Қр тжм шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің



Дата23.02.2016
өлшемі144.77 Kb.
#5259


ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы

Төтенше жағдайлар департаментінің

ҚР ТЖМ 2013 жылғы Операциялық жоспары, ШҚО ТЖД жұмыс жоспарының шараларының орындалуы аясында қызметтік жұмысы туралы есебі
2013 жылы облыстың ТЖ департаментінің қызметі ТЖ алдын алу және жою, Азаматтық қорғаныс, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарын жеңілдету және тәуекелдерді төмендету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталды.

Жедел деректер бойынша талдау облыста 1605 төтенше жағдай, табиғи және техногендік сипаттағы оқиға тіркелді, бұл 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22 %-ға кем. Осы ретте ТЖ санатына жататын 146 оқиға, 2012 жылмен салыстырғанда 14%-ға кем,(2012 жылы - 170 оқиға) тіркелген.

Адам өлімі 122-ні құрады, 2012 жылмен салыстырғанда 11%-ға төмендеді.

ТЖ оқиғалары мен жағдайларының көбі тұрмыстық және өндірістік өрттерге келеді, 1397 оқиға тіркелді, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 22%-ға төмендеген.

Өрттерде 45 адам мерт болды, 2012 жылға қарағанда 34,8%-ға кем.

Өрт қауіпті маусым басталғаннан бастап, облыс бойынша жалпы аумағы 13 га 123 орман өрті тіркелген. 2012 жылы осы кезеңде жалпы ауданы 188,7 га 215 орман өрті тіркелген. Дала өрттерінің саны 15-ті құрады, 2012 жылы 36 өрт тіркелген.

Шұғыл мәліметтер бойынша жылдың басынан бері Шығыс Қазақстан облысының су қоймаларында 39 адам (оның ішінде 4 бала) қайтыс болған, бұл көрсеткіш 37 адам қайтыс болған 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,4 %-ға артты. Суға шомылу маусымында 2012 жылмен салыстырғанда 32 адамнан 24 адамға, яғни 25 %-ға азайған.

Халықты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан қорғау, оның алдын алу, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі деңгейін жоғарылату мәселесі өңірдің экономикалық және әлеуметтік даму жүйесіндегі маңызды буын болып табылады.

Жүргізілген талдауға сүйенсек, облыста осы мәселелер бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

Мәселен, автожолдар мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде ТЖ жол бермеу мақсатында 2013-2014 жылдарға арналған оларды дайындау және күз-қыс маусымында тұрақты жұмыс істеуі бойынша іс-шаралар жоспары әзірленген, онда жол инфрақұрылымы мен техниканы дайындаудан бастап қажетті ЖЖМ қорын қалыптастыру, ұйымдармен қосымша қар тазалау техникасын жеткізуге ниет-келісімшарт жасау, кезекшілік орнату және т.б. бірқатар іс-шаралар қарастырылған.

Көшкін жинауда қар жиналу жағдайын қадағалау, жүруы ықтимал көшкін туралы уақытында хабардар ету және ТЖ алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін 24 қар өлшеу-көшкін бағдары әзірленіп, жарылыс жұмыстарын жүргізуге келісімшарттар жасалды.

2013 жылы қар көшкінін алдын ала түсіруге республикалық бюджеттен 9 млн. 900 мың теңге бөлінді. 2012 жылдың қарашасынан бастап 2013 жылдың наурызы аралығында жалпы көлемі 36150 текше метр қар массасы болатын 31 түсіру жүргізілді.

Су тасу маусымына уақытында дайындалу үшін облыс әкімдігінің қаулысымен «Күз-көктем кезеңіндегі су тасқынына қарсы жоспар» бекітіледі және оның орындалуы ұйымдастырылады. Облыс аумағында 2010 жылдан бастап қар еруге мониторинг жүргізіледі.

Облыстың қалалары мен аудандарында алдағы су тасқыны маусымына барынша дайындығы үшін шаралар қабылданады. 2013 году осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен 112,3 млн.теңге бөлінді. Ұзындығы 41,8 км өзен арналарын тереңдету және тазалау бойынша жұмыстар жүргізілді. Ұзындығы 18,56 км 13 өзеннің қауіпті учаскелерінде жағалау бекітілді.

Облыста 197 гидротехникалық құрылым бар. 2010 жылғы жағдай бойынша облыс бойынша 75 иесіз қалған ГТҚ болған. Бүгінгі күні оларды коммуналдық меншікке тапсыру мәселесі шешілген.

Коммуналдық меншіктің ГТҚ ұстау үшін теңгерімінде 46 ГТҚ бар «Шығыс су қоймалары» КМК құрылды. Облыстық бюджетте 2013 жылға «Шығыс су қоймалары» КМК-ға сомасы 363,5 млн.теңге ақша қаражатын бөлу қарастырылған, оның 168 млн. 73 ГТҚ паспорттауға және 195,5 млн. теңге 11 ГТҚ-ның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге жұмсалды. Облыс әкімінің 16.01.2013 жылғы хаттамалық тапсырмасына сәйкес облыс қалалары мен аудандарының гидротехникалық құрылымдарын су тасқынына тексеру бойынша 6 жұмыс тобы құрылды.

Елді мекендердегі және маңындағы аумақтардағы орманды дала аймағындағы өрттерді сөндіруді ұйымдастыру үшін облыс әкімдігі жыл сайын облыс аумағындағы орман-дала өрттерінің алдын алу және жою бойынша жоспарды бекітеді. 2007 жылдан бастап облыс аумағындағы табиғи өрттерге мониторинг жүргізіледі. Қазіргі таңда облыстың елді мекендерінде 69 өрт сөндірудің ауылдық тірек пунктері жұмыс істейді. Өрт сөндірудің ауылдық тірек пунктерін бұдан әрі қарай дамыту үшін облыс аудандарының әкімдік теңгеріміне ТЖМ аумақтық бөлімшелері 2013 жылы 10 өрт сөндіру автомобилін табыстады. ШҚО суайдындарында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ШҚО әкімдігі ШҚО суайдындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын бекітті. 2013 жылдың басынан бері 3044 әңгіме өткізілді, онда 82491 адам қамтылды. Мұз өткелдері мен өкелдердің жұмысына жүйелі бақылау жасалады.

Жаппай шомылу орындарының барлық иелеріне облыс суайдындарында жаз маусымындағы қауіпсіздік шарасы бойынша ұсыныстар дайындалып, жеткізілген. Шомылу маусымы басталар алдында 136 демалу базасы, 12 балаларды сауықтыру орындары, қоғамдық шомылу орындары мен демалу орындары тексерілді, маусымға дайындығы мен акваторияларды тексеру және тазалау үшін сүңгу жұмыстары жүргізілді.

Облыс объектілеріндегі өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына мүлтіксіз бақылау жасалады.

Бақылаудағы объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру үшін 824 тексеру жүргізілді, оның 12-і кешенді. Жүргізілген тексеру барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша нормативтік құжаттардың 5322 бұзушылығы анықталды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына жол бергені үшін 238 адам жауапкершілікке атртылды, оның ішінде 7 549 094 теңге сомасына әкімшілік жауапкершілікке 235 адам. Бекітілген Техникалық қайта жарақтану жоспарына сәйкес тозығы жеткен жабдық ауыстырылуда, үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан объектілерге жүйелі бақылау жасалады.

Өрт қауіпсіздігінің жоғары деңгейде ұстап тұру мақсатында облыстың шаруашылық жүргізуші объектілерінде 61 өнеркәсіптік кәсіпорындар, 3326 әлеуметтік-мәдени бағыттағы объекті, 112 940 тұрғын үй секторына тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша 31 271 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтар анықталған. Өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларының бұзу бойынша 2605 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 22 млн. 756 мың 916 теңгеге, оның ішінде 2 442 айып салынды. Бүгінгі күні ерікті түрде жалпы сомасы 20 млн. 523 мың 113 теңгеге 2 225 айыппұл салынды. 2013 жылы облыстың объектілерінде 38 автоматты өрт сөндіру жүйесі және 421 автоматты өрт сигнализациясы жүйесі енгізілді.

Гарнизонның күштері мен құралдарын үнемі жауынгерлік даярлықта ұстау бойынша іс-шаралар бұлжытпай орындалып отырылды.

Қалалар мен аудандарда кәсіпорындар мен ұйымдар базасында АҚ және ТЖ құралымдары құрылған, барлығы 4839, жеке құрамы 60977 адам. Жедел ден қою жасақтары – 19, жеке құрамы 1338 адам (1 облыстық, 3 қалалық, 15 аудандық). Облыс аумағында ШҚО ТЖД бағынған ҚР ТЖМ 84 құралымы бар, жеке құрамының саны 2690 адам. 7 бірлік тікұшақ барлау жасауға, көшіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге дайын: (МИ-2 – 6 бірлік, МИ-8 – 1 бірлік). Облыс бойынша авариялық энергиямен қамтамасыз ету үшін 479 резервті энергиямен қамтамасыз ету көзі бар, оның ішінде 146 тасымалды, 333 тұрақты. Төтенше жағдайларда зардап шеккендерге жедел медициналық және дәрігерлік көмек көрсету үшін медицина мекемелерінде 651 койко-орын әзірленген. 235 медициналық құралым дайындалған, жеке құрамының саны 2687 адам, 432 бірлік техника – санитарлық автокөлік бар.

Болуы ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша жедел шаралар қабылдау үшін қаржы және материалдық-техникалық ресурстар қоры құрылған (облыс әкімінің: шатыр лагерлері, 600 адамға дейін сияды, құралдар мен аспаптар, ЖЖМ қоры: жанармай – 30,8 тонна, дизельді отын – 36,8 тона, азық-түлік – 32,4 млн.теңге сомасына). Қалалар мен аудан әкімдіктері облыс тұрғындарының қажеттілігі үшін облыстың кәсіпорындары және ұйымдарымен ниет-келісімшарт жасаған. 197 тонна жанармай, 240 тонна дизельді отын, 55392 мөшекқап, 28 мотопомпа қоры құрылған. Облыстың қалалары мен аудан әкімдерінің қаражат қоры 2013 жылға 334208,0 мың теңге, оның ішінде ТЖ жоюға – 200326,0 және кезек күттірмейтін мұқтаждық үшін – 134628,0 мың теңгені құрайды.

Бөлімшелер «Қорғау-213» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысты (АҚ жүйесін бейбіт уақытынан әскери уақытқа ауыстыру), «Көктем-2013», «Қыс-2013» РКШОЖ, «Шекара-2013» байланыс бойынша жаттығулар, «Жанасу-2013» .

Ведомстволық байланыс құралдарының жұмысы қамтамасыз етілді (спутниктік байланыс, радиобайланыс, транкті байланыс, ВЧ-байланыс, электрондық почта, факсимильді почта). ТЖ жою кезінде шалғай орналасқан жетуі қиын аудандары үшін байланысты қамтамасыз ету үшін пайдалануға 4 спутниктік терминал енгізілді.

8 бөлімшеде радиосөйлесулерді бақылау үшін дыбыс жазушы құрылғылар орнатылған, Өскемен гарнизонының 10 өрт сөндіру автомобильдеріне өртке қарсы сумен қамту көздерінің орналасуы бойынша мәліметтер енгізілген GPS бақылауыштар орнатылған.

Лаңкестікке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері бойынша мүдделі органдармен өзара әрекеттесу ұйымдастырылды.

Жауынгерлік жоспар бойынша шұғыл шеберлікті жетілдіру мақсатында 2013 жылы 1165 өрт-тактикалық оқу-жаттығулар және сабақтар өткізілді. Кәсіптік даярлық мектебінен 289 қызметкер дайындықтан өтіп, аяқтады. Сапалы білім беру үшін интерактивті тренажерлар жабдықталған, газтүтіннен қорғау сабақтары заманауи газтүтін камерасында өтеді, электроды кітапханасы бар компьютер класы бар. Жеке құрамнан сынақ қабылдау үшін электронды тестілеу бағдарламалары енгізілген.

Бөлімшелердің техникалық қамтылуын нығайту үшін ҚР ТЖМ-ның рұқсат қағазы бойынша екі өрт сөндіру автоцистерналары, бір «Вахталы» автомобиль және 1 шұғыл-қызметтік автомобиль алынды.

«Бипек Авто» акционерлік қоғамы Өскеменнің қала күнін мерекелеу шеңберінде «Бипек Авто» акционерлік қоғамымен «Нива» базасында жедел әрекет ету автомобилі тапсырды. Сондай-ақ, екі «Арғымақ» күшпен сөндіру қондырғылары, 5 балшықты жерлерде жүретін мотопомпалар, гидравликалық саймандар жинағы алынды.

Жыл ішінде ғимараттарды тиісті түрде ұстау және бөлімшелердің жеке құрамының тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша жұмыс жүргізілді. 17 өрт сөндіру бөлімдерінде төбе жабындарына жөндеу жұмыстары жүргізілді, 7 бөлімшеде жылу жүйелері мен су құбыры жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2013 жылдың ағымдағы мерзіміне арналған күрделі құрылыс жоспарында өрт сөндіру деполарының құрылысына 11 жер учаскелері кейінге сақталды. қорға қойылды. 6 жер учаскелеріне жерді пайдалану құқығына акті, оның 2-уі 2013 жылы алынды. ҚР ТЖМ ӨҚҚК-де өрт сөндіру бөлімдерінің құрылысына 3 инвестициялық ұсыныс жолданды (Өскемен қ-ның 19-шы тұрғын ауданы, Меновное ауылы және Жаңа Бұқтырма кенті).



Азаматтық Қорғаныс басқармасының алдына қойылған міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшін ШҚО ТЖД оқу орталығында 940 жоспарланған адамдардан 953 адам оқудан өтті, бұл 101% құрады. Шығып оқыту әдісімен 307 адам оқытылды, бұл оқытылғандардың 46% құрайды.

Ақпараттық-талдау жұмысын жүргізу, желілер мен деректер банкін дамыту шеңберінде барлық жағдайлар мен оқиғалар және ТЖ туралы шұғыл ақпарат жинау ұйымдастырылды. ҚР ТЖМ веб порталының, облыс әкімінің сайтын, ШҚО ТЖД-ның «Құжаттардың бірыңғай қоймасы» ақпараттық жүйесін талдау және есептік мазмұндағы ақпаратпен толтырылуына бақылау жасалады. Қазіргі күні ҚР ТЖМ-ның веб порталына 2874 құжат орналастырылды. Жергілікті атқарушы органдарға, ұйымдар мен мекемелерге 504 ақпарат жолданды. ШҚО ТЖД-ның web сайты жаңғыртылды.

Функционалдық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін орындау үшін 2013 жылға ТЖ облыстық комиссиясының жұмыс жоспары пысықталды. 27 наурызда, 21 мамырда, 27 қыркүйекте және 04 желтоқсанда ТЖОК отырыстары өткізіліп, құжаттар дайындалды. Соңғы комиссияда жылу беру маусымының барысы, гидроқұрылғы туралы мәселелер қаралды. Облыс әкімімен қараша айында 2014 жылға ТЖ комиссиясын өткізу жоспары бекітілді.

ШҚО ТЖД бастығының жанындағы 4 кеңес отырысы дайындалып, өткізілді, 46 дөңгелек үстелдерін өткізу ұйымдастырылды, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша Техникалық кеңестің 11 отырысы өткізілді.

2013 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдайға ШҚО ТЖД-ның штаттық саны 2143 бірлікті құрады. ШҚО ТЖД-ның СҚҚ 106 азаматтық қызметші.

Әкімшілік қызметшілер арасынан 21 қызметкер, 4 әскери қызметші және 57 МӨҚБ қызметкері аттестациядан өтіп, аттестациялық комиссияның оңды нәтижесін алды.

Кәсіби деңгейді жоғарылату мақсатында Департаменттің 7 қызметкері Белорусь республикасында біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтында оқып келді, 18 адам республикалық біліктілікті арттыру курстарына барды және КТИ біліктілігін арттырды. ШҚО ТЖД Ресей ТЖМ МӨҚ Санкт-Петербург университетінің сырттай бөлімін аяқтады, 2 қызметкер Мәскеу қ. Ресей Федерациясы ТЖМ Азаматтық қорғаныс Академиясында оқиды.

Психологтармен жоспарлы негізде кезең-кезеңмен жеке құрамды психофизиологиялық диагностикадан өткізеді, айрықша көңіл өрт, өнеркәсіптік қауіпсіздік және азаматтық қорғаныс инспекторларына бөлінеді. «Тәуекел тобына» жатқызылған қызметкерлер туралы мәлімет ұсыныстармен, тікелей басшыларына қол қойғызу арқылы жеткізіледі.


Қазақстан Республикасының ТЖМ КТИ-на оқуға түсуге үгіт жұмыстарының нәтижесінде 16 жеке іс жолданып, 12 үміткер оқуға түсті.


Тиісті кәсіби шеберлікті, дене-күш дайындығын қамтамасыз ету және моральдық-жігерді дағдылау мақсатында спорт және қоғамдық іс-шараларды өткізуге үлкен роль беріледі. 2013 жылы облыс спортсмендері ҚР ТЖМ-ның Павлодар қаласында өткентық спартакиадасында 1-ші орынды иеленді және ҚР ТЖМ-ның Петропавловск қаласында өткен қысқы спартакиаданың финалдық жарыстарында 1-ші орынды алды.

ШҚО ТЖД-ның Адагерлер кеңесі белсеңді жұмыс атқарады. Ардагерлер ұйымы өз қатарында 569 ардагерді құрайды, оның 7-уі Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 63-ші тыл еңбеккерлері. Барлық салтанатты іс-шараларды ұйымдастыру кезінде ардагерлер шақырылады, ардагерлердің бөлімше жеке құрамымен кездесулері ұйымдастырылады.

Бөлімше қызметіне бақылау жүргізу мақсатында 2013 жылға арналған ШҚО ТЖД бақылау-тексеру іс-шаралар жоспарына сәйкес 17 кешендік, тақырыптық және бақылау тексерулер жүргізілді. Тәртіптік жазаға 53 қызметкер тартылды (39 ескерту, 11 сөгіс, 2 қатаң сөгіс, 1 толық емес қызметтік сәйкессіздік).

2013 жылдың қыркүйек айында ШҚО ТЖД және ведомстволық бағынысты мекемелер – «ӨС ж АҚЖҚ» ММ, «СҚҚ» ММ қызметтік жұмысына жоспарлы кешенді тексеру жүргізілді. ҚР ТЖМ комиссиясы әдістемелік тәжірибелік көмек көрсетіп, 14.09.2013 жылғы акт жасады.

Халықаралық ынтымақтастықды дамыту шеңберінде ҚР ТЖМ Операциялық жоспары мен ШҚО ТЖД жұмыс жоспары іс-шараларын орындау үшін Ресей Федерациясының шекаралас облыстарына 2013 жылдың 22 сәуірінен 28 сәуірі аралығында ШҚО ТЖД қызметкерінің тобы Алтай өлкесі бойынша РФ ТЖМ ММ Барнауыл қаласына және Алтай Республикасы бойынша РФ ТЖМ ММ Горно-Алтайск қаласына жұмыс сапарымен барып қайтты.

16 мамырда Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары және Ресей Федерациясы Алтай өлкесінің шекаралас аумақтарында өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді.

2013 жылдың 15 маусымынан 28 маусымы аралығында ШҚО ТЖД Жас құтқарушылар мектебі командасы Гомель қаласында өткен жас өрт сөндіруші-құтқарушылардың 11-ші халықаралық слетіне қатысып, 4 жалпыкомандалық орынды иеленді.

ШҚО ТЖД қызметкерлерінің тобы АҚШ әскерінің инженерлік корпусы мамандарының Өскемен қаласында өткізген ГИС технологиясы курстарында оқыды.

Бектілген жоспарларға сәйкес Министрліктің оң бет-бейнесін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіледі. Өткен кезеңде 2316 жарияланым болды, оның ішінде: радио бойынша – 1195 материал, теледидарда – 291 бейнематериал, баспада 830 мақала шықты. ҚР ТЖМ, ШҚО ТЖД, ақпараттық агенттіктер сайттарына, сондай-ақ қалалық және облыстық әкімдіктердің сайттарына 855 мақала жолданды.

ТЖ министрлігі мен облыстық әкімдіктің қолдауымен 2013 жылы «Қазақстан-Өскемен», сондай-ақ облыстың кәбілді телеарналары жүйесінде (КТВ-6, 31 арна Семей, Алва ТВ, Зырян ТВ) маусымдық ТЖ алдын алу бойынша бейнероликтер үнемі көрсетіліп тұрды.

ТЖ кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша саны 103456 дана жаднама, А2 форматындағы саны 2333 дана толық түсті плакаттар дайындалды. ТЖ департаментінің бастамасымен насихаттау жұмысын жүргізу үшін, халықты ТЖ кезіндегі қауіпсіздік шаралары әрекетіне үйрету үшін 2013 жылы жергілікті бюджет қаражатынан 2 400 000 теңге бөлінді.

Балалармен жұмыс істеуге көп көңіл бөлінеді. 2013 жылдың басынан бері 16 интерактивті сабақ өткізілді, бір уақытта орташа облыстың 40 мектебі – 2142 бала қамтылды. Өскемен және Семей қалаларындағы өрт-техникалық орталықтар арқылы балалармен белсенді жұмыс атқарылуда. Бүгінгі күні орталықтарда жалпы саны 1500 адам қамтылған 78 экскурсия өткізілді.

Мамыр айында облыстың барлық аудандарында өрт сөндіру бөлімдері базасында мектептегі жас өрт сөндірушілер жасақтары арасындағы жарыстар өткізілді.

Департаменттің қызметкерлері қаланың балалар үйі мен интернаттарында балалармен жүйелі жұмысты ұйымдастырған. Жыл сайын арнайы жабдықталған автобус ауылдық мектептерге бару бойынша акция өткізіледі.

Жоспарлау жне есептілік жүйесін жетілдіру мәселелерінде бөлімшелердің жұмыс жоспарларын, Алқа қаулыларын, ШҚО бастығы жанындағы Кеңес, аппараттық кеңес шешімдерін орындау үшін мониторинг жүйесі ұйымдастырылған. Ай сайын құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты бөлімшелерден жұмыс жоспарының орындалған тармақтары бойынша ақпараттар жиналып отырылады. ТЖМ операциялық жоспары мен ШҚО ТЖД жұмыс жоспарының орындалған тармақтары бойынша іс-шаралар динағы жасалады. 2014 арналған бөлімшелердің сапалы жұмыс жоспарын жасауы үшін 2014 жылға жоспарлау бойынша жұмыс тобын құру бойынша бұйрық жасалды. Осы бұйрықтың шеңберінде 4 кеңес өткізілді, оның біреуі ҚР ТЖМ өкілдерінің қатысуымен өтті, Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық мекемелеріне әдістемелік ұсыныстар берілген нұсқаулар жолданда. Қазіргі таңда ШҚО ТЖД, сондай-ақ құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелердің жұмыс жоспарының жобасы жасалған.

2013 жылдың 16 қыркүйегіне дейінгі жағдай бойынша ҚҚ ж МТДБ-да 4585 қызметтік құжат тіркелді, 3149 заңды тұлғалардың, 251 жеке тұлғалардың өтініші келіп түсті. Құжаттардың орындалуына бақылау күн сайын жүргіщіледі. Есеп беру кезеңінде құжаттардың орындалу мерзімін бұзуға жол берілген жоқ. ШҚО ТЖД бастығының 2013 жылғы 01 наурыздағы № 46 бұйрығымен 2010-2011 жылдардағы істерді ШҚО ТЖД ведомстволқ мұрағатына тапсыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыс тобының құнрамы бекітілді. Есептілік кезінде ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелерінен сақтау мерзімі тұрақты, сақтау мерзімі уақытша және жеке құам бойынша құжаттар қабылданды.

Құжа айналымында мемлекеттік тілдің қолданылуына үнемі бақылау жасалады. 2013 жылы оқытуға ШҚО ТЖД-ға – 864 мың теңге бөлінді. Жасалған мемлекеттік тілге оқыту бойынша келісімшарттар негізінде облыс бойынша 49 адам оқытылады.

Қазақстан халықтарының тілдері күнін мерекелеуге байланысты ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелері мен ведомствоқы бағынысты мемлекеттік мекемелері қызметкерлері арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты конкурс өткізілді.

Республикалық «Тіл білгірі» конкурсында ШҚО ТЖД атынан өртке қарсы қызметтің лейтенанты Дина Ақзамқызы Бексултанова және «Мемлекеттік тіл – менің тілім» конкурсының жеңімпазы Дарья Валерьевна Метте қатысып, жекелеген номинациялар бойынша жүлделі орындарды иеленді.

Орындалып жатқан шаралар кешені барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар мен ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің тығыз байланысы арқасында жүзеге асырылатындығын ескеру қажет. Жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастыру шынайы жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Мәселен, қыс-көтемдегі қолаймыз күрделі ауа-райы жағдайына қарамастан облыста қар борасындары, су тасқынына қатысты күрделі төтенше жағдайға, тіршілікті қамтатамасыз ету жүйелеріндегі елді шулататын техногендік аварияға жол берілген жоқ. Шығыс Қазақстан облысының кәсіпорындарында бірнеше жылдар бойы өндірістік жарақаттануды төмендету тенденциясы қалыптасқан. Төтенше жағдайлар саны 14 пайызға төмендеді, адамдардың мерт болуы 11 пайызға азайды, бұл осы саладағы мақсатты негізгі индикаторлардың көрсеткіштеріне қол жеткізгендігін көрсетеді. Сонымен қатар, облыстағы проблемаларға да тоқталып өткім келеді.

Бірінші кезекте бұл сейсмикалық күшейту. Гидротехникалық құрылымдарды жөндеу, республикалық құлақтандыру жүйесін модернизациялау және шағын елді мекендерде жергілікті құлақтандыру жүйесін енгізу, ауылдық өрт сөндірудің тірек пунктерін құру және ерікті өрт сөндірушілер жүйесін құру мәселелері біршама назар аударуды қажет етеді. Сондай-ақ облыстың суайдындарында құтқару станциялары желілерін кеңейту қажет.

АҚ проблемалық мәселелері жеке қарастыру қажет. Жеке қорғау құралы қорын жаңарту, қорғаныс құрылымдарын және басқарудың қосымша пунктерін сәйкестікке келтіру процестері тиісті деңгейде жүргізілмейді. Осы мәселелердің барлығы жоспарлы шешімді қажет етеді және бюджеті қалыптастыру, сондай-ақ өңірлерді, моноқалаларды дамыту кезінде көзделуі тиіс.

Қорытындылай келе, орындалған жұмыстарды, анықталған кемшіліктерді есепке ала отырып және ТЖ маусымдылығын ескеріп 2014 жылы орындауға басымды болып табылатын негізгі іс-шаралары мыналар болып табылады:

1. Бөлімшенің жеке құрамы арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру және жүйелі бақылауды қамтамасыз еті.

2. «Мемлекеттік басқару деңгейі арасындағы өкілеттіліктерді шектеу мәселелері бойынша Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына байланысты жергілікті атқарушы органдардан алатын кейбір функциялардың орындалуын ерекше бақылауға алу.

3. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 2014 жылы Өңірлер мен моноқалалардың дамыту бағдарламасы шеңберірінде ТЖ алдын алу бойынша іс-шаралардың орындалу деңгейіне бақылауды ұйымдастыру.

4. Қазселденқорғау, жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерімен бірлесіп қар борасындарына шалдыққыш, жол учаскелеріне, алдын ала көшкін түсіру бойынша жару жұмыстарын уақытында өткізу, арық-арна жүйелерінің, өзен сағаларының, су өткізу және гидротехникалық құрылыстардың су тасу кезеңіне дайындығын, су басып қалу учаскелерін жөндеу және нығайтуға бақылауды қамтамасыз ету.

5. Облыстың суайдындарында ұйымдастырушылық-алдын алу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету.

6. Облыстың қалалары мен аудандарының тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде авариясыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

7. «Облыстың қауіпті өндірістік объектілерін қайта техникалық жарақтандыру бойынша жиынтық жоспарының»орындалуына бақылау жасау.



8. Тұрғын секторындағы өрттердің алдын алу бойынша алдын алу шараларын кешенін өткізуді қамтамасыз ету.


ШҚО ТЖД




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет