119
1.
Ипохондрия шкаласы.(Нs). Тұлғаның астено - невротикалық
типіне "жақындығы" зерттеледі. Бұл типтегі адамдар үшін
денсаулық аса құнды сипат алады,
тұлғалық құндылықтар
жүйесі биік болады, белсенділік деңгейі төмен, қоғамдық
өмірге көп араласқысы келмейді.
2.
Депрессия шкаласы (D). Тұлғаның гипотомиялық
типіне "жақындық" дәрежесі өлшенеді. Бұл шкала бойынша
бағалауда жоғары сезімталдық, сензитивті, мазасыздануға
бейім, ұялшақ,
қатерге бейім, өзіне және өзінің
мүмкіндіктеріне қанағаттанбайтын адамдар қасиеттері
анықталады.
3.
Истерия
шкаласы
(Ну).Неврологиялық
қорғау
реакцияларына бейім тұлғаларды анықтау үшін құрылған,
олар физиологиялық ауру белгілерін қиын жағдайларды
шешу құралы ретінде немесе толық жауапкершіліктен қашу
тәсілі ретінде қолданады. Истероидтық типтегі тұлғалардың
ең басты ерекшеліктері қалай да
өздеріне зейін аудартуға
ұмтылыс және басқалардан ерекше болуды, ортада болуды
қалайды.
4.
Психопатия (Рd). Зерттеушінің тұлға дамуындағы
социопатиялық вариантпен ұқсастықтары анықталады. Осы
шкала бойынша бағалауда әлеуметтік дезадаптация деңгейі
жоғары болады және дезадаптациялық қасиет тұрақты
тұлғалық
қасиеті
болып
саналады.Олар
шыдамсыз,
агрессивті, дау- жан-жалды, әлеуметік нормаларды, этикалық
құндылықтарды, қоршаған адамдардың салтын сақтамайтын
сипаттар жоғары деңгейде көрініс береді.
Әдетте олардың
көңіл- күйлері тұрақсыз, тез ренжіп қалады, қозғыш және
сезімтал, кішкене реніште де мінез- құлқы мен эмоцияларын
басқара алмайды, тез ашуланады, мысқылдағанды ұнатады.
Олардың мінез- құлқын әрекеттерін қоршаған орта біреуге
немесе бір нәрсеге қарсы бағытталған агрессиялық
реакциялары басқарады.
5.
Нәзіктік және ерлік шкаласы (Mf). Бұл шкала арқылы ер
адамдар мен әйел адамдардың мәдениеті мен қоғамдағы рөлі
идентификациялық деңгейін анықтайды. Мұнда ер адамның
әйел адамдар типіне, ал әйел адамның ер адамдық типке
жақындығы бағаланады.
120
Сезімталдығы өте жоғары ер адамдар өзін- өзі талдауға
бейім, іштей мазасыздану қасиеті жоғары деңгейде,
қызығушылықтары кең, әр түрлі және олар қиялға бай,
қиялдауға және эстетикалық істерге бейім. Бұл топтағы ерлер
адамдармен жақсы тіл табысады, тұлғааралық қатынастардың
ерекшелігін
тез сезінеді, мінез- құлқын қарым- қатынасқа
қарай басқара біледі. Ойларын дұрыс жеткізе біледі,
сондықтан адамдарды өз көзқарастарына қарай жеңіл тарта
алады.
Достарыңызбен бөлісу: