|
|
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және
фармацевтикалық қызметті
бақылау комитеті Төрағасының
2011 жылғы “ 1 ” 06
№ 291 бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
|
Дәрілік заттың медицинада
қолданылуы жөніндегі
нұсқаулық
АСПАРКАМ
Саудалық атауы
Аспаркам
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: 175.0 мг магний аспарагинаты тетрагидраты (D,L- аминоянтар қышқылы тетрагидратының магний тұзы),
175.0 мг калий аспарагинаты ½ гидраты (D,L-
аминоянтар қышқылы ½ гидратының калий тұзы),
қосымша заттар: картоп крахмалы, тальк, коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил), кальций стеараты.
Сипаттамасы
Жалпақ цилиндр пішінді, ақ түсті таблеткалар. Таблетканың бір жақ бетінде кертігі және бөлетін сызығы, басқа жақ бетінде кертігі және фирманың крест түріндегі логотипі бар.
Фармакотерапиялық тобы
Минералды үстемелер. Басқа да минералды заттар.
АТЖ коды А12СХ
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Калий және магний аспарагинаттары АІЖ-ға жақсы сіңеді, тіндерге және ағзаларға таралады және цитозольға өтеді, онда калий мен магний деңгейлері едәуір жоғарылайды.
Фармакодинамикасы
Аспаркам - калий (K+) және магний (Mg2+) көзі, метаболизм үдерістерін реттейді, электролиттік тепе-теңдіктің қалпына келуіне мүмкіндік береді, аритмияға қарсы әсер етеді. K+ жүйке талшықтары бойымен импульстардың жүруіне де, сондай-ақ синаптикалық берілімдеріне де, бұлшықеттердің жиырылуын жүзеге асыруға да, жүрек қызметінің қалыпты болуын сақтауға да қатысады. K+ алмасудың бұзылуы жүйкелердің және бұлшықеттердің қозғыштығының өзгеруіне әкеп соғады. Белсенді иондық тасымалдау плазмалық мембрана арқылы K+ жоғары градиентін демейді. K+ аз дозаларда коронарлы артерияларды кеңейтеді, үлкен дозаларда – тарылтады. Теріс хроно- және батмотроптық, жоғары дозаларда теріс ино- және дромотроптық, сондай-ақ орташа диуретикалық әсер береді. Mg2+ ферменттік 300 реакцияның кофакторы болып табылады. Энергияның түсуін және жұмсалуын қамтамасыз ететін үдерістерде алмастыруға келмейтін элемент. Электролиттердің тепе-теңдігіне, иондардың тасымалдануына, мембраналардың өткізгіштігіне, жүйке-бұлшықет қозғыштығына қатысады. ДНҚ (пентозофосфаттық) құрылымына енеді, РНҚ синтезіне, тұқым қуалау аппаратының қызметіне, жасушаның өсуіне, жасушалардың бөліну үдерісіне қатысады. Күйзеліс кезінде катехоламиннің шамадан тыс босап шығуын шектейді және болдырмайды, липолиз және бос май қышқылдарының босап шығуы мүмкін. Жасушаға K+ енуіне мүмкіндік береді. Аспарагинат K+ мен Mg2+ иондарының жасушаішілік кеңістікке енуіне мүмкіндік береді, фосфаттардың жасушааралық синтезін стимуляциялайды.
Қолданылуы
- организмде калий мен магний тапшылығынан, жүрек гликозидтерімен уланудан болатын аритмияларда
- қарыншалық экстрасистолияларда, жүрекшелердің жыпылықтау пароксизмдерінде
- қан айналымының жеткіліксіздігінде
- жүректің ишемиялық ауруында
- гипокалиемияда, оның ішінде ілмектік диуретиктерді, іш айдағыш дәрілерді, глюкокортикостероидтарды қолданған кезде болатын гипокалиемияны түзетуге
Қолдану тәсілдері және дозасы
Тамақтанудан кейін ішуге тағайындайды. Ересектер үшін бастапқы дозасы әдетте 2–3 апта бойы тәулігіне 3 рет 1–2 таблетканы құрайды, содан кейін дозаны демеуші доза – тәулігіне 3 рет қабылданатын 1 таблеткаға дейін төмендетеді. Профилактикалық дозасы – 3–4 апта бойы тәулігіне 3 рет қабылданатын 1 таблетка. Қажет болған кезде емдеу курсын қайталайды.
Педиатрияда қолданылуы
Балаларға қолдану тәжірибесі жоқ.
Дозасын және емдеу ұзақтығын дәрігер әр адамға жеке анықтайды.
Жағымсыз әсерлері
Сирек
- жүректің айнуы, құсу, диарея, іштің ауыруы
- беттің қызаруы
- шөлдеу
Өте сирек
- ауыз ішінің құрғауы, асқазан-ішек жолының шырышты қабығының жара болуы, АІЖ ағзаларынан қан кету, метеоризм
- AV тосқауылы, брадикардия
- парестезиялар
- бас айналу
- артериялық қысымның төмендеуі
- гипорефлексия
- жүйке-бұлшықет тосқауылы
- тыныстың тарылуы
- құрысулар
- гиперкалиемия, гипермагниемия
- терінің қышуы
- тершеңдік
Болуы мүмкін
- іш тұсы аймағында жағымсыз сезінулер немесе ашу сезімі
(холециститпен және анацидті гастритпен ауыратын емделушілерде)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдықта
- гиперкалиемияда
- гипермагниемияда
- миастенияда
- бүйрек қызметінің жедел ағымды және созылмалы жеткіліксіздігінде
- II–III дәрежелі атриовентрикулярлық тосқауылда
- айқын артериялық гипотензияда
- гемолизде
- Аддисон ауруында
- анурияда
- 18 жасқа дейінгі балаларға.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Жүрек гликозидтеріне сезімталдықты төмендетеді. Миокардта трофикалық үдерістерді стимуляциялайтын дәрілік заттардың әсерін күшейтеді. Аспаркамды калий жинақтаушы диуретиктермен және/немесе ангиотензинге өзгертуші фермент тежегіштерімен, гепаринмен, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілік заттармен бір мезгілде қолданған кезде гиперкалиемияның және гипермагниемияның даму қаупі артады. Тетрациклиннің, темір тұздарының сіңуін тежейді. Стрептомициннің тиімділігін төмендетеді. Кальций препараттары аспаркамның тиімділігін төмендетеді.
Айрықша нұсқаулар
Ұзақ қолданған кезде қандағы калий мен магний деңгейлерін, ЭКГ көрсеткіштерін бақылап отыру керек. Калий препараттары ішке қабылдаған кезде асқазан-ішек жолының шырышты қабығын тітіркендіруі мүмкін екендігін ескеріп, препаратты ашқарынға қабылдамау керек. Бүйрекүсті безі қызметінің жеткіліксіздігі бар емделушілерде гиперкалиемияның даму қаупі артады.
Педиатрияда қолданылуы
Препаратты балаларға қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі жөнінде деректер жоқ.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты жүктілік және емшек емізу кезеңінде оны қолданудың пайдасы ұрық/нәресте үшін қаупінен басым болған жағдайда және дәрігердің бақылауымен тағайындайды.
Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Препараттың көлікті басқару қабілетіне және қауіпті қызмет түрлерін орындауға ықпалы жөнінде деректер жоқ, бірақ дәрілік заттың жағымсыз әсерлерін ескеріп, сақ болған жөн.
Артық дозаланғанда
Орташа емдік дозадан асатын дозаларда қолданған кезде гиперкалиемия және гипермагниемия симптомдары өршуі мүмкін. Бұл құбылыстар әдетте препарат дозасын азайтқан кезде немесе оны тоқтатқан кезде жоғалады.
Емдеу. Көктамыр ішіне кальций хлоридін енгізу, қажет болған кезде –гемодиализ, перитонеальдық диализ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.
Пішінді ұяшықты қаптамалар картон қорапқа медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Химфарм» АҚ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,
Шымкент қаласы, Рашидов көшесі, н/сіз, т/ф.: 561342
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Химфарм» АҚ, Шымкент қаласы, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,
Рашидов көшесі, н/сіз, т/ф: 560882
Телефон нөмірі: 7252 (561342)
Факс нөмірі: 7252 (561342)
Электронды поштасы: standart@santo.kz
Достарыңызбен бөлісу: |