Орындаған:Достарбай М.А Топ:203-Б Факультет:стоматология Қабылдаған:Орынбай Г.С ЖОСПАР: - Кіріспе
- Анықтамасы
- Негізгі бөлім
- Жіктелуі
- Диагностикасы
- Қорытынды
- Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе Анықтама
Кеуде жарақаты – тері жамылғысының, сүйек қаңқасының, ішкі ағзалардың жекеленген немесе комплексті түрде бүтіндігінің бұзылуы. кезіндегі емде дәрігердің негізгі шешетін мақсаты ол қабырға мен төс сынықтары кезіндегі асқынулары анықтау (гемо-, пневмоторакс, өкпе, жүрек соққылары, пневмония) және олардың алдын алуын жүргізу. Кеуде қуысының зақымдануы
Негізгі бөлім Жіктелуі - Біржақты.
- 2. Екіжақты.
- Кеуденің зақымдануының жіктемесі:
- 1. Кеуденің жабық зақымдануы.
- 2. Кеуденің ашық зақымдануы (жаралануы).
Кеуденің жабық жарақаты тізіміне кіреді
- қабырға сынуы;
- кернеулі пневмоторакс және гемоторакс дамыған өкпе зақымдануы;
- өкпенің соғылуы; - көкірекорта эмфиземасы; - жүректің соғылуы
Пневмоторакс – көкіректі тесіп өткен жарақаттың немесе өкпе зақымдануының салдарынан плевралық қуысқа ауа жиналуы. Біржақты және екі жақты 1. Шектелген пневмоторакс кезінде өкпенің 1\3 бөлігінен аз көлемі бүрісіп кішіреюі. 2. Орташа пневмоторакс - өкпенің 1\3 -нен 1\2 бөлігіндей көлемі бүрісіп кішірейеді. 3. Тұтас пневмоторакста өкпе қалыпты көлемінің тек жартысындай ғана болады немесе толығымен бүрісіп кішірейіп қалады. Жабық пневмоторакс.
Бұл кезде плевралық қуыс сыртқы ортамен байланыспайды және жарақат кезіндегі өткен ауа көлемі көкірек экскурсиясында өзгермейді.
Ашық пневмоторакс Бұл жағдайда плевралық қуыс сыртқы ортамен байланыста болады. Дем алу кезінде плевралық қуысқа ауа қосымша кіріп тұрады, ал дем шығару кезінде сол көлем қайта шығады. Ашық пневмоторакс кезінде плевралық қуысқа ауа жиналуы болмайды. Бұл жағдайда пародоксальды тыныс пайда болады дем алу кезінде жарақат болған жақтағы өкпе бүрісіп кішірейеді, ал дем шығарғанда керіледі. Мұндай кезде ауаның өкпеде маятник тәрізді жылжуы болады, дем алу кезінде жарақат болған жақтағы ауа сау өкпеге өтеді, ол дем шығарғанда қайтадан сау өкпеден жарақаттанған өкпеге өтеді. Плевраішілік қысымның өзгеріп көкірекортаның флотациялануын туындатады.
Клапанды пневмоторакс А) Сыртқа дем шығару кезінде плевра қуысының сыртқы ортамен байланысуы азаяды және мүлдем тоқтайды, өйткені аралық қақпақша тәрізді жауып қалады. Əр дем алған сайын плевралық қуысқа ауа көбірек кіреді, ал дем шығарғанда аз шығады. Осыдан плевралық қуысқа ауа жинала береді. Əр дем алу актісінде өкпенің кернелуі артып көкірекорта қарама-қарсы жаққа қарай ығысады. Соның салдарынан сау өкпе қысылады. Үдемелі плевраішілік қысымнан ауа жұмсақ тінге өтіп теріастылық эмфизема дамиды. Б) Ішкі қақпақша өкпелік тінде орналасады, плевралық қуыс сыртқы ортамен бронхылар арқылы байланысады. Əр дем алу актісінде ауа плевралық қуысқа өкпенің зақымданған бөлігінен енеді, ол дем шығару кезінде толығымен немесе жартылай плевралық қуыста қалып отырады. Ауаның плевраға жиналу механизмі сыртқы қақпақшалы пневмоторакстағыдай болады. Біртіндеп плевраішілік қысымның күшеюі соншалық, атмосфералық қысымнан да жоғары болып кернеулі пневмоторакс дамиды.
Кеуденің жабық жарақаттары
1. Ішкі ағзалардың бұзылуынсыз:
• - көкірек сүйектерінің сынуынсыз;
- кеуде сүйектерінің сынуымен.
• 2. Ішкі ағзалардың зақымдануымен жүретін:
- кеуде қуысының зақымдануынсыз жүретін; - кеуде қуысының сүйектерінің сынуымен жүретін.
Достарыңызбен бөлісу: |