Металды балқыту құю өндірісінің жауапты кезеңдерінің бірі болып табылады. Құйманың сапасы мен өзіндік құны балқыту процесінің дұрыс жүргізілуіне байланысты.Құйма құюға арналған көп таралған материалдарға сұр шойын, болат және түсті металдар мен олардың қорытпалары жатады.
Құю өндірісінің негізгі балқыту пеші - вагранка (39 - сурет). Вагранка - ішкі жағы шамот кірпішімен астарланып, сыртқы цилиндр тәрізді болат қалыппен қапталған шахталы пеш. Вагранканың негізгі отыны - кокс, ал соңғы кезде Шымкенттің қорғасын, Пензаның компрессор, «Бакинский рабочий» заводтарында отын ретінде табиғи газ қолданылып жүр.
Вагранканың негізгі шикізаты - кесек шойын, болат сынықтары мен жаңқалары, кесілген құю жүйесі, кокс, газ, флюс.
Вагранкаға шихта материалдары (кокс, флюс, металл) белгілі тәртіппен салынады. Шихта деңгейі төмен түскенде вагранканың жоғарғы жағынан оған шихта материалдары салынып, балқы,ан металл жинағыштан оқтын - оқтын құйылып алынады. Вагранкада сұр шойынмен қатар созылғыш, модификацияланған шойындар да балқытылады.
Вагранканың негізгі өлшемдері тәжірибеге негізделіп алынады. Вагранканың көлденең қимасы, өнімділігіне байланысты, мына формуламен анықталады:
мұндағы d - вагранканың метрмен алынған диаметрі.
Q - вагранканың - пен алынған өнімділігі,
Q1 - вагранканың - пен алынған 1 м2 ауданға келетін меншікті өнімділігі, (Q= 6-8 )
Вагранканың пайдалы биіктігі (шихта түсіретін тесік пен фурмалар деңгейінің ара қашықтығы) оның диаметріне байланысты мына өрнекпен анықталады: Н = (4-5) d.
Болат қорытпаларын балқыту үшін мартен, электр, индукциялы пештер мен кіші бессемер конвертерлерін пайдаланады.
Түсті металдар мен олардың қорытпасын балқыту үшін кокс, мазут немесе газбен жұмыс істейтін тигельді стационар пештерін пайдаланады. Мыс қорытпалары графиттен, алюминий қорытпалары графит және шойыннан жасалған тигельдерде балқытылады. Тигельді пештердің жұмыс өнімділігі мен пайдалы әсер коэффициенті төмен. Тигелді пештерге қарағанда пайдалы ісер коэффициенті жоғары (ή = 0.14-0.24) астаулы жалынды пештер жиі пайдаланылады.
Түсті металдар электр, доғалы, индукциялық пештерде де балқытылады. Осы пештердің ішіндегі тиімдісі индукциялық пештер болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |