Құрамы 50 мл препараттың құрамында белсенд і зат 0 г тырнақгүл (қырмызыгүл)



Дата09.06.2016
өлшемі68.5 Kb.
#124686
түріҚұрамы







Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және

фармацевтикалық қызметті

бақылау комитеті Төрағасының

2013 ж. “ 28 ” 01

№ 83 бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН



Дәрілік заттың медицинада қолданылуы

жөніндегі нұсқаулық
Қырмызыгүл тұндырмасы
Cаудалық атауы

Қырмызыгүл тұндырмасы



Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ
Дәрілік түрі

Тұндырма
Құрамы

50 мл препараттың құрамында



белсенді зат – 5.0 г тырнақгүл (қырмызыгүл),

қосымша заттар: 70% этил спирті.

Сипаттамасы

Сарғыш-қоңыр түсті, өзіне тән иісі, ащы дәмі бар мөлдір сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және басқа да зарарсыздандырғыш препараттар

АТХ коды D08 AX
Фармакологиялық қасиеттері

Қырмызыгүл гүлдері мен гүл себеті құрамындағы биологиялық-белсенді заттар (флавоноид және каротиноид гликозидтері, сапониндер, иіткіш заттар, эфир майлары, органикалық қышқылдар) қабынуға қарсы, микробқа қарсы және өт айдайтын қасиеттерге ие. Жалпы және жергілікті әсер етеді.


Қолданылуы

  • жұқпа түскен (іріңді) жарада, кесілгенде, тері жабындары күйгенде

  • ауыз қуысының ауруларында (гингивит, стоматит, пиорея, парадонтоздың қабыну-дистрофиялық түрі), баспа, фарингит

  • жатыр мойнының эрозиясында, трихомонозды кольпитте (кешенді ем құрамында)

  • өт шығу жолдары дискинезиясында, холангитте, холециститте (кешенді ем құрамында)


Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа. 1 шай қасығын бір стақан суға араластырады, күніне 3-4 рет шаю және сулау, күніне 2-3 рет бүркіп шаю үшін. Емдеу курсы 5-7 күн.

Өт айдағыш ретінде ересектерде бір қабылдауға 10-20 тамшыдан тамақтану арасында күніне 2-3 рет. Емдеу курсы 15-20 күн.

Жұқпаланған жараларда тұндырмаға малынған стерильді дәке тампонмен өңдейді.


Жағымсыз әсерлері

- препаратқа жеке жоғары сезімталдық


- аллергиялық реакциялар (терінің қызаруы, бөрту, қышыну)


Ішке қабылдағанда: ауыздың ащы дәм татуы, эпигастральді аймақта күйдіруді сезіну, іштегі аурудың күшеюі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың кез келген компонентіне жекелей сезімталдық

- 12 жасқа дейінгі балалар



- жүктілік, лактация кезеңі

- жедел гастрит, ойық жара ауруының өршу сатысы

- калькулезді холецистит

- созылмалы маскүнемдік


Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа да қабынуға қарсы және өт айдағыш дәрілердің (соның ішінде, түймедақ пен мыңжапырақ негізіндегі препараттардың) әсерін күшейтеді.



Айрықша нұсқаулар

Бауыр аурулары, маскүнемдік, ми аурулары кезінде сақтықпен тағайындаған жөн.

Препарат құрамында этил спиртінің болуына байланысты тұндырманы ішке ұзақ уақыт бойы пайдалануға болмайды.



Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді


Артық дозалануы

Анықталмаған


Шығарылу түрі және қаптамасы

50 мл препараттан бұрандалы қақпақпен немесе бақылау сақинасы бар металл қалпақшалармен тығындалған құтыларда.

Құтылар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге қораптық немесе гофрланған картоннан жасалған қорапқа салынады.
Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 18 оС-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі

3 жыл


Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз


Өндiрушi

«Химфарм» АҚ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Шымкент қ., Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы standart@santo.kz



Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ


Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Химфарм» АҚ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы standart@santo.kz




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет