Құран аяттарында жасырынған географиялық заңдылықтар Сарқытқан Қастер Абай атындағы ҚазҰпу магистрантура және докторантура институты ұстазы



Дата23.02.2016
өлшемі96.83 Kb.
#3110
Құран аяттарында жасырынған географиялық заңдылықтар

Сарқытқан Қастер
Абай атындағы ҚазҰПУ

магистрантура және докторантура

институты ұстазы

8-702-586-1828

География (грек. ge — Жер және graphо — жазу) — Жердің географиялық қабығындағы табиғи-аумақтық және аумақтық-өндірістік кешендерін және олардың құраушыларын зерттейтін жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар жүйесі/1/. Оның басты зертеу міндеті — табиғат шарт-жағдайлары мен табиғи ресурстарының орналасуын сондай-ақ олардың адамзат өндірісі мен тұрмысына әсерін зерттеу, әрі оларды тиімді пайдаланудың, өндіргіш күштерін тиімді орналастыру мен дамытудың, табиғатты қорғау мен қалпына келтірудің ғылыми негіздерін жасау болып табылады. География ғылымы ертеден келе жатқан қайнары тереңдегі, байырғы ғылым саласы, ол уақыт өткен сайын зерттеу аясы кеңейіп, қарастыратын тақырыбы да күрделеніп, өз ішінен көптеген тармақ салаларға бөліңніп келеді. Олардың ішінде ерекше аталатындар: жаратылыстану география ғылымдары (физикалық география, жердің географикалық қабықтарын тану ғылымы, тапырақтану, климотология, гляциология, гидрология, океанология, палеография) және қоғамдық географиялық ғылымдар (әлеуметтік-экономикалық география, тарихи география). Кейде географиялық картографияны да, геолонияны да жеке ғылым ретінде бөліп қарастырады/2/.

Қорыта айтқанда, география ғылымы кеңістіктен жер бетіне, жер бетінен жердің түпсіз тереңіне дейінгі барлық тіршілік иелеріне, ресурстарға, аспан денелеріне, ондағы құбылыстар мен әрекеттерге және олар арасындағы заңдылықтарға қатысты кешенді ғылым жүйесі болып табылады. Олай болса, ғаршы, атмосфера, жер бетіндегі жаратылыстар туралы ешбір ғылым дәл осы география ғылымындай жан-жақты әрі бір-бірімен байланысты түрде зерттеу жасаған емес, себебі, әр бір ғылым саласының өзіне тән зерттеу бағыты бар, олар сол негізде тереңдете зерттеумен айналысады. Ал география ғылым аралық сипатқа ие болып барлық жаратылыстану және қоғамдық бағыттағы ғылымдармен тығыз байланысты дамып келеді.



География ғылымының осындай ерекшелігін ескере отырып ғарышының және жер мен жер бетіндегі тіршіліктің қалыптасып даму жағдайын ұзақ жыл ғылым саласында үстемдік етіп келе жатқан теориялар мен құран сөзін салыстыра отырып талдауды жөн санадым. Алайда, шағын мақалада тұтас ғылымды және қасиетті құран аяттарын толық саралау мүмкін емес екендігі анық, деседе, басты-басты, шоқтығы биік ұстанымдарға тоқталып көрейік. Алдымен сөз басын жердің пайда болуынан бастайық. Ғылыми деректер бойынша Күн жүйесіне жататын Жер ғаламшары бұдан 4,5—5 млрд жыл бұрын газды-шаңды тұманнан пайда болған. Ол газ-шаңды тумандар қатты жарылыс салдарынан жан-жаққа бытырай ұшқан денелер еді. Мұндай газды- шаңды материя қазіргі кезде жұлдызаралық кеңістікте де кездеседі/3/. Ол туралы ақиқатты құран аяттарынан да кездестіруге болады. Әнбия сүре, 30 аят: Кәпірлер соны көрмей ме, анығында, көк пен жер бір бүтін дене еді. Біз оларды айырып, ажыратып жібердік-дейді. Демек аспан денелерінің пайда болуында күшті жарылыстың себеп болғандығы анық. Алайда, болған жарылыста ешбір жоспарсыз, мақсатсыз және ретсіз болмаған, олай дейтініміз осы жарылыстан пайда болған аспан денелерінің үлкен-кішілігі, тығыздығы, көлемі бәрі де әуелде дәл есептелгені анық. Сөзімізге дәлел ретінде Тә­бә­рак сү­ре­сіне үңілсек: Же­ті қа­бат аспан­ды бір-бі­рі­не үй­ле­сім­ді етіп жа­рат­қан – Ол Аллаһ. Рах­ман­ның жа­ра­ту­ын­да еш­бір ақау, жүйе­сіз­дік кө­ре ал­май­сың. Сал кө­зің­ді, кө­ре ала­сың ба бір ақау? Сосын кө­зің­ді қай­та-қай­та бұ­рып қа­ра! Кө­зің еш­бір ақау та­ба ал­ма­ған­дық­тан шар­шап, тал­ған күйде са­ған қай­та ора­ла­ды –делінген/4/. Осы аяттан-ақ ас­пан денелерінің орналасуында ғажайып дәлдік пен тәртіптің ең жоғары, керемент нәтижесін Алла тағала өзі айтып тұр. Ас­пан әле­мінің сондай есеппен жасалғандығын белгілі дін танушы ғалым Қайрат Жолдыбайұлы да өзінің «Ақиқат шуағы»-атты еңбегінде: Сан­сыз пла­не­та­лар мен жы­мың­да­ған жұл­дыз­дар бір-бі­рі­мен қақ­ты­ғыс­пай өте жіңіш­ке есеп­пен, өте ке­ре­мет жүйе­мен мил­лиард жыл­дар бойы іс­теп тұр. Бұ­лар­ды бір-бі­рі­мен қақ­ты­ғыс­тыр­май, осын­ша жыл­дар бойы іс­ке қо­сып тұр­ған күш қан­дай күш? «Тарты­лыс» кү­ші де­лік. Тар­ты­лыс кү­шін­де­гі нә­зік те ғажай­ып те­пе-тең­дік­ті ұс­тап тұр­ған тыл­сым құ­ді­рет қан­дай құді­рет? Егер бір пла­не­та­ның тұ­рақ­ты тар­ты­лыс күші бір ме­зет кез­дей­соқ­тық­тың әсе­рі­нен азай­са не­ме­се кө­бей­се, көк әле­мі қа­лай тас-тал­қан бо­ла­рын бір сәт ойлан­ды­ңыз ба? Бар­лық пла­не­та­лар мен жұл­дыз­дар­дың үл­кен­ді-кі­ші­лі кө­лем­де­рі мен бір-бі­рі­нің ара-қа­шық­тық­та­ры­на қа­рай өзін­дік тар­ты­лыс күш­те­рі бар. Тар­ты­лыс кү­шін­де­гі бұл есеп, кез­дей­соқ­тық­тың емес, ар­найы бір Ұлы құ­ді­рет­тің жа­рат­қа­нын мең­зейді-деп өте тұжырымды етіп бейнелеген/5/. Осы дәлдік жер бетінде тіршіліктің пайда болуы үшін ғарыштық және аспан денелерінің табиғи алғышарттары негізінде жасалған. Себебі, олардың өзіне тән сиымдылығы мен қасиеті болу тиіс. Егер шамадан тыс үлкен болса, табиғи радиоактивті заттардың атомдық ыдырауынан бөлінген энергияның әсерінен ол денелер өте кызып кетеді де қоршаған ортаның ластануына әкеп соғады. Ал көлемінің аса кіші болуы айналасындағы атмосфера қабатын ұстап тұруға мүмкіндік бермейді. Ал атмосфераның шалаң немесе мүлде болмауы тіршіліктің болмауына себеп болады.

Ал енді ғарыш кеңістігіндегі аспан денелерінің қозғалысына келейік, кеңістіктегі денелердің қозғалыста болатындығын бүгінгі ұрпақ біледі. Не үшін қозғалыста болады? Оның басты себебі жер шары сияқты аспан ғалам шарларында тіршіліктің пайда болуы үшін алғы шарт дайындау және сол тіршілікті тұрақты түрде қажеттіліктермен қамтамысыз ету үшін керек. Ғаламшарлар жұлдыздарды орбита бойынша айнала қозғалуы аркылы тұрақты түрде және біркелкі мөлшерде өзіне қажетті энергия алып тұрады. Бұл энергия ағысы бір калыпты жұмыс жасау арқылы жылу, жарық, жел және су айналымы сияқты толып жатқан құбылыстарды реттеп туындатып, таратып жер бетінде тіршіліктің пайда болуы мен дамуы мүмкіндік беріп келеді. Бұған Хажр сүресінің 22 аятын мысал ретінде алуға болады. Онда: Біз желді қозғап айдаушы етіп жібердік онан аспаннан су түсіріп, сендерді сонымен суардық, сендер ол суды топтап алуға шамасыз едіңдер-деп адам баласы үшін осы ризықтардың жасалғандығы сөз болады. Әнбия сүреб 32 аяттында: Біз аспанды қорғалған, қауіпсіз бір төбе етіп жараттық-дейді/6/. Демек, аспан кеңістігінің жаратылысында тіршіліктің пайда болуы мен дамуы әуелде толық қорғалған және қамтамасыз етілген деп пайымдауға болады.

Ал жер бетінде тіршілік қалай пайда болған ? енді осы мәселеге кезек берейік. Ғылымда эволюциялық процесті ертедегі тіршілік иелерінің негізінде зерттейтін палеонтология деп аталатын ғылым саласы бар. Ол бойынша жер қабатындағы тасқа айналып сақталып калған организмдердің каңқа қалдықтарын зерттеу арқылы геологиялық қабаттар мен жер тарихының шежіресін қарастырады. Әрбір геологиялық заманның өзіне тән өсімдіктері мен жануарларының қалдықтары мен тау жыныстарының қабатының жасын айыру үшін геохронология әдіс колданылады. Осы әдіс бойынша жасалған кестеде ең алғашқы Архей геологиялық эрасында алғашқы қарапайым теңіз ағзаларының пайда болғандығын, одан кейінгі палезой эрасында өсімдіктердің теңізден құрлыққа шыққандағын жазады. Демек алғашқы тіршілік суда пайда болған. Ал бұл туралы құран не дейді? Әнбия сүресі 33 аятында: Әр жанды нәрсені судан жаратқанымызды көрмей ме? Сондай-ақ сенбей ме?-деп анық ескерту жасалған. Тіршіліктің судан басталғандығын құранда, ғылымда бір ауыздан танып отыр.

Ал бұл су жер шарына қалай тап болған? Осы сұраққа көшейік. Ғарышты зерттеген ғалымдардың соңғы деректері бойынша жер шары алғаш пайда болғанда оның құрамында оксидтер, карбонаттар, металл карбидтері және жанартаулардың атқылауынан түзілген газдар басым болған деген пікірге келді. Демек, бұл біз айтып өткен «Әлде бір жойқын жарылыстың» болғандыңын тағы бір мәрте растайды. Құранға жүгінейік, Фусслият сүресі, 10-11-12 аяттанырында: Жерге үстінен асқар таулар жаратты да құт-береке қойып, жер-жүзіндегілердің ризықтарын 4 күнде шамалады. Сосын көкке жөнелді, ол бір түтін еді. Оларды жеті көк етіп екі күнде жасады. Сондай-ақ әр көктің міндетін өзіне білдірді. Жақын көкті жұлдыздар мен әшекенйледік әрі қорғауға алдық. Айтар ой түсінікті жер бетінде негізгі географиялық түзілістер пайда болған соң барып жер бетіне кеңістіктен су түсе бастаған. Себебі, радиоактивті қосылыстардың ыдырауы және күннің ультракүлгін сәулелерінің көптеп түсуі әсерінде жер бетінде температура көтеріліп судың бу күйінде қалыптасуына негіз болған. ... жеті көк етіп екі күнде жасады. Сондай-ақ әр көктің міндетін өзіне білдірді деген құран сөзіне үңілгенімізде ауа қабатының әр біріне өзіне тән ерекшеліктер тағайындалған. Бір қабаты салқын болса, бір қабаты аса ыстық болып келген. Осындай жоғары қабаттардағы өте салқын кеңістіктерде, су булары жинақтала келе бұлтқа айналған. Одан жауған нөсер жаңбыр жер бетіндегі ыстық тау жыныстарына түсіп, қайта буға айналып кеңістікке көтеріліп отырған. Соның салдарынан үнемі күн күркіреп, найзағай ойнап тұрған. Бұл құбылыс жауынды молайтып жер бетінің біртіндеп салқындауына себеп болған, содан кейін жер бетінде тоқтам сулар пайда бола бастаған. Ішкен суларыңды көрдіңдер ме? Оны бұлттан сендер жаудырдасыңдар ма? Немесе біз жаудырамыз ба? Егер қаласақ оны ащы қылар едік уақиға сүресі, 63-65 аяттар/7/.

Жер шарының ауа қабаттарының қалыптасуы да аса ғылымилық пен ерекше мейірімділікті аңғартқандай. Мәселен біз бүгін жердің ауа қабатының тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера және экзосфера деген қабаттарға бөлінетіндігін білеміз. Әр қабаттың өзіне тән аумағы, температурасы, ауа қысымы өзгеше. Мысалы стратосферада температура артса, мезосфера төмендейді, ал термосферада биіктеген сайын температура жүздеген, тіпті мыңдаған градусқа өсіп отырады. Әрі бұл қабаттарда жер беті тіршілік иелеріне залалды заттардан қорғайтын қасиеттер берілген. Мәселен, стратосферада озон қабаты болғандықтан бізді ултракүлгін сәуледен қорғаса, мезосферада метеорлардан қорғау жүйесі бар. Ол туралы бахара сүресінің 164 аятында: көк пен жердің жаратылуында, күн мен түннің кезектесуінде, адамзаттың пайдасы үшін теңізде жүзген кемелерде, Алланың көктен жаңбыр жаудырып, сол арқылы өлген жерді жандандыруында, сондай-ақ онда әр алуан жан-жануарларды таратуында, бағытын өзгертіп соғатын желдерді және жер мен көктің аралығындағы бағынышты бұлттарды басқаруында ақыл иелері үшін даусыз дәлелдер бар. Осы аяттың өзінен де көптеген дүниелерді танып-білуге жеткілікті сөз айтылған.

Жер шарының домалақ шар тәрізді дене екендігін, оның өз өсінде тәуліктік және күнді айналы жылдық айналыс жасайтындығын айтар болсақ, осы бір бүгінгі таңда мектеп баласы білетін ақиқатты адамзаттың дәлелдеуі үшін қанша ғасырды артқа салғандығын жақсы білеміз. Ал ол ұғымдар оларды ғылымми дәлелдеуден көп бұрын құранда айтылғандығын енді-енді ескеріп жүрміз. Мысалы, жердің щар тәрізді екендігін Зумар сүресінің 5 аятында: Көктерді, жерді шындық бойынша жаратты. Түнді күндізге кіріктіреді, күндізді түнге кіріктереді және күн мен айды меңгерді. Әр бірі белгілі мерзімге дейін жүріп тұрады-деп «кіріктіру» деген сөзді қолдану арқылы жердің домалақ дене екендігін ұқтырса, Рағыд сүресі 1 аятында: Ол сондай Алла көктерді тірексіз көтерді, көріп тұрсыңдар, сонан соң ғаршыны меңгеріп, күн мен айды іске қосты. Олардың әр бірі белгілі мерзім үшін жүреді- деп олардың белгілі уақыт аралығында қозғаласта болатындығын ашық айтып отыр. Осы тектес аяттар қатарына Нәміл сүресінің 88 аятын жатқызуға болады. Онда: Тауларды көріп тапжылмай тұр деп ойлаймысың. Негізінде ол бұлт тәрізді жүреді, бұл әр нәрсені берік жасаған Алланың шеберлігі- делінсе, Әнбия сүресінің 33 аятында:. Алла түн мен күндізді және күн мен айды жаратты. Барлығы кеңістікте малтуд-делінген.

Қорыта айтқанда, Ей жын мен адам жұртшылығы жер мен көктің шекарасынан өтіп кетуге күштерің жетсе, өтіп кетіңдер. өтіп кете алмайсыңдар, бірақ, ерекше бір қуатпен болмаса- деп Рахман сүре, 33 аятында айтылғандай ерекше қуат саналған ғылым мен техниканың бүгінгі дәуірінде қай ғылым саласы болмасын өзінің бастауын ақиқат діннен алары даусыз. Соның ішінде көп салалы география ғылымы да өзінің климатология, гидрология, топырақ тану, өсімдік тану, геоглогия тіпті экономикалық-әлеуметтік географиясы т.б. салалары бойынша алдағы уақытта құран аяттарының құдіретін өзінің даму заңдылықтары мен ұштастырары хақ. Оған Ол сондай Алла, екі теңізді қоя берді, мынау тәтті сүйкімді және анау тұзді, ашшы екі арасына бөгет жасалды. Фурхан сүресі, 53 аят және Күн де тұрағына қарай үздіксіз жол тартуда, бұл аса үстем және барлық нәрсені біліп тұратын Алланың тағдыры-Иасин сүре, 38 аят, Біз аспанды құдыретпен тіктедік және біз оны сөзсіз кеңейтушіміз-деген Зариат сүре 47 аяттары әлі де талай жұмбақ сырлардың ашылуын күтіп тұрғанын адам баласына ескерткендей.

Құранның қасиетті аяттарының сырын тек қана ғылым мен техниканың дамуы арқылы ғана ашуға болады. Сондықтан кез-келген халық осы ғылым-білім бағытына баса назар аударғаны жөн. Ғылым мен техника адамға қызмет ететін болғандықтан одан жүрексіне қоярға негіз жоқ. Ал қауіп ғылыми негізде әрекет етуде емес, қауіп – надандықта, санасыздықта әрі жауапкершіліктен қашуда/8/.

Адамзаттың ардақтыысы пайғамбарымызға оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын алғаш түскен ғалақ сүресінде : жаратқан рабыңның атымен оқы! Ол адам баласын ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Ол Рабың аса ардақты-демеп пе еді. Олай болса, Ыбырай атамыз айтқандай: Бір Аллаға сиынып оқудың маңызын түсінер кез келді.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ұлттық энциклопедия, алматы, қазақ энциклопедия басредакциясы, 1999 жыл.

2. Уикипедия: Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы алғашқы көзқарастар


3.  Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған окулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007.

4. Ғазез Ақытұлы, Құран-кәрім. ҚХР, Пекин қаласы, «Ұлттар баспасы», 1990 жыл.

5. Жол­ды­бай­ұлы Қ. АҚИ­ҚАТ ШУАҒЫ – Иман негіздері. – 3-бас. – Ал­ма­ты, 2007 – 232 бет.

6. Ғазез Ақытұлы. Құран Кәрімдегі ғылыми негіздер. Таңдаулы хадистер – Алматы, «Тоғанай Т» баспасы, 2007- 224 б.



7. Исламның ғажайып құндылықтары, Алматы, 2003- 144 б. – Құран және ғылым

8. Фетхуллаһ Гүлен. Ғұмырлық өлшемдер. « Нил» баспасы, Стамбул, 2007 – 236 б.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет