Құрамындағы көміртегі химиялық қосылыс, цементит Fe



бет2/3
Дата06.03.2024
өлшемі202.76 Kb.
#494558
түріҚұрамы
1   2   3
7 лекция

7.2 Аса берік шойын

Кристалдану кезінде құйма құрылымында пайда болатын шар тәрізді графиттен тұратын шойын аса берік шойын аталады (7.2- сурет).


Шар тәрізді графитті алу үшін сұйық металға магний (0,03-0,07%) енгізіліп шойынды модификаттайды. Магнийдің әсерінен кристалданған графит тілікшелі емес шар тәрізді болып қалыптасады.
Шар тәрізді графитті шойындар металдық негізін әлсіретпейді, жоғары механикалық қасиеттерімен қатар құймалық қасиетін де жоғалтпайды, тозуға төзімді, сұр шойыннан берік және созымтал.

а – ферритті; б - ферритті-перлитті; в – перлитті
7.2- сурет. Аса берік шойынның микроқұрылымы, (х 300).

Аса берік шойын BЧ әрпімен маркіленеді. Әріптерден кейін беріктік шегінің оннан бір мегапаскальді көрсететін цифр қойылады. Мысалы, ВЧ45, в  450 МПа; ВЧ35, BЧ 45, BЧ 50, BЧ 60, BЧ 70...


Аса берік шойыннан жауапты тетіктер, мысалы автокөлігіне иінді білік, цилиндр қақпақтары, басқа құймалы тетіктер; ауыр машина жасауда - илемдік орнақтың көп тетіктері, ұсталық баспақтау жабдықтары; химиялық және мұнайлық өндірістерінде – сорғы, желдеткіш тұрқылары, т.б. жасалынады.

7.2- кесте. Аса берік шойынның механикалық қасиеттері (МСТ 7293-85).





 Маркісі

в, МПа

δ, %



НВ, МПа

Металдық негізінің құрылымы

ВЧ 35
ВЧ 45
ВЧ 50 

ВЧ 60
ВЧ 80



350
450
500 

600
800



-
-
-

-
-



1400-1700
1400-2000
1710-2410 

2000-2800


2500-3300

Феррит + аздаған перлит
Перлит + аздаған феррит





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет