Құрастырған: Калиева Айгерим Кабидуллаевна
Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы
29 НЖББМ бастауыш сынып мұғалімі
1 – 4 кластарға арналған
«Көркем жазу» қолданбалы курс
БАҒДАРЛАМАСЫ
Білім бөлімінің эксперттік кеңесінде бекітілген
Хатттама № « » ................. 2015 жыл
ББ әдіскері: ....................... Ш.Бектұрғанова
Құрастырған: бастауыш сынып мұғалімі
Калиева Айгерим Кабидуллаевна
Пікір жазғандар: жоғары санатты қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.А.Жиенбаева
ӘБ жетекшісі: М.А.Раушанова І санатты
Бұл курс 1 – 4 сыныптарға арналып негізделген. Әдемі жазу да өнер. Әріп элементтерін дұрыс, таза жазу ережелерін сақтағанда ғана оқушыда мәнерлі жазу дағдысы қалыптасады. Оқушылардың шығармашылық шеберлігін дамытуға арналған. Көркем жазуды жақсы меңгеріп, мәнерлеп жазуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған.
Пікір
Бастауыш сынып оқушыларының бойында білім, білік, дағдылар, тәрбие нормаларының қалыптасуына әр пән белгілі бір роль атқарады. Негізгі міндеттердің іске асуына көмектесетін пәннің бірі қазақ тілі. Қазақ тілі пәнінің негізгі міндеттерінің бірі – оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру. Әдемі жазу да өнер. Ол тек мектеп қабырғасында қалыптасады. Оқушыны мәнерлі жазуға баулуда оқытудың бастауыш буынының алатын орны ерекше. Бастауыш сыныптарда сауаттылықтың алғашқы шарттары әріптерді үйретуден басталады. Әріп элементтерін дұрыс, таза жазу ережелерін сақтағанда ғана оқушыда мәнерлі жазу дағдысы қалыптасады.
Бастауыш сынып оқушыларына арнап таңдалып алынып отырған тақырыптар мен жаттығу түрлері оқушылардың жас шамаларына шақталып жасалған.
Түсінік хат
«Көркем жазу» курсын 1 – 4 сыныптарда оқытудың басты мақсаты оқушылардың жазу жағдысын жетілдіру. Күнделікті сабақта оқушыны мәнерлі жазуға бейімдеу. Әдемі жазу да өнер. Ол тек мектеп қабырғасында қалыптасады. Бастауыш сыныптарда сауаттылықтың алғашқы шарттары әріптерді үйретуден басталады. Әріп элементтерін дұрыс, таза жазу ережелерін сақтағанда ғана оқушыда мінерлі жазу дағдысы қалыптасады.
Сондықтан жазу сабағы 1 – сыныптан бастап осы талапқа сай өтуі тиіс. Жазу жұмыстарын оның ішінде көркем жазуды бастаудан бұрын оқушылармен даярлық жұмысын жүргізу керек.
Біріншіден, жазу кезінде оқушының дұрыс отыруы, екі білектің стол үстінде болуы, көз бен қалам ұшы ара қашықтығы 25 – 30 см болуы;
Екіншіден, дәптерді дұрыс орналастыру, яғни көлбеу қойылады. Бұл оқушылардың солдан оңға қарай көлбеу жазуына септігін тигізеді;
Үшіншіден қаламды дұрыс ұстау, үш саусақпен еркін ұстау.
Жазудың әдемі болуы оқушының мінез – құлқын тәрбиелеуге, әсемдік сезімін оятуға, ой – өрісін дамытуға әсер етеді.
Жаттығу жазу кезінде әріптің көлемі, мөлшерінің бірдейлігі, бірдей ара қашықтықты сақтау ескеріліп отырады. Мұнан кейін жазу шапшаңдығын біртіндеп арттыруға көңіл бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |