134
болады. Қарым – қатынас
шкаласы сұрақтары бірқатар
критерийлер бойынша валидті болуы мүмкін.
- Индивидтің қарама – қарсы әлеуметтік топтарға қарым-
қатынасы.
- Оның жақын таныстарына бағасы.
- Сыналушымен әңгіме барысында алынатын биографиялық
мәліметтер.
- Денсаулық мәліметтері және т.б.
Бағдарлардың индивидтің
бір өлшемді континумдағы
жағдайының сандық өлшеуі үшін бағдарлар шкаласы құрылды.
Ең алғаш
Л.Терстоун мен Е.Чейв (1959) алынған мәліметтерді
сандық өлшеу үшін психологиялық сұрақнамаларды қолданды.
1932 жылы
Р.Лайкерт бағдарлар шкаласын бағдарлауға басқа
тәсілді ұсынды. Оны қолдану барысында
эксперттер тобының
тапсырмалары жіктелді. Тапсырмалар ішкі келіспеушілік критерийі
бойынша стандартты таңдаудағы жауаптары негізінде таңдалып
алынды.Сонымен қатар, Лайкерттің шкалалар ережесіне сай 5
категория бойынша әрбір бекітудің градациясын талап етті.
- Толық
келісемін
- Келісемін
- Сенімсізбін
- Келіспеймін
- Толық келіспеймін
Бағдарлар шкаласын құруда басқа да әдістерді таңдау және
салыстыру әдісін қолдануға болады.
АҚШ-
та
бағдарлар
шкаласының
психиометриялық
параметрлерін
бағалай отырып, А.Анастази нормалар және
валидтілік туралы мәліметтердің жетіспеушілігін айтады. Оның
негізінде бұлардың практикалық қолдануларға емес,
тек зерттеу
жобаларына тиімді екені мойындайды. Бағдарлар сұрақ – жауабында
өзіндік сана - сезім, өзіндік - қатынас диагностикасына бағытталған
әдістер жатады. Адамның өзіне және жеке тұлғасына қатынасы
әлеуметтік психологиялық тұрмыстық қатынасының ең маңызды
ерекшелігінің бірі болып табылады. Тұлғаның ішкі бағдарлануы мен
тенденцияларын
анықтауда бағдарлар шкаласы, П.Терстоун,
Р.Лайнерт шкалалары, адамның өзіндік сана-сезімін, өзіне қатынасын
анықтау әдістемелері және С.Г.Пактилев пен В.В.Столин,
М.Снайдердің қарым-қатынаста өзін-өзі бақылау әдістемелері
қолданылады.