ҚР Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитеті қызметінің 2014 жыл жағдайы қорытындысы бойынша ақпарат Республикалық меншіктегі акциялардың


I. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 7 наурыздағы № 761 Жарлығы



бет2/2
Дата04.03.2016
өлшемі0.54 Mb.
#38613
1   2

I. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 7 наурыздағы № 761 Жарлығы:


1. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган ретінде құрылып, оған:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінен - байланыс, ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру саласындағы;

2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінен -ақпарат, мұрағат ісі және құжаттама саласындағы функциялар мен өкілеттіктер беру туралы.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастыру туралы.



II. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 807 Жарлығы:

- Қазақстан Республикасы Президентінің Қүзет қызметі мен Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне қосу жолымен қайта ұйымдастыру туралы;

- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері - Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастыру туралы.

III. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 883 Жарлығы:

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі есеп беретін мемлекеттік орган болып құру туралы, оған:



  • Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) сыбайдас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері;

  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызмет саласындағы біртұтас мемлекеттік саясаты іске асыру, мемлекеттік кызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері беру туралы;

2. Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) экономикалық және қаржылық ылмыстар мен құқық бұзушылардың алдын алу, олары анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне беру туралы;

IV. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 Жарлығы:

1. Қайта ұйымдастыру туралы:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, оған Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінен – бюджеттік жоспарлау саласындағы функциялар мен өкілеттіктер беріле отырып;

2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, оған Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінен – балық шаруашылығын дамыту, су ресурстарын басқару, ормандар, жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру саласындағы функциялар мен өкілеттіктер беріле отырып;

3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оған өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып қайта ұйымдастырылсын.

2. Құру туралы:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, оған:

бюджеттік жоспарлау саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің;

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің;

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінен – мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту саласындағы;

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің;

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің;

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік);

Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып;

2) Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, оған:

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің;

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінен – мұрағат ісі және құжаттама саласындағы;

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің;

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып;

3) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, оған:

электр энергетикасы, атом энергиясы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің;

мұрағат ісі және құжаттама саласындағы функциялары мен өкілеттіктерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің;

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінен – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы;

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің;

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып;

4) Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, оған:

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің;

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінен – электр энергетикасы, атом энергиясы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру саласындағы;

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінен – табиғи ресурстарды қорғау, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау және қадағалау, қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату, жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, «жасыл экономиканы» дамытудың мемлекеттік саясатын бақылау саласындағы функциялар мен өкілеттіктер беріле отырып;

5) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, оған:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің;

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып құру туралы;

3. Жаңадан құрылған және қайта ұйымдастырылған мемлекеттік органдар берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес таратылатын мемлекеттік органдардың құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқорлары.



V. «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 933 қаулысы:

1. Қайта ұйымдастыру туралы:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетін біріктіру жолымен - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;

2) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетін біріктіру жолымен - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті;

3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті мен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитетін біріктіру жолымен - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті;

4) Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті мен Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Балық шаруашылығы комитетін біріктіру жолымен - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті;

5) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті мен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергиясы комитетін біріктіру жолымен - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті;

6) Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті мен Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетін біріктіру жолымен - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті;

7) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетін біріктіру жолымен - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті болып қайта ұйымдастыру туралы;



2. Тарату туралы:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті;

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті

3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті;

4) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Сауда комитеті;

5) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет және өнер істері комитеті;

6) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы күрес комитеті;

7) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті;

8) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитеті;

9) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті;

10) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы саяси талдау және болжамдау комитеті;

11) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті;

12) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция комитеті;

13) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу комитеті;

14) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті тарату туралы.

II. Бұдан басқа, 2013 жылдың ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметімен мынадай шешімдер қабылданған жұзеге асыру бойынша одан әрі жұмыс жүргізілді:

қайта атау туралы:

- Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстар министрлігінің

17 РМҚ және РМК-лар («Қазгидромет», «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы», «Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы», «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны», «Охотзоопром ӨБ», «Жасыл Аймақ», «Қазақ мемлекеттік орман шаруашылығын жобалау жөніндегі жобалау-іздестіру институты», «Алматы орман селекциялық орталығы», «Көкшетау орман селекциялық орталығы», «Атырау бекіре балық өсіру зауыты», «Майбалық балық питомнигі», «Петропавл балық питомнигі», «Қамыстыбас балық питомнигі», «Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы», «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты», «Қазақ өндірістік-жерсіндіру станциясы»,«Қазсушар»).

тарату туралы:

- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «Оқу орталығы» мемлекеттік мекемесі;.

- Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департаменттері – 14 мемлекеттік мекемелер (Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстық департаменттері);

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балаларды қорғау комитетінің Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері – 16 мемлекеттік мекемелер (Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстық, Астана және Алматы қаласының департаменттері);

- Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң «Ақпараттық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағының дирекциясы» мемлекеттiк мекемесi;

- Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Өнірлік даму комитеті;

- Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң «Достық үйi – Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы» РМК;

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнің Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi;



Республикалық мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру

Қаржы министрінің 2013 жылғы 9 желтоқсандағы № 564 бұйрығымен бекітілген 2014 жылы Акциялардың мемлекеттік пакетін және ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестерін, республикалық меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне сәйкес 2014 жыл ішінде Комитет және оның аумақтық бөлімшелері акционерлік қоғам акцияларының 10 мемлекеттік пакетін және 4 ЖШС қатысу үлесін сатуға қойды, сондай-ақ республикалық меншіктегі 1690 құрылысы аяқталмаған объектіні, жылжымайтын мүлікті, машина, құрал-жабдықтар, көлік және өзге де объектілерді сауда-саттыққа қойды және оның 1 438 объектісі сатылды.


Жекешелендірудің екінші толқыны шеңберіндегі жұмыс

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы және «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне стратегиялық емес объектілерді жекешелендірудің екінші толқынын өткізу тапсырылды.

Елбасының осы тапсырмаларын орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 қаулысымен кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің қатысуын қысқартуға бағытталған іс-шараларды қарастыратын Жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілді, сондай-ақ 2014-2016 жылдарда Жекешелендіруге жататын ұйымдар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілді.

Жекешелендірудің екінші толқыны шеңберінде республикалық меншік бойынша 2014 жылы 14 квазимемлекеттік сектор объектісі сатуға жатады.

Қазіргі күнде жекешелендірудің екінші толқыны объектілері бойынша 14 объектісі сауда-саттыққа қойылды, 5 объектісі жүзеге асырылды: «Заң» медиа-корпорациясы» ЖШС, «Ғимараттар мен автокөліктерді қызмет көрсету дирекциясы» ЖШС; «Жер қойнауын игеру кешенді мәселелері институты» ЖШС, «Астана-құс» тайпалық шаруашылық» АҚ, «Бәсекелестік саясатты даму және қорғау орталығы» АҚ.

Сауда-саттық қойылған, бірақ сатылмаған объектілер бойынша 2015 қайта қойылады.

Сонымен қатар, мемлекеттік меншікті жекешелендіруді жүргізу барысында ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында республикалық меншікті жекешелендіру мәселелері бойынша тұрақты жұмыс комиссиясының құрамына Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан өкілдер енгізілді.
Комитеттің аумақтық бөлімшелері жүргізетін жекешелендіруден кейінгі бақылау.

2014 жылдың 1 қаңтарына ММЖК-ың орталық аппаратының бақылауында мемлекеттік меншік объектілерін сатып алу-сатудың 13 шарты болды.

ММЖК-ның 2014 жылға арналған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алудың бекітілген Жылдық жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың маусым айында, қайта өткізген электрондық сатып алудың нәтижесі бойынша, сатып алу-сатудың шарты бойынша міндеттемелердің орындалуын бағалау жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы сомасы 3 095,6 мың тенгені құрайтын тағыда 2 шарт жасалды.

Тамыз-қыркүйек айларында өткен тексеру нәтижелері бойынша тәуелсіз консультанттармен республикалық меншігін сатып алушылармен жекешелендіру шарттары бойынша инвестициялық және басқа міндеттемелердің орындалуы расталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 қаулысымен бекітілген, Жекешелендірудің 2014 - 2016 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес «Астана-Құс» АҚ-ның акциялардың мемлекеттік пакеті сатылды.

Осылайша, 2015 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша 14 мемлекеттік меншік объектілерін сатып алу-сату шарты әрекет етеді.

2014 жылғы 1 қаңтарда Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің бақылауында мемлекет меншігіндегі объектілердің 17 сатып алу-сату шарты болды.

Жүргізілген тексерулер нәтижелері бойынша Комитеттің аумақтық органдарында жұмыс істейтін жекешелендіруден кейінгі бақылау комиссиясының шешімдеріне сәйкес міндеттемелердің орындалмауына байланысты 6 сатып алу-сату шарттары алынды, басқа негіздерге байланысты 1 сатып алу-сату шарты алынды

2014 жылғы жай-күй бойынша Комитеттің аумақтық органдарының жекешелендіруден кейінгі бақылауында 10 сатып алу-сату шарты бар.
Мемлекеттік мүлікті есепке алу

1. 2014 жылы Мемлекеттік мүлік тізілімі (бұдан әрі - Тізілім) қаржы-шаруашылық қызметі туралы ақпаратын ұсынуға міндетті Тізілімнің 422 есепке алу объектілерінен:

- 366 объекті 2013 жылға арналған даму жоспарларын орындау жөніндегі Есептерін;

- 382 объекті 2012-2016 жылдарға арналған даму Жоспарларын ұсынды (2014-2015 ағымдық жоспарланағн жылдар) .

2. 2014 жыл жағдайы бойынша 499 орталық және жергілікті атқарушы органдарының 1 262 қызметкерлеріне ведомстволық бағынысты ұйымдары, соның ішінде олардың қаржы ақпараты жөніндегі ақпаратын қарау мақсатында (www.gosreestr.kz) веб-порталы арқылы Тізілімге қол жеткізу ұсынылды.
Жалға беру.

2014 жыл жағдай бойынша республика бойынша республикалық меншіктегі жалпы алаңы 202,3 мың ш.м. үй-жайларды жалға берудің 4 079 шарты және жабдықтарды жалға берудің 73 шарты әрекет етеді.



Сенімгерлік басқару.

2014 жыл жағдай бойынша сенімгерлік басқарудың қолданыстағы 91 шарты бар, олардың ішінде 67 шарт 2014 жылы жасалған.

91 шарттың ішінде: акционерлік қоғамдардың орналастырылатын акцияларын төлеуге мүлікті беру сәтіне дейін 28 шарт, 2 шарт мүлікті коммуналдық меншікке беру сәтіне дейін, 58 шарт анықталған әрекет ету мерзімдерін көрсетумен, 3 өзге шарт жасалды.
Республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін мүліктік жалға беруді және пайдалануды ұйымдастыру

Есепті кезеңде 1073 республикалық мемлекеттік заңды тұлғада мүлікті мақсатты пайдалануға тексерулер жүзеге асырылды, бір жылға жоспарланған олардың жалпы санынан 98,7%-ды құрады, олардың нәтижелері бойынша артық пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын 15878 объекті (жылжымайтын мүлік – 508, көлік - 713 және өзге мүлік – 14657) анықталды, олардың ішінде 68-ін жарғылық мақсатта іске қосу (60 жылжымайтын мүлік, 3 көлік, 5 өзге), 64-ін басқа мемлекеттік заңды тұлғалардың арасында қайта бөлу (39 – жылжымайтын мүлік, 8 – көлік, 17 – өзге), 140-ін мүліктік жалға немесе сенімгерлік басқаруға беру (жылжымайтын мүлік), 740-сын жекешелендіруге беру (205 – жылжымайтын мүлік, 492 – көлік, 43-өзге), 14867-ін есептен шығару (65 – жылжымайтын мүлік, 210 – көлік, 14592- өзге) ұсынылды.


«Байқоңыр» кешені бойынша

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Бірінші Орынбасары Б.А. Сағынтаевпен және Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы И.И. Шуваловпен 2013 жылғы 24 желтоқсанда бекітілген Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру бойынша Жол картасының орындалуы бойынша.

25 тармақ бойынша: Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы тарапымен «Байқоңыр» кешенінің мүлкінің сақталуын және қолдану шарттарын қадағалауды жүзеге асыру тәртібі туралы Үкіметаралық келісімге қол қою.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен Келісім жобасы әзірленді, ол 2014 жылғы 17 маусымдағы КГИП-7/7928-И хатымен Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына келісуге жолданды.

Қазіргі уақытта Келісімнің жобасы Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып Қаржы министрлігімен 2014 жылғы 19 қарашадағы № КГИП-7-3278//12-38/76-15448 хатымен мемлекеттік органдарға қайта келісуге бағытталды.

26 тармақ бойынша: Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясына жалға берілген «Байқоңыр» кешенінің объектілеріне ажырамас жақсартулар енгізуді келісу және есепке алу тәртібі туралы» қол қою.

2013 жылғы 28 наурыздағы «Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысы хаттамасының 5.2-тармағына сәйкес, Ресей тарапына Қазақстан тарапы ұсынған жаңа редакциядағы Келісімнің жобасын қарау және 2013 жылғы 15 мамырға дейінгі мерзімде өз ұсыныстарын Қазақстан тарапына жолдау тапсырылған.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2014 жылғы 29 қаңтардағы № 15-3740/257 хатымен Ресей тарапынан дипломатиялық каналдар арқылы келіп түскен Келісімнің жобасын ұсынды. Көрсетілген Келісімнің жобасы Қаржы министрлігімен мүдделі мемлекеттік органдарына (ЭБЖМ, ӘМ, ӨДМ, ҚОжСРМ, ҰҒА, ҰҚК, БП) қарау және оған ескертулер мен ұсыныстар енгізу үшін 2014 жылғы 4 ақпандағы № КГИП-7-2933-1368 хатымен жолданды.

Қаржы министрлігі Келісімнің жобасын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарынан келіп түскен ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып пысықтады және 2014 жылғы 30 мамырдағы № КГИП-7/7025-И хатымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына қайта келісуге жолдады.

Қазіргі уақытта Келісімнің жобасы Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарымен ескертулерсіз келісілген және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне 2014 жылғы 7 қазандағы №КГИП-7-13754//12-38/1987-13194 хатымен келісу және оны одан әрі ресей тарапына жіберу үшін жолданған.


Мемлекеттік жылжымайтын мүлікке тексерудің қорытындылары.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Н. Ахметовтің төрағалығымен өткен Квазимемлекеттік сектор субъектілерін және мемлекеттік жылжымайтын мүлік объектілерін оңтайландыру мәселелері жөніндегі комиссия отырысының 2013 жылғы 10 қазандағы № 17-5/И-803 Хаттамасының 2-тармағына сәйкес 460 мың ш.м. (республикалық меншік 88 мың ш.м. және коммуналдық - 372 мың ш.м.) республикалық және коммуналдық меншіктегі артық алаңдар бойынша (әлеуметтік объектілерге, жекешелендіруге беру және мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды орналастыру үшін) Қаржы министрлігінің ведомствоаралық жұмыс тобының ұсыныстары мақұлданды, оның ішінде:

әлеуметтік объектілерге беру үшін 107 мың ш.м. (республикалық - 10 мың ш.м. және коммуналдық - 97 мың ш.м.);

жекешелендіруге 262 мың ш.м. (республикалық - 38 мың ш.м. және коммуналдық - 224 мың ш.м.);

мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды орналастыру үшін 91 мың ш.м. (республикалық - 40 мың ш.м. және коммуналдық - 51 мың ш.м.).

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменттерінің және облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің жедел ақпараттарына сәйкес, 2014 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша:

26 мың ш.м. әлеуметтік объектілерге ұсынылған 107 мың ш.м.-ден 35,5 мың ш.м. (республикалық – 8 мың ш.м. және коммуналдық – 27,5 мың ш.м.) берілді;

мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды орналастыру үшін ұсынылған 91 мың ш.м.-ден 71,5 мың ш.м. (республикалық – 35,3 мың ш.м. және коммуналдық – 36,2 мың ш.м.) берілді.


Біріңғай теңгерім ұстаушысы бойынша пилоттық жоба

Ақтөбе қаласындағы 9 ғимарат жеке бизнеске қызмет көрсетуіне берілді, 10,07 млн. теңгеден үнемдеу 1,47 млн. теңгені құрады (коммуналдық, АТҚ-ны шығару, күзет, бейнебақылау жүйелеріне техникалық қызмет көрсету және т.б.), ол көзделген 7,5 млн. теңгеден мемлекеттік сатып алудың қорытындылары бойынша 2,97 млн. теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді.

10 сәуірден бастап ғимараттар мен автокөлікті күтіп ұстауға арналған 001 бағдарлама бойынша шығынды 123,2 млн. теңге сомада жылжыту жүзеге асырылды, газды қазандықтар сатып алу үшін қосымша 2,5 млн. теңге 021 бағдарлама бойынша берілді.

Үкіметтің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 795 қаулысымен Үкіметтің «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы» 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 және «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарын пайдалануды реттеу туралы» 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулыларына өзгерістер енгізілген, оны орындау үшін қазіргі уақытта Ақтөбе ММЖК 55 автомашина беріледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 1012 қаулысының 16 тармағымен 2015 жылдың желтоқсан айы орындалу мерзімімен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өңірлік құрылымдық ведомстволары базасындағы жобаны іске асыру қорытындысы бойынша кейін оларды күтіп-ұстау бойынша функцияларды жеке кәсіпкерлік субъектілеріне бере отырып, құқық қорғау органдарын қоспағанда, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелеріне бекітілген ғимараттар мен автокөлік құралдарының бірыңғай теңгерім ұстаушылары ретінде ММЖК-нің аумақтық бөлімшелерін айқындау бойынша мәселені пысықтау көзделген.

Қазақстан Республикасы қаржы министрі Б.Т. Сұлтановпен 2014 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 1012 қаулысымен бекітілген,Қазақстан Республикасында құрылымдық реформаларды іске асыру жөніндегі 2014 - 2015 жылдарға арналған жол картасының 16 тармағын іске асыру бойынша шаралар іс-жоспары бекітілді.



Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Орталық атқарушы органдардың құқық қорғау органдарын қоспағанда, Ақтөбе облысы бойынша аумақтық бөлімшелерінің жылжымайтын мүлкі мен көлік құралдарының бірыңғай теңгерім ұстаушысын айқындау және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына толықтыру енгізу туралы» қаулы жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісілді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет