Р. М. Таштемханова Мұстафа Шоқайдың тарихи бейнесі



бет1/28
Дата12.07.2016
өлшемі2.81 Mb.
#194577
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
К. Л. Есмағамбетов

Р. М. Таштемханова



Мұстафа Шоқайдың тарихи бейнесі

Тарих мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы


Павлодар


Кереку

2010
ӘОЖ 94 (574)-05 (075.8)

КБК 63.3 (5 Каз) 6-8я73

Е 83
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік



кеңесімен басуға ұсынылды

Пікірсарапшылар:

Х. М. Әбжанов – тарих ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары;

З. Е. Кабульдинов - тарих ғылымдарының докторы, профессор, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің гуманитарлық факультетінің деканы;

Қ. М. Алдабергенов – тарих ғылымдарының докторы, профессор, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің, журналистика кафедрасының меңгерушісі.


Есмағамбетов К. Л., Таштемханова Р. М.
Е 83 Мұстафа Шоқайдың тарихи бейнесі : тарих мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы / К. Л. Есмағамбетов, Р. М. Таштемханова. – Павлодар : Кереку, 2010. – 389 б.

Қазақстан тарихының Жаңа және қазіргі заман мәселелерін зерттейтін тарих мамандығының оқытушыларына, магистранттарына және студенттеріне арналған оқу құралы. Мұнда қазақ халқының ұлттық тәуелсіздігі үшін қажымас күрескері болған Мұстафа Шоқайдың қайраткерлігінің негізгі кезеңдері ашып көрсетілген.

ӘОЖ 94 (574)-05 (075.8)

КБК 63.3 (5 Каз) 6-8я73


© Есмағамбетов К. Л., Таштемханова Р.М., 2010

© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2010
Материалдық дурыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты

Кіріспе
Жеке тұлғаның адамзат тарихында алатын орны зор екені, әлеуметтік дамудың жеке адамсыз – тұлғасыз дамуы мүмкін еместігі белгілі. Жеке тұлғаның ролі, әсіресе ел тарихының бетбұрыс кезендерінде арта түседі. Отанымыздың тарихындағы осындай күрделі кезең өткен ғасырдың басында болған еді. Кеңес өкіметінің орнауымен қазақ халқы керемет қиын жағдайларды бастан кешуге мәжбүр болды, осылардың салдарынан халқымыздың этнос ретінде өзін-өзі сақтап, аман қалуы мәселесі өткір тұрды. Бұл туралы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында» кітабында былай деп жазған болатын: «Ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке басының тағдыры да қасіретті болды. Алайда, ұлттық жігер мен толысқан зерде сабағы ұмыт болған жоқ». Біздің мемлекетіміздің қазіргі дамуы барысында уақыттар сабақтастығы айқындалып, тарих сабақтарының мән-маңызы арта түседі.

ХХ ғасырдың басында мемлекетіміздің саяси тарихында айқын із қалдырған, өз ұлтының мүддесін жан аямай қорғап, адал қызмет еткен нар тұлғалар қазақ халқының жадында жатталып қалады.

Өткен ғасырдың нар тұлғаларының қатарында лайықты орнын алған Мұстафа Шоқай десек, бұл күрескердің халық бақыты жолындағы жанқиярлық қызметі туралы «Мұстафа Шоқайдың тарихи бейнесі» деген жаңа оқу құралы ұсынылып отыр. Оқу құралы кіріспеден, жеті тараудан, тест сұрақтарынан, реферат тақырыптарынан, сонымен қатар, әрбір тарауы алғысөзімен және ұсынылған деректі меңгеруге бағытталған міндеттер кешенінен тұрады.

Кіріспеде шоқайтанудың даму тарихының негізгі кезеңдері, деректемелік негіздері сипатталады. Бұл мәліметтерге сүйеніп мынадай қорытындылар мен салдарларды назарымызға алу қажет:

- Өткен ғасырдың 20-30-жылдарында қазақ мемлекеттілігінің даму мақсатын тұжырымдап берген, халыққа қызмет етудің жарқын үлгісін көрсеткен тұлғалардың бірі Мұстафа Шоқай (1890-1941 жж.) болатын. Қазақ халқының аса күрделі «соқтықпалы да соқпақты» тарихының басты мазмұнын азаттық үшін, өзін этнос ретінде және өмір сүру кеңістігін сақтап қалу үшін күрес құраса, осы күрестің алдыңғы сапында тұрған да М. Шоқай. Сол себепті оның өмірі мен жанқиярлық қызметін, шығармашылық мұрасын зерттеп, зерделеу – біздің парызымыз. Сонда ғана «бүгінгі бостандықтың, бүгінгі тәуелсіздіктің өзінен-өзі келіп, басымызға қона қалмағанын, азаттық үшін миллиондаған адамдардың қаны шашылып, жаны қиналғанын, жазықсыз зардап шеккенін» ұғынамыз.

- Шоқайтанудың негізі Түркияда қаланды. М. Шоқайдың мұраттас жолдастары, саяси күреске бірге қатысқан серіктері өз естеліктері мен еңбектерінде қазақ қайраткерлерінің дүниетанымы мен қайраткерлік болмысын қалпына келтіру жолында ауқымды жұмыстар атқарды. Бұл елде соңғы уақытта шоқайтануға қосылған қомақты үлес ретінде А. Қараның еңбегі ерекше аталады.

- Соңғы кезде Мұстафаға Батыс елдерінде де назар аударыла бастады. Алайда кеңес идеологтары мен олардың Шығыс Еуропа елдеріндегі пікірлестері КСРО-ның ыдырауына дейін шындыққа үш қайнаса сорпасы қосылмайтын түрлі лақаптар таратып, М. Шоқайды фашистік Германияның «тыңшысы» ретінде көрсетуге әрекеттеніп келді. Тек Қазақстанның тәуелсіздік алуымен ғана М. Шоқай туралы объективтік еңбектер жарық көре бастайды. Оның қызметінің алғашқы кезең туралы материалдар Өзбекстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағатында ұшырасады. Қазақстанда М. Шоқайдың елмен байланысы жөніндегі материалдар қазақ зиялыларының БК(б)П Орталық Комитетіне, партиялық бақылау органдарына жазған хаттары, ОГПУ өкілдеріне берген жауаптары, есепті баяндамалар т.с.с.құжаттар сақталған Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының қорларында ұшырасады.

- Санкт-Петербург университетінде оқып жүрген кезінде Мұстафаның түрлі саяси ағымдармен таныс болуы, түрік жастарының шерулеріне қатысуы, Мемлекеттік думаның Мұсылман фракциясы жанындағы Бюро жұмысына араласуы, эмиграциядағы қызметі туралы материалдар Ресей мемлекеттік тарихи мұрағатында, Ресей Федерациясының сыртқы саясаты мұрағаты, Ресей әлеуметтік-саяси тарихының мемлекеттік мұрағаты, Ресей армиясының әскери мұрағаты, Ресей жаңа заман тарихының мемлекеттік мұрағаты шоғырланған.

- Жалпы кіріспеде Мұстафа туралы мәліметтер салыстырылады, тарихнамасы беріледі. М. Шоқайдың «Таңдамалы» екі томдық шығармалар жинағына енген мақалаларының кейбіреуінің аудармалары да көңілден шықпайтыны көрсетіледі.

- М. Шоқайдың өмірі мен қызметін зерттеудің негізгі дереккөзі оның Франциядағы жеке мұрағаттық қоры болып табылады. Онсыз Мұстафаның қайраткерлігі мен ғұламалығына, тәлімгерлігі мен шешендігіне, дүниетанымы мен мақсат-мұраттарына, адамгершілік биік қасиеттеріне көз жеткізу қиянға соғады. Ол туралы еңбектердің көбінің жалаң баяндауларға, патетикаға негізделіп келе жатқандығы осы себептен.

- Француз институтының кітапханасында сақталған қазақ қайраткерінің жеке мұрағаттық қоры Орталық Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуде баға жетпес дереккөз болып табылады.

- М. Шоқайдың саяси ұстанымы мен дүниетанымын анықтауда Парижге келіп орналасқаннан кейін француз үкіметінің назарын аударуды көздеген «Түркістан ұлттық қозғалысының мақсаттары мен бағыттары» деген 36 беттік памфлетінің маңызы зор.

- Зерттеуші дереккөздерді барынша қамти отырып, оларды сын елегінен өткізу, жүйелеу, пайымдау арқылы жақындай түсуді ғана көздейді.

1 М. Шоқай дүниетанымының қалыптасуы
Алғысөз
Қазақстанның отарлық бұғаудан құтылып, тәуелсіз елдер қатарына қосылуы сан ұрпақтың құрбандықтарға толы күресінің жемісі екендігі әлем жұртшылығына аян. Осы жолда бүкіл өмірін сарп еткен қазақ жерінің ұлы перзенттері аз емес. Олардың ішінде Кеңес Одағындағы ұлттық проблеманы әлем сахнасына шығарып, отарлық озбырлық пен өктемдікке қарсы азаттық қозғалысының идеологиясын қалыптастыруға, стратегиясы мен тактикасын анықтауға өлшеусіз үлес қосқан М. Шоқайдың есімі ерекше аталуы тиіс.

Тарауда Мұстафа Шоқайдың дүниеге келуінен бастап елдің қоғамдықсаяси өміріне араласа бастаған кезі қамтылады. Осы тарауда берілген мағлұматтар негізінде осындай негізгі қорытындылар мен салдарды ерекше атап өтуіміз қажет:

- Мұстафа қазіргі Қызылорда облысы Шиелі ауданының аумағындағы Сұлутөбе теміржол стансасынан он бес шақырым жердегі Наршоқы мекенінде 1890 жылдың 7 қаңтарында (ескіше 1889 ж.25 желтоқсанда ) дүниеге келген. Қыпшақ тайпасының Бошай бөлімінен тарайтын Жанайға жатады. Қолда бар мағлұматтар Мұстафаның ел билеген ділмар, қан майданында жерін сыртқы жаулардан қорғаған батырлар әулетінен екендігін растайды. Торғайдың бірінші әйелінен Шоқай (Шоқмұхаммед), Қалымбет (Қалмұхаммед), Әліш (Әлмұхаммед), Оспан, ал Шоқайдан Сыздық, Мұстафа, Нұртаза деген үш ұл, Әтіркүл, Фатима (олар кейбір зерттеулерде Сара, Ниса деп те аталады) екі қызы тарайды;

- Алты жасар Мұстафа алғашқылардың бірі болып 1891 жылы ағасы Әліш салған медресе табалдырығын аттайды. Зеректігі арқасында Мұстафа мектеп шәкірттерінің ішінде бірінші болып әптиектен Құранға шығады;

- 1902 жылдың тамыз айында Мұстафа Ташкент ерлер гимназиясына оқуға түседі. 1910 ж.ол гимназияны латын, француз, неміс тілдері мен математикалық география бойынша «жақсы», ал қалған пәндердің барлығын «үздік» деген бағамен бітіреді;

- Петербург университетінің мұрағаттық қорында Мұстафаның 1910 жылдың 6 шілдесінде студент қатарына қабылданғаны және үлгерімі жөніндегі мағлұматтар бар. Осындағы сынақ кітапшасына қарағанда Мұстафа 1910-1914 жж.университеттің заң факультетінде оқып, жылына екі рет сынақтан өткен, пәндерді «өте қанағаттанарлық» және «қанағаттанарлық» деген бағаларға тапсырған;

- М. Шоқайдың зерттеу жұмыстарына қабілеттілігі В.В.Бартольдтің, В. В. Радлов, Бодуэн де Курте, А.Н.Самойловичтің құлағына шалынады. Өз халқының ауыз әдебиетіне, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне қызығушылығы М. Шоқайды Ташкент гимназиясында оқып жүрген шағында «Түркістан археология әуесқойларының» жиындарына әкеледі;

- М. Шоқайдың ұлтжанды қайраткер ретінде қалыптасуында патша өкіметінің орыстан өзге халықтар жөнінде жүргізіп отырған отарлық саясаты үлкен рөл атқарады. Мұндай жағдайда Ресейдің ірі қалаларында оқып жатқан түрік-мұсылман жастарының саяси өмірге тартылуы заңдылық еді. Әуел баста «қайырымдылық қорлары», «жерлестіктер» ретінде ұйымдастырылған түрлі қоғамдар өздерінің жарғы талаптарының шеңберлерінен шығып, ұлттық талап тілектер қоя бастайды. Петербургте Мұстафа алғашқы күндерден-ақ түрікмұсылман жастарының ортасына түседі. Мұнда ХІХ ғасырдың аяғында әзірбайжан қайраткері Ә.Топчибаши қазақ қайраткері С.Жантөриннің көмегімен «Мұсылман қайырымдылық қоры» құрылады. Кейін, ХХ ғасырдың басында, түрік-мұсылман қозғалысы жетекшілерінің қолдауымен «Мұсылман студенттерінің орталық комитеті» ұйымдастырылады;

- Саяси жұмыстағы алғашқы қадамдарында Мұстафа әлеуметтік мәселелерге бүйрегі бұруынан біраз уақыт жұмысшылар қозғалысының ықпалына түскенге ұқсайды. Мұстафа кейін Перовск депосының теміржолшыларымен кездесіп, оларды өз жағына тартуға тырысады. Алайда оның социал-демократтар мен эсерлердің ықпалындағы жұмысшылар қозғалысымен қарым-қатынасы мардымды өрбіді деуге негіз жоқ. Олардың әлеуметтік мәселені жалпыұлттық мүддеден жоғары қоюы Мұстафа көзқарасына қайшы келеді. Бірте-бірте М. Шоқай ұлттық мәселені қоғам дамуында басым фактор деп тани бастайды. Жалпы алғанда осы кезеңнен бастап М. Шоқайдың қоғамдық өмірге, өз халқының тағдыр-талайына көзқарасының қалыптасуы тұтастық сипат алып, патша өкіметінің жергілікті тұрғындарды өз атамекендерінен ығыстырып, олардың орындарына славян қоныстанушыларын әкеліп орналастыру, ислам дінін қуғындау және білім саласындағы саясатына қарсы бағытта дамиды;

- Ислам дінімен мемлекеттік деңгейде жүйелі түрде күрес жүргізу мақсатында Ішкі істер министрлігі жанынан православие діні, Ішкі істер мен Халық ағарту министрліктері өкілдерінен тұратын «Ерекше кеңес» деп аталатын ұйым құрылады. Ол түрік халықтарының мәдени-діни бірлігі Орыс мемлекетіне қауіпті болып есептеледі деген қорытындыға келеді. Патша үкіметінің арандатушылық саясатына қарсы Петербургте оқып жатқан түрік жастары да, олардың ішінде М. Шоқай да баспасөз беттерінде өз пікірлерін білдірді;

- М. Шоқай үш алыпты өмір бақи ұлықтап өтті. А.Байтұрсыновтың «Қырық мысалы», Ә.Бөкейхановтың «Қырғыздары», М.Дулатовтың «Оян, қазақ» өлеңдер жинағы оның рухани азығы болды десек те артық айтқандық болмас. 1912 жылдан М. Шоқай Мемлекеттік думаның Мұсылман фракциясы мүшелерімен қоян-қолтық араласып, солардың ақыл-кеңесімен әрекет етеді. М. Шоқай «Бюро» жұмысына 1916 жылдың 1 қарашасынан бастап кіріседі;

- М. Шоқайдың ұлттық қайраткер ретінде саяси сахнаға шығуына 1916 жылғы Түркістан мен Қазақ жеріндегі ұлт-азаттық қозғалысы қуатты серпін берді.

Мұстафа Шоқай – отаршылдықтың ойраны мен қайғы-қасіретін бастарынан өткерген қазақ, өзбек, қырғыз, т.б. халықтардың тағдыры өз тағдырымен біте қайнасқан, ұлт мүддесі өз өмірі мен күресінің мақсат-мұратына айналған, жиырма жыл бойы Еуропа төрінде Алаш идеяларын жалғастырып, тәуелсіздік туын көтерген сондай тұлғаларының бірі де, бірегейі де сол.
Қазақ­стан­ның о­тар­лық бұғау­дан­ құты­лып­, тәуел­сіз­ ел­дер­ қатарына қосылуы сан­ ұр­пақ­тың құр­бан­дық­тарға толы күресі­нің­ жемісі е­кен­дігі ә­лем­ жұрт­шылығына аян. Осы жол­да бү­кіл­ өмі­рін­ сар­п ет­кен­ қа­зақ­ жері­нің­ ұлы перзент­тері аз е­мес­. О­лар­дың і­шін­де Ке­ңес­ Ода­ғын­дағы ұлт­тық­ п­роб­леманы әлем­ сах­насына шыға­рып­, о­тар­лық оз­быр­лық пен­ өк­тем­дікке қар­сы а­зат­тық қоз­ғалысы­ның­ идеология­сын­ қа­лып­тастыруға, ст­ратегиясы мен­ так­тика­сын­ анық­тауға өлшеу­сіз­ ү­лес­ қос­қан М. Шо­қай­дың­ есімі е­рек­ше аталуы тиіс. Жа­пон­ ғалымы Уяма Томохико М. Шо­қай­ шы­ғар­малары­мен­ та­ныс­қан­нан­ кейін бы­лай­ де­ген-ді: “ХХ ға­сыр­дың бас­ ше­нін­де Ре­сей­дің­ өз і­шін­де және о­ның­ төңіре­гін­де Абдура­шид­ Ибра­гим­, Мир­саид Сұл­тан­ғалиев, Заки Вали­дов­ (То­ған­), Әли­хан­ Бө­кей­ха­нов­, Мір­жа­қып­ Дула­тов­, Тұ­рар­ Рыс­құ­лов­, Мах­муд­ Бех­буди, Абдурауф Фит­рат­, Фай­зул­ла Қожаев, Мех­мед­ Э­мин­ және тағы бас­қа көп­те­ген­ мұ­сыл­ман ұлы ре­фор­ма­тор­лары мен­ революцио­нер­лері шоғыры пай­да бол­ды.

Тіп­ті осы жұл­дыз­дар­дың і­шін­де Мұс­тафа Шоқаев (1890–1941), немесе Шо­қай­ біре­гей­ о­рын­ алады” [1].

Мұс­тафа­ның­ ха­лық­тар­дың­ өзара өрке­ниетті қаты­нас­тар орнатуы, ұлт-азат­тығы қоз­ғалысы­ның­ жақ­тастары мен­ жаулары, тәуел­сіз­дік ү­шін­ кү­рес­те этностық­ тұ­тас­тық­тың­ маңызы жө­нін­дегі теория­лық­ пай­ымдаулары, шығармашы­лық­ мұрасы а­дам­зат­тың­ руха­ни бай­лығы­ның­ бір­ арна­сын­ құ­рай­ды.

Мұс­тафа қа­зір­гі Қызы­лор­да облысы Шиелі ауданы­ның­ аумағындағы Сұлутөбе те­мір­жол ­стан­сасы­нан­ он бес­ шақы­рым­ жер­дегі Нар­шоқы меке­нін­де 1890 жыл­дың 7 қаң­та­рын­да (ескіше 1889 ж. 25 жел­тоқ­сан­да) дү­ниеге кел­ген [2]. Қып­шақ­ тай­пасы­ның­ Бо­шай­ бөлімі­нен­ та­райт­ын­ Жа­най­ға жатады [3]. Қол­да бар­ ма­ғлұ­мат­тар­ Мұс­тафа­ның­ ел биле­ген­ діл­мар, қан­ май­дан­да же­рін­ сырт­қы жау­лар­дан қор­ға­ған­ ба­тыр­лар әулеті­нен­ е­кен­ді­гін­ рас­тайды.

Ел ау­зын­­дағы әңгіме­лер­ Әмудария бой­ындағы Жұ­мық­ би­дің­ қызына үйленген Тор­ғай (Мұс­тафа­ның­ атасы) о­зық­ ойлы, пара­сат-пай­ымы мол­, Сыр­ өңіріне бе­дел­ді кісі бол­ғанды­ғын­ жет­кізеді [4]. Ал, Жұ­мық­ би Хиуа ханы­ның­ жа­қын­ туысы бол­ған.

Тор­ғай Қуат­бай­ұлы­ның­ тұ­сын­да Сыр­ өңірі­нің­ көп­ бөлі­гін­ Қо­қан­ хан­дығы биле­ген­. Ол (1792–1872) және Тұр­ған­бай Сір­ге­бай­ұлы (1794–1850), Тұр­сын­бай Бүр­кіт­байұлы (1788–1873) Шым­кен­т, Түр­кі­стан, Жаңа­қор­ған, Жө­лек­ аймағындағы қып­шақ­тар­ды би­лейт­ін­ дат­қа­лар­ ре­тін­де бел­гіленеді. Тор­ғай Қуат­бай­ұлы­ның­ қыз­меті туралы мұра­ғат­ қор­ла­рын­да ша­ғын­ де­рек­тер ұшырасады. 1853 жылы ол Қалы­бай­ Тоқ­саба, Тұр­сын­бай дат­қа, Баба­бек­пен бірге о­рыс­тар­дың­ о­лар­дың бекіні­сін­ қира­тып­ кет­кенді­гін­ ха­бар­лап, Е­лек­ хан­нан кө­мек­ сұ­рай­ды [5]. Кейін Тор­ғай Хиуа ханы­ның­ дат­қасы (1830–1860) болады. Жа­сақ­ бас­тығы ре­тін­де о­рыс­ әс­кер­леріне қар­сы соғысады [6].

Тор­ғай ел­дің­ ара­сын­да бір­лік пен­ ты­ныш­тықты сақ­тауда, оты­рық­шы­лық­ ө­мір­ сал­тын уа­ғыз­дауда көп­ ең­бек­ сіңіреді. Сыр­ бой­ында атағы шық­қан ол Тұрсын­бай, Дос­бол­ сияқты өзі се­кіл­ді елбасылары­мен­ сый­лас­тық қаты­нас­та болып­, ел і­шін­дегі дау-жан­жал­дар­ды а­қыл­да­сып­ ше­шіп­ отырады. Ел ау­зын­да осы­дан­ Тор­ғай­дың­ “ме­нің­ екі қана­тым­ бар­: бірі – Игі­лік­ әулие, е­кін­шісі – Жаназар­ ба­тыр­” де­ген­ сөзі сақ­тал­ған­.

Мұн­дағы Игі­лік­ әулие – Тор­ғай­дың­ немере ағасы, а­қыл­шысы да, а­лып­ күш иесі Жана­зар­ ба­тыр­ қор­ғанышы бол­ған. Жана­зар­ Дос­қанұлы қып­шақ әскер­лері­нің­ жүз­басы сана­тын­да Жө­лек­, Жаңа­қор­ған, Со­зақ­ бекі­ніс­тері ү­шін­ Қо­қан­ бас­қыншыларына да қар­сы күреседі [7].

Тор­ғай­дың­ елді қор­ға­ған­ ба­тыр­ інілері­нің­ бірі – Әжі­бай­ Қар­пықұлы (1791–1866), ол Арқа е­лін­де Сары­тор­ғай, Қара­тор­ғай, Жы­лан­шық ө­зен­дері бойындағы және Сыр­ бой­ын жай­ла­ған­ қып­шақ­тар­дың бел­гілі биі болады.

Сыр­дария облысы­ның­ гене­рал­-гу­бер­наторы Н. И. Гроде­ков­, ға­лым­ А. Самой­ло­вич­ Тор­ғайды эт­ног­рафия­лық­ білімі те­рең­, өз хал­қы­ның­ ә­дет­-ғұрпын жақ­сы біле­тін­ а­дам­ ре­тін­де су­рет­тейді [8].

Тор­ғай­дың­ бі­рін­ші әйелі­нен­ Шо­қай­ (Шоқ­мұха­мед­), Қа­лым­бет (Қалмұхамед­), Ә­ліш­ (Әлмұха­мед­), Ос­пан­, ал Шо­қай­дан­ Сыз­дық­, Мұс­тафа, Нұртаза де­ген­ үш ұл, Ә­тір­күл, Фатима (о­лар­ кей­бір­ зерт­теу­лер­де Сара, Ниса деп­ те аталады) екі қызы та­рай­ды [9].

Шо­қай­ ши­рек­ ға­сыр­дай би-бо­лыс­ ата­нып­, ел-жұр­тына бе­дел­ді, қа­зақ­, өзбек­ ха­лық­тарына, лауа­зым­ды о­рыс­ шенеу­нік­теріне таны­мал­ болады.

Ол а­ғай­ын-туыстары­мен­ 1890 жыл­дың көк­теміне дейін О­рын­бор – Ташкен­т те­мір­жолы бой­ындағы Сұлутөбе бекеті­нен­ бес­ шақы­­рым­ жер­дегі Әулието­раң­ғыл де­ген­ ме­кен­де тұрады.

Мұс­тафа­ның­ әкесі, ұр­пақ­тары­ның­ айт­уына қара­ған­да, 1916 жылы сек­сен жа­сын­да дү­ние сал­ған [10]. Де­мек­ ол кісі 1836 жылы дү­ниеге кел­ген.

Мұс­тафа­ның­ туысы Ә. А­ман­құ­лов­ та өз есте­лік­те­рін­де “Шо­қай­ 1916 жылы дү­ние­ден­ ө­тіп­, 1917 жыл­дың та­мыз­ айында “Шұбыра то­ған­” де­ген­ жер­де асы бе­ріл­ді” деп­ жазады. Осы пі­кір­ді 2007 жыл­дың ма­мыр­ айы­ның­ орта ке­зін­де өзі­міз­ Шиелі ауданы­ның­ 1 ма­мыр­ ауылына із­деп­ ба­рып­ әңгіме­лес­кен Ә­ліш­тің немересі, Бә­кір­дің ұлы Ға­ни да, Қызы­лор­да қала­сын­дағы “Мұс­тафа Шо­қай­ қоры­ның­” прези­ден­ті Ба­зар­бай Атабаев, Мұс­тафа­ның­ жиеншары Қа­лым­бе­тов­ Ой­дан­, Тас­бө­гет­ кен­ті­нің­ тұр­ғыны көне­көз­ қария Тәжі­мов­ Жұма­бек­ дұрыстыққа саяды.

Жаңа­дан­ жау­лап­ а­лын­ған ө­ңір­лерде би­лік­ жүйе­сін­ ор­нық­тыру мақсатында жүр­гі­зіл­ген о­рыс­ сая­хат­шылары­ның­ және қыз­мет бабы­мен­ Сыр­ бой­ындағы қа­зақ­ ауылда­рын­ арала­ған­ о­рыс­ чи­нов­никтері­нің­ ең­бек­те­рін­де Шоқай­ есімі а­тал­май қал­майды. Әкесі Тор­ғай се­кіл­ді, о­ның­ да шари­ғат­ за­ңын­, ха­лық­тың ә­дет­ – ғұр­пын, жол­ – жосы­ғын­ жақ­сы біле­тін­дігі айт­ылады.

Шо­қай­дың­ ха­лық­ ара­сын­дағы беделі­мен­ о­рыс­ өкіметі де е­сеп­тес­кен­. Оның­ пара­сат­-пай­ымы­ның­ жоғарылығы Сыр­ өңіріне­ ғана емес, қыр­ғыз, өз­бек­ елдеріне де белгілі бол­ған­. Шет­ жер­де ту­ған­ іні­сін­дей бо­лып­, “Яш Түр­кі­стан” жу­рна­лын бір­ге шыға­рыс­қан Абдуа­қап­ Оқ­тай­ 1941 жыл­дың 11 қаза­нын­да Истан­бұл­дан­ Бер­лин­дегі Мұс­тафа Шо­қай­ға жол­да­ған­ ха­тын­да: “Сек­сен­ жастағы Шо­қай­бек­ қажы баба да ел мен­ ұлт ісі жо­лын­да жан-тәні­мен­ қыз­мет ет­кен­ деп­ есіте­міз­”, – дей­ді [11].

А. Оқ­тай­дың­ сөзіне қара­ған­да, Шо­қай­ қажы­лық­қа ба­рып­ қ­айт­қан, өмірінің­ соң­ғы күн­деріне дейін ел қа­мын­ ойла­ған­, пара­сат­-па­й­ымы жоғары адам­ ре­тін­де ел е­сін­де қалады.

Тор­ғай дат­қа­ның­ әулеті за­ман­ ағы­мын­ сезіне біл­ген. ХІХ­ ға­сыр­дың 80-жыл­да­рын­да о­ның­ ү­шін­ші баласы Ә­ліш­ пат­ша үкіметі­нен­ рұқ­сат а­лып­, Әулието­раң­ғыл­дан­ (қа­зір­гі 1 ма­мыр­ ауылы) төр­т сы­нып­тық мед­ресе салдырады. А­лай­да 1890 жылы Сыр­дария қат­ты та­сып­, Әулието­раң­ғылдағы мек­теп үйі су­дың­ ас­тын­да қалады. Шо­қай­дың­ да, о­ның­ бас­қа туыстары­ның­ да ауылы Әулието­раң­ғыл­дан­ он бес­ шақы­рым­ жер­дегі Көк­су өзені­нің­ саға­сын­дағы Нар­шоқы де­ген­ ме­кен­ге қо­ныс­ аударады.

Бұ­рын­ғы кез­дері Нар­шоқы­ның­ құм­дауыт биігіне көте­ріл­генде Әулиетораң­ғыл көз­ ұ­шын­да тұра­тын­. Қа­зір­гі кез­де нар­ өркешіне ұқ­сас­ шоқы бір­шама шө­гіп­ кет­кен дей­ді Мұс­тафа­ның­ ауыл­дас­тары. Нар­шоқыда Ә­ліш­ мектеп ашу і­сін­ қайт­а­дан­ қол­ға а­лып­, мек­теп үйін сал­дыртуға Таш­кент­тен­ арнай­ы құры­лыс­ мама­нын­ ша­қыр­тады. Нар­шоқы құ­мын­да орна­лас­қан Шо­қай­ қыс­тауы­ның­ жа­нын­да бой­ кө­тер­ген жаңа мек­теп үйі 1896 жылы шәкірт­тер­ қабыл­дайды. Алты жа­сар­ Мұс­тафа ағасы Сыз­дық­, немере ағасы Бә­кір­мен бір­ге ал­ғаш­қы­лар­дың бірі бо­лып­ осы мед­ресе та­бал­дыры­ғын­ ат­тай­ды. Мұн­да Ах­мет­ и­шан­ның баласы Мұс­тафа да оқиды. И­шан­ның бұ­л баласы кейін “Ғалия” медресесінде, Бұқарадағы “Мир­ А­раб­та” оқуын жал­ғасты­рып­, Таш­кент­тегі “Көкіл­ташқа” түседі. Екі бөл­мелі мед­ресе­нің­ құла­ған­ орны әлі күн­ге дейін сақтал­ған­. Шо­қай­ да, Ә­ліш­ және Мұс­тафа­ның­ бас­қа туыстары да осы маң­нан 300–400 метр­дей­ жер­дегі қо­рым­да жер­ле­ніп­ті.

Мед­реседе Е­рім­төре дү­нияуи пән­дер­ден­, Ах­мет­ и­шан­ (1861–1926) ді­ни пән­дер­ден­ дә­ріс­ береді. Е­рім­төре о­рыс­ша оқы­ған­, бі­лім­ді ұс­таз­ бол­ғанға ұқсайды.

Зе­рек­тігі арқа­сын­да Мұс­тафа мек­теп шәкірт­тері­нің­ і­шін­де бі­рін­ші бо­лып­ әптиек­тен­ Құ­ран­ға шығады. Мед­ресені екі жыл­да та­мам­да­ған­ ал­ғыр­ іні­сін­ Ә­ліш­ Қызы­лор­дадағы о­рыс­-қа­зақ­ мек­тебіне а­лып­ барады.

Нар­шоқы ке­зін­де Бақа­лық­, Сарышыға­нақ­ деп­ те а­тал­ған се­кіл­ді, ал Ә­ліш­ мек­те­бін­, қы­зыл­ кір­піш­тен­ са­лын­ған­нан­ соң­ “Қы­зыл­ үй” де­ген­. Ел ау­зын­да Әліш­тің осы мек­тепті а­шар­ ал­дын­да Ыбы­рай­ Ал­тын­са­рин­мен та­ныс­қандығы туралы әңгіме бар­, қай­сыбір­ жылы Ә­ліш­ жолы тү­сіп­, Ыр­ғыз­ жақ­қа, о­дан­ кейін О­рын­борға ба­рып­ қайт­ады, осы сапары бары­сын­да қа­зақ­ даласына мәш­һүр бола бас­та­ған­ а­ғар­тушы­мен­ ұшыра­сып­, о­ның­ “На­чаль­ное руководс­тво к обуче­нию кир­ги­зов­ русс­кому языку” және “Кир­гизс­кая х­рес­томатия” де­ген­ кі­тап­тары­ның­ бір­неше дана­сын­ ала кел­ген. Е­гер­ бұ­л екі оқу­лық­тың да О­рын­борда 1879 жылы шық­қанды­ғын­ ес­кер­сек, Ә­ліш­тің Ыбы­рай­мен­ ұшыра­сып­ әңгімелесуі ХІХ­ ғасыр­дың 80-жыл­дары­ның­ аяғы 90-жыл­дар­дың­ бас­ ке­зін­де о­рын­ ал­ған­ деп­ жора­мал­дауға болады. Мұс­тафа сауа­тын­ осы оқу­лық­тар арқылы ашады.

Мұс­тафа­ның­ оқу-тәр­бие мек­тебі­нің­ негі­зін мед­ресе­мен­ қоса, би ауылына ке­ліп­ ел мен­ жер­ жағ­дайын тол­ға­ған­ дуалы сөз­ иелері, а­қын-жырау­лар­ қа­лай­ды. Ол жас­тайы­нан­ Сыр­ өңі­рін­дегі Дос­бол­ би, Күдеріқожа Көшекұлы, Буда­бай­ Қабылұлы, Май­лықожа Сұл­тан­қожаұлы сын­ды ше­шен­, би, а­қын­-жырау­лар­дың сөз­де­рін тың­дап, ұлт­тық­ мұра­дан­ нәр­ а­лып­ өседі. Зай­ыбы Мария Яковлевнаның­ Мұс­тафаны “есту қабілеті жоғары бол­ған, музыканы өте жақ­сы көр­ген... Есте сақ­тау қабілеті өте күш­ті, кез­ кел­ген нәр­сені тез­ е­сін­е түсіре­тін­” деп­ си­пат­тауы да осы­дан­, дәс­түрлі мәде­ниет ая­сын­да тәр­бие­лен­гендігі­нен­ болса ке­рек­. Ол бес­ жа­сын­да дом­быра тар­туды игереді, а­қын­жандылығы, сезімталдығы­мен­ е­рек­шеленеді. Кейін Па­риж­дегі эт­ног­рафия мұра­жайы­нан­ (“Адам­ мұра­жай­ы”) қа­зақ­тың дом­быра­сын­ кө­ріп­, көзіне жас­ алуы жү­рек­ түкпірі­нен­ шық­қан елі мен­ жеріне сағынышы еді. Мұс­тафа әкесі­мен­ бір­ге Ақме­шіт­, Түр­кі­стан, Әулиеата се­кіл­ді қала­лар­мен қа­тар­, Те­мір­лан, Қар­нақ­, Жусалы, Бө­ген­, Сай­рам­ се­кіл­ді елді ме­кен­дерді ара­лап­, ха­лық­тың тұр­мы­сын­ өз көзі­мен­ көреді. Жер­гі­лік­ті пат­ша ә­кім­шілігі­нің­ оз­быр­лықтарына куә болады.

Мария Я­ков­левна Мұс­тафа жеті жасы­нан­ бас­тап Перов­скідегі мек­тепке ба­рып­ оқиды [12] деп­ жазады. Өзбек­стан­ мұраға­тын­дағы ө­мір­баян­дық­ құ­жат­та ол “1899–1902 жыл­дар аралы­ғын­да Перовс­к училище­сін­де оқыды” [13] делінеді. Мұн­дағы кей­бір­ сәй­кес­сіз­дік­ Мұс­тафа­ның­ туыстары­ның­ жа­дын­да сақтал­ған­ мына жағ­дайға бай­ла­ныс­ты. О­лар­ (Ға­ни Бәкірұлы, Б. Атабаев т. б.): “Мұс­тафа Қызы­лор­дадағы мек­тепте бір­ ай о­қып­, ауылына ке­тіп­ қалады. Со­дан­ соң­ оны әжесі қайт­а жі­бер­мей қояды. Тимо­фей­ де­ген­ мұға­лім­ді жал­дап, ауылда оқытады” де­ген­ді айт­ады. Бұ­л әңгіме Мұс­тафа­ның­ Перовс­кідегі оқуында бір­ жыл­дан ас­там­ уа­қыт­тай үзі­ліс­ бол­ғанды­ғын­ мең­зейді. Де­ген­мен Мұс­тафа­ның­ соң­ғы бес­-алты жыл­ і­шін­де “отбасы дәс­түріне сәй­кес­ тәр­бие мен­ бі­лім­ алғанын” [14] мұра­ғат­ құ­жат­тары дә­лел­дейді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет