Құрастырушы: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Б. Х



Дата17.06.2016
өлшемі209 Kb.
#143194

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Гуманитарлық-педагогикалық факультет
Психология және педагогика кафедрасы

0


50103 – Педагогика және психология

мамандығының студенттеріне арналған

«Кәсіптік білім беру педагогикасы»

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар




Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38








БЕКІТЕМІН

ГПФ деканы

_______ Ж.Т.Сарбалаев

20__ ж. «___»__________



Құрастырушы: ________ педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Х.Галиева
Психология және педагогика кафедрасы
0

50103 – Педагогика және психология мамандығының

күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған

«Кәсіптік білім беру педагогикасы»



пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама «___» _________20__ ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
20___ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі ______________ Е.И.Бурдина 20__ ж. «____» ________

Факультет оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған_____________________________

20 _ ж. «_____»____________№____ хаттама
ОӘК төрағасы ________________ Е.Н.Жуманкулова 20__ ж. «_____»___________



1 Оқытушы туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Галиева Бахыт Хасеновна

Педагогика ғылымдарының кандидаты, психология және педагогика кафедрасының доценті

Психология және педагогика кафедрасы Ломов көшесі, 64 мекенжайындағы «А» корпусында, 149-аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны – 87182673685 (1139).



2 Пән туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту тұжырымдамасының негізінде «Кәсіптік білім беру педагогикасы» курсының бағдарламасы жасалды.

050103 - «Педагогика және психология» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім берудегі Мемлекеттік стандартқа сәйкес пәннің мазмұны құрастырылған.
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша қарым-қатынас сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау нысаны

барлы-ғы

Дәріс

практи-ка

Зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СРСП

Барлығы

2

90

15

15










90

60

емтихан


4 Пәннің мақсаты және тапсырмасы

Пәннің мақсаты: студенттердің әдіснамалық-теориялық даярлығына бағдарланған кәсіптік білім алудағы ғылыми педагогикалық процесті ұйымдастыру мен басқаруды игеруі.

Пәннің тапсырмалары:

- кәсіби білім беруде педагогикалық процесті ұйымдастырудың теориясы мен технологияларын зерделеу;



  • Қазақстан Республикасындағы кәсіптік оқытудың тізбектестік моделінің ерекшеліктерін сипаттау;

кәсіби білім берудің мәні мен мазмұнын ашу.

5 Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар

Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі тиіс:

  • кәсіби білім берудің тұтас педагогикалық процесін ұйымдастырудың теориясын;

  • кәсіптік оқытудың моделін;

  • Қазақстан Республикасындағы кәсіптік оқытудың тізбектестік моделінің ерекшеліктерін;

  • кәсіби білім берудің мәнін;

  • кәсіптік бағдар беру жұмысының мазмұнын;

  • кәсіптік білім беру жүйесін басқарудың құрылымы мен принциптерін.

Пәнді оқу нәтижесінде студент мынадай біліктер мен дағдыларға ие болуы тиіс:

  • тәжірибенің теориялық-қолданбалы проблемаларын ұғыну және аналитикалық баға беру;

  • бұқаларық ақпарат құралдары материалдарын өз бетімен талдай алу біліктері;

  • осы біліктерін жетілдіру үшін игерілген теориялық білімдерді тәжірибеде пайдалану.


6 Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет: «Жалпы психология», «Педагогика», психологиялық-педагогикалық тәжірибе.



7 Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: өндірістік тәжірибе.


8 Тақырыптық жоспар



Тақырыптардың атауы

Сабақ түрлері бойынша қарым-қатынастық сағаттар саны

Д

Т

СӨЖ

1

2

3

4

5

1

«Кәсіптік білім беру педагогикасы» - оқу пәні

Кәсіптік білім беруде оқушылардың мектепішілік бақылауын өзін-өзі анықтауға бағдарлау



2

2


8

2

Кәсіптік білім берудің моделі

Кәсіптік білім берудің әр түрлі модельдері: мектепшілік бейіндендіру және жүйелі ұйымдастыру



2

2


8

3

Кәсіптік білім берудің мазмұны

Элективті (таңдаулы) курстар. Базистік және кәсіптік курстардың өзара әрекеттестіғгі. Курстарды таңдап алудың шарттары



2

2


8

4

Кәсіптік білім берудің тұтас педагогикалық процесінің сипаттамасы

Кәсіптік білім беруде сабақ кестесін құру әдістемесі



2

2


9

5

Кәсіптік білім беруде тұлғаның іс-әрекеті және дамуы

Кәсіптік білім беруде түрлі технологияларды пайдалану



2

2


9

6

Мектеп психологының кәсіптік бағдар беру жұмысы

Кәсіптік білім берудің кезеңіндегі оқушылардың жеке оқу жоспарын жобалаудың ерекшеліктері



2

2


9

7

Кәсіптік білім беру мекемелерін басқару

Кәсіптік білім берудегі қорытынды аттестация



3

3


9

Барлығы

15

15

60


9 Пәннің қысқаша сипаттамасы

Қоғамның даму деңгейінің шарты ретінде қазіргі кезде білім беру жүйесінің рөлі мен мәні, адам факторы өсе түсуде. Жоғары білім берудің мақсаты – қоғам мен мемлекеттің стратегиялық мүддесін қанағаттандыратын, халықаралық еңбек рыногында бәсекелес бола алатын адамды қалыптастыру болып табылады.

Оқушылардың жеке қабілеттері мен қажетттіліктеріне сәйкес ерте кәсіби бағдар беруді қамтамасыз ету негізінде жоғары сыныптағы оқушыларға кәсіби бағдар беру жүйесін жасауды қажет етеді.

Оқушылардың терең кәсіпалды даярлығын жүзеге асыру үшін орта мектептің жоғары басқыштарының іс-әрекеті қызметіндегі басым бағыты кәсіптік білім беруді ендіру болып табылады.

Қойылған міндеттерді шешу үшін түрлі деңгейде педагогикалық кадрларды даярлаудың тұтас жүйесі кажет. Бұл курс кәсіптік мектептегі жұмыс істейтін педагог-психологтардың кәсіби даярлығын қарастырады.
10 Курс компоненттері

Теориялық курстың мазмұны

Тақырып 1. «Кәсіптік білім беру педагогикасы» - оқу пәні.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Қазіргі кездегі білім беруді жетілдірудің талаптары. Кәсіптік білім берудің педагогикалық принциптері. Кәсіптік білім беруде окушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған оқыту процесін жүзеге асыруды көздеу. Курстың мақсаты мен міндеттері. Кәсіптік білім берудің пәні мен объектісі. Курстың мазмұны. Кәсіптік білім беруді жүзеге асырудың оқыту әдістері мен құралдары. Бақылау түрлері. Кәсіптік білім берудің шетелдік тәжірибесі. Білім беру процесінде курстың алатын орны. Жоғары оқу орнының білім беру процесінде алатын орны.



Тақырып 2. Кәсіптік білім берудің моделі.

Кәсіптік білім берудің моделін жасаудың ерекшеліктері. Мектепішілік кәсібилікке бөлудің моделі. Кәсіптік білім беру мекемелері. Кәсіптік білім беру жүйесін ұйымдастырудың моделі. Кәсіптік білім берудің түрлі модельдерін жүзеге асырушы жалпы білім беретін мекемелерді инновациялық қамтамасыз ету.



Тақырып 3. Кәсіптік білім берудің мазмұны

Кәсіптік білім берудің мемлекеттік білім беру стандарты. Кәсіптік білім беру мазмұнын жаңартудың бағыттары. Кәсіптік білім берудің оқу жоспарын құрудың принциптері. Мемлекеттік базистік оқу жоспары. Инварианттық компонент. Вариативтік компонент. Кәсіптік компонент. Элективтік оқу курстары. Кәсіптік мектеп оқушысының жеке білім алу бағыты.



Тақырып 4. Кәсіптік білім берудің тұтас педагогикалық процесінің

сипаттамасы

Кәсіптік білім берудің тұтас педагогикалық процесінің мәні және


құрылымы. Кәсіптік білім берудің тұтас педагогикалық процесінің
заңдылықтары мен принциптері. Кәсіптік білім берудің тұтас
педагогикалық процесінің әдістері. Кәсіптік білім берудің тұтас
педагогикалық процесінің құралдары. Кәсіптік білім берудің тұтас
педагогикалық процесінің формалары. Кәсіптік білім берудің тұтас
педагогикалық процесінің әдістемесі. Педагогикалык технологиясының мәні
және белгілері. Тұлғаның белгілі сапасын дамытуға түрлі педагогикалық
технологиясының ықпалының дәрежесі. Кәсіптік білім беру технологиясының басымдылықтары.

Тақырып 5. Кәсіптік білім беруде тұлғаның іс-әрекеті және дамуы.

Тұлға кәсіптік білім берудегі тәрбие объекті және субъекті. Тұлғаны дамытудың парадигмасы. Кәсіптік білім берудегі тұлға тәрбиесі және дамуы. Кәсіптік білім беру міндеттеріне жауап беретін, оқушылардың іс-әрекетінің нәтижесін бағалау және есепке алудың қазіргі тиімді формасы – портфолио.

Портфолионың негізгі типтері: әрқайсысының артықшылығы және шектеулері. Портфолио жасаудың технологиясы. Кәсіптік білім беруде портфолионы пайдаланудың принциптері.

Тақырып 6. Мектеп психологының кәсіптік бағдар беру жұмысы.

Кәсіби даярлықта кәсіптік бағдар беру және хабарламалық жұмысты


ұйымдастыру. Кәсіби даярлықтың алдындағы мақсат пен міндет.

Кәсіптік білім алды даярлықтың мәні. Кәсіптік білім алды даярлықтың моделі. Элективті курстар. Алдын ала бағдарламалы элективті курстың бағдарламасын құрудың принциптері. Курсты ұйымдастырудың мазмұны және формасы.Оның міндетті құрамалары, «білім беру картасы».

Оқушылардың ата-аналарымен жұмысты ұйымдастырудың мақсаты және мазмұны. Кәсіптік мектепте оқуды түрлі вариантта жалғастыруда оқушыға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетудегі іс-әрекетті ұйымдастыру.

Тақырып 7. Кәсіптік білім беру мекемелерін басқару.

Менеджмент теориясы негіздерінде білім беру мекемелерін басқару. Кәсіптік білім беру жүйесін басқарудың құрылымы. Білім беру мекемелерін басқарудың принциптері мен әдістері. Кәсіптік білім беруде педагогикалық кадрларды кәсіби даярлаудың ерекшеліктері. Кәсіптік білім беру кезеңінің педагогикалық кадрларын даярлаудың жүйесі. Кәсіптік білім беруге ақпараттық көмектесу. Кәсіптік білім беруде педагогикалык еңбекті ғылыми ұйымдастыру.



Практикалық сабақтардың тізімі және мазмұны


  1. Кәсіптік білім беруде оқушылардың мектепішілік бақылауын өзін-өзі анықтауға бағдарлау.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Білім беруді жаңғыртуға қойылатын қазіргі талаптар. Бейіндік оқыту тұжырымдамасы.

Кәсіптік білім беру педагогикасының принциптері. Кәсіптік білім беру педагогикасының мақсаты мен міндеттері, нысаны мен пәні. Кәсіптік білім беру педагогикасының мазмұны.

Кәсіптік білім беруді жүзеге асыру әдістері мен құралдары. Бақылау формалары.

Бейіндік оқытудың шетелдік тәжірибесі.



  1. Кәсіптік білім берудің әр түрлі модельдері: мектепшілік бейіндендіру және жүйелі ұйымдастыру

Кәсіптік білім берудің әр түрлі модельдерін жасаудың ерекшеліктері. Мектепішілік кәсіптендіру моделі. Бірбейінді және көпбейінді жалпы орта білім беру мекемелері.

Бейінді білім беруді желілік ұйымдастыру моделі.

Бейінді білім берудің әр түрлі модельдерін іске асыратын жалпы орта білім беру мекемелерін инновациялық қамсыздандыру.


  1. Элективті (таңдаулы) курстар. Базистік және кәсіптік курстардың өзара әрекеттестіғгі. Курстарды таңдап алудың шарттары

Кәсіптік білім берудің мемлекеттік білім беру стандарттары. Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары.

Кәсіптік білім берудің оқу жоспарын құру принциптері.

Инварианттық компонент. Вариативті компонент. Бейінді компонент.

Элективті оқу курстары. Кәсіптік білім беру мектебі оқушысының жеке білім алу маршруты.



  1. Кәсіптік білім беруде сабақ кестесін құру әдістемесі

Кәсіптік білім беру мекемесінде сабақ кестесін құрудағы әрекеттердің алгоритмі. Дайындық кезеңі.

Жобалау кезеңі. Кестені құру принциптерін анықтау. Кестенің ықтимал нұсқаларын талдау. Жеке кестенің жобасын жасау.

Енгізу сатысы. Кестені сынақтан өткізу. Ішкі сараптама. Талдау және түзету.


  1. Кәсіптік білім беруде түрлі технологияларды пайдалану

Педагогикалық технологияның мәні мен белгілері. Тұлғаның белгілі сапаларына әсер етуші педагогикалық технологиялар ықпалының дәрежесін анықтау. Кәсіптік білім беруде әр түрлі технологияларды қолдану. Кәсіптік білім берудегі басымды технологиялар.

  1. Кәсіптік білім берудің кезеңіндегі оқушылардың жеке оқу жоспарын жобалаудың ерекшеліктері

Оқушылардың жеке оқу жоспары түсінігі. Кәсіптік жалпы орта білім беру мекемесінде оқушылардың жеке оқу жоспарын жобалау: әрекет алгоритмі. Мақсатар мен міндеттерді талдау және талқылау. Нормативтік құжаттарды зерделеу. Педагогтардың жоба командасын дайындау. Оқушылар мен педагогтардың тілектерін талдау. Мектептің мүмкіндіктерін талдау. Сыртқы жағдайларды талдау. Оқушылардың жеке оқу жоспарларын талдау. Базистік және бейіндік курстарға бөлінетін сағат көлемін анықтау.

  1. Кәсіптік білім берудегі қорытынды аттестация

Бейінді білім берудегі бақылау формалары мен әдістері.

Кәсіптік білім берудегі қорытынды аттестаттаудың маңызы. Қорытынды аттестаттаудың мақсаты мен қызметтері.


Студенттің өздік жұмысының мазмұны

СӨЖ түрлерінің тізімі



СӨЖ түрі

Есеп беру

формасы


Бақылау

түрі


Сағат

көлемі


1

Дәрістерге дайындалу




Дәріске

қатысу


7,5

2

Тәжірибелік сабақтарға дайындалу, үй тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптері,

конспект


Семинар мен

тәжірибелік

сабақтағы

жұмысы


15

3

Курстың қосымша тақырыптарын зерделеу. Әдеби көздерді талдау. Глоссарий құру. Ғылыми баяндама жасауға дайындалу

Конспект,

глоссарий, баяндама




Қорғау, есеп

27,5

4

Бақылау шараларына дайындалу




МБ1, МБ2, емтихан

10

Барлығы

60


Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі

  1. Білім беру мазмұны: кәсіптік білім берудің мүмкін болатын жақтары

  2. Кәсіптік білім беру кезеңіндегі оқушының психологиялық-педагогикалық бейнесі: өзін-өзін анықтауға бағдарлау.

  3. «Кәсіптік білім беру педагогикасы» түсінігі.

  4. Орта білім беру жүйесінде кәсіби білім берудің орны.

  5. Кәсіптік білім берудің түрлі модельдерін ұйымдастырудың шарттары.

  6. Кәсіптік білім берудің мазмұнын құрудың негізгі принциптері.

  7. Базистік және кәсіби элективтік курстардың өзара байланысы.

  8. Жеке кәсіби курстардың жиынтығы.

  9. Әртүрлі кәсіби білім беруді жүзеге асыру үшін білім беру ауқымдарының ерекшеліктері.

  10. Кәсіптік даярлыктың мәні мен міндеттері.

  11. Кәсіби даярлықтағы кәсіптік бағдар беру және хабарламалық жұмыстарды ұйымдастыру.

  12. Кәсіптік білім беру кезеңінде сабақ кестесін жасаудың ерекшеліктері.

  13. Кәсіптік мектеп педагогының кәсіби бағыты.

  14. Кәсіптік білім беру кезеңіндегі оқушылардың жеке жоспарын жобалаудың негізгі кезендері.

  15. Кәсіптік білім беру кезеңіндегі оқушыларға психологиялық-педагогикалық көмек.

  16. Кәсіптік білім беру кезеңінің оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырудын формалары.


11 Курс саясаты

Оқытушы мен студенттердің академиялық этикасының саясаты университеттің ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес болуы тиіс. Оқу процесіне белсенді түрде қатысу қажет. Оқу материалы бойынша сұрақтар қою, тиянақты жауаптар беру және өзіндік көзқарастарды таныту өте маңызды. Оқытушы мен курстастарды сыйлау керек. Оқытушы сөйлегенде, дауыстап әңгімелесуге болмайды, екінші ескертуден соң студент аудиториядан шығарылады. Сабақтарды орынды себепсіз босатуға тыйым салынады. Әрбір себеп анықтамамен расталуы қажет. Студент босатқан сабақтарының орнын оқытушының анықтаған уақытында толықтыруы тиіс. 10 минуттан артық кешіккен студент сабаққа жіберілмейді. Сабаққа кешігудің немесе келмеудің себептерін алдын-ала ескерткен жөн. Үй тапсырмасын және басқа жазба жұмыстарды дер кезінде тапсыру қажет. Бақылау жұмысын, тестті, емтиханды тапсыруда көшіруге жол берілмейді. Оқытушының консультациясына қатысу міндетті. Сабақ барысында ұялы телефондар сөндірілген қалыпта болуы талап етіледі.

Оқу процесіне қатысу дегеніміз – сабаққа қатысу, пікірталаста және топ жұмысында белсенділік көрсету, топтастарының оқуына әсер ету. Сабаққа 100 пайыз қатысып, берілген тапсырмаларды уақытымен және дұрыс орындаса – ең жоғарғы 100 балл қойылады. Курсты меңгеру барысында балдар былай бөлінеді:


  • дәріске қатысу – 1 балл, конспектің бар болуы – 1 балл;

  • тәжірибелік сабаққа қатысу – 1 балл, тәжірибелік жұмысты орындау – 5 балл (оның ішінде үй тапсырмасын орындау -3 балл, сұрақтарға жауап беру, жаттығу жұмыстарын орындау, тақырып бойынша талдау жасау - 2 балл).

Ағымдық бақылау студенттердің өзіндік жұмыстарын қорғауы барысында іске асырылады. Бағалау кезінде төмендегі көрсеткіштер ескеріледі:

  • материалды толық меңгеру - 10 (екінші рейтинг кезеңінде – 13) балл;

  • сұрақтарға жауап бере алу – 4 (5) балл;

  • материалдың мазмұндалуына шығармашылық көзқарас және өз ойын айта білу – 3 балл;

  • грамматикалық және стилистикалық сауаттылық - 1 балл.

Айып балы білімді бағалаудың жүйесіне орай белгіленеді.

Мәселен, дәрісті орынды себепсіз босату үшін 2 балл шегеріледі (-2); дәрістің шала конспектіленгені үшін жарты балл кемітіледі (-0,5); тәжірибелік сабақтарда белсенділік танытпай, немқұрайды қатынасу ең кем дегенде жарты балды шегерумен (-0,5) жазаланады.



Межелік бақылау пәннің тиесілі кезеңде өтілген тақырыптары бойынша сынақ немесе коллоквиум түрінде ұйымдастырылады. Межелік бақылауда келесі критерийлер ескеріледі:

Толық дұрыс жауап 100 балмен бағаланады, оның ішінде:

100–90 балл – тиянақты, дәйекті, байланысты, толыққанды жауап; балдардың шегерілуі жауаптың мәнін және дұрыстығын бұзбайтын кемшіліктердің кездесуімен байланысты;

89-75 балл – материалды толық игергендігі, мәселе бойынша әдебиеттерді білетіндігі көрінетін және қосымша сұрақтардың қажеттігінсіз берілген жауапқа қойылады;

74-50 балл – студент тек негізгі материалды біледі, мәселе бойынша әдебиеттерді шатастырады, қойылған қосымша сұрақтарға жеткіліксіз жауаптар қайырады;

49-0 балл – студент толық және дұрыс жауап беруге қауқарсыз, қосымша сұрақтар оған көмектеспейді, мәселе бойынша әдебиеттер қарастырмаған.



Қорытынды бақылау. Курс пән бойынша емтихан тапсырумен аяқталады. Бақылау үстінде көшіріп жазуға тыйым салынады.

Курстың ақтық бағасы бұған дейінгі жинақталған барлық балдарды ескеру арқылы қойылады.
Пән бойынша рейтингті есептеу әдісі

Пән бойынша әрбір рейтинг мына формула бойынша анықталады:


Р1,2 = АҮ*0,7+МБ*0,3,

мұндағы Р1, Р2, АҮбірінші, екінші рейтингтің, ағымды үлгерімнің балдары.

Екі рейтингтің орташа арифметикалық көрсеткіші негізінде емтиханға жіберілу рейтингі белгіленеді:



ЖР = (Р1+Р2)/2,

мұндағы ЖР – студенттің емтиханға жіберілу рейтингі.

Қорытынды рейтинг төмендегі формула арқылы анықталады:

ҚР = ЖР*0,6+ҚБ*0,4,

мұндағы ҚР – қорытынды рейтинг, ҚБ – қорытынды емтиханның балл түріндегі бағасы.


Табыс тілейміз!



12 Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы // http://www.edu.gov.kz

  2. 2020 жылға дейінгі білім беруді дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасы // http://www.edu.gov.kz

  3. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. - Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 27-сі. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. // http://www.edu.gov.kz

  4. Акулова О.В. Информационная работа в условиях профильноғо обучения. – СПб: Каро, 2005.

  5. Гладкая И.В., Ильина С.П., Ривкина С.В. Основы профильного обучения и предпрофильной подготовки. - СПб, 2005.

  6. Писарева С.А. Образовательная среда профильного обучения. - СПб, 2005.

Қосымша:

  1. Бақтыбаев Қ.Б., Әлмағамбетова Д.Қ. Бастауыш кәсіптік білім мамандықтарына арналған оқу жоспарының моделін жасау жөніндегі нұсқаулар. - Алматы, 2002.

  2. Кузнецов А.А., Пинский А.А., Рыжаков Н.В., Филатова А.О. Структура и принципы формирования содержания профильного обучения на старшей ступени. - М., 2003.

  3. Теория и практика организации предпрофильной подготовки / Под ред. Новиковой Т.Г. - М., 2003.

  4. Мұсілімов Ә., Сиымова А. Кәсіптік бағдар беруде мектептен тыс жұмыстардың түрлері //Қазақстан жоғары мектебі. 2002. № 3.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет