Психологиялық қызметтің қолданбалы жағы - оқыту мен
тәрбиенің,
оқулықтың,
дидактикалық
және
әдістемелік
материалдардың,
оқу
бағдарламалардың
психологиялық
негіздерін жасау және оны талдау, барлық үрдістерді
психологиялық жағынан қамтамасыз етуді қарастырады.
Психологиялық қызметтің практикалық жағы - психологтардың білім беру мекемелеріндегі немесе білім беру
жүйесіндегі
психологиялық
қызмет
орталықтарындағы
жұмыстарына
тікелей
қатысты
тәжірбиелік
жақтарын
қарастырады және барлық психодиагностикалық әдіс-тәсілдердің
негізін құрайды.
Психологиялық шкалалау-психикалык процестердің
ерекшеліктерін өлшеу үшін қолданылатын эксперименттік және
математикалық тәсілдердің жиынтығы.
Психологиялық процестерді шкалалау-сандарды белгілі
бір ережемен теңестіру. Ол сандар өлшенетін құбылыстарды
бейнелейді. Психологиялық өлшеудің ерекшелігі, обьектілер
үшін психикалык құбылыстардың өздері алынбайды, мінез-
құлықпен іс-әрекеттің әртүрлі «бірліктері» және физиологиялык
реакциялары алынады. Зерттеу нәтижелерін сипаттауда сандық
және сапалық сипаттамалар-көрсеткіштер деп аталады. Ресми қатынастар - жеке қатынастарға қарағанда біршама
тұрақты, олар, әдетте көңіл-күйге байланысты өзгере бермейтін
қызметтік қатынастар.
Респондент - сыналушы ретіндегі әлеуметтік-психологиялық
зерттеуге қатысушы.
Симптомдық немесе эмпирикалық диагноз-белгілі бір
психикалық ерекшеліктер немесе белгілер негізінде практикалық
қорытынды шығару.Симптомдық диагноз қоюдың негізгі
тәсілдерінің бірі бақылау және өздік бақылау болып табылады.
Социометрия – белгілі бір топта жеке адамдар арасындағы
қарым–қатынасын және топтағы психологиялық жағдайды
анықтауға арналған әдіс. Бұл әлеуметтік психологиялық зерттеу
әдісі, оны алғаш енгізген американ психологы Дж.Морено.
193
Тест - тұлғаның белгілі бір қасиеттерінің сандық, сапалық
даму
деңгейі
мен
индивидуалды-психофизиологиялық
ерекшелігін зерттеу барысында қолданылатын стандартталған
әдістеме.