Құрастырушы: ф.ғ. к., профессор Ж. Т


Практикалық сабақтардың мазмұны мен тізімі



бет2/2
Дата16.06.2016
өлшемі343 Kb.
#139960
1   2

4.3 Практикалық сабақтардың мазмұны мен тізімі


1-тақырып. Синтаксис туралы түсінік.

Мазмұны: Синтаксис морфология тәрізді грамматиканың өзекті саласының бірі екендігін түсіндіру. Синтаксис пәнінің мақсаты мен міндеттерін, зерттеу объектісін айқындау.

2- тақырып. Сөз және оның формасының синтаксисі.

Мазмұны: Сөз формасы синтаксисінің негізгі белгілерін айқындату. Сөз формасына (тұлғасына) комплексті талдау жүргізу.

Сөз тіркесінің синтаксисі. Сөздердің тіркесімдік қасиетіне, олардың тіркесу қасиеті мен түрлеріне жаттығу жұмыстарын жүргізу. Сөз бен сөз тіркесінің аражігін ажырату. Сөз тіркесіне комплексті талдау жүргізу.

Сөйлемнің синтаксисі. Сөйлемнің құрылу принциптерін, сөйлемнің құрамын, түрлерін анықтау. Сөйлемге тән белгілерді, ерекшеліктерді анықтау. Сөйлем сөз тіркесінен предикативтілік, коммуникативтілік, модальділік, интонациялық қасиеттері арқылы ажыратылатындығын айтып, түсіндіру.

Мәтін синтаксисі. Тілдік жүйедегі ең жоғарғы саты екендігін түсіндіру. Ол әр түрлі деңгейдегі мәтіндердің құралу ерекшеліктерін, олардың құрамындағы сөйлемдердің байланысу заңдылықтары мен қарым-қатынастарын зерттейтіндігін айту.



3- тақырып. Сөз тіркесі.

Мазмұны: Сөз тіркесінің зерттелу жайымен таныстыру. Сөз тіркесінің белгілерін анықтау. Сөз бен сөз тіркесінің ара қатынасын ажырата алуына тапсырмалар орындау. Сөз тіркестерін топтастыру принциптері туралы ғалымдардың еңбектерінен конспект жазғызу.

4- тақырып. Есімді тіркестер. Матаса байланысқан есімді сөз тіркестері. Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері.

Мазмұны: Матаса байланысқан есімді сөз тіркестері мен меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестерін ажырату, есімді тіркестердің бұл түрлеріне мысалдар жазғызу. Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде зерттелу жайы. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің зерттелуі. Меңгерудің түрлері. Етістікті меңгеру, ортақ меңгеру, есім меңгеру. Есім меңгерудің қалыптасуы, дамуы және оның ортақ меңгерумен арақатынасы. Есім меңгерудің ерекшеліктері және оның түрлері. Сын есімнің меңгеруі, зат есімнің меңгеруі, модальдық сөздердің меңгеруі, т.б. Аталған тақырыптарға жаттығу жұмыстарын орындау.

5-тақырып. Етістікті сөз тіркестері. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері.

Мазмұны: Етістікті сөз тіркестеріне туралы жалпы түсінік беру. Қабыса байланысқан сөз тіркестері. Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңардың ыңғайына қарай үстелуі, еліктеуіш сөзді, көсемшелі, сын есімді, сан есімді, зат есімді сөз тіркестері болып бөлінетіндігі. Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестерінің дамуы. Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері туралы жалпы түсінік. Етістіктердің меңгеруге тигізетін ықпалы. Қазақ тіліндегі меңгеру жүйесі және оның өзге түркі тілдерінен ерекшелігі.

6-тақырып. Жай сөйлем синтаксисі. Сөйлем мүшесі туралы түсінік.

Мазмұны: Сөздердің сөйлем мүшесі болуының негізгі шарттары. Дара, күрделі, үйірлі мүшелері, бұларды бір-бірінен ажырату жолдары, белгілері. Атқаратын қызметіне қарай сөйлем мүшелерінің тұрлаулы және тұрлаусыз болып екі топқа бөлінетіндігі. Аталған тақырыптарға жаттығу жұмыстарын орындау.

7- тақырып. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.

Мазмұны: Тұрлаулы мүшелер – сөйлем құраудың негізі екендігін түсіндіру. Бастауыш. Бастауыштың мағыналық, тұлғалық белгілері. Бастауыш болатын сөз таптары. Бастауыштың құрамына қарай дара, күрделі болып бөлінетіндігі. Күрделі бастауыштың жасалу жолдары. Үйірлі бастауыштар, өзіндік ерекшеліктері. Баяндауыш. Баяндауыш туралы жалпы түсінік. Баяндауыштың қазақ тілінде зерттелуі. Баяндауыштың тұлғалық белгілері, сөйлемдегі орны. Баяндауыш болатын сөз таптары. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшалар және олардың мәні мен атқаратын синтаксистік қызметі. Аталған тақырыптарға жаттығу жұмыс-тарын орындау.

8-тақырып. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.

Мазмұны: Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері: анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштарға жаттығу жұмыстарын орындау. Сөйлем мүшелеріне комплексті талдау жасау.

9-тақырып. Жай сөйлемнің күрделену жолдары. Жай сөйлемнің оқшау сөздер арқылы күрделенуі.

Мазмұны: Бірыңғай мүше туралы жалпы түсінік беру. Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелер арқылы күрделенуіне мысалдар жазу. Үйірлі мүшенің жалпы сипаттамасы. Үйірлі мүше туралы түркологиядағы және қазақ тіл біліміндегі ғалымдардың көзқарастары туралы конспекті жазу. Үйірлі мүшенің жай сөйлем мен күрделі мүшеге ұқсастық жақтары және олардан айырмашылығын, жасалу жолдарын түсіндіру. Айқындауыштардың құрылысына қарай қосалқы, қосарлы, оңашаланған айқындауыш болып бөлінетіндігі. Бұлардың бір-бірінен өзгешеліктері, тыныс белгілері. Айқындауыштың түрлеріне жаттығу жұмыстарын орындау.

10-тақырып. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі. Сөйлемнің түрлері.

Мазмұны: Айтылу мақсатына қарай сөйлемдердің хабарлы, сұраулы, бұйрықты болып бөлінуі. Хабарлы сөйлем. Хабарлы сөйлемнің құрылысы. Сұраулы сөйлем. Сұраулы сөйлемдердің түрлері. Ашық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер. Альтернатив сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер. Риторикалық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер. Түрткі сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер. Бұйрықты сөйлемдер. Бұйрықты сөйлемдердің жасалу жолдары. Лепті сөйлем туралы түсінік. Лепті сөйлемнің түрлері. Ренішті, сесті білдіретін лепті сөйлемдер. Жоғарыда аталған сөйлемнің түрлеріне жаттығу жұмыстарын орындау, әрбір түріне талдау жасау.

11-тақырып. Жай сөйлемдегі құрылымдық типтері.

Мазмұны: Белгісіз жақты және жалпылама жақты сөйлемдер. Белгісіз жақты сөйлем баяндауыштарының жасалуы. Баяндауыш етістіктің жекеше ІІІ жағында тұратын белгісіз жақты сөйлемдер. Жақсыз сөйлем туралы жалпы түсінік. Жақсыз сөйлемдердің жасалу жолдары. Күрделі баяндауышы – У тұлғалы тұйық етістік пен керек сөзінің тіркесінен жасалған жақсыз сөйлемдерге, күрделі баяндауышы -қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақтары қалау рай арқылы жасалатын жақсыз сөйлемдерге жаттығу жұмыстарын, оларды бір-бірінен айыру үшін әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындау. Күрделі баяндауышы тұрақты тіркестерден жасалған жақсыз сөйлемдер. Жалаң, жайылма сөйлемдер. Толымды, толымсыз сөйлемдердің ара қатынасы, ерекшеліктері. Бір мүшелі сөйлемнің белгісіз, жақты, жақсыз, жалаң, жайылма, толымды, толымсыз және атаулы сөйлемдермен ара қатынасы, өзіндік ерекшеліктеріне арнайы тапсырмаларды орындау.

12- тақырып. Құрмалас сөйлемнің жалпы сипаттамасы.

Мазмұны: Құрмалас сөйлемнің жалпы сипаттамасы. Оның қалыптасу, даму жолдарынан мәлімет. Құрмалас сөйлемнің өзіндік айырым белгілері, оның жай сөйлемдерден басты айырмашылығы. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарына қарай түрлері (салалас құрмалас, сабақтас құрмалас, көп құрамды құрмалас сөйлемдер).

13- тақырып. Салалас құрмалас сөйлемдер.

Мазмұны: Салалас құрмалас сөйлемдердің өзіндік айырым белгілері. Оның жасалу жолдарына қарай түрлеріне (жалғаулықты салалас, жалғаулықсыз салалас сөйлемдер) жаттығу жұмыстарын орындау: 1) мына жалғаулықтарды келтіріп, салалас сөйлем құраңыз: алайда, әрі, өйткені, кейде, не. 2) берілген сөйлемдерден салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін анықтап, ажыратыңыз, сөйлем мүшесіне талдау жасаңыз: а) Тиын-тебен қымбат емес, адамның ары қымбат. ә) Аса бір қысылған, басына ауыр сын түскен кезде әкесі, қалайда, не түсіне кіреді, не көз алдына оқыстан елестеп, осылайша көлбеңдей береді. б) Орнынан тұрғысы жоқ, шамды да жақпады. в) Ізбайшаға Ескендірді көтеріп отыру жарасар-ақ еді, тағдыр жазбады. г) Оңтүстіктен, ыстық жақтан келгені бірден байқалады, жүзін күн қақтап тотығып кеткен.

14-тақырып. Сабақтас құрмалас сөйлем.

Мазмұны: Сабақтас құрмалас сөйлемнің айырым белгілері, оның салалас сөйлемнен негізгі айырмашылығы. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жеке түрлері оның бағыныңқы компонеттері арқылы ажыратылуына тапсырмалар орындау: 1) Мына сөйлемдерден сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлерін, компоненттерін ажыратып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер, тыныс белгілерінің қойылу себептерін түсіндіріңіздер: а) Егер әлдеқалай табан астында қарсы алдынан әкесі Рысқұл шыға келсе, не істерін білмей дағдарып қалар ма еді, қайтер еді... ә) Алақанынан бір ыстық леп тыз етіп, Рысқұловтың алақанына өтіп, өн бойын шарпып өткендей болды. б) Сырттай бірін-бірі білгенмен, жүздесуі тұңғыш. в) Сол көз ұшында көрінбей қалған балаға бір-ақ қарғып жеткісі келгендей, Рысқұлов кенет креслодан атып тұрды. г) Бала да оны көп жатырқамай, өгей шешеге тез үйренді.

15- тақырып. Бөгде сөз, оның түрлері.

Мазмұны: Бөгде сөздің түрлері: төл сөз, төлеу сөз және ортақ төл сөз. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән өзіндік ерекшеліктері мен айырым белгілерін түсіндіру. Төл сөздің берілу жолдары: диалог түрі, цитата түрі. Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібі, олардың тыныс белгілері. Төлеу сөз. Жалпы сипаттама. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың жолдары. Ортақ төл сөз. Оның өзіне тән ерекшелігі, әдеби тілдің көркем стиль түрлерінде қолданылатындығы. Бөгде сөздің түрлеріне көркем шығармалардан мысалдар теру.

Мәтін. Мәтін – құрылымдық синтакис пен қатысым синтаксисінің негізгі тұлға бірлігі екендігін түсіндіру. Сөйлеммен ара қатынасы. Мәтін лингвистикасының тіл білімінің жеке саласы ретінде қалыптаса бастауы. Мәтін синтаксисі туралы тілші ғалымдардың көзқарастары, ғылыми еңбектеріне конспекті жазу.

Тыныс белгілері. Тыныс белгілері туралы жалпы түсінік. Тыныс белгілерінің қалыптасуы мен даму жолдары. Тыныс белгілерін дұрыс қою үшін үш түрлі белгінің негізге алынатындығы: сөйлемнің синтаксистік ерекшелігі, сөйлемнің мағынасы, сөйлемнің интонациясы. Хабарлы, сұраулы сөйлемдерге байланысты қойылатын тыныс белгілері. Бірыңғай мүшелер мен оңашаланған мүшелер және оқшау сөздерге қатысты тыныс белгілер. Құрмалас сөйлемдердегі, бөгде сөз түрлеріндегі тыныс белгілер. Тыныс белгілеріне байланысты жаттығу жұмыстарын орындау.
Студенттердің өздік жұмыстары

Пәнді игеру барысында тақырыптық жоспар мен бақылау шараларының күнтізбелік кестесіне сәйкес студенттер төмендегі дәрісханадан тыс жұмыстарды орындауы керек.



  • әрбір тәжірибешілік сабаққа дайындалу керек, яғни үй тапсырмаларын орындау керек;

  • дәріс материалына кірмеген, бірақ міндетті болып саналатын курстың тақырыптарын меңгеріп, конспектілер дайындау керек.


4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны





СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі


1

Дәріс сабақтарын өңдеу




Сабаққа қатысу

30 (1х30)

2

Үй тапсырмасын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15 (1х15)

3

Қосымша материалдарға дайындық

Конспект

Коллоквиум

15

4

Семестрлік тапсырманы орындау

Тестпен жұмыс

Семестрлік тапсырманы қорғау

10

5

Бақылау жұмысын орындау

Бақылау жұмысы

Бақылау жұмысын қорғау

15

6

Бақылау шараларына дайындық




РК 1, РК 2

5




Барлығы:







90



Студенттерге өздігінен оқуға берілетін тақырыптар
1.Сөз тіркесінің жасалу жолдары.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-200 бет, [5], 1-52 беттер, [6] 1-120 беттер.

2. Жай сөйлем синтаксисінің зерттелу жайы.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-30 беттер; [17], 1-96 беттер.

3. Жай сөйлемнің күрделену жолдары.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-55 беттер; [10], 1-42 беттер, [17], 1-102 беттер.

4. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-200 беттер, [6], 1-42 беттер.

5. Құрмалас сөйлемнің зерттелу тарихы.

Ұсынылатын әдебиет: [5], 1-200 бет, [8], 1-55 беттер, [9] 45-75 беттер.

6. Салалас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолы.

Ұсынылатын әдебиет: [5], 1-55 бет, [6], 13-28 беттер, [7] 85-96 беттер.

7. Сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері.

Ұсынылатын әдебиет: [4], 5-36 бет, [6], 50-105 беттер, [8] 36-79 беттер.

8. Бөгде сөз, оның түрлері. Олардың тыныс белгілері.

Ұсынылатын әдебиет: [3], 5-36 бет, [7], 50-105 беттер, [18] 36-79 беттер.

9. Мәтін синтаксисінің белгілері, құрылымдық ерекшелігі.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-200 беттер, [7], 1-42 беттер.

10. Тыныс белгілерінің қалыптасуы мен даму жолдары.

Ұсынылатын әдебиет: [10], 1-200 беттер, [17], 1-60 беттер.


Бақылау жұмыстарының тақырыптары.


  1. Сөз және оның формасының синтаксисі.

  2. Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері.

  3. Жай сөйлемнің құрылымдық типтері.

  4. Құрмалас сөйлемнің зерттелу тарихы.

  5. Құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдары.

  6. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарына қарай түрлері.

  7. Сабақтас құрмалас сөйлем компоненттерінің грамматикалық табиғаты.

  8. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың жолдары.

  9. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер.

  10. Аралас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары.

Қорытынды бақылау және ағымдағы үлгерім түрлері бойынша үлес салмағын бөлу

Р/С

Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрі

Үлес салмағы

1.

Емтихан

Емтихан

0,4

Жіберу рейтингісі

0,6

2.

Сынақ

Сынақ

0,4

Жіберу рейтингісі

0,6

3.

Курстық жұмыс (жоба)

Курстық жұмыс (Курстық жоба)

0,4

Жіберу рейтингісі

0,6

Бақылау шараларының күнтізбелік кестесі

1 рейтинг (7 семестр)

Барлық

балл


Апта

1

2

3

4

5

6

7

8

Аптадағы максим. сағат

14

14

14

14

14

14

8

8

100

Дәріс сабағына қатысу

СӨЖ түрі

ДС 1

ДС2

ДС3

ДС4

ДС5

ДС6

ДС7

ДС8

16

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс. балл

2

2

2

2

2

2

2

2

‡й тапсырмасын орындау және тәжірибешілік сабақтарға қатысу

СӨЖ түрі

ҮТ 1

ҮТ2

ҮТ3

ҮТ4

ҮТ5

ҮТ6

ҮТ7


ҮТ 1

48

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ


Қ

Макс. балл

6

6

6

6

6

6

6

6

Ќосымша материалдарѓа дайындыќ

СӨЖ түрі

ҚМ1

ҚМ2

ҚМ3

ҚМ4

ҚМ5

ҚМ6

ҚМ7

ҚМ8

36

Бақылау формасы

К

К

К

К

К

К

К

К

Макс. балл

6

6

6

6

6

6

0

0

Межелік

бақылау


Тақ. №

























100

Бақылау формасы



















МБ




Макс. балл






















100

2 рейтинг (7 семестр)



Барлық

балл


Апта

9

10

11

12

13

14

15

Аптадағы максим. сағат

11

11

11

11

11

11

31

100

Дәріс сабағына қатысу

СӨЖ түрі

ДС 9

ДС10

ДС11

ДС12

ДС13

ДС14

ДС15


21

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ


Макс. балл

3

3

3

3

3

3

3

‡й тапсырмасын орындау және тәжірибе сабақтарға қатысу

СӨЖ түрі

ҮТ9

ҮТ10

ҮТ11

ҮТ12

ҮТ13

ҮТ14

ҮТ15


49

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ


Макс. балл

7

7

7

7

7

7

7

Ќосымша материалдарѓа дайындыќ

СӨЖ түрі

ҚМ9

ҚМ10

ҚМ11

ҚМ12

ҚМ13

ҚМ14

ҚМ15

30

Бақылау формасы

К

К

К

К

К

К

К

Макс. балл

0

9

0

9

0

12

0

Межелік

бақылау


СӨЖ



















МБ

100

Бақылау формасы






















Макс. балл



















100


Шартты белгілер: ДС – дәріс сабағы, ҮТ1 – үй тапсырмасы №, ,Қ –оқу үрдісіне қатысу, ҚМ –қосымша материал, К- конспект, СМ-семестрлік жұмыс, МБ – межелік бақылау №1.

Кафедра меңгерушісі Н.Қ.Жүсіп
11 Курс саясаты

Оқу процесіне қатысу дегеніміз – сабаққа қатысу, пікірталаста және топ жұмысында белсенділік көрсету, топтастарының оқуына әсер ету.

Қойылған талаптар орындалмаса, жаза қолданылады. Сабаққа 100 пайыз қатысып, берілген тапсырмаларды уақытымен және дұрыс орындаса – ең жоғарғы балл 100 б. қойылады. Курсты өту барысында төмендегідей марапаттау ұпайлары қойылады:

- дєріске ќатысу – 1балл.

- тєжір. сабаќќа ќатысу – 1 балл.

- тєжір. жұмысты орындау – 2 балл.



Тєжірибешілік жұмыстарын орындау барысында

  • Сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру – 2 балл;

  • Жазба жұмыстарын орындау – 1 балл;



¤здік жєне курстыќ жұмыстарын орындау және қорғау барысында:

  • материалды толық меңгеру – 3 балл.

  • Талқыланатын тақырыптың, жоба мәселесінің мазмұнын ашу – 2 балл

  • Лексика-грамматикалық және стилистикалық сауаттылығы – 2 балл.

  • Материалдың мазмұндалуына шығармашылық көзқарас және өз ойын айта білу – 2 балл.


Пән бойынша қорытынды рейтингті есептеу әдісі




Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрлері

Өлшемдік үлес

1

Емтихан

Емтихан

0,4

Ағымдық үлгерімді бақылау

0,6

2

Сынақ

Сынақ

0,4

Ағымдық үлгерімді бақылау

0,6

3

Емтихан К/Ж

Емтихан

0,4

Курстық жұмыс

0,3

Ағымдық үлгерімді

бақылау


0,3

4

Курстық жұмыс

Курстық жұмыс

0,6


Ағымдық үлгерімді бақылау

0,4

12 Қолданылатын әдебиеттер

Негізгі:

  1. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. Алматы, 1994.

  2. Әбілқаев А. Қазақ тіліндегі төл сөз бен төлеу сөз. Алматы, 1956.

  3. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1993.

  4. Есенов Қ. Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылысы. Алматы, 1982.

  5. Есенов Қ. Құрмалас сөйлемнің синтаксисі. Алматы, 1995.

  6. Жиенбаев С. Синтаксис мәселелері. Алматы, 1941.

Қосымша:

  1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1999.

8. Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі. Алматы, 1995.

9. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі. Алматы, 1948.

10. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіл білімінің проблемалары. Алматы, 1982.

11. Төлегенов О. Қазіргі қазақ тіліндегі көп бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер. «Қазақ тілі мен әдебиеті». Алматы, 1972.

12. Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования. Москва, 1981.

13. Лосева Л.М. Синтаксическая структура целого текста. Одесса, 1974.

14. Шалабаев Б. Текст лингвистикасы туралы. «Қазақ тілі мен әдебиеті». Алматы, 1993. №1.

15. Шалабаев Б. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі синтаксистік тұтастық. Қазақ филологиясы. Екінші кітап. 1975.

16. Мұсабекова Ф. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем пунктуациясының негіздері. Алматы, 1959.

17. Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері. Алматы, 1996.



18. Қалиев Ғ. Қазіргі қазақ тілі: жаттығулар жинағы. Алматы, 1997.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет