ҚР мен Пәкістан қарым-қатынастарының тарихы



Дата27.06.2016
өлшемі31.17 Kb.
#161931
ҚР мен Пәкістан қарым-қатынастарының тарихы

Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасында дипломатиялық және консулдық байланыстар орнату туралы келісімге ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Пәкістанға ресми сапары кезінде 1992-жылғы 24-ақпанда қол қойылған. Пәкістандағы Қазақстан Республикасының елшілігі 1994-жылғы 24-қарашада ресми түрде ашылды.

2003-жылдың қаңтар-тамыз айларында екі ел арасындағы тауар айналымы 1,3 млн. долларды, соның ішінде экспорт көлемі 0,331 млн. , импорт 1 млн. долларды құрады.

2003 ж. 8-желтоқсанда Исламабадта Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Пәкістан президенті Первез Мушаррафтың кездесуі өтті. Екі елдің мемлекет басшысы экономика саласындағы өзара стратегиялық ынтымақтастық мәселелерін сарапқа салды. Бұдан бұрын да , сапар барысында Қазақстан мен Пәкістан арасындағы экономика, банкаралық, білім беру және экология салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылады. Екі президент осы жолы қол қойылатын келісім құжаттары екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты мейлінше пәрменді дамытуға септігін тигізеді дегенге сенім білдірді.

2006 ж. 17-маусымда АЛМАТЫ қаласында азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының ІІ саммиті аяқталғаннан кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Пәкістан президенті Первез Мушарраф кездесу өтті. Қазақстан мен Пәкістан президентінің кездесуінде сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

10.10.2006Қазақстан мен Пәкістан арасында автокөлікпен жүк тасымалы жүзеге асырылатын болды



ҚР мен Пәкістан бүгінгі таңдағы қарым-қатынастары

Бүгінде екі ел арасында саяси байланыс басымырақ. Қазақстан мен Пәкістанның экономикалық байланыстарының ілгері дамымай отырғанына жол, әуе байланыстарының жоқтығы кедергі - дейді мамандар.


Қазақстаннан Пәкістанға негізінен химия өнеркәсібінің өнімдері, металл және металл бұйымдар, өңделмеген мақта және тері бұйымдары импортталады. Қазақстанға дәрі-дәрмек өнімдері, хирургиялық жабдықтар мен препараттар, күріш, мақта мата және киім, тоқыма бұйымдар, тері және тері өнімдері экспортталады.

Пәкістан минералдық ресурстарға бай ел. Республикамыз арқылы Шанхай ынтымақтастығы ұйымына бақылаушы статусына ие болған бұл мемлекет екі ел арасындағы қарым-қатынастың дамуына ынтық. Бүгінде елімізде пәкістандық 700 студент білім алып жатса, 58 дипломатымыз Пәкістан Дипломатиялық Академиясында кәсіби білімдерін жетілдіруде.

ҚР мен Пәкістан қарым-қатынастарының даму болашағы
Пәкістанның ауыл шаруашылық министрлігінің өкілдері 1 млн тоннадай бидай сатып алу мүмкіндігі туралы мәлімдеме жасаған. Алдын-ала жасалған болжам бойынша экспорт 2008 жылдың маусым-шілде айларында басталуы мүмкін.

Бүгінгі күні министрлік елдің астық нарығындағы аһуалға егжей-тегжейлі мониторинг жасауда, осы жұмыстардың қорытындыларына орай 2008 жылы елге импортталатын бидай көлемін ұлғайту туралы шешім қабылдануы мүмкін.

2007 жылы Пәкістанның Сауда корпорациясы тендерлер аясында 1 млн тоннадай бидайды Автралия, Ресей, Канада, Аргентина, Қазақстан және АҚШ-нан сатып алған. Сырттан әкелінген бидай бағасының тоннасы өткен жылы 475-550 АҚШ долларын құраған.
Пәкістан мен Қазақстан түрлі саладағы, оның ішінде қорғаныс саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту және оның деңгейін көтеру туралы ниеттерін бірнеше рет қуаттаған болатын.

Пәкістанның Федералдық қорғаныс және әскери өнімдер министрі Сайед Сәлім Аббас Жилани мен ҚР Қорғаныс министрлігінің «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерінің қолбасшысы контр-адмирал Ратмир Комратов осынау мәселені талқылап, екі бауырлас елдің арасында тығызырақ өзара тиімді ынтымақтастық орнату қажеттілігін атап көрсетті.



Пәкістан мен Қазақстан өкілдері жоғары деңгейдегі сапарлар алмасу және мамандарды өзара оқыту саласындағы ынтымақтастықты жақсартуға қатысты ортақ пікірге келді.

Ратмир Комратов Қазақстанның Пәкістанмен екіжақты қатынастарды дамытуға үлкен мән беріп отырғаныжәне өзара мүдделі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге ниеті жайлы Пәкістан министрін хабардар етті. Ол сондай-ақ, Қазақстан мен Пәкістанның әскери-теңіз күштері арасындағы ынтымақтастықты қолдау қажеттігін, себебі ол екі ел үшін де тиімді екенін атап көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат The News - International, Pakistan басылымына сілтеме жасап.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет