Python тілі негіздері (әдістемелік құрал)


Операторларды орындау реттілігі және олардың приоритеттері (бірінші кезекте орындалатындары)



бет9/22
Дата15.04.2023
өлшемі318.13 Kb.
#472283
түріПрограмма
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Бөрібаев, Муратова Python тілі негіздері

Операторларды орындау реттілігі және олардың приоритеттері (бірінші кезекте орындалатындары)


Бірінші өрнек мысалында біз + смиволын пайдаландық және осы символдың жанында қатар тұрған екі санды қосу операциясын орындауға нұсқау бердік. Бұл жағдайда + оператор, бір немесе екі операнд мәніне қарапайым амал орындайтын команда.
Программадағы көптеген сөйлемдер (логикалық жолдар) өрнектен құралған. Өрнекке қарапайым мысал: 2 + 3. Өрнекті оператор мен операндтарға бөлуімізге болады. Оператор деп амалдарды, ал операнд деп сандарды айтуға болады. Өрнектегі операндтар 2 және 3. Мына мысалдарды теріп жазыңыз:
>>> 2 + 3
5
>>> 3 * 5 15 Жауабы бірден есептеліп отыр.
2+2 деген тізбекті өрнек деп атадық. Программалау тіліндегі өрнек термині – аяқталған ісәрекетті орындайтын команда. Өрнек – сандардың, айнымалылардың және функциялардың арифметикалық амалдармен біріктірілген тізбегі. Қандай да бір мәнді есептеу, деректердің қандай да бір құрылымын жасау, программалық кодты орындауды басқару, функцияны немесе әдісті шақыру командасы іс-әрекет деп аталынады.
Python тіліндегі кез келген өрнек каретаны кері қайтару және жолды ауыстыру символымен аяқталуы керек. Олар программалық кодқа батырмасын басу арқылы қойылады.
Тағы да бірнеше өрнек қарастырайық. >>> 3*4+8
3-ті 4-ке көбейтеміз, пайда болған көбейтіндіге 8-ді қосамыз және 20-ны аламыз. Көбейту амалы қосу амалынан бұрын орындалады.
>>> 5/6 5-ті 6-ға бөлеміз және – 0,8333333333333334 мәнін аламыз.
Программадағы жолдың ретіне қарай іс-әрекеттер де рет-ретімен орыңдалады. Программа кодын жазғанда кері шегіністерге мән беру аса маңызды болып табылады. Сондықтан, ісәрекет реттілігіне кіретін операторлардың барлығы да бірдей шегініспен жазылуы тиіс:
а = 1 b = 2 а = а + b b = a - b а = а-b print (a, b)

Операторлар және оларды қолдану


Оператор

Аты

Түсіндірмесі

+

Қосу

Екі объектіні қосады.

-

Азайту

Екі санның айырмасын табады. Егер бірінші сан жазылмаса, онда оны нөлге тең деп есептейді.

*

Көбейту

Екі санды көбейтеді немесе жолды берілген сан бойынша қайталайды.

**

Дәрежеге шығару

x санын у дәрежесіне шығарады.

/

Бөлу

x санын у санына бөледі.

//

Бүтінсандық бөлу

Бүтін сандарды бөліп, бүтін бөлінді табуды іске асырады.

%

Модуль бойынша бөлу

Бүтін сандарды бөліп, қалдықты көрсетеді.

<<

Солға жылжу

Санның биттерін солға қарай бірнеше рет жылжытады. Кез келген сан компьютер жадында биттік, яғни екілік жүйеде бейнеленеді.

>>

Оңға жылжу

Санның биттері тізбегін оңға қарай бірнеше позицияға жылжытады.

&

Биттік ЖӘНЕ

Сандарға орындалатын биттік ЖӘНЕ операциясы

|

Биттік НЕМЕСЕ

Сандарға орындалатын биттік НЕМЕСЕ операциясы

^

Биттік ТЕК ҚАНА НЕМЕСЕ

биттік ТЕК ҚАНА НЕМЕСЕ операциясы

~

Биттік ЖОҚ

x саны үшін биттік ЖОҚ операциясы – (х+1)-ге тең.

<

Кіші

х-тің у-тен кіші екендігін анықтайды. Салыстыру операторларының барлығы да True немесе False мәнін қайтарады. Бұл сөздер бас әріппен жазылғанына назар аудару керек.

>

Үлкен

х-тің у-тен үлкен екендігін анықтайды.

<=

Кіші немесе тең

х-тің у-тен кіші немесе тең екендігін анықтайды.

>=

Үлкен немесе тең

х-тің у-тен үлкен немесе тең екендігін анықтайды.

==

Тең

Объектілердің тең екенін анықтайды.

!=

Тең емес

Объектілердің тең емес екенін анықтайды.

not

Логикалық ЖОҚ

Егер х саны True болса, онда False мәнін қайтарады. Егер х саны False болса, онда True деген мән береді.

and

Логикалық ЖӘНЕ

Егер х саны False болса, х және у False деп есептеледі. Kepi жағдайда у мәнін жазады.

or

Логикалық НЕМЕСЕ

Егер х саны True болса, онда True деп жазады. Кері жағдайда у мәнін жазады.

Математикалық операцияларды және меншіктеуді қысқаша жазуға болады. а = 2; а = а*3
өрнегін a = 2; a *= 3
түрінде жазуға болады.
«айнымалы=өрнектің айнымалы мәні» түріндегі өрнектерді
«айнымалы операция=өрнек» түрінде жазуға болады.
Есептеу тәртібі өзгешерек. Мысалы + 3 * 4 түрінде өрнек берілсе, көбейту амалының бірінші орындалатыны мектеп курсынан белгілі. Көбейту амалының приоритеті қосу амалынан басым. Келесі кестеде Python операторларының приоритеті көрсетілген. Кестенің төменгі жағында орналасқан операторлар ең алдымен есептеледі де, кестенің жоғарғы бөлігіндегілер соңында есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет