Құрамы 100 мл шәрбаттың құрамында белсендi заттар: итмұрын жемістері 24. 48 г аскорбин қышқылы 2 г



Дата29.06.2016
өлшемі42.28 Kb.
#166487
түріҚұрамы






Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі Mедициналық және

фармацевтикалық қызметті

бақылау комитеті Төрағасының

2012 жылғы “ 15 ” 08

№ 614 бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН




Дәрілік заттың медицинада қолданылуы

жөніндегі нұсқаулық
Итмұрын жемісінің шәрбаты
Саудалық атауы

Итмұрын жемісінің шәрбаты


Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ
Дәрілік түрі

125 мл және 250 мл шәрбат
Құрамы

100 мл шәрбаттың құрамында



белсендi заттар: итмұрын жемістері 24.48 г

аскорбин қышқылы 1.2 г,



қосымша заттар: қант, тазартылған су.

Сипаттамасы

Итмұрын жемістеріне тән ерекше тәтті дәмі бар, қоюлау, біртекті, қызғылт-қоңыр түсті сұйықтық.


Фармакотерапиялық тобы

Басқа да препараттармен біріктірілген аскорбин қышқылы

АТЖ коды А11GB
Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Аскорбин қышқылы организм тіндерінде кең таралады. Плазма ақуыздарымен байланысуы 25 %-ға жуық. Аскорбин қышқылы дегидроаскорбин қышқылын түзіп қайтымды тотығады, бір бөлігі белсенді емес аскорбат-2-сульфатын және несеппен шығарылатын қымыздық қышқылын түзіп метаболизденеді.

Итмұрын жемісінің шәрбаты – өсімдік тектес дәрі.

Итмұрын жемістерінің фармакологиялық белсенділігі негізінен, витаминдер кешенімен (В тобы витаминдері, Е витамині, Р витамині, бетакаротин) және бірінші кезекте аскорбин қышқылымен анықталады. Аскорбин қышқылы (С витамині) тотығу-тотықсыздану үдерістеріне қатысады, күшті антиоксидант болып табылады. Гемоглобиннің түзілуіне, эритроциттердің жетілуіне әсер етеді, фолий қышқылының метаболизміне қатысады, ас қорыту жолында темірдің сіңіруін жоғарылатады, коагуляция үрдісіне қатысады, қылтамыр-протекторлық әсер береді. Сонымен қатар организмнің спецификалық емес төзімділігін көтермелейді, тіндер регенерациясы мен гормондар синтезін күшейтеді, тамырлар өткізгіштігін азайтады, көмірсу алмасуына қатысады, қабынуға қарсы қасиеттері бар. Итмұрында витаминдердің бай жиынтығы, сонымен қатар марганец, темір, мыс, кобальт, фосфор, магний, фенолды қосылыстар, пектиндер, лимон және алма қышқылдары басым микроэлементтердің бағалы кешені бар.


Қолданылуы

- С және Р гиповитаминозының алдын алу және емдеуде

- жедел және созылмалы жұқпаларда

- атеросклерозда

- нефритте

- жедел және созылмалы бауыр, ішек ауруларында

- асқазанның ойық жара ауруында, геморрагиялық диатезде, гемофилияда

- өкпеден және жатырдан қан кетуде

- антикоагулянттармен артық дозалануда

- гипертиреоз және бүйрек үсті бездері жеткіліксіздігінде

- жарақаттық шокта

- пневмонияда, бронхопневмонияда, бронхоэктаздарда


Қолдану тәсiлi және дозалары

Ересектерге ішке 1-2 ас қасықтан, 3-6 жасар балаларға 1 шай қасықтан, 6-12 жастағыларға 1 десерттік қасықтан күніне 2-3 рет. Сумен ішеді. Емдеу курсы 20-30 күн. Балаларға емдеу курсын емдеуші дәрігер анықтайды.


Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар

Жекелеген жағдайларда

  • диспепсиялық құбылыс (диарея)


Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдық

- қант диабеті

- өт-тас ауруы

- тромбоздар, тромбофлебиттер, эндокардиттер, қан айналымының жеткіліксіздігі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты қолдану кезінде пенициллин, тетрациклин топтары, темір дәрілік заттарының сіңуі жоғарылауы; гепарин мен тікелей емес антикоагулянттардың клиникалық әсері төмендеуі; салицилаттар және сульфаниламидтермен емдегенде кристаллурияның даму қаупі артуы мүмкін.


Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация

Итмұрын жемісінің шәрбатын жүктілік және емшек емізу кезінде ұсынуға болады.



Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.


Артық дозалануы

Қазіргі уақытта препараттың артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.


Шығарылу түрі және қаптамасы

Бақылау сақинасы бар бұрандалы металл қалпақшамен тығындалған стекломасса құтыға 125 мл препараттан құйылған.

Бақылау сақинасы бар бұралып кигізілетін немесе бекітілетін металл қалпақшамен тығындалған сұйық тағамдарға арналған шыны бөтелкелерге 250 мл препараттан құйылған.

Бөтелкелер мен құтылар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге гофрланған картон қорапқа салынған.


Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзiмi

1 жыл


Жарамдылық мерзiмi өткеннен кейiн қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз


Өндiрушi

«Химфарм» АҚ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,

Шымкент қ.,Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 561342
Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ


Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,

Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы standart@santo.kz




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет