Құрастырушы: аға оқытушы Қасқабасова А. А



бет1/2
Дата13.06.2016
өлшемі453.58 Kb.
#134078
  1   2

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Қазақстан тарихы кафедрасы
5B020300-Тарих мамандығының студенттеріне арналған

«Алғашқы қоғам тарихы»




ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар


2013



Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19








БЕКІТЕМІН

ТжҚ факультеттің деканы

_________ Бегимтаев А.И.

(қолы)


20__ж. «___»____________

Құрастырушы: ___________аға оқытушы Қасқабасова А.А.


Қазақстан тарихы кафедрасы

5B020300-Тарих мамандығының күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған «Алғашқы қоғам тарихы» пәні бойынша

пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама «___» _________20__ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
20__ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі______________ Батталов К.К. 201 ж. «____» ________
Факультет оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған _________ 20__ж. «_____»____________№____ хаттама
ОӘК төрағасы _____________ Сулейменова Ш.К 20___ж. «_____»___________

1 Оқу пәнінің паспорты

Пәннің атауы: Алғашқы қоғам тарихы

Таңдау бойынша компонент пәні

Кредиттер саны және оқу мерзімдері

Барлығы – 3 кредит

Курс: 1

Семестр: 1

Аудиторлық сабақтардың барлығы – 45 сағат

Дәріс сабақтары - 30 сағат

Тәжірибелік/семинар сабақтар – 15 сағат

СӨЖ – 90 сағат

соның ішінде СӨЖМ – 45 сағат

Жалпы еңбек сиымдылығы – 135 сағат
Бақылау формасы:

Емтихан – 1 семестр
Пререквизиттер: «Археология», «Этнология», «Мәдениеттану», «Ежелгі Қазақстан тарихы»
Постреквизиттер: Қазақстан тарихы, Дүниежүзілік тарихы пәндерін игеру үшін қажетті білімдер, икемдер мен дағдылар
2 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, магистр. (Дәріс және тәжірибе сабақтары).

539 ауд.

Байланыс тел. 673685: ішкі 1326
3 Пәні, мақсаты, міндеттері

Оқу пәні

Пән теориялық (дәрістік) және тәжірибелік (семинарлар) сабақтарынан құралады. Теориялық курс негізгі принциптері: нақты-тарихи жағдайда алғашқы адам қоғамы дамуының негізгі бағыты мен факторларын анықтайтын тарихи танымның әлеуметтік негізін көрсету, тәжірибелік сабақтар студенттердің алғашқы адам қоғамы дамуының негізгі бағыттары мен факторлары және заңдылықтарын анықтау бойынша жасау дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Студенттердің өздік жұмыстарының негізінде дәрістік оқуларды игере отырып, тәжірибе оқуларына дайындалу жатыр



Пәннің мақсаты

Алғашқы адам қоғамы пәнінің тарихи білімдер жүйесіндегі орнын ашу



Пәннің міндеттері

  • тарих ғылымының даму заңдылықтарын анықтау;

  • алғашқы қоғам тарихының ерте кезеңімен, адам дамуының және адам қоғамының негізгі кезеңдерінің даму ерекшеліктерін салыстыра отырып, ерекшеліктерін, мәнін ашу.

  • алқашқы тұрмыстық қоғам формациясын оқып үйрену негізінде толық тарихи білім негізін қалыптастыру

  • тарих ғылымы саласында мамандар дайындау


4 Білімдер, икемдер, дағдылар және құзыретіне қойылатын талаптар

Қөрініс алу керек:

Алғашқы қоғамның қалыптасу, гүлдену және ыдырауының жалпы заңдылықтарының, негізгі кзеңдері мен ерекшеліктері жөнінде



Білуі керек:

Алғашқы қоғамның қалыптасу, гүлдену және ыдырауының жалпы заңдылықтарын; таптық қоғам қалыптасуының негізгі заңдылықтарын ашу; тарихи фактілерге, құбылыстарға талдау жасай білу, салыстыра білу; ғылыми көзқарастарға баға беру білу икемдерін, дағдыларын қалыптастыру;



Істей білуі керек:

Тарихи үдерістің себеп-салдар байланысын орнату, салыстырмалы талдау негізінде тарихи құбылыстар мен оқиғаларды саналы түрде иегруі керек, тарихи білімдерді шығармашылық тұрғыдан тәжірибеде орындай білуі керек, тарихи эволюция заңдарын түсіндіру, тарихилық принцип негізінде, тарихи өткенімізді талдай білу, жазбаша жұмыстарды (конспект, аннотация, реферат, баяндама, эссе) жаза білу және оларды дұрыс рәсімдей білуге дағдылану, өзінің қорытындыларын салиқалы негіздей білу



Дағдыларға ие болуы керек:

Тарихи құбылыстарды талдау, семинарларға дайындалу барысында қолда бар ғылыми әдебиетке өз бетінше сын көзбен талдау жасай білу; тарихи деректерді жіктеп, талдай білу; картаны жақсы бағдарлауға дағдылану және оны ауызша жауап беруден пайдалана білу



Құзыретті болуы керек:

Тарихи құбылыстардың болжамдарын жасай білуі керек. Әлемнің басқа халықтарының дәстүрлеріне, мәдениеттеріне төзімді болуы тарихи білімнің теоретикалық, қолданбалы және бағалылық аспектілерін көрсете білу, оларды күнделікті, сондай-ақ, кәсіби өмірде практикалық шешімдерді негіздеуде қолдана білу



5 Пәнді игерудің тақырыптық жоспары
Сабақтардың түрлері бойынша академиялық сағаттарды реттеу


п/п№

Тақырыптардың атауы

Сабақтардың түрлері бойынша аудиториялық сағаттар саны

ОӨЖ

Дәріс

Тәжірибе (семинар)

Барлығы


Соның ішінде ОӨЖМ

1

Кіріспе

2

1

10

5

2

АҚҚ тарихының деректері

4

1

10

5

3

АҚҚ тарихының тарихнамасы

4

2

10

5

4

Алғашқы қаумдық қоғамның қалыптасуы

4

2

10

5

5

Адамзат қоғамының қалыптасуы

4

2

10

5

6

Алғашқы қауымдық қоғамның гүлденуі. Рудың қалыптасуы

4

2

10

5

7

Аңшылар, терімшілер мен балықшылардың алғашқы рулық қауымдары

4

2

15

7

8

Дамыған рулық қауым

4

2

15

8

9

Алғашқы қауымдық қоғамның ыдырауы
















Барлғы:135 (3 кредит)

30

15

90

45


6 Дәріс сабақтарының мазмұны
Тақырып 1 Алғашқы қоғам тарихы ның пәні

Жоспар


1 Алғашқы қауымдық қоғам тарихы пәні, маңызы, мақсаттары.

2 Алғашқы қауымдық қоғам тарихының ғылым жүйесінде алатын орны.

3 Антропогенез проблемасы.

Адамзат тарихына бірқатар бірін-бірі дәйекті ауыстырып отырған қоғамдық экономикалық формациялар алғашқы тұрмыстық қауымдық құл иеленушілік, феодалдық капиталистік коммунистік формациялар мәлім. Алғашқы тұрмыс тарихының зерттеу пәні жер бетінде адамның пайда болуына таптық қоғамдар мен мемлекеттердің туына дейін бүкіл орасан үлкен уақыт кезенің қамтитын осы формацилардың алғашқы болып санады.

Алғашқы тұрмыстық қоғам тарихы адамның шығуы оның шаруашылық және қоғамдық қызметінің тууы мен бастапқы дамуы мен, оның материалдық және рухани мәдениетінің пайда болуы мен алғашқы қадамдарын зерттейді. Алғашқы тұрмыстық қоғам тарихының аса маңызды міндеті алғашқы тұрмыстың қауым құрылысының негізгі ерекшеліктерін анықтап табу, оның қалыптасуының, дамуы мен ыдырауының жалпы заңдылықтарын ашып көрсету, оның таптық қоғамға айналу жағдайлары мен формаларын зерттеу болып табылады.

Алғашқы тұрмысты қауым құрылысына өндіргіш күштер дамуының өте-мөте төменгі дәрежеде болуы тән. Оның бүкіл дамуы бойында дерлік карулар, жасау үшін басты материал болып тас қала берді, бұдан жетудіруге зорға дегенде кенетін тек қаңа ең қарапайымы ғана жасауға болатын еді. Сондай-ақ алғашқы тұрмыс адамдырының еңбек дағдылары мен өндірістік тәжірибелері де мейлінше жетілдірген еді. Техникалық жағынан нашар жабдықталған, өзінің жеке басының күшін нашар білетін алғашқы тұрмыс адамы табиғат алдында бір өзі қорғаныссыз болды. Осыдан келіп алғашқы тұрмыс адамдары тіршілік ету жолында бірігіп күресуі үшін коллективтік еңбек пен еңбек құралдарына және өнімдеріне коллективтік меншіліктін сөзсіз бірігу қажеттігі туды. Алғашқы қоғам жеке меншікті адамды адамның қанауын және халықтан бөлінген күштеу, өкіметін білмеді.

Алғашқы тұрмыстык кауым қурылысының осы аса маңызды ерекшелігін оны зерттеудің неге тек танымдық қана емес сондай-ақ үлкен дүниеге көзкарастық манызы да болатынын түсінікті етеді.

Адам тектес маймылдар тобына көпшілік ғалымдар дриопитек, рамапитек және австролопитектер топтарын жатқызады. Олардың негізгі тіршіліктері ағаш басында, жәндік, әртүрлі өсімдіктер, кішкентай құстарды, кішкентай аңдарды аулап жеді. Өрмелеу, ағаштан ағашқа секіру сынды қабілеттері жоғары дамыған. Жабайы табиғаттың тікелей құрамдас бөлшегі іспеттес еді. Жекелеген ғалымдар адамның адам ретіне қалыптасуының алғашқы саты ретінде епті адамды есептейді. Қарсы көзқарастағылар тік жүретін адамды қалыптасқан алғашқы топтағы адамға жатқызады. Олардағы тұру, жүру, ұстау, сөйлеу ептіліктерінің қалыптасуы мен байланысты. Тернифин, Омо, Чесованджа, Нармада, Юаньшоу, Лук Йен, Хэцзян, Триниль аймақтардағы сүйек қалдықтарының қоныстанған жергелікті жерге байланысты ерекшеліктердің басым екндігін дәлелдеп отыр.


Тақырып 2 Алғашқы қауымдық қоғамды оқытудағы деректер

Жоспар


1 Ертеде және орта ғасырларда алғашқы қауымдық қоғам жөніндегі көріністер.

2 XIX ғ. ортасында эволюциялық теориясының дамуы.

3 Марксизмнің негізін салушылар.

4 Алғашқы қоғам археологиясы мен палеантропологиясының дамуы.

5 XX ғ. тарихи-этнологиялық қайта құру.
Алғашқы тұрмыстық қоғамның тарихы – тарих ғылымының бір шама жас саласы. Ол өткен ғасырдың екінші жартысында пайда болып әрі, тек жүз жылдай уақыттан бері ғана өмір сүріп келеді. Варварлық дүние антик авторларға онша мәлім емес еді. Геродот, Демокрит еңбектерінде алғашқы мәліметтер кездеседі. Лукреций Кар затар табиғаты туралы поэмасында “тағылық күйден отты киім кешекті баспананы т.с. ойлап тапқанға дейінгі ең көне адамзат дамуының көрінісін суреттеп жазды.”

Орта ғасырларда шіркеу мен схоластика ғылымды жаншып басып келді. Осы кезде ежелгі заманға қарағаннан гөрі адамдардың өткен шағы туралы және беймәлім елдердің халықтары жайында, барып тұрған қисынсыз ойдан шығарылған қаусеттер таратылды. Орта ғасырдағы географтар мен шежірешілер ит басты адамдар (киноцефалдар) туралы немесе көрпе сиякты өзінің орасан үлкен құлақтарына оранған фанезийліктер жайындағы аңыздарды шын деп білді. Адамзаттың шығуы жене оның әуел бастапқы тарихи проблемаларыны келетін болсақ, бұл жөнінде бәрі де библия (інжіл) аңыздарында айтылып қойылған деп саналды. Ал, қалайда осы қиын жағдайлардын өзінде де жер және оны мекендеген халықтар жайындағы білім молайып кеңейе түсті. Осы білімдер кейініректе алғашқы тұрмыс тарихын зерттеудің көзі де болды. Араб географтары Шығыс Европа мен Азия халықтарының сипаттамасын құрастырды. XIII ғасырдағы орта азия халықтары туралы тамаша деректертер географ Чан-Чуньнің сапар жазбаларында сақталған. Сауда байланыстарын орнату үшін Шығысқа аттанған саяхатшылар (Плано Корпини, Рубрук, Мерко Поло және басқалары) европалықтардың Шығыс халықтарымен таныстығын кеңейте түсті.

Европада этнография білімдердің қорланып жиналуындағы нағыз төнкеріс ХV ғасыр ұлы география жаңалықтар ашылған кездерден басталады.

ХҮІІІ ғасырда Лафито (Франция) солтүстік американың үндістері жайында жазды. Ол алғаш салыстырмала әдістерді кеңінен қолданды. ХҮІІІ ғасырдан бастап адам және оның табиғаттағы орны деген сауалдарға жауап ізделді.Францияда Ж.Ламетри, Д.Дидро, К.Гельвеций, Швецияда К.Линней кеңінен зерттеді.Линней ең алғаш рет Homo sapiens-ті приматтар тобына жатқызды.

Негізгі концепция 1859 жылғы Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының негізі жасалынды. Эволюционистер-этнограф, тарихшы И.Бахофен (Швейцария), Л.Морган (АҚШ), Г.Спенсер, Э.Леббок, Э.Тэйлор(Англия), А.Бастиан(Германия), Мак-Леннан(Шотландия), Ю.Липперт (Австрия), археологтар Г.Мартельие және О.Монтелиус(Франция) болды.

1880 ж Маркс алғашқы тұрмыстың қауымдылық формацияның тарихы жөніндегі арнаулы зертеуді бастап, ал ол қайтыс болғаннан кейін Энгельс жалғастырып аяқтады. Бұл 1884 ж шыққан Энгельстің “Семьяның жеке меншікпен мемлекеттің шығуы” деген еңбегі еді. Зерттеудің негізіне Л.Г. Моргоннің көне қоғамы алынған еді. Энгельс Моргон қорытқан Семьяның жеке меншік пен мемлекеттің шығуында Энгельс алғашқы тұрмыстық қауымидық формацияның бастапқы және ақырғы межесін белгілеп берді және оның дамуының негізгі заңдылықтарын ашты.

Алғашқы тұрмыс экономикасы жеке меншіктің тарихи алғы саласы болған коллективтік қауымдық-рулық меншікке негізделді; аналық ру және оған тән топтық және қосақ семья формалары әкелік рудың және патриархалдықтың, ал одан кейін моногамдық семьяның тарихи жағы алдынан келеді.

Мұнымен бірге Энгельстің еңбегі өз дамуында озат және артта қалған халықтардың арасындағы тарихи өзара қатынастарды түсіну үшін методологиялық нұсқау берді.



Тақырып 3 Адамның пайда болуы.

Жоспар


1 Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуы мәселесі.

2 Адам туралы. Адамның ең таяу ата тектері мен адамзаттың ең арғы атасы проблемалары туралы.

3 Ертедегі гоминидтер және олардың іс-әрекеттері туралы.

Адамның пайда болуының мәні ғылым философиясында маңызды орынға ие. Оның өзге тіршілік көзерінен ерекшелігі не деген сұраққа антика дәуірінің ойшылдарынан бастап, қазіргі таңға дейін ғалымдарды толғандыратын маңызды сұрақтарының бірі. Діни насихаттамаларда адамды құдай жаратады, олардың жаны мәңгілікпен байланысты көзқарастар ұсынылса, антикалық ғалымдар оның ойлау қабілетін барлық тіршілік атаулыдан бөліп қарастыруды ұсынды. Орта ғасырлар адам санасының дінмен шырмалған кезі болса, гуманистер табиғаттағы адам рөліне жоғарғы баға берді. Ч.Дарвиннің «Адамның пайда болуы және жыныстық сұрыпталу» атты еңбегі осы уақытқа дейінгі көзқарастарға ұқсамайтын жаңа ілімнің негізін қалады. Шәкірттері К.Фогт, Т.Гексли, Бахофен, Л.Морган, Г.Спенсер, Э.Леббок, Э.Тэйлор, А.Бастиан, Мак-Леннан, Липперт сынды ғалымдар эволюциялық ілімнің жан-жақты қалыптасуына жағдай жасады. Антропогенездің қозғаушы күштеріне байланысты қазіргі таңда бірнеше көзқарастар бар. Олардың негізгілеріне, біз: еңбектің рөлі; ой мен сөздің пайда болуы; тік жүретін адамның тобының қалыптасу; тобыр болып өмір кешудің маңызы; жыныстық сұрыпталудың; бес саусақтық жүйенің әсерін жатқызамыз.


Тақырып 4 Адам қоғамының даму кезеңдері.

Жоспар


1 Адамзат тарихында адам қоғамының алғашқы ұйытқылары.

2 Адам тобыры.

3 Алғашқы қауымдық коллективизм.

Алғашқы тұрмыстық адам қоғамын тарихи реконструкциялау, сірә, алғашқы тұрмыс тарихының ең күрделі проблемасы болып табылады. Қандай да болсын тура параллель жоқ болғандықтан, ол жөнінде тек жанама деректердің негізінде ғана пайымдауға болады. Бұл, біздің деректеріміз, бір жағынан, маймылдардағы табындық қарымқатынастар, екінші жағынан, археология мен антропологияның кейбір фактілері, сондай-аң азды-көпті ықтималдық үлесімен адамзаттық өте ертедегі, рулык күйге дейінгі сарқыншақтары. Ретінде қарала алатын этнография фактілері. Осы деректердің барлығын салыстырып және талдау сол заманнын қоғамдық тіршілігі туралы көп жағынан гипотездік ұғым болғанымен, жалпы ұғым жасауға мумкіндік береді, бірақ толып жатқан анық емес таза логикалық болжауларға даулы, болжамдарға, әрине, орын қалады.

Алғашқы тұрмыстық табын термині ең көне және көне адамдардың ұйымдарының диалектикалық ерекшелігін, оның Хомо Сабенс дайын қалыптасқан қоғамына хайуандардың адам алды табынынан өту күйін жақсы береді.

Алғашқы тұрмыстық адам табыны сірә шағын адамдар тобы болса керек Үлкен топтың ерте палеолит адамының техникалық қарулануының нашарлығы және тамақ табудың қиындығы кезінде өзін асырай алу ықтималдығы шамалы еді. Жинап теру ісі мен шұғылдану уақытты көп жұмсауды керек етеді. Ол тамақты біршама аз береді. Мұнда көбінесе төменгі калориялы келеді. Алғашқы тұрмыс адамдарына белгілі де болған ірі хайуанаттарды аулауға келетін болған. Алғашқы тұрмыс адам тобының бірнеше ондаған адамнан артық болды деу қиынға түседі. Көбінесе 20-30 ересек адамдардан құралса керек.



Тақырып 5 Антропогенез процессінің аяқталуы.

Жоспар


1 Рулық-қауымдық құрылыстың пайда болуы.

2 Антропогенез процессінің аяқталуы.

3 Homo Sapiens – осы заманғы түрпатты адам, олардың ерекшеліктері.

4 Адамның шығу-тегінде әлеуметтік және биологиялық заңдылықтардың синтезі болуы.

Алғашқы қауым тарихында ең күрделі мәселелердің бірі болып рудың қалыптасуы проблемалары болып табылады. Тобырдың руға айналу үрдісі бірінші кезекте өндіргіш күштердің өзгеруіне және экзогамияның пайда болуына байланысты толығымен орнықты. Ғалымдардың негізгі бөлігі руды мустье дәуірінде пайда болды деген қорытындыға келген. Ал, нақты орнығуына себепші болған бірнеше факторлерді анықтап отыр.

Ч.Дарвин – бір тобыр арасындағы жыныстық қатынастардың екі жақтан да жек көрушілік туғызуға байланысты деп көрсетсе, Б.Ф. Поршнев аңшы еректердің аң аулау барысында өзге ру әйедерімен кездескедігін негізгі фактор ретінде есептесе, Э. Дрюкгейм оларды толғандырған қан мәселесі, яғни, некелер арасындағы аралас қандастардың дұрыс қанды ұрпақтардың келуіне кері әсерінің болуы экзогамияның пайда болына және рудың қалыптасуына жағдай жасағандығы жайында көзқарастарын теориялық тұрғыдан дәлелдеп берді. Кеңестік тарихшылар А.М. Золотарев пен С.А. Токаерв шаруашылықтың тұйықталуын тоқтату прблемасы рудың пайда болуына сепші болғандығын атап көрсетсе, М.П. жаков, С.П.Толстов, Ю.Н.Семенов сынды ғалымдар экзогамияның шығуын ру арасындағы еңбек процессін реттеу қажеттілігінен туындаған және бұл үрдіс үнемі ерлер арасындағы қақтығыстардың туындауына жол берген. Экзогамия тұсында аналық линия бойынша туыстар арасындағы некеге тиым салынды. Оның салдары дуальды, кейінен фртатриялардың пайда болуына әкелді.


Тақырып 6 Егінші-малшылық дамыған рулық қоғам.

Жоспар


1 Өндірілетін шаруашылықтың және жаңа өндіріс жетістіктерінің дамуы.

2 Әлеуметтік-экономикалық қатынастар.

3 Халықтардың қоңыстануы.

4 Неке және отбасы.

5 Қоғамдық-рулық қауым. Үкіметтің құрылуы.

6 Рухани мәдениет.

Неолит көп мыңдаған жылдық тас ғасырының жоғарғы да ақырғы сатысы болды. Неолиттік уақыт, ең алдымен, еңбектің тас қаруларының жасалу техникасын едәуір жақсартумен сипатталады. Бұл жаңа техниканың ең айқын сипаты тегістеу немесе жалтырату тәсілімен, сондай-ақ тасты егеп тесу арқылы тас құралдарды түпкілікті өңдеу болып табылады, бұл неолиттік уақыт адамына бұрынғыға қарағанда зор табыспен тасқа ойдағыдай форма беруге мүмкіндік туғызды. Құрал тастардың сан алуан түрінен, соның ішінде шақпақтан қат-қабаттыларын және үсак түйірлерінен гөрі жұмсағынан құралдар жасалды. Бірақ шақпақ тас та, сондай-ақ нефрит немесе жадейт сияқты қатты жыныстар да жаңа әдістермен өңделетін болды;

Тастың жоғары сапалы сорттарын алу үшін адамдар оны жер астынан қазып алуға көшті.

Атап айтқанда иемденуші шаруашылықтан өндірілетін шаруашылыққа көшуден көрінетін өндіргіш күштердің өсуі, рулық құрылыстың одан әрі дамуына жол ашты. Қоғамның экономикалық негізін бұрыңғысынша жерге рулық меншік құрады. Өндірістің басқа құрал – жабдықтары коллективтің де, жеке меншіктің де иемдеген де болды. Алайда соңғы жағдайда оның иесі өлгеннен кейін иелік рудың ішінде қалуға тиіс болды. Меншіктік қатынастар мен бұларға негізделген қоғамдық қатынастар, негізінен алғанда өндірістік коллективті нығайта түскен табиғи қандас – туыстық байланыстармен сай келе берді. Тіршілік ету құрал жабдықтармен біршама қамтамасыз етіліп, тұрған халықтың өсуі салдарынан рулық қауымдар немесе аналық семья дейтін ең жақын туыстардың ірі коллективтеріне жиі бөленді. Меланезия мен ирокездердің кейбір тайпаларында орманды шауып күйдіру, әдетте туған туыстардың егіншілік операциялары ғана жекелеген үй ішілік қауымдар күшімен атқарылды. Ұқсас тәртіптердің қалдықтары Меланезияның кейбір облыстарында мәселен әйелдер меншік иелері және бүкіл рулық жердің әміршісі болып саналды.
Тақырып 7 Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы.

Жоспар


1 Таптардың пайда болу дәуірі.

2 Алғашқы қауымдық қоғамның алғы шарттары және ыдырау жолдары.

3 Өндірілетін шаруашылықтың дамуы және оның ыңғайлануы.

4 Металлургияның дамуы.

5 Айырбастың дамуы.

6 Қоғамдық өнімнің және артық өнімнің қосымша өнімге айналуы.

Өндіргіш күштерін дамытуда қоғамдық еңбек бөлінісіне орай қуатты секіріс бола отырып, өз кезегінде еңбек қызметінің өнімділігін одан әрі арттырудың шешуші факторы болды. егіншілікте, мал шаруашылығында кәсіпшілікке мамандану қаруалармен дағдыларды жетілдіре түсуге жол ашты, өндірілген өнімдердің мөлшерін арттырып сапаларын жақсартты. Адам еңбегі тіршілік теуге қажеттіден гөрі көп өнім бере бастады, яғни өнім тұңғыш рет қажетті немесе қосымша өнімге бөлінді. Сонымен бірге адам басқа адамның өндірген артық өнімін иемдену үшін, яғни қанаушылық қатынас үшін экономикалық жағдайлар туды. Алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісін екі тапқа – мирзалармен құлдарға, қанаушылар мен қаналушыларға қоғамдық алғашқы ірі бөлінуі пайда болды. Сонымен бірге байлықпен құлдар үшін тонаушылық соғыстарды дамытуға жағдай туды. Сонымен қатар еңбек өнімділігінің өсуі өндіріс процесін жеке даралауға әкеп соқты. Жеке дара еңбек мүмкіндігін жасады.
Тақырып 8 Номадизмнің дамуы.

Жоспар


1 Б.э.д. 1 мыңжылдықта еңбек бөлінісі нәтижесінде тууы және жолдары, оның тарихи маңызы.

2 Көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығы.

3 Басқару жүйесі және үкімет.

4 Рулық-тайпалық ұйымдар.



5 Жаңа және қазіргі кездегі көшпенділер қоғамы.

Адамның биологиялық тұрғыдан дамуы осыдан 40 мың жыл бұрын аяқталғаны белгілі. Жекелеген ғалымдар бұл аралықты 80 мың жылға дейінгі аралыққа созуға тырысады. Дегенмен де әлеуметтік ортаның немесе социо (қоғамның) пада болуы жоғарғы көрсетілген уақыттан орныққаны бәрімізге айғақ. Оның әр қызметіне, іс-әрекетіне синкретизм сипатты. А.қ.қ. мәденитетті зерттеудің екі түрлі жолы бар.

Тарихи-антропологиялық.

Этнографиялық-салыастыру.

Материалдық және рухани мәдените өз бастауларын біз қарастырып отырған кезеңнен алды.

К. Маркстің “азиаттық өндіріс әдісі” деген термині – бұл халықтардың тұрмыс-тіршілігінің сипатын, меншік иелеуінің объектісі мен субъектісін қамтиды.

Сондықтан көшпелі халық – номадтардың қоныс аударуы, жаз жайлауда, қыс қыстауда, сол халықтың кеңістікті, табиғатты тиімді пайдалану, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар сипатынан туындайтын саяси - әлеуметтік артықшылығы, тіпті экология жағынан да өркениетті құбылыс.

Жалпы “Номадизм” – “номасрад”, “номадес” деген грек сөзінен шыққан – малшылардың “көшпелі” өмір - салты дегенді білдіреді. Ол адамдардың көшпелі, мал шаруашылығына өтумен байланысты - номадизм Еуразия таулы – далалық тайпаларының ортасында біздің дәуірімізге дейінге екінші мың жылдықтың соңы мен бірінші мың жылдықтың басында пайда болып, Орталық және Батыс Азияның бірсыпыра елдерінде сақталды.

Номадизм - [грек, nomades - көшпенді] - өндіріс процестерінің қарқынды интернационализациясы кезеңінде (ұлттық шекаралардың шайылуы, капиталдың жөнсіз "құйылуымен" жәнедиаспоралар белсенділігімен ерекшеленетін) аса танымал болған қоғамтанудағы ұғым. XX ғ. 70-ші жж. Э.Тоффлердің еңбектерінде көрініп, 1990-шы жж. Ж.Аттали, М. Маффезоли, Р. Брайдотти және т.б. еңбектерінде жетілдірілген. Ерекше пұрсатты халықтың шағын топтарының және ондай ерекшеліктерден жұрдайлардың арасындағы терең айырмашылықтардың жүргізілуі жағдайында "номадизм" ұғымын түсіндіру өндірістік факторлар арқылы жүзеге асырылады ("көшпелі өмір" әлемдік экономиканың қызметін оңтайландыру ретінде), сондай-ақ өмір салты, мәдени стилі және 2000 жылдан кейін тұтыну түрі ретінде көрінеді. "Мінсіз номад" келесідей негізгі сипаттарға ие: а) шағындылығы (шекараларды көзге ілмей, өзгенің аумағын басып өту мүмкіндігі); ә) тәуелсіздігі (өзін элем азаматы деп сезіну, этникалық, ұлттық, азаматтық, нәсіл, таптық белгілерге меңзейтін ішкі шекараларды жою; б) тиістіктен тыс (үзілді-кесілді биліктен тыс болу, коммуникацияның магистралдық торабынан және билік өндірісінен; в) үздік сараптамалық қабілет және білімнің жоғары деңгейі; г) іс-әрекет (номад тұлғасы аса белсенді және саясаттандырылған, "номадтың грамматикалық уақыты - мінсіз емес: белсенді және ұзақ" (Е. Брайдотти, "Номадизм жолымен"). Бірқатар сарапшылар (Ж. Ведел, Г.П. Мартин және X. Шуман және т.б.) "бай номадтардың" мәдени мәнділігіне күмәнмен, сынмен қарайды. Олардың пікірінше, шынайы билікті иемдену (саяси, экономикалық, масс-медиа билігі) космополиттік кәсіпкерлік және интеллектуалдық топтар өкілдерінің қоғамдық мәнді шешімдерді қабылдау- да жоғары моральды-этикалық сапаларымен ақталмаған. Керісінше, бұл страта осыған дейін ұстанып келген қағидаларды тоталитарлық "жабық қоғамдармен" теңдестіреді. А. Негри мен М. Хардтың "Империя" еңбегінде "номадизмге" "аз ғана пұрсатты топтардың ерекше тәжірибесін" ғана емес, сонымен қатар, ең алдымен, әлемдік масштабта өршіп келе жатқан еңбек миграциясын да жатқызады. Аумақсыздандырылған көптеген "кедей көшпенділерді" (бүкіләлемдік еңбек армиясының жұмысшыларын) "Коммунистік манифест" қисынына сәйкес әлемдік саяси империялық ықпалдасудың өршуіне қарай халықаралық ынтымақтастық, таза таптық сана деңгейіне көтеріледі және әлемді эгалитарлық қайта құруға бағыт алған жаңа интернационалды "пролетариат" болады деп түйіндеуде
Тақырып 9 Таптық қоғам институттарының пісіп жетілуі.

Жоспар


1 Жеке меншіктің, тап және мемлекеттің шығуы.

2 Мемлекет пен құқықтың қалыптасуы.

3 К. Маркс пен Ф. Энгельс жеке меншіктің , таптың және мемлекеттің шығуы туралы.

4 Жаулап алушылық соғыстардың болуы.

5 «Әскери демократиясының» таптық қоғам қалыптасуы кезіндегі саяси ұйым ретінде қалыптасуы.
Еңбек өнімділігінің өсуі өндірістің жеке даралануы мен артың өнімнің пайда болуына жол ашты, бір адамның өндірген артық өнімін екінші адамның иеленуіне мүмкіидік берді. Сонымен қатар өсіп отырған өнімділік пен еңбектің коғамдық бөлінісі айырбас үшін арнаулы өнім шығаруды мүмкін етті, товар өндірісі тұрақты айырбас пен бөгделеу практикасын жасады. Еркін бөгделенетін жеке меншіктік осылай туа бастады, бұл маңдай алды рулық құрылыс дәуірінің жеке бас меншігінен, ең адымен, қанау қатынастарына жол ашатындығы арқылы көзге тү-сетін, «муның егізінде,- деп жазды.

Рулық құрылыс ыдырауы дәуірінің қауырт қаулаған экономикалық және әлеуметтік процестері тиісті білімдер негіздерінің одан әрі өсуіне жол ашты. Егіншіліктің, әсіресе, ирригация егіншілігінің дамуы календарьды, демек астрономиялық байқауларды реттеуді талап етті. Егерде меланезийлінтер жулдыздар мен планетаяарды айырудан ары бармаса, енді полинезийліктерге көптеген жулдыз шоқтары мен жекелеген жұлдыздар болды. Алғашкыі календарьлар әдетте айлык календарьлар еді, бірақ айлық жыл кундік жылмен сай келмеді, бұл дай математикалық білімдердің дамуына туртка салды. Бұдай басңа еселтеу жүйесін жетілдіруге жол ашқан айырбастың дамуы және жеке егіншіліктің тууы геометриялык еселтеп шығару ісіи өрістетті. Рудалық металдарды балқытудың дамуымен химия негіздері туды. Тонаушылық соғыстардың дамуымен бейланысты құрылықтық және теңіздік жорықтар сол бір астрономиялың байқауларда жииауға, сондай-ақ география мен картографиялық дамуына жол ашты. Полинезиліктер өздерінің үзаққа созыған теңіздік жорықтары кезінде аралдарды теңіз жолдарыи, ағыстар мен желдердің багыттарын бейнелейтін таяқшалардан және тастардан жасалган карталарды пайдаланды біршама, мәселен, закымданған қол аяқты ампутациялай алатын хирургияны дамутудың да өз ролін жаман атқармады. Халықтың есуі мен мал шаруашылығының дамуы эпидемияның қауіп қатерін арттырды;

6 Тәжірибелік сабақтарының мазмұны

Тақырып 1 Алғашқы қоғам тарихы ның пәні

Жоспар


1 Алғашқы қауымдық қоғам тарихы пәні, маңызы, мақсаттары.

2 Алғашқы қауымдық қоғам тарихының ғылым жүйесінде алатын орны.

3 Антропогенез проблемасы.

Тапсырмалар:

1 Алғашқы қауымдық қоғам тарихы пәнін, маңызын, мақсаттарын анықтау

2 Алғашқы қауымдық қоғам тарихының ғылым жүйесінде алатын орнын анықтау, басқа пәндермен ара байланысын анықтау

3 Антропогенез проблемасына сипаттама беру, оның негізгі теорияларына талдау жасау

Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

Тапсырмаларды орындау барысында алғашқы қауымдық қоғам түсінігін ашу, оның анықтамаларын «тарихқа дейінгі кезең», «жазуы жоқ дәуір», «тұрпайы қоғам» анқтамаларының айырмашылықтарын қарастыруы керек, алғашқы қауымдық қоғам тарихы зерттеу пәнін анықтау, оның бастапқы және соңғы зерттеу кезеңі мен құбылыстарын анықтау, алғашқы қоғам тарихының маңызын анықтау, осы кезеңнен бастау алған бастапқы мәселелер: ұжымдылықтың қалыптасуы, жеке меншіктің пайда болуы, мемлекеттің қалыптасуы, нәсілдердің қалыптасуы, адамның пайда болуы, ру, неке, отбасы құбылыстарының пайда болуы мәселелеріне назар аудару, алғашқы қауымдық қоғам тарихы мақсаттары мен міндеттерін анықтау

Алғашқы қауымдық қоғам тарихының ғылым жүйесінде алатын орнын анықтау, басқа тарихи кезеңдерді зерттеуде алатын орнына назар аудару, археология, палеоантропология, археоботаника, археозоология, жаратылыстану ғылымдарымен, этнология, т.с.с. басқа пәндермен ара байланысын анықтау

Антропогенез, социогенез, техногенез түсініктеріне сипаттама беру керек, адамның жаратылысы туралы көзқарастардың алуан түрлілігі проблемасына сипаттама беру, антропогенездің қозғаушы күштерін анықтау және жалпы антропогенез теорияларына талдау жасай білуі керек.
Тақырып 2 Алғашқы қауымдық қоғамды оқытудағы деректер

Жоспар


1 Ертеде және орта ғасырларда алғашқы қауымдық қоғам жөніндегі көріністер.

2 XIX ғ. ортасында эволюциялық теориясының дамуы.

3 Марксизмнің негізін салушылар.

4 Алғашқы қоғам археологиясы мен палеантропологиясының дамуы.

5 XX ғ. тарихи-этнологиялық қайта құру.

Тапсырмалар:

1 Ертеде және орта ғасырларда алғашқы қауымдық қоғам жөніндегі көріністерді сипаттау, алғашқы қауымдық қоғам туралы деректердің жинақталуы себептеріне назар аудару

2 XIX ғ. ортасында эволюциялық теориясының дамуына талдау жасау

3 Марксизмнің негізін салушылар, оның негізгі тұжырымдамаларына талдау жасау

4 Алғашқы қоғам археологиясы мен палеантропологиясының дамуы ерекшелігін анықтау

5 XX ғ. тарихи-этнологиялық қайта құрудың негізгі бағыттарын, теорияларын, тұжырымдамаларына талдау жасау

Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

Ертеде және орта ғасырларда алғашқы қауымдық қоғам жөніндегі көріністерді сипаттау, египеттіктердің, грек, рим деректеріне сипаттама беру, «варварлар» туралы алғашқы түініктер, Лукреций Кар және оның «Заттардың табиғаты» туралы поэмасының дүниетанымдық маңызын білу. Ортағасырларда дүниенің және адамның жаратылыстануын дін түрғысынан түсініктері, ХІІ ғ батысевропалық саяхатшылардың көріністеріне сипаттама беру. Ұлы географиялық ашулар кезінде алғашқы қауымдық құрылыс туралы білімдердің кеңеюі, жинақталуына назар аударуы керек. Ағартушылық дәуір кезінде алғашқы қоғам туралы идеялар және теориялар, Фергюссон, тКондрсе, Морган көзқарастарына талдау жасай білуі керек.

XIX ғ. ортасында ғылым мен білімнің дамуы салдарынан жаңа көзқарастардың дүниеге келуі, эволюциялық теориясының негізгі тұжырымдамалары, Ч.Дарвин және оның еңбектеріне талдай жасай білуі тиіс. Ахеологиялық деректердің жинақталуы және оның алғашқы қоғам туралы білімдердің тереңдеуіне жасаған ықпалын білу, Еңбек құралдарын классификациялау талпыныстарына талдау жасай білу. Этнология ғылымының жетістіктеріне назар аударуы керек. Баховен, Мейннің отбасы қатынастарын зерттеуге қосқан үлесін анықтау, эндогамия, экзогамия түсініктерінің пайда болуына назар аудару

Марксизм ілімдерінің пайда болуы және олардың негіздемелеріне назар аудару керек. Энгельс және оның негізгі еңбектеріне талдау жасау, бұл еңбектерде отбасы, мемлекет, жеке меншік туралы тұжырымдамаларына талдау жасай білу. Марксизм ілімдерінің орыс алғашқы қоғам танушылар Зибер, Ковалевский тұжыымдамаларына тигізген ықпалы

Алғашқы қоғам археологиясы мен палеантропологиясының дамуы ерекшелігін анықтау. Палеолиттік, неолиттік дәуіріндегі ескерткіштерді зерттеудің кеңеюі, олардың нәтижелері мен қорытындыларын анықтау. Неандерталь, синантроп, питекантроп сүйек қалдықтарының табылуы және олардың алғашқ қоғам адамдары эволюциясы теориясына тигізген ықпалын ашу. Адамдардың шуғу тегі, таралуы туралы дискуссиялардың мазмұнын білуі керек.

XX ғ. тарихи-этнологиялық қайта құрудың негізгі бағыттарын, теорияларын, тұжырымдамаларына талдау жасау. Кеңестік археологтардң қосқан үлесін анықтау. Этнологиялық теориялардың негізгі тұжырымдамалары: диффузионизм, функционалды теория, мәдени-тарихи теория, мәдени шеңберлер теорияларының пайда болуы және олардың негізін қалаушыларын анқтай біру, жаңа тұжырымдамалардың мазмұнын аша білу. «Промискуитет», «гетеризм» түсініктердің пайда болуы және олардың мамзұнын ашу. Клод Леви-Сросс, Першищ, Семенов зерттеулерінің қосқан үлесі. Палеолингвистика, палеоэтнологияның жетістіктерін талдай білу керек.
Тақырып 3 Адамның пайда болуы.

Жоспар


1 Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуы мәселесі.

2 Адам туралы. Адамның ең таяу ата тектері мен адамзаттың ең арғы атасы проблемалары туралы.

3 Ертедегі гоминидтер және олардың іс-әрекеттері туралы.

Тапсырмалар:

1 Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуы мәселесін ашу, негізгі теорияларын: діни-философиялық және ғылыми теорияларын ашу.

2 Адам туралы түсініктерді талдау. Адамның ең таяу ата тектері мен адамзаттың ең арғы атасы проблемаласы, дискуссияларға талдау жасау. Адамның дамуындағы критерийлерін анықтау

3 Ертедегі гоминидтер түсінігін ашу, олардың сипаттамаларын беру және олардың іс-әрекеттеріне талдау жасау.

Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуының негізгі теориялары: діни-философиялық және ғылыми теорияларынң пайда болуы жағдайлары, олардың негізгі тұжырымдамалары мен дәлелдемелерін анықтау

Адам туралы түсініктерді талдау. Адам әлеуметттік және биологиялық тіршілік иесі ретінде анықтау керек. Адамның ең таяу ата тектері мен адамзаттың ең арғы атасы проблемаласы, дискуссияларға талдау жасау. Адамның дамуындағы критерийлерін анықтау

Ертедегі гоминидтер түсінігін ашу. Эволюциялық теориялардың дәлелдемесін анықтау. Приматтар олардың адамдарға жақындығын талдау. Приматтар тобының гоминидтер отбасының жаратылуы. Гоминидтердің антропологиялық сипаттамаларын білуі керек: ми көлемі, жүрісі, қол саусақтарының анатомиялық құрылысы. Гоминидтер отбасының құрамы: Хомо сапиенс және Хомо еректус. Адамдар дамуындағы антропогендік секірістер. Антропогенездің басты қозғаушы күштеріне назар аудару: Дарвиннің жыныстық сұрыптау, әлеуметтік факторлар, басқа да теоряларды талдау. Маркстің еңбек факторлы туралы ілімдерін зерттеу. Адамның жаратылуы мекені, уақыты оның жақын арғы тектеру туралы тұжырымдамаларды талдау
Тақырып 4 Адам қоғамының даму кезеңдері.

Жоспар


1 Адамзат тарихында адам қоғамының алғашқы ұйытқылары.

2 Адам тобыры.

3 Алғашқы қауымдық коллективизм.

Тапсырмалар:

1 Адамзат тарихында адам қоғамының алғашқы ұйытқыларын анықтау

2 Адам тобырына сипаттама беру, шаруашылықтың , тіршілік етудің, қоғамдық ұйымның, жыныстық қатынастарын анықтау

3 Алғашқы қауымдық коллективизм және оның пайда болуын зерттеу.

Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

1Алғашқы адам тобырын реконструкциялау проблемасын білу.

2 Адам тобыры туралы ұғымдардың қалыптасуы ерекшелігі. Адам тобырының хронологиялық шекарасын анықтау. Адам тобыры кезінде шаруашылықтың түрлеріне назар аудару. Алғашқы аңшылықтың адам тобыры өмірінде алатын орны. Аңшылықтың техникасын білу. Адам тобыры кезіндегі жыныстық қатынастарға талдау жасау. Промискуитет және оның салдары.

3 Алғашқы қауымдық коллективизм туралы ойларға талдау жасау. Коллективистік қатынастардың түп төркіні, қажеттілігі, формаларын анықтай білу. Ойлау мен сөйлеудің пайда болуының жағдайлары. Адам тобыры кезінде иделогиялық түсініктердің пайда болуы

Тақырып 5 Антропогенез процессінің аяқталуы.

Жоспар


1 Рулық-қауымдық құрылыстың пайда болуы.

2 Антропогенез процессінің аяқталуы.

3 Homo Sapiens – осы заманғы түрпатты адам, олардың ерекшеліктері.

4 Адамның шығу-тегінде әлеуметтік және биологиялық заңдылықтардың синтезі болуы.

Тапсырмалар:

1 Рулық-қауымдық құрылыстың пайда болуын талдау

2 Антропогенез процессінің аяқталуына талдау жасау

3 Homo Sapiens – осы заманғы түрпатты адам, олардың ерекшеліктерін анықтау

4 Адамның шығу-тегінде әлеуметтік және биологиялық заңдылықтардың синтезі ретінде анықталуы

Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

Жоғары палеолит, мезолит және адам өміріндегі өзгерістерді талдау білу. Адам тобырынан рулық қатынастарға көшу жағдайларын анықтау. аналық рудың пайда болуы жағдайлары. Мак Леннан, Тайлор, Дарвин, Морганның, Семеновтың, Токаревтің экзогамия туралы ілімдерін талдау. Экзогамия қатынастары, табу, тыйым салу себептері. Дуалды ру туралы түсініктерге талдау жасау. Еңбек құралдарындағы жетістіктер, аң аулаудың жаңа формалары мен әдістерін анықтау.Микролиттік техниканың пайда болу шарттарын анықтау. Коллектевистік қатынастардың жалғасуын анықтау керек. Инфантицид, геронтицид, теңдесіп бөлісу, инициация дәстүрлерінің шарттары білуі тиіс. Геронтократияға билік формасы ретінде талдау жасау. Отбасының аралық формаларының қалыптасуы жағдайлары. Ерте рулық қоғам жағдайында нормалар және рухани өмір жағдайына талдау. Ерте рулық қоғам жағдайында білімдердің жинақталуына назар аудару.Төтемизм, анимизм, магия түсініктеріне анықтама беру, сипаттау.

Антропогенез процессінің аяқталуы шарттары. Расогенездің полиорталық және монорталық теориялары. Нәсілдердің қалыптасуы жағдайларын анықтай білуі керек.

Homo Sapiens – осы заманғы түрпатты адамның қалыптасуы, олардың ерекшеліктерін анықтау керек. Homo Sapiens физиологиялық өзгерістеріне назар аударуы керек. Алғашқы ойкуменаның кеңеюі себептері мен салдарын анықату керек.

Адамның шығу-тегінде әлеуметтік және биологиялық заңдылықтардың синтезі ретінде анықталуы


Тақырып 6 Егінші-малшылық дамыған рулық қоғам.

Жоспар


1 Өндірілетін шаруашылықтың және жаңа өндіріс жетістіктерінің дамуы.

2 Әлеуметтік-экономикалық қатынастар.

3 Халықтардың қоңыстануы.

4 Неке және отбасы.

5 Қоғамдық-рулық қауым. Үкіметтің құрылуы.

6 Рухани мәдениет.

Тапсырмалар:

1 Өндірілетін шаруашылықтың және жаңа өндіріс жетістіктерінің дамуы ерекшеліктерін анықтау

2 Әлеуметтік-экономикалық қатынастарға талдау жасау

3 Халықтардың қоңыстануы жағдайларын анықтау

4 Неке және отбасы қатынастарына талдау жасау

5 Қоғамдық-рулық қауым және үкіметтің құрылуы ерекшеліктерін анықтау

6 Рухани мәдениеттің сипаттамаларын жасау

Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

1 Неолит дәуіріндегі шаруашылық өмірдегі өзгерістерге, өндірілетін шаруашылықтың және жаңа өндіріс жетістіктерінің дамуына назар аудару. Олардың алғы шарттары, факторлары, салдарын анықтау.

2 Әлеуметтік-экономикалық қатынастарға назар аударуы керек. Шаруашылықтың күрделенуі мен артық өнімнің жинақталуы қоғам ішіндегі қатынастарға тигізген ықпалына назар аударуы керек. Беделді экономика және колелктивизм қатынастарының қатар үстемдік ету жағдайларын анықтау керек.

3 Халықтардың қоңыстануы терең өзгерістерге ұшырады. Бұл бағытта адамдар арасында экономикалық даму деңгейінің артуы, отырықшылық тұрмыс салттар демографиялық секіріске әкеп соқтырды. Нәтижесінде гернтицид, инфантицид дәстүрлері артта қала бастайды. Адам өмірінің ұзақтығы арта түседі. Еңбек бөлінісінің кооперациялануы арта түседі.

4 Неке және отбасы жағдайындағ өзгерістерді және эволюцияны білуі керек. Шаруашылықтың сипатына байланысты қос неке үстемдік етті, дегенмен егіншілік үстемдік еткен аймақта полигиния, мал шаруашылық үстемдік еткен ацмақтарда полиандрия орын алды. Рулық қатынстардың күрделенуі шарттарын анықтау керек. Осы тақырып барысында линидж, клан, субклан, ру ұғымдарының ара қатынасын білуі керек.

5 Тақырыпты зерттеу барысында биліктің формалары күрделене түскенін байқау керек. Рулар басшылары тайпалар басшылары жиналыстарының қызметіне назар аударуы керек. Лидерді таңдау критерийлері. Бигмен түсінігін білуі тиіс. Билікті ұрпақтан ұрпаққа беру дәстүрнің түп төркіндерін анықтау керек.

6 Рухани мәдениет шаруашылық өмірдік өзгеруіне байланысты күрделен түсті. Сондықтан мәселені қарастырған кезде мифология, дін, өнер, білім саласында пайда болған жаңа тенденцияларға назар аударуы керек.


Тақырып 7 Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы.

Жоспар


1 Таптардың пайда болу дәуірі.

2 Алғашқы қауымдық қоғамның алғы шарттары және ыдырау жолдары.

3 Өндірілетін шаруашылықтың дамуы және оның ыңғайлануы.

4 Металлургияның дамуы.

5 Айырбастың дамуы.

6 Қоғамдық өнімнің және артық өнімнің қосымша өнімге айналуы.

Тапсырмалар:

1 Таптардың пайда болу дәуірінің жалпы сипаттамасын жасау

2 Алғашқы қауымдық қоғамның алғы шарттары және ыдырау жолдарын анықтау

3 Өндірілетін шаруашылықтың дамуы және оның ыңғайлануы ерекшелігін зерттеу

4 Металлургияның дамуы жағдайларын талдау

5 Айырбастың дамуы ерекшелігін зерттеу

6 Қоғамдық өнімнің және артық өнімнің қосымша өнімге айналуын талдау

Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

Мәселені қарастырған кезде артық өнімнің тұрақты түрде жинақталуы және қосымша өнімнің пайда болу жағдайлары мен салдарына назар аударуы керек. Қосымша өнімнің қоғам алдына қойған жаңа мүмкіншіліктерді анықтау керек. Қосымша өнім және оның әлеуметтік-экономикалық жіктелу процесстеріне жасаған ықпалын анықтау керек. Коллективизм және жіктелудің қарама қайшылықтарын анықтау керек. Таптардың пайда болуы процесстеріне назар аударуы керек. Металлургия және оның мүмкіншіліктері соғыстардың күшеюйіне, шаруашылықтық жаңа деңгейге көтеріліуіне тигізген ықпалы. Патриархалды қарым қатынастардң күшею процесстеріне назар аударуы керек. Жеке меншіктің және қоғамдық меншіктің ара қатынасына талдау жасау керек
Тақырып 8 Номадизмнің дамуы.

Жоспар


1 Б.э.д. 1 мыңжылдықта еңбек бөлінісі нәтижесінде тууы және жолдары, оның тарихи маңызы.

2 Көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығы.

3 Басқару жүйесі және үкімет.

4 Рулық-тайпалық ұйымдар.

5 Жаңа және қазіргі кездегі көшпенділер қоғамы.

Тапсырмалар:

1 Б.э.д. 1 мыңжылдықта еңбек бөлінісі нәтижесінде тууы және жолдары, оның тарихи маңызын анықтау

2 Көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығының қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу

3 Басқару жүйесі және үкіметтің ерекшелігін анықтау

4 Рулық-тайпалық ұйымдарға сипаттама беру

5 Жаңа және қазіргі кездегі көшпенділер қоғамы туралы мәліметтерді зерттеу

Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

Мәселені қарастырған кезде таптық қоғамның пайда болуы және қалыптасуы ерекшелігіне назар аудару керек. Билік таптардың қатынастарын қорғау және реттеу қажеттілігінің жемісі ретінде анықтау керек.

Номадизм ұғымына сипаттама беру, оның қырларын ашу. Көшпелілік және оның қалыптасуының факторларын анықтау керек.


Тақырып 9 Таптық қоғам институттарының пісіп жетілуі.

Жоспар


1 Жеке меншіктің, тап және мемлекеттің шығуы.

2 Мемлекет пен құқықтың қалыптасуы.

3 К. Маркс пен Ф. Энгельс жеке меншіктің , таптың және мемлекеттің шығуы туралы.

4 Жаулап алушылық соғыстардың болуы.

5 «Әскери демократиясының» таптық қоғам қалыптасуы кезіндегі саяси ұйым ретінде қалыптасуы.

Тапсырмалар:

1 Жеке меншіктің, тап және мемлекеттің шығуы ерекшелігін анықтау

2 Мемлекет пен құқықтың қалыптасуы жолдарын талдау

3 К. Маркс пен Ф. Энгельс жеке меншіктің , таптың және мемлекеттің шығуы туралы іліміне талдау жасау

4 Жаулап алушылық соғыстардың болуының алғы шарттары мен салдарын анықтау

5 «Әскери демократиясының» таптық қоғам қалыптасуы кезіндегі саяси ұйым ретінде қалыптасуы ерекшелігін зерттеу

Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар



Тақырыпты зерттеу барысында мемлекет, билік, әскери демократия ұғымындарына ашу.

Мемлекет адам қоғамы дамуының белгілі бір сатысында пайда болған. Адамдардың ең алғашқы ұйымдасуы рулық қоғам түрінде пайда болды. Рулық қоғам оның мүшелерінің қандас туыстығы негізінде, еңбекті қауымдасып ұйымдастыру және ортақ меншіктілік негізінде қалыптасты.

Әскери демократияның дамуы қоғамда саяси ұйымның – мемлекеттің пайда болуына әкелді. Мемлекет, бір жағынан, әскери демократияның жаңа негізде қайта құрылуы нәтижесінде, ал екінші жағынан, жаңа басқару органдарының пайда болуы нәтижесінде құрылды. Мемлекет – адам баласы бірлестігінің жаңа ұйымы. Ол рулық қауымнан мынадай белгілермен өзгешеленеді: Мемлекеттің тәуелсіздігі болады. Мұның мәнісі – мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзге бір мемлекеттерден тәуелсіз қалыптастырып, дербес жүзеге асырады деген сөз. Мемлекеттің халқы әкімшілік-аумақтық аймақтарға бөлінеді, бұл жерде адамдардың рулық белгілері ескерілмейді. 

Марксизм мемлекетті тек бір ғана топтың – байлар тобының мүддесін қорғау үшін жаратылған саяси ұйым ретінде сипаттайды. Құл иеленушілік дәуірінде мемлекет құл иелерінің мүддесін қорғады, сондықтан ол құл иеленушілер мемлекеті деп аталады, феодализм дәуірінде ол феодалдардың мүддесін қорғады. Феодализмнің орнына капитализм келді. Капиталистік мемлекет капиталистердің қолындағы қару болып табылады. Сөйтіп, марксизм ілімі бойынша, адамзат тарихында мемлекеттің үш түрлі тұрпаты болған екен: құл иеленушілік, феодалдық және буржуазиялық мемлекет түрлері.

Марксизм мемлекеттің осы аталған үш түрін де қанаушылардың, езушілердің мемлекеті деп сипаттайды. Оның негізгі тұжырымдамаларына талдау жасау

8 Өздік жұмыс тапсырмалары
1 Пәннің мақсаты, міндеттері

Өздік жұмыс тапсырмасы

Алғашқы қоғам тарихы бойынша периодизацияға қатысты кестелер құру

Периодизация атауы

Хронологиялық шегі

Кезеңдерге бөлу

Археологиялық







Антропологиялық







Геологиялық







Әлеуметтік






2 АҚҚ тарихының деректерін анықтау

Өздік жұмыс тапсырмасы

Салалар

Деректер

Археологиялық




Археоботаникалық




Археозоологиялық




Этнологиялық




Палеоантропологиялық




Жаратылыстану ғылымдарының




Палеогеологиялық









3 АҚҚ тарихының тарихнамасы

Өздік жұмыс тапсырмасы

Кесте құрастыру




Тарихнамалық кезеңдер

Негізгі авторлар

Мәліметтер, еңбектері

Ежелгілердің алғашқы қоғам туралы көзқарастары







Ортағасырлық зерттеушілер







Ағартушылық дәуірінің зерттеушілері







ХІХ ғ зерттеулер







ХХ ғ зерттеулер







4 Алғашқы қаумдық қоғамның қалыптасуы

Өздік жұмыс тапсырмасы

Сызбаны кластер ретінде құрастыру



Адам тобыры


Шаруашылығы



Қоғамдық, жыныстық қатынастар

Хронологиялық шегі

Еңбек құралдары

Терминдерге анықтама беру

Адам тобыры, промискуитет, гоминид, гоминин, эволюция, иемденуші шаруашылық
5 Адамзат қоғамының қалыптасуы

Өздік жұмыс тапсырмасы

Антропогенез теориясы бойынша әдебиетті қолданып (Вишняцкий Л.Б. Неандертальцы: история несостоявшегося человечества. -СПб.: Нестор-История, 2010.- 321 с, 3 Зубов А.А. Становление и первоначальное расселение рода «Homo». – СПб.: Алетейя, 2011. – 224 с) неандерталдықтардың тұрмыс тіршілігі мен эволюциясына сипаттама беру (конспект түрінде)
6 Алғашқы қауымдық қоғамның гүлденуі. Рудың қалыптасуы

Өздік жұмыс тапсырмасы

Кестені кластер ретінде толтыру

Ерте рулық қоғам


Шаруашылығы



Қоғамдық, жыныстық қатынастар

Хронологиялық шегі

Еңбек құралдары

Терминдерге анықтама беру

Экзогамия, эндогамия, кросскузенді неке, полигамия, полигиния, полиандрия, сорорат, левират, ру, матриархат.
7 Аңшылар, терімшілер мен балықшылардың алғашқы рулық қауымдары

Өздік жұмыс тапсырмасы

Әдебиетті қолданып (Алексеев В.П. История первобытного общества. – М.: АСТ: Астрель, 2007 – 350 с) аңшылар, терімшілер мен балықшылардың еңбек құралдарыдағы эволюциялық процесстеріне талдау жасау (конспект түрінде)
8 Дамыған рулық қауым

Өздік жұмыс тапсырмасы


Кестені кластер ретінде толтыру

Кейінгі рулық қоғам


Шаруашылығы



Қоғамдық, жыныстық қатынастар

Хронологиялық шегі

Еңбек құралдары


9 Алғашқы қауымдық қоғамның ыдырауы

Өздік жұмыс тапсырмасы

Терминдермен жұмыс

Мемлекет, әскери демократия, бигмен, артық өнім, қосымша өнім, фратрия, қос неке, жеке меншік
Жұмыс оқу бағдарламасының күрделі мәселелері мен тақырыптары

1 Алғашқы қоғам тарихының периодизациясын сайкестендіру

2 Алғашқы қоғам тарихының тарихнамасы

3 Антропогенез және оның қозғаушы күштерін анықтау

4 Рулық қоғамның қалыптасуы ерекшелігін анықтау

5 Мемлекет, таптардың, жеке меншіктің пайда болуының жағдайларына сипаттама беру


9 СӨЖМ кеңестерінің кестесі ағымды семестрдің сабақ кестесіне сай жүргізіледі
11. Студенттердің білімдерін тексерудің кестесі

Дәріс және тәжірибелік сабақтарға қатысу 0-100 балмен бағаланады

Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі




Жұмыс түрлері

Тапсырманың тақырыбы, мақсаты мен мазмұны


Әдебиеттер

Орындаудың ұзақтығы

Бақылау формасы

Тапсыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

1

Конспект

Антропогенез мәселесі

1,3

2 апта



2 апта

2

Жоба

Рулық қоғамның қалыптасуы

Діннің ерте формалары

Антропогенездің қозғаушы күштері

Алғашқы білімдердің жинақталуы



2,4

2 апта




5 апта

3

Межелік бақылау

1-5 тақырыптар бойынша

1-7




Ауызша

8 апта

4

Конспект

Рулық қоғамның ыдырауы: себептері, ерекшеліктері

1,5

2 апта




9 апта

5

Баяндама

Патриархалдық қоғамның пайда болуы

4,5

2 апта




11 апта

6

Жоба

Ерте таптық мемлекеттер

Синополитиялық қоғам

Номадизм


1-7

4 апта




14 апта

7

Межелік бақылау

6-9 тақырыптар бойынша

1-7




Ауызша

15 апта

12. Студенттердің білімдерін бағалау критерийлері


Пән емтиханмен аяқталады, емтихан формасы студенттердің қалауы бойынша ауызша, жазбаша ұйымдастырылады. Емтиханған жіберудің басты талабы – бағдарлама бойынша барлық тапсырмаларды орындау болып табылады

Кез келген тапсырма 0-100 баллмен бағаланады.

Жіберу рейтингі ағымды тапсырмалардың (дәріске қатысу, үй тапсырмалары, СӨЖ, тәжірибе тапсырмалары, межелік бақылау) орташа арифметикалық көрсеткіші негізінде анықталады




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет