таралған. Сондықтан да оның минералдары (дала шпаттары, слюдалар,
амфиболдар, пироксендер) жиі кездеседі. К/Аг әдісі арқылы 100000
жылдан
миллиард жылға дейінгі аралықта тау жыныстарының жасын
анықтауға
болады.
3. Рубидий-стронцийлық әдісі —
рубидий изотопынын, (87КЬ)
стронций изотопына (87Sг) айналуына негізделген. Рубидий (шашыранды
түрде) калийлі минералдардың (слюдалар, калийлі дала шпаттары)
құрамында кездеседі.
4. Көміртегілік әдіс — органикалық қазба қалдықтарының
құрамындағы көміртегінің радиоактивтік изотопын (14С) анықтауға
негізделген. Бұл изотоп атмосфера қабатында ғарыштық сәулелердің азотқа
тигізген әсеріне байланысты кұралады. Кейінірек олар тірі организмдермен
жұтылады. Өлі организмнің құрамында олар белгілі бір жылдамдықпен (5730
жыл) ыдырайды. Бұл әдіс төрттік дәуірде
құралған жыныстардың жасын
анықтауға және археологиялық зерттеужұмыстарын жүргізуде кеңінен
қолданылады. Радиологиялық әдістерді қолдану нәтижесінде жер қыртысын
құрайтын көптеген тау жыныстарының жасын
анықтауға мүмкіндік туды. Осы зерттеулерге сүйене отырып,
жер қыртысы
осыдан 3,6—4,6 млрд. жылдар бұрын түзілгенін; Жердің геологиялық жасы
4,6 млрд., ал планеталық жасы — 6,5—7 млрд. жылдар шамасында
болатындығын анықтауға болады. Салыстырмалылық
және абсолюттік жыл
санау әдістері негізінде жасалған геологиялық уақыт шкаласы V. 1-
кестесінде берілген. Докембрийлік эралардын, абсолюттік жасы Б. С.
Соколовтың зерттеулері бойынша, ал палеозой, мезозой және
кайнозой эраларынын, жасы Ж. Оден зерттеулері бойынша берілген.
Ұсылған әдебиеттер.
1. Горшков Г.П. Якушева А.Ф. “Жалпы геология”
2. Карлович И.А “Геология”
3. Павлинов В.Н “Жалпы геология бойынша лабораториялық жұмыстарға
арналған қосымша оқу әдістемелігі”