Құран тәпсірінің дерек көздері
Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!
Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мақтау-мадақтар, пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелері мен барша сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!
Содан кейін:
Құран тәпсірінің дереккөздері келесілер болып табылады:
1. Аллаһ Тағаланың Сөздері, яғни Құранның өзінің негізінде Құран тәпсірі, себебі дәл Аллаһ оны түсірді, және әлгі немесе өзге аятта нені меңзегенін Өзі ғана біледі. Мысал келтірейік: Аллаһ былай дейді: «Біліңдер! Расында, Аллаһтың достарына қауіп-қатер жоқ, әрі олар қайғырмайды» («Юныс» сүресі, 62-аят).
Әрі қарай Аллаһтың жақын құлдары кім екенін Өзі түсіндіреді: «Сондай иман келтіріп, тақуа болғандар» («Юныс» сүресі, 63-аят).
Или, например слова Аллаха: «А что даст тебе знать, что такое идущий ночью?» («Идущий Ночью», 2). В следующем аяте Аллах поясняет, что такое идущий ночью: «Звезда пронизывающая». («Идущий Ночью», 2).
Немесе, мысалы, Аллаһтың «Тариқ не екенін қайдан білесің?» («әт-Тариқ» сүресі, 2-аят) сөздері. Келесі аятта Аллаһ тариқтың не екенін былай деп ашып береді: «Ол жарқыраған жұлдыз» («әт-Тариқ» сүресі, 3-аят).
2. Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздері, яғни Құранды Сүннеттің негізінде тәпсірлеу. Себебі Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһ Тағаланың Сөзін жеткізуші болғандықтан, ол Аллаһ Тағала әлгі немесе өзге аятта не айтқысы келгенін өзге кім-кімнен болса да артық біледі.
Мысал келтірейік: «Сондай жақсы іс істегендерге жақсылық әрі артығы да бар» («Юныс» сүресі, 26-аят). Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл жердегі «артығы» дегенді Қиямет Күні Аллаһты көру мүмкіндігі деп түсіндірді. Сухайбадан (Аллаһ оған разы болсын) бірде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Әрі жамылғы алынып тасталады да, олар өздері үшін Ұлы әрі Құдіретті Раббыларына жүз тастаудан артық қалаулы сыйға қол жеткізпейді», - артынша ол: «Сондай жақсы іс істегендерге жақсылық әрі артығы да бар», - деген аятты оқып шықты. Қз.: «Сахих «Муслим (449).
3. Елшінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының, әсіресе, олардың арасындағы білім иелері мен тәпсір (ғылымын) жетік меңгергендерінің сөздері. Себебі Құран олардың тілінде, олардың заманында түсірілгендіктен, ақиқатты ізденуде олар Пайғамбардан кейінгі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ең шыншыл адамдар болып табылған, және өздерінің құмарлықтарының жетегіне басқа адамдардың қай-қайсысынан болса да мейлінше аз ілінетін. Мысал келтірейік: «Әй, мүміндер!.. Ал егер ауру немесе сапарда болсаңдар, не сендерден біреу түзге отырып келсе, яки әйелдерге жақындассаңдар да, су таба алмасаңдар, сонда таза жер жынысына (таяммум соғып) беттеріңді, қолдарыңды сипаңдар. Расында, Аллаһ Аса Кешірімді, Тым Жарылқаушы» («ән-Ниса» сүресі, 4: 43). Ибн Аббас (Аллаһ оған разы болсын) «әйелдерге жақындассаңдар» деген сөздерді жыныстық қатынас деп тәпсірлегені сахих түрде бекітілген. Қз.: «Мусаннаф Абдур-Раззақ» (1/134); «Мусаннаф Ибн Аби Шейба» (1/192).
4. Сахабалардан тәпсірді ұғынып алуға мұқият зейіндерін қойған сахабалардың ізбасарларының (табиғиндердің) сөздері. Олар сахабалардан кейінгі ең жақсы адамдар болғандықтан, сондай-ақ олардың кезінде араб тілі әлі қатты бұрмаулануларға түспегендіктен, олардың сөздеріне сүйену қажет, әрі сондықтан олар Құранның дұрыс түсінігіне кейінгі буын өкілдеріне қарағанда барынша жақындау етін.
Шейхул-Ислам Ибн Таймия былай деді: «Егер ізбасарлар (табиғиндер) әлдебір нәрседе бірауызды болған болса, онда бұл, күмәнсіз, дәлел болып табылады, егер де олардың арасында қандай да бір мәселе жөнінде келіспеушілік болған болса, онда олардың сөздері дәлел болып табылмайды, әрі мұндай жағдайда Құран, Сүннетке, араб тіліне және сахабалардың сөздеріне жүгіну қажет». Қз.: «Мәжму’ әл-Фәтәуә».
Сондай-ақ ол: «Сахабалар мен табиғиндердің мазхабын, сондай-ақ олардың тәпсірін оларға қарама-қайшы келетін нәрселерге ауыстырған адам қателеседі, бұған қоса, ол бидғатшы болып табылады!» Қз.: «Мәжму’ әл-Фатауа» 13/361.
5. Қолданылу мәтініне қарай, сөздердің шариғи немесе тілдік мағынасы. «Әр пайғамбарды ашық түсіндірсін деп, елінің тілінде ғана жібердік» («Ибраһим» сүресі, 14: 4).
«Расында, түсінулерің үшін оны арабша Құран қылдық» («әз-Зухруф» сүресі, 43: 3)
Шейх Мухаммад Салих әл-Усайминнің «Усуль фи әт-Тафсир» кітабынан шамалы қысқартулармен алынған.
Және соңында, әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мақтаулар болсын!
«Саляф – Форум»
Достарыңызбен бөлісу: |