Құрастырушы 2014 г. Айтжанова Ж. Н



бет1/3
Дата17.06.2016
өлшемі1.11 Mb.
#141390
  1   2   3


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


СМЖ құжаты 3 деңгей

ПОӘК

ПОӘК


042-18.1.32/01-2014

ПОӘК

Оқытушыларға арналған «Сахна мәдениеті» пәннің бағдарламасы



№1 Баспа

5В010600 «Музыкалық білім» мамандығы

САХНА МӘДЕНИЕТІ

пәні бойынша

4 курс оқытушыларға арналған



ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Семей 2014




042-18.1.32/01-2014

ОӘКП


28.08.2014 ж. №1 ред.

9 беттің 2-ші беті

1 ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
Құрастырушы ________ «___»________ 2014 г. Айтжанова Ж.Н., «Музыкалық білім» кафедрасының аға оқытушысы

2 ТАЛҚЫЛАНҒАН


2.1 «Музыкалық білім» кафедра отырысында

Хаттама № ___ «___»_____ 2014 жыл

«Музыкалық білім» кафедрасының меңгерушісі,

п.ғ.к.: ______________ Бодауова Б.К.

2.2 Педагогика факультетінің Оқу - әдістемелік бюросының

отырысында бекітілген «___»________ 2043 жыл. Хаттама №

Төрайымы: ______________ Ахметова Т.Ш.
3 БЕКІТІЛГЕН
Университеттің Оқу Кеңесінің отырысында келісілген және бекітілген «___»____ 2014 жыл.

Хаттама №


ОӘК төрайымы _________ Искакова Г.К.
4 БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕ


042-18.1.32/01-2014

ОӘКП


28.08.2014 ж. №1 ред.

9 беттің 3-ші беті


МАЗМҰНЫ

1

Қолдану саласы




2

Нормативті сілтемелер




3

Жалпы ережелер




4

Пәннің оқу мазмұны(модульдер)




5

Студенттердің өздік жұмыс тақырыптарының атаулары




6

Пәннің оқу-әдістемелік картасы




7

Оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыздандыру картасы




8

Әдебиеттер






042-18.1.32/01-2014

ОӘКП


28.08.2014 ж. №1 ред.

9 беттің 4-ші беті



1 Қолдану саласы:

Мұғалімдерге арналған «Сахна мәдениеті» пәні 5В010600 – «Музыкалық білім» мамандығы бойынша жоғары оқу орының студенттеріне іштей және сырттай оқитындарға арналған.

.
2. Нормативті сілтемелер:

Берілген оқу жұмыс бағдарламасы мынадай құжаттардың талаптары мен нұсқаулығының негізіңде әзірленді:



  1. ГОСО РК от 10.04.2012 г № 158.

  2. ҚР ИСО СТ 9001:2008 «Сапа менеджмент жүйесі. Талаптары».

  3. СТИ 154-06-2005 СМПИ Стандарты. Мәтінді құжаттардың безендірілуіне қойылатын жалпы талаптар.

  4. Оқу процесін кредиттік технология бойынша ұйымдастырудың ережелері (22.11.2008ж. бұйрық №566 .)

  5. СТУ 042-ГУ-4-2013Стандарт университета «Общие требования к разработке и оформлению учебно-методических комплексов дисциплин»;

  6. ДП 042-1.01-2013 Документированная процедура«Структура и содержаниеучебно-методических комплексов дисциплин».



042-18.1.32/01-2014

ОӘКП


28.08.2014 ж. №1 ред.

9 беттің 5-ші беті


Пәннің оқулық бағдарламасы: - (SYLABUS)
1.3. Пререквизиттер:

Пәнді меңгеру үшін қажет білім әдістемелерінің жиынтығы: Оқушылардың музыкалақ мәдениетін арттыратын сабақтан тыс уақытта кештер өткізу шараларын ұйымдастыру.оның әдістерімен және қазіргі заман эстрада музыкасының негізгі бағыттарымен студенттерді таныстыру.



1.4. Постреквизиттер: Музыкалық тәрбиенің әдістемесі, Музыкалық білім әдіснамасы, Сөйлеу мәдениеті
1.5. Қысқаша сипаттамасы:

  • Пәннің мақсаты – болашақ музыка оқытушысын эстетика жағынан тәрбиелеу;

  • болашақ музыка оқытушысының музыкалық түсінігін арттыру;

  • болашақ музыка оқытушысының музыкалық талғампоздығын тәрбиелеу;

- сабақтан тыс кештер ұйымдастыру әдістерінің негізгі бағыттарымен таныстыру.
1.6 Әдебиеттер тізімі.
1. Василенко Г.И. Внеклассная работа в школе. Дни наук в начальной школе Сценарии предметных праздников и внеклассных мероприятий, посвященных школьным наукам / Г.И. Василенко, Н.И. Еременко, Н.А. Касаткина. – Волгоград: Учитель, 2007. – 156 с

3. Сығай, Ә. Қазақтың музыкалық театры. Парасат. Алматы, Ана тілі, 1991

4. Сағымбеков М., Көпбаев А. Мектептерде лекция – концерттерді ұйымдастыру әдістемесі. Алматы, 1991.

5. Григорьев Д.В. Методические рекомендации по организации внеучебной деятельности обучающихся начальной и основной школы / Д.В. Григорьев, П.Г. Степанов - Образовательные ресурсы. Выпуск 79

Оқытушының қатысуымен өтетін өздік жұмыс тест сұрақтары арқылы тексеріліп отырады. Тестан жинаған балл қорытынды аттестацияға қоса есептеледі. Әрбір тақырып бойынша семестр аяғында бақылау жұмыстары жүргізіледі және әрбір 7-ші апта соңында аралық бақылау яғни бір семестрде екі рет теориялық білім деңгейі қадағаланып отырады. Берілген тапсырмалар уақытында орындалуы тиіс. Берілген уақыттан кешігіп қалғандардын бағасы төмендетіледі.

Екінші аттестацияда (15 апта) жинаған балл 30 –дан аспауы тиіс.Қорытынды аттестацияда 30-дан 60-ға дейін балл жинағандар және курс бойынша барлық талаптардың емтихан тапсыруға жіберіледі

Жоғарғы оқу орындарының білім Порталының шартты бойынша жеті аптадан тұратын бір аттестация мерзімінде жинаған балл 30-дан аспауы керек. Егер, сіз жинаған балл 50 пайыздан төмен болса (15 балл),оңда аттестациядан өтпеген болып есептелесіз.

Емтиханда алған баллыныз 40-тан кем болмауы тиіс. Осы нәтижеге аттестацияның 60 пайызы қосылады.



3.1 Курстың қысқыша мазмұны:
Сахна мәдениеті” пәнінің мақсаты–болашақ маман даярлауды жетілдіру көбіне кәсіптік іс- әрекетіне тікелей қатысты. Сан алуан коммуникативті тіл шартына сай жан-жақты тілдік амал тәсілдерін жеңіл игеруге байланысты. Квалификациялық сипаттамада музыка мұғалімі іс-әрекетінің негізгі міндеттері ішінде сахна мәдениеті бағытындағы білім, ептілік, дағды, яғни дұрыс, таза, мағлұматқа бай, және ырғақты көркем сөзді игеру ерекшеленеді. Образды әсерлі, ырғақты көркем, қисынды құрастырылған сөз мұғалімінің педагогтік шеберлігі ұштарлауда маңызды фактор болып табылады. Музыка мұғалімінің кәсіптік сахна мәдениетін қалыптастыру педагогтік университеттердің музыка факультеті студенттерінің “Сахна мәдениеті” пәні оқытумен анықталады.

Болашақ мамандарда музыка педагогтік іс-әрекеттің өзіндік талаптарына, музыка өнері заңдылығына және жеке творчестволық кәсіби мүмкіншілігіне сәйкес сахна мәдениетінің көптеген мәселелерін шешуге даярлау. Студенттердің қажетті теориялық білім, мәдениетінің маңызы мен мазмұны жайында түсінік алумен шектелмей, қазіргі мектептің алдына қойылған жеткіншек ұрпақтың музыкалық мәдениетін қалыптастырудағы негізгі мақсаттарды шешуге тікелей қатысумен анықталады.




042-18.1.32/01-2014

ОӘКП


28.08.2014 ж. №1 ред.

9 беттің 6-ші беті

3.3 Пәнінің негізгі міндеттері:

  • болашақ музыка оқытушысын эстетика жағынан тәрбиелеу;

  • болашақ музыка оқытушысының музыкалық түсінігін арттыру;

  • болашақ музыка оқытушысының музыкалық талғампаздығын тәрбиелеу;

  • әдістерінің негізгі бағыттарымен таныстыру.

3.5.Пререквизиттер

Музыка теориясының негізгі, Сольфеджио.Пәнді меңгеру үшін қажет білім әдістемелерінің жиынтығы: Оқушылардың музыкалақ мәдениетін арттыратын сабақтан тыс уақытта кештер өткізу шараларын ұйымдастыру.оның әдістерімен және қазіргі заман эстрада музыкасының негізгі бағыттарымен студенттерді таныстыру

3.6 Постреквизиттер:

Музыкалық аспап, Хор сыныбы, Хортану, Сольфеджио, Хор шығармаларын өңдеу, Мектеп хорын ұйымдастыру, Вокал сыныбы.




Курс

Семестр

Кредиттер

Тәжір

СӨЖ

АБ

Барлығы

Бақылау түрі

4

7

1

15

7,5

1

45

Емтихан.



042-18.1.32/01-2014

ОӘКП


28.08.2014 ж. №1 ред.

9 беттің 7-ші беті




  1. Оқытушыларға арналған оқу жұмыс бағдарламасының құрылымы мен мазмұны

4 курстың тақырыптық жоспары


р/с

Тақырып

Тәжіриб.

Әдебиеттер

1.

2.


Мәдениет қоғамдық құрылыс. Мәдениеттің философия ғылымындағы айқындалуы. Өнердің адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы орны. Адамның жеке басының қалыптасуында шығармашылықтың алатын орны. Музыка мәдениетінің даму заңдылықтары, критерийлері.

2

Балтабаев М.Х Қазақ музыкасы және студент жастар. Алматы, Ана тілі, 1991

Сағымбеков М., Көпбаев А. Мектептерде лекция – концерттерді ұйымдастыру әдістемесі. Алматы, 1991.

Ткаченко Г.А. Космом. Музыка. Ритуал. М., 2001.


3.

4.


Мектептегі дискотека.Жастар демалысының жаңа түрі ретінде дискотека қвзметінің негізгі бағыттары. Жастардың батыстық мәдениетке сыни көзқарасын қалыптастырудағы дикотеканың рөлі.

2

Сағымбеков М., Көпбаев А. Мектептерде лекция – концерттерді ұйымдастыру әдістемесі. Алматы, 1991.

Әлібеков Ә. Баланың көңілі батыста. «Егеменді Қазақстан», 27.01.2001.



5.

Дискобағдарламалар құрудың әдістемесі. Тақырыптық бағдарламаның, би репертуарының көркемдік-идеялық мазмұнының және оларды қоюдың сапалы деңгейіне қойылатын негізгі талаптар.

1

Әлібеков Ә. Баланың көңілі батыста. «Егеменді Қазақстан», 27.01.2001.

Ткаченко Г.А. Космом. Музыка. Ритуал. М., 2001.



6.7.

8.


Дискотекадағы музыка, икемділік және хореография. Музыка-дискобағдарламадағы қарым-қатынас жасау мен эмоциялық әсер етудің құралы. Музыкалық монтаждың тәсілдері.

3

Әлібеков Ә. Баланың көңілі батыста. «Егеменді Қазақстан», 27.01.2001.

Ткаченко Г.А. Космом. Музыка. Ритуал. М., 2001.




9.10.11.

Мектептегі вокалды-аспапты ансамбль. Эстрадалық вокалды аспапты музыканың дамуының негізгі кезеңдері

3

1Фадин В.В. Музыкальное сопровождение и оформление школьных праздников. Учитель. Волгоград. 1997. Музыкальная газета . Алматы. Добровольное обшество. 2005, 2006.

12. 13.

14.


Қазіргі эстрадалық музыка негіздері. Қазіргі танымал эстрадалық музыканың негізгі бағыттары: ХХІ ғасырға көзқарас. Қазіргі қазақ эстрада әндері. Республикадағы музыка өнерінің дамуына оның әсері.

3

АбдуллаеваА.Ж. Жулдыздар жайында «Stars KZ» журналы Алматы. 2010,2011,2012.

15.

16. 17.


Мектептегі музыкалық театр. Музыкалық театрдың дәстүрі мен жаңашылдығы. Театр-өнер түрі. Театрдың түрлері. Қазақстандағы театр өнерінің қалыптасуы және дамуы. Балалар театрлары. Мектептегі театрлардың қалыптасу жолдары, түрлері.

3

1Фадин В.В. Музыкальное сопровождение и оформление школьных праздников. Учитель. Волгоград. 1997.

Музыкальная газета Алматы. Добровольное обшество. 2005, 2006.



Барлығы:

30







042-18.1.32/01-2014

ОӘКП


28.08.2014 ж. №1 ред.

9 беттің 9-ші беті


Мұғалімнің жол көрсету аясында атқарылатын студенттердің өздік жұмыстарының сабақ жоспары. (ОСӨЖ)


Тақырып

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны

Әдебиеттер

Баллдар

Жұмыстың өткізілу мерзімі

Бақылау түрі

Лекциялар-концерттер бағдарламаларын жасау

Оң және сол қол кимылдарының бекіту және меңгеру

(1,2)

3

1 жұма

Тәжір. көрсету

Дискотека өткізуге арналған музыкалық материалдар таңдау

Студентке өз бетінше жұмыс жасай білуге бағыт беру, жүктеу.

(3,5)

3

2 жұма

Тәжір. көрсету

Рок,поп, джаз музыкаларының шығу тарихы.

Ауфтакт, оның түрлерімен танысу , қол қимылындағы ескерту белгілері.

(1,2)

3

3 жұма

Тәжір. көрсету

Спектакль қою жолдары.

Шығармаларының жеке партиямен жұмыс істеу. Партитураны сольфеджио түрінде тапсыру.

(1,4)

3

4 жұма

Тәжір. көрсету

Мектеп репертуарын іріктеудің қағидалары.

Мектеп репертуардағы ән үйрену. Мектеп әнің сүйемелдеудің фортепиано аспабында талдап орындау

(2,3)

3

5 жұма

Тәжіркөрсету

Музыкалық театрда балалардың қатысуының алатын орыны

Партияны сөзімен орындау.Шығарманың авторына аннотация.

(1,2)

3

6 жұма

Тәжіркөрсету

Сөздегі көркемдік бейнені табу.

Шығарманың шарықтау шегін білу.

(5,2)

3

7жұма

Тәжіркөрсету

Музыкалық театр.

Қол қимылы динамикасының және штрихының озара байланыстылығы.

(1,6)

3

8жұма

Тәжіркөрсету

Вокалдық топ құру әдістері.

Партияны мәнерлеп орындау, айта білу.

(1,2)

3

9,10 жұма

Тәжіркөрсету

Дикциялық жаттығулар жасау

.

(1,2)

3

11,12 жұма

Тәжіркөрсету

Сольфеджилеу

Хорға арналған шығармаларды нотаға қарап оқу (ЧХП).

(1,2)

3

13,14 жұма

Тәжіркөрсету

Музыкалық кружоктар.

Дирижерлік аппараттын орналастыру жұмысы және дирижердің мануальды техникасы

(1,2)

3

15 жұма

Тәжіркөрсету



042-18.1.32/01-2014

ОӘКП


28.08.2014 ж. №1 ред.

9 беттің 11-ші беті


7 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТПЕН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ

КАРТАСЫ


Оқулықтардың және оқу - әдістемелік құралдардың аттары

Дана саны

Студент саны

Қамтама-у пайызы

1

2

3

4

Момынов, П. Музыканы тыңдай және түсіне білу.-Алматы,1969

2







Музыкальное воспитание в школе. Вып. 15.- М., 1982

3







Музыкальное воспитание в школе. Вып. 12.- М., 1977

3







Музыкальное воспитание в школе. Вып. 13.- М., 1977

2







Балабеков Е. Қазақтың музыкалық фольклоры.-А.,2007

2







Сарыбаев, Б. Қазақтың музыкалық аспаптары=Казахские музыкальные инструменты :Альбом .-Алматы,1978

2







Султанова Н.К. Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы:Оқу-құралы.-Семей,2010.-140 б.

1








ГЛОССАРИЙ
Музыкалық білім – музыка өнерін танып-білудің негізін музыкалдық білімнің келесі екі негізі құрайды: музыка өнері жөніндегі біртұтас ұғымды қалыптастыруға мүмкіндік беретін білімдер; нақты музыкалық шығармаларды қабылдауға көмектесетін білімдер.

Музыкант-педагогтың мәдениеті – түрлі педагогикалық көзқарастарды салыстыра білу, пайымдау және өзінің қорытқан пікірін қорғау, оны ғылыми негіздей алу қабілеті.

Мәдениет – арабша «маданият»-қала, қалалық, ал латынша cultural - өндеу, өсіру, жанды немесе рухты тәрбиелеу деген мағынаны білдіреді

Тіл мәдениеті - бұл өзінің ойын дұрыс, дәл және мәнерлі жеткізе алу білігі.

Тілдің нормасы – бұл  коғамдық сөйлеу тілі тәжірибесінде қабылданған жалпы тілдік сөйлеу, грамматика, сөз қолдану ережесі. Ойын жеткізуде дәл әдіс таба білу ғана емес, сондай-ақ орынды сөйлеу.

Этика – латын сөзі, морал, адамгершілік жайлы философиялық ілім

Қабылдау - әрбір адам өзінің ұлты, нәсілі, саяси және діни сенімі, дағдылары, мінез-құлқына тәуелсіз, жер бетінде өмір сүруге құқығы бар, ол құқыққа ешкім шектеу қоя алмайтындығы жайлы сенімділік.

Конгруэнттік – кәсіби түрде өз-өзін көрсетуде үйлесімділіктің болуы, өз-өзіне толыққанды сай болу. Педагогтардың оқушылармен сырласа алуы, оларға түрлі сқұрақтар қойып, ашық сөйлесуге жағдай жасау.

Коммуникатор – ақпарат беруші

Креативтік – мұғалімнің шығармашылық сипатта жұмыс істей алуы және оқушылардың жан дүниесіне кіріп, оның қабілеті мен мүмкіндіктерін бағалай алуы.

Монолог – бір сөз, бір үн – мұғалім жиі қолданады.

Диалог – қос сөз, қос үн

Музыканы оқыту – екі жақты процесс. Бұл музыкалық білім мазмұнын меңгерту бағытталған оқытушы мен оқушылардың арнайы ұйымдастырылып, мақсатты бағытталған өзара әрекеттестігі. Музыканы оқытудың негізін музыкалық білім, іскерлік, дағдылар, дүниетанымдық көзқарастар құрайды.

Музыкалық іскерлік – меңгерілген білім мен өмір тәжірбиесі негізінде музыка саласындағы теориялық және практикалық әрекеттерді саналы түрде нақты, дәлме-дәл орындауға даяр болу. Музыуканы оқытуда жалпы іскерліктер музыкалық шығарманы эстетикалық тұрғыдан қабылдауға байланысты анықталды.

Музыкалық білім беру – музыкалық тәрбие, оқыту, даму ұғымдарының бірілігінде қарастырылады. Музыкалық білілімділік мазмұнын қрай келе кәсіби сферада (сазгерлік, орындаушылық, оқытушылық, музыканы зерттеу және т.б.) немесе музыкамен әуесқой ретінде өз бетімен шұғылдану әрекеттерін жүзеге асыруға көмектеседі.

Музыканы оқыту теориясы – музыкалық білім беру педагогикасының заңдылықтары мен негізгі қағидаларын зерттейтін пән.

Абстракциялау (дерексіздендіру) – Оның екі түрі бар: Талдап қорыту – көптеген біріңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, ұқсас белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу – бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетін бөліп алу процесі.

Саралап оқыту – студенттердің топпен, ұжыммен бірлесе отырып, өз беттерінше іздену, талпыну.

Суггетивтік – педагогтың баланың эмоционалды ортасына әсер ете алуы. Балаларды өмірге қуана білуге үйрету.

Шаталовтың тірек сызбалары - көрнекілік арқылы оқушылардың көзбен көріп, қолмен ұстау технологиясы.

Музыкалық іскерлік – меңгерілетін білім мен өмір тәжірбиесі негізінде музыка саласындағы теориялық және практикалық әрекеттерді саналы түрде нақты, дәлме-дәл орындауға даяр болу.

Музыкалық дағдылар – музыкалық іс-әрекетпен тікелей байланыстағы музыканы орындау тәсілдерінің жиынтығы.

Анкета – бұл арнайы сұрыпталған танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауаптарының логикалық құрылымы.

Реферат – жазбаша түрде немесе көпшілік назарына ұсынылатын, талқыналатын ғылыми жұмыс.

Эмпатия – педагог баланың уайымын бөлісіп, оған оқушы ғана емес, тұлға ретінде қарайды. Эмпатиялық қасиеті бар педагог баланы ұялтпайды, оны басқалармен салыстырмайды, оған өзінің ойын білдіруге шектеу қоймайды.

Ынтымақтастық – адамдардың арасындағы айырмашылық пен байланыс түсіну, эгоцентризмді жеңу.

Толеранттық – оқушыға, оның құндылық әлеміне, оның «ақиқатына» және қателіктеріне сабырлылықпен қарау.

Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
№ 1 сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті-жеке адамның білімдік және тәрбиелік көрсеткіші.
2. Сабақтың жоспары:

  1. «Мәдениет» ұғымының мәніне әр түрлі көзқарастар, жеке адамның даму көрсеткіші

ретінде, іс-әрекет формасының қалыптасу системасы .

  1. Тіл мәдениеті туралы ұғым .Тіл мәдениеті ғылымының зерттеу обьектісі.

  2. Әдеби тіл және оның нормалары.

  3. Мұғалімге қойылатын жауапкершілік.


3. Сабақтың мақсаты: тіл мәдениеті ұғымын насихаттау
4. Әдістемелік нұсқаулар:

Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтарының бірі қазақтар ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді .Ал жазба әдебиеті пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып әр қилы ерекшелерге толы күрделі тарихы жолдардан өтті .Осы рухани мұра жүйесінің негізгі бағыты дүниеге шенайы түрдегі қөз қарасты ,дінді тану және басқада еркін ойлау процесін, адамдар туралы ілімді насихаттау,тағы басқа мәселе болды. Ақындармен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, айтыскерлер мен ертегішілер, билер мен серілер, бәрі де өздері өмір сүріп өткен заманының тарихи оқиғаларын, тұрмыс тіршілігін тілге тиек, ойға өрнек етіп жеткізді.Ауызша халық мәдени ескерткішімізді зерттеу халхымыздың танымдық, адамгершілік тәрбие жәнеде дүниеге көз қарас ерекшеліктерін білуге көмектеседі.

Мәдениет (философиялық тұрғыдан қарағанда) ашық жүйе, негізгі мақсаты- өзін басқаға жеткізу. Мәдениет-халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы, онда адамдардың рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышаны жинақталады. Адамзаттың рухы иен келбеті, оның ерік бостандығы мен өмірлік сабағы, діні мен тілі, ділі мен мұраты осының бәрі мәдениеттпен біте қайнасқан. Мәдениет–дегеніміз адамдардың өзін қоғамдағы, әлеуметтік қатыныстарды жасау процесі. Кейбір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүр жүйесіне бірден назарымыз ауады.. «Салт –дәстүр »-дейді белгілі фил. М. Гердер – «тіл мен мәдениет бастауының анасы.»

Мәдениеттің өзекті бөлігі өнер. Өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамдардың ұлылығын білдіретін ғажап көріністің бірі, оның әсемдікке , сұлулыққа ұмтылуы. «Өнер» деп көркем, шығармашылық процесін айтады. Қазақ мәдениетіндегні алғашқы жүйесін көрсеткен–Жүсіпбек Аймауытов: «Атам заманында табылған өнер, білімінің барлығы сөз арқылы бұл күнге жетіп, піскен астай даяр болып , жемісін бүкіл адам баласы пайдаланып отыр.»

Оқымыстылыр өнерді 5 түрге бөледі :

1 Сөз


2 Суреттшілік (живопись)

3 Мүсіншілік (скульптура),

4 Үйшілік (архитектура),

5 Ән-күй (музыка) .

Сөздің аррықшылығы -өзге төртеуін сөзбен суреттеп айтуға болады,басқа өнер сияқты сөзді суреттей алмайды. Қазақтың «өнер алды- қызыл тіл » дегені терең терең ақыл- тәжірибемен айтылған сөз. Сөз өнерін жете білген Абай қазақ фольклорын «толғауы тоқсан тоғысқан,білгенге маржан інжу маржанға »теңейді .Қазақ мәдениетін тағдыр қысылымынан сақтап қалған құдіретті күштің бірі–ана тілі. Қазақ болашағы оның тілінің тұрмыстық отбосылық деңгейден халық аралық қарым–қатынас, өнер мен ғылымның жоғары бітімінің құралы дәрәжесіне көте алуыменен қатысты .Ана тілі дегеніміз сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын танытатын сол халықтың мәңгілік байлығы.

Қазақ халқы бар тарихын қөшіп жүріп өткізсе де батпаққа батырмай, жинаған сөз байлығын күй мен жырынбізге жеткізді ; бұл бәрімізге қымбатты бай қазына мұрат. (Ғ. Мүсірепов) Тілдің негізгі қызметі қарым-қатынас жасаудың, ойдың жарыққа шығарудың құралы. Қандай ойды болмасын біз тіл арқылы жеткіземіз.Әсіресе, біздің қазақ тілімізде сезімімізді жеткізетін мақал-мәтелдер; шешендік сөздер өте көп кездеседі.

Жүйелі сөз жүйесін табар

Жүйесіз сөз иесін табар.

Байлық түбі бақыл

Қазына түбі ақыл.

60 жылдардың аяғында, тіл мәдениеті өнері дүниеге келді. Тіл мәдениеті дегеніміз-тілдік тәсілдің даму жетілу дәрежесі сонымен қатар ол тіл жұмсауда ізеттілік сауаттылық қана емес тілдік тәсілдерді фонетикалық, орфографиялық, марфологиялық, синтаксистік, стилдік құбылыстарды ұқыпты дұрыс қолдану дағдысы. Сөйлеу мәдениеті, тіл мәдениеті деген ұгым бір мағынада қолданылады.Тіл мәдениеті ұғымы сөйлеу мәдениетінеқарағанда кең ұғымды қамтиды, яғни бұл адамдардың ең алдымен тілді дұрыс қолдану, сондай ақ бір-бірімен байланыстыра білу, құрастыра, орналастыра білу сөйлеу мәдениетіне қатысты.Тіл мәдениеті жоғары адамдардың әрдайым көз тігетін жарық жұлдызы-әдеби тіл. Тіл мәдениеті ілімінің негізгі мақсаты -әдеби тілде барды дұрыс таңдап, талдап сөйлеуге, жазуға, сауаттылыққа үйрету,тіл мәд-ң сапасын жоғары сатыға көтеру болмақ.

Әдеби тілге қалыптасқан нормалар тән. Халық тілінің байлығы ұшаң теңіз, әр қилы ;онда жалпы халыққа ортақ дыбыс сөз байланыстарды , граматиқалық құбылыстары болуымен қатар, диалектілерде, түрліше айтылып, түрліше ұғылатын сөздер де, бұзылып -құбылып айтылатын граматикалық тұлғаларда бар. Әдеби тіл керегін ауыз екі сөйлеу тілінен алғанда тыңдап, сұрыптап, әдеби елегінен өткізіп алады. Олар көркем әдебиетте газет-журналда, ғылыми–зерттеу жұмыстарында, іс-әрекетімізде дәстүрге айналып, жүйелі қалыпқа түседі, жалпыға ортақ тілдік әдеби нормалар пайда болады.

Музыкалық білім–музыкалық (ноталық) сауаттылықты меңгеру дәрежесіне тікелей бағынышты болғанымен, мұндай сауаттылықты талап ететін музыкалық мәдениет.Оқушылардың музыкалық сауаттылығын қалыптастыруға байланысты негізгі мәселелерге көшпес бұрын осы мәселелердің ойдағыдай шешілуіне игі ықпал жасайтын екі түрлі принцпке тоқталамыз. Теориялық білімдерімен қатар практика жүзінде кәсіптік шеберліктің қыр-сырларын жете меңгерген болуы керек . Мұғалім ең алдымен балаларды сүйе білуі керек, екіншіден мамандығы музыка мұғалімі болу адамнан үлкен жігерлікпен шеберлікті талап етеді .Себебі ол жан –жақты әрі үйлесімді бала тәрбие жұмысына жауапкершілікпен қарау керек .

Музыка мұғаліміне қойылатын талаптар :



  1. Музыка мұғалімінің арнайы оқу орнын бітірген құжат болуы керек. (диплом)

  2. Ол өз пәнін жетік білетін шебер музыкант болуы керек:музыкалық аспапта еркін ойнауды, ән айтуды , дирижерлауды білуі керек

  3. Музыкалық әдебиетпен тарихын білуі керек .

  4. Музыка өнерінің қоғамдағы маңызын білуі керек .

  5. Оқушылармен мәдениетті түрде сөйлесе білуі керек .

  6. Оқушыларға дұрыс талап және әділ талап қоя білуі керек.

  7. Оқушылардың қамқоршысы бола білуі керек, себебі оқушылар қашанда мұғалімнің көмегімен жылы ілтипатына мұқтаж болады .

.

5. Студенттердің оқытушымен бірге өздік жұмыстарының бақылау сұрақтары:

1. Мәдениет ұғымын қалай түсінесіз?

2. Тіл мәдениеті дегеніміз не?

3. Тіл мәдениеті қай жылдары дүниеге келді?

4. Тіл мәдениеті ілімінің негізгі мақсаттары қандай?

5. Музыка мұғаліміне қолатын талаптар қандай?

6. Музыка мұғалімі қандай жауапкершілікті сезінуі керек?
Қолданылатын әдебиеттер:


  1. Айтбаев О. Мақал-мәтелдердің жазуымыз бен сөйлеуіміздегі қызметі А., 1978

  2. Адамбаев Б. Казахская народные ораторское исскуство. А., Ана тілі 1994.

  3. Апресян Г.З. Ораторское исскуство. М., Из-во МГУ 1984.

  4. Зимняя И.А. Проблемы речевой деятельности. М., знания 1983.

  5. Бейсембаева З.Б. Тіл байлығы – ой байлығы. Жинақ А., 1983.

  1. Кеселова Л.А. Вопросы теории ревевого воздействия Л., 1978.

  2. Тухмачова М.И. Подготовка будещего учетеля музыке к общению с коллективом Глазов 1989.

№ 2 сабақ


1. Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті музыка мұғалімінің кәсіптік даярлығында қажетті сыңар.

2. Сабақтың жоспары:

  1. Музыка мұғалімін кәсіптік педагогтық даярлау жүйесіндегі курстың мақсаты, міндеті, орны.

  2. Музыка мұғалімінің тіл мәдениетінің ерекшелігі.


3. Сабақтың мақсаты: музыка мұғалімінің тіл мәдениетін, творчестволық талабын дамыту
4. Әдістемелік нұсқаулар::

Музыка мұғалімін даярлау мәселелері арнайы пәндерді меңгеру үрдісінде кездесетін музыкалық орындаушылық қызметтерді үйрену барысында жасалатын арнайы дайындықтың мазмұнын талдау арқылы айқындалады. Мысалы, дауыс қою (Л. Арчажникова, Б.Бекмұхамедов, Г.Падалка және т.б.), әдістемелік дайындық (Р.Жәрдемәлиева, Л.Исаева және т.б.) және педагогикалық тәжірибе (Ж.Дебелая, З.Кейлина, К.Төребаева) т.б. арқылы. Болашақ педагог музыкант тұлғасының маңызды кәсіби қасиеттерінің педагогикалық тәжірибеде қалыптасатындығын ғалымдар, әдіскерлер, мұғалім–практиктердің зерттеулері көрсетіп отыр (О.Абдуллина, В.Сластелин). Болашақ мұғалімінің кәсіби келбетін қалыптастыру үшін оқу педагогикалық тәжірибе өте қолайлы жағдайлар туғызады.

Музыка мұғалімінің тіл мәдениетінің ерекшелігі: шығармашылдық көркемдік, эстетикалық, өнегелік мазмұнын аша білу, балалармен байланыс орната білу, олардың творчестволық талабын дамыту.

Тіл мәдениетін жүзеге асыру шартына қойылатын негізгі талаптар:



  • алдағы сөз сөйлеу тақырыбын меңгеру, оның мақсатын анық, тура түсіну .

  • орындаушылық деңгейдегі жеке қызығушылық;

  • тыңдаушыға психологиялы –жігерлі мақсатта әсер ету.

  • Орындау жоспарын дайындау, кезеңдердің реттілігі, негізгі және болмашы сұрақтарды табу, олардың байланысы.

  • тексті жазбаша көркемдеу.

  • Орындау процесінде дұрыс жүріс-тұрыс: логикалы- психологиялық, өнегелік, тілдік.

«Музыкалық білім»мамандығы бойынша жоғары білім беру мемлекеттік стандарты болашақ маман–музыка мұғалімін даярлауда елеулі маңызға ие болып отыр. Квалификациялы сипатамада музыка мұғалімінің іс-әрекетінің негізгі міндеттері ішінде тіл мәдениеті бағытындағы білім ,ептілік, дағды, яғни дұрыс таза, мағлұматқа бай және ырғақты көркем, қисынды құрастырылған сөз мұғалімнің педагогикалық шеберлігін ұштастыруда маңызды фактор болып табылады.

Болашақ маман даярлауды жетілдіру көбіне кәсіптік іс-әрекетіне тікелей қатысту сан-алуан коммуникативті тіл шартына сай жан-жақты тілдік амал тәсілдерін жеңіл игеруге байланысты. Мұғалім сөзі оқулық мазмұнын түсіндіріп қана қоймай, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне, оқып–білгенін терең түйсінуге және психиқалық-зерделік жағдайына әсер етуі тиіс. Өйткені сөз, анығырақ айтқанда, сезінуден ойлануға, жалқыдан жалпыға, пақтылықтан шынайлықтан алмасу үрдісіндегі аралық буын болып табылады. Мұғалім сөзі оқушы үшін тақырыпты ашып беруде, оның игеруде, бірден–бір әсер ететін педагогикалық күшті құрал болып саналады .Ежелгі римнің педагогикалық ойшыл ірі өкілі М.Ф. Квинтилиянның «мұғалім дауысы әрбір оқушыға күн нұрындай әсер етеді»-деуінде үлкен мән жатыр. Эмоцияға толы сөздер тыңдаушылардың көңіл –күйін көтереді, қызығушылығын тудырады, сөздің мазмұнын қабылдауға жәрдемдеседі .

Ал педагогикалық техника дегеніміз–мұғалімнің өзін-өзі ұстай білуі ,ең басты–мұғалім сөзі.Өйткені ,мұғалім сөзінің оқыту–тәрбиелеу үрдісінде атқаратын қызметі кең ауқымды және ол арнайы зерктеулерді талап етеді.
5. Студенттердің оқытушымен бірге өздік жұмыстарының бақылау сұрақтары:

1. Музыка мұғалімінің кәсіптік даярлығы дегеніміз не?

2. Музыка мұғалімінің тіл мәдениетінің ерекшелігін, творчестволық талабын қалай

дамытамыз?

3. Тіл мәдениетін жүзеге асыруда қойылатын негізгі талаптар қандай?

4. Педагогтық техника дегеніміз не?

5. Музыка мұғалімінің оқыту, тәрбиелеу үрдісінде атқаратын қызметі қандай?
Қолданылатын әдебиеттер:


  1. Айтбаев О. Мақал-мәтелдердің жазуымыз бен сөйлеуіміздегі қызметі А., 1978

  2. Адамбаев Б. Казахская народные ораторское исскуство. А., Ана тілі 1994.

  3. Апресян Г.З. Ораторское исскуство. М., Из-во МГУ 1984.

  4. Зимняя И.А. Проблемы речевой деятельности. М., знания 1983.

  5. Бейсембаева З.Б. Тіл байлығы – ой байлығы. Жинақ А., 1983.

  1. Кеселова Л.А. Вопросы теории ревевого воздействия Л., 1978.

Тухмачова М.И. Подготовка будещего учетеля музыке к общению с коллективом Глазов 1989.
№ 3 сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда сөйлеу мәдениеті проблемасының әлеуметтік– қоғамдық алғышартының қалыптасуы, дамуы.

2. Сабақтың жоспары:

  1. Тіл мәдениетінің негізі -шешендік өнер .

  2. Шешендік - өнердің даму қайнар көзі .

  3. Тіл өнерінің белгілі шеберлері, олардың шығармалары .

  4. Қазақ халқының шешендік өнері .


3. Сабақтың мақсаты: тіл өнерінің белгілі шеберлеріне, олардың шығармаларына тоқталу.

4. Әдістемелік нұсқаулар::

Тіл мәдениетінің негізі-шешендік өнер. Әрбір тарихи дәуір шешендік өнердің өзіндік эстетикалық–моральдік сипаты, бағыты, стильдік ерекшелігі бар үлгілерін дүниеге әкелген. Шешендік өнердің өткен тарихынан біз оның ерлік дәстүрге бай мазмұнды турлерін,әдістрін көре аламыз. Атақты римдік шешен Цицерон «тіршіліктің тәлімгері тарих» деген сөзі өткен тәжірибеден әлеуметтік кұны әлі жоғалмаған сөз өнерінің қағидаларын,заңдылықтарын кездестіруге ,оларды пайдалануға болатындығын ескертеді.

Шешендік өнер ерте дүниенің өзінде ақ қалыптасқан. Ол әуелі ежелгі Египедтте, Вавилонда Индияда,Қытайда, Грецияда дамыды . Осының арасынан әсіресе ежелгі Афиндегі (Грецияда )сөз өнерінің даму жолы ерекшелігімен көзге түседі .Біздің жыл санауымыздан 6 ғасырдай бұрын өмір сүріп өткен ежелгі Афиннің мемлекеттік қайраткері әрі ақыны Солон құлдық құрылыс пен сот істерінің демократиялауның реформаларының заңын жасайды .Атақты осы Солон заңы шешендік өнерінің өркен жаюына үлкен ықпал тигізеді . Солон заңы бойынша әрбір Афин азаматы өз мақсат –мүддесін өзі қорғауға тиісті болған. Мұндай қабілеті жоқ адамдар басқалардың көиегіне зәру бола бастайды . Осыдан келіп сот алдында cөйлер сөзді дайындап беруші – логогрифтер (сөз жұптаушылар )пайда болды .

Афинде класикалық шешендік өнерін негізін салушылардың бірі ұлы саяси шешен атанған Демосфен әуелде логогриф болған .Демосфен шешендік өнерінің арқасында ірі саяси мемлекеттік қайраткерлері дәрежесіне көтерілген . Тарихи деректерге қарағанда Демосфен шешендік өнеріне қажырлы еңбекпен қайсар мінезі арқылы жеткен. Өз халқының патриоты болған ұлы шешен елін бірлікке, татулыққа үндеп ,шашыраңқылықтан іргелі ,қуатты мемлекетке дейін көтерілуіне септік жасаған.

Ғылыми тілде Риторика (ритор –грекше шешен)-сендіре білу ,яғни тыңдаушының санасына сезіміне және еркіне әсер ету ,ықпал жасау деген мағынаны білдіреді .Риторика–психология ,логика,тіл, философия ғылымдарымен тығыз байланысты болуды қамтиды . Риторика теориясының дамуымен қатар шешен сөйлеу өнеріне үйретуші кәсібінің түрі ұстаз -ритор пайда болды .

Риторика теориясын негізін қалаушыларының ұлы өкілі Аристотель ежелгі сөз өнері тәжірибесі негізінде «риторика »деген еңбек жазады. Белгілі дүниеге сендіруге мүмкін болар әрекетін туғазатын мүмкіндік деп есептейді Жүздеген жылдар бойы әр кезеңінің шешендік өнер теоретиктері осы қағиданы басшылыққа алып, уақыт талабына орай жетілдіріп отырған. Рим шешендер өнерінің ұлы өкілі әуелі адвокат кейін парламент басшысы болған Марк Тулли Цицерон еді .Ол әлем өнерінде белгілі адвокат ,саяси қоғам қайраткері , философ, дебиетші ,заңғар ойшыл шешен ретінде қалды. Өзінің ақиқаттығына сенетін жан-жақты білімді болуы керек, нағыз шешенді ол саяси қайраткер деп санаған. Цицерон шешендер алдына негізге үш міндет артады .

1. Өзіңнің түйгеніңді жеткізе білу ,ұсынған аргументтер мен дәлелдемелердің

нақтылығына , ақиқаттырығына нақтылы сену ;

2. Тыңдаушылар шешен сөзінен эстетикалық қанағат табатын болуы ;

3. Тыңдаущының сана –сезіміне, еркіне қозғау салып , олардың белсенділігін қалау

және арттыру еді .

Рим құлдық қоғамының экономикалық, рухани құлдырау кезінде Римнің ұлы риторы Марк Фабит Квинтелиан өмір сүріп қызмет етті .Бұл кезеңнің негізгі ерекшелігі шешендік өнерінің жаңа ағымы іспеттес болған «театрланған стиль» дами бастады. .Цицеронның жақтаушысы ретінде Квинтелиан өмірінің соңына дейін өнер мектебін дәріптеумен, жетілдірумен өтті. Ол соңында 12 кітап жазып қалдырады. Шешендік өнерінің қорытындысы, риторика энциклопедиясы саналған «Риторика өсиеті » кітабы еді .

Көтеріліс жетекшілері, көсемдері шешендік сөз өнерін жетік меңгерген заңғар ділмалар болған. Солардың біразын атасақ: ол Франциядан Жакариндер көтерілісі көсемі Г.Каль, Англиядағы шаруалар көтерілісінің көсемі Уот Тайлер, Джон Болл, Чехта Гус, Ян Жижка еді .

Орыс шешендері О .Плевако, А .Кони, П.Александров, белгілі қазақ шешендері Қазыбек би, Төле би, Аяз би, Бұхар жырау сияқты бабаларымыздың асыл сөздері, тарихымызда қалған інжу–маржандарымыздың даналығы шешендік өнердің алтын қазығы болып саналады. Сол даналарымыздың айтқан сөздерін оқып, үйреніп, оны өзіміздің сөздік қорымызға енгізіп, музыка сабағында орынды қолданғанымыз жөн .

Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәніне, елдің мәдени өміріндегі белсенді рөліне кезінде қазақ зиялылары көп көңіл бөлген. Ахмет Байтұрсынұлы «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, біліндірмейді» деген болатын. Мұғалім білім нәін себуші, мұғалім жақсы білімді болса, білген білімін алдында отырған шәкіртіне үйрете білсе, ол мектептен бала көбірек білім алып шығады.
Студенттердің оқытушымен бірге өздік жұмыстарының бақылау сұрақтары:


  1. Қазақстанда сөйлеу мәдениетінің проблемасы қалай шешілген?

  2. Ғылыми тілде реторика дегеніміз не?

  3. Афинде класикалық шешендік өнерін негізін салушылардың бірі ұлы саяси шешен кім?

  4. Цицерон шешендер алдына негізге қанша артады?

  5. Белгілі қазақ шешендері кімдер?


Қолданылатын әдебиеттер:

1. Формановская Н.И. Речевой этикет и культура общения М., Уч.Педгиз 1989.

2.Апраксина О.А. О праве учетеля музыканта на эксперимент муз. Вос. В школе., вып 15., М., 1982


  1. Кобалевский Д.Б. Как рассказать детям о музыке М., советский ком.., 1980

  2. Сорокин Ю.А. Культура, общение, текст М., Знание., 1988

  3. Яковлева Г.В. Самостоятельная работа на музыкалными произведениями Саратов 1970., вып 2

№ 4 сабақ



1. Сабақтың тақырыбы: Музыкалық педогогикадағы сөйлеу мәдениеті проблемасының зерттелу қалпы.
2. Сабақтың жоспары:

  1. Музыкалық педагогикада сөйлеу мәдениеті проблемаларына елеулі үлес қосқан

ұлы музыканттар.

  1. Музыка пәні мұғаліміне творчествоның маңызы.

3. Сабақтың мақсаты: сабақ өткізуде оқытудың қазіргі заманғы әдістерін пайдалану.
4. Әдістемелік нұсқаулар::

Бүгінгі таңда қызметтің қай саласында болмасын жеке адам творчествосының көрінісіне үлкен маңыз беріліп отыр. Творчество ұғымы мектептегі оқу тәжірибесінде, сондай ақ тұрмыс жағдайындада қолданылады. Әрбір музыка пәнінің оқытушысының творчествосы мен творчестволық процесс(оқытушының әр сабақтағы іс-әрекеті, қызметіне байланысты қаншалықты жанашырлық әкеле алуымен бағаланса керек). Алайда творчестволық ізденістің бағыты, мүмкіншілігі шексіз. Әр оқытушы белгілі бір оқу программасына сүйене отырып, сонымен бірге өзінің ойлары мен сезімін көрсете білгені, яғни өз пайымынан өткізе білгені керек.

Заманымыздың көрнекті ғалымдары О.А.Апраксина, Н.А.Ветлугина, Д.Б.Кобалевский, В.Н.Шацкаялар творчестволық ойлаудың қалыптасуында сүбелі орын алатын-өнер, оның ішінде музыка деп есептеді. Б.М.Теплов балалар шығармашылығын зерттей және бағлай отырып, олардың творчествосының ерекшеліктерін анықтайтын үш көрсеткішті айқындап берді.

Б.Я.Яворский балалар шығармашылығын жан-жақты дамыту үшін әр түрлі музыкалық іс-әрекеттерге сүену керек екендігін ұсынды. Л.Г.Дмитриева өзінің тұжырымдамасында балалардың шығармашылығын дамыту үшін, яғни шығармашылық бейне туралы түсінік, белгілі бір әуенге кіріспе, қарапайым сүйемел ойлап табу дағдыларын қалыптастыру үшін алғашқы кезде бір ғана музыкалық – тағылымдық материалға жүгінген жөн деп санады.

Бұл ретте әрбір тақырыпты ашудың мәні оқушылардың творчестволық қабілетін дамытатын, музыкалық ойлауды жетілдіретін, танымдық қызыушылығын қалыптастыратын, тек бүгінгі күндік емес, болашақтың да кәдесіне жарайтын музыкалық сауат, тиянақты білім беруде жатыр.

Сабақ өткізуде оқытудың қазіргі заманғы әдістері, түрлері мен қүрал-жабдықтары пайдалануға тиіс. Оқушы музыканы жүрдім-бардым емес, бар ынтасымен тыңдауға үйренген жағдайда ғана сабақ ойдағыдай тиімді нәтижеге жеткізген. Оқушыларды ұдайы музыкалық ойлауға, сергек сезімталдыққа, танымдық қызығушылығының қалыптасуына, өзіндік белсенділігін арттыруға тырысуы керек.Бір музыкалық шығарманы бір сабақта талдап, үйретіп қою аздық етеді, сондықтан берілген материалды сапалы меңгеру үшін оны келесі сабақтарда пысықтауға тура келеді. Әр қашан қай кластағы қай сабақта болмасын музыкалық материалды оқытқан кезде музыканың мазмұны негізге алып, түсінуді де, ынта ықыласты да, сезімдік құбылыстарды да соған бағыттау керек.Музыкалық сауатты оқытудың методикасы тұтас алғанда музыкалық оқытудың міндеттеріне сай болуға тиісті. Мектептің міндеті- биік көркемдік талғамы бар, музыканы сүйетін, оны жанымен түсінетін, музыкалық өмірге белсенді араласатын музыкалық білімді адамды дайындау.




  1. Студенттердің оқытушымен бірге өздік жұмыстарының бақылау сұрақтары:

  1. Музыкалық педагогикада сөйлеу мәдениеті проблемаларына елеулі үлес қосқан

ұлы музыканттарды атаңыз.

  1. Сабақа өткізуде қазіргі заманғы әдіс-тәсілдерді қалай қолдануға болады?

  2. Заманымыздың көрнекті ғалымдарын атаңыз.

  3. Б.Теплов балалардың шығармашылығын зерттей келе қалай бағалады?

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Формановская Н.И. Речевой этикет и культура общения М., Уч.Педгиз 1989.

2.Апраксина О.А. О праве учетеля музыканта на эксперимент муз. Вос. В школе., вып 15., М., 1982


  1. Кобалевский Д.Б. Как рассказать детям о музыке М., советский ком.., 1980

  2. Сорокин Ю.А. Культура, общение, текст М., Знание., 1988

  3. Яковлева Г.В. Самостоятельная работа на музыкалными произведениями Саратов 1970., вып 2

№ 5 сабақ



1. Сабақтың тақырыбы: Сөз құрылымы, оның негізгі және коммуникативті қасиеті.
2. Сабақтың жоспары:

1. Музыка мұғалімінің педагогикалық қызметі құрылымының түрлері.



  1. Педагог-музыканттың ұйымдастырушылық, конструктивтік, коммуникативтік іскерліктерінің мазмұны.

  2. Артистизм.

3. Сабақтың мақсаты: педагог-музыканттың тұлғалық кәсіби қасиеттерін ашу.
4. Әдістемелік нұсқаулар::

Педагог-музыкант тұлғасының кәсіби – педагогикалық қасиеттерін қалыптастыру болашақ мұғалімдерді даярлауда басты орын алады. Сондықтан, музыка мұғалімінің педагогикалық қызметі құрылымына жататын келесі бөліктерді атап кеткеніміз жөн:

ұйымдастырушылық, конструктивтік, коммуникативтік.

Музыка мұғалімінің ұйымдастырушылық қызметіне төмендегідей тұтас педагогикалық іскерлік кешенін енгізуге болады:



Педагог-музыканттың конструктивтік қызмет негізіне келесі кәсіби мазмұндық іскерліктер жатады:

  • оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау;

  • оқу-тәрбие материалын іріктеу;

  • оқуды дифференциялау;

  • оқушыларды жете білу және даралық әдісті жүзеге асыру;

  • сабақтағы іс-әрекетті педагогикалық белсенділікпен ойластыру.

Көп жағдайда педагогикалық қызметке табыс әкелетін коммуникативтік іскерліктер:

- оқушылармен, ата-аналармен, қоғамдық жұмысты атқарушылармен және әріптестермен дұрыс педагогикалық мақсаттарға жету үшін өзара қарым-қатынасты орнату;

- мектепте, сыныпта ұжымаралық және ұжым ішіндегі қарым-қатынасты реттеу және дұрыс жолға қою;

- балалармен жақсы қарым-қатынасты орнату үшін қажетті және іс-әрекеттік формаларды табу.

Сондай-ақ, болашақ мұғалім тәжірибесінде мына төмендегідей қолданбалы іскерліктер де қалыптасады:


  • ән салу (таза айту, дикция, дауыс тембрі және т.б.);

  • билеу (әр түрлі қозғалыстардың элементтерін – вальс, полька, халық билерін көрсету);

  • сурет салу (музыкалық бейнелерді бейнелеу- нота, скрипкалық және бас кілттері, мелизмдер, көрнекі құралдар және т.б.);

  • музыкалық аспаптарда ойнау ( фортепиано, баян, домбыра, шулы аспаптар және т.б.);

  • іс-әрекеттің әртістілігі (музыкалық шығарманың характерін көрсету);

- әр түрлі музыкалық ойындарды өткізу («Соқыр теке» және т.б.).

Қазақ тілінде сөйлем мөлшелерінің орны тұрақты тілдердің заңдылығы бойынша бастауыш сөйлемдердің басында, баяндауыш соңында, әдетте сөйлемді аяқтап тұрады да анықтауыш анықтайтын сөзінен бұрын, толықтауыш пен пысықтауыш та өздері қатысты сөздерінен бұрын орналасады. Бұл тілдегі қалыптасқан синтаксистік (грек біріктіру – грамматикалық сөз тіркесін, сөйлем жүйесін, құрылысын зерттейтін саласы) норма. Ал кей жағдайда сөйлем мөлшерінің орны ауысып қолданылуы белгілі бір мақсатты көздейді. Басым мағынада айту үшін, жеке ой екпінін түсіре қалыпты орын тәртібін өзгерту жөнімен ауытқу болып табылады. Инвестицияланатын сөйлем мөлшелері–көбіне бастауыш, баяндауыш жєне толықтауыш.



Студенттердің оқытушымен бірге өздік жұмыстарының бақылау сұрақтары:

1. Педагог-музыканттың атқаратын қызметтері қандай?

2. Педагог-музыканттың кәсіби тұлғасының қасиеттері қандай?

3. Педагог-музыканттың конструктивті қызмет негізіне қандай іскерліктер жатады?

4. Сөз құрылымы, оның негізгі комуникативті қасиеттері қандай?

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Формановская Н.И. Речевой этикет и культура общения М., Уч.Педгиз 1989.

2.Апраксина О.А. О праве учетеля музыканта на эксперимент муз. Вос. В школе., вып 15., М., 1982


  1. Кобалевский Д.Б. Как рассказать детям о музыке М., советский ком.., 1980

  2. Сорокин Ю.А. Культура, общение, текст М., Знание., 1988

  3. Яковлева Г.В. Самостоятельная работа на музыкалными произведениями Саратов 1970., вып 2

№ 6 сабақ



1. Сабақтың тақырыбы: Болашақ музыка мамандарының монологтык , диологтык сөйлеу шартына сай кәсіптік тіл қатынасына ерекшеліктері.
2. Сабақтың жоспары:

1 Кәсіптік тіл қатынасының түрлері .

2 Монологты сөз сөйлеудің бөліктері .

3 Диалогтық сөз құрылымы .


3. Сабақтың мақсаты: диалогтық сөз құрылымының мақсатын анықтау
4. Әдістемелік нұсқаулар:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет