Құрамы мен қасиеттері, ауаның жер бетіне таралу жолдары туралы білімін-біліктерін арттыру. Ауа туралы ұғымдарын бекіту



Дата01.07.2016
өлшемі46 Kb.
#169931
түріСабақ
Тақырыбы: Таза ауа - денсаулық кепілі

Мақсаты: Оқушыларға таза ауаның денсаулық үшін маңыздылығын ұғындыру

Міндеттер:

1) Оқушылардың ауаның құрамы мен қасиеттері, ауаның жер бетіне таралу жолдары туралы білімін-біліктерін арттыру. Ауа туралы ұғымдарын бекіту.



  1. Сын тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.

  2. Табиғатты қорғай білуге, ауаны ластамауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: саяхат, түсіндіру, сұрақ – жауап, проблемалық

Көрнекілігі: Табиғат көріністері, завод, фабрикалардың суреттері, сұрақтар, жауаптары (слайд арқылы беріледі)

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

  • Бізге тамақ не ушін қажет?

  • Үлкен болып өсу үшін!

  • Жарық не үшін қажет?

  • Айналаны көру үшін!

  • Су не үшін қажет?

  • Сусынымыз қану үшін!

  • Ауа не үшін қажет?

  • Демалуымыз үшін!

  • Ендеше ауа туралы не білетінімізді еске түсірейік


ІІ. Үй тапсырмасы

Үстел үстінде жатқан қима қағазда сұрақтар берілген, соларға жауап беру:

1. Ауа қай жерлерде болады?

- затта, топырақта, суда, денеде болады

2. Жан-жағымыздан қоршаған ауаны неге көрмейміз?

- ауа: түссіз, мөлдір

3. Ауаның қасиеттерін ата.

- жылуды нашар өткізеді, ауа қызғанда көлемін ұлғайтады, суынғанда кішірейеді

4. Ауа қалай жылынады?

- Ауа түссіз, мөлдір болғандықтан күн сәулелерін тез өткізіп жібереді, одан тікелей қызбайды. Күн сәулелері жер бетін, топырақты қыздырады. Жылу ауаға таралады. Сондықтан ауаның жер бетіне таяу қабаты жақсы жылынады да биіктеген сайын жылу бірте-бірте азаяды.

5. Жел қайдан пайда болады?

- Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысқанынан пайда болады.


ІІІ. Өзектілігі.

  • Бүгінгі сабағымыз сырттай саяхат түрінде өтеді. Саяхатқа «Ой кемесіне» отырып аттанамыз. Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз «Таза ауа - денсаулық кепілі» деп аталады. Саяхат барысында ауаның денсаулыққа пайдасы туралы байқаймыз. Қане, дұрыстап отырып, жолға шығайық. Тақтадан мақсаты көрсетіледі.

  • Дәптерлеріңе бүгінгі күнді, сабақтың тақырыбын жазып қоямыз.


ІY. Негізгі бөлім.

Бірінші аялдама:

«Тарихи деректер»

Ауаның құрамын алғашқы рет француз ғалымы А. Лавуазье 1774 жылы анықтады.

ХҮІІІ ғасырға дейін табиғат зерттеушілер реакция кезінде түзілетін газдардың барін «ауа» деп ойлаған. Тек ХҮІІІ ғасырдың аяғында ғана ауа – газдар қоспасы екендігі анықталған.


«Химиялық деректер»

Ауа дегеніміз - әр түрлі газдардың қосындысы. Көлемі бойынша ауада 78% азот, 21% оттек, 1 инертті және басқа газдар. Инертті элементтердің молекулалары бір атомнан тұрады.



«Географиялық деректер»

Жер шарын жан – жағынан атмосфера деп аталатын ауа қабығы қоршап жатыр. Ол – жердің ең сыртқы қабығы. Ауаның жұқа қабаты түссіз болады. Атмосфера үш қабаттан тұрады: тропосфера, стротосфера, атмосфераның жоғарғы қабаты



«Биологиялық деректер»

Ауа жер ғаламшарының белсенді тіршілігі бар аймағы - биосфераның маңызды бөлігі. Атмосфера күн әулелерін шашыратып, жайып тарататындықтан, күндіз жер беті қатты қызып кетпейді.



«Экологиялық деректер»

Табиғаттың әр – түрлі құбылыстарында мысалы, жер сілкініінде, жанартау атқылағанда,

Отын жанғанда, завод, фабрикалар жұмыс істеп тұрғанда аз мөлшерде кездейсоқ газдар ауаға таралуы мүмкін. Ал көмір бензин және т.б. отындар толық жанбаса атмосфераға күйе, иіс газы, тағы басқа газдар таралады.Ұшақ пен космостық ракета қозғалтқыштары да атмосфераға улы газдар таратады, бұл газдар да қоршаған ортаның бүлінуіне әкеліп соғады.

Екінші аялдама

Ү. Кітаппен жұмыс

- Кәне, бәріміз тақтаға қарайық! Міне, үлкен мекемелердің ауаны ластауы. Түтіннің ауаға тарауы, табиғатты ластауы, көліктердің түтіндерінің ауаға таралуы, осының бәрі адам денсаулығына зиян.

Кітаптан оқушыларға оқыту.

Cұрақ –жауап арқылы мәтінді талдау.



  1. Адам ағзасының қай мүшесіне зиянын тигізеді?

  2. Таза ауа қай жерлерде болады?

  3. Ауаның тазалығын сақтау үшін кәсіпорындардың мұржаларына не орнатылады?

  4. Ауаны тағы нелер ластауы мүмкін?

  5. Өсімдіктің пайдасы?


Үшінші аялдама.

ҮІ. Сергіту сәті.

Керілу - тыныс алу – дем шығару.

Жанға созылған екі қолды жұдырық түйілген күйі ию және қайта жазу.
Осы қалыпта тұрып екі иықты кезек қозғау.

Екі қолды түзеген күйде көтере айналдыру.

Екі қолды алма – кезек алға қарай сілтейді.
ҮІІ. Дәптермен жұмыс.


  • Сен өз жеріңде таза ауа сақталу үшін қандай қолайлы жағдайлар жасар едің?

  • Осы туралы дәптерлеріңе қысқаша ойларынды жаза қойындар.

Оқыту, пікірлерін тыңдау.

Төртінші аялдама

ОБСЕ – туралы мәлімет. Арал теңізі туралы ақпарат беру.

Суреттерін тақтадан көрсету.

Сонымен соңғы аялдамада тоқтап «ой кемесінде» отырып білгендерімізді айтайық.



ҮІІІ. Қорытынды

Көшеттер отырғызу арқылы әр көшеттің тапсырмасын орындайды.

  1. Лас ауаның денсаулыққа зияны.

  2. Орман, теңіз, өзен, таза ауа!

  3. Көліктердің газ бөлуі арқылы ауаның ластануы.

  4. Завод, фабрикалардағы түтін.

  5. Өсімдік - табиғатқа қорғаныс.

  • Міне, осындай табиғатта өмір сүруге ат салысайық, табиғатты қорғайық, ағаштар, өсімдіктер отырғызайық! Адамдарға, жасөспірімдерге тек таза ауада дем алып, денсаулықтарын сақтауға тілектес болайық!

Мақал - мәтелдер

Ерлік білекте емес, жүректе

Асқар таудың ауасы – аурудың дауасы.

Отан үшін күрес- елге тиген үлес



ІХ. Үйге тапсырма

75 бетті оқып, ауа туралы ақпараттар жинап әкелу



Х. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет