ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫ
Студенттік топтар кураторларына көмек ретінде
7-жинақ
2-ші басылым, өңдел. және толық.
Қарағанды 2015
ӘОЖ 504.75 (574)
КБЖ 20.1 (5 Каз)
Э 40
ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтың редакциясымен
Құрастырушы-aвторлар: Т.И. Сүлейменов, К.З. Сарекенов, А.К. Мубаракова, А.Е. Даниярова, М.Ж. Сүлейменова, Н.К. Омарова, А.Т. Такибаева,
Р.Т. Шерембаева, М.К. Малыбаева, С.А. Сейтбеков, С.С. Жұмаділов,
Г.К. Қабылбекова, А.М. Сүйімбаева, Н.К. Цой, С.У. Арқалықова,
О.В. Вернер, Л.П. Ивлева, С.Н. Дербуш., А.К. Карилхан
Э 40 Экология және ұлт денсаулығы. Студенттік топтар кураторларына көмек ретінде. 7-жинақ / ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтың редакциясымен. – 2-ші басылым, өңдел. және толық. – Қарағанды: Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің баспасы, 2015. – 104 б.
Жинақта экологияның ұлттың денсаулығына әсер ету мәселелері, сондай-ақ салауатты өмір салтының негізгі факторлары қарастырылатын мақалалар бар.
Жинақ материалдары кураторларға «Жаңа Қазақстандық Патриотизмді қалыптастыру» Патриоттық тәрбие беру концепциясын жүзеге асыру аясында куратор сағаттарын және басқа шараларды дайындау үшін ұсынылады.
ӘОЖ 504.75 (574)
КБЖ 20.1 (5 Каз)
© Қарағанды мемлекеттік
техникалық университеті, 2015
Кіріспе
Адамзат жаһандық проблемалардың ауыр жүгін арқалап, XXI ғасырға қадам басты, олардың шешімі әлеуметтік прогресс және адамзаттың өркениетінің аман қалуына тәуелді болып тұр. Ол мәселелердің қатарындағы ең өткірі экологиялық проблема болып табылады. Адамзат үшін атомдық және химиялық әлемде өмір сүру неғұрлым қолайлы болуда, бірақ радиация, қоршаған ортаның улы қосылыстармен ластануы, химиялық қарулардың әлеуетті қаупі адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін қосымша мәселелердің пайда болуына әкелді.
Экологиялық проблемалардың барлық түрлері тең дәрежеде Қазақстанның алдында да тұр. Алайда біздің елімізде жағдайды күрделілендіретін мәселе - Қазақстанның ұзақ уақыт бойы ядролық қаруларды сынаудың базасы болып табылуы. Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдайдың нашарлауы тұрғындардың өміріне қауіп төндіруде. Әскери полигондардағы сынақтарды, өнеркәсіптік кәсіпорындарды пайдаланып болған соң, улы өнеркәсіптік заттарды тонналап қоршаған ортаға тастауынан, ал ауыл шаруашылығы арам шөптер мен құрт-құмырсқаларды жою үшін улы химиялық заттарды пайдалануынан Республика аумағының төрттен бір бөлігі өмір сүруге жарамсыз. Жердің шөлге айналу салдарынан жайылымдардың тең жартысы пайдалануға келмейді, суармалы жердің 75% сортаң жерлерге айналған. Жекелеген аудандарда адамдардың орташа өмір сүру ұзақтылығы дамыған елдерге қарағанда 15-20 жылға қысқарды.
Бүгінгі күнде Қазақстанда ғылыми зерттеу жұмыстарының көбі қоршаған ортаны қорғау саласына ерекше назар аударуда. 2007 жылы 9 қаңтарда ҚР Экологиялық кодексі қабылданды. Сонымен қатар, Қазақстан ТМД елдері арасындағы осындай кодексті қабылдаған жалғыз ел екенін ерекше атап өту қажет. Бұдан басқа, үш томдық ұлттық Экологиялық атлас құрастырылған, әскери-сынақ полигондарында және «Байқоңыр» космодромында зерттеу жұмыстары жүргізілуде, қоршаған ортаның жағдайы және тұрғындардың денсаулығы арасындағы байланыс мәселелері зерттелуде. Жыл сайын қоршаған ортаның жай-күйі туралы ұлттық есеп баспаға шығарылады.
Алайда экологиялық проблемаларды шешу тек мемлекеттің ісі ғана болуы мүмкін емес. Әрбір адамның бойында осыған деген өз қатысын, елінің экологиялық болашағы үшін азамат ретіндегі оның жауапкершілігі туралы түсінігін қалыптастыру қажет. Сондықтан студенттерге экологиялық тәрбие беруді отаншылдық тәрбие берудің құрамдас бір бөлігі ретінде қарастыруға болады.
Бұл жинақта Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің оқытушылары дайындаған Қазақстан Республикасындағы экологиялық ахуалды, сондай-ақ экология мен денсаулықтың өзара байланысы және өзара тәуелділігін сипаттайтын материалдар ұсынылған. Бұл материалдар «Экология және ұлт денсаулығы» тақырыбы бойынша кураторлық сағаттарды дайындау мен өткізу кезінде кураторларға ақпараттық көмек көрсетеді.
А.С. Күзеков,
ҚР Парламенті Сенатының депутаты,
Экономикалық даму мен кәсіпкерлік
жөніндегі комитеттің мүшесі
БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚТЫ САҚТАУ
«Қазақстан-2050» стратегиясында мемлекетіміздің Президенті өршіп келе жатқан сумен қамту мәселесіне ерекше көңіл бөліп, сапалы ауыз су тапшылығын көріп отырған бірқатар аймақтардың бар екендігін атап өтті.
Ертіс – еліміздегі ең суы мол өзен, оны республикадағы жалпы су ресурстарының көлеміндегі үлесі 40%-ды құрайды, ол тек Қазақстанның шығыс облыстарын ғана емес, сонымен бірге орталық облыстарын да, Ертіс – Қарағанды каналы бойынша Астананы да сумен қамтамасыз етеді. Бұл өзенде республикадағы жалғыз порт сақталған және қызмет етеді, өзендік кеме қатынасы жүзеге асырылады.
Өткен ғасырдың 60-жылдарында өзен бөгеттермен қоршалмай, табиғи арнамен ағып жатқанда, оның көлемі тау суымен толып отырды. Жылдық су көлемінің көп бөлігі әдетте су тасқыны кезінде болды, оның ұзақтығы 3,5-4 айды құрады. Судың көтерілу фазасы 30-35 тәулікке, ал түсу фазасы 80-85 тәулікке созылды.
1970 жылдары өнеркәсіп қарқынды дамыған кезеңде, электр энергиясына деген қажеттілік пайда болған кезде, Ертістің жоғарғы жағында үш СЭС салынды, олар: Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі. Шүлбі су қоймасы бөгетінің қақпасынан төмен жерде өзенге келетін табиғи су саласы жоқ. Толтыру су қоймалар каскадынан үш түрлі өткізумен - санитарлық, суландыру және навигациялық өткізумен жүргізіледі. Әр өткізу өндірісінің басталу уақыты, оның ұзақтығы және су шығынының режимі 2002 жылы Су ресурстары жөніндегі комитетпен бекітілген Жоғарғы Ертіс су қоймалары каскадының су ресурстарын қолдану ережелерімен анықталады, алайда олар едәуір ескірген.
2012 жылы су өзен арнасынан шыққан жоқ және шалғынды жерлер суланған жоқ және ерекше қорғалатын «Ертіс өзенінің алқабы» табиғи аймағын су басқан жоқ. Мұндай жағдай көп жыл бойы байқалады да, бай флорасы мен фаунасы, өзіне тән ландшафтысы, жемшөптік және дәрілік өсімдіктердің алтын қоры бар бірегей табиғи кешен үшін қауіп-қатер тудырады. Бұқтырма су қоймасынан су өткізу туралы мәліметтерді талдау олардың режимінің сақталмайтындығын көрсетті. Бұл олқылықтар көлем бойынша да, уақыт бойынша да, ұзақтық бойынша да орын алды.
Қоғамдағы пікірлер негізінде Ертіс өзенінің мәселесі кәсіпкерлік жөніндегі комитеттің жұмыс мәжілісінде талқыланды. Онда Павлодар облысы әкімінің орынбасары берген өзен алқабының ағымдық жағдайы, оның мәселелері жайлы және ол мәселелерді Сенат депутаттарының, ауыл шаруашылық, көлік және коммуникациялар, индустрия және жаңа технологиялар вице-министрлерінің, сонымен бірге ғылыми институт өкілдерінің қатысуымен шешу жолдары туралы ақпарат қарастырылды.
Бұл күрделі жағдай туралы ресми хаттарды Павлодар облысының әкімдігі Үкіметке, табиғатты қорғау прокуратурасының прокурорына, Ертіс экологиясы департаментінің бастығына және басқа да лауазымды тұлғаларға жіберді, алайда ешқандай да шара қолданылған жоқ. Мәжіліс барысында Үкіметке бірқатар ұсыныстар жасалды. Мәжіліс депутаттарының тобы да мәселе бойынша депутаттық сұраумен сөз сөйледі. Өкінішке орай, жағдай өзгеріссіз қалды.
Павлодар Ертіс жанындағы шалғындарды суландыру үшін жоғарғы Ертіс су құрылыс нышандарымен су өткізу – өзеннің көптеген мәселелерінің бірі болса да, экологиялық көзқарастан басты мәселе. Су электр станциялары арқылы су өткізу көлемі жылдан жылға азайып келеді. Бөгеттер мен су қоймаларын жасағанға дейін Ертіс жағалаудан он километр жерге дейінгі алқаптарды суландыратын.
Айтпақшы, Ертістің жоғарғы жағында гидротехникалық нышандарды жобалауға берілген техникалық тапсырмаларда табиғи құбылыстарды міндетті түрде сақтау, кем дегенде, олардың кері әсерін азайту талаптары болған.
Су ресурстарын тарату басқару гидроэнергетика субъектілерімен жүзеге асырылады, олардың қызметі негізгі мақсатқа – электр энергиясын өңдеуге бағытталады. Су ресурстарын сушаруашылығы кешенінің тек бір қатысушысының басымдығымен қолдану жоғарыда аталған Ережелердің бұзылуына әкеледі, сәйкесінше, басқа қатысушылардың мүмкіндігіне шектеу қояды, қоршаған ортаға зиянын тигізеді.
Көктемгі су тасқыны кезінде суландыру процесінің бұзылуымен табиғатқа едәуір залал келтіріледі. Өзен алқабын суға толтыру бойынша жүргізілетін суландыру шараларының көлемі мен ұзақтығының азаюы шалғындар мен ормандар алқабының суланатын аудандарының қысқаруына әкеледі де, навигациялық және санитарлық өткізу кезеңінде су қоймасының каскадтарынан лақтырыс көлемінің өсуін тудырады. Осылайша, жыл сайынғы алқапты суландыруға жүргізілетін көктемгі өткізу ұзақтығы бойынша да, мерзімі бойынша да, шығарылатын су көлемі бойынша да табиғат қорғау санатына жатпайды.
1971 жылы С. Я. Жук атындағы «Гидропроект» институты (Мәскеу қ.) жасаған ТЭО-да Ертіс су электр станциялары каскадының үшінші сатысын – Шүлбі СЭС-ті энергетикалық нәтиже алатындай ғана емес, Ертіс, Оба салаларын реттеуге, кепілді су көлемін арттыруға және Омск қаласына дейінгі өзен суын тұтынушылардың барлығының талаптарын қанағаттандыруға мүмкіндік беретіндей параметрлермен орындау жоспарланды. Алайда мұндай су қоймасын жасау ауыл шаруашылық және орман аудандары мен ауылдық тұрғын жерлерді су басумен байланысты болды. Сондықтан жобаны екі кезекке бөлу туралы шешім қабылданды.
1975 жылы Шүлбі СЭС-тің бірінші кезекті ТЭО-сы өндіріліп, бекітілді. Бірінші кезекті су қоймасының параметрлері Бұқтырма СЭС қақпасынан басталған учаскеде су саласын жартылай маусымдық реттеуге мүмкіндік береді және бірінші кезекте энергетика мақсаттары үшін, сосын мүмкіндігінше Ертіс алқабы мен кеме қатынасын суландыру үшін қолданылады. Егер КСРО болған жылдары оның параметрлері су тұтынушыларды да, су пайдаланушыларды да қанағаттандырған болса, жаңа ғасырдан бастап өзен суының деңгейі төмендей бастағандықтан, олар талапқа сай болмай қалды. Бұл өзендік кеме қатынасына арналған учаскелерді жоқ қылды. Өзен алқабына өнеркәсіп кәсіпорындарының тастайтын зиянды заттарды ерітуге арналған су көлемі азайды.
«Қазақстан-2050» Стратегиясының аясында Ұлт көшбасшысы Үкіметке берген тапсырмасын орындау үшін еліміздің су ресурстарына қатысты жаңа саясат жасау керек, басқа елдерде, мысалы, Австралияда, сумен қамту мәселелерін шешудегі озық тәжірибені тиянақты түрде зерттей отырып, оны біздің жағдайда қолдану қажет. Сонымен бірге Жоғарғы Ертіс су қоймасы каскадының су ресурстарын қолданудың жаңа Ережелерін жасау керек, олардың басымдықтарын қайта қарастырған жөн және оларды су энергетикасы мүддесінен табиғи ресурстарды сақтау мүддесіне ауыстырған абзал.
Сонымен бірге, гидрологиялық және гидрогеологиялық зерттеулер мәліметтерінің жоқтығын ескерсек, республикалық бюджетте қаражатты жоспарлаған жөн және мәліметтер базасы мен су ағынын компьютердік реттеу моделін жасау үшін Ертіс өзенінің бассейніне кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу керек.
Казахстанская правда, 2013, 2 наурыз
Г.М. Ықсанова,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,
Әлеуметтік-мәдени даму
жөніндегі комитет төрағасы
СПОРТТЫ ХАЛЫҚҚА ҚАЙТАРУ
«Табысты» адам және «спортпен шұғылданатын» адам түсініктері тұрмыстық санада синоним болғанда ғана спорт бұқаралық сипатқа ие болады.
Гиппократ айтқандай, гимнастика, дене жаттығулары, жүру жұмысқа қабілеттілігін, денсаулығын, бағалы және қуанышты өмірін сақтап қалғысы келетін әр адамның күнделікті тұрмысына ену керек. Заманауи адам өміріндегі бұқаралық спорттың ролін бағалау қиынға соғады. Спорт адам үшін ең негізгі болып табылатын – денсаулық әкеледі, ал бұл жеке меншік капитал, бұған мансап, амандық және болашақ тәуелді болады.
Түсініктерді ауыстыру
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы дене шынықтыру минуттары, өндірістік гимнастика өткен кеңестік кезеңде қалды, олар ұмыт болды.
Бүгінгі күні жастар назарын БАҚ арқылы экстремалды спорт түрлеріне, күш фитнесіне бұру тенденциясы қалыптасты, ал қол жетімді, бұқаралық белсенділік түрлері, мысалы жаяу және велосипедтік жүрістер, сауықтыру жүгірісі, спорттық жүріс, қарапайым гимнастика жаттығулары назарсыз қалуда. Бәлкім, әлдекімдерге экстрим қажет те шығар, бірақ ол бұқаралық спорт сияқты кең насихаттауды қажет етпейді. Бұқаралық спорт қауіп-қатермен және жарақатпен байланысты болмау керек.
Ал ірі қалаларда жылына бір рет өткізілетін бұқаралық жүгірістер мен марафондар – салауатты өмір салтын дәріптеудің тамаша формасы, алайда бұл бұқаралық спорт емес.
Плюс статистика
Спорттық нысандарды тұрғындар үшін қол жетімді ету – әлеуметтік жаңғыртудың басым міндеттерінің бірі. Әзірге елдегі спорттық нысандардың жетімділігі туралы статистикалық мәліметтер қуанарлықтай емес: 25,7 % мектепте спорт залдары жоқ, спорттық ұйымдардың 9 000-нан астамы 1991 жылға дейін, 2 000-нан көбі – 1998 жылдан бастап салынған, олардың тек 69 %-ы қанағаттанарлық жағдайда, 6 %-ына күрделі жөндеу жүргізу керек, 1 %-дан астамы апаттық жағдайда болғандықтан әрекетсіз.
Спорт және дене шынықтыру мәдениеті ісі жөніндегі агенттігі жергілікті атқарушы органдармен бірге 2012 жылдың қыркүйек айында мектептердің спорттық инвентарьмен материалдық-техникалық жабдықталуына талдау жүргізді. Білім беру ұйымдарының орташа шамамен 40 %-ды құрады.
Агенттіктің мәліметтеріне сүйенсек, спорттық секциялардағы сабақтармен қамтылған мектеп оқушыларының үлесі бүгінгі күні 27 % ғана құрап отыр, ал әлемдік тәжірибеде бұл көрсеткіш 80 % деңгейде. Дене мәдениеті мұғалімдерінің секцияларды жүргізгені үшін алатын үстеме ақы да қуантарлық емес. Үстеме ақы заңда негізгі еңбек ақы мөлшерінің 45 %-дық мөлшері (бұл 8 000 мың теңгені құрайды) қарастырылғанмен, мұндай ең аз деген үстеме ақыны 40 % мұғалім ғана алады.
Жастарда бұқаралық спорт түрлерімен айналысуға ынта аз, БАҚ-да әйгілі спорттық бағдарламалар аз. Бұқаралық жүгірістермен шектеліп қана қоймау керек, бұл қанша дегенмен бір реттік шаралар ғана, бұқаралық спортты дамыту керек.
Бұқаралық спорт тұрақты жүйелі сабақтарды қажет етеді. Кадрларды дайындау және олардың жұмысын лайықты бағалау керек, өз ісінің энтузиасттары қажет, қоғамды креативті ақпараттандыру керек. Әр ауданда спорттық кешен болу керек. Мысалы, бұқаралық хоккей – әр ауладағы, әр ауылдағы хоккей қорабы.
Өкінішке орай, спорт өте қымбат болып барады, өйткені төлемі жоғары фитнес-орталықтар спорттық секциялар ретінде ұғынылып жүр.
Тәжірибе – үздік мұғалім
Мемлекет еңбекке қабілетті, яғни дені сау тұрғындарға мүдделі болу керек.
АҚШ-та бұқаралық та, жоғары жетістіктер ретіндегі спортқа дәстүрлі түрде көп көңіл бөлінеді. Спорт онда білім берудің негізгі бөлігі болып табылады, Америка мектептеріндегі әр алтыншы сабақ – бұл дене шынықтыру сабағы. Балалардың спорттық демалысына ата-аналар комитеті жұмылдырылады, олар секцияларды ұйымдастыруда жәрдемдеседі. Әр мектепте шамамен 20 спорттық секциялар жұмыс істейді: америкалық және еуропалық футбол, жеңіл атлетика, баскетбол, волейбол, бейсбол және т. б. Мектеп басқармасы спортқа жұмсайтын бюджет әр мектепте болатын спорттық департаментке түседі. Егер бөлінген қаражат жеткіліксіз болса, онда мұндай департаменттер ерікті қайырымдылық қорларына жүгінуі мүмкін.
Қытайда спортты зерттеу жөніндегі бірнеше ғылыми-зерттеу институттары бар. Спорттық инфрақұрылым елде жаппай салынады. Нәтижесі белгілі: аптасына кем деген 2-3 рет спортпен айналысатын адамдар саны Пекин Олимпиадасының алдында жалпы тұрғындар санының 41 %-ын құрады.
Күш біріктіру
Бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спорты бір-бірімен тығыз байланысты. Егер елде бұқаралық спорттың дамуы үшін қолайлы орта жасалмаса, жоғары жетістіктер спортының дамуына да негіз болмайды.
Бұқаралық спорт және дене тәрбиесі қазақстандықтардың көбі үшін әлі де жеке құндылық болмай отыр. Алайда дене тәрбиесімен және спортпен айналысу үшін адамның жалғыз тілегі жеткіліксіз. Мемлекет пен бизнестің қолдауынсыз, инфрақұрылымды дамытуға үлес қоспаусыз, БАҚ-тың қатысуынсыз оны дамыту өте қиын.
Бұқаралық спорт пен дене тәрбиесінің дамуына жұмсалатын шығын медициналық қызмет көрсетуге жұмсалатын шығынды азайтады. Адамдар аз ауырады.
2050 Стратегиясында салауатты өмір салты ұлт саулығының кілті ретінде аталған. Сондықтан ҚР Үкіметі дене мәдениетін, бұқаралық спортты дамыту, дене шынықтыру-сауықтыру нысандарын типтік, сонымен бірге аулалық жобалар бойынша салу жөнінде жүйелі шаралар қабылдауда. Осылайша, 2014–2016 жылдардағы бюджетте Қазақстанның бірқатар аймақтарында дене шынықтыру кешендерінің құрылысына арналған қаражат салынған. Барлық бағыттағы жұмыс өте көп, ал бүкіл қоғамның бірлескен күшінің нәтижесі әрқайсымызға зор пайда әкеледі!
«Казахстанская правда», 2013, 12 қазан
А.Е. Даниярова,
т.ғ.к., қауымдастырылған профессор,
Қарағанды мемлекеттік техникалық
университетінің Қазақстан тарихы
кафедрасының доценті,
e-mail: aina171173@mail.ru
Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ БЕС ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ РЕФОРМА ЖАСАУДАҒЫ БАСТАМАСЫ. 100 НАҚТЫ ҚАДАМ –
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒЫТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Қоғамдық-саяси жағдай өткенді шолып қарасақ та, қазіргі таңда да қоғамның дамуына әлеуметтік-экономикалық фактордың әсер ету заңдылығын негіздейді. Біздің Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру мақсатында ұсынған «100 нақты қадам» бағдарламасы – бұл Қазақстанның әлемдегі ең дамыған отыз мемлекет қатарына кіру жолындағы сенімді қадамдары, қазақстандық қоғамды өркениетті дамытуға, адам мәселелерін шешуге бағытталған әрі жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап ретінде ұсынылатын мемлекетті жаңғыртудың кешенді бағдарламасы. Бүгінгі күні мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси негіздерін қарқынды дамытуға арналған кең ауқымды іс-шаралар жүргізіліп келеді.
5 институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам Қазақстанның юарлық салада ұзақ мерзімді өркендеуіне әкеледі. Ұлт жоспарын тиімді жүзеге асыру мемлекеттік органдардың, сараптама қауымдастығының және азаматтық сектордың белсенді өзара қарым-қатынасқа түсуін талап етеді.
Бағдарламалар – бұл мемлекеттік шешімдер өмірге келтірудегі негізгі тәсілдердің бірі. «Бағдарлама» сөзі «мақсаттар ағашы» ретінде реттелген, шаруашылықты дамытудағы бір немесе бірнеше мақсаттар мен мүдделерді жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар кешені дегенді білдіреді» [1].
«Ұлт жоспарының негізін құрайтын 100 қадам, бірінші кезекте, мемлекеттік құрылыс процесін нығайту деген сөз. Ұлт жоспарының ерекшелігі – оның тарихи маңызды кезеңде, мемлекет эволюциясының сапалы тұрғыда жаңа кезеңде қабылдануы. Қазақстандық қоғамның сенімі мен әлеуеті 100 қадамды сәтті жүзеге асырудың екінші құраушысы болып табылады, ол белсенді әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер үшін жасалған», - дейді тарих ғылымдарының докторы, профессор, «Интеллект Орда» Халықаралық әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулерді біріктіру институтының бас директоры С. Мәжитов [2].
Бірінші реформа – кәсіби мемлекеттік аппарат құру, оған сәйкес мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданады, мемлекеттік органдарда жұмыс істеуге үміткерлерді іріктеген кезде құзыреттілік тәсіл басты құраушы болып табылады және қызметтік саты бойынша өсу тек конкурстық негізде жүргізілетін болады.
Заңның ұлықтылығын қамтамасыз ету бес сатылы сот жүйесінен үш деңгейлі инстанцияға көшуден; соттардың есеп беру міндетін күшейтуден, судьялардың жаңа этикалық кодексін жасаудан; құзыреттілік тәсіл негізінде полиция қызметкерлерін іріктеу жүйесін жақсартудан; қоғамдық кеңестер мен ғаламтор порталы жүйесін жасау арқылы полиция ашықтығын қамтамасыз етуден тұрады.
Келесі реформа – индустрияландыру мен экономикалық өсу. Бұл мақсатқа қол жеткізудің негізгі құралдары – инвестициялық климатты жалпы жақсарту, сәйкес салаларға (қайта өңдеу секторы, туризм саласы, энергия үнемдеу, сүт және ет өндірісін дамыту) инвестициялар тарту, экспортты ынталандыру механизмдерін жасау, өмірге бейімді экспорттық өндірістер қалыптастыру. Білім беру саласында – орта білім беретін мектептерде 12 жылдың оқытуға бірте-бірте көшу, жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту. «Басты мақсат – шығатын кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін өсіру» [3].
Бағдарламаның басты реформаларының ішіндегі «Мәңгілік Ел» атты жеті принцип дамудың негізгі құндылықтарын, Қазақстан халқынының мүдделері мен тарихи тағдырының ортақтығын көрсетеді. Мемлекет жас буынды төзімділікке, өзара құрметтеуге, отанға деген махаббатқа, оның өткені мен болашағына деген мақтанышқа тәрбиелеуге ұмтылады, бұл, өз кезегінде, патриоттық сезімді тудырып, қалыптастырады.
Жалпығы Ортақ Еңбек атты кең ауқымды идея одан әрі дами түсті, оның негізінде нақты өндірістік еңбек жатыр, бұл кезде әлеуметтік қорғаудан әлеуметтік прогреске көшу үшін жағдайлар жасалады. Идея Президентіміздің Жалпыға Ортақ Қоғам құру туралы идеясы мазмұны мен мағынасы жағынан мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар үшін де, әр қазақстандық үшін де әрекет етуге арналған нұсқаулық болып табылады.
Қазақстан халықтарының ассамблеясы қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің бірегей үлгісі ретінде және Қазақстанның сәйкестігі мен азаматтық бірлігін нығайту үшін «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасын әзірлеп, жүзеге асыруы керек.
Әр ұлттың тарихы ұрпақтан ұрпаққа жетеді. Өткеннен келе жатқан рухани және мәдени құндылықтар заманауи қоғамның игілігіне айналады. Тарих адамдардың ойы мен сезіміне эмоционалдық әсер етеді, ол адамды үйлесімді тәрбиелеуге белсенді қатысады және патриотизмді қалыптастыруға ықпал етеді, Отанымыздың тарихын дәріптеу мақсатында «Қазақстан энциклопедиясы» ғаламторлық жоба жасалуда.
Есеп беретін мемлекет құру – бұл ауқымды құжаттың бесінші реформасы. На основе новых законов ««Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» сияқты жаңа заңдар негізінде аудит және мемлекеттік аппаратты бағалаудың жаңа жүйесі енгізілетін болады әрі «Ашық үкімет» іске қосылады. Мемлекеттік органдардың басшылары жыл сайын стратегиялық жоспар мен аймақты дамыту бағдарламалары бойынша жұмыс нәтижелері бойынша тұрғындар алдында сөз сөйлейді. Мемлекеттік органдар жанындағы қоғамдық кеңестердің ролі күшейе түседі.
Разработка государственного Плана нации «100 нақты қадам» мемлекеттік Ұлт жоспарын әзірлеу мемлекеттік саясатты мемлекетті дамытудың басым бағыттары, экономиканың жеке салалары және әкімшілік-аймақты бірліктер бойынша жүзеге асыруға ықпал етеді. Бұл мақсатқа қол жеткізу қаржылық, материалдық-техникалық және еңбек ресурстарын ұлттық экономиканы дамытудың; орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қызметін үйлестірудің басым бағыттарына шоғырландыру арқылы жүзеге асырылады. Ең басты мақсатқа қол жеткізу үшін – әр қазақстандықтың өмірін жақсарту, азаматтық сәйкестік пен патриотизмді нығайту, қазақстандықтарды біріктіру, қоғам мен экономиканы дамыту, мемлекетті гүлдендіру және барлығына ортақ заманауи мемлекет құру!
Әдебиеттер тізімі
1. Лапуста М. Г., Никольский П.С. Современный финансово-кредитный словарь. - М.: ИНФРА-М, 2009.
2. Турысбеков Е. Программа пяти институциональных реформ является конкретным шагом на пути реализации курса «Мәңгілік Ел» - С. Мажитов // КАЗИНФОРМ. – 2015, 8 мая.
3. План нации «Сто конкретных шагов» Президента Н.А. Назарбаева // Казахстанская правда. – 2015, 20 мая.
Достарыңызбен бөлісу: |