Қр іім тжк шқо тжд өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы



Дата17.07.2016
өлшемі118.5 Kb.
#205590

ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД Өскемен қаласының

Төтенше жағдайлар басқармасы
2015 жылдың 1 жартыжылдығында ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД

Өскемен қаласы ТЖ басқармасының атқарған жұмысы туралы

ЕСЕП

Өскемен қ.

2015 жыл


2015 жылдың 1 жартыжылдығында ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД

Өскемен қаласы ТЖ басқармасының атқарған жұмысы туралы

есеп
ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД Өскемен қаласы ТЖ басқармасының негізгі міндеті табиғи апаттан және дүлей апаттан, авариядан аумақты және шаруашылық объектілерін, халықты қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады және ТЖ басқармасы өзінің қызметінде «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Үкіметтің Қаулыларын, ҚР Ішкі істер министрлігінің бұйрықтарын басшылыққа алады.

2015 жылдың бірінші жартыжылдығында Өскемен қаласының ТЖБ қызметі «Қазақстан жолы -2050: Бірыңғай мақсат, бірыңғай көзқарас, бірыңғай болашақ» атты Қазақстан халқына Мемлекет басшысының Жолдуынан шыққан міндеттерді жүзеге асыру аясында, 2015 жылға арналған ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің жоспарына, 2015 жылғы арналған ШҚО ТЖД жұмыс жоспарына, ҚР ІІМ ТЖК отырысы шешімдерінің хаттамаларына, 2015 жылға арналған Өскемен қаласы ТЖБ жұмыс жоспарына сәйкес жалғастырылды.


ТЖ қысқаша салыстырмалы талдау

2015 жылдың 1 жартыжылдығында Өскемен қаласының аумағында 31 төтенше жағдай тіркелді (2014 жылдың осы кезеңінде- 6 төтенше жағдай, ол 183% көп), оның ішінде тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріндегі авариялар- 14, өрттер-2 оқиға, өртте тұншықтырғыш газбен улану – 3, өндірісте қаза болу – 2, жарылғыш зат -1, суға кеткендер -9 (2014 жылы -19 ТЖ, бұл 39% кем).

2015 жылы 144 өрт болды, ал 2014 жылы 130 өрт (9,8% артты), отта 11 қаза болды, 2014 жылдың осы кезеңінде 7 адам.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің «Төтенше жағдай ақпараттық-анықтамалық карточкалары базасын құру жөніндегі жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру туралы» бұйрығына сәйкес жыл басынан бері Өскемен қаласының аумағында болған оқиғалар туралы толық ақпаратты ашатын 160 карточка (2014 жылы -163, бұл 10% артық) жасалды.


1 бөлім

Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу бойынша қызметтің тиімділігін жоғарылату
Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу бойынша қызметтің тиімділігін жоғарылату сұрақтарында, Өскемен қ. ТЖБ барлық қызмет бағыты бойынша үлкен кешенді шаралар жүзеге асырылды.

ТЖ мониторингі.

Мониторинг және болжау жүйесі жергілікті атқару органымен және мемлекеттік мекемелермен өзара қарым-қатынаста жүзеге асырылады. Облыстың болжау жасау қызметтерімен өзара жедел ақпараттық қарым-қатынас ұйымдастырылған. ТЖБ қызметкерлерімен 5 дауылды ескерту қабылданды және орындалды. Тәулік бойы ШҚО бойынша ҚР ҚОҚМ «Қазгидромет» ШЖҚ РМКФ –нан су ресурстарының жағдайы, қар қорының болжамы, метеорологиялық және экологиялық мониторингтердің, қаланың энергия жүйесінің жағдайы мәліметтері келіп түседі және өңделеді.

Гидрологиялық жағдай туралы ақпаратты жедел алу мақсатында 4 гидропост тартылған. Барлық гидропосттармен телефон немесе электрондық пошта арқылы байланыс жүзеге асырылады. Ертіс өзенінде және оның ағыстарында 1 қадағалау посты, Үлбі өзенінде 2 қадағалау посты, Аблакетка өзенінде 1 қадағалау посты жұмысын жүзеге асырады.

2014-2015 жылдың қысқы кезеңіне дайындалу.

Қала аумағында қыс кезеңі қанағаттанарлық жағдайда өтті. Күнделікті ТЖ басқармасымен шығарылған қардың мөлшері туралы және қызмет көрсетілетін бағдарларға тартылатын қартазалағыш техниканың және адамдардың саны туралы ақпаратты жинақтау жүргізілді. Шұғыл ақпаратты тарату үшін жергілікті телевидениенің арналарын ұстау жүзеге асырылды (3 рет сабақтардың болмайтыны туралы). 2015 жылдың басынан бастап коммуналдық қызметтермен қала көшелерінен 70,415 м3 қар шығарылды.



Су тасқыны.

Су тасқыны кезеңі басталғанға дейін уақтылы ТЖ басқармасының баспасөз-қызметімен ШҚО ТЖД сайтында су тасқынына дайындық жөнінде насихат жұмыстары жүргізілді. Баспада 11 мақала жарияланды, радиода бір шығу болды, су тасқыны кезіндегі іс-әрекет бойынша 1360 жадынама таратылды.

2015 жылдың су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайдың алдын алу, жеке және заңды тұлғалардың мүліктеріне материалдық шығын келтірмеу мақсатында Өскемен қаласының төтенше жағдайлар басқармасы Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен-Тәртіп» ШЖҚ КМК, ЖӨБК өкілдерімен, қала әкімінің бас инспекторымен бірлесе су тасқыны қауіпті орындарға комиссиялық тексеру жүргізді.

Өскемен қаласының ТЖ басқармасымен қардың еруіне, өзендердің ашылуына, су басуға және мұз кептелісіне жататын орындарға тұрақты қадағалау ұйымдастырылды, гидротехникалық құрылыстарды тексеру тұрақты жүргізілді. Күнделікті су тасқыны жағдайы, сыртқы ауа-температурасы және қала аумағындағы суайдындардағы су деңгейінің өзгеруі туралы ақпараттарды жинау жүргізілді. Қала ТЖ басқармасы бастығының 2015 жылғы 6 наурыздағы № 10 «Су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізу туралы» бұйрығымен су тасқыны салдарын жою жөніндегі жедел штаб құрылды, ШҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ қызметкерлерінен су тасқыны қауіпті учаскелерге тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды. Қала АҚ және ТЖ қызметтерін су тасқыны кезеңіне дайындау сұрақтары ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысында қаралды.

Қала ТЖ басқармасы қала әкімінің «138» жедел-кезекшілік қызметімен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Су басу қаупі туралы азаматтардан «138» қызметіне келіп түскен үндеулері шұғыл түрде ТЖБ қызметкерлеріне жеткізіледі. Барлық оқиғаларға басқарма офицерлері барып, оқиға орнында жағдайды анықтап, су басу қаупін болдырмау үшін шараларды ұйымдастырады.

Суда қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Қала суайдындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және суайдындарда төтенше жағдайларды болдырмауға бағытталған, 2015 жылдың суға шомылу маусымында алдын алу жұмыстарын жандандыру мақсатында 2015 жылы 28 мамырда төтенше жағдайлар жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өткізілді. Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасымен «2015 жылғы суға шомылу маусымында суда азаматтардың қауіпсіздігі деңгейін жоғарылату және алдын алу жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспары» (бұдан әрі – Кешенді жоспар) жасалды және Өскемен қаласы әкімінің орынбасарымен бекітілді. Осы кешенді жоспар шараларды атқаруға жауапты қаланың мекемелеріне жіберілді. Қаланың мекемелеріне, кәсіпорындарына, ұйымдарына суға шомылу маусымында қауіпсіздік деңгейін жоғарылату және суда қайғылы жағдайлардан тұрғындарды қорғауды қажетті деңгейде қамтамасыз ету туралы хат жолданды. «Қауіпсіздік шараларын біл» және «Суға түскен кезде өзін ұстау ережесі» жадынамасы ақпараттық стендте орналастырылды. Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің, мердігерлік ұйым - Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен-Тәртіп» ШЖҚ КМК өкілдерімен бірлесе қаланың суға шомылу орындарына (жағажайларына), сонымен қатар судағы қауіпсіздік жөнінде жадынамаларды таратумен рұқсат етілмеген суға шомылу орындарына рейд жүргізді.



ТЖК күштер мен құралдарды жетілдіру, табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ салдарын жою бойынша шаралардың тиімділігін арттыру.

Қалалық ТЖБ Өскемен қаласының АҚ қызметтерімен, төтенше жағдайлар комиссиясымен, жергілікті атқару органдарымен «Көктем-2015» РКШЖ қатысты. Өткізілген Республикалық командалық-штабтық жаттығу барысында қала су тасқыны кезеңіне дайындықтың жоғары бағасын алды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі берген кестеге сәйкес «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ракета-тасығышты ұшыру кезінде авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын жоғары дайындыққа келтіру жөнінде жұмыстар ұйымдастырылды. Сабақтар мен жаттығулар өткізіледі. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ракета-тасығышты ұшырған кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тартылатын, қала қызметтерінің дайындығына тақырыптық тексеру жүргізілді.

2015 жылдың ағымдағы кезеңінде Өскемен қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлерімен әртүрлі төтенше сипаттағы жағдайларға және оқиғаларға 165 шығу болды.



Азаматтық қорғаныс.

Бүкіләлемдік Азаматтық Қорғаныс күнінің аясында, қаланың шаруашылық объектілерінде біршама шаралар жоспарланды және өткізілді: жоспасрдан тыс жаттығулар, авариялық жағдай бойынша машықтанулар, сейсможаттығулар, дәрістер мен әңгімелесулер, тестілеу, стендті жаңарту, экскурсия, фильмдерді көру және т.б. Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының басшылығымен 2015 жылы 3 наурызда «№ 3 Көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ «Қауіпті індеттік ауру туындаған кезде басқару органдарының, қаланың АҚ қызметтерінің, құралымдарының іс-қимылы» тақырыбына тактикалық-арнайы жаттығуы өткізілді. «Өскемен қаласының бір мектебінде сапасыз ет котлетін тамаққа қолдану нәтижесінде уланумен қаланың ауруханасына 52 бала жатқызылды»- осылай жаттығудың сценарийі болды. Одан басқа, Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу қарсаңында және Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауының аясында Өскемен қаласының ТЖ басқармасы қызметкерлері ШҚО ТЖД Орталық Суда-Құтқару Станциясының сүңгуірлерімен бірлесе қала мектептері оқушылары үшін Ашық есік күнін өткізді.

Сабақтар, байқаулар және ашық есік күндері кәдімгі сабақтарға қарағанда мейлінше тиімдірек. Көріністі мысалдар қауіпті нақты бағалауды және өзін ұстау ережесін жасауды көрсетеді. Қосымша ұлдар мен қыздар қатпаған мұзда өзін қалай ұстау, суға кетушіні құтқару, кәсіби дәрігерлер келгенше зардап шеккенге қалай алғашқы медициналық көмек көрсету керектігі туралы ақпарат алды.

Қала халқын оқыту және азаматтық қорғау күштерін, басқару органдарын дайындау бойынша негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес шаруашылық объектілерінде өткізілді:

- кешенді жаттығу-5,

- объектілік машықтанулар-9,

оның ішінде оқу орындарында-3,

-командалық-штабтық жаттығу-60,

- тактикалық-арнайы жаттығу- 14,

- сейсможаттығу-105,

- апаттық жағдай бойынша жаттығу- 75,

- Азаматтық қорғау күні-136.

Өскемен қаласы ТЖ басқармасының 2015 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес келесі жаттығуларға қатысты:

- 2015 жылдың 12-13 наурызда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі орынбасарының басшылығымен «2015 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңі жағдайында төтенше жағдай салдарын жоюдағы іс-қимылға басқару органдарын, АҚ мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбына «Көктем-2015» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы;

- мына тақырыптарға штабтық жаттығулар: 3 ақпанда «Көктем кезеңіндегі ТЖ жою бойынша басқару органдарының, ТЖ комиссиясының, авариялық-құтқару күштерінің іс-қимылы»;

25 наурызда «Табиғи өрттердің ТЖ жою бойынша басқару органдарының, ТЖ комиссиясының, авариялық-құтқару күштерінің іс-қимылы»;

3 сәуірде «Террорлық акті кезіндегі ТЖ жою бойынша басқару органдарының, ТЖ комиссиясының, авариялық-құтқару күштерінің іс-қимылы».

«Көктем-2015» РКШЖ аясында 11 наурызда ТЖ басқармасымен АҚ қызметтерімен және «ҰК» «ҚТЖ» филиалының Шығыс Қазақстан жол бөлімшесінің құралымдарымен өмір тіршілігін қалпына келтіру, авария салдарын жою бойынша АҚ құралымдарының және қызметтерінің, басқару органдарының, басшылық құрамының жұмысында жоғары үйлесімділікті жетілдіру бойынша тактикалық-арнайы жаттығуы өткізілді.

Жергілікті баспада АҚ және ТЖ тақырыбына 56 мақала шықты. ҚР ІІМ ТЖК, ШҚО ТЖД, қала әкімінің сайтына 106 ақпарат жіберілді.

Құлақтандыру және байланыс

ТЖ және оқиғалар туралы ақпаратты сапалы және жедел өңдеу мақсатында қала АҚ қызметтерімен, Өскемен қаласы әкімдігінің «138» қызметімен, ШҚО ТЖД ведомствосына қарасты мемлекеттік мекемелері және құрылымдық бөлімшелерімен өзара қарым-қатынас және үйлесімділік ұйымдастырылған.

Құлақтындыру және жинақтауды жүзеге асыру үшін лауазымды тұлғалардың тізіміне түзетулер енгізілді. «Жинал» дабылын алған кезде Өскемен қаласының ТЖБ жеке құрамын құлақтандыру сызбасы жаңартылды.
2 бөлім

Функционалдық мүмкіндіктерді жетілдіруге бағытталған шаралар
Қалалық ТЖ комиссиясының отырысы

Төтенше жағдайлар жөніндегі қалалық комиссия отырысы ТЖ қалалық комиссиясының төрағасы- қала әкімінің орынбасарымен бекітілген жоспарға сәйкес өткізіледі. Бірінші жартыжылдықта ТЖК 2 отырысы жоспарланды, онда келесі сұрақтар қаралды:

- 2015 жылдың көктем кезеңінде Өскемен қаласының аумағында су тасқынының, су басулар және су жайылуларының алдын алу мен салдарын барынша азайту жөнінде алғашқы шараларды орындау туралы;

- Өскемен қаласының газ шаруашылығы туралы;

- 2015 жылғы суға шомылу маусымында суда азаматтардың қауіпсіздігі деңгейін жоғарылату және алдын алу жөніндегі іс-шараларды орындау туралы;

- өрт қауіпті жағдай туындаған жағдайда төтенше жағдайды жоюға қаланың дайындығы туралы;

- жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіз демалысын ұйымдастыру жөніндегі шараларды өткізу туралы.

ТЖ комиссиясының хаттамалық шешімінде қойылған шаралар толық көлемде орындалады.

Жұмыс және жұмыстан тыс уақытта Комиссия мүшелерін құлақтандыру сызбасына түзету мен өзгерістер енгізілді.

Кадрмен жұмыс, адам ресурстарын басқару, оқыту, біліктілікті жоғарылату

2015 жылдың 1 жартыжылдығының жағдайына Өскемен қаласының ТЖ басқармасындағы штаттың саны- 21 адам, оның ішінде: 4 лауазым әкімшілік мемлекеттік қызметкер, 3 лауазым әскери және 14 ӨҚБ қызметкерлерінің лауазымы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауды және білуді насихаттау мақсатында бөлімшеде қызметкерлерді құқықтық оқытуға аса көңіл бөлінеді. 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында жеке құраммен 1 сабақ өткізілді.

2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 58-ө «2015 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрілігі Төтенше жағдайлар комитетінің Азаматтық қорғаныс Республикалық оқыту-әдістемелік орталығын Шығыс Қазақстан облысынан тыңдаушылармен толықтыру жоспары» облыс әкімдігінің бекітілген өкіміне сәйкес, біліктілікті жоғарылату Республикалық курсында 5 адам оқытуды өтті.

Министрліктің оң имиджін қалыптастыру бойынша жұмыстар

ТЖ алдын алу және жою, зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі жұмыстар облыстық, сондай-ақ Республикалық деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі жарияланып тұрды.

«Пожарный и спасатель» журналына орналастыру үшін материалдар жүйелі түрде дайындалады, жылдың басынан бастап «Пожарный и спасатель» журналына 10 мақала жіберілді, оның 3-і жарияланды.

Алдын алу және тұрғындарды ақпараттандыру, сонымен қатар қоғамдық дүрбелең тудырған, болған ТЖ мен оқиғалар туралы нақты ақпаратты жеткізу мақсатында Өскемен қ. ТЖБ қызметкерлерімен бұқаралық ақпарат құралдарында шығулар, брифингтер, баспасөз-конференциялары ұйымдастырылады және өткізіледі.

2015 жылы өткізілді:

9 қаңтар – «Крещение Господне» православтық мерекесін өткізу кезеңіндегі қауіпсіздік сұрақтары бойынша баспасөз-конференциясы (ШҚО ТЖД және ҚӨскемен қ. ТЖБ);

26 наурыз - 2015 жылдың көктем кезеңінде Өскемен қаласының аумағында су тасқыны, су басулар және су жайылулар салдарларын барынша азайту және алданы алу бойынша алғашқы шараларды орындау туралы сұрақтар жөнінде баспасөз-конференциясы (Өскемен қ. ТЖБ және Өскемен қаласының әкімдігі);

28 наурыз - 2015 жылдың көктем кезеңінде Өскемен қаласының аумағында су тасқыны, су басулар және су жайылулар салдарларын барынша азайту және алданы алу бойынша алғашқы шараларды орындау туралы сұрақтар жөнінде брифинг (Өскемен қ. ТЖБ және Өскемен қаласының әкімдігі);

20 ақпан- Өскемен қаласы газ шаруашылығының жағдайы туралы сұрақтар жөнінде дөңгелек стөл (Өскемен қ. ТЖБ);

2 маусым – 2015 жылдың суға шомылу маусымында қала суайдындарында жағажайларды дайындау туралы сұрақтар бойынша брифинг (Өскемен қ. ТЖБ, СҚҚ және Өскемен қаласының әкімдігі).

2015 жылдың басынан бастап бұқаралық ақпарат құралдарында әртүрлі баспаларды 113 мақала шықты, республикалық және облыстық маңыздағы телеарналарда 37 көрініс көрсетілді, «Микс» радиосында 101 шығу болды, «Эхо Усть-Каменогорска» және қала әкімінің, УК КЗ, ШҚО ТЖД сайттарында 196 матераил жарияланды.

«Эставелла» АЖК жас құтқарушыларының сыныбымен бірлесе қауіпті індетке қарсы тұру бойынша № 45 мектептің базасында тактикалық-арнайы жаттығуы ұйымдастырылды. 2015 жылдың 20 сәуірінде Өскеменде «Жас құтқарушы- 2015» ашық қалалық жарысы өткізілді. Жарысқа Өскемен және Семей қалаларының 70 баласы қатысты. Жарыс төтенше жағдайдан тұрғындарды қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі шаралар жүйесінің элементі ретінде өткізілді. Іс-шара бірнеше кезеңмен өтті: «Жалпы физикалық дайындық», «Медициналық дайындық», «Тірі қалу бағдарлары», «Өрт эстафетасы», «Визит карточкасы», «ӨТН білгірлері» байқауы.

«Ресурстық орталық -Кәсіби және қашықтан оқыту мектебінде» қала мектептері арасында мына тақырыптар бойынша 3 интерактивтік сабақ өткізілді: «Қар басу және бұрқасын кезінде өзін ұстау ережесі», «Су тасқыны кезінде тұрғындардың өзін ұстау ережесі», «Су басу кезінде өзін ұстауға тұрғындарды үйрету».

Жергілікті БАҚ журналистерімен бірлесе «Көктем-2015» жаттығуын өткізуге шығу (баспасөз-туры) ұйымдастырылды, «Өскемен-Тәртіп» ШЖҚ МКК, инженерлік және қоғамдық тәртіпті қорғау, жолдар және көпірлер қызметінің, «ҰК Қазақстан Темір жолы» АҚФ объектілерінің қатысуын ақпараттық сүйемелдеу қамтамасыз етілді.

БАҚ мына тақырыптарға мақалалар дайындылды: «Сақ болыңыз, жұқа мұз» (1000 объявлений газеті), «Суды күтуде» (Устинка газеті), «Тұрмыстағы газ жарылысын болдырмау үшін» (Дайджест газеті), «Су келе бастады» (Устинка газеті), «Егер сіз су астына түсіп кетсеңіз» (1000 объявлений газеті), «Кенелер» (Устинка газеті), «Өзіңді қалай кене шағуынан сақтау керек» (Дайджест газеті), «Шомылуға дайын емессіз бе» (Устинка газеті).

Есеп беру және жоспарлау жүйесін жетілдіру

2015 жылға арналған ҚР ІІМ ТЖК жұмыс жоспарының негізінде, ШҚО ТЖ Департаментінің жұмыс жоспары негізінде Өскемен қ. ТЖБ жоспары жасалды және ШҚО ТЖД бастығымен бекітілді.

2015 жылдың бірінші жартыжылдығында дайындалды:

- ТЖД жауаптар-107;

- «ВТИССА» РМК сұранысы бойынша ТЖД жауап – 2;

- бақылау карточкасына жауап-43;

- жеке тұлғалардың үндеуіне жауап-19;

- негізгі қызмет және жеке құрам бойынша бұйрықтар жасалды-38;

- шаруашылық объектілері мен меморгандардың сұранысы бойынша ақпарат-8;

- Өскемен қаласы әкімінің атына талапты хаттар дайындалды-20.


Өскемен қаласы ТЖ басқармасының мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің атқарған жұмыстары туралы

есеп

Өскемен қаласының ТЖБ мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің қызметкерлерімен 70 объектіге өрт-техникалық тексеру жүргізілді, оның ішінде: 28 жоғары қауіп дәрежелі объектіге, 28 орташа қауіп дәрежелі объектіге, 14 шамалы қауіп дәрежелі объектіге; бұл 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 66 %-ға кем (203 объекті, оның ішінде: 178 жоғары қауіп дәрежелі объектіге, 18 орташа қауіп дәрежелі объект, 7 шамалы қауіп дәрежелі объект). Өрт қауіпсіздігі нормасы мен ережелерінің әр түрлі бұзушылықтары үшін 48 әкімшілік іс қозғалды, оның ішінде: айыппұл түрінде - 12 заңды тұлға, 8 лауазымды тұлға және 3 жеке тұлға, 26 адам ескертілді; бұл 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 61%-ға кем (125 әкімшілік іс, оның ішінде: айыппұл түрінде – 64 жеке және 50 лауазымды тұлға, 11 заңды тұлға және 6 адам ескертілді). Салынған айыппұлдың сомасы 624 330 теңгені құрады және 2014 жылдың осы кезеңінде 1 146 388 теңге. 406 310 теңге сомасында 15 айыппұл өндіріліп алынды.

Бақылау-профилактикалық қызметтің кейбір көрсеткіштерінің азаюы, «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жаңа редакцияда шығуы және бизнес субъектілерін тексеру жоспарына енгізбеу болды.

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 1 объектінің пайдалануын тоқтата тұруға сотқа талап арыз жіберілді; 2014 жылы 17 объекті (94% кем).

Өскемен қаласының ТЖБ қызметкерлері 951 өтініш бойынша құрылысы салынып болған қора-қопсығы бар тұрғын үйлерді, саяжайлар мен гараждарды пайдалануға қабылдау комиссиясына қатысты, сондай-ақ шаруашылық объектілерін қабылдау бойынша 132 өтініш, өрт автоматикалық жүйесін пайдалануға қабылдау бойынша 27 өтініш қаралды.

Өрттердің алдын алу, сонымен қатар өрттерде адамдар өлімін азайту мақсатында Өскемен қаласының ТЖБ МӨББ қызметкерлерімен келесі жұмыстар атқарылды:

2015 жылы қала телеарналарында 24 шығу болды, 2014 жылы – 24; 2015 жылы баспасөз басылымында – 79 мақала, 2014 жылы – 81 мақала; 2015 жылы радиода – 71 материал, 2014 жылы – 70 материал шықты.

Қала әкімінің, УК. КZ, «Эхо Усть-Каменогорска», ШҚО ТЖД және ҚР ІІМ ТЖК сайттарында 2015 жылы 99 материал, ал 2014 жылы – 97 материал шықты.

Әкімдікке, прокуратураға және басқа мемлекеттік мекемелерге нысандардың өртке қарсы жағдайы туралы 18 ақпарат жолданды.

Өскемен қаласының кәсіпорындарында Өскемен қаласының ТЖБ қызметкерлерімен өртке қарсы тақырыпқа 4912 адамды қамтыған 4058 нұсқаулық, 5736 адамды қамтыған 167 дәріс өткізілді, «дауыс зорайтқыш жүйесімен»- 90 шығу болды.

Қаланың тұрғын секторында 7179 тұрғын үйге түбіртек-ұсыныстарды тапсырумен және нұсқаулық жүргізумен аралау жүргізілді. Жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің қатысуымен 516 азаматты қамтыған 13 жиын ұйымдастырылды және өткізілді. Кәсіпкерлік бөлімімен бірлесе Өскемен қаласының сауда объектілерінде Өскемен қаласының ТЖБ МӨББ берілген мәтін бойынша дауыс зорайтқыш байланысты қолдану арқылы өрт қауіпсіздігі ережелеріне оқыту және құлақтандыру ұйымдастырылды.

2015 жылы Өскемен қаласының аумағында 144 өрт, 2014 жылы 130 өрт болды (9,8% көбейді), шығын 4 741 000 теңгені құрады, 2014 жылы- 24 179 400 теңгені құрады (5,1 есе азайды), отта 11 адам қайтыс болды, 2014 жылдың осы кезеңінде 7 адам қайтыс болды.


ҚОРЫТЫНДЫ:

Өскемен қаласында төтенше жағдайлардың және адам өлімінің алдын алу, қадағалау-профилактикалық қызметті жақсарту мақсатында 2015 жылдың екінші жартыжылдығнда жасау қажет:

1. Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ алдын алу бойынша қызметтің тиімділігін жоғарылату.

2. ТЖ болғандағы іс-қимылға тұрғындарды оқытуға және алдын алуға бағытталған іс-шараларды орындауға барлық нақты шараларды қабылдау.

3. Қала суайдындарында қайғылы оқиғалардың алдын алу бойынша жұмыстарды жандандыру.

4. 2015-2016 жылдың жылыту маусымына білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік – мәдени маңызды объектілердің дайындығын бақылауда ұстау.

5. ҚР Бас прокуратурасымен бекітілген, жартыжылдық жоспарда жоспарланған барлық объектілерге 100 % тексеру жүргізу.

6. Объектілерді тексеру нәтижесі бойынша ҚР заңнамасымен белгіленген барлық шараларды қолдану.

7. Мәжбүрлеп айыппұлдарды өндіру бойынша сот орындаушыларымен жұмысты жалғастыру, айыппұлдарды өндіруді 100%-ға жеткізу.

8. Өскемен қаласының ТЖБ қызметкерлерінің бұқаралық ақпарат құралдарында шығуы, Өскемен қаласының тұрғын секторында насихаттау-түсіндіру, объектілерде дәрістер, нұсқама жүргізу бойынша жұмыстарды жандандыру.

9. Тұрғын секторында жүргізілетін рейдтердің саны мен тақырыбын көбейту.

Қорытынды: Жоспарланған іс-шаралар толығымен орындалды, белгіленген мақсаттар мен мүдделер ағымдағы уақытта орындалды.


«ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД

Өскемен қаласының ТЖ

басқармасы» РММ бастығы

өқ/қ подполковнигі Қ. Садвакасов

Қызметтік бағыт бойынша жергілікті атқарушы органдарды, мекемелерді, ұйымдарды ақпараттандыру


р/с




Ақпараттың тақырыбы

Кімге жіберілді, ТАӘ, лауазымы

Жіберілген күні, шығыс нөмірі

Қабылданған шешім

1

Қалалықтар арасында өрт қауіпсіздігі шаралары туралы баннерлерді жасау бойынша

Өскемен қаласының әкімі Т.Ж. Қасымжановқа

2015 ж. 05.01.

№ 23-15-20-02/08



Жұмыстар орындалды

2

Адамдардың жарақаттануы туралы

ШҚО Статистика департаменті

нің бастығы А.А. Мақажановқа



2015 ж. 08.01.

№ 23-15-20-02/21



Мәліметке алынды

3

Қаладағы өрттер және тұрғындар арасындағы ӨҚЕ шаралары туралы

«Өскемен қ. ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ басшысы Ж.Б. Баирхановқа

2015 ж. 09.01.

№ 23-15-20-02/27



Мәліметке алынды

4

Балалардың жарақаттануы туралы

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы В.А. Овсянниковке

2015 ж. 15.01.

№ 23-15-20-02/49



Мәліметке алынды

5

Үйлер мен ғимараттардың шатырынан уақтылы қарды тазалау мен сүңгілерді алуды жүргізу туралы

Өскемен қ. әкімдігінің «Істер басқармасы» КМҚК филиалының директорларына

2015 ж. 15.01.

№ 23-15-20-01/142 ЗТ



Жұмыстар орындалды

6

Нашар отбасылар тізімі жөнінде

Өскемен қ. ІІБ бастығы полиция полковнигі А.Қ. Уәлиевке

2015 ж. 22.01.

№ 23-15-20-02/84



Жұмыстар орындалды

7

Қала теледисплейлерін

де газ жөнінде роликті орналастыру бойынша



Өскемен қ. әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі

2015 ж. 28.01.

№ 23-15-20-02/98



Жұмыстар орындалды

8

Тұрғын үйлерде газ балоны жарылуының алдын алу жөнінде рейдтер жүргізу туралы

«Өскемен қ. ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ басшысы

Ж.Б. Баирхановқа



2015 ж. 28.01.

№ 23-15-20-02/104



Жұмыстар орындалды

9

Газ балондарын қолданудағы қауіпсіздік жөніндегі кеңес бойынша

Горгаз ЖШС Қаланы газбен жабдықтау ұйымдары

2015 ж. 04.02.

№ 39-19-7-20-02/322 Зт



Жұмыстар орындалды

10

Тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі бойынша акция жүргізу жөнінде

Өскемен қ. ІІБ бастығы полиция полковнигі

А.Қ. Уәлиевке



2015 ж. 09.02.

№ 39-19-7-20-02/136 Зт



Жұмыстар орындалды

11

Тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі бойынша акция жүргізу жөнінде

Өскемен қ. әкімдігінің №5 ЖӨБК филиалы

2015 ж. 05.02.

№ 39-19-7-20-02/328 Зт



Жұмыстар орындалды

12

Өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша акция өткізу жөнінде


Өскемен қаласының әкімі

Т.Ж. Қасымжановқа



2015 ж. 10.02.

№ 39-19-7-20-02/138



Жұмыстар орындалды

13

ОДА қызметкерлері және тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі шаралары жөнінде ақпараттар мен жадынамаларды орналастыру бойынша

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы

В.А. Овсянниковке



2015 ж. 12.02.

№ 39-19-7-20-02/140



Жұмыстар орындалды

14

Сауда объектілерінде өрттің алдын алуды қамтамасыз ету жөнінде

Өскемен қ. кәсіпкерлік бөлімінің басшысы

Б.С. Нұрғазинге



2015 ж. 06.03.

№ 39-19-7-20-02/222



Өрт қауіпсіздігі ережелеріне оқыту бойынша сауда объектілерінде құлақтандыруды ұйымдастыру

15

Айыппұлдарды төлеу бойынша жадынама орналастыру

ХҚҚ филиалының директоры А.Х, Есемболовқа

2015 ж. 12.03.

№ 39-19-7-20-02/677 Зт



ХҚҚ жадынама орналастырылды

16

Өрт қауіпсіздігі және айыппұлдар бойынша жадынама орналастыру

«Мунира» ЖШС директоры М.Ш. Ягудинаға Юбилейный кинотеатры

2015 ж. 12.03.

№ 39-19-7-20-02/678 Зт



Кинотеатр келушілері үшін ақпараттық стендте ақпарат орналастырылды

17

Өрттерде адамдардың өлімін және жарақаттануын азайту жөніндегі жоспар бойынша

Өскемен қ. әкімінің орынбасары В.М. Головатюкке

2015 ж. 13.04.

№ 39-19-7-20-02/356



Орындалған жұмыс туралы есеп

18

Үйге пицца апарғанда және кафеде ӨҚЕ сақтау жөніндегі тұрғындар үшін жадынама орналастыру

Ресторандар және «Пицца Блюз» кафесі желілерінің директоры А. Афонинге

2015 ж. 16.04.

№ 39-19-7-20-02/885 Зт



Келушілер үшін кафеде жадынама орналастырылды және азаматтар үшін өрт қауіпсіздігі бойынша жадынамамен пицца жеткізу ұйымдастырылды

19

Арнайы алаңнан қоқысты шығару жөнінде

Өскемен қ. әкімінің орынбасары В.М. Головатюкке

2015 ж. 28.04.

№ 39-19-7-20-02/417



Мәліметке алынды

20

Өрт қауіпсіздігі профилактикасы бойынша қала теледисплейлерін

де арнайы роликтерді орналастыру жөнінде



Өскемен қ. Ішкі саясат бөлімі

Е. Жақыповқа



2015 ж. 02.06.

№ 39-19-7-20-02/523



Өскемен қ. Республика алаңында орналасқан теледисплейде роликтер орналастырылды



Шығыс Қазақстан облысы

ТЖ департаменті бастығының м.у.а.

полковник

А.А. Ломыгинге

Сіздің 2015 жылғы 22 маусымдағы № Ін-39-19-7-12/344 сұранысыңызға 2015 жылдың 1 жартыжылдығында орындалған жұмыстар туралы есепті жібереміз.


Қосымша: есеп 13 бетте.


«ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД

Өскемен қаласының

ТЖ басқармасы» РММ бастығы

өртке қарсы қызмет подполковнигі Қ. Садвакасов

Орын.: Задорожный В.А.

Тел. 250151


Вр.и.о. начальника

Департамента по ЧС

Восточно-Казахстанской области

полковнику

Ломыгину А.А.

На Ваш запрос № Ін-39-19-7-12/344 от 22.06.2015г. направляем Вам отчет о проделанной работе за первое полугодие 2015 года.


Приложение: отчет на 13 листах.

Начальник РГУ «Управление

по ЧС города Усть-Каменогорск

ДЧС ВКО КЧС МВД РК»

подполковник противопожарной службы К. Садвакасов

Исп. Задорожный В.А.



Тел.: 250151

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет