Р. М. Таштемханова Мұстафа Шоқайдың тарихи бейнесі



бет27/28
Дата12.07.2016
өлшемі2.81 Mb.
#194577
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

Исхаки (Исха­ков­) Гаяз (Аяз, Мұха­мед­-Гаяз) (1878–1954), та­тар­ социал- де­мок­рат­тар­ пар­тия­сын­ ұйым­дас­тырушы­лар­дың бірі (1906). Бір­неше рет­ тұтқында­лып­, түр­меге қамалады, жер­ ауда­рыл­ды. Жазушы, драма­тур­г, публицис­т. Та­тар­ сы­ни реа­лис­тік әдебиеті­нің­ негі­зін­ қалаушы. 1911–1914 жыл­дары о­ның­ се­гіз­ том­дық шы­ғар­малары жа­рық­ көр­ді. Ақ­пан­ революциясы­нан­ кейін Бү­кіл­ре­сей­лік­ мұ­сыл­ман­дар­ съездері­нің­ ұйым­дас­тырушысы және басшысы, Құ­рыл­тай жиналысына депутаттыққа кан­ди­дат­. 1918 жылы Мәскеуде шығары­лып­ тұр­ған “Иль” (“Ел”) де­ген­ газеті жа­был­ған­нан­ кейін шет­елге кет­ті. Еуропа­лық­ Ресей мен­ Сі­бір­ тү­рік­-та­тар­ мұ­сыл­мандары ұлттық жиналысының Версаль конференциясындағы өкілі. Негізі­нен Вар­шавада тұр­ды. 1928–1939 жыл­дары Бер­лин­де шығып тұрған “Мил­ли юл” (“Ұлт­тық­ жол­”) жур­налы­ның­ бас­ ре­дак­торы. “И­дель­-У­рал­” қоғамы­ның­ негі­зін­ қалаушы және о­ның­ “Прометей­” ұйы­мын­дағы өкілі (бас­қармасы­ның­ мүшесі). Поль­шаны фа­шис­тік Гер­ма­ния ба­сып­ ал­ған­нан кейін Лон­дон­ға кет­ті. 1941 жыл­дан өмірі­нің­ аяғына дейін Түр­кияда тұр­ды. Мұн­да “И­дель-У­рал­” мұға­жыр­лары­ның­ “Мил­ли мәр­кәз” (“Ұлт­тық­ орта­лық­”) ұйы­мын­ құрады.

Исха­ков­ Аб­дулва­хап­, “Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі­нің­” мүшесі, Гейдельберг у­ни­вер­ситеті философия фа­куль­те­тін­ (Гер­ма­ния) бі­тір­ді.

Қа­мал­хантөреев Нә­сір­хан Төре, Фер­ғана­дан,­ жә­дит­ қоз­ғалысы жетекшілері­нің­ бірі, Түр­кі­стан Уа­қыт­ша Ха­лық­ кеңесі­нің­ мүшесі. Дін­танушы. Бү­кіл­ре­сей­лік­ Құ­рыл­тай жиналысының депутаттығына кан­ди­дат­.

Кара­хан­ (Караха­нян­) Лев­ Ми­хай­ло­вич­ (1889–1937), ке­ңес­ мем­лекет қайрат­кері. 1918–1920, 1924–1934 жыл­дары сырт­қы іс­тер­ ми­нист­рі­нің­ орынбасары. 1921 жылы Поль­шада, 1922–1926 жыл­дары Қы­тай­да, 1934 жылы Түр­кияда елші.

Карими (Ка­рир­ми) А­риф­ (Га­риф­) (?–1934). Орта Азияда боль­ше­вик­терге қар­сы кү­рес­ке қа­тыс­ты. 1920-жыл­дар­дың­ ба­сын­да Г. Исхаки­дің­ шақыруы­мен­ Түр­кияға кел­ді. “И­дель­-У­рал­” тәуел­сіз­дік комитеті бас­шылары­ның­ бірі, “Янга Мил­ли юл” жур­налы­ның­ қыз­меткері. Бүр­кен­шік есімі – “Ос­ман­ бей­”.

Ка­стань­е Жо­зеф­ (Түр­кі­станда–Ио­сиф­) (1875 ж. т. – ө. ж. б.), архео­лог­, эт­ног­раф, та­рих­шы, дип­ло­мат­. Ф­ран­цияда ту­ған­. 1901 жыл­дан О­рын­борда, 1912 жыл­дан Түр­кі­стан өлке­сін­де тұрады. 1918 жылы Ф­ран­цияға қайт­ып­ ора­лып­, Сырт­қы іс­тер­ ми­нист­рлі­гін­де істеді.

Кар­це­вад­зе (Кар­ци­вад­зе) Илико, э­сер­, Тиф­лис­ сол­дат депу­тат­тары кеңесі­нің­ мүшесі.

Каюм Вели (1905–1995), Таш­кен­т өзбегі. 1922 ж. Герм­анияға оқуға жібері­ліп­, сон­да қа­лып­ қояды. Зоо­тех­ника­лық­ инс­ти­тут­ты бі­тір­ді. Мұра­ғат­ дерек­те­рін­де Бер­лин­ полициясы­мен­, кейін гес­тапо­мен­ бай­ла­ныс­та бол­ғандығы көр­сетіледі; Түр­кі­стан легионын­ ұйым­дас­тырушы. 1942 жыл­дан Түр­кияда тұрды. 1930 жыл­дың ортасы­нан­ ІІІ рейх­тың­ Шы­ғыс­ саясаты жө­нін­дегі авторы А. Ро­зен­берг­пен­ жа­қын­ қа­рым­-қаты­нас­та бол­ды. М. Шо­қай­ өл­ген­де қа­сын­да бол­ды.

Кедия Спири­дон­, гру­зин­ ау­ғын­дары же­тек­шілері­нің­ бірі.

Кенеса­рин­ Ә­зім­хан Ахметұлы (1878–1938), А­лаш­ қоз­ғалысы­ның­ қайраткері. Түр­кі­стан Мұх­тарияты­ның­ күш­пен тал­қандалуына наразы­лық­ білдірді.

Керенс­кий­ А­лек­санд­р Федоро­вич­ (1881–1970), о­рыс­ саяси қай­рат­кері. Адво­кат­. Уа­қыт­ша үкі­мет­те: юстиция ми­нист­рі (нау­рыз­-ма­мыр­), со­ғыс­ министрі (ма­мыр­-қыр­күйек), 8(21) шіл­де­ден­ ми­нист­р-төраға, 30 та­мыз­дан (12 қыр­күйек) бас­ қол­басшы. 1918 жыл­дан Па­риж­де э­миг­рацияда; онда “Д­ни” газетін­ шыға­рып­ тұр­ды. 1940 жыл­дан өмірі­нің­ соңына дейін АҚШ-та тұр­ды.

Коле­сов­ Фе­дор­ Ивано­вич­ (1891–1940), 1917 жыл­дан боль­ше­вик­. 1917 жыл­дың қараша айы­нан­ Түр­кі­стан өлкесі Хал­ком­ кеңесі­нің­ төрағасы, 1918 ж. сәуір-қараша айла­рын­да Түр­кі­стан АССР Хал­ком­ кеңесі­нің­ төрағасы.

Корови­чен­ко П. А., 1917 ж. қараша­сын­да Таш­кент­тегі қарулы көтеріліс ке­зін­де гар­ни­зон­ бас­тығы.

Ко­раб­ Анри де (Henry de Corab), “Ма­тэн­” (“Lе Matіn”) жур­налы­ның­ қызметкері.

Көбеев Ос­пан­ (1876–1930), 1918 ж. 1 шіл­деде За­кас­пий облысы Ха­лық­ Ко­мис­сарлары кеңесі оны А­дай­ уезі­нің­ әскери ко­мис­сары е­тіп­ жібереді. Э­сер­.

Көп­жаса­ров­ Ис­кан­дер, М. Шо­қай­дың­ Түр­кі­стан Мұх­тарияты ке­зін­дегі кө­мек­шісі. О­рал­ реал­дық­ әскери-ка­зак­ училище­сін­ бі­тір­ген. 1922 жыл­дың 22 нау­рыз­ындағы В. А. Чай­кин­нің ха­тын­да ол М. Шо­қай­дың­ дос­тары қата­рын­да аталады. Ол уа­қыт­та Ис­кан­дер Таш­кент­те Ж. Дос­мұхаме­дов­, Ә. Оразаев т. б. зиялылар­мен­ қызметтес болады. Түр­кі­стан әлеу­мет­тік қам­сыз­дан­дыру комиссариа­тын­да жұ­мыс­ іс­тей­ді. Кейін Ке­ңес­ өкіметі­нің­ қу­ғын­дауына ұшырайды.

Көтіба­ров­ Әлмұ­хам­мед (Әли) (1871–1926), Пе­тер­бург Әскери медицина академия­сын­ 1896 ж. бі­тір­ген. О­рын­борда 21–26 шіл­де айында өт­кен­ съезде Бүкіл­ре­сей­ Құ­рыл­тай жиналысына деле­гат­ бо­лып­ сай­лан­ды. М. Шо­қай­мен­ жақын­ жол­дас бол­ды.

Кра­син­ Лео­нид­ Борисо­вич­ (1870–1926), Ке­ңес­ мем­лекет және пар­тия қай­рат­кері. 1920 жыл­дан сырт­қы сауда ха­лық­ ко­мис­сары, соны­мен­ бір­ге Ұлыбрита­нияда, 1924 жыл­дан Ф­ран­цияда елші және сауда өкілі.

К­рес­тинс­кий­ Нико­лай­ Николае­вич­ (1883–1938), 1918 жыл­дан РСФСР Қар­жы ми­нист­рі, 1921 жыл­дан Гер­ма­нияда РСФСР-дың­, кейін Ке­ңес­ Одағы­ның­ елшісі, 1930 жыл­дан КСРО Сырт­қы іс­тер­ ми­нист­рі. КСРО БОАК және ОАК мүшесі.

Куро­пат­кин А­лек­сей Николае­вич­ (1848–1926), инф­ан­терия генералы, 1916 жыл­дың 30 маусымы­нан­ 1917 жыл­дың 30 наурызына дейін Түр­кі­стан гене­рал­-гу­бер­наторы.

Қазыбе­ков­ Те­мір­бек, 1922 жылы Гер­ма­нияға оқуға жібе­ріл­ген жастардың­ бірі.

Қасы­мов­ Ибра­һим­ Ел­кей­ұлы (1880–1937), ал­ғаш­қы қа­зақ­ педа­гог­терінің­ бірі, 1900 ж. Таш­кент­те мұғалімдер­ семинария­сын­ бі­тір­ді.

Қаш­қын­баев Иса (Ғай­са) Таумышұлы (1891–1948), ал­ғаш­қы қа­зақ­ дәрігер­лері­нің­ бірі, А­лаш­ қоз­ғалысы­ның­ қай­рат­кері.

Қыдыралиев (Қы­дыр­-Алиев) Инакжан, өз­бек­, 20-жыл­дар­дың­ бас­ ке­зін­де Революция­лық­ Әскери ке­ңес­тің, Түр­кі­стан Ком­пар­тиясы ОК-нің­, РК(б)П ОК Ортаазия­лық­ бюросы­ның­ мүшесі, кейін Мәс­кеуде істеді. 1928 жылы ө­зін­-өзі өлтірді. М. Шо­қай­дың­ айт­уынша, мұн­дай қа­дам­ға К­рем­ль­дің­ ұлт­тық­ саясатына наразы­лық­ біл­діру ре­тін­де барады.

Қожаев Фай­зул­ла (1896–1938), жас­бұ­хар­алық­тар­ пар­тиясы ОК-нің­ мүшесі, “Шуро-и-Исламия” ұйымы­ның­ бас­шысы (1917), Бұхара рев­комы­ның­ мүшесі. Бұхара Ком­пар­тиясы ОК-нің­ мүшесі, БХКР Революциялық­ трибуналының­ мүшесі және әскери ха­лық­ ко­мис­сары (1920). 1922 жыл­дан РК(б)П ОК Орта­лық­ Азия бюросы­ның­ мүшесі. 1925 жыл­дан Өз­бек­ КСР ОАК-нің­ төрағасы. “К истории революции в Бухаре” (Таш­кент, 1926) де­ген­ кі­тап­тың авторы. 1938 жылы “Т­роц­кис­тер­ блогы” ісі бой­ынша ату жазасына кесіледі.

Қожа­нов­ Сұл­тан­бек (1894–1938), ке­ңес­ мем­лекет және пар­тия қайраткері. 1917 жыл­ы шіл­деде О­рын­борда Жал­пықа­зақ­ съезіне қа­тыс­ты. “Бірлік­ туы” газе­тін­де істеді (1917–1918). Таш­кент­тегі педагогика­лық­ училищеде және педагогика­лық­ курс­тар­да са­бақ­ бер­ді (1918). Сыр­дария облыстық рев­комы­ның­ төрағасы (1920), кейін Түр­кі­стан Ком­пар­тиясы ОК мүшесі, Тү­рік­ко­мис­сиясы­ның­ мүшесі бол­ды. 1938 жыл­дың 8 ақпа­нын­да ату жазасына кесі­ліп­, 1957 жыл­дың 5 шіл­де­сін­де ақ­тал­ды.

Қожа Аб­дул­ла, “Түр­кі­стан өлкесі мұ­сыл­мандары­ның­ орта­лық­ кеңесі­нің­” мүшесі.

Қожаев У­бай­дул­ла Аса­дул­лаұлы (1896–1942), адво­кат­. Бү­кіл­ре­сей­лік­ Құрыл­тай жиналысына депу­тат­тыққа кан­ди­дат­. Түр­кі­стан жә­дит­ қоз­ғалысы же­тек­шілері­нің­ бірі, жә­дит­тер­дің­ “Садо-и-Тур­ке­стан” газеті­нің­ ре­дак­торы. Түркі­стан автономиясы Уа­қыт­ша үкіметі Ха­лық­ милициясы мен­ қо­ғам­дық қауіп­сіз­дік бөлімі­нің­ мең­герушісі, 1917 жыл­дың 12 маусы­мын­да сай­лан­ған Түр­кі­стан өлкесі мұ­сыл­мандары­ның­ Орта­лық­ кеңесі­нің­ мүшесі. Ең жа­қын­ жол­даста­рын­ның бірі ре­тін­де Түр­кі­стан Мұх­тарияты құла­ған­нан кейін де М. Шо­қай­мен­ ха­бар­ла­сып­ тұрады.

Қожа­нияз қажы, ұй­ғыр­. 1931 жылы Құ­мыл­да бас­та­лып­, Шың­жаң­ды түгел­ге жуық қам­ты­ған­ мұ­сыл­ман ха­лық­тары көтерілісі­нің­ же­тек­шісі. 1934 жылы Шен­ Ши­цай­ басқарған Шығыс Түркістан үкіметі­нің­ о­рын­басары бо­лып­ та­ғай­ын­дал­ды.

Қожа Асадулла, Түркістан өлкесі мұсылмандары орталық кеңесінің мүшесі.

Қожа (Қожаев, Ос­ман­қожа Пу­лат­қожаев) Ос­ман­, (Түр­кияда – Ос­ман­ Қожа-оғлы) (1887–1968), Түр­кі­стан ха­лық­тары ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысы­ның­ қайрат­кері. 1913 жылы Ис­тан­бұлда оқуын бі­тір­ген­нен­ кейін, Бұхараға о­рал­ды. Жас­бұ­хар­алық­тар­ пар­тия­сын­да қазынашы. 1918 жылы Бұхара Ком­пар­тиясы ОК-нің­ мүшесі. Бұхара әмірі құла­тыл­ған­нан­ кейін қар­жы ми­нист­рі; 1921 жыл­ғы қаң­тар­дан­ Бұхара Ха­лық­ Ке­ңес­ Рес­пуб­ликасы мем­ле­кет­тік бақылауы­ның­ бастығы, та­мыз айы­нан­ БХКР Орта­лық­ Атқару Комитеті­нің­ төрағасы. Сол­ жылы жел­тоқ­сан­да мұ­сыл­ман көтері­ліс­шілері жағына шық­ты. 1922 жылы Түркияға қо­ныс­ ау­дар­ды. Э­миг­рацияда “Түр­кі­с­тан Ұлт­тық­ Бір­лігі” ұйы­мын­ бас­қарды, осы ұйым­ның­ органы “Йе­ни Түр­кі­стан” жур­налы­ның­ ре­дак­торы болды.

Қожы­қов­ Қо­ңыр­қожа (1880–1938), қо­ғам­ қай­рат­кері, а­ғар­тушы, ға­лым­. Ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысына қа­тыс­ты. Жетісудағы көне қор­ған­дар­ мен­ ескерткіштерді зерт­теу­мен­ айна­лыс­ты. 1938 жылы тұт­қында­лып­, ату жазасына ке­сіл­ді.

Қо­ныс­бай Әбдіха­лық­, Сыр­дария облысы Тереңө­зек­ ­стан­сасы ма­ңын­да ту­ған­. Ауған­стан­ мен­ И­ран­ арқылы Еуропаға кел­ді. Түр­кияда А.-З. Валиди­дің­ кө­мек­шісі бо­лып­ істеді. Кейін Үн­ді­стан­ның­ Чит­рал­ гу­бер­ния­сын­да тұ­рып­, сонда қайт­ыс­ бол­ды.

Қоңы­рат­баев Қал­жан­ (1877–1941), қо­ғам­ қай­рат­кері, а­ғар­тушы.

Құл­жа­нов­ Нұр­ғали (1869–1919), мәде­ниет қай­рат­кері, О­рын­бордағы оқытушы­лар­ мек­те­бін­ бі­тір­ген, Кол­чак­ жен­деттері­нің­ қолы­нан­ қаза тап­ты.

Ла­пин­ Серәлі (Шерәлі) (1868, Қызы­лор­да обл., Сыр­дария ауд., Қоғалыкөл­ ауылы – 1919, Са­мар­қан қаласы), қо­ғам­ қай­рат­кері, шы­ғы­станушы. Санк­т-Пе­тер­бург у­ни­вер­ситеті­нің­ заң­ фа­куль­те­тін­ бі­тір­ді (1891). 1908–1910 жыл­дары Санк­т-Пе­тер­бург­те тұ­рып­, Мем­ле­кет­тік дума­ның­ Мұ­сыл­ман фракциясы ұйым­дас­тыру бөлі­мін­де қыз­мет етті. 1917 жылы Перовс­к уезі қазақтары­ның­ жал­пы жиналы­сын­да Қыр­ғыз­ (қа­зақ­) депу­тат­тары­ның­ уа­қыт­ша уез­дік­ кеңесі құры­лып­, о­ның­ 35 а­дам­нан тұра­тын­ құрамына сай­лан­ды, шіл­де айы­нан­ “Шуро-и-У­лема­” (“Ғұлама қоғамы” немесе “Дін­ иелері кеңесі”) ұйымының­ же­тек­шісі, Түр­кі­стан автономиясы­ның­ Ха­лық­ кеңесі құрамына сайлан­ды. Бү­кіл­ре­сей­лік­ Құ­рыл­тай жиналысына депу­тат­тыққа кан­ди­дат­ ре­тін­де ұсы­ныл­ды. Түр­кі­стан автономиясы қарулы күш­пен құла­тыл­ған­нан­ кейін, Бұхара­ ә­мір­лігіне ө­тіп­, Түр­кияға келеді. Боль­ше­вик­терге қар­сы кө­мек­ сұрау мақ­саты­мен­ 1918 жыл­дың 20 қыр­күйе­гін­де Бер­лин­ге (Гер­ма­нияға) келеді. Психика­лық­ ауруға шал­дығуына бай­ла­ныс­ты сол­ жылы 17 жел­тоқ­сан­да Э­дель­ инс­титуты­ның­ ауруханасына са­лын­ды. Аурухана­дан­ кейін С. Ла­пин­ Түркістанға қайт­ады (Гер­ма­нияда бі­тір­ген іс­тер­і жө­нін­дегі материал­дар­ ГФР Сырт­қы іс­тер­ ми­нист­рлігі­нің­ Бонн­дағы саяси мұраға­тын­да сақ­таулы). С. Ла­пин­ – қа­зақ­ өне­рін­, архи­тек­тура­сын­ ал­ғаш­ зерт­теуші­лер­дің бірі. Бір­неше шы­ғыс­ тілде­рін­ же­тік­ біл­ді, шы­ғыс­ әдебиеті к­лас­сикте­рін­ аудару­мен­ шұ­ғыл­данды.

Лого­фет­ Д­мит­рий Ни­колае­вич­, о­рыс­ та­рих­шысы, 1901 жыл­дан О­рыс­ география­лық­ қоғамы­ның­ мүшесі, мо­нар­хист. “Ст­рана бесп­равия, Бухарс­кое ханс­тво и его сов­ре­мен­ное сос­тоя­ние” (Пе­тер­бург, 1911) де­ген­ кіта­бын­да Бұхарадағы әлеу­мет­тік-экономика­лық­ қаты­нас­тарды си­пат­тайды. Бұхара әмірінің­ саяса­тын­ әшкерелеуді Лого­фет­ Бұхара­ның­ Ре­сей­ге “қосылуы­ның­ қажет­тілі­гін”­ дә­лел­деу ү­шін­ пай­даланады.

Луначарс­кий­ А­на­то­лий­ Ва­силь­е­вич­ (1875–1929), 1917–1929 жыл­дары РСФСР Бі­лім­ беру ха­лық­ ко­мис­сары, кейін БОАК жа­нын­дағы Ғылыми комиссия­ның­ төрағасы, КСРО-ның­ Испа­ниядағы елшісі.

Мада­мин­-бек­ (то­лық­ аты-жөні: Мұха­мед­-А­мин­-бек­ Ах­мед­бе­ков­), Маргелан­да уез­дік­ ке­ңес­ милициясы­ның­ бас­тығы бол­ды. 1918 жыл­дың жазында өзіне бағы­ныш­ты өз­бек­ милицио­нер­лері­мен­ бас­машы­лар­ отря­дын­ құрады. 1919 ж. қа­зан­ айында Ир­гаш­там де­ген­ жер­де мұ­сыл­ман әс­кер­лері­нің­ құ­рыл­тайы бо­лып­, онда Фер­ғана үкіметі құрылады. Үкі­мет­ бас­тығы әрі бас­ қолбасшы бо­лып­ Мада­мин­-бек­ сай­ланады. 1920 жылы Үш­қор­ғанда қаза бол­ды.

Мал­лиц­кий Нико­лай­ Гурь­е­вич­ (1873–1947), Таш­кен­т қаласы­ның­ әкімі (1907 – наурыз 1917), тү­рік­танушы, ка­дет­. А.-З. Валиди оны “жер­гі­лік­ті тұрғын­дар­ға үнемі се­нім­сіз­дік­пен қара­ған­ өте қу а­дам­, о­рыс­ ұлт­шылы” ре­тін­де си­пат­тайды.

Мар­жа­ни Шиһа­бад­дин (1818–1889), көр­некті та­тар­ ойшылы, а­ғар­тушы, та­рих­шы.

Марк­вар­т Йо­зеф­ (1869–1930), не­міс­ шы­ғы­станушысы, көне тү­рік­ жазбаларына ар­нал­ған, о­ғыз­дар, ұй­ғыр­лар, ха­зар­лар мен­ қып­шақ­тар­ жө­нін­дегі ірі тарихи ең­бек­тер­дің авторы, си­рек­ ұшыраса­тын­ филология­лық­ қабі­лет­ иесі бол­ды, а­раб­-пар­сы және қы­тай­ де­рек­темелері негі­зін­де Шығыс Еуропа мен­ Кавказ тарихы­ның­ түр­лі мәселелерін­ зерт­теді.

Мақ­суди Сад­ри (1879–1957), адво­кат­, жазушы, пуб­ли­цис­т, ІІ–ІІІ Дума депутаты, Уа­қыт­ша үкі­мет­тің Түр­кі­стан комитеті­нің­ мүшесі. 1918 жылы больше­вик­тер Ішкі Ре­сей­ мен­ Сі­бір­ мұ­сыл­ман тү­рік­-та­тар­лары­ның­ автономиясын­ тал­қанда­ған­нан кейін Еуропаға қо­ныс­ аударады. Па­риж­де Ре­сей­де а­шық­қан­дар­ға кө­мек­ комитеті­нің­ мүшесі бол­ды. 1934–1945 жыл­дары Истанбұл у­ни­вер­ситеті­нің­ про­фес­соры. 1930–1938 жыл­дары Түр­кия ұлт­тық­ мәжілісі­нің­ депутаты.

Мах­муд­ А­бид­жан (Ға­бид­жан), Түр­кі­стан Мұх­тарияты Уа­қыт­ша ха­лық­ мәжілісі­нің­ депутаты, Түр­кі­стан автономиясы үкіметі­нің­ а­зық­-тү­лік­ ми­нист­рі. М. Шо­қай­мен­ Ауған­стан­ арқылы ха­бар­ла­сып­ тұрады. 1937 ж. Таш­кент­те қайтыс­ бол­ды.

Мәме­тов­ Ах­мет­ (Ах­мет­ғали Мамытұлы) (1895–1938), А­лаш­ қозғалысының­ қай­рат­кері, а­ғар­тушы, жур­на­лис­т, дәрі­гер­.

Мдива­ни Си­мон­ (Се­мен­) Гур­гено­вич, Ақ­пан­ революциясы­нан­ кейін Социа­лис­т-федера­лис­тер гру­зин­ революция­лық­ пар­тиясы­ның­, кейін гру­зин­ эмиг­рациясы же­тек­шілері­нің­ бірі.

Мех­тиев Миря­куб­, ә­зір­бай­жан­ ұлт­тық­ қоз­ғалысы­ның­ же­тек­шісі. “Кав­каз­ мәселелері” кітабы­ның­ авторы. “Проме­тей­” жур­налы­ның­ ре­дак­ция мүшесі. 1936 ж. сай­лан­ған “Проме­тей­” ұйымы бас­қармасы­ның­ вице-прези­ден­ті.

Милю­ков­ Па­вел­ Николае­вич­ (1859–1943), о­рыс­ саяси қай­рат­кері, тарихшы, пуб­ли­цис­т. 1917 ж. Уа­қыт­ша үкі­мет­тің бі­рін­ші құрамы­ның­ сырт­қы іс­тер­ ми­нист­рі (2 (15) ма­мыр­ға дейін). 1920 жылы Па­риж­ге қо­ныс­ аударады, онда “Пос­лед­ние но­вос­ти” газе­тін­ шыға­рып­ тұр­ды. Зерт­теуле­рін­де о­рыс­ тарихы­ның­ Ба­тыс­қа қара­ған­да “тым­ қара­пай­ымдылығы” мен­ “жұ­таң­ды­ғын­” атап­ көр­сетеді.

Мир­жали­лов­ Саид На­сыр­ (Сейіт На­сыр­, Сеидна­сыр­), түр­кі­стан­дық сауда­гер­. Түр­кі­стан өлкесі мұ­сыл­мандары­ның­ Орта­лық­ кеңесі­нің­ мүшесі, Түркі­стан Мұх­тарияты Уа­қыт­ша кеңесі қар­жы ко­мис­сиясы­ның­ мүшесі. М. Шо­қай­дың­ жа­қын­ досы. 1921 ж. ақ­пан­да М. Шо­қай­мен­ бір­ге Түр­кияға қоныс­ ау­дар­ды.

Мыр­зеке (Мыр­зақұ­л, Мыр­за­бек­) (1888–1937), Қа­лым­бет (Құл­мұха­мед­) сопы­ның­ бе­сін­ші баласы, Тор­ғай дат­қа­ның­ немересі. Ел ара­сын­да бе­дел­ді, батыр­ тұл­ғалы а­дам­ бол­ған. 1915–1919 жыл­дары (Са­дық­тан кейін) Перовс­к уезін­де бо­лыс­тық қыз­мет ат­қар­ған. 1928–1932 жыл­дары Шым­кен­т қала­сын­да жер­ бөлі­мін­де аға инс­пек­тор. 1932 жылы пар­тия­дан­ шығары­лып­, жұ­мы­стан босатылады. 1933–1936 жыл­дары Жаңа­қор­ған ауда­нын­да жұмыс істеді. 1937 жылы 1 қарашада РСФСР Қыл­мыс­тық Ко­дек­сі­нің­ 58-бабы­ның­ 10-шы және 11-ші тар­мағы­мен­ айыпта­лып­, ату жазасына ке­сіл­ді. 1956 жылы 30 жел­тоқ­сан­да ақ­тал­ды. Мыр­зеке ұста­лып­ кет­кен­нен­ кейін балалары Те­мір­ (6 жас­та), А­сыл­ (5 жас­та), Ал­мас­ (4 жас­та) қайт­ыс­ бол­ды. Мыр­зеке­нің­ бәй­бішесі Мар­жан­күл­ден­ ту­ған­ баласы Бо­лат­ Тор­ғай дат­қа әулеті­нің­ шежіресін­ о­қыр­ман­дар­ға жет­кізуде көп­ ең­бек­ сі­ңір­ді.

Муради (Му­рад­ оғлы) Абдува­хаб­, эм­иг­рант. “Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі” ұйымы Бер­лин­ бө­лім­шесі­нің­ төрағасы. Елге о­рал­ған­нан­ кейін саяси қу­ғын­-сүргінге ұшы­рай­ды.

Мұң­айт­пасұлы Әбді­рах­ман (1901–1963) Қызы­лор­дада, кейін Таш­кент­те оқы­ған­. 1921 жылы Гер­ма­нияға оқуға жіберіледі. 1924 жылы ол былғары ісі маман­дығы бойынша оқуын бітіріп­, Мәскеуге оралады. 1920 ж. Түр­кі­станда сыр­бой­лық­ жа­лай­ыр Са­дық­ Өтеге­нов­тің қызы Сараға үйленеді. 1931 ж. Бутырка түр­месіне қама­лып­, кейін Воро­неж­ге жер­ аударылады. Со­ғыс­ ке­зін­де әс­кер­ қатарына а­лын­ған.

Мұ­хит­ти Мах­муд­, “Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі­нің­” Шы­ғыс­ Түр­кі­стандағы, кейін Токиодағы өкілі. Мах­муд­ Сей­жан­ есімі­мен­ де бел­гілі. Шы­ғыс­ Түркістандағы а­зат­тық қоз­ғалысына қа­тыс­ты. 1939 жылы Делиде тұтқындалды. Көп­ ұза­май­ босап­, Токиоға қо­ныс­ ау­дар­ды.

Нар­бутабе­ков­ Таш­пу­лат­, өз­бек­ заң­гері, 1917 ж. 12 мау­сым­да бар­лық ұлттық­ қо­ғам­дық ұйым­дар­дың қыз­ме­тін­ үй­лес­ті­ріп­ отыру ү­шін­ құ­рыл­ған Түркі­стан өлкесі мұ­сыл­мандары­ның­ Орта­лық­ кеңесі­нің­ мүшесі. 1920 ж. қыркүйекте Бакуде Шы­ғыс­ ха­лық­тары­ның­ съезіне Түр­кі­стандағы жағ­дай жөнін­де баяндама жа­сай­ды. Жә­дит қоз­ғалысы­ның­ ради­кал­ды сол­ қанаты­ның­ мүшесі.

Нұр­таза (Мұр­таза), Шо­қай­дың­ е­кін­ші әйелі­нен­ ту­ған­ кен­же ұлы. Мұстафа­мен­ хат­ жазы­сып­ тұр­ды. 1937 жылы 1 қарашада Оң­түс­тік Қазақ­стан­ Ішкі іс­тер­ ха­лық­ ко­мис­сариаты бас­қармасы жа­нын­дағы “Үш­тік­тің” қаулысы бой­ынша ату жазасына ке­сіл­ді.

Нус­сен­баум Лев­ Абрамо­вич­ (1905 ж. т.), “Шы­ғыс­тағы мұ­най­ мен­ қан­” деген­ не­міс­ ті­лін­дегі кі­тап­тың авторы. “Мах­муд­ Саид бек­” де­ген­ бүр­кен­шік­ есім­мен жаз­ды. 1921 жыл­дан Бер­лин­де тұр­ды.

Одише­лид­зе Илья Зурабо­вич­ (1868–?) гене­рал­-лейт­е­нан­т. О­рыс­ География­лық­ қоғамы Түр­кі­стан бө­лім­шесі­нің­ мүшесі (1911 жыл­дан). 1914 жыл­дан І дү­ниежүзі­лік­ со­ғыс­ май­да­нын­да Кав­каз­ армиясы­ның­ қол­басшысы.

Оқ­тай­ Абдуа­қап­ (1904–1968), “Яш Түр­кі­стан” жур­налы­ның­ жауапты хатшысы. 1922 жылы Түр­кі­стан­нан­ Гер­ма­нияға оқуға жіберіледі. 1929 жылы Гей­дель­бер­г у­ни­вер­ситеті­нің­ медицина фа­куль­те­тін­ бітіреді. 1939 жылы жұбайы Саид Ше­рах­мет ха­ным­мен Бер­лин­нен Ис­тан­бұлға қо­ныс­ аударады.

Ос­пан­, Тор­ғай дат­қа­ның­ кенже ұлы. Ел ара­сын­да сопы, ба­тыр­ а­тан­ған. 1921 жылы қайт­ыс­ бол­ды.

Оразаев Әбді­рах­ман (Ғабд­рах­ман­бек­) (1861–1937), Түр­кі­с­тан Мұхтарияты Уа­қыт­ша ха­лық­ мәжілісі­нің­ депутаты, Түр­кі­стан Уа­қыт­ша үкіметі Ішкі іс­тер­ ми­нист­рі­нің­ о­рын­басары. М. Шо­қай­дың­ досы, а­ғай­ын-жол­дасы. Санк­т-Пе­тер­бург у­ни­вер­ситеті­нің­ заң­ фа­куль­те­тін­ бі­тір­ген. Па­риж­дегі ке­зін­де М. Шо­қай­мен­ ха­бар­ла­сып­ тұр­ды.

Өтеге­нов­ Са­дық­, мұға­лім­, 1917 ж. ақ­пан­нан қа­зан­ға дейінгі мер­зімде Сыр­дария об­лыс­тық кеңесі­нің­ мүшесі. М. Шо­қай­дың­ бала кезі­нен­ дос­-жолдасы.

Пас­ку­ций­ Н. А., 1922 жылы 6 жел­тоқ­сан­да Түр­кі­стан ОАК-ның­ тө­рал­қа мүшесі, Түр­кі­стан Рес­пуб­ликасы Ха­лық­ ко­мис­сарлары кеңесі төрағасы­ның­ орын­басары бо­лып­ сай­лан­ды. Соны­мен­ бір­ге ол Түр­кі­стан Рес­пуб­ликасы Экономика­лық­ кеңесі­нің­ төрағасы, кейін Түр­кі­стан рес­публикасы ішкі сауда ха­лық­ ко­мис­сары бо­лып­ та­ғай­ын­дал­ды.

Пел­лио Поль­ (1878–1945), ф­ран­цуз қы­тайт­анушысы және моңғолтанушысы, 1922 жыл­дан КСРО Ғы­лым­ Академиясы­ның­ ше­тел­дік коррес­пон­дент-мүшесі.

Пест­ковс­кий­ С. С. (1882–1937), 1918–1920 жыл­дары РСФСР Ұлт­ істері жөніндегі­ ха­лық­ ко­мис­сары­ның­ о­рын­басары, Кир­рев­ком төрағасы, кейін дипломатия­лық­ жұ­мыс­та.

Пил­судс­кий­ Йо­зеф­ (Ю­зеф­) (1867–1935), мар­шал, 1926–1928, 1930-жылдары Поль­ша­ның­ п­ремь­ер-ми­нист­рі. 1920 жылы Ке­ңес­тік Ре­сей­дің­ басқыншылығына тойт­а­рыс­ береді. Ше­тел­дегі түр­кі­стан­дық­тар­дың ұлт­тық­ қозғалысына қар­жы­лай­ кө­мек­ көр­сетеді.

Пош­таев Мұ­қан­, М. Шо­қай­мен­ бір­ге Санк­т-Пе­тер­бург у­ни­вер­сите­тін­де оқыды, Пав­ло­дар­дан “А­лаш­тың” І съезіне қа­тыс­ты.

Пұ­сыр­ман­құ­л, Тор­ғай дат­қа­ның­ е­кін­ші баласы Қа­лым­бет сопы­дан­ ту­ған­. Ескіше оқы­ған­, сауатты кісі. 1921 жылы қайт­ыс­ бол­ды. Пұ­сыр­ман­нан­ Кү­нім- жан мен­ С­мат­ туады.

Ра­миш­вили Ис­кан­дор Ивано­вич­ (1859–1937), гру­зин­ мень­ше­вик­тері жетек­шілері­нің­ бірі, 1921 жыл­дан э­миг­рацияда.

Ра­миш­вили Ной­ Вис­сарионо­вич­, (1881–1931), Грузия ұлт­тық үкіметі­нің­ ішкі іс­тер­ ми­нист­рі, 1921 жылы боль­ше­вик­тер Грузияны ба­сып­ ал­ған­нан кейін э­миг­рацияға кет­ті.

Ра­сул­заде (Ра­сул­-Заде) (Ма­мед-Э­мин­) (1884–1955, Анкара), пуб­ли­цис­т, “Муса­ват­” (“Тең­дік­”) пар­тиясы­ның­ төрағасы, тәуел­сіз­ Ә­зір­бай­жан­ Демократиялық­ Рес­публика­сын­ жариялаушы­лар­дың бірі (1918, 28 ма­мыр­) және о­ның­ бі­рін­ші бас­шысы. 1921 жылы Ре­сей­ден­ (Фин­лян­дия арқылы) қа­шып­ шығып­, 1922 жыл­дың ба­сын­да Түр­кияға жетеді. Кейін Еуропаға қо­ныс­ аударды.

Ра­хим­баев Аб­дул­ло (1896–1938), ке­ңес­ мем­лекет және пар­тия қайраткері. 1920 жыл­дан Түр­кі­стан АКСР ОАК-нің­ төрағасы және Түр­кі­стан Ком­пар­тиясы Орта­лық­ Комитеті­нің­ жауапты хат­шысы, кейін (1922–1924) бірінші хат­шысы. 1933–1937 жыл­дары Тә­жік­ КСР Ха­лық­ ко­мис­сарлары кеңесінің­ төрағасы.

Рено­дель­ (Renaudel) Пьер (1871–1935) – ф­ран­цуз социа­лис­тік пар­тиясы же­тек­шілері­нің­ бірі, “Юма­ните” газеті­нің­ ди­рек­торы (1915–1918).

Ро­зен­берг Альф­ред­ (1893–1946), фа­шиз­м идео­лог­тары­ның­ бірі. 1933 жыл­дан Гер­ма­ния фа­шис­тік национал­-социа­лис­тік пар­тиясы сырт­қы саяси бөлімі­нің­ басшысы.

Са­виц­кий И. В., гене­рал­-лейт­е­нан­т, Түр­кі­стандағы ақг­вар­дияшы­лар­ әскер­лері­нің­ қол­бас­шысы.

Са­виц­кий Пет­р Николае­вич­ (1895–­1968), о­рыс­ философы, эконо­мис­т, геог­раф­, еуроазияшылдықтың идеологы. Аза­мат­ соғысы ке­зін­де Бол­гарияға, кейін Че­хос­ловакияға қо­ныс­ ау­дар­ды.

Саи­дов­ Саид Жа­фер­бай, Түр­кі­стан өлкесі мұ­сыл­мандары Орта­лық­ Кеңесі­нің­ мүшесі (1917 ж.), Түр­кі­стан Уа­қыт­ша Ха­лық­ кеңесі­нің­ мүшесі. Түркияға қо­ныс­ ау­дар­ды.

Са­мой­ло­вич­ А­лек­санд­р Николае­вич­ (1880–1938), тү­рік­танушы.

Сами бей­ Хад­жи, тү­рік­ армиясы­ның­ офицері. 1920-жыл­дар­дың­ бас­ кезінде бас­машы­лар­ қоз­ғалысы бас­шылары­ның­ бірі. 1923 жылы еліне о­рал­ды.

Сам­со­нов­ А­лек­санд­р Ва­силь­е­вич­ (1854–1914), Түр­кі­стан­ гене­рал­-губернаторы.

Сафа­ров­ (Вало­дин­) Геор­гий­ Ивано­вич­ (1891–1941), 1908 жыл­дан больше­вик­, 1912–1917 жыл­дары э­миг­рацияда, 1921–1922 жыл­дары РК(б)П ОК Түр­кі­стан Бюросы­ның­ мүшесі, Ко­м­ин­терн­нің­ Шы­ғыс­ бөлімі­нің­ мең­герушісі. “Коло­ниальная революция (О­пыт­ Тур­ке­стана)” (М., 1921) және бас­қа да ең­бек­те­рін­де Ке­ңес­ өкіметі­нің­ саяса­тын­ сын­ға а­лып­, “ұлт­тық­ ком­му­низ­м” тұжырымдамасын­ ұ­сын­ды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет