«qazaq banki» АҚ заңды тұЛҒаларға арналған интернет-банкинг жүйесінің интернет-клиент модулін орнату жөніндегі нұСҚаулық мазмұНЫ



Дата07.07.2016
өлшемі148.67 Kb.
#183764
«QAZAQ BANKI» АҚ

ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАЛҒАН

ИНТЕРНЕТ-БАНКИНГ ЖҮЙЕСІНІҢ ИНТЕРНЕТ-КЛИЕНТ МОДУЛІН ОРНАТУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ

МАЗМҰНЫ

1. ЖҮЙЕ ТУРАЛЫ .................................................................................................................................................... 3
1.1 Қол жетімді қызметтер .......................................................................................................................................3
1.2 Қауіпсіздік ............................................................................................................................................................3
1.3 ЭСҚ түрлері...........................................................................................................................................................3
1.4 Анықтамалық ақпарат ... ...................................................................................................................................4

2. ЖҮЙЕНІ ОРНАТУ .............................................................................................................................................. 4
2.1 Tumar CSP орнату ...............................................................................................................................................5
2.2 Java Token қорғалған кілтті тасушысында кілттерді тексеру ...................................................................8
2.3 Internet Explorer 8 браузері үшін Интернет-Клиент модулін орнату........................................................ 11

1. Жүйе туралы

«Заңды тұлғаларға арналған Интернет-банкинг» жүйесі, «Интернет-Клиент» модулі (бұдан былай Жүйе) – бұл Сізге кеңседен шықпай қашықтықтан банктік шотты басқару, банктік қызметтерді қолдану мүмкіндігін беретін жүйе. Осылай, жүйе дәстүрлі банктік қызмет көрсетудің керемет баламасын ұсынады.


1.1 Қол жетімді қызметтер

• Теңгемен алынған төлемдер:

• Біздің банктің, сонымен қатар басқа банктердің клиенттерінің мекенжайына;

• Зейнетақы жарналарының төлемі;

• Әлеуметтік аударымдар төлемі;

• Салықтарды және басқа бюджетке міндетті төлемдерді төлеу;

• Еңбекақыны және қызметтерге олардың шоттарына басқа төлемдерді аудары;

• Шетелдік валютадағы төлемдер;

• Шетелдік валютаны сатып алу/сату;

• Үзінді көшірмені алу;

• Банкпен хаттармен алмасу.
1.2 Қауіпсіздік

Жүйеде ақпаратты қорғаудың бірнеше дәрежелері қарастырылған:

1. Құпия логин және пароль

2. «Tumar SP» электрондық сандық қолтаңба кілті, ашық кілттің ұзындығы 512 бит

3. SSL сертификат

Ашық кілттің ұзындығы 1024 бит

Интернет арқылы мәліметтерді қауіпсіз алмасуды қамтамасыз етеді.


1.3 ЭСҚ түрлері

Жүйені қосқан кезде Сіз электрондық сандық қолтаңбаның (ЭСҚ) қажетті түрін таңдай аласыз:



1. Жалғыз қолтаңба (бір ЭСҚ жұмыс істеген кезде)

Клиент төлем тапсырмасын толтырған және қол қойғаннан кейін ол Банкке кетеді.


2. Бірінші қолтаңба құқығы

Төлем тапсырмасына бірінші қолтаңбаны қойғаннан кейін бұдан кейін Банкке жіберу үшін екінші қолтаңбаны қою қажет.


3. Екінші қолтаңба құқығы

Төлем тапсырмасына екінші қолтаңба бірінші қолтаңбадан кейін қойылады және содан кейін Банкке жіберіледі.


4. Қолтаңба құқығы жоқ пайдаланушы

«Қолтаңба құқығы жоқ пайдаланушы» түрін таңдаған кезде клиент қандай да бір өзгертулерді енгізу құқығынсыз шоттарды қарау құқығын алады немесе клиентті таңдауға тәуелді кейін қол қойып, Банкке аударымды жіберу үшін төлем тапсырмасын жинау құқығын алады.


Сіз ЭСҚ шектеусіз санын таңдай аласыз, бұл жағдайда құжаттың астына ЭСҚ 2 артық емес болуы тиіс.

1.4 Анықтамалық ақпарат

Егер жүйеде жұмыс істеу барысында қосымша ақпарат қажет болса, онда тәсілдердің бірімен Анықтамалық жүйені шақыруға болады:



  • Пернетақтадағы «F1» басумен

  • Белсенді терезенің құралдар панеліндегі «Помощь» (Көмек) батырмасын басумен.



Екі жағдайларда анықтамалық жүйе жүйенің белсенді терезесінің тақырыбы бойынша бөлімнің мазмұнын кескіндейді (бұл мысалда «Платежные поручения» (Төлем тапсырмалары)).


2. Жүйені орнату

«Заңды тұлғаларға арналған Интернет-банкинг» жүйесінің Интернет-Клиент модулін сәтті орнату үшін жұмысшы станция келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
 Windows XP немесе ең соңғы нұсқадағы операциялық жүйе;

 Internet Explorer 6 және ең соңғы нұсқадағы браузер;

 әкімшінің пайдаланушы құқықтары.
Орнату Windows XP операциялық жүйесі және Internet Explorer 8 браузері үшін сипатталған (Windows және Internet Explorer басқа нұсқаларында терезелердің түрі және олардың саны төменде көрсетілгеннен біраз өзгеше болуы мүмкін, бұл жағдайда орнату процесі ұқсас болады).

Жүйені орнату үшін төменде сипатталған баптауларды жасау қажет:



2.1 Tumar CSP орнату

Tumar CSP ақпаратты криптографиялық қорғау құралы келесі тапсырмаларды шешеді: ЭСҚ жасау және тексеру процедураларын қолдану арқылы авторластыру және пайдаланушылар арасында алмасқан кезде электрондық құжаттардың тұтастығын қамтамасыз ету; ақпараттың құпиялылығы мен тұтастығын бақылауды қамтамасыз ету;


1) Tumar CSP орнату осы бағдарламаның болуын тексеру және оның бұрын орнатылған нұсқасын өшіру қажет. Осы үшін Сізге Пуск -> Панель управления -> Установка и удаление программ (Іске қосу -> Басқару панелі -> Бағдарламаларды орнату және өшіру) мәзіріне кіру, тізімде Tumar CSP тауып, содан кейін батырманы басу қажет.

2) Tumar өшіргеннен кейін компьютерді қайта жүктеу қажет.


3) http://qazaqbanki.kz/kaz/business/internet-client/сілтемесі бойынша «Qazaq Banki» АҚ сайтына өтіп немесе Қазақстандық банкаралық есептеу орталығы (ҚБЕО) сайтынан https://ca.kisc.kz/webra/res-open/client/TumarCSP.zip TumarCSP криптоқорғау бағдарламасының соңғы нұсқасын жүктеу қажет: содан кейін Сіздің алдыңызда терезе пайда болады:

4) «Открыть» (Ашу) басу қажет.

5) TumarCSP.exe файлын іске қосып, ашылған терезеде «Далее» (Ары қарай) басу қажет.

6) «Лицензионное Соглашение» (Лицензиялық Келісім) терезесінде «Я принимаю условия соглашения» таңдаңыз, содан кейін «Далее» (Ары қарай) басу қажет.

7) «Установить» (Орнату) басыңыз, орнату процесі аяқталғаннан кейін «Завершить» (Аяқтау) басыңыз.




Tumar CSP бағдарламасын орнату аяқталды.

2.2 Java Token қорғалған кілтті тасушысында кілттерді тексеру

1) JavaToken кілтті тасушысын Компьютеріңіздің USB портына қосыңыз, Сіздің алдыңызда «Мастер установки оборудования» (Жабдықты орнату шебері) терезесі пайда болады, содан кейін «Далее» (Ары қарай) басу қажет.


2) «Провести поиск подходящего драйвера для устройства (рекомендуется)» (Құрылғы үшін сәйкес келетін драйверді іздеу (ұсынылады)) немесе «Автоматически» (Автоматты) жолын белгілеңіз (сіздің жүйеңіздің басқа баптаулары жағдайында) және «Далее» (Ары қарай) басу қажет.



3) Бұдан былай «Драйвер не тестировался на совместимость с этим устройством» (Драйвер осы құрылғымен үйлесімділікке сыналған жоқ) жазуы пайда болады, «Все равно продолжить» (Сонда да жалғастыру) басыңыз. Орнатқаннан кейін «Готово» (Дайын) батырмасын басыңыз.
Егер құрылғы әлі де анықталмаса, онда сіздің жүйеңізге сәйкес келетін драйверді www.qazaqbanki.kz сайтынан жүктеңіз.

Жүктеу жолы www.qazaqbanki.kz -> Заңды тұлғаларға -> Интернет – клиент жүйесіне кіру (нұсқаулықтар, утилиттер, драйверлер) (http://qazaqbanki.kz/kaz/business/internet-client). Драйверлерді орнатқаннан кейін құрылғының анықталуын күтіңіз.

4) Пуск -> Программы –> Gamma Tech -> TumarCSP v6 -> TumarCSP Конфигуратор (Іске қосу -> Бағдарламалар –> Gamma Tech -> TumarCSP v6 -> TumarCSP Конфигуратор) мәзіріне кіріңіз.

5) Ашылған «Tumar CSP Configurator» терезесінде JavaToken профилін таңдаңыз, оны тінтуірдің оң жақ батырмасымен шертіңіз, ашылған контекстті мәзірде «Изменить профайл» (Профайлды өзгерту) тармағын таңдаңыз.


6) Профайлды редакциялау терезесінде контейнердің құпия сөзін енгізіңіз (құпия сөз жолы және растау), «Параметры хранения устройств» (Құрылғыны сақтау параметрлері) жолын тексеріңіз, «Сохранить» (Сақтау) басыңыз.



7) Осыдан кейін кілттерді алу процесі басталады, күте тұрыңыз



Процесс аяқталғаннан кейін кілттер тізімінде сіздің кілтіңіз пайда болады.




Процесс аяқталды.

2.3 Internet Explorer 8 браузері үшін Интернет-Клиент модульді орнату

1) Internet Explorer браузерін іске қосыңыз. Браузердің мекенжай жолында сайттың мекенжайын https://95.56.246.182/ енгізіңіз. Осы вэб-торапты «Доверенные» (Сенімді) қосу қажет, ол үшін «Сервис» мәзір тармағын таңдау және ашылған терезеде «Безопасность» (Қауіпсіздік) қосымша бетіне өту, «Узлы» (Тораптар) батырмасын басу, содан кейін «Добавить» (Қосу) басу қажет.


ActiveX жүктеуі жүретіндігі туралы айтылатын терезе пайда болады:



2) ActiveX жүктегеннен кейін браузердің жоғарғы бөлігінде «Этот веб-узел пытается установить следующую надстройку. Если вы доверяете этому веб-узлу и надстройке и хотите установить ее, щелкните здесь» (Бұл веб-торап келесі баптауды орнатпақшы. Егер сіз осы веб-торапқа және баптауға сенсеңіз және оны орнатқыңыз келсе, осы жерді шертіңіз) жазуы бар ашылатын терезе пайда болады:

3) Орнату үшін осы ашылатын терезені тінтуірдің сол жақ батырмасымен шерту және «Установить эту надстройку для всех пользователей данного компьютера» (Осы баптаулы осы компьютердің барлық пайдаланушылары үшін орнату) мәзірдің жоғарғы тармағын таңдау қажет.

«Предупреждение системы безопасности» (Қауіпсіздік жүйесінің ескертуі) терезесі пайда болады:




4) Осы терезеде «Дополнительно» (Қосымша) жазуының сол жағындағы батырманы басып, «Всегда устанавливать программу, полученную от BSS LLC» (BSS LLC алынған бағдарламаны әрқашан орнату) таңдаймыз, «Установить» (Орнату) батырмасын басамыз:



5) «Выбор языка» (Тілді таңдау) терезесінде «Русский» (Орыс тілі) таңдаймыз да, ОК басамыз:


6) «BS-Client v3 «Интернет-Клиент ҚБҚК»» терезесінде «Далее» (Ары қарай) басамыз:


7) «BS-Client v3 «Интернет-Клиент» ҚБҚК» терезесінде қайтадан «Далее» (Ары қарай) басамыз:




8) Бағдарламаны орнатқан жағдайда Сіз сәтті орнату туралы хабарламаны көресіз, содан кейін ОК басу қажет:


9) Логин мен құпия сөзді енгізуге арналған жол пайда болады. Осы жолдарға жүйеге кіру үшін Банк Менеджерінен алынған логин мен құпия сөзді (құпия сөз пин-конвертте басып шығарылуы тиіс, логин) енгізу қажет. Мәліметтерді 3 рет дұрыс емес енгізген жағдайда жүйенің бұғатталатындығына назарыңызды аударамыз.

Логин мен құпия сөзді енгізгеннен кейін «Далее» (Ары қарай) батырмасын басыңыз:

10) Логин мен құпия сөзді енгізгеннен кейін жүйе хабарламаны береді:






11) Қауіпсіздікті арттыру мақсатында Сізге құпия сөзді ауыстыру қажет. Пайда болған терезеде Сізге тек Сізге ғана белгілі құпия сөзді «Новый пароль» (Жаңа құпия сөз) жолына енгізу қажет (құпия сөздің ұзындығы 6 таңбадан 10 таңбаға дейін болуы тиіс) және оны «Еще раз» (Тағы бір рет) жолында қайталау қажет:


12) Логин мен құпия сөзді енгізгеннен кейін Сіздің алдыңызда «Предупреждение системы безопасности» (Қауіпсіздік жүйесінің ескертуі) терезесі пайда болды, мұнда «Да» (Иә) пайда болады:

13) Бұдан әрі осы терезеде криптографиялық компоненттердің жүктеуі өтіп жатқаны туралы хабарлама пайда болады:


14) ActiveX жүктегеннен кейін браузердің жоғарғы бөлігінде «Для этого узла могут потребоваться следующие элементы управления ActiveX. Щелкните здесь для выполнения установки…» (Осы торап үшін ActiveX басқарудың келесі элементтері талап етілуі мүмкін. Орнатуды орындау үшін осы жерді шертіңіз ...) жазуы бар тағы бір қалқымалы терезе пайда болады:


Орнату үшін қалқымалы терезеге тінтуірдің сол жақ батырмасымен шерту және ол жерден «Запустить надстройку» (Тұрғызуды іске қосу) мәзірдің жоғарғы тармағын таңдау қажет.

«Предупреждение системы безопасности» (Қауіпсіздік жүйесінің ескертуі) терезесі пайда болады. Осы терезеде 14-тармақта сипатталғандай әрекет етеміз. Яғни «Дополнительно» (Қосымша) жазуы бар сол жақтағы көрсеткіші бар батырманы басамыз, бұдан былай «Всегда устанавливать программу, полученную от…» (Әрқашан ... алынған бағдарламаны орнату) таңдаймыз және «Установить» (Орнату) батырмасын басамыз:


15) Бұдан былай қайтадан браузердің жоғарғы бөлігінде «Для этого веб-узла нужна следующая надстройка… Если вы доверяете этому веб-узлу и этой надстройке и разрешаете ее выполнение, щелкните здесь…» (Осы веб-торап үшін келесі тұрғызу қажет... Егер сіз осы веб-торапқа және осы тұрғызуға сенсеңіз және оны орындауға рұқсат берсеңіз, ... осы жерді шертіңіз) жазуы бар қалқымалы терезе пайда болады:


16) Орнату үшін қалқымалы терезеге тінтуірдің сол жақ батырмасын шерту және «Запустить надстройку» (Тұрғызуды іске қосу) мәзірдің жоғарғы тармағын таңдау қажет. Бұдан былай пайда болған терезеде «Выполнить» (Орындау) батырмасын шерту қажет.

17) Осыдан кейін терезенің сары рамасында ЭСҚ кілттері шығарылған Абоненттің тегі бар ақпарат пайда болуы тиіс:



18) «Далее» (Ары қарай) батырмасын басу қажет, келесі терезеде қайтадан «Далее» (Ары қарай) батырмасын басу қажет:


19) Осыдан кейін «Интернет-Клиент» негізгі терезесі ашылады. Бұдан былай браузердің жоғарғы бөлігінде браузердің жоғарғы бөлігінде «Для этого веб-узла нужна следующая надстройка… Если вы доверяете этому веб-узлу и этой надстройке и разрешаете ее выполнение, щелкните здесь…» (Осы веб-торап үшін келесі тұрғызу қажет... Егер сіз осы веб-торапқа және осы тұрғызуға сенсеңіз және оны орындауға рұқсат берсеңіз, ... осы жерді шертіңіз) жазуы бар қалқымалы терезе пайда болады


20) Орнату үшін қалқымалы терезеге тінтуірдің сол жақ батырмасын шерту және «Запустить надстройку» (Тұрғызуды іске қосу) мәзірдің жоғарғы тармағын таңдау қажет. Бұдан былай пайда болған терезеде «Выполнить» (Орындау) батырмасын шерту қажет.

21) Осыдан кейін Логин мен құпия сөзді енгізу терезесі қайтадан пайда болады. Логин мен құпия сөзді енгізу қажет, егер браузердің жоғарғы бөлігінде «Для этого веб-узла нужна следующая надстройка… Если вы доверяете этому веб-узлу и этой надстройке и разрешаете ее выполнение, щелкните здесь…» (Осы веб-торап үшін келесі тұрғызу қажет... Егер сіз осы веб-торапқа және осы тұрғызуға сенсеңіз және оны орындауға рұқсат берсеңіз, ... осы жерді шертіңіз) жазуы бар қалқымалы терезе пайда болса, бағдарламаға кіру қажет немесе ұқсас қалқымалы терезе пайда болса, дәл жоғарыда көрсетілгендей тұрғызуды орнатуды орындау қажет.


Осымен орнату аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет