Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Ринолалиядағы жарықұшалардың баланың психикалық, физикалық және тіл дамуына әсері.
Орындаған: Мухамедиярова.Ж.А
Тексерген: Ибатова.Г.Б
Алматы 2022жыл
Ринолалиядағы жарықұшалардың баланың психикалық, физикалық және тіл дамуына әсері.
Ринолалия дегеніміз сөйлеу тілі аппаратының анатомо – физиологиялық ақаулығының салдарынаң дауыстың әуезділігімен дыбыстың дұрыс айтылуынын бұзылуы. Сөйлеу мүшелерінің бұзылуы мен дауыс әуезінің бұзылуы қатарласып сай келуі ринолалияны дислалия мен ринофониядан ажыратуға мүмкіндік береді.
Ринолалия артикулияда, дыбыс шығару (фонация), дауыс пайда болу механизмдерінің мөлшерден ауытқуы байқалады, оның себебі ауыз жұтқыншақ пен мұрын резонаторының ара қатынастарының бұзылуынан болады. Адамның сөйлеу мүшелерінің жұмыс істеуі дұрыс болған жағдайда сөйлеу тіліндегі барлық дыбыстары айтқан кезде таза мұрындық дыбыстардан басқалары мұрын жұтқыншақ, пен мұрын қуысының жұтқыншақ ауыз қуыстарының аралары бөлініп тұрады.
Бұл қуыстар жұмсақ таңдай мен жұтқыншақ артқы және жанындағы бұлшық еттердің жиырылуының әсерінен таңдай мен жұтқыншақ жабысуы арқылы бөлінеді.
Дыбыстардың айтылуы кезінде жұмсақ таңдайдың қимылымен жұтқыншақтың артқы жағының қалындауы бір уақытта болады және ол сонымен қатар жұмсақ таңдайдың арт жақ үсті жұтқьншақтың артқы жағымен жалғасуына мүмкіндік туғызады.
Жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың жақтауларының
жалғасу деңгейі жұмсақ таңдайдың ұзындығына байланысты өзгеруі мүмкін.
Сөйлеп тұрған уақытта дыбыстардың айтылуы мен сөздің шапшаңдығына қарай жұмсақ таңдай үздіксіз бірде төмен түсіп, бірде әртүрлі биіктікте жоғары көтеріліп тұрады. Таңдай мен жұтқыншақтың мықтап қабысуы айтылатын дыбысқа байланысты және ол дауыссыздарға қарағанда дауыстыларда аз ашылады. Егер жұмсақ таңдайдьң артқы жағының шеті мен жұтқыншақтың артқы қабырғасының аралығында 6 мм-ге жуық кеңістік қалатын болса, онда дауысты дыбыстарда мұрьннан естілетін үн пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |