ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен
«BI Жұлдызай» ХІ Республикалық фестивалінің
1 кезеңін өткізу стандарты
«BI Жұлдызай» Республикалық фестивалінің І іріктеу туры ҚР Білім және ғылым министрлігі, Облыс және Астана, Алматы қалаларының білім беру басқармасы қолдауымен өткізіледі.
Республикалық іріктеу турына қатысу үшін жер-жерде облыстық іріктеу турын өткізу және іріктелген қатысушылар тізімін қалыптастыру керек.
I іріктеу туры (концерт) арнайы концерттік жабдықтар: микрофон, микрофон тірегі, статикалық жарық, кәсіби дыбыспен жасақталған концерттік шаралар өткізілетін арнайы орындарда (мәдеиет үйі, концерт залы, филармония және т.т.) өткізіледі. І іріктеу туры (концертінің) ұзақтығы 1 сағат 30 минуттан аспауы тиіс.
Қатысушылардың сахнада өнер көрсету және бағалау парағына енгізілу тәртібі қатаң хронологиялық кестемен құрылуы тиіс.
Концертте қала тұрғындары мен қонақтардың болғаны жақсы.
1. Сахнаның безендірілуі:
- Номинация бойынша іріктеу жүргізілетін сахнада Фестиваль ұйымдастыру комитеті бекіткен баннер (көлемі 3 х 5 м.) немесе фестиваль ұйымдастырушы комитеті бекіткен сурет LED-экранда шығып тұруы керек;
- Концерт алдында залдағы барлық көрерменге фестиваль логотипі бар жалаушалара таратылады және проектор немесе LED-экранда «BI Жұлдызай» қорының қызметі және «BI Жұлдызай» Фестивалі туралы тұсаукесер бейнелер көрсетіледі;
- Жаңалық сюжетінде көрсету үшін БАҚ және телебейне (аймақтық және руспбуликалық) өкілдерінің осы шарада болуы, қатысуы міндетті.
2. «Бейнелеу өнері» және «Көркем-қолданбалы өнер» номинациясы көрмесін ресімдеу тәртібі:
- «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша көрме экспозициясы АЖТ (толықтай), жасы, жұмыс атауы, орындалу техникасы, мектеп, қала секілді толық ақпараты жазылған этикетажы міндетті түрде ресімделген стендте және мольбертте орналастырылады;
- «Көркем-қолданбалы өнер» номинациясы бойынша жұмыстар АЖТ (толықтай), жасы, жұмыс атауы, орындалу техникасы, мектеп, қала секілді толық ақпараты жазылған этикетажы міндетті түрде ресімделген үстелдерде орналастырылады.
3. Әділ-қазылар және ұйымдастырушыларды таныстыру:
- Іріктеу концертінің алдында Фестиваль І іріктеу турының жер-жердегі ұйымдастырушыларына және «BI Жұлдызай» қорының өкіліне алғысөз беріледі;
4. Қатысушылардың орындаулары:
- Первый отборочный тур Фестиваля «BI Жұлдызай» фестивалінің алғашқы іріктеу туры жеке шара саналады және оның басқа да шарамен қосып өткізілуіне қатаң тыйым салынады.
- Қатысушылар Фестиваль туралы ережеге сай бағаланады.
- Ән нөмір 4 минуттан аспауы тиіс.
- Фестиваль ережесінде жазылған, көрсетілген номинация бойынша қатысуға тапсырыс қабылданады.
5. Іріктеу кезеңінің жабылуы:
- сахнада фестиваль қонағының құттықтау сөзі (ҚР артисті не мәдениет көрнекті қайраткері);
- Қатысушылар бәріне ұйымдастырушылар фестиваль естелік атрибуттары: қалам, блокнот, белгішені табыстайды;
- Концерт соңында (ірктеу туры соңында) «BI Жұлдызай» фестивалінің әнұраны айтылады.
Игі құрметпен,
Қор директоры Г.Исабаева
Достарыңызбен бөлісу: |