстердің тежелуі; декортикация – қыртыс қабатының тежелісі және қыртысасты түзілістерінің тежелуі: есін жоғалтқан, қозғалыс қозуы, қарашықтары орташа кеңейген, жарыққа реакциясы баяу, қасаң қабық жылтыр, тері рефлекстері жоқ, сіңір және периостальды рефлекстер жоғарылаған; гипоксиялық кома – қарашықтары кеңейген, жарыққа реакциясы әлсіз, қасаң қабық жылтырлығын жоғалтады, құрғақ, көз алмалары әртүрлі бағытта қозғалады.
Емі
Ауруханаға дейінгі кезең:
1. Тыныс алу жолдарының бітелуін жою: басты шалқайтып – бір қолды мойынның астына қойып, екінші қолмен маңдайдан ұстау, төменгі жақты алға қарай шығару, ауызға немесе мұрынға ауа үрлеу , кеуде қуысының көтерілуі тыныс алу жолдарының ашықтығын көрсетеді.
2. Бөгде заттардан тазарту.
3. Тыныс алу жолдарын тазарту , ӨЖЖ.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет