|
|
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және
фармацевтикалық қызметті
бақылау комитеті Төрағасының
20___ жылғы “____” __________
№ _____ бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
|
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы
жөніндегі нұсқаулық
Мастодинон®
Саудалық атауы
Мастодинон®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар:
Agnus castus D1 (қасиетті витекс немесе авраам ағашы) 162.0 мг
Caulophyllum thalictroides D4
(марал оты тектес тәрізді сабақты жапырақ) 81.0 мг
Cyclamen D4 (еуропалық қоғажай) 81.0 мг
Ignatia D6 (чилибуха игнация) 81.0 мг
Iris D2 (алуан түрлі құртқашаш) 162.0 мг
Lilium tigrinum D3 (тарғыл лала гүл) 81.0 мг
қосымша заттар: картоп крахмалы, магний стеараты, лактоза моногидраты
Сипаттамасы Дөңгелек пішінді, жалпақ беткейлі, сарғыш түсті таблеткалар, сәл пигменттенуі мүмкін
Фармакотерапиялық тобы
Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар.
АТХ коды G02CX
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Біріктірілген препарат болып табылады, сондықтан кинетикалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік жоқ.
Фармакодинамикасы
Біріктірілген гомеопатиялық препарат. Допаминергиялық әсер көрсетеді, соның арқасында гипофиздің алдыңғы бөлігінен пролактин сөлінісі төмендейді. Осы орайда гонадотропты гормондар өндірілуі қалыпқа түседі, бұл сары дененің жеткіліксіз өндірілуін және сонымен байланысты етеккір оралымының бұзылуын және бедеулікті жоюға апарады. Пролактин мөлшері төмендегенде фиброзды-кистозды мастопатия тұсындағы патологиялық үдерістің кері дамуына алғышарттар жасалады. Бұл орайда емдік әсері 6 апта өткенде басталады.
Қолданылуы
- етеккір алдындағы синдром (мастодиния, сүт бездерінің кернеуі, психо-эмоциялық орнықсыздық, іш қатулар, ісінулер, бас ауыру, бас сақинасы)
- мастопатия
- етеккір оралымының бұзылулары
Қолдану тәсілі және дозалары
Аздаған сұйықтық мөлшерімен, шайнамай, күніне 2 рет (таңертең және кешке) 1 таблеткадан қабылдау керек.
Ұтымды емдеу әсеріне жету үшін Мастодинонды® 3 айдан кем емес (соның ішінде етеккір кезінде) қабылдау ұсынылады.
Егер белгілер 3 айдан асатын ұзақ уақыт бойы емдегеннен кейін де сақталса, дәрігермен кеңесу керек.
Жағымсыз әсерлері
Болуы мүмкін:
- аллергиялық реакциялар (бөртпе, есекжем, беттің ісінуі, ентігу, жұтудың қиындауы),
- бас ауыру, бас айналу, акне,
- асқазан-ішек бұзылыстары (жүрек айну, іштің ауыруы).
Аллергиялық реакцияның алғашқы белгілері білінгенде Мастодинон®
препаратының таблеткаларын қабылдауды тоқтату қажет.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық
- тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, Lарр-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Қасиетті Витекстің допамин (симпатикалық жүйке жүйесінің гормоны) және әйелдердің жыныс гормондары өндірілуін көтермелеуі мүмкін екеніне орай, осы үлгіде жұмыс жасайтын дәрілік препараттардың әсерінде аздаған өзгерістер болуы жоққа шығарылмайды.
Айрықша нұсқаулар
Мастодинонның әсер ету механизмінде гормональді теңгерімді үйлестіру қамтылады, оған 3 айға дейін қажет болады. Осы кезең ішінде етеккірлік бұзылыстар болуы мүмкін. Эстрогенге тәуелді ісіктерден зардап шегетін немесе зардап шеккен емделушілер Мастодинон® таблеткаларын қабылдамас бұрын дәрігермен кеңесуі тиіс.
Допаминнің (симпатикалық жүйке жүйесінің гормоны) немесе әйелдердің жыныс гормондарының өндірілуіне ықпалы бар препараттар қабылдайтын емделушілерге Мастодинон® таблеткаларын қабылдар алдында дәрігермен кеңесу керек.
Мастодинон® таблеткаларын қабылдау кезінде клиникалық симптоматика арта түсетін болса, дәрігермен кеңескен жөн.
Гипофизарлық бұзылыстары бар емделушілерге Мастодинон® таблеткаларын қабылдар алдында дәрігермен кеңесу керек. Егер Сізге өзіңіздің белгілі бір қант түрлерін көтере алмаушылықтан қиналып жүргеніңіз белгілі болса, препарат қабылдар алдында дәрігермен кеңесіңіз.
Гомеопатиялық емдеу кезінде шылым шегу және алкоголь тұтыну сияқты зиянды әдеттердің гомеопатиялық препарат тиімділігіне теріс әсер ететіні белгілі.
Педиатрияда қолданылуы
Препаратты қолдану тәжірибесінің жеткіліксіз екеніне орай, 12 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолданылмайды.
Мастодинон® жыныстық жетілу кезеңінде жүйелі етеккірлер басталғанша қолданылмауы тиіс.
Жүктілік және лактация кезеңінде қолдану
Мастодинон® таблеткаларын жүктілік және лактация кезеңінде қабылдауға болмайды. Жануарларға жасалған тәжірибелер сүт өндірілуінің азайып кететінін көрсетті.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік басқару және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпал етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: препараттың үлкен дозаларын қабылдағаннан кейін лактоза көтере алмаушылығы бар емделушілерде болатын асқазан-ішек жолының бұзылыстары немесе іш жүргізу әсері.
Емі: препаратты тоқтату, белгілеріне қарай емдеу.
Шығарылу түрі және қаптамасы
20 таблеткадан алюминий фольгадан және ПВХ, ПЭ, ПВДХ үлбірінен жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
3 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Құрғақ және жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Бионорика СЕ, D-92308 Ноймаркт/Германия
Тіркеу куәлігінің иесі
Бионорика СЕ, D-92308 Ноймаркт/Германия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Bionorica SЕ /Бионорика СЕ/» өкілдігі
Алматы қ., «Главпочтамт», а/ж № 200, тел.: 250-93-99
e-mail: info@bionorica.kz
Достарыңызбен бөлісу: |