Тақырыбы: Интонация компаненттерінің қызметі
Мазмұны
Кіріспе
Интонацияның шығу жәйі.
І. Тарау
1.1. Интонация туралы жалпы түсінік
ІІ.Тарау
2.1. Интонацияның компаненттері
2.2. Интонация және оның компаненттерінің сөйлемдегі қызметі
2.3. Интонация компаненттерінің дайындықсыз сөйлеу тіліндегі көрінісі
ІІІ. Тарау
3.1. Жәй сөйлемнің құрылымдылық коммуникативитілік түрлерінің интонациясы
3.2. Күрделенген сөйлеммен құрмалас сөйлемнің және күрделі синтаксистік тұтастықтың интонациялық ерекшелігі
Қортынды
Пайдаланған әдебиет
Кіріспе
Кез келген тілдің фонетикалық жүйесі оның сегменттік бөлшектерінен, яғни сөздердің дыбыстарынан ғана (дауысты, дауыссыз) тұрмайды, ол тілдің күрделі суперсегменттік деңгейін, яғни сөйлемдердің, текстің жалпы интонациялық сипатын да қамтиды.
Әуелде «интонация» термині латынның «intonare», «қатты сөйлеу» деген сөзінен пайда болғанымен, бұл терминнің қазіргі мағынасы әрі күрделі, әрі сан қырлы. Әуен (мелодика), пауза, қарқын (темп), интенсивтілік, тембр интонацияның компоненттері болып табылады.
Интонация мен сөйлеу дыбыстарының қайсысы бұрын пайда болғаны жайында әрқилы деректер бар. Интонация мен сөйлеу дыбыстарының адамдардың бір-бірімен қатынас жасауында атқаратын ролі ерекше. Интонация дыбыстан бұрын пайда болған деп есептеледі. Бұған дәлел ретінде дамуы жоғары саналатын үйірлі хайуанаттардың өзара қатынастарында олардың дауыс интонациясының құбылуының мәні зор екені айтылады. Олар сол интонация өзгерістерін аңдап, өзара қатынастарына, тіршіліктеріне сигнал қабылдайды.
Демек, сөйлеу тілінің пайда болуынан көп бұрын үйірлі хайуанаттардың қарым-қатынасына қызмет еткен интонация еді деп топшылауға болатын тәрізді. Интонацияның адамдардың қарым-қатынасындағы ең алғашқы құрал екендігін онтогенез көрсеткіштері де дәлелдей түседі. Мысалы, бесіктегі сәбилер алдымен уілдеуден бастап қана қоймай, сөз мағынасын түсінбесе де, анасының дауыс ырғағын, сөздің интонациясын ұға бастайды, соған сай әрекет жасайды. Оған біреу қатты сөйлесе, иегін кемсеңдетіп жылай бастайды да, ал енді біреу жағымды дауыспен «агу-агу», «кіш-кіш» десе де, сол сияқты анасының еркелеткен сөздерінің мағынасын ұқпаса да көздерін жаутаңдатып, езу тартып күледі.
Интонация тонының (тональность) сөйлеу сөзінде де, адамдардың қарым-қатынасында да үлкен орын алатыны бәрімізге мәлім. Бір сөздің айтылу интонациясына қарап ол сөздің қандай сезіммен айтылып тұрғанын білу адамға айдан анық.
Сондықтан, интонацияның сөйлеуден, сөзден бұрын пайда болғанын мойындай отырып, оның кейінгі сөйлеу тіліндегі мәнінің зор екенін де баса айту керек.
Интонацияның сөйлеу тіліндегі күрделі құбылыс ретінде атқаратын ролі айырықша. Ол сөйлемнің құрылуы мен жасалуына ғана қызмет атқарып қоймай, сонымен бірге оның коммуникативтік мағынасын, эмоциялық-экспрессивтік түрлерін анықтайды. Оның үстіне интонацияның сөйлем мен сөйлемнің ара жігін ажыратуда да мәні зор.
Кейбір зерттеушілер интонацияны субъективтік құбылыс деп есептейді. Мәселен, олардың айтуына қарағанда, бір тексті әркім әр түрлі мәнерде, әр түрлі интонациямен өзінше оқитын тәрізді. Сонда ол текстің міні де өзгереді дейді. Біздіңше, ондай өзгеріс яғни, бір тексті әркімнің әр түрлі оқуы, сол текстің мазмұнын жете түсінбеуінен болатын сияқты. Мұндай жағдайда ол текстің мазмұны да ауытқып кетуі әбден мүмкін. Бірақ бұған қарап интонацияны субъективтік құбылыс деп айтуға ешбір болмайды. Себебі онда интонацияның тілдегі объективтік, күрделі де көп қырлы функциясын жоққа шығарған болар едік. Сөйлемнің мағынасы мен интонациясының бір-бірімен тығыз байланыста болуының өзі интонацияның коммуникативтік зор маңызының айғағы болып табылады. А.М. Пешковский: «Адам сезімін сөз арқылы жеткізу мүмкін емес, оны тек интонация арқылы беруге болады», - деп жазыпты. Л.В.Щерба интонацияның жазу тіліндегі мағынасы мен көрінісіне ерекше көңіл аударады. Оқуда да, жазуда да (тексте) интонация компоненттерінің маңызы зор. Сондықтан, тексті оқушы оның интонациясын дұрыс «оқып» шығуы керек. Онсыз текстің негізгі маңызын түсіну қиын.
Интонацияның компоненттері боылп саналатын пауза, қарқын, әуеннің жоғарылау, төмендеу сияқты түрлерін жазу тілінде белгілейтін – тыныс белгілері. Сондықтан, сөз түсінікті болу үшін тыныс белгілерін «жаза» да, «оқи» да білу керек. А.Б. Шапироның пікірі бойынша «...жазуда айтушының ойы, сезімі, пікірінің рең бояуы тек қана пунктуация арқылы беріледі, ал оқушы қойылған тыныс белгісін көреді де, сол айтушының ойындай етіп қабылдайды».
Интонация туралы жалпы түсінік
Интонацияны зерттеу тарихы ертеден, көне замандардан басталады. Байырғы замандарда интонацияның ерекшеліктеріне мән берген зерттеушілер оны сахна өнерімен, шешендер сөзімен және тақпақ айтушылардың өнерімен байланысты қарастырған. Интонацияның логикалық және эмоциялық қасиеттерін зерттеудегі ең көне дерекатер ежелгі Греция мен Римде кездеседі. Онда сөйлеу тіліндегі әуен, пауза, қарқын, ритм туралы алғашқы түсініктер берілген.
Сөйлемнің ритмикалық құрылымының ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы пікірлерді Аристотельдің, Деметрияның, Цицеронның, Трасимахтың еңбектерінде кездестіруге болады. Ритм туралы ең толық түсінік Цицеронның «Оратор» деген еңбегінде көреміз. Онда автор ритмнің ерекшеліктерінде тоқталып қана қоймай, ны шешендердің сөзіне қалай, қай мөлшерде қолдану керектігіне де тоқталады. Ежелгі трактаттарда «колон» және «период» деген ұғымдарға түсінік беріліп, олардың шешендер сөзінде, қалай, қай мөлшерде қолданылуы жөнінде де кепілдеме беріледі.
Қазіргі түсінікше: «колон» мөлшер жағынан «периодпен» салыстырғанда кішілеу, ықшамдау келеді де, пауза арқылы бөліанеді және оның мағына жағынан тиянақты болуы шарт емес.
Ал «период» логикалық жағынан тиянақты болуымен қатар, ол құрмалас не жай сөйлемдерден тұратын бір-бірімен ыңғайласқан көп мүшелі, құрылымы келісті, күрделі құрылым.
Фонетикалық жағынан қарағанда көңіл аударатын нәрсе, ол ежелгі трактаттардағы «колон» және «периодтарды» сөйлеу тілінің жалпы интонациясымен байланысты қарап, оның әуенін, қарқынын, паузамен байланысты бөлшектерін сөйлеу ағысының үзінділері деп санайтындығында. Демек, ежелгі трактаттарда «колон», «период» деген терминдер күрделі сөйлемнің интонациялық жиынтықтарының сипатына қарай берілген.
Сөйлеу тіліндегі интонацияны дұрыс қолдану жайында айтарлықтай пікірлерді М.В. Ломоносовтың «Краткое руководство к риторике» деген еңбегінде кездестіреміз. Онда шешендер өз сөздерін қандай интонациямен және қандай дауыспен айтулары керектігі жөнінде ғана емес, сонымен қатар оны қандай мәнерде, оған қандай көрік беріп айтуы керектігі жөнінде де түсінік беріледі.
Интонацияның сипаттамасын М.В. Ломоносов өзінің «Российская грамматика» деген кітабында береді. Онда Ломоносов интонацияның төрт қасиетін белгілейді: высота-(выходка), сила-(напряжение), длительность-(протяжение), тембр-(образование). Осыларыдң әрқайсысын түсіндіріп, оларға жеке-жеке сипаттама береді.
Интонация қасиеттерінің сөйлеу тілінде адамдардың бір-бірімен түсінісуінде мәні зор екенін айтып қана қоймай, Ломоносов осы қасиеттер арқылы адамдардың бір-бірін көрмей-ақ дауысынан танитынына көңіл бөледі.
Интонацияның компоненттері болып есептелетін – қарқын, тембр, паузаның сөздегі (речь) адамдардың ойы мен эмоциясын білдірудегі орны мен зор мәні туралы пікірді Ломоносовттың тұстасы, XVIII ғасырдағы ағылшын оқымыстысы Х.Блэр да айтқан.
Өткен ғасырдың екінші жартысы мен біздің ғасырдың бірінші жартысында көптеген зерттеушілер шешендердің немесе сахна өнеріндегі актерлардың орындауындағы көркем сөздің интонациясын жан-жақты қарастыра бастады. Олар өз зерттеулерінде сахна өнерпаздарының, артисатердің, шешендердің сөздеріне, солардың сөйлеу мәнеріне сүйенеді. Соған қарап жазбаша текстерді мәнерлеп, интонацияны дұрыс, орынды етіп, сөздердің мағынасына сәйкестеп оқудың, дұрыс сөйлеудің, текстерді дұрыс оқудың заңдылығын табу жөнінде көп ізденді, оларыдң ережелерін іздеп тауып құрастырғысы келді. Онда олар текстердің, яғни жазу тілінің, өздеріне тән заңдылықтары болуы керек деген жорамалға келеді. Сондықтан ол заңдылықтардың өзіне лайық интонациясын, оның әуенін, қарқыны мен паузасын, синтагма шекараларын тыныс белгілері көрсететініне сенді. Ал логикалық екпін қай сөзге түсіп тұрғанын оның сөйлемдегі орнынан, қай сөз табынан жасалғанынан байқауға болады деп есептеген. Сөйлеудің заңдылық ережелері көптеген фактілерді зерттеу нәтижесінде жасалғандықтан, әрбір жазу текстіне тән интонация да, тілдерге тән заңдылықтар да бар деп сенген. Бірақ сөйлеудің заңдылық ережелерін жасаушылардың өздері бұл заңдылықтардың универсалды болмауы мүмкін екенін де мойындайды.
Себебі кейбір көркем сөздің шеберлері тексті өзінше оқып, оның сөздеріне басқаша мағына беріп, тыныс белгілерін орнынан жылжытып, паузаларды басқа жерде жасап, немесе сұраулы сөйлемді де жай хабарлы сөйлем етіп, хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлем интонациясымен оқуы мүмкін.
Мұндай жағдайлар тілдің лексико-грамматикалық құрылысы мен интонация қатынастарының өте күрделі болып заңды қалыптарға симай тұрғанын, кейде одан әлде қайда аумақты да терең екенін білдіреді.
Интонацияда жүйелілік заңдылыығы бар екенін неміс оқымыстысы Р.Бенедикс те айтқан. Ол интонацияның шартты арқауы ретінде төрт факторды келтіреді, олар интонацияның күші, қарқыны, биіктігі мен тембрі. Бірінші үшеуі Р. Бенедикстің айтуынша, интонацияның дұрыс айтылуын қамтамасыз етеді де, төртіншісі сөзге реңк береді. Сонымен бірге сөйлемде басты екі тон (тональность) бар делінген, оның біреуі қазіргі лингвистика сөзімен айтқанда сөйлемнің әуені, екіншісі – сөздің акценттелуі, яғни сөзге логикалық екпіннің түсуі. Р.Бенедикстің интонациялық жүйесі қазіргі тілшілердің интонациялық жүйесіндегі негізгі тонның жиілігі, ұзақтылық, интенсивтілік, спектр деген қағидалармен барабар.
Сонымен, жоғарыда келтірілген зерттеулерді қорытындылай келгенде, интонацияның шешендер сөзіндегі көріністері жайында нақты мәліметтері бар материалдар жиналған. Материалдарға теориялық талдау мен лингвистикалық анализ жасау әлі де жеткіліксіз.
Егерде біз жалпы тіл білімі тұрғысынан әр түрлі тілдердегі интонацияның лингвистиклық зерттелу жайына келетін болсақ, ол жұмыстарда (грамматикаларда) интонация туралы мәліметтерді оларыдң әр түрлі бөлімдерінен кездестіреміз. Жаңа бір тілмен танысып, оны зерттеу, не үйрену барысында оқушы не зерттеуші интонация жайындағы мәліметтерді еңбектің не «фонетика» не «синтаксис» бөлімінде кездестіреді.
Жалпы тіл біліміндегі күрделі проблемаларыдң бірі – тілдің бір көрінісі ретіндегі интонацияның тіл жүйесіндегі алатын орнын анықтау боылп табылады. «Интонация» деген ұғымның әр түрлі түсіндірілуі, оған ғалымдарыдң әр қырынан қарауына байланысты болса керек. Басқа сөзбен айтқанда, зерттеушінің көңілі не оның сыртқы формалық жағына, не мазмұнына, не функциясын ғана түскенінен болу керек. Бұлай болу себебі, интонацияның өте күрделі де құбылымалы болуына байланысты. Басқа фонетикалық құралдармен салыстырғанда интонация жалпы мазмұнмен өте тығыз байланысты да, сондай-ақ басқа синтаксистік тұрақты құбылыстарға қарағанда ол нақтысыз абстракт сияқты көрінеді.
Интонация туралы жарық көрген барлық еңбектерді шолғанда, оны екі дәуірге бөлуге боалды. Бірінші дәуірі ХІХ ғасырыдң соңы мен ХХ ғасырыдң 40-шы жылдарына дейінгі уақытты қамтиды. Бұл дәуірдегі оқымыстылар зерттеу объектісін іздеп, анықтаумен қатар, оның зерттеу әдістемесін, тәсілін іздейді. Екінші дәуірі ХХ ғасырыдң 40-шы жылдарынан қазіргі күндерге дейінгі уақытты қамтиды. Бұл дәуірде интонацияны зерттеу біршама дамыды. Бұны лингвистикалық теорияның және инструментальды фонетиканың пайда болып, дамуымен байланыстыруға болады.
Ағылшын оқымыстысы Д. Стилдің 1776 жылы шыққан «Prosodia Rationalis» деген еңбегінде ең алғашқы рет интонацияны ерекше символдар арқылы қағазға түсіру әрекеті жасалады. Оның әдістемесі интонацияның қарқынын, әуенінің жоғарылығын, созылыңқылығын, екпінді-екпінсіздігін, паузаны белгілей алған. Д. Стиль интонация әуенінің жоғары-төмен өзгеруі – сөйлеу сөзін өзгертпей-ақ оның мәнін басқаша беруге мумкіндігі бар екенін дәлелдейді. Д. Стилдің жұмысы лайықты бағасын өз уақытынан көп кейін алды. Мамандар оның еңбегін жүз жылдан астам уақыт өткеннен кейін ғана түсіне бастады. Ол еңбек суперсегменттік фонетиканың дауындағы ең алғашқы әрекеттердің бірі болып есептеледі.
Біздің ғасырымыздың басында жазылған Д. Джоунздың «Ағылшын тілінің интонациясына анализ беру және белгілеу» деген еңбегі мазмұын жағынан Д. Стилдің еңбегіне өте жақын, яғни соның жалғасы, соны ары қарай дамытқан зерттеу сияқты сезіледі.
Интонация жөнінде біздің дәуірімізге мейлінше жақындап келетін түсінікті Ш.П.Жиро-Дювивьенің кітабынан кездестіреміз. Онда интонацияның көтерілу-бәсеңдеу, күшті-әлсіз, жылдамдық-баяулық сияқты қасиеттері белгіленеді. Бұл белгілер қазіргі тілмен айтқанда әуен, интенсивтілік, қарқынды бейнелейді.
ХІХ ғасырыдң аяғы мен ХХ ғасырыдң басында лингвистикада сөйлеу интонациясы әуен (мелодика) деп аталады. Себебі әуенге физикалық анализдер мен анықтаулар жасау қиынға соқпайды. Интонацияның пауза, интенсивтілік, қарқын деген компоненттері жаңағы физикалық анализдердің сыртында қалады. Алайда зерттеушілерідң әуенге көңіл қоюының себебін оның акустикалық белгілері мен өлшемдері ғана деп айтуға бомайды. Зерттеушілерідің түпкі мақсаты әуеннің функциялық зор маңызды екенін ашу, соны түсіну болып табылады.
Интонацияны зерттеу тарихы екі дәуірге бөлінетін болса, соның бірінші дәуіріне біздің ғасырдың 40-жылдарына дейінгі уақыт жатады. Бұл дәуірде интонацияны зерттеуде оның ырғағының өзгеруіне, қарқынына, негізгі тонның жиілігі (частота основного тона) мен созылыңқылығына т.б. көңіл аударылып, оларға лингвистикалық анализ жасау принциптері ізделген. Бұл дәуірдегі интонацияның суперсегменттік көрінісітерін зерттеген көрнекті оқымыстыларды атайтын болсақ олар: H.Sweet, 1892; D.Jones, 1909 ;B.A. Богородицкий, 1917; В. Н. Всеволодский – Гернгросс, 1922; Н. Реrnot, 1930; S. Karcevskij, 1931 ;M. Grammont, 1933; S.C.Boyanus, 1936; Л.В.Щерба, 1937 т.б.
Бұл дәуірдегі зерттеушілердің арасында интонацияның акустикалық өлшемдері мен оның функциялық қасиеттерін қорытындылауда үш түрлі көзқарас орын алады. Ол синтаксистік, фонетикалық және фонологиялық.
Синтаксистік көзқарасты қолдайтындар интонацияны синтаксис көлемінде ғана қарастыру керек деп санайды. Себебі аларыдң пікірінше, интонация – синтаксистік мағынаны, синтаксистік қатынастар мен байланыстарды қамтитын тәсілдердің біреуі. Интонацияны синтаксистік көлемдер зерттеудің ең бір көрнекті мысалы ретінде орыс оқымыстысы А. М.Пешковскийдің «Интонация и грамматика» (1928) деген еңбегін келтіруге болады. бұл еңбекте автор интонация мен синтаксистің тығыз байланысы жөнінде терең де қызықты пікірлер айтады. Пешковскийдің «принцип замены» деген қағидасында мынадай жәйттар бар. Егерде синтаксистік мазмұн неүұрлым мықты да таза грамматикалық тәсілдермен берілсе, онда соғұрлым оның интонация тәсілдерімен берілуі көмескі болады, егерде интонация тәсілдері мықты болса, оның грамматикалық тәсілдері көмескі болады, - дейді ол. Интонацияны синтаксистік аспектіден қараған алғашқы еңбектерідң олардан кейін пайда болған бірқатар жұмыстарға әсері болмай қалмады.
Фонетикалық көзқарас интонация сөйлеу тілінің жалпы ағысын қамтып, оның сөйлемдерін, синтагма, фразаларың басқа да фонетикалық майда бөлшектерін қалыпқа түсіріп, тиянақтап, оның үстіне олардың бәрінің басын қосып, бөлшектерден тұратын әуенін шашыратпай бір күрделі интонациялық байламға келтіреді деп есептейді.
Фонологиялық көзқарас интонацияны «Система оппозиций» - қарама-қарсы жүйелер, басқа сөзбен айтқанда, айырмашылығы бар жүйелер тұрғысынан қарау керек деп есептейді. Егер сегменттік фонологияда фонемаларыдң «қарама-қарсылығы» олардағы бір қасиеттің не сипаттың бар не жоқ болуына негізделсе, суперсегменттік фонологияда қарама-қарсылықтың, яғни айырмашылықтың механизмі басқаша болады. Олар: жоғарылау-төмендеу, жылдамдық-баяулық, болымды-болымсыз, тағы сондайлар болып келеді. Фонологиялық көзқарастың көрнекті уәкілдерінің бірі – С. Карцевский.
Біз алға қойған мақсатымыз бен тақырыбымызға байланысты сөйлеу тілін зерттеу мәселелері жалпы тіл білімінде екі дәуірге бөлінетінін айттық. Жоғарыда баяндалған славян тілдері және басқа да шетел тілдері жайындағы зерттеулер сол екі дәуірдің біріншісіне, яғни біздің ғасырыдң 40-жылдарына дейінгісіне жатады.
Қазақтың төл тіл біліміндегі бірінші дәуірге жататын зерттеулер халқымыздың тұңғыш тіл маманы Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерінен басталады. Ғалымның «Тіл тағылымы» атты еңбегі қазақ тілінің дыбыстық, грамматикалық ерекшеліктеріне құрылған тұңғыш оқулық болып табылады. А.Байтұрсынов қазақ тілінің фонетикасын орыс, поляк, француз, чех тілдерімен саыстырып зерттеген екен. Екпіннің табиғатын және функциясын зерттеп, ғалым тілдерді екі топқа бөлген: «екпін буыны бірыңғай келетін тілдер және екпін буыны бірыңғай келмейтін тілдер. «Екпін буыны аяғында келетін сөздерімен қазақ тілі француз тіліне ұқсас» депті А.Байтұрсынов. Бірінші дәуірге жататын, біздің мәселемізге, яғни интонацияға тікелей қатысы бар еңбек – халқымыздың екінші ірі тіл маманы Құдайберген Жұбановтың «Қазақ тілінің грамматикасы» (1936) болып табылады. Бұл еңбекте ол сөйлем сазының – интонациясының сөйлеу тіліндегі функциясын өте терең талдап, оның маңызын айта келіп: «Адам көңілінің түрлі күйіне сөздің түрлі әні сәйкес келеді. Сондықтан, сөздің әнінің арқасында хабарыдң өзін ғана емес, сөйлеушінің көңіліне сол хабарыдң қалай тигенін, немесе қалай тиген етіп көрсеткісі келетінін білеміз. Адамның көңілі қобалжуының түрі көп; тіпті ұшы қиыры жоқ десек те болады. Бұларды білдіруге арналған амалдық – дауыс сазының да түрі көп» деген Қ.Жұбановтың интонация, яғни «дауыс сазы» туралы терең әрі тауып айтылған тұжырымдарын қазіргі тіл біліміндегі семантикасинтаксистік көзқарасқа жатқызуға болады. Қазақ тілінің басқа мамандарының еңбектері жоғарыда айтылған екі дәуірдің екіншісіне, яғни біздің ғасырдың 40-шы жылдарынан кейінгі дәуірге жатады.
Біздің ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап интонацияны зерттеу проблемасы жылдам үрдіс алып, бұл туралы көптеген еңбектер жазылды. Жеке сөйлемдердің интонациясы неше түрлі тәсілдер бойынша зерттеле бастады. Мысалы, физикалаық өлшемдер мен аудитивтік байқауларды айтуға болады. Сондай тәсілмен жиналған материалдар фонологиялық не синтаксистік әдістер арқылы қортындыланады. Мысалы, хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдердің интонациясы оның синтаксистік функциясына жатқызылады да, ал олардан басқа мағыналы синтаксистік функцияға жатқызуға келмейтіндері фонология тұрғысынан зерттеледі.
Қазақ тіл білімінде де басқа шетел, орыс, славян тілдеріндегі сияқты интонацияны зерттеудің екінші дәуірінің басынан-ақ интонация жайында оның қазақ тіліндегі мәні туралы тұжырымдар айтылған еңбектер шықты. 1940 жылы С.А.Аманжоловтың «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқа курсы» жарық көрді. Онда: «қандай сөйлем болсын, мейлі ол екі сөзден, немесе бір сөзден құралған сөйлем болса да өзіне тән интонация болады» делінген. 1948 жылы Н.Т.Сауранбаевтың «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер» және 1953 жылы «Қазақ тілі» деген еңбектері жарық көрді. Бұл еңбектерде интонацияның сөйлемдегі ролі қысқаша болса да айтылып кетеді. 1954 жылы жраық көрген «Қазіргі қазақ тілі» еңбегі, авторлар ұжымының тұңғыш ғылыми грамматикасы болып табылады. Онда грамматиканың басқа бөлімдерімен (морфология, синтаксис) қатар, фонетика да теориялық ғылыми дәрежесіне көтеріліп, интонацияның синтаксистегі рөліне көңіл аударылады.
1961 жылы М.Балақаев пен Т.Қордабаевтың бірігіп жазған «Қазіргі қазақ тілі синтаксисі» жарық көрді. М.Балақаев аталған кітапта да, басқа еңбектерінде де интонацияны сөйлемнің басты белгілерінің бірі ретінде қарайды. Әрбір сөйлемнің өзіне тән интонациясы болатынын айтады.
Т.Қордабаев құрмалас сөйлемдердің құрамына енген жай сөйлемдерді құрмаластырудағы интонацияның роліне тоқтайды. 1962 жылы жарық көрген І.Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаевтың «Қазіргі қазақ тілі» (лексика, фонетика) деген оқулығында интонация екпінмен байланысты қарастырылады. Сөз екпінін екіге бөліп: динамикалық және тоникалық екпін деп, ал дауыс екпінін сөз тіркесіндеіг фразалық немесе тіркес екпіні деп атайды. 60-80 жылдарда жазылған қазақ тілінің синтаксисін зерттеуге арналған жұмыстардың қай-қайсысында да интонация туралы азды-көпті пікірлер айтылады. 1979 жылы жарық көрген «Қазақ тіліндегі сөйлемдердің интонациясын оқыту мәселелері» және 1982 жылғы «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында Ә.Нұрмаханова қазақ тіліндегі интонация мәселесін көтеріп, оның маңызы мен функциясына әдейі тоқталып анықтамалар береді: «Интонация-дауыс сазының бірде көтеріңкі жоғарылап, бірде төмендеп бәсеңдеуі... іркіліс, тембр, екпін, сөзді айтуға кететін уақыт, дауыс ырғағы, күші, әуені, қарқыны, диапазоны т.б. компоненттер интонацияның физикалық құрамына кіреді».
Соңғы жылдарда интонацины зерттеуде шетел тілдері, славян тілдері, оның ішінде орыс тіліндегі сияқты, қазақ тілінде де эксперименттік әдісті қолдана бастады.
Интонацияның кебір сөйлем түрлеріндегі, фразалардағы атқаратын ролін анықтайтын жеке зерттеулер жарық көрді. Қазақ тілінің интонациясы жөнінде жазылған және сөйлемнің коммуникативтік түрлерінің интонациясын қарайтын эксперименттік фонетикалық зерттеулер Ж.Аралбаев пен М.Каспарованың «Об изучении интонации казахского языка» деген мақаласында келтірілген.
Сонымен, қазіргі уақытта интонация туралы, оған қатысты жеке мәселелер жөнінде және жеке тілдердің интонациясына қатысты біраз еңбектер жазылған. Түркі тілдерінің интонациясын салыстырып жазған және жеке тілдерді үйренуге, оған жаттығуға арналған еңбектер де бар.
Жоғарыда интонацияны зерттеу тарихының бірнеше дәуірге бөлінетіні айтылды. Оның дамуы жалпы тіл білімінің дамуымен тығыз байланысты.
Соңғы кезде интонацияны жалпы тіл жүйесінің ерекше деңгейінде тұрған құбылыс депте айтып жүр. Тіл білімінің оны зерттейтін саласын бөліп алып интонология деп атайды. Интонологияның өзіне тән зерттеу объектісі мен өзіне тән зерттеу әдістері бар деп есептеліп жүр. Қайткенде де кейін пайда болған лингвистикалық теорияларыдың интонацияның жаңа қырларын ашып, оның аясын кеңейтіп, жалпы сөйлеу тілін жан-жақты зерттеуде маңызды қызмет атқаратыны даусыз.
Интонацияның компоненттері
Қай халықтың болса да, оның сөйлеу тілінің өзіне тән интонациясы бар екені анық. Ол интонацияның өзінің ішкі сипаты мен ерекшеліктері бар. Ол ерекшеліктер мынадай төмендегі компонентерден тұрады: әуені (мелодикасы), қарқыны (темпы), ұзақтылығы (длительность), паузасы, интенсивтілігі, тембрі. Интонацияның компоненттерін кейде просодикалық тәсілдер (просодические средства) деп атайды. Сөйлеу тілінде интонацияның аталған компоненттері бірімен-бірі тығыз байланысты болатыны сөзсіз. Бірақ олар сөйлемнің барлық түрлерінде әр уақытта бәрі бірдей орын алады және бәрі бірдей тыңдаушыға анық естіледі деп айту қиын. Себебі олар өзара түрлі қарым-қатынасқа түсіп, сөйлемнің әр алуан түрлерін түзуде, оларды бірінен-бірін ажыратуда қызмет атқарады.
Барлық тілдердегі интонацияның ең басты да универсалды компоненті әуен (мелодика) деп есептеуге болады. Себебі қай тілдің болса да басқа тілдерден айырмашылығын білдіруде сол тілдің өзіне ғана тән әуені үлкен роль атқарады да, ол тілдің бірден-бір өзгешелік белгісі бола алады. Жалпы әуеннің сөйлемдегі атқаратын қызметі әр алуан. Біріншіден, сөйлеу тілінің ағысын неше түрлі бөлшектерге мүшелеп жіктейтін де, олардың басын қосатын да әуен және онымен қоса пауза. Екіншіден, сөйлемдердің коммуникативтік түрлерін анықтауда, яғни олардың айтылу мақсатына қарай (хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті) бөлінуінде үлкен қызмет атқарады. Үшіншіден, грамматикалық және лексикалық тәсілдермен қосылып сөйлемдердің жалпы мағынасын беруге, оның нюанстарын анықтауға қатысады. Төртіншіден, оның сөз тізбектерінің синтагмалық акценттелуімен қосылып, сөйлемнің логикалық және эмоциялық мазмұнын жеткізуде үлкен орын алады.
Тілдің әуені кейде сөйлеу тілдерінің индивидуалды сөйлеу ерекшеліктеріне қарай құбылуы мүмкін. Бірақ та мұндай жағдайда ол құбылу сол тілдің әуенінің негізгі формаларынан тыс өзгеше ауытқи алмайды. өйткені ондай кезде сөйлемнің негізгі мазмұны өзгеріп, тыңдаушы түсінбей қалуы мүмкін.
Акустикалық жағынан қарағанда, әуен сипаты әр уақытта өзгеріп тұратын негізгі тонның жиілігімен сәйкес. Сөйлеу тілінің негізгі тон жиілігінің бір өзгешелігі-оның сөйлеу процесінде ұдайы өзгеріп тұруында. Тілдегі негізгі тонның обсолюттік мазмұны сөйлеушінің дауысының жоғары не төмен болуымен байланысты деп есептеледі. Бірақ дауыс аппаратының (голосовые связки) ерекшеліктерімен байланысты еркектердің жуан, яғни төмен дауысының немесе әйелдердің жіңішке, яғни жоғары дауысының интонациялық мазмұның да өзара лингвистикалық айырмашылығы жоқ екені анық. Мұндай интонациялық және лингвистикалық мазмұны шамалы фактордың тағы бірі – қазақ тіліндегі үндестік заңына бағынатын ашық, жуан дауыстылар мен қысаң, жіңішке дауыстылардың негізгі тонының жиілігі арасындағы айырмашылығының елеусіз болуы.
Жоғарыда айтылып кеткен факторлар сөйлеу тіліндегі интонацияның жалпы тональды контурын айтарлықтай өзгерте алмайды. Қазақ тіліндегі интонацияның жалпы тональды контурына әсер ететін фактордың біреуі – ол синтагманың ең соңғы логикалық маңызды сөзіне түсетін екпін, басқаша айтқанда, синтагманың соңғы сөзінің акценттелуі, екіншісі – сөйлемдегі негізгі тон жиілігінің өсуі адамның эмоциялық жағдайына, яғни қызулану, әсерленуіне байланысты болуы.
Сөйлеу тіліндегі тональды контурдың жалпы бағыты түрлі-түрлі болуы мүмкін. Олар көтерілу, бәсеңдеу, көтеріңкі-бәсең, бәсең-көтеріңкі немесе бірқалыпты болуы мүмкін. Тональды контурдың жалпы бағытынан басқа интонацияны сипаттауда орын алатын ерекшеліктер болып, оның интервалы мен диапазоны саналады. Бұлар ең алдымен интонацияның негізгі тонының жиілігімен тығыз байланыстылығының үстіне әуеннің (тональды контурдың) бәсеңдеу не көтерілу мөлшерін де қамтиды.
Мысалы, хабарлы сөйлемнің интонациясының негізгі тонының жиілігі бұйрықты және лепті сөйлемдердің интонациясының негізгі тонының жиілігімен бірдей болып басталғанымен, олардың төмендеу-жоғарылау диапазоны мен интервалының өзгешіліктері бар екені анық байқалады.
Интонацияның тональды интервалы болымды және болымсыз болып екіге бөлінеді. Егерде салыстырмалы өлшемнің біріншісінің интервалы оның екіншісінің интервалынан кем болса, онда тональды интервал болымды боп есептеледі. Егерде керісінше болса, онда-болымсыз болады. Синтаксистік ең маңызды шағын өлшемдер, яғни синтагмалар және сөйлемдер өзіне тән тональды диапазондармен сипатталады.
Тональды диапазон дегеніміз негізгі тонының жиілігінің ең үлкен және ең кішкентай мөлшерінің арасындағы айырмашылығы арқылы белгілі болады. Ол диапазондар көлемді (кең), көлемсіз (тар), орташа болып үшке бөлінеді. Эмоциялық мағыналы сөйлемдердің тональды диапазоны көбінесе көлемді сипатты болып келеді. Бұған лепті сөйлемдердің тональды диапазоны жатады. Мысал ретінде түрлі ұрандарды келтіруге болады. Синтаксистік өлшемдердің маңыздылығы немесе маңызының шамалылығы онің диапазонының мөлшеріне байланысты деуге болады. Мысалы, сөйлемнің ішіндегі қыстырма сөз болсын, сөз тіркестері болсын, тіпті үлкен қыстырма конструкциялар да, бәрі бірдей өзінің диапазонының көлемсіздігімен сипатталады. Олар сөйлеу тілінде тез, бірсыдырғы айтылып, олардың мазмұнының қосымша ғана информация беріп тұрғаны айқын байқалады.
Сөйлемді не басқа да сөйлеу тіліндегі синтаксистік сегменттер – фраза, синтагма, ритмикалық топтарды бейнелеуде жоғарыда келтірілген акустикалық ерекшеліктерден басқа оларға тән интонацияның тональды деңгейінің де (тональный уровень) мәні едәуір деуге болады. Мысалы, бұйрықты сөйлем мен хабарлы сөйлемнің тональды деңгейі жоғары болады деп есептеледі. Интонациялық контурдың тік не жайпақ болып келуі, тональды деңгейдің жоғары не төмен түсіп өзгеруінің құбылуының жылдамдығымен байланысты.
Интонацияның ұзақтылығы, яғни уақытқа байланысты сипаты сөйлемнің не сөйлеу тіліндегі басқа да синтаксистік сегменттердің іске асуы үшін олардың уақытпен байланысты болуы ақиқат, яғни олардың тілде орын алуы және тыңдаушының құлағына жетіп, оған түсінікті болуы үшін біршама уақыт қажет. Осы айтылу-тыңдау-түсіну процесіне керек уақытты интонацияға байланысты уақыт ұзақтылығы дейді (временная протяженность). Әрине, сөйлемнің әр түрлі сегменттерінің өзіне ғана тән уақыт ұзақтылығы болуы және оның неше түрлі факторлармен байланысты екені анық. Синтаксистік сегменттің физикалық ұзақтылығы оның құрамына кіретін дыбыстарыдң артикуляциялық ерешеліктерімен байланысты екені дәлелденген. Мысалы, жақтың төмен түсуі арқылы жасалатын ашық дауыстылардың өзіне тән ұзақтылығы мол болады да, тілдің жоғары көтерілуінен пайда болатын қысаң дауыстылардың ұзақтылығы одан кем болатыны белгілі. Сол сияқты дауыссыздардың да артикуляциялшық ерекшеліктеріне байланысты ұяң дауыссыздардың, әсіресе ызың дауыссыздарыдң қатаң дауыссыздармен салыстырғанда ұзақтылығы көбірек болады. Бұл жоғарыда келтірілген дауысты, дауыссыз дыбыстар өз ұзақтылық ерекшеліктерімен сөздерде, сөздерден құралған синтаксистік сегменттерде көрінеді де, солардың интонациялық ұзақтылығын бейнелеуге қатысады.
Интонацияның компоненттерінің бірі болып саналатын жоғарыда келтірілген ұзақтылығына әсер ететін, дәлірек айтқанда оны молайтатын факторлардың бірі ашық дауыстылардың ашық буында тұруы (ба/ма) болып табылады. Ал егер ол дауысты дыбыс жабық буында тұрса оның ұзақтылығы шұғыл кемиді (бас/пақ). Сонымен қатар сөздегі дауыстылардың ұзақтылығы сол сөздегі буынның санына кері пропорциялы болады, яғни неғұрлым буынның саны көп болса, солғұрлым олардың ұзақтылығы кемиді. Мысалы, мына екі сөздің ұзақтылығын салыстырып қарауға болады: ба/ла-ба/ла/лар/ға. Бұл екі буынды және төрт буынды сөздердің ұзақтылығы бір-бірінен көп алшақ емес деуге болады. Бір синтагманың ішіндегі сөздердің ұзақтылығына әсер ететін тағы бір фактордың бірі – сол синтагмадағы сөздердің біріне түсетін логикалық екпін, дәлірек айтқанда сөздердің біреуінің акценттелуі. Ондай логикалық екпін түскен, акценттелген сөз ең мол ұзақтылыққа ие болады.
Сөздегі, синтагмадағы, сөйлемдегі, яғни синтаксистік сегменттегі ұзақтылықтарыдң бәрі жиналып келіп жалпы сөйлеу тілінің қарқынын (темп речи) бейнелеуге қатысады. Қарқынның өзіне тән лингвистикалық мәні бар. Олай дейтініміз сөйлеу тілінің қарқынына қарап, ондағы мазмұнның қандай екенін, яғни мағынасы зор ма, немесе шамалы ма, соны анықтауға болады. Мысалы, мазмұны зор информацияны мазмұны болмашы информациямен салыстырғанда ол баяу да салмақты қарқынмен айтылады. Бұны жалпы түсіндіретін болсақ кез келген ситуациядағы мәні мен қажеттілігі шамалы нәрсемен салыстырғанда, мәні зор, өзі қажетті, жаңа нәрсе уақытты да, еңбекті де көбірек керек ететін әдеттегі универсалды жағдайды алға тартуға болады.
Хабарлы сөйлем мен бұйрықты сөйлемнің қарқынын салыстырып қарасақ, бұйрықты сөйлем баяу да салмақты айтылады. Оның себебі бұйырушы өзінің сөзінің тыңдау шыға жетуімен ғана қанағаттанбай оның орындалуында керек етеді. Лепті сөйлемдер де баяулау қарқынмен, ұзарыңқырап айтылады. Сөйлемдердің уақыт параметрі олардың коммуникативтік түрлерімен байланысты деуге болады. Сөйлемнің қарқыны эмоциалық жағдаймен тығыз байланысты. Мысалы, қуанышты, ашулы жағдайда ол жылдамдаса, ал депрессия жағдайында және салтанатты жағдайда баяулайды. Сонымен, сөйлеу тіліндегі интонацияның қарқыны сөйлемнің мазмұны және сөйлеушұінің эмоциясымен байланысты екені анық.
Интонацияның маңызды да белгілі компонентінің біреуі – пауза. Сөйлеу сөзінің ағысында болатын кідірісті пауза дейді. Пауза мағынасына қарай физиологиялық, эмоциялық ситуациялық, интеллектілік деген түрлерге бөлінеді. Паузаның лингвистикалық функциясы дегеніміз, оның бір бүтін тексті фразаларға, синтагма, ритмикалық топ, сөздерге бөлуі ғана болып қоймай,ғ сонымен бірге интонацияның басқа компоненттерімен қосылып сөйлемдердің түрлі мазмұндық, эмоциялық т.б. қарым-қатынастарын анықтауға қатысуы деп айтуға болады. Паузаның мөлшері сөйлеу тілінің қарқынымен тығыз байланысты. Әдетте оның мөлшері сөйлеу қарқынымен тура пропорциялы болады. Фраза мен синтагманың паузалары сөздердің арасындағы паузалардан көлемдірек деп есептеледі. Паузаның қай тілде болса да сөйлем мүшелерін анықтауда да, сөздердің функцияларын анықтауда да мәні зор. Сөйлемдегі паузаның орнына байланысты сөздердің өзара қарым қатынасы мен функциясы өзгеріп отыратынын Ә. Жүнісбеков өзінің мына мысалдарымен дәлелдейді.
Балапан / торғай ұясында отыр. Балапан торғай / ұясында отыр.
Бірінші сөйлем («Балапан» деген жалғыз сөздің паузамен бөлінуінің арқасында) «Балапан торғайдың ұясында отыр» деген мағына берсе, ал екінші сөйлем пауза арқылы екі ритмикалық топқа бөінген. («Балапан торғай» және «ұясында отыр»). Бұл сөйлем «Торғайдың балапаны өз ұясында отыр» деген мағына беріп тұр.
Жоғарыда келтірілген мысалға сүйене отырып Ә.Жүнісбеков қазақ тіліндегі паузаның ролі туралы мынадай тұжырымға келеді: «Қазақтың сөйлеу тілінде сөздерді ритмикалық топтарға бөлетін паузаның болуы міндетті түрде қажет. Бірақ оларыдң көлемі (ұзақтығы) біркелкі болмауы мүмкін. Эксперименттің нәтижесінде сызылған статистикалық көрсеткішке сүйенетін болсақ, ритмикалық топтарыдң арасындағы пауза ритмикалық топтардың ішіндегі паузадан 1,5 және 2 есе артық болып шығады.
Сөйлеу тіліндегі интонацияның паузасын синтаксистік сегменттердің арасында пайда болып тональды контурды шұғыл өзгертетін, паузалық мағынасы жоқ, алдамшы пауза (мнимые паузы) делінетін кейбір акустикалық компоненттерден ажырату керек.
Сөйлеу тілінде интонацияның нағыз паузасы мен алдамшы паузасынан да басқа хезитациялық вокалданған кідірістер кездеседі. Олар сөйлеушінің алдыңғы фразадан кейін келетін фразаны ойлауы үшін, немесе ол фразаның нәтижесін байқауы үшін қолданылатын сияқты. Мұндай вокалданған кідірістердің просодиканың семиологиялық функциясына байланыстылығы дәлелденген.
Егер вокалданған кідірістің тоны (тональность) төмен болса, ол келісушілікті, ал жоғарыдан кенет төмен түссе, ол эмоциялық дәрменсіздік келісін, керісінше төменнен жоғарыласа, - сұрақ пайда болғанын білдіреді.
Интонация компонентінің бірі оның интенсивтілігі деп есептеледі. Бірақ интенсивтіліктің дара өзінің интонациялық мәні шамалы. Ол интонацияның басқа компоненттерімен бірігіп біршама мазмұнға ие болады. Интенсивтілік көбінесе дыбыстарыдң негізгі тонының жиілігімен бірігіп, сөйлемдегі сөздердің акценттелуіне қатысады.
Сөйлемдегі сөз тізбектерінің бір үзігін (сегментін) акценттеу керек болса, сол жердегі интенсивтілікті күшейтіп үдетеді. Бірақ интенсивтіліктің күшейтілгені құлаққа көбінесе дауыстың қатты шыққанындай боылп естіледі. Дауыстың қатты шығуы тек интенсивтілікпен ғана емес дауыстың негізгі тонының көтерілуімен де байланысты. Сөйлемнің интенсивтілігі бірдей екі сегменттің біреуінің құлаққа қаттырақ естілетіні оның негізгі тонының жоғарысы болады. Дауысты дыбыстарыдың интенсивтілігінің абсолюттік мәніне әсер ететін факторларыдң бірі оның артикуляциялық ерекшелігі.
Қазақ тіліндегі қысаң дауысты дыбыстармен салыстырғанда ашық дауысты дыбыстардың интенсивтілігі, мол екені экспериментті әдіспен дәлелденген.
Интенсивтілікке әсер ететін екінші фактор – дауысты дыбыстың синтаксистік сегменттегі орны. Сөйлемдегі әр түрлі синтагмалардағы интенсивтілікті зерттеу барысында мынадай жағдай анықталды. Мысалы, синтагманың аяғындағы дауыстыларыдң интенсивтілігімен салыстырғанда, оның басындағы дауыстылардың интенсивтілігі мол екені байқалады. Дауыстылар неғұрлым синтагманың аяғына жақын тұрса, оынң интенсивтілігі солғұрлым азая түседі. Бұл жағдай сөйлемдегі интенсивтіліктің жалпы контурының әдетте жоғарыдан төмендейтінін көрсетеді. Егерде сол жалпы контурдың сызығында акценттелген сөздер болса, олар сонымен байланысты күшейеді. Сондықтан сөздің акценттелуі мен интенсивтілігінің арасында тығыз байланыс болады. Әдетте логикалық акценттелген сөзің интенсивтілігі де мол ьолады. Бірақ сөздің логикалық акценттелуін интенсивтілік қана көрсетпейді. Сөздің логикалық акценттелуіне әсер ететін басқа да фонетикалық тәсілдер бар. Оларға тонның көтерілуі мен ұзақтылығы да жатады.
Сонымен сөйлемдердің немесе қандай да бір синтаксистік сегменттердің интонациясының динамикалық контуры сол синтаксистік конструкциялардың семантикалық салмағы жөнінде де хабар бере алатыны анық. Мысалы, сөйлемдегі қыстырма конструкцияларыдң динамикалық деңгейі төмендеу және бірсыдырғы болуы сол конструкцияның семантикалық салмағының негізгі мағынаға қосымша болуынан ғана екенін білдіреді. Мысалы: сол кезде, неге екенін кім білсін, оның жайдан жай жылағысы келеді. (С.Мұқанов).
Сөйлемнің интенсивтілігінің молаюы оның жалпы эмонациялық бояуының қоюлануымен тура пропорциялы болады, яғни эмоциялықтың көбеюімен байланысты интенсивтілік те молаяды. Адамның көңіліне жағымды әсер ететін, көңілін көтеретін эмоция әрқашан интонацияның интенсивтілігінің көтеріңкі және мол болуымен сипатталады да, ал көңілге жағымсыз, адамның ұнжырғасын түсіретін эмоция интонацияның интенсивтілігі мен жалпы деңгейінің төмендеуімен сипатталады. Әдетте, бұйрықты сөйлем мен лепті сөйлемнің интонациясының интенсивтілігі мен жалпы деңгейінің көтеріңкі болатыны белгілі. Әсіресе біріншісіндегі бұйыру актысы неғұрлым күшті болса, интенситілігі солғұрлым жоғары болады.
Экспериментті – фонетикалық еңбектерде жиірек қолданылатын интонацияның динамикалық өлшемдері көбінесе төмендегідей болып келеді. Ол – интенсивтіліктің деңгейі (уроень интенсивности), интенсивтіліктің диапазоны және интенсивтіліктің ең жоғары мазмұны (максимальное значение интенсивности).
Интонацияның компоненттерінің біреуі тембр деп аталады. Тембр дегеніміз адамның әр түрлі көңіл күйін, эмоциясын білдіретін интонациялық тәсіл. Тембр арқылы қуаныш пен мысқыл т.б. сезімдер беріледі. Интонацияның басқа компоненттерімен салыстырғанда жалпы тіл білімінде тембр – оның ең аз зерттелген компоненті. Былай болудың себебі тембрдің сөйлемдегі таза семантикалық ролі жоқтың қасы. Ол көбінесе сөйлемнің сезімдік (эмотивтік) мазмұынын беруге қатысады. Ал акустикалық деңгейде алып қарасақ тембр спектрге сәйкес деп есептеледі. Тембрдың лингвистикалық функциясы әлі жете зерттелмегендіктен оны анықтау үшін оған арнайы жеке зерттеулер жасау қажет.
Түрлі халықтарыдң сөйлеу тілінде интонацияның компоненттері, басқаша айтқанда просодикалық тәсілдері әр түрлі қатынасқа түседі. Ал қандай жағдайда және қайсы тілде болсада аталған просодиклық тәсілдердің қайсысы қалай қолданылуы сол тілдің интонациясының спецификасына байланысты болады.
Интонацияның компоненттері тілдердің бәрінде қолданылатын универсалды просодикалық тәсіл болып табылады. Олар: әуен (негізгі тонның жиілігі), ұзақтылығы, интенсивтілік. Бұл компоненттер негізіне тілдердің қай-қайсысында да сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай дифференциялауға қатысады. Ал интенсивтіліктің молаюы қай тілде болса да шартты түрде сол тілдегі интонацияның негізгі тонының жиілігінің көтерілуімен байланысты. Бұның себебі қай тілде болса да интенсивтіліктің молаюы да, негізгі тонның жиілігінің көтернілуі де адамның артикуляциялық аппаратындағы дауыс желбезегіне түсетін физиологиялық әсердің механизмімен автоматы түрде (автоматически) байланысты болуы. Сондықтан да интонацияның жоғарыда келтірілген компоненттерінің барлық тілдерде универсалды болуының себебі адамдардың сөйлеу аппаратының жалпы физиологиялық қасиеттері бірдей болуына байланысты болса керек. Алайда барлық тілдердегі синтагмалар арасындағы мағыналық қарым-қатынасты білдірудің универсалды әдісі болып интонацияның, яғни просодикалық тәсілдердің әуені, қарқыны, паузасы саналады. Мысалы, синтагманың соңғы сөзіне түсетін тонның бәсеңдеуі барлық тілдерде аяқталу, яғни тиянақтылық әуені болып табылады, ал фразаның соңындағы тонның көтерілуі аяқталмағандықты, тиянақсыздықты білдіреді деп саналады. Сол сияқты барлық тілдерде де қарқынның баяу, байсалды болуы информацияның мңыздылығынан хабар береді, ал қарқынның жылдам, тез болуы оның маңызының, мәнінің шамалы екенін білдіреді.
Тілдердің басым көбіне бірдей интонацияның қарама-қарсылықты (противоположность), түсіндіру-анықтауды (пояснение), санамалауды (перечисление), логикалық белгілеуді (акценттеуді), қыстырмалықты (вводность) көрсететін просодикалық тәсілдер бар екені белгілі. Оларыдң қолданылуында әр тілдің өзіне тән ерекшеліктері де болуы мүмкін.
Интонацияның эмоциялық түрлерінің әуені де тілдердің көпшілігінде біркелкі не ұқсас болатыны белгілі. Бұған мысал ретінде, жағымдылық пен жағымсыздықты, қуанышпен ренішті білдіретін интонацияның әуенін алып қарауға болады. Тілдердің барлығында деуге боларлық қуанышты, жағымды эмоцияның әуені жоғары регистрлі тонды болады да, ал ренішті, жағымсыз эмоцияның тоны төмен, ызғарлы болып келеді. Бірақ, әрине, әр тілдегі просодикалық тәсілдердің көрінісі сол тілдің интонациясының жалпы спецификасына байланысты болатыны анық. Мысалы, орыс тілінің интонациясының әуеніне әсер ететін, оның спецификасын түзетін орыс тіліне тән барлық сөздерде орын алатын екпін (словесное ударение) бар екені белгілі. Орыс тілінің бұл «подвижное разноместное ударение» деп аталатын әмбеорынды жылжымалы сөз екпінінің сөздердің морфологиялық формаларын дифференциялауда ғана емес, олардың негізгі мазмұнын (семантика) ажыратудағы, анықтаудағы мәнін айтуға болады.
Ал қазақ тілін алатын болсақ мұнда әр сөзге түсетін екпін жоқ екені белгілі. Қазақ тілінде, француз тілінгдегі сияқты синтагманың соңғы сөзіне түсетін «ритмикалық екпін» (ритмическое ударение) бар екені экспериментті түрде дәлелденген жағдай.
Қазақ тілінің интонациясына қатысты мәселелерді зерттеу соңғы кезде қазақ тіліндегі үндестік заңына байланыстырыла қарастырылып жүр. Ә.Жүнісбеков өзінің осы проблема жайындағы еңбегінде былай дейді: «Сингармаонизм действует не только внутри слова, но и в группе слов, объединенных ритмически».
І. Кеңесбаев та сөйлемдегі сөздердің фразалық не ритмикалық екпінін акценттелу деп атап, оны сөйлем мүшелерінің функциясымен байланыстыра қарастырған болатын: «...из двух или нескольких слов, подчиненных одному ударению, создается единый акцентуационный комплекс. Подобное ударение называется фразовым или ритмическим».
Ә.Жүнісбеков өз еңбегінде қазақ тіліндегі сөздердің ритмикалық топтарын түгендей келе, осы ритмикалық топтарға кірген сөздер бір интонациялық комплекс құрайды да, ондағы ритмикалық екпін оның бір сөзіне ғана түсіп тұрақты орынға ие болады дейді. Бұған қосымша, егерде сөйлем жалғыз сөзден тұрса да, ол сөздің соңғы буынына ритмикалық екпін түсетінін де ескерген жөн. Біздіңше, бұл жағдай орыс тіліндегі әмбеорынды жылжымалы екпіннің орыс тіліндегі сөздердің морфологиялық формаларын және олардың негізгі мағынасын анықтаумен қатар орыс тілінің интонациясының жалпы әуенінің спецификасын түзетіні сияқты, қазақ тіліндегі ритмикалық екпіннің сөйлемдердегі сөздердің синтаксистік функциясын дифференциялаумен қатар қазақ тіліндегі интонацияның спецификасын да түзетіні анық.
Ә.Жүнісбеков бұл туралы былай дейды: «Думается, что преобладающее в тюркологии мнение о связанном словесном ударении в конце слов относится как раз к ритмическому ударению, так как отдельно произнесеенное слово (имеется ввиду слово-предложение Б.З.) – тоже ритмическая группа и имеет усиление на последнем слоге».
Ә.Жүнісбеков қазақ тіліндегі сөйлемнің және ондағы сөздерідң ешбір өзгеріссіз, әрқайсысы өз орнында тұрып-ақ өзара ритмикалық топтану арқылы түрлі мағынаға ие болатынын айта келіп, соның дәлелі ретінде төмендегі мысалдарды келтіреді:
Ат / қора маңында жүр. Ат қора маңында / жүр.
Бұл келтірілген мысалдардың біріншісінде жалғыз «Ат» деген сөз өз алдына ритмикалық екпінге ие болып, басқа сөздерден паузамен бөлінуінің арқасында сөйлемнің бастауышы, яғни қимыл субъектісі (субъект действия) болып, ал баяндауыш тобы ол субъектінің қимылы (жүр) мен ол қимылдың қай жерде (ат қора маңында) болғанын білдіріп тұр. Екінші мысалды (Ат қора маңында» деген ритмикалық топ «жүр» деген баяндауыштан пауза арқылы бөлініп тұрған кезде, қора маңында жүрген «ат» емес басқа «белгісіз біреу» деген ұғым туады. Ендеше қазақ тілінің сөйлемдеріндегі сөздерідң ритмикалық топқа сөлінуінің сөйлемнің жалпы мағынасын ажыратудағы мәні зор. Сондықтан сөйлеу тіліндегі сөздерді мағынасына қарай ритмикалық топтарға дұрыс бөлу қандайда бір мағлұматтың дұрыс берілуінің шарты болса керек.
Ә.Жүнісбеков қазақ тіліндегі ритмикалық топтардың екпінін экспериментті зерттеу нәтижесінде ол топтардың соңғы сөзінің соңғы буыны ең көлемді ұзақтылыққа (длительность) ие екенін дәлелдейді.
Қазақ тілі интонация мәселелері жөнінде азды-көпті экспериментті-фонетикалық зерттеулер жүргізген авторлардың көпшілігі қазақ тіліндегі ең маңызды просодикалық компонеттер деп ұзақтлықпен қатар әуенді де атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |