112
құдайлардың шапағаты маған ешбiр пайда бермейдi. Және олар менi
құтылдыра алмайды. Ондай жағдайда, сөзсiз, мен адасуда боламын.
Мен сендердi жаратқан Раббыларың – Аллаһқа иман келтiрдiм. Ендi
маған құлақ салыңдар. (Бiрақ
надан қауым оны тыңдамай, оны
өлтiргеннен кейiн, оған)
«Жаннатқа кiр!» – делiндi. (Аллаһтың әмiрiмен
жаннатқа кiргiзiлiп, ол жердегi нығмет, сый-сияпатты көрiп)
, ол: «Әттең,
қауымым Раббым менi жарылқап, ардақтылардан еткенiн бiлсе ғой…»,
– дедi. Одан кейiн оның елiне аспаннан әскер түсiрмедiк, түсiрушi де
емеспiз. Тек қана бiр күштi айқай болды да, олар сөнiп қалды. Өздерiне
келген елшiнi мазақ ететiн пенделерге нендей өкiнiш. Бұл адамдар
өздерiнен бұрын қаншама нәсiлдердi жойып жiбергенiмiздi, олардың
өздерiне қайтып келмегенiне қарамай ма? Күмәнсiз, олардың баршасы
Бiздiң қасымызда жиналады».
Мінеки, біз әрбiр хикаяда әр уақытта шындықтың жалғанды жеңетінін
оқып білдік. Егер кәпiрлер ұзақ уақыт бойы күпiрлiгiн жалғастыра берсе де,
ақыр соңы оларға келген азап көрінісімен аяқталады.
Уа, Аллаһ!
Бiздi Сен бiзден, бiз Сенен риза болып жолыққанымызға
дейiн, Сенiң дiнiңе шақырушы әрi кәпiрлердiң қиындықтарына сабыр етушi
пенделерден қыла гөр. Әлбетте, Сен – дұғаларды Естушi әрi қабыл
Етушiсiң.
113
ЖИЫРМА БЕСІНШІ ХИКАЯ
ЗӘКӘРИЯ ЖӘНЕ ЯХИЯ (АЛӘЙҺИМӘС-СӘЛӘМ)
Дұға
Аллаһ тағаланың пайғамбары Зәкәрияның шаштары ағарып,
қартайған
шағында ғажайып бiр оқиға болды. Зәкәрия пайғамбар әйелімен бірге ұзақ
жас жасады. Соңғы кездері кәріліктен Зәкәрия жас шағындағыдай көп жүре
алмай қалды. Ол әр күнi құлшылық жасау үшiн ғибадатханаға барып, кешке
үйiне қайтатын. Тiлiмен де, дiлiмен де Аллаһ тағаланы еске алып, Оған
мадақтар айтып, дәрiптеуден шаршамады. Жаратушы Ие оларға перзент
бермеген едi. Сонда да олар Аллаһ тағаланың
бұл қалауына риза болып,
өмiрiнiң соңына дейiн қолдарынан келгенше әлсiздiк танытпай,
Раббыларына құлшылық жасаумен болды. Оның берген ризық-несібесіне
қанағаттанып, шүкiрлiк еттi.
Мүмін адамның қасиеттерінің бірі – ол ешқашан Аллаһ тағаланың ризық-
несiбесiнен үмiтiн үзбейдi. Зәкәрияның халi де сондай еді. Ол өмiрiн
перзентсiз өткiзiп жатса да, Аллаһ тағаланың қалаған уақытта, қалаған
пендесіне есепсiз ризық-несiбе бере алатындығына,
Оның қалауын,
жақсылығын еш нәрсе қайтара алмайтындығына қатты сенетiн. Зәкәрия
осылайша Аллаһ тағаланың мейiрiмiнен бiр сәт те үмiтiн үзбедi. Бiрде ол
ғибадатханада құлшылық етiп тұрып, Аллаһ тағалаға: «Уа, Раббым! Менi
жалғызсыратып қойма, Сен – мұрагер берушiлердiң ең жақсысысың», – деп
қолдарын көтерiп, жалбарынып дұға жасады. Ол
бұл дұғасымен
Раббысынан иманды да инабатты және Аллаһ тағалаға құлшылық жасауда
әрi өзгелерді хақ жолға шақыруда өзiне мұрагер болатын бір ізгі перзент
беруiн сұраған-ды.
Достарыңызбен бөлісу: