Құрамы жөнінен бұл көміртегі мен сутегінен бөлек оттекті, күкіртті, азотты қосылыстардың, көмірсутектердің (алкандар, циклоалкандар, арендер) мен басқа да химиялық заттардың күрделі



бет1/6
Дата29.12.2022
өлшемі27.02 Kb.
#468037
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6
Мұнайдың химиялық құрамы


Мұнайдың химиялық құрамы
Мұнайдың жер бетіне шығуын Каспий теңізінің жағалауында 500 жыл бұрын, ал газдың жер бетіне шығуын Кавказда және Орталық Азияда біздің заманнан 6 мың жыл бұрын ғалымдар байқаған. Мұнай өндірістік мәнге XVIII ғасырдан бастап ие бола бастады.Мұнай – жердің қалдық қабатына көп тараған сұйық, жанғыш минерал. Мұнай және одан жер бетіне бөлінетін табиғи өнімдер – асфальттар және битумдар адам баласына көптен белгілі. XVIII ғасырдың соңынан бастап мұнай өңдеудің өнімі – керосинді үйлерді және көшені жарықтандыруда пайдалана бастады, ал ХІХ ғасырдан бастап ішкі жану қозғалтқыштарын ойлап табуға байланысты мұнай өнімдері әр түрлі жол көліктерінде негізгі отын болды.
Мұнай құрамы жөнінен – бұл көміртегі мен сутегінен бөлек оттекті, күкіртті, азотты қосылыстардың, көмірсутектердің (алкандар, циклоалкандар, арендер) мен басқа да химиялық заттардың күрделі қоспасы болып саналады. Мұнай – сыртқы көрінісі бойынша май тәрізді сұйықтық. Мұнайдың түсі ондағы шайыр заттарының мөлшеріне және құрылымына байланысты: қара, қызыл-қоңыр, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; судан жеңіл және суда ерімейді; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.
Мұнай жер қыртысында 1,2 – 2 км тереңдікте немесе одан да тереңіректе және теңіз тұбінде де кездеседі.
Оның тұтқырлығы оның құрамына байланысты, бірақ барлық жағдайда судың тұтқырлығынан жоғары. Мұнай – жанғыш зат, оның жану жылуы пайдалы қазбаларға қарағанда (көмір, торф) жоғары. Мұнайдың қатты жанғыш қазбалардан айырмашылығы: күлі аз болады. Мұнайдың түзілуін анықтау қазіргі ғылымның ең күрделі проблемасы болып табылады. Геологтар мен химиктердің басым көпшілігі мұнайдың түзілуінің органикалық теориясын жақтайды, бірақ кейбір ғалымдар мұнайдың анорганикалық заттардың әр түрлі химиялық өзгерісінің нәтижесінде табиғатта абиогенді тәсілмен түзілуін жақтайды. Мұнайдың анорганикалық түзілу теориясын алғашқылардың бірі болып Д.И.Менделеев 1877 жылы ұсынды. Оның жорамалы бойынша, мұнай көмірсутектері жер астында металл карбидтерінің сумен әрекеттесуі нәтижесінде түзіледі. Бірақ мұнай құрамындағы көптеген әр түрл құрылымды көмірсутектердің пайда болуын карбид теориясымен түсіндіру мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет