5-дәріс
Мақсаты. Фонетика мен фонологияны тіл білімінің жеке бір тарауы ретінде қарастыру. Дыбыстарды жүйелеу қағидаларын білу.
Дәріс жоспары:
1. Тілдік дыбыстың үш ерекшеліктері
2. Тілдік дыбыстардың жіктелуі
3. Буын, екпін, такт, фраза.
1. Лингвистикалық үлкен тараудың бірі – фонетика тіл дыбыстарын, тілдің дыбыстық жүйесін зерттеуді фонетика – тіл дыбыстары, яғни фонемалар туралы тілдегі дыбыстық ерекшеліктер мен заңдылықтар, процесстер, сәйкестіктер туралы ілім. Тіл дыбыстары – күрделі құбылыс. Әр дыбысқа тән басты үш ерекшелік (қасиет) болады: бірі – дыбыстың акустикалық яғни физикалық ерекшелігі; екіншісі - дыбыстың физиологиялық, яғни биологиялық ерекшелігі – дыбыстың қоғамдық, яғни әлеуметтік ерекшелігі. Бұл үш ерекшелік - әр дыбысқа тән, әр дыбысқа бірдей, әр дыбысты айтқанда, қолданғанда, бір мезетте болатын қасиеттер. Осыған орай, фонетиканы – тіл дыбыстары мен оның ерекшеліктерін зерттейтін ілімді үш салаға: акустикалық, артикуляторлы, функционалды фонетика деп бөледі. Тіл дыбыстарының қоғамдық, яғни әлеуметтік жағы – функционалды фонетикалық объектісі Ф/ф тіл дыбыстарының адамдардың қарым-қатынас жасау процесіндегі әлеуметтік жақтарын, яғни қызметтік қалпын зерттеп тексереді.
Акустикалық фонетика- Дыбыстардың функциялық сипаты мен ерекшелігін қарастырады. Дыбыстың акустикалық белгілері – сол дыбысты тыңдаушы, қабылдаушы үшін танылатын белгілері.
Артикуляторы фонетика - Тіл дыбыстарының жасалу жолдарын – физиологиясын тексереді.
Акустикалық, артикуляциялық және басқа белгі қасиеттеріне қарай тіл дыбыстары дауысты (дауыстар болып) болып бөлінеді.
Дауыстылар дауыстан (тоннан) жасалады да, салдырдың қатысы елеусіз болады. Ал дауыссыздар керісінше салдырдан жасалады. Тон қатысуы да, қатыспауы да мүмкін.
Тілімізде дауыстыларға қарағанда дауысыз фонемалар әлдеқайда көп. Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз бар. Дауыссыз фонемалар акустика – артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай үшке бөлінеді:
Дауыстың қатысына дауыссыздар үшке бөлінеді.
1 үнді, 2 ұяң, 3 қатаң
Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай: шұғыл (эксплозив), ызың (Фрикатив), діріл жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай дауыссыздар: ерін (лабиаль)п,б,ф,в,м,у,, тіл (лигваль)т,д,с,з,ш,ц,ч,н,г,қ,ғ,х,ц,н,л,р,й, көмей ( фарингаль)х,һ.
Ерін фонемалары іштей еріндік және ерін мен тіс болып бөлінеді.
Тілдің қатысына қарай: тіл алды, тіл ортасы, тіл арты болып бөлінеді.
Сонымен дауыссыздардың акустика-артикуляциялық ерекшеліктері дыбыстарды
а) жасау орны
ә) жасалу тәсілі
б) қатаң (үнді) ұяң сияқты топтарға бөлінеді.
Дауысты дыбыстар (вокализмдер) дауыстан (тоннан) жасалады және дауыстың сапасына қарай ажыратылады. Дауыс сапасындағы өзгешіліктер тілдің қозғалысының конфигурациясына байланысты. Тіл жылжымалы, алға- артқа, жоғары-төмен қозғалады.
Тілдің қатысына қарай: жуан (гуттураль), жіңішке (палаталь); Еріннің қатысына қарай: еріндік (лобиаль) езулік (назальды) жақтың қатысына қарай: ашық, жартылай ашық, қысаң дауыстылар болып бөлінеді.
3.Біздің сөзіміз айтылуы жағынан фонетикалық единицалар тізбегінен 1 дыбыс 2) буын, 3) такт, 4) тіркес (фраза)
Екпін - әр түрлі фонетикалық әдістер арқылы бір буынның ерекшелігін айтылуы. Екпін дегеніміз акустика жағынан бөлініп айтылатын буын. Такт – бір екпінге біріккен кем дегенде екі немесе одан да көп буындар тіркесі. Такт бір сөзге қатысты болуы да мүмкін, бірнеше сөзді тұтас бір ритмикалық топқа біріктіруі мүмкін.
Фразалық екпін тактылар мен фраза сөздерін біріктіре отырып фонетикалық және сематика - синтаксистік қызмет атқарады. Фр. Екпін – интонациямен тығыз байланысты және интонациялың бір компоненті. Ал логикалық екпін – мағыналық екпін. Ол сөйлемнің актуалды мүшелеріндегі жеке сөздермен тактыларды ажыратушы.
Буын акценті дауыстың негізгі үн сазына байланысты сөзді айтқанда, үн-әуен көтеріңкілейді
Фразалық интонация синтаксиске тән; сөз тіркестері мен сөйлем құрамында айрықша рөл атқарады.
Интонацияның негізгі компаненті – мелодика интонация құрамына кіретін бір құбылыс.
Синтагмалықекпін – синтагмаларды фонетикалық тұрғыдан біріктіруші құрал. Синтагма - мағаналық жағынан тығыз байланысты сөздер тобы.
Логикалық екпін сөйлеудің белгілі бір бөлігіне айрықша назар аударуға байланысты болып келеді. Грам. Тәсіл тұрғыдан алсақ, логикалық екпін сөздердің орын тәртібі тәсілімен де ұштасып жатады.
Буын – сөйлеудегі сегментацияның табиғи единицасы, сөйлеу легінде дауыстың белгілі бір дәрежеде көтеріңкі айтылуы. Артикуляциялық тұрғыдан алғанда, буын- сөйлеудің ең қысқа единицасы. Буын бір дыбыстан да бірнеше дыбыстан құрала береді. Әдетте буын құрайтындар – дауысты дыбыстар.
Достарыңызбен бөлісу: |