«Qazaq Banki» АҚ Жалпы операцияларды жүргізу шарттары туралы ережелер


-ТАРАУ. БАНК ҚАБЫЛДАЙТЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР



бет2/11
Дата20.07.2016
өлшемі1.48 Mb.
#211562
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

5-ТАРАУ. БАНК ҚАБЫЛДАЙТЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР

  1. Банк қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын жалпы талаптар келесі талаптарды, шарттарды қамтуы керек, бірақ бұлармен шектелмейді:

    1. қамтамасыз ету мәні ҚР нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына, Банктің тиісті корпоративтік нормативтік құжаттарына сәйкес болуы керек;

    2. кепіл беруші қамтамасыз ету туралы шарт күшінде болатын мерзімге қамтамасыз ету мәніне құқық белгілеуші /құқық куәландырушы құжаттардың Банкке берілген түпнұсқаларымен расталған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің нормаларына сәйкес қамтамасыз ету мәніне тиісті құқықтарға (меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы, басқа құқықтар) ие болуы керек;

    3. қамтамасыз ету мәні үшінші тұлғалардың ауыртпалықтарынан және/немесе құқықтарынан бос болуы керек (Клиенттердің берешегін қайта қаржыландыру жөніндегі жобаларды және/немесе ауыртпалықтардың және/немесе үшінші тұлғалардың құқықтарының болуы Банкпен жол берілетін жағдайларды есептемегенде);

    4. Банк кепіл туралы шарт күшінде болатын бүкіл уақытқа қамтамасыз ету мәнінің болуына және сақталуына бақылау жасау мүмкіндігіне ие болуы керек. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жер теліміне құқық тиісті түрде рәсімделген болса, жылжымайтын мүлік (көп қабатты үйлердегі пәтерлерді есептемегенде) кепіл ретінде қабылданады;

    5. Қарыз алушы /Кепіл беруші Банкпен келісе отырып, банктік қарыз бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде Банкке берілетін мүлікті тәуекелдерден сақтандыруға құқылы.

  2. Қарыз алушылар пайдалану төлемін есепке ала отырып, уақтылы қайтару мақсатында жеткілікті қамтамасыз етуді берсе, Банк қарыз береді.

  3. Қарыз алушы (борышкер) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемесін орындамаған жағдайда Банк (кепіл ұстаушы) осы мүлік тиесілі тұлғаның (кепіл берушінің) басқа несие берушілердің алдында артықшылықпен кепілге қойылған мүлік құнынан қанағаттандыру алуға құқылы болатын міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдісі кепіл деп танылады.

  4. Қамтамасыз ету туралы шартта Банктің бірінші кезекті кепіл беруді талап ету құқығы, шарттың күшінде болу мерзімі аяқталғанға дейін Банк кепілге қабылдаған активтерді Банктің рұқсатынсыз Қарыз алушының кепілге қоймау міндеттемесі қарастырылады.

  5. Кепілге қойылған мүліктің болуын, техникалық күйін міндетті түрде Банк өкілі тексереді. Тексеру нәтижелері тиісті актілерде көрсетіледі.

  6. Мүлікті бағалау актісі міндетті түрде рәсімдеп, тәуелсіз сарапшылар немесе осындай қызметті атқаруға өкілеттігі бар тиісті органдар кепілге қойылған мүлікті бағалайды.

  7. Қамтамасыз ету ретінде қабылданған мүлікті бағалағанда өтімділігі, сұраныс деңгейі, нарық құны, басқа да критерийлер қарастырылады.

  8. Ақша, бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік нысандары, өндірістік қуаттар, жабдықтар, көлік құралдары, ТМҚ, басқа да өтімді мүлік, «Standard&Poor's» агенттігінің «В» төмен болмайтын рейтингіне немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұқсас рейтингіне ие сақтандыру ұйымдары берген сақтандыру полистері қамтамасыз ету мәні бола алады.

  9. Әрбір кепіл мәніне мөлшері Банктің Уәкілетті органы кем дегенде үш айда бір рет бекітетін белгілі бір өтімділік коэффициенті қолданылады. Бұл орайда, Банктің кепілді қамтамасыз ету бөлімшесі өтімділік коэффициенттерінің мөлшерлеріне қатысты ұсыныстарды Банктің Уәкілетті органының қарауына ұсынады.

  10. Қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын жылжымайтын мүлік нысандарына қатысты кепілге қойылмағандығы және таратуға тыйым салынған мүлік тізіміне енгізілмегендігі туралы органның бағалау және тіркеу туралы анықтамасы талап етіледі. Кепілге қойылған көлік құралы ЖПБ органдарында тіркелуі керек, қалған жылжымалы және жылжымайтын мүлік уәкілетті тіркеуші органда тіркелуі керек.

  11. Ортақ меншіктегі мүлік кепілге қойылғанда барлық ортақ иелердің келісімі, сондай-ақ борыш қайтарылмағанда кепілді соттан тыс таратуға жазбаша келісім талап етілмейді. Меншік иесі немесе меншік иелерінің бірі мемлекеттік кәсіпорын болса, мемлекеттік мүлікті және активтерді басқару жөніндегі аумақтық комитеттің рұқсаты қажет.

  12. Бағалы қағаздар нарығы туралы ҚР заңнамасына сәйкес кепіл мәні ретінде бағалы қағаздар тіркелуі мүмкін.

  13. Кепілге қойылған мүлік қолданыстағы ережелерге сәйкес баланстан тыс шота есепке алынады. Банк кепілге қойылған мүліктің жайы мен қозғалысына тұрақты бақылау жасайды, бухгалтерлік құжаттамада нәтижелерін көрсетеді.

  14. Қамтамасыз етудің жайын және сақталу талаптарын тексеру сол жерге бару арқылы жүргізіледі, несие берешегіне жалпы кепіл сомасының қатынасы туралы мәліметтер, мүліктің сақталуы, сақталу талаптары, Қарыз алушы балансының тиісті баптарында есепке алу жайы туралы ақпарат, кепілге қойылған мүліктің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кепіл ұстаушы ретінде Банктің нұсқаулары қамтылатын өзара қол қойылатын актпен рәсімделеді.

  15. Банк кепілге қойылған мүліктік жетпеу фактісін анықтағанда қарыз алушының банктік шотынан берешектің қамтамасыз етілмеген сомасын өндіріп алуға шағым бере алады немесе қосымша қамтамасыз ету талап ете алады. Банктік шоттарда қаражат болмаса, берешектің қамтамасыз етілмеген сомасы мерзімі кешіктірілген несиелер шотына аударылады, бұл Банктік қарыз шартымен қарастырылған.

  16. Банк нарықтағы баға үрдістерін және берешек жайын есепке ала отырып, кепілге қойылған мүлікті оқтын-оқтын қайта бағалауға, несие маржасының мөлшерін өзгертуге құқылы, бұл Кепіл шартында қарастырылуы мүмкін.

  17. Борыштың негізгі сомасы қайтарылмаса және сыйақы төленбесе, талаптары Қамтамасыз ету шартымен қарастырылған кепілді тарату есебінен өтеу жүргізіледі. Қамтамасыз етуді тарату басталған кезден бастап Кепіл ұстаушының шешімі бойынша несиені пайдалану үшін пайыздардың есептелуі тоқтатылуы мүмкін. Сауда-саттық арқылы кепілге қойылған мүлікті соттан тыс еркінен тыс тарату Банктің жеке іші нормативтік құжатымен анықталады.

  18. Кепілдік (кепілдеме) – кепілгер (кепілдеме беруші) басқа тұлғаның (борышкердің) несие берушілерінің алдында заң актілерімен қарастырылған жағдайларды есептемегенде борышкермен бірге осы тұлға міндеттемелерінің толығымен немесе бір бөлігінің орындалуына міндеттенетін қамтамасыз ету әдісі.

  19. Кепілдік (кепілдеме) шартымен басқаша белгіленбесе, бірге кепілдік (кепілдеме) берген тұлғалар несие берушілердің алдында бірге жауап береді.

  20. Кепілдік (кепілдеме) шарты болашақта туындайтын міндеттемені қамтамасыз ету үшін де жасалуы мүмкін.

  21. Кепілдік (кепілдеме) шарты жазбаша жасалуы керек. Кепілгер (кепілдеме беруші) Банкке борышкердің міндеттемелерінің орындауы үшін өз жауапкершілігі туралы жазбаша хабарласа, Кепілдік (кепілдеме) шартының жазбаша нысаны сақталған деп саналады, ал Банк осы уақытта әдетте қажетті кепілгердің (кепілдеме берушінің) ұсынысынан бас тартпайды.

  22. Заң актілерімен немесе тараптардың келісімімен басқаша қарастырылмаса, Кепілгер (кепілдеме беруші) борышкер сияқты көлемде, соның ішінде тұрақсыздық айыбын, сыйақыны (мүддені), борышты өндіріп алу бойынша сот шығыстарын, борышкердің міндеттемелерін орындамау немесе тиісті түрде орындамау арқылы келтірілген Банктің басқа шығындарын қоса алғанда Банктің алдында жауап береді.

  23. Тәуекел төмендеген жағдайда кепілгердің тарапынан кепілдіктің (кепілдеменің) берілу фактісінің растамасын алу керек.

  24. Банк қаржы жағдайына талдау жүргізу арқылы және/немесе кепілгердің өзіне қызмет көрсететін Банктегі міндеттемелері бойынша жауап беруге кепілгердің (кепілдеме берушінің) қабілеті туралы сұрау жіберу арқылы кепілгердің төлем қабілеттігін тексеруге міндетті.

6-ТАРАУ. ЖАЛПЫ КЛИЕНТТЕРГЕ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ КАРТОЧКАЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖҮРГІЗУ ШАРТТАРЫ

  1. Банк Лицензиясына, ҚР қолданыстағы заңнамасына, Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Клиенттерге келесідей операциялық қызметтер ұсынуға құқылы:

    1. кассалық операциялар: қолма-қол ақша қабылдау және беру, соның ішінде ұсақтау, айырбастау, қайта есептеу, сұрыптау, қаптау, сақтау;

    2. аудару операциялары: заңды және жеке тұлғалардың төлемдер және ақша аудару жөніндегі, соның ішінде жеке тұлғалар үшін ақша аудару жүйелері арқылы тапсырмаларын орындау;

    3. шетел валютасынан айырбастау операциялары;

    4. сейфтік операциялар: клиенттердің құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын, құндылықтарын сақтау қызметтері, соның ішінде сейфтік жәшіктерді, шкафтарды, үй-жайларды жалға беру.

  2. Банк ҚР қолданыстағы заңнамасына және Банктің ішкі құжаттарына сәйкес төлем карточкаларын және чек кітапшаларын шығаруға, таратуға және сатуға құқылы.

  3. Банк белгілеген тарифтер мен комиссияларға сәйкес ақылы түрде Клиенттерге операциялық қызмет көрсетеді. Банктің қызметтері үшін комиссиялық сыйақы Клиенттердің шоттарынан есептен шығарылады немесе Клиенттер қолма-қол ақшалай төлейді. Банк Банктік қызмет ұсыну туралы шарт жасағанға дейін Клиентке осы Ережелердің 262.1 тармағында аталған ақпаратты ұсынады.

Жалпы кассалық операциялар жүргізу талаптары

  1. Кассалық операциялар: қолма-қол ақша қабылдау және беру, соның ішінде қайта есептеу, ұсақтау, айырбастау, сұрыптау, қаптау, сақтау Ұлттық Банк Басқармасының 2001 жылғы 03 наурыздағы №58 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінде және банктік операциялардың жекелеген түрлерін атқаратын ұйымдарда кассалық операциялар және банкноттар, монеталар, құндылықтар инкассациясы бойынша операцияларды атқару ережелеріне, сондай-ақ Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізіледі.

  2. Осы Ережелердің 136-тармағында аталған функцияларды ұйымдастыру және орындау үшін Банктің филиалдарында және бас офисінде кіріс және шығыс кассалар, шығыс-кіріс кассалары, кешкі кассалар, қайта есептеу кассалары деп бөлінетін операциялық кассалар қызмет етеді.

  3. Банк бөлімшелері белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес қолма-қол ақшамен операциялар жасайды.

  4. Банк Клиенттерге ыңғайлы болу үшін олардың қолма-қол ақшамен операциялар жасауы үшін банкоматтар орнатады

  5. Кассалық құжаттарды рәсімдеу тәртібі және нысаны ҚР заңнамасының тиісті талаптары есепке алына отырып, Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен анықталады.

  6. Кіріс кассалары операциялық күн ішінде Банк кассасына қолма-қол ақша қабылдайды. Қолма-қол ақша қабылдау келесі кіріс кассалық құжаттар негізінде жүргізіледі:

      • қолма-қол ақша енгізу туралы хабарландыру;

      • кіріс кассалық ордер.

  7. алынып тасталынды.

  8. Кіріс кассалық құжаттарда түзетулерге, өшірулерге жол берілмейді.

  9. Клиент бір операциялық күн ішінде бірнеше кіріс құжаттары бойынша кассаға қолма-қол ақшаны тапсырса, кассир әр құжат бойынша жеке-жеке ақша қабылдайды.

  10. Шығыс кассалары операциялық күн ішінде Банк кассасынан қолма-қол ақша береді. Қолма-қол ақша беру келесі шығыс кассалық құжаттар негізінде жүргізіледі:

  • чек;

  • шығыс кассалық ордер.

  1. Банк ағымдағы шоттардан қолма-қол ақша алу үшін чек кітапшаларын заңды тұлғаларға сатады.

  2. Банк жол чектерімен операциялардың жүргізілуін реттейтін және Банктің тиісті уәкілетті органы бекіткен Банктің ішкі нормативтік құжаттары болғанда ғана ірі әлемдік эмитенттердің (American Express, CitiCorp, Visa Interpayment, Thomas Cook Mastercard) жол чектерін сатуға және/немесе қолма-қол ақшаға айырбастауға құқылы.

  1. ҚР заңнама нормалары сақтала отырып, резиденттердің шоттарынан қолма-қол шетел валютасы беріледі, резидент еместердің шоттарынан шетел валютасындағы және ұлттық валютадағы қолма-қол ақша беріледі.

  2. Алушының жеке басын куәландыратын құжаттар (ҚР азаматының жеке куәлігі, паспорты, шетелдік азаматтың ҚР қоныстану ықтиярхаты, азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі, шетелдік азаматтың паспорты) болғанда ғана қолма-қол ақша беріледі.

  3. Қайта есептеу арнайы бөлінген жерде жүргізілмесе, Банктен тыс жерде жүргізілсе, Клиенттердің ақша жетпеу, төлеуге болмайтын, күмәнді банкноттар немесе монеталар туралы мәлімдемелері қанағаттандырылмайды.

  4. Банк жасалған шарттың негізінде немесе оған сәйкес ақша жіберуші банкке банктік шотты тікелей дебеттеу арқылы бенефициардың пайдасына ақша алуға банкке келісім беретін ақша жіберушінің өтініші болса, Банктік шотты тікелей дебеттеу арқылы төлем төлеуге құқылы.

  5. Төлем құжаттарының қолдан жасалғандығын растайтын құжаттар болса, сондай-ақ қате есептелу фактісі анықталғанда Банк Клиенттерінің шоттарынан олардың келісімінсіз ақша алуға құқылы.

Жалпы жеке тұлғалар үшін ақша аудару жүйелері арқылы ақша аудару шарттары

  1. Банк ынтымақтастық туралы келісім жасаған ақша аудару жүйелері арқылы банктік шот ашпай және ақшаны шұғыл аудару бойынша қызметтерді іске асыру үшін қолданылатын техникалық бағдарламалық-аппараттық құралдары болғанда жеке тұлғалардың арасында шұғыл ақша аудару қызметтерін ұсынады.

  2. Шұғыл ақша аудару жүйелері Қазақстан Республикасының аумағындағы және аумағында халықаралық ақылы ақша аударымдар жүйесінің иелері – коммерциялық ұйымдар қызмет атқаратын шет мемлекетте жүйенің қызмет желісінің кез келген пунктінде ақша аударымын жіберуге және алуға мүмкіндік береді.

  3. Барлық есеп айырысулар аударылған ақша валютасында жүргізіледі, ақша аудару үшін төлем халықаралық аударымдар жүйесі иесінің, Банктің тарифтеріне сәйкес ақша жіберуші Клиенттен өндіріп алынады.

  4. Халықаралық аударымдар жөніндегі Банктің қызметтері үшін комиссиялық сыйақы Клиенттердің шоттарынан есептен шығарылады немесе Клиенттер қолма-қол ақшалай төлейді.

  5. Тапсырма және ол бойынша ұсынылатын құжаттар ҚР заңнама талаптарына, Банктің ішкі нормативтік құжаттарына қайшы келсе, Банк Клиенттің тапсырмасын орындаудан бас тартуға құқылы.

Жалпы шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізу шарттары

  1. Банк ҚР валюталық заңнамасымен, ҚР ҰБ нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген тәртіпте Лицензиясының негізінде қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау жөніндегі операцияларды атқарады.

  2. Банктің айырбастау пункттерінде ғана қолма-қол шетел валютасы сатып алынады және сатылады.

  3. Банк операция жасау кезінде өзі белгілеген бағам бойынша комиссиялық сыйақы ұстамай қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізеді.

  4. Қолма-қол шетел валютасын сатып алу және сату бағамы Банктің уәкілетті лауазымды тұлғасының жазбаша өкімі негізінде белгіленеді және Банктің бір операциялық күні ішінде өзгеруі мүмкін. Банктің түрлі айырбастау пукттерінде түрлі бағам белгілеуге жол беріледі.

  5. ҚР заңнамасымен шетел валютасындағы сомаға қатысты шектеулер қарастырылуы мүмкін, оны сатып алу немесе сату Клиенттің жеке басын куәландыратын мәліметтер берілмей жүргізіледі.

  6. Қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату, айырбастау кезінде айырбастау пунктінің қызметкерлері техникалық құралдардың көмегімен валютаның қолдан жасалмағандығын тексереді.

  7. Банк қолма-қол шетел валютасымен операциялар жасау тәртібін реттейтін ҚР заңнамасына сәйкес айналымға жарамсыз қолма-қол шетел валютасын таниды.

  8. Қызметтердің осы түрі бойынша шешім қабылданатын ең ұзақ мерзім – Клиенттен айырбасталуға тиісті соманы және тиісті қызмет үшін қарастырылған талап етілетін құжаттар жиынтығын толық алған күннен бастап 1 (бір) операциялық банктік күн.

Жалпы сейфтік операцияларды атқару шарттары

  1. Банк ақылы шарт негізінде жеке банктік сейфтерді (ұяшықтарды) мүліктік жалдау (бұдан былай – Жал) талаптарында жеке банктік сейфтерді (ұяшықтарды) Клиенттің пайдалануына береді. Жеке банктік сейфті (ұяшықты) жалдау мерзімі шектелмеген және жеке банктік сейфті (ұяшықты) мүліктік жалдау (жалдау) шартымен (бұдан былай – Жалдау шарты) белгіленеді. Банк Жалдау шартын жасаған тұлға Клиент деп саналады.

  2. Жеке банктік сейфтер (ұяшықтар) арнайы жабдықталған күзетілетін үй-жайда – сейфтік депозитарийде орналасады. Жеке және заңды тұлғалар – он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының резиденттері, резидент емес тұлғалары, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар сейфтік депозитарий клиенттері бола алады.

  3. Банктің жеке банктік сейфтер (ұяшықтар) жалы келесілерді қарастырады:

    1. заттарды, құндылықтарды, құжаттарды сақтау үшін жеке банктік сейфті (ұяшықты) Клиенттің уақытша пайдалануына Банктің беруін;

    2. заттар, құндылықтар, құжаттар иесінің (Банк Жалдау шартын жасаған) өзі жалға алған жеке сейфті (ұяшықты) бөтен тұлғалардың пайдалануынан қорғау жөніндегі тапсырмасы.

  1. Негізінде жалдау шарты жасалатын құжаттар:

    1. Клиенттің жеке басын куәландыратын және ЖСН қамтыған құжат;

    2. Сейфті/Ұяшықты пайдалануға өтініш;

    3. Жалдау шарты;

    4. Клиенттің (немесе сенімді тұлғасының) жеке қол қою үлгісі бар карточка;

    5. нотариуспен куәландырылған сенімхат (Клиенттің уәкілетті өкілі сейфтік операциялар жасағанда);

    6. Жал төлемінің алдын ала төленгендігін растайтын төлем құжаты;

    7. Ақша кепілі шарты;

    8. Клиенттің ақшалай кепіл енгізуін растайтын төлем құжаты.

  1. Клиент Банктің белгіленген тарифтеріне сәйкес таңдап алынған Жал кезеңі үшін толық төлем төлейді, сондай-ақ Ақша кепілі шартында қарастырылған негізде және мөлшерде Клиент кілтінің сақталуын, жұмыс күйінде болуын, қайтарылуын қамтамасыз ету үшін кепіл енгізеді, төлем касса арқылы қолма-қол ақшалай және Клиенттің ағымдағы шоты арқылы жүргізіледі.

  2. Уәкілетті қызметкер жалға алынған Сейфтің /Ұяшықтың мөлшеріне қарай белгілі бір реттік нөмір беріп, Жалдау шарттарын тіркеу журналында сейфтік депозитарий бойынша Жалдау шарттарын тіркейді.

  3. Банк Клиенттің сейфтік депозитарийіне келесідей кіру режимін белгіледі: жұмыс күндері жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00 бастап 18.00 дейін. Сейфтік депозитарийге кіруді өзгерту туралы ақпарат Банктің операциялық залындағы ақпараттық стендтерде немесе корпоративтік Интернет – сайтында орналастыру арқылы Клиентке жеткізіледі.

  4. Банктің жеке сейфтерінде (ұяшықтарында) келесілерді сақтауға тыйым салынады:

    1. отпен атылатын, газбен атылатын, жарақаттайтын, суық қару;

    2. жарылыс заттары және оқ-дәрі;

    3. есірткі және психотропты заттар;

    4. радиоактивті, улы және басқа да улайтын заттар;

    5. азық-түлік;

    6. қос мәнді заттар;

    7. хайуанаттар әлемі мен өсімдік әлемінің өкілдері.

  1. Жеке банктік сейфтерде (ұяшықтарда) сақтаулы Клиенттер мүлкінің болуы, иелері, сипаты және құны туралы мәліметтер банктік құпия болып табылады.

  2. Банк жеке банктік сейфтерде (ұяшықтарда) сақтаулы мүліктің құпия сақталатындығына кепілдік береді.

  3. Жеке банктік сейфтерде (ұяшықтарда) сақтаулы Клиенттер мүлкінің болуы, иелері, сипаты, құны туралы мәліметтер ҚР заң актілерімен белгіленген шекте және негіздер бойынша ғана ашылады.

  4. Осы қызмет түрі бойынша шешім қабылданатын ең ұзақ мерзім – тиісті қызмет үшін қарастырылған талап етілетін құжаттардың толық жиынтығын Клиенттен алған күннен бастап 2 (Екі) жұмыс күні ішінде.

Төлем карточкаларымен жалпы операцияларды жүргізу шарттары

  1. Төлем карточкасын пайдалану, Клиенттің – төлем карточкасын ұстаушының және Банктің құқықтары, жауапкершілігі мен міндеттері ҚР қолданыстағы заңнамасына және халықаралық төлем жүйелерінің ережелеріне сәйкес клиент пен Банк арасында жасалған Шотқа банктік қызмет көрсетуге және төлем карточкасын беруге клиентпен Банктік шот шартымен реттеледі.

  2. Төлем карточкасы Банктің меншігі болып табылады және Клиент үшін пайдалану құқықтарында, соның ішінде Клиенттің банктік шотқа кіруін қамтамасыз ету үшін шығарылады.

  3. Банкпен тиісті шарт жасаған ҚР резиденттері және резидент емес тұлғалары – жеке тұлғалар карточка ұстаушылары бола алады.

  4. Төлем карточкасын ұстаушы оны тауарларды, қызметтерді сатып алу кезінде төлем төлеу, қолма-қол ақша алу, валюта айырбастау, Банк, төлем жүйесі анықтаған және ҚР қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін талаптарда басқа операцияларды жүргізу мақсатында қолданады.

  5. Төлем карточкасы онда көрсетілген айға, жылға дейін жарамды. Мерзімі кешіктірілген карточкалар бойынша карточкалық операциялар жүргізілмейді.

  6. Банк шығаратын төлем карточкалары дебеттік, несие лимиті бар дебеттік, несиелік болуы мүмкін.

  7. Төлем карточкалары байланысты ағымдағы шоттар Клиенттің таңдауы бойынша теңгеде, АҚШ долларында, еурода ашылуы мүмкін. Төлем карточкалары қолданылып жасалған операциялар көрсетілетін ағымдағы шоттар қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшалай емес жолмен толтырылады.

  8. Несиелік лимиті бар дебеттік карточка бойынша карт-шотқа ақша қалдығынан аса карточкалық операция жасалғанда Банк Клиентке бөлінген несиелік лимит сомасының шегінде ақша жұмсау құқығын береді. Несиелік лимит жаңартылып отырады.

  9. Берешек бойынша сыйақы есептеу Клиенттің несиелік лимиттен /овердрафтан карточкалық операциялардың орнын толтыруға нақты пайдаланған ақша сомасына жүргізіледі. Несиелік лимит сомасынан ақшаны пайдалану күні қарыз берілген күн болып табылады. Ақша Клиенттің карт-шотына нақты келіп түскен күн несиелік лимиті бар дебеттік карточка бойынша берілген қарыз бойынша өтеу күні болып саналады.

  10. Клиент сатып алатын төлем карточкаларының саны мен түрлеріне шектеу қойылмайды.

  11. Төлем карточкасын блоктау келесінің негізінде жүргізіледі:

    • карточка ұстаушының ауызша немесе жазбаша өтінішінің негізінде;

    • мемлекеттік органдардың және/немесе лауазымды тұлғалардың шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтату, ҚР заңнамасымен анықталған процедураларға сәйкес шоттардағы ақшаға тыйым салу туралы шешімдерінің /қаулыларының негізінде және/немесе шартпен қарастырылған басқа жағдайларда.

  1. Банк келесі жағдайларда өз бастамасы бойынша төлем карточкасын блоктауға құқылы:

  • төлем карточкасын ұстаушы шарттың талаптарын және/немесе ҚР заңнамасының талаптарын бұзса;

  • Банктің ойынша, карточка ұстаушы, Банк және/немесе үшінші тұлға үшін залал әкелуі мүмкін жағдайлар болғанда;

  • төлем карточкасын ұстаушы берешегін/овердрафты өтемесе, шот бойынша берешек /овердрафт құрылған кезден бастап төлем карточкасын ұстаушы берешек/овердрафт сомасын толық өтегенге дейін, қайтарғанға дейін немесе төлегенге дейін;

  • карточка ұстаушы рұқсат етпеген карточкалық операциялардың жүргізілу қауіпі туындағанда;

  • карточканың және/немесе шоттың алаяқтық операциялар жасау, ақшаны заңдастыру (жылыстату) және/немесе лаңкестік қызметті қаржыландыру үшін қолданылуы туралы жеткілікті күдік болса;

  • ҚР заңнамасына шарт бойынша операцияларды шектейтін өзгерістер енгізілсе;

  • жасалған банктік қарыз шартына және қарыз операциясы немесе кепілдік беру фактісін растайтын басқа құжатқа сәйкес банктік қарыз бойынша қарыз алушының мерзімі кешіктірілген берешегі болса, қарыз алушыдан, кепілгерден берешекті өндіріп алу туралы банк-бенефициардың төлем талап-тапсырмасын орындағанда ақша болмаса немесе жеткілікті болмаса.

  1. Жоғалған /ұрланған төлем карточкасын блоктау карточка ұстаушының жазбаша өтінішінің негізінде жұмыс сағаттарында немесе шарт талаптарына сәйкес карточка ұстаушының ауызша өтінішінің негізінде Банктің жауапты бөлімшесімен тәулік бойы жүргізіледі.

  2. Карточканың жоғалуы, ұрлануы немесе заңсыз қолданылуы туралы Банкке хабарлау мерзімдері мен әдістері, сондай-ақ осы хабарламаның күшіне ену мерзімдері шартпен белгіленеді.

  3. Блокталған карточканы бұдан былай қолдану ұстаушысы үшін қауіпсіз болғанда, ұстаушы шартпен қарастырылған Банк алдындағы міндеттемелерін орындағанда, сондай-ақ ұстаушының шотындағы ақшадан тыйым салу алынғанда немесе ҚР заңнамасына сәйкес ұстаушының шоты бойынша шығыс операцияларды тоқтатудың күші жойылғанда ұстаушының жазбаша өтінішінің негізінде ғана төлем карточкасы блоктан ажыратылады.

  4. Төлем карточкасының жарамдылық мерзімі аяқталғанда, жоғалғанда, ұрланғанда, бүлінгенде, құпия сөзі ашылғанда немесе ПИН-коды жоғалғанда карточка ұстаушының жазбаша өтінішінің негізінде Банкке карточка тапсырылып (болса), қайта шығарылуы керек.

  5. Төлем карточкасы келесі жағдайларда кері алынады:

  • төлем карточкасы блокталғанда;

  • карточка ұстаушы заңды ұстаушы болмаса (алаяқтық);

  • төлем карточкасын ұстаушы төлем карточкасын пайдаланудан бас тартса;

  • ПИН-код қатарынан үш рет (кез келген уақыт аралығымен, бір немесе бірнеше электронды құрылғы қолданылса) дұрыс терілмесе;

  • Клиент шартпен қарастырылған міндеттемелерін орындамаса;

  • Шарт бұзылса немесе карточканың жарамдылық мерзімі аяқталса.

  1. Төлем жүйесінің талап етуі бойынша немесе клиент карточканы уақтылы алмаса (30 секундтан көп уақыт), банкомат төлем карточкасын ұстап қалуы мүмкін (карта блокталды).

  2. Карточканы ұстаушы жазбаша өтініші арқылы алынған карточкасын қайтарады.

  3. Төлем карточкасына қызмет көрсетумен байланысты комиссиялар, Банкке төленетін сыйақы, қарыз бойынша негізгі борыш өтемі, айыппұлдар, өсімақы төлемі Клиенттің жазбаша келісімінсіз акцептсіз тәртіпте шоттан есептен шығарылады.

  4. Карточкалар қолданылып жасалатын валюталық операциялар ҚР заңнамасымен банктік шоттар бойынша валюталық операцияларды жүргізуге белгіленген талаптар сақтала отырып жүргізіледі.

  5. Төлем карточкасын қолдана отырып шетел валютасын сатып алу кезінде карточкалық операциялар үшін белгіленген таратылатын шетелдік валюта Банк бағамы (сатып алу, сату) бойынша айырбасталады.

  6. Карточка ұстаушысынан басқа, туыстық дәрежесіне қарамастан, тұлғалар карточканы ұсынса және ол бойынша операция жасағысы келсе, Банк, қолма-қол ақша беретін пункттер, сауда және сервис кәсіпорындары осы операцияларды жүргізу сұрауынан бас тартады. Шот иесі – жеке тұлға ақша жұмсауға лимит белгілеп немесе белгілемей басқа жеке тұлғаларға қосымша карточкалар шығару арқылы оларға өзінің шотына кіру мүмкіндігіне Банктің ішкі құжаттарына сәйкес рәсімделген жазбаша келісімін Банкке берген жағдай бұған жатпайды.

  7. Еуро, АҚШ доллары халықаралық төлем жүйесімен Банк есеп айырысатын валюта болып табылады. Еуродан, АҚШ долларынан басқа валютада төлем жүйесі арқылы жасалатын карточкалық операция сомасы осы карточкалық операция бойынша Банкпен есеп айырысу күні төлем жүйесі белгілеген бағам бойынша айырбасталады. Банк ағымдағы шоттан ақша алған күні белгілеген қолма-қол ақшалай емес валютаны сату бағамы бойынша АҚШ долларында, еурода жүргізілген карточкалық операция сомасына баламалы карточкалық операция сомасын ағымдағы шоттан акцептсіз тәртіпте өндіріп алады.

  8. Банк ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес берілген карточкаларды қолданып жасалатын төлемдер сомасына бір тарапты тәртіпте стандартты шектеулер белгілейді. Стандартты шектеулер клиенттің ауызша өтініші бойынша өзгертілуі мүмкін, шектеулер Клиенттің қалауымен бір күннен алты айға дейін алынып тасталуы мүмкін.

  9. Карточканы қолданып төлем төлегенде карточка ұстаушысына төлем құжаты (чек немесе слип көшірмесі) беріледі.

  10. Уәкілетті банктерде, филиалдарында, банкоматтарда карточкаларды қолданып теңгеде және шетел валютасында қолма-қол ақша беруге жол беріледі.

  11. Жеке тұлғаның кез келген валютадағы шоты кез келген жеке және заңды тұлғаның қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшалай емес аудару жолымен толтырылады, бірақ ақша енгізуші иегердің карточка нөмірін /аты-жөнін /ЖСН білуі керек.

  12. Заңды тұлғалардың корпоративтік шоттары заңды тұлғалардың ағымдағы шоттарынан теңгеде немесе шетел валютасында қолма-қол ақшалай емес аудару жолымен толықтырылады. Ұйымдардың корпоративтік шоттарын үшінші тұлғалардың толықтыруына жол берілмейді.

  13. ҚР тыс жердегі іссапар және өкілдік шығындарын және резидент емес тұлғаларға жалақы төлеу мақсатында ғана шетел валютасындағы ақшаны заңды тұлғаның – ҚР резидентінің корпоративтік шотқа есепке қосуына жол беріледі. Корпоративтік төлем карточкасын қолдану кезінде туындаған берешекті өтеу мақсатында да ҚР резиденті – заңды тұлғаның шотына шетел валютасында шотқа есепке қосуға жол беріледі.

  14. Шотты төлем валютасынан басқа валютада толықтырғанда шот валютасына толықтыру сомасын айырбастау /конверсиялау есеп күні белгіленген Банк бағамы (сатып алу /сату) бойынша жүргізіледі.

  15. Банктің барлық құрылымдық бөлімшелері шотқа қолма-қол ақшалай жарналар қабылдайды.

  16. Клиент кез келген уақытта шартты бұзуға, шот бойынша орындалмаған талаптар болғанда карточканы қолданудан бас тартуға құқылы.

  17. Шарт бұзылғанда шот жабылады. Шотта ақша қалдығы болса, Банк оны клиентке қолма-қол ақшалай береді немесе шотты жабу туралы өтініште көрсетілген деректемелер бойынша басқа шотқа аударылады.

  18. Шартты бұзғанда және карточкаларды пайдаланудан бас тартқан жағдайда барлық карточкалар (негізгі және қосымша) жою үшін Банкке қайтарылуы керек. Клиент Банкке карточкаларды тапсыра алмаса, олар блокталады, Клиент Банк Тарифтеріне сәйкес Карточкаларды блоктау құнын төлейді.

  19. Шарт бұзылғанда карточканы шығару үшін және шотқа жылдық қызмет үшін Банкке төленген сыйақы қайтарылмайды.

  20. Төлем карточкаларын шығару бойынша қызметтер ұсыну туралы өтініш қарастырылатын /шешім қабылданатын мерзім – Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен қарастырылған құжаттардың толық жиынтығын Клиенттен алған және Банктің тиісті қызметті ұсынуы үшін талап етілетін талаптарды Клиент орындаған күннен бастап көп дегенде 14 (Он төрт) жұмыс күні (төлем карточкасын жеткізуге уақытты есепке алмай).

  21. Төлем карточкасына несиелік лимит белгілеу жөніндегі қызметтер ұсыну туралы өтініш қарастырылатын /шешім қабылданатын мерзім – Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен қарастырылған құжаттардың толық жиынтығын Клиенттен алған және Банктің тиісті қызметті ұсынуы үшін талап етілетін талаптарды Клиент орындаған күннен бастап көп дегенде 15 (Он бес) жұмыс күні.

7-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ҚҰЖАТТАНДЫРЫЛҒАН ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ ШАРТТАРЫ

  1. Банк Клиенттеріне құжаттандырылған операциялардың келесі түрлерін ұсынады:

  • аккредитив ашу (ұсыну) және растау, ол бойынша міндеттемелерді орындау;

  • ақшалай орындауды қарастыратын банктік кепілдіктер беру;

  • ақшалай орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін банктік кепілдемелер және басқа міндеттемелер беру.

  1. Аккредитив – банк-эмитенттің ұсынылғанда төлеу (аккредитив ұсынылғанда төлеу арқылы орындалса), мерзімі кешіктірілген төлем міндеттемесін өзіне қабылдау, мерзімі басталғанда төлеу (аккредитив мерзімі кешіктірілген төлем арқылы орындалса), бенефициар жазып берген аудару векселін («траттаны») акцептеу, аккредитив талаптарына сәйкес келетін құжаттарды ұсыну мерзімі басталғанда (аккредитив акцептеу арқылы орындалса) төлеу міндеттемесі.

  2. Банк Клиенттердің тапсыруымен аккредитивтерді ашады және аккредитив шеңберінде талап етілетін және/немесе оның талаптарымен қарастырылған басқа операцияларды атқарады: аккредитивке өзгерістер енгізу, аккредитив бойынша төлеу үшін ұсынылған құжаттарды тексеру, аккредитивтер бойынша төлем төлеу, басқа банктердің аккредитивтерін және өзгерістерін, т.б. авизолау.

  3. Банк аккредитивтің банк-эмитентінде белгіленген лимиттер шеңберінде басқа банктердің аккредитивтерін растауға құқылы.

  4. Банк импорттық аккредитивтерді шығару, экспорттық аккредитивтерді авизолау, экспорттық және импорттық кері алынбайтын аккредитивтерке қызмет көрсету бойынша қызметтер ұсынады. Банктің уәкілетті органы банктер – контрагенттермен жасалатын құжаттандырылған операциялар бойынша шекті сомаларды, мерзімді, тәуекел үшін комиссияларды бекітеді.

  5. Банк Халықаралық сауда палатасының ережелеріне, ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес және жасалған Аккредитив шартының негізінде аккредитивтер бойынша операциялар жасайды.

  6. Банк аккредитив бойынша қызметтер үшін Банктің қолданыстағы Тарифтеріне сәйкес Клиенттен комиссияларды өндіріп алады. Банктік қызмет ұсыну туралы шартты жасағанға дейін Банк Клиентке осы Ережелердің 262.1 тармағында аталған ақпаратты ұсынады.

  7. Ақшалай орын толтыруын қамтамасыз ету дәрежесіне қарай аккредитивтер келесідей бөлінеді:

  • орны толтырылған аккредитивтер;

  • орны толтырылмаған аккредитивтер.

  1. Клиенттің тапсыруымен аккредитив ашу үшін келесілер талап етіледі:

  • Банк нысаны бойынша аккредитив шығару туралы өтініштің толтырылған бланкі;

  • шеңберінде аккредитив ашу талап етілетін келісімшарттың көшірмесі (қажет болса, барлық қосымша келісімдерімен және қосымшаларымен бірге) немесе аккредитив ашуды қарастыратын басқа құжаттың көшірмесі;

  • Клиенттің Банктегі ағымдағы шотында аккредитив бойынша орын толтыруды қалыптастыру үшін жеткілікті соманың болуы (ақшалай орын толтырумен қамтамасыз етілген аккредитив ашылған жағдайда) немесе Клиенттің Банкте аккредитив түрінде игеруді қарастыратын несие желісінің болуы;

  • Клиенттің аккредитивті ашуға және орындауға қойылатын ҚР валюталық заңнамасының талаптарын орындауы (ҚР валюталық заңнамасының әсеріне ұшырайтын аккредитив ашылған жағдайда);

  • аккредитивті ашу үшін Банктің комиссиялық сыйақысын және Банктің басқа комиссиялық сыйақысын төлеу үшін жеткілікті соманың Банктегі Клиенттің ағымдағы шотында болуы;

  • ҚР қолданыстағы заңнамасына және Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес тапсырылуы міндетті басқа құжаттар.

  1. Банктік кепілдік шығару – күшінде Банк кепілгер ретінде Принципал несие берушілерінің немесе басқа тұлғаның (борышкердің) алдында осы тұлға міндеттемесін толығымен немесе бір бөлігін (борышкермен бірге) және заң актілерімен қарастырылған жағдайларды есептемегенде кепілдікті міндеттемеде көрсетілген талаптарда орындау үшін жауап беруге міндеттенетін, Клиенттің (Принципиалдың) тапсыруы бойынша Банктің өзіне міндеттеме қабылдауы.

  2. Банктік кепілдік бойынша төлем төлеу – Принципиалдың талабы немесе өтініші негізінде несие берушінің (Бенефициардың) пайдасына өз есебінен Банктің төлем төлеуі, кейіннен Принципиалдың дебиторлық берешегі өтеледі.

  3. Банктік кепілдікті жою (есептен шығару) – кепілдік мәтіні бойынша аталған талаптар басталғанда онда көрсетілген мерзімнің аяқталуына байланысты шығарылған кепілдік бойынша немесе кепілдік түпнұсқасын тапсырғанда Банк міндеттемелерінің тоқтауы.

  4. Банк келесілерді ұсынады:

  • тендерлік кепілдіктер – корпоративтік клиенттерге, ШОБ, жеке тұлғаларға;

  • төлем кепілдіктері – корпоративтік клиенттерге, ШОБ.

  1. Кепілдіктер ұлттық және/немесе шетел валютасында ҚР резиденттері мен резидент емес тұлғаларының пайдасына беріледі.

  2. Банктік кепілдік шығару үшін келесілер талап етіледі (кепілдікті шығару нысанына байланысты):

  • кепілдіктің барлық талаптары көрсетіліп, кепілдік шығару туралы өтінішпен Клиенттің фирмалық бланкіндегі хат немесе кепілдік шығару туралы өтініштің толтырылған бланкі;

  • шеңберінде шығару талап етілетін келісімшарттың көшірмесі (барлық қосымша келісімдерімен және қажет болса, қосымшаларымен бірге);

  • Клиенттің Банктегі ағымдағы шотында кепілдік бойынша ақшалай қамтамасыз етуді қалыптастыру үшін жеткілікті соманың болуы (ақшалай қамтамасыз етілген кепілдік шығарылған жағдайда) немесе Банкте Клиенттің кепілдік түрінде игеруді қарастыратын несие желісінің болуы;

  • кепілдік шығаруға қойылатын ҚР валюталық заңнама талаптарын Клиенттің орындауы (ҚР валюталық заңнамасының әсеріне түсетін кепілдік шығарылған жағдайда);

  • кепілдікті шығару үшін Банктің комиссиялық сыйақысын және Банктің басқа комиссиялық сыйақысын төлеу үшін жеткілікті соманың Банктегі Клиенттің ағымдағы шотында болуы;

  • ҚР қолданыстағы заңнамасына және/немесе Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес берілуі міндетті басқа құжаттар.

  1. Банк кепілдік шығарады және кепілдік шеңберінде талап етілетін және/немесе талаптарымен қарастырылған басқа операцияларды атқарады: кепілдікке өзгерістер енгізу, талаптарды және/немесе кепілдік бойынша берілген құжаттарды тексеру, кепілдік бойынша талапқа қарсы төлем төлеу, т.б.

  2. Құжаттандырылған операциялар бойынша Банк қызметтері үшін комиссиялық сыйақы Банк тарифтеріне сәйкес акцептсіз тәртіпте Клиенттердің банктік шоттарынан есептен шығарылады, бірақ акцептсіз тәртіпте комиссиялық сыйақы алуға немесе Банк пен Клиент келіскен басқа тәртіпте Клиенттің берген жазбаша келісімі болуы керек.

  3. Құжаттандырылған операциялар бойынша қызмет ұсыну ықтималдығы туралы өтінішті қарастыру /шешім қабылдау мерзімі Банктің ішкі нормативтік құжатымен қарастырылған толық құжаттар жиынтығын Клиенттен алған, Клиент талаптарды орындаған және Банктің тиісті қызмет ұсынуы үшін талап етілетін барлық қажетті процедураларды Банк аяқтаған күннен бастап көп дегенде 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

8-ТАРАУ. БАНК АТҚАРАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ БАСҚА ТҮРЛЕРІ

  1. Жоғарыда сипатталған операциялардан басқа Банк Лицензиясына, ҚР қолданыстағы заңнамасына, Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес операциялардың келесі түрлерін атқаруға құқылы:

  • банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін атқаратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;

  • есептік операциялар: жеке және заңды тұлғалардың вексельдерін және басқа борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконттау);

  • лизингтік қызмет атқару;

  • меншікті бағалы қағаздарды (акцияларды есептемегенде) шығару;

  • факторингтік операциялар: төлемеу тәуекелін қабылдап, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлемді талап ету құқықтарын иелену;

  • форфейтингтік операциялар (форфетирлеу): сатушыға айналдырмай вексельді сатып алу арқылы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының борыштық міндеттемелерін төлеу;

  • Клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлік және дилерлік қызмет (бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет).

  1. Аталғаннан басқа Банк келесі қызмет түрлерін атқаруға құқылы:

    1. ҚР заң актілеріне сәйкес банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін атқаратын ұйымдардың қызметін автоматтандыру үшін қолданылатын арнайы бағдарламалық жасақтаманы таратуға;

    2. ақпарат тасушының кез келген түрлеріндегі банктік қызмет мәселелері бойынша арнайы әдебиетті таратуға;

    3. меншікті мүлкін таратуға;

    4. банк аралық клиринг атқаруға;

    5. электронды ақша шығаруға, таратуға, иеленуге, өтеуге сондай-ақ электронды ақшамен жасалатын операциялар жөніндегі ақпарат жинау және өңдеу жөніндегі қызметтер ұсынуға;

    6. ҚР заң актілерімен белгіленген тәртіпте қарыз алушылардың кепілге қойған мүлкін таратуға;

    7. қаржы қызметімен байланысты мәселелер бойынша кеңес беру қызметтерін атқаруға;

    8. банктік қызметпен байланысты мәселелер бойынша басқа тұлғалардың мүддесін танытуға немесе облигация ұстаушылардың өкілі болуға;

    9. мамандардың банктік және қаржы қызметі саласындағы біліктілігін арттыру үшін оқуды ұйымдастыруға;

    10. электронды сандық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық сандық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыру бойынша, сондай-ақ ақпараттандыру саласын басқаратын уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы болғанда банк қызметтерін пайдаланатын клиенттеріне қатысты тіркеу куәлігінің шынайылығын растау бойынша;

    11. Банк пен ҚР резиденттері – сақтандыру ұйымдары және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорлары арасында сақтандыру шарттарын және (немесе) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды олардың атынан жасауға шарттары болса, ҚР резиденттері – сақтандыру ұйымдарының атынан сақтандыру шарттарын жасауға, жинақтаушы зейнетақы қорларының атынан зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарттар жасауға.

  2. Банк ішкі нормативтік құжаттарында, сондай-ақ Клиенттермен жасалатын нақты шарттарда осы Ережелердің 234-235-тармағында аталған операцияларды Банктің жасау талаптарын анықтайды. Банктік қызмет ұсыну туралы шартты жасағанға дейін (жасағысы келсе) Банк Клиентке осы Ережелердің 262.1 тармағында аталған ақпаратты ұсынады.

9-ТАРАУ. БАНКТЕГІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ МЕН ТАРИФТЕРІ

  1. Банк операциялар жүргізу үшін Банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес (осы Ережелердің №3-№8 қосымшалары) Клиенттерден комиссиялар мен сыйақы өндіріп алады. Банктік қызмет ұсыну туралы шарт жасағанға дейін Банк Клиентке ұсынылатын банктік қызмет бойынша мөлшерлемелер мен тарифтер туралы ақпарат береді.

  2. Банк тарифтерді дербес белгілейді және оларды Директорлар кеңесі бекітеді.

  3. Тарифтерді, сыйақы мөлшерлемелері бойынша шекті көлемдерді, салымдардың сомалары мен мерзімдерін бекіту, сондай-ақ оларды өзгерту Директорлар кеңесінің құзыреті болып табылады.

  4. «Qazaq Banki» АҚ Активтер мен пассивтерді басқару комитеті (АПБК) туралы ережеге сәйкес сыйақы мөлшерлемелерінің жаңа шекті шамаларын белгілеу/тартылатын депозиттер және берілетін несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің қолданыстағы шекті шамаларын өзгерту бойынша мәселелерді алдын ала қарастыру, кейіннен қарастыру үшін Банктің Директорлар кеңесіне ұсыну АПБК өкілеттіктеріне жатады.

  5. Жаңа тарифтерді белгілеу /қолданыстағы тарифтерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша мәселелерді алдын ала қарастыру, соның ішінде банктік операцияларға /қызметтерге жеке тарифтерді Банк Клиенттеріне (Клиенттердің санаттарына) белгілеу мәселелерін алдын ала қарастыру, кейіннен Банктің Директорлар кеңесінің қарауына ұсыну «Qazaq Banki» АҚ Тарифтік комитеті туралы ережеге сәйкес Банктің Тарифтік комитетінің құзыретіне жатады.

  6. Директорлар кеңесі бекіткен тартылған салымдар мен берілген несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің шекті шамаларының шеңберінде Банктің уәкілетті органдары жекелеген Клиенттерге (Клиенттердің санаттарына) салымдар мен несиелер бойынша жеке сыйақы мөлшерлемелерін белгілеуі мүмкін. Жеке сыйақы мөлшерлемелері «Qazaq Banki» АҚ Жалпы операциялар жүргізу шарттары туралы ережелерінде көрсетілген сыйақы мөлшерлемелерінің шекті шамаларына сәйкес келмесе, мәселе Банктің Директорлар кеңесінің қарауына ұсынылады.

Филиалдар жеке мөлшерлемелер мен тарифтерді қолдану туралы дербес шешім қабылдауға құқықсыз.

  1. Банкке онымен ерекше қарым-қатынаста байланысты тұлғаларға жеңілдікті талаптар беруге тыйым салынады. Банктің Директорлар кеңесі ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес осындай тұлғаларға жеке тарифтер белгілеу туралы шешім қабылдауға тиіс.

  2. Банк клиенттермен жасаған шарттарында және банктік қызметтер бойынша сыйақы көлемі туралы ақпаратты таратқанда шынайы, жылдық, тиімді есептелген (ЖТСМ) сыйақы мөлшерлемесін көрсетеді.

  3. ҚР резиденттері емес тұлғалар үшін шетел валютасындағы операциялар бойынша шетел валютасында белгіленген комиссиялар Клиенттің қалауы бойынша теңгеде (Банктің шетел валютасын сату бағамы бойынша, айырбастау үшін комиссия өндіріп алынбайды) немесе шетел валютасында төленеді. ҚР резиденттері үшін шетел валютасындағы операциялар бойынша шетел валютасында белгіленген комиссиялар валюталық операциялар жүргізу жөніндегі Банк қызметтері төленген жағдайда шетел валютасында, сондай-ақ банктік және валюталық заңнамаға сәйкес шетел валютасындағы банктік қызметтер ұсыну қарастырылған шарттар бойынша тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімақы) ҚР ҰБ бағамы бойынша ұлттық валютада (теңгеде) төленеді.

  4. Тарифтермен басқаша белгіленбесе, барлық пошта, телеграф, телекс, телефон және басқа да шығындар қосымша нақты құны бойынша өндіріп алынады. Шетел валютасында банктік операциялар жүргізу туралы Клиенттердің тапсырмаларын орындау бойынша үшінші банктерге (банк-корреспонденттерге) Банктің шығындары осы шығындардың нақты құнына қарай өтеледі.

  5. Банк ұсынатын қызметтердің көбісі ҚР салық заңнамасына сәйкес қаржы қызметтері ретінде қосымша құн салығынан (ҚҚС) босатылған. Заңды тұлғалар үшін тиісті тарифтер ҚҚС сомасы есепке алынбай көрсетілген. Жеке тұлғалар үшін тиісті тарифтер ҚҚС есепке алына отырып көрсетілген.

  6. Тиісті банктік қызмет шартында басқаша қарастырылмаса, Клиенттің тапсырмасы жойылған (кері алынған) жағдайда Банк өндіріп алынған комиссия Клиентке қайтарылмайды.

  7. Қызметтер үшін төлем Клиентке міндетті түрде хабарланып өндіріп алынады.

  8. Банк қазіргі қолданыстағы мөлшерлемелері мен тарифтеріне енгізілген өзгерістер бекітілген және енгізілген күндер, ішкі құжаттардың нөмірлері, бекіткен орган туралы мәліметтерді көрсетіп, банктік қызметтері үшін мөлшерлемелері мен тарифтері туралы маңызды ақпаратты орталық офисінде және филиалдарында (үй-жайларында) – шолу жасау, танысу үшін қол жетімді жерде, сондай-ақ корпоративтік www.qazaqbanki.kz WEB сайтында орналастырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет