Құрастырушылар: аға оқытушы Масақбаева С



Дата15.06.2016
өлшемі166.01 Kb.
#136859
түріЖұмыс бағдарламасы

Жұмыс бағдарламасы





ПМУ ҰС Н 7.18.2/06

түрі


Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Химия және химиялық технологиялар кафедрасы

«Минералды тыңайтқыштардың химиялық технологиясы» пәні бойынша


050720 - Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандықғының студенттеріне арналған
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар


Мамандықтың жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты және типтік бағдарламасы негізінде дайындалған, пәнінің жұмыс бағдарламасының бекіту беті





ПМУ ҰС Н 7.18.1/06

түрі



БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

_____________Пфейфер Н.Э.

20__ж. «___» _________­­­­­­___


Құрастырушылар: аға оқытушы ____________________ Масақбаева С.Р
Химия және химиялық технологиялар кафедрасы
«Минералды тыңайтқыштардың химиялық технологиясы»

пәні бойынша


050720 - Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының студенттеріне арналған.
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Жұмыс бағдарламасы 3.08.346 – 2006 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты және РОӘК 2006 жылдың 22 маусымында бекітілген типтік бағдарламасы негізінде әзірленген.
Кафедра мәжілісінде ұсынылды «___» _______________20__ж.

Хаттама № ___


Кафедра меңгерушісі ___________________ Жапаргазинова К.Х.
ХжХТ факультетінің оқу - әдістемелік кеңесімен мақұлданды

«___» _____________20__ж. Хаттама № _____


ОӘК төрайымы__________________ У.Д.Буркитбаева
КЕЛІСІЛДІ

БХФ деканы ______________К.К. Ахметов «____» ____________20__ж.


ЖБ және ӘҚе МАҚҰЛДАНДЫ

ЖБ және ӘҚебастығы _____________Варакута А.А. «____» _________20___ж.



Пәннің мақсаттары мен міндеттері
Пәнді оқыту мақсаттары

Берілген курстың мақсаты уақытты, энергияны, шикізаттарды, еңбекті неғұрлым аз жұмсап бейорганикалық қосылыстардың жоғары сапалы өнім алу үшін технологиямен және негізгі өндіріспен студенттерді таныстыру.


Пәнді оқыту міндеттері

Пәнді оқу нәтижесінде студент


Білуі керек

− технологияның маңызды түсініктері мен анықтауларын;

− рационалды өндіріс процестеріне қойылатын экономикалық және экологиялық талаптарды;

− бейорганикалық заттардың технологиясы үшін термодинамилық және кинетикалық заңдылықтардың мәндерін;

− минералды шикізаттар қорлары мен негізгі түрлері және оны байыту әдістерін;

− табиғи тұздарды бейорганикалық заттарға, тыңайтқыштар және минералдарға өңдеу әдістерін;

− табиғи бор, фосфор минералдарының түзілу ерекшеліктерін;

− бор, фосфат минералдарының кристаллохимиялық классификация принциптерін;

− бор шикізаттарынан бор қышқылдарын және ангидридтерін алудың спиртті, биборатты, сілтілі−термиялық, қышқылдық, физика −химиялық негіздерін;

− бор және фосфат шикізаттарын дәстүрлі әдістері негізіне жататын компоненттердің әсерлесу химиялық реакцияларын;

− бор қосылыстары негізінде (антипирендер, бор талшықтары және т.б), фосфаттар негізінде (бейорганикалық ионалмастырғыштар, коррозия ингибиторлары) композициялық материалдарды синтездеудің принциптерін.
Меңгере білуі керек

− минералды тұздар мен минералды тыңайтқыштардың технологиясында химия өндірісін дамыту үшін, оны рационалды жобалау үшін термодинамика және кинетика заңдарын пайдалануды;

− термодинамикалық есептер жүргізуді және технологиялық процестерді оптималды жағдайын меңгеруді;

− бастапқы минералды шикізаттарды бейорганикалық заттар мен материалдарға өңдеу әдістерін таңдауды ғылыми негізде жүргізуді;

− технологиялық процестердің материалды балансын құра білуді;

− тұздар мен тыңайтқыштар алудың технологиялық сызбанұсқасын оқу және құра білуді;

− табиғи бораттар мен фосфаттарды қышқылда ерітуді жүргізу, ерудің оптималды параметрін анықтай білуді;

− басқа технологиялардан бор, фосфат материалдарын алудың қышқылды, қышқылды − термиялы, сілтілі−термиялы технологияның негізгі заңдылықтарын ажырата білуді;

− бор, фосфор қосылыстары негізінде композициялы материалдар алудың технологиялық сызбанұсқасын келтіре білуді.

Пререквизиттер

Пәнді оқытуда келесі пәндерде алынған білімдер қажет:



  • бейорганикалық химия;

  • аналитикалық химия;

  • физикалық химия;

  • беттік өзгеру және дисперстік жүйе;

  • жалпы химиялық технология;

  • бейорганикалық заттар технологиясының теориялық негіздері.



ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ



Тақырыптар атауы

Сағаттар саны

Дәріс

Тәж

Зерт

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

1

Кіріспе.

2,5

-

1,5

8

2

Фосфор тыңайтқыштары

10

-

3

20

3

Азот тыңайтқыштары

5

-

4

18

4

Калий тыңайтқыштары

5

-

-

14

БАРЛЫҒЫ:

22,5

-

7,5 (15)

60

Барлығы пән бойынша

90


Теориялық курстың мазмұны

Тақырып 1 Кіріспе

Бейорганикалық тыңайтқыштарға сипаттама. Шикізаттың жаратылуына, агрегаттық жағдайына, химиялық табиғатына байланысты кластарға бөлу және оны сипаттау. Өңделетін және өңделмейтін шикізат қоры. Өндіріс қалдықтарын қосымша шикізат түрінде қолдану.



Тақырып 2 Фосфор тыңайтқыштары

Табиғи фосфаттар және фосфорит ұны. Апатит және фосфорит кендерінің минералдық құрамы. Фосфор кендерінің түрлері мен кен орындары.

Физико-химиялық және механикалық қасиеттері. Фосфат шикізаттарын сақтау және тасымалду. Фосфорит ұны. Фосфаттарды химиялық өңдеудің өнімдері мен әдістері.

Жай суперфосфат. Суперфосфаттың қасиеті мен құрамы. Қолданылуы. Өндіру әдісі. Өндірістің физико-химиялық негізі. Процестер химизмі.

H2SO4 мөлшері. Процестің жылдамдығы мен механизмі. Суперфосфат өндірісі. Фторлы газдың бөлінуі. Суперфосфат өндірісінің материалды балансы. Түйіршіктелген суперфосфаттарды алу.

Фосфаттардың күкіртқышқылды (экстракция) шайындылаудың физико-химиялық негізі. Процестер химизмі. Фосфор қышқылын күкірт қышқылды шайындылауда фосфаттардың еру жылдамдығы. Кальций сульфатының кристалдануы. Фосфаттардан фосфор қышқылын күкірт қышқылды шайындылау әдісі. Фосфор қышқылын дигидратты тәсілмен экстракциялы шайындылау өндірісі.

Қос және байытылған суперфосфаттар. Преципитат. Құрамы және қасиеттері, қолданылуы. Қос суперфосфат өндірісінің физико-химиялық негізі. Процестер химизмі. Тепе-теңдік жағдайы және қатты фазалардың кристалдануы. Қатты фазалардың кристалдануынсыз және кристалдануымен фосфор қышқылында фосфаттардың еруі.

Қос суперфосфат өндірісі: камералы тәсіл, камерасыз (ағынды) тәсілдер. Қос суперфосфат алудың циклді әдістері. Байытылған суперфосфат. Преципитат. Кальций гидрофосфатын тұнбаға түсірудің физико-химиялық негізі (преципиттеу).

Термиялық фосфаттар. термофосфаттар өндірісі; фосфаттарды фторсыздандыру; балқытылған магнийлі, шыны тәріздес полимерлер.

Конденсацияланған фосфаттар. Дегидратталған фосфаттар. Классификациясы, номенклатурасы, құрылысы. Натрий трифосфаты. Кальций дифосфаты. Кальций циклофосфаты (метафосфаты), олардың құрамы, қасиеті және алынуы.

Минералды тыңайтқыштардың ауыл – шаруашылығындағы орны. Тыңайтқыштардың түрі, өнімнің сапасы. Өндірісте орындау орны. Фосфат шикізаттарына кен орнына байланысты (орны) сипаттама. Фосфатты байыту әдістері және технологиясы. Күрделі және сұйық тыңайтқыштар. Жемдік фосфаттар және оны пайдалану дәрежесі.

Жемдік фосфаттар, монокальцийфосфат. Кептіру және фторсыздандыру өңдеу сатылары. Күрделі тыңайтқыштар технологиясы.

Аралас күрделі тыңайтқыштар, қолданылуы, шикізаты, физика-химиялық негізі.

Тақырып 3 Азот тыңайтқыштары

Азотты тыңайтқыштар. Аммоний селитрасы, сульфат аммониі, аммоний хлориды, карбамид, және оның қасиеттері мен технологиясы. Күрделі тыңайтқыштар, оның өнімдері, алыну жолдары. Аммофос, аммофосфат, қосаммоний және олардың салыстырмалы құрамы.



Тақырып 4 Калий тыңайтқыштары

Калилі тыңайтқыштар және оған сипаттама. Калий сульфатына сипаттама. Калий хлориді. Сильвиниттен калий хлоридін алу. Карналлитті пайдалану. Калий сульфатын алу. Калийлі рудаларды жан жақты өңдеу.

Барий, натрий, кальций, фтор, хром т.б. тұздарды өңдеп алу технологиясы. Барий тұздарын, кальций, фтор, хром тұздарын пайдалану. Өндіріс қалдықтары, оларды өңдеу жолдары.


ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ



Тақырыптар атаулары

Зертханалық жұмыстың атауы

Мазмұны

Әдебиет

1

2

3

4

5

1

Кіріспе. Пәннің тақырыбы және мақсаты

Тұздардың ылғалдылығын карбидті әдіспен анықтау.

1 талдау әдістерінің сипаттамасы

2 талданатын сынамалардағы ылғалды анықтау

3 қажетті ыдыстар мен жабдықтауларды дайындау

4 талдауды орындау

5 алынған нәтижелерді өңдеу

6 талдау нәтижелерінің растығын статистикалық әдістермен тексеру, нәтижелерді талдау, жұмысты дәптерге жазу.



[5], 34 – 40 бет.

[6], 15 – 16 бет.



2

Минералды тұздар және тыңайтқыштар технологиясы

1) Фосфатты ұн мен апатитті концентратты талдау

1 талдау әдістерінің сипаттамасы

2 қажетті ыдыстар мен жабдықтауларды дайындау

3 талдауды орындау; алынған нәтижелерді есептеу және талдау

4 талдау нәтижелерінің растығын тексеру, нәтижелерді талдау, жұмысты дәптерге жазу.



[4], 210 - 217 бет.

[5], 801 – 822 бет.

[6], 314 – 342 бет.


2) Экстракциялы фосфор қышқылын өндіру

1 талдау әдістерінің сипаттамасы

2 жабдықтауларды дайындау

3 жұмсалу мөлшеріне байланысты күкірт қышқылын есептеу және дайындау

4 қондырғыны жинау; сұйылтатын ерітінді көлемін анықтау

5 фосфор қышқылын алу процесін орындау (2-4 сағат); қойыртпақ сынамаларын өңдеу

6 сүзу; тұнбаны шаю; сүзіндіні талдау; Р2О5- ті алу коэффициентін анықтау, нәтижелерді талдау, жұмысты дәптерге жазу.



[4], 227 - 241 бет.

[5], 881 – 933 бет.

[6], 254 – 295 бет.


4

Сілті және сода өнімдерінің технологиясы

Күйдіргіш натрды содалы ерітіндіні каустификациялау әдісімен алу

1 процестің сипаттамасы

2 ерітіндіні каустификациялау қондырғысының схемасын үйрену

3 каустификацмя процесін орындау және сынамалар алу:

-әртүрлі температураларда содалы ерітіндінің концентрациясы бірдей болғанда

4 температуралар бірдей, ал концентрация әртүрлі болғанда

5 сынамалардың құрамында Na2CO3 және NaOH болуын анықтау

6 нәтижелерді өңдеу және каустификациялану дәрежесінің температурадан, алғашқы содалық ерітінді концентрациясына тәуелділігін график ретінде көрсету.


[4], 399 – 410 бет.

[6], 408 - 469 бет.


Студенттердің өздік жұмысы





СӨЖ МАЗМҰНЫ



СӨЖ түрі

Бақылау формасы

Бақылау түрі

Сағат саны

1

2

3

4

5

1

Дәріс сабақтарына дайындалу

Жұмыс дәптері

Дәріс материалдары бойынша ауызша сұрау

12,5

2

Зертханалық жұмыстарға дайындалу

Дәптерге конспект жазу

Зертханалық жұмыс бойынша сұрау

8



3

Есеп беруді құрастыру және зертханалық жұмысты қорғау

Жұмыс дәптері

Зертханалық жұмыс бойынша сұрау

8


4

Аудиториялық сабақтарға кірмеген курстың қосымша материалдарын оқу

Дәптерге конспект жазу

Ауызша тексеру

27,5

5

Аралық бақылауға дайындалу

Жауап парағы

Бақылау жұмысы

4

БАРЛЫҒЫ:

60



Мамандықтың жұмыс оқу жоспарынан үзінді





ПМУ ҰС Н 7.18.1/10

түрі

Оқу жұмыс жоспарынан үзінді

050720-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының оқу жұмыс жоспарынан үзінді

«Минералды тыңайтқыштардың химиялық технологиясы» пәнінің





Оқыту түрі

Бақылау түрлері

Сағатпен

есеп.студенттер.

жұмыс көлемі


Сағат курстар және семестрлер бойынша бөлінуі

Емт. анан

Сын.

КП

КЖ

ЕГЖ

Бақ.жұм.

жалпы

Дәр

Тәж

Зер

СӨЖ

Дәр

Тәж

Зер

СӨЖ

Жал

Ауд

СӨЖ

1.


ЖОБ

6
















90

30

60

Семестр 6

Семестр

22,5

-

7,5

30

-

-

-

-


Әдебиет
Негізгі әдебиет
1. Атрощенко В.И. Технология азотной кислоты. - М.: Химия, 1970г.

2. Дыбина П.В. Расчеты по технологии неорганических веществ. - М.: 1967г.

3. Мухленов И.П. Общая химическая технология (в 2-х частях). - М.: Высшая школа, 1991г.

4. Мельников Е.Я. Технология неорганических веществ и минеральных удобрений. – М.:Химия, 1983г.

5. Позин М. Е. Технология минеральных солей . – Л.: Химия, 1974г.

6. Позин М. Е. «Расчеты по технологии неорганических веществ» Л., 1977г.


Қосымша әдебиет

7. Амелин А.Г. «Общая химическая технология» М., Химия, 1977г.

8. А.Г. Касаткин, Основные процессы и аппараты химической технологии, М.; Химия,1973г.

9. Кутепов А.М и др., Общая химическая технология, М., Высшая школа, 1985г.



10. Позин М.Е. «Руководство к практическим занятиям по технологии неорганических веществ» Л.: Химия, 1983г.

11. Равдель А.В. «Краткий справочник физико-химических величин» М., 1983г

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет