|
ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК
Гигиена-2 кафедрасы
|
044 -53/18 ( )
16 беттің -беті
|
«Алиментарлық аурулар және оның алдын алуы» пәні бойынша дәрістер кешені
|
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА
АКАДЕМИЯСЫ
Гигиена-2 кафедрасы
ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
Пән: «Алиментарлық-тәуелді аурулардың алдын алу»
Пән коды – АТААА 5303
Мамандық: 5В110400 - «Медициналық-профилактикалық іс»
Оқу сағатының көлемі (кредит) - 90 сағат/2 кредит
Оқытылатын курс пен семестр: V-курс, 9-семестр
2014 жыл
Дәрістер кешені кафедраның әдістемелік семинарында талқыланды.
Хаттама № «_____» ___________ 2014 ж.
Кафедра меңгерушісі доцент м.а. ________________Ескерова С.Ө.
№1. Дәріс
1.Тақырыбы: Кіріспе. Қазіргі замандағы алиментарлық аурулар мәселелерінің гигиеналық аспектілері.
2.Мақсаты: Алиментарлы ауруларға шалдығудың мәселесінің гигиеналық аспектілерін сауықтыруын бағалау.
3.Дәріс тезистері: Тамақтанумен байланысты ауруларды алиментарлық аурулар деп атайды. Дүние жүзілік денсаулық сақтау (ДДҰ) ұйымының жіктеуі бойынша олар:
I.Дұрыс тамақтанбаудан пайда болатын аурулар.
II.Жарамсыз тагамдарды қабылдаумен байланысты аурулар.
III.Ағзаның жеке ерекшеліктерімен байланысты аурулар (тұқым қуалайтын және жүре пайда болған ферментопатиялар, тагам аллергиялары) деп бөлінеді.
Дұрыс тамақтанбаудан пайда болатын ауруларды 4 топқа бөледі:
• толық аштықпен және жалпы жеткіліксіз тамақтанумен байланысты аурулар - алиментарлық дистрофия.
• тамақтанудың бірлі-жарым жеткіліксіздігімен байланысты аурулар - бір немесе бірнеше тағамдық заттардың салыстырмалы түрде немесе абсолюттік жеткіліксіздігімен байланысты.
• артық тамақтанумен байланысты аурулар.
• тағамдық азықтардың дұрыс балансталмағандыгына және тамақтану ре- жимінің сақталмауына байланысты аурулар.
Аштық кезінде немесе жалгіы жеткіліксіз тамақтану (тамаққа жарымау) кезінде алиментарлық дистрофия дамиды, бұл ауруга дене салмағын күрт жоғалту, барлық мүшелер мен жүйелердің қызметінің бұзылуы, "аштықтан ісіну", ағзаның қарсылық күшінің төмендеуі тән және өлімге әкеп соғуы мүмкін.
Тамақтанудың бірлі-жарым жетіспеушілігімен байланысты ауруларга жататындар:
• ақуыз-энергня жетіспеуиіілігі (квашиоркор, алиментарлық маразм, ане- мия, кахексия, алиментарлық қортықтық).
• дәрумендердің жетіспеуиіілігі - гипо- және адәрумендіктер (қырқұлақ, мешел, тауық соқырлыгы, бери-бери, пеллагра, т.б.)
• минералдық заттардың жетіспеуиіілігі (эндемиялық жемсау, тісжегі, ме- шел т.б.)
• майлардың жетіспеушілігі - "май жетіспеушілік" ауруы
• көп қанықпаган май қышқылдарының (ПНЖК) жетіспеуиіілігі
Тамақ жетіспеушілігінен пайда болатын аурулар тұрмысы нашар халықтардың арасында, әсіресе, дамып келе жатқан елдерде кеңінен таралған. Олардың негізгі себептері: тамаққа жарымау, рационда жануар текті ақуыздардың, майлардың жеткіліксіздігі, бірыңғай көмірсу түріндегі тағамдарды басым қабылдау, сондай-ақ, тағамдық заттардың сіңу үрдісінің бұзылуы. Бұл жағдайда тамақ жетіспеушілігінің клиникалық көріністері бірден пайда болмайды, біраз белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайда болады, себебі басында биохимиялық бейімделу механизмі өз қызметін атқарады.
Егер, рационның энергиялық құндылыгы энергия шыгынын жаппайтын болса, онда барлық тағамдық заттар, оның ішінде тағам ақуыздары да, агзаның өз тіндерінің ақуыздары да, энергиялық материал ретінде пайдага асады, бұл ақуыз-энергия жетіспеушілік ауруының дамуына әкеп соғады. Ақуыздар ұзақ уақыт жеткіліксіз болған кезде, агзаның өсуі мен дамуы баяулайды, дене массасы төмендейді, эндокринді бездердің, бауырдың, жүйке жүйесінің қызметі бұзылады, қан түзілу нашарлайды, иммундық үрдістер, фермент жүйелерінің қызметі бұзылады, ұрпақтарының денсаулығына қолайсыз әсерінің коріністері байқаладьг. Бұлармен қатар, А дәруменінің және В тобындағы дәрумендердің жетіспеушілігі жэне гипохромды анемия пайда болады.
«Квашиоркор» емшектен шығарылған бала" немесе басқа түсінікте - "қызыл бала" деген магынада. Ауру ерте балалық кезеңде және емшектен шығарғаннан кейін 5 жасқа дейін байқалады. Ауруга ұйқышылдық, селқостық немесе қозғыштық, өсуі мен дамуының баяулауы, салмағыньгң азаюьг, терісі мен шашының түсі озгеруі, беті, аягы, шабы қьгзғьглтьгм тартуы, депигментация, шашының агаруы, ет тінінің атрофиясы, диспепсиялық құбылыс жэне тұрақты түрде іш өтуі, алдьгмен ішкі мүшелерінің ісуі және кейінірек - беті мен аяқ- қолының ісуі, бауьгрыньгң үлкеюі, атторексия тән. Ауьгр жағдайларда ақыл-есі ауытқиды, жұқпалы және паразиттік аурулар қосылады.
Алиментарлыц маразм — атрофия, әбден жүдеу. Дене массасы әбден жүдегенге дейін томендейді, терісі әжімденеді, жеңіл қатпарланады. Іші созылып немесе кеуіп тұрады, ішектің нұсқасы (жобасы) байқалады. Негізгі алмасуы томендейді, дененің температурасьт томендеу боладьт, жиірек іш қатады, кейде аштықтан диарея бол)'ы да мүмкін.
Тагамда майлар жоқ немесе жеткіліксіз болған кезде, "май жетіспеушілігі" деп аталатьгн ауру пайда болады. Бұл ауру дене массасының азаюьгмен, осуі жэне дамуыньгң баяулауымен, бауьгрдың, бүйректің, эндокриндік жэне жүйке жүйелерінің қызметінің бұзылуы, қылтамырлардың қабыргасының өткізгіштігі жоғарылауьг, репродуктивті қьтзметінің нашарлауы, терісінің экзема тэрізді зақымдануьг, қолайсыз факторлардың әсеріне ағзаның төзімділігінің төмендеуі арқылы білінеді.
4. Иллюстрациялы материалдар: 20 слайд.
5. Әдебиет:
1. Нутрициология. Оқулық / Л. З. Тель - Алматы : Эверо
2. Терехин, С. П. Қазіргі таңда нутрициологияның өзекті сұрақтары кесте және схема түрінде : оқу-әдістемелік құрал . - Алматы : Эверо
3. А. Б. Чуенбекова, М.С.Қайнарбаева, А.Н.Қожахметова. Тағам гигиенасы //Оқу құралы/ ред.басқ. Т.Ш.Шарманов – ҚазҰМУ орт. оқу-әдістемелік кеңесімен бекітілді. – Алматы, Эверо, 2011 ж. – 288 б.
4. Сералиева М. Ш. Тағам гигиенасы. //Оқулық/
5. Тамақтану гигиенасы : оқу құралы / У. И. Кенесариев - Алматы : Эверо,
6. Бақылау сұрақтар (кері байланыс):
1. Алиментарлық ауруларға анықтама беріңіз.
2. Дұрыс тамақтанбаудан болатын аурулардың жіктелуін атаңыз.
3. Квашиоркор ауруы дегеніміз не?
4. Алиментарлық маразм ауруы дегеніміз не?
№2 Дәріс
1. Тақырып: Халықтың тамақтануында ақуыз-энергия жетіспеушілігі мәселелерінің гигиеналық аспектілері.
2. Мақсаты: халық арасындағы ақуыз-энергетикалық жеткіліксіздік ауруларын алдын алу шаралары және мәселелерін зерттеу.
3. Лекция тезистері:
Тағам заттары жетіспеушілігімен белгіленген алиментарлы аурулардың ішінде практикалық маңызыдысы болып ақуыз-энергетикалық жетіспеушілік табылады. Ақуыз-энергетикалық жетіспеушілікке алиментарлы дистрофия, квашиоркор және алиментарлы маразм (квашиоркорде ақуыз жетіспеушілігі басым болса, алиментарлы маразмде энергия басым болады). Ақуыз-калорийлік жетіспеушілік көбінесе 2 жасар балаларды зақымдайды, ал 4 жастан және одан әрі аз зақымдайды. Ақуыз-калорийлік жетіспеушілік әсері кейін үлкен жастада сақталады. Бұзылған функцияның қалпына келуі жай және толығымен келмейді. Ал бойы мен психикалық дамуы ұзақ жылдарға қалып қояды. Жас өспірімдік шақтан өткен соң ауру симптомдары өзгереді.
АЛИМЕНТАРЛЫ ДИСТРОФИЯ – жалпы жүдеумен, барлық зт алмасу бұзылуымен, тіндер мен органдардың функциясының бұызлуымен және дистрофиясымен көрінетін ұзақ тамақтану жетіспеушілік ауруы.
Ағзаға тағамдық заттардың аз түсуі мен сіңірілмеуі экзогенді және эндогенді (ісіктік, өңештің,асқазан қалтқысының тыртықтық тарылуы, асқорыту, сіңіру жетіспеушілік синдромы,) себептер болып табылады. Маңызды болып абсолютты ғана емес, сондай-ақ салыстырмалы (физикалық жұмыстың пропорциялық емес жасалуы) тағамның калориясының төмендеуі, тағам рационының сапалық өзгерісі, әсіресе ақуыз дефециті (басты болып жануар), майлардың жетіспеушілігі; алмастырылмайтын аминқышқылдарының, май қышқылдарының және дәрумендердің (бірінші кезекте майда еритін) жетіспеушілігі.
Алиментарлы дистофияның сатысын ажыратады. І стадия тамақтанудың төмендеуімен, поллакуриямен, аппетиттің жоғарылауымен, шөлдеу, ас тұзын қабылдауының жоғарылауыме көрінеді. Науқастың жалпы жағдай тез нашарламайды. ІІ сатыда анық азумен қатар науқастың жалпы жағдайы нашарлайды, бұлшықет әлсіздігі, жұмысқа қабылеттілігі төмендейді, аяқта гипопртотеинемиялық ісіну көрінісі болады, дененің біркелкі гипотермиясы көрінеді. Жоғары аппетит және шөл, поли- және поллакурия, әр-түрлі органдарда бастапқы дистрофиялық өзгерістер, психика өзгерістері көрінеді. ІІІ астыға кахексия, тері асты май қабатының толық жойылуы, бұлшықет атрофиясы, өткір әлсіздік (өзіндік қозғала алмайтын дәрежеге дейін), апатия, психиканың айқын өзгерісі, парестезиялар, полигиповитаминоз, жүрек, б.йрек жетіспеушілік көріністері, анемия, қинайтын тиектер, жиі ұзақ жатқаннан ойылулар. Кейіннен айқын гипотермия (дене температурасы кей жағдайларда 300 С түсіп кетеді), гипотензия, ацидоз; көп жағдайда аштық кома немесе кенеттен өлім болады.
Квашиоркор (kwashiorkor Гана түпкі тұрғындарының тілінде «алтын бала» немесе «қызыл бала») – балаларда тамақтанудың ақуыз жетіспеушілігінен болатын ауыр бұзылыс. Гипотрофияның ерекше түрі болып табылады. Көбінесе дамушы мемлекеттедрде көрініс алады. Квашиоркорға ұқсайтын, бірақ жеңіл өтетін, КСРО-ның кейбір мемлекеттерінде, әсіресе Орта Азияда көрініс алады. Көп жағдайда 5 жасқа дейінгі балаларда, анасының сүтінен кейін басталады.
Өте сирек симптомдарының бірі болып, нәрестелердің ішінің ісінуі (асцит), Африканың кедей аймақтарында кездесеуі, маниок шумақшаларында аз мөлшерде ақуыз құрауынан болады (1,2 %).
Алиментарлы маразм – бұшықет атрофиясымен, тері асты май қабатының болмауымен және дене салмағының өте төмен болуымен көрініс алатын жағдай. Осының бәрі ұзақ уақыт бойы аз калориялы тамақ қабылдау есебінен, сондай-ақ тамақта ақуыз және пайдалы заттардың болмауынан пайда болатын жағдай. Сонымен қатар маңыздысы инфекциялық аурулар болып табылады.
Өмір сүру жағдайнының төмен болуымен урбанизацияның өсуі алиментарлы маразмге алып келеді. Маразм ол қалалардағы кедей түпкірлерге тән болса, квашиоркор – ауылдық аймақтарға тән. маразм симптомдары, яғни оның ішіндегі негізгі ролді калорий жетіспеушілігі алады, ақуыздық және калориялық жетіспеушілігіне қарап өтіп кетеді
Алдын алу. Алдын алу негізі болып дұрыс рационалды тамақтану, әр-түрлі азық-түліктерді, дәрумендерді қолдану болып табылады.
Квашиоркорды алдын алу жас шақтағы балалардың рационалды тамақтануы (бірінші жылы табиғи тамақтандыру, уақытылы және дұрыс тамақтануды жүргізу, рационда сүт тағамдарын санының көп болуы). Принциптік маңызды болып уақытылы және адекватты акуыз жетіспеушілігіне алып келетін аурудың жазылуы болып табылады.
4. Көрнекі материал: 20 слайд
5. Әдебиеттер:
1.Нутрициология : учебник / Л. З. Тель. - Алматы : ТОО "Эверо"
2. Терехин, С. П. Актуальные вопросы современной нутрициологии в таблицах и схемах : учеб.-методическое пособие. - Алматы : Эверо
3. Гигиена питания: учеб.для студ. высш. учеб. заведений/Королев А.А.-М.: Издательский центр «Академия», 2006,-528
4. Гигиена питания : учеб. пособие для студентов / подгот. М. В. Ли, А. Б. Бужикеева, С. А. Быкыбаева . - Алматы : Эверо
5. Шарманов Т.Ш. Казахстан в контексте глобальных проблем питания – Алматы: Баспа, 2000. – 224с.
6. Терехин С.П., Ахметова С.В. Лечебное питание (учебно – методическое пособие). Караганда. – 2005. – 385с.
6. Бақылау сұрақтар (кері байланыс):
1. Ақуыз-энергетикалық жетіспеушілік ауруларына не жатады?
2. «Алиентарлы дистрофияға» қандай факторлар алып келеді?
3. «Квашиоркор» ауруына қандай фактор алып келеді?
4. «Алиентарлы маразм» ауруына қандай факторлар алып келеді?
5. Халық арасында ақуыз- энергетикалық жетіспеушілік ауруы кезінде қандай алдын алу шаралары жүргізіледі?
6. Әлем бойынша ақуыз-жнергетикалықжетіспеушілік жағдайын талдаңыз.
7. Алиментарлы дистрофия алдын алу үшін нұсқаулар беріңіз.
№3 Дәріс
1. Тақырып: Халықтың артық тамақтануы мәселелерінің гигиеналық аспектілері
2. Мақсаты: семіруді алдын алу шараларының эффективтілігі мен даму мәселелерін талдау
3. Лекция тезистері:
Семіздік – ағзада май тіндерінің шамадан тыс жиналуымен сипатталатын созылмалы рецедивті ауру. Бүгінгі таңда ең жиі таралған аурулардың бірі: 1998 ж әлемде 250 млн семіздікпен аурыратын науқастар тіркелген, 2005 ж ДДҰ эксперттерінің есептері бойынша 300 млн асады.
Семіздік – дене салмағының өсуімен, дененің әр жерінде май жиналуымен жүретін липид алмасуының бұзылуымен кейіннен асқынуға алып келетін қиын созылмалы бұзылыс.
Семіздік – калорий жұмағанға қарағанда ағзаға калорийдың көп түсу есебінен болатын жағдай, әсіресе қимылдың аздығынан, яғни ұзақ уақыт бойы дұрыс энергетикалық баланс сақтай алмау жағадайынна болады.
Жапония мен Қытайдан басқа индустриялды дамыған елдердің жартысында артық дене салмағы табылған. Семіздікпен еуропаның көп мемлкеттері 10 нан 30% ға дейін, ал АҚШ 20 жастан 74 жасқа дейін әр 3 адам зардап шегеді. Тағам институтының мәліметтеріне сәйкес Ресейде семіздікпен еңбекке жарамды 10-20% ер кісілер және 30-40% әйелдерде тіркелген.
Семіздік ең көп таралған және ары қарай өсу тенденциясы бар ауруға жатады. Ерекше үрейді семіздіктің ерте балалық шақта және жас өспірімдер арасында таралуы шақырады. Семіздік, атересклероз, гипертониялық ауру, қант диабеті сияқты аурулардың қауіп факторы болып табылады. Семіздікпен ауыратын науқастар арасында өлім жоғары және ерте жаста алып келеді. Әр-түрлі мемлекеттерде жүргізілген көптеген эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижесіне байланысты, семіздікті маңызды медико-әлеуметтік мәселе ретінде қарайды.
Біріншлікті немесе алиментарлы – экзогенді семіздікті бөледі. Ол ешқандай ауруға байланыссыз, тек май жиналуынан қалыпты дене салмағының жоғарылауымен байланысты сипатталады. Ол өте таралған және барлық семіздіктің 80% құрайды. Екіншілікті семіздік эндокринді және церебралды аурулар (семіздіктің церебралды және эндокринді түрі) есебінен пайда болады.
Біріншілікті семіздік энергия бөлуге қарағанда денеге түскен көп мөлшерде тағам энергиясы май алмасуын бұзады. Семіздіктің басты себебі болып алиментарлы дисбаланс, тағамның жоғары калорийлі көп болуы, ең басты болып жануар тектес май және көмірсу (біріншілікті семіздіктің 60%) табылады; тағам режимінің бұзылуы; негізгі тәуліктік калорийдің кешкі уақытта қабылдануы, кейде бірақ көп мөлшерде тамақ қабылдау. Көп мөлшерде тамақтану мен тамақтану режимінің бұзылуымен қатар аз қимылдау денеде шамадан тыс энергияның болуына және дене салмағының өсуіне алып келеді. Бірақ дене салмағының өсуі мен семіздіктің негізгі ролі рационның шамадан тыс калорийлігі болып табылады. Баланын өмірінің бірінші айларында немесе екі қабат әйелдің көп мөлшерде тамақтануы май алмасу жүйелеріне кері әсер етіп бүкіл ары қарай өміріне әсер ететіні дәлелденген.
ДСИ бойынша семіздіктің классификациясы
Тип |
ДСИ, кг/м2
|
Қосалқы ауру дамуының кауіпі
|
дене салмағының дефициті
|
< 18,5
|
Бар
|
Қалыпты дене салмағы
|
18,5-24,9
|
Қалыпты
|
Семіздік алды
|
25,0-29,9
|
Жоғарылау
|
Семіздіктің I дәрежесі
|
30,0-34,9
|
Жоғары
|
Семіздіктің II дәрежесі
|
35,0-39,9
|
Өте жоғары
|
Семіздіктің III дәрежесі
|
≥ 40,0
|
Төтенше жоғары
|
Семіздікті емдеу комплексті, басты ролді диетотерапия алады. Оның мақсаты- денеде теріс энергетикалық балансты пайда ету, тағам калорийін тез төмендету және физикалық активтілігін жоғарылату арқылы дене салмағын азайту және қалыптыға жақындату.
Қазіргі таңда дене салмағын бақылауда көбінесе дене салмағының индексін (Кетле индексі) қолданады, ол мынадай формуламен анықталады: дене салмағы (кг): бойы (м). Дене салмағының индексін ДДҰ нұсқаулары бойынша жүргізеді, осыған байланысты жақсы диапазоны болып ер кісілерде 20, 1-25; ал әйелдерге – 18,7-23,8.балалардың дене салмағын бағалау үшін кестелік эталонды стандарттарды, жас топтапының бөлуіне байланысты қолданады.
4. Көрнекі материал: 22 слайд
5. Әдебиеттер:
1. Нутрициология : учебник / Л. З. Тель. - Алматы : ТОО "Эверо"
2. Терехин, С. П. Актуальные вопросы современной нутрициологии в таблицах и схемах : учеб.-методическое пособие. - Алматы : Эверо
3. Гигиена питания:учеб.для студ. высш. учеб. заведений/Королев А.А.-М.: Издательский центр «Академия», 2006,-528
4. Гигиена питания : учеб. пособие для студентов / подгот. М. В. Ли, А. Б. Бужикеева, С. А. Быкыбаева . - Алматы : Эверо
5. Шарманов Т.Ш. Казахстан в контексте глобальных проблем питания – Алматы: Баспа, 2000. – 224с.
6. Терехин С.П., Ахметова С.В. Лечебное питание (учебно – методическое пособие). Караганда. – 2005. – 385с.
6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
1. Семіздікке кандай факторлар алып келеді?
2. Семіздік қандай ауруларда қауіп факторы ретінде жүреді?
3. Семіздіктің қандай түрлері бар?
4. Балалар мен ересектерге артық тамақтану қалай әсер етеді?
5. Дене салмағының индексі қалай есептеледі?
6. Қазақстандағы семіздік пен артық салмақ туралы жағдайды есептеңіз.
7. Адам дене салмағын төмендету үшін эффективті нұсқаулар беріңіз.
8. Адам артық салмағы мен семіздігін анықтаудағы әдістерді атаңыз.
№4 Дәріс
1.Тақырыбы: Халық тамақтануында минералды заттар және дәрумендер жетіспеушілігі мәселелерінің заманауи аспектілері.
2.Мақсаты: Тамақ рационында дәрумендердің және минералды заттардың жеткілікті және жеткіліксіз түсуінен пайда болатын аурудың факторларын анықтау.
3.Дәріс тезистері: Витамин латынша vіtа – өмір, тіршілік; vitman – тіршілік амині деген мағынаны білдіреді. Олар тағамдық заттармен организмге түсіп, зат алмасуға, организмнің өсіп-өнуіне әсерін тигізеді. Организмнің қорғаныштық қабілетін арттыруда витаминдердің атқаратын міндеті өте зор. Егер тамақтану дұрыс жолға қойылмаса, яғни күнделікті пайдаланатын тағамдарымызда организмдерге қажетті витаминдер мөлшері жеткіліксіз болса, онда организм әлсіреп, ол әр түрлі ауруларға шалдығады, оның өсіп-өнуі мен жетілуі нашарлайды. Витаминдер, сол сияқты, жоғары дәрежелі өсімдіктер мен микро-организмдердің қалыпты өсуі мен дамуы үшін қажетті заттар. Организмге тағамдар арқылы келіп түсетін белоктардың, майлардың, көмірсулардың және минералдық тұздардың алмасуын жылдамдататын және реттейтін де витаминдер.Авитаминоз дегеніміз белгілі бір витаминнің организмде өте аз мөлшерде, немесе жоқ болуынан туатын зат алмасу процесінің қалыптан тыс өзгерістері. Мұндай өзгерістер денсаулыққа өте зиянды, кейде өлімге әкеліп соғуы ықтимал. Гиповитаминоз – кейбір витаминдердің организмде көп мөлшерде жетіспеуінен болатын зат алмасудағы өзгерістер. Поливитаминоз – организмде көптеген витаминдердің аз мөлшерде болуының нәтижесіндегі метаболизмдік өзгерістер. Гипервитаминоз деп кейбір витаминдердің организмде шектен тыс көп болуының әсерінен туатын зат алмасудағы, немесе физиологиялық функция процестеріндегі өзгерістерді айтады. Егер адам үнемі витамині аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, организмге, негізінен көмірсулар (қант, тағыда басқа) ғана түсіп, белок пен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса витамин жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы витаминдер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР витамині) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін. Тағамда витаминдердің жеткіліксіз болуы, адам организмін әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Оған ауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі, гельминтоз, лямблиоз,тағыда басқа аурулар себеп болады. Витамин жетіспеушілік болғанда организмде зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі не сәбиін емізуі,тағыда басқа жағдайларда организмде витамин жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы витаминдер қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану қажет.
4. Иллюстрациялы материалдар: 20 слайд.
5. Әдебиет:
1. Нутрициология : оқулық / Л. З. Тель - Алматы : Эверо
2. Терехин, С. П. Қазіргі таңда нутрициологияның өзекті сұрақтары кесте және схема түрінде : оқу-әдістемелік құрал . - Алматы : Эверо
3. Тағам гигиенасы : оқу құралы / ред. басқ. Т. Ш. Шарманов, құраст. А. Б. Чуенбекова. - ; ҚазҰМУ орт. оқу-әдістемелік кеңесімен бекітілді. - Алматы : Эверо
4. Сералиева М. Ш. Тағам гигиенасы : оқулық.
5. Тамақтану гигиенасы : оқу құралы / У. И. Кенесариев - Алматы : Эверо
6. Бақылау сұрақтар (кері байланыс):
-
Дәрумендер адам ағзасында қандай рөл ойнайды?
-
Авитаминоз дегеніміз не?
-
Гиповитаминоз дегеніміз не?
-
Гипервитаминоз дегеніміз не?
-
Адам ағхасында авитаминоздың дамуына қандай факторлар әсер етеді?
-
Қазақстан халқы денсаулығының тағамдық рационында қандай витаминдер құрамына баға беріңіз
-
Қандай ұлттық тағамдар витаминдер құрамына бай?
-
«Макро» және «Микроэлемент» түсінігіне анықтама беріңіз.
-
Минералдық заттар адам ағзасына қандай қызмет атқарады?
-
Адам ағзасына минералдық заттардың жеткіліксіз себепті ?
-
Минералдық заттардың жеткіліксіздігіне орай қандай профилактикалық іс - шаралар жүргізеді?
-
Йод жеткіліксіздігіне қандай профилактикалық іс - шаралар жүргізеді?
-
Фосфор мен кальций жеткіліксіздігіне қандай профилактикалық іс - шаралар жүргізеді?
-
Цинк пен темірдің жеткіліксіздігіне қандай профилактикалық іс - шаралар жүргізеді?
№5 Дәріс
1. Тақырып: Онкологиялық аурулардың дамуындағы тамақтанудың рөлі.
2. Мақсаты: онкологиялық аурулардың дамуында тамақтанудың рөлін зерттеу және оны алдын алу шаралары
Лекция тезистері:
Қазіргі таңда онкологиялық аурулар өлім бойынша екінші орынды алады. 2000 ж. рактың 10 млн жуық жаңа жағдайлары тіркеліп, 6 млн. онкологиялық патологиядан көз жұмған. 2000 жылдан 2020 ж. аралығында ракпен ауыратындар саны қартайған халық санының өсу есебінен дамушы мемлекеттерде - 73% өссе, дамыған мемлекеттерде - 29% өсетіні дәлелденген.
Ісіктің дамуына алып келетін белгілі факторлар қатарына темекі тарту, алкоголизм, инфекциялар, радиация және артық дене салмағы мен семіздікке алып келетін тамақтанудағы дисбаланас.
Дамушы мемлекеттерде онкологиялық аурулардың 30% жағдайын алиментарлы фактор себеп болса, тек темекі тартудан қалып тұрған, кейбір рак түрлеріне тамақтану ролі өте зор болып табылады. Дамушы елдерде канцерогенді фактор ретінде ерекше орынды афлатоксиндер алады.
Заманауи ғылымдар қатерлі ісік себептері болып қоршаған орта, сонымен қатар, тамақтану екендігін атап көрсетті. Қатерлі ісік тамақтанудың арнайы факторларына, жүрек-қантамыр ауруларына қарағанда айтарлықтай тәуелді емес. Бірақ тамақтанудың әсері қатерлі ісік жиілігіне әсері айтарлықтай. Дамыған мемлекеттерде қатерлі ісік жиі таралған және оның салдарынан өлім жиілігі барлық өлім жағдайларынан » ¼ құраса, кейбір эпидемиологтар қатерлі ісік ер кісілерде 30-40% , ал әйелдерде 60% дейін тамақтану салдарынан құрайтынын айтады.
Онкологиялық аурулар дамуын және алдын алуын анықтайтын факторлар
Қауіпті төмендететін
|
Қауіпті жоғарылататын
|
Дәлелденген
|
Жиі физикалық активтілік (тоқ ішек)
|
Артық дене салмағы мен семіздік (өңеш, тоқ ішек, менапаузадағы сүт безі, эндометрий, бүйрек, простата)
Алкоголь қабылдау (ауыз қуысы, жұтқыншақ, көмей, өңеш, бауыр, сүт безі)
Афлатоксин (бауыр)
|
Мүмкіндігі жоғары
|
Жиі физикалық активтілік (сүт безі)
Жемістер мен көкөністер (ауыз қуысы, өңеш, асқазан, тоқ ішек)
|
Ұзақ сақталған ет өнімдері (тоқ ішек)
Тұзды өнімдер (асқазан)
Өте ыстық сусындар мен өнімдер
(ауыз қуысы, көмей, өңеш)
|
Мүмкін (қатерлі ісіктің әр-түрлі жерде орналасуына байланысты)
|
Тағамдық талшықтар
Соя өнімдері
Балық
В2, В6 дәрумендері, фолат, В,2, С, D, Е
Кальций, цинк, селен
Биофлавоноидтар, изофлавондар,
лигнандар, индолдар, каротиноидтар
|
Жануар майы
Нитрозаминдер
Полициклді ароматты
Көміртегі
Полихлорлы бифенилдер
|
Тамақтану мен қатерлі ісіктің негізгі байланысы: тұжырымдар мен нұсқаулар
Тамақтану факторына қатерлі ісіктің әр-түрлі локализациясына тәуелділігі бағалануы тіралы зерттеулер жүргізілді. Осы мәліметтерді қарағанда жалпы майды көп мөлшерде қабылдаған кезде тоқ ішек, еркектік без, сүт без қатерлі ісігі дамуына жоғары қауіп бар екендігі дәлелденді.
Тамақтанудың белгілі компоненттері мен қатерлі ісік даму арасындағы байланыс
Қатерлі ісік локализациясы
|
Май
|
Дене салмағы
|
Клетчатка
|
Жеміс-жидек
|
Алкоголь
|
Сүрленген, тұздалған, маринадталған өнімдер
|
Өкпе
|
|
|
|
-
|
|
|
Сүт безі
|
+
|
+
|
|
|
+/-
|
|
Тоқ ішек
|
++
|
|
-
|
-
|
|
|
Еркектік без
|
++
|
|
|
|
|
|
Қуық
|
|
|
|
-
|
|
|
Тік ішек
|
+
|
|
|
-
|
_
|
|
Эндометрий
|
|
++
|
|
|
|
|
Ауыз қуысы
|
|
|
|
-
|
_
|
|
Асқазан
|
|
|
|
-
|
|
++
|
Жатыр мойны
|
|
|
|
-
|
|
|
Өңеш
|
|
|
|
-
|
++
|
+
|
«+» - оң байланыс; қолдану жоғарлауы және қатерлі ісік қаупі жоғарлауы;
«-» - теріс байланыс; қолдану жоғарлауы және қатерлі ісік қаупі төмендеуі.
Бос торлар – байланыс дәлелдігі мен мәліметтер жоқтығы.
Ерекше қатты байланыс болып тоқ ішек қатерлі ісігінде көрінеді, бірақ бұл байланыс сүт безі қатерлі ісігінде өте төмен байқалады. Эксперименталды мәліметтер бойынша полиқаныққан майларды көп мөлшерде қолданғанда жағымсыз әсер ететінін көрсетеді.
Өкпе, тоқ ішек, өңеш және асқазан қатерлі ісік ауруларының төмен жиілігі рационда өсімдік өнімдеріне бай, әсіресе жасыл және сары көкөністерге толы, сондай-ақ цитрустардың болуымен байланысты. Осындай тағам рационда құрамында қаныққан май өте аз және крахмалға, тағам талшықтарына және кей дәрумендер мен минералды заттарға бай болады.
Алкогольді ұзақ қабылдаған кезде АСЖ жоғарғы бөлімдері мен бауыр қатерлі ісігіне алып келеді. Артық дене салмағы эндометрий және сүт безі қатерлі ісігіне алып келетін қауіп фактор екені айқын.
Май қабылдаумен байланысты қатерлі ісік қауіпін төмендету үшін тағам рационының 30% аз май жалпы калориясында болуы тиіс. Қауіпті тағыда жалпы диета ұстап тамақтану компоненттерін ауыстырып 30% дейін майды азайтқанда төмендетуге болады.
Дәлелденген ғылыми мәліметтер бойынша онко ауруларды соның ішінде: өкпе, тоқ ішек, өңеш және асқазан қатерлі ісік ауруларының төмен жиілігі рационда өсімдік өнімдеріне бай, әсіресе жасыл және сары көкөністерге толы, сондай-ақ цитрустардың болуымен байланысты. Осындай тағам рационда құрамында қаныққан май және алколді аз қабылдаумен, маринадталған, сүрленген, және тұздалған өнімдерді аз қолданумен байланысты.
4. Көрнекі материал: 29 слайд
5. Әдебиеттер:
1.Нутрициология : учебник / Л. З. Тель. - Алматы : ТОО "Эверо"
2. Терехин, С. П. Актуальные вопросы современной нутрициологии в таблицах и схемах : учеб.-методическое пособие. - Алматы : Эверо
3. Гигиена питания:учеб.для студ. высш. учеб. заведений/Королев А.А.-М.: Издательский центр «Академия», 2006,-528
4. Гигиена питания : учеб. пособие для студентов / подгот. М. В. Ли, А. Б. Бужикеева, С. А. Быкыбаева . - Алматы : Эверо
5. Шарманов Т.Ш. Казахстан в контексте глобальных проблем питания – Алматы: Баспа, 2000. – 224с.
6. Терехин С.П., Ахметова С.В. Лечебное питание (учебно – методическое пособие). Караганда. – 2005. – 385с.
6. Бақылау сұрақтар (кері байланыс):
1. Онкологиялық аурулардың дамуына қандай факторлар әсер етеді?
2. Қатерлі ісік дамуына қандай тағамдық өнімдер әсер етеді?
3. Онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау үшін қандай шаралар қолданылады?
4. Қазақсандағы онкологиялық аурулар жағдайын талдаңыз.
5. Онкологиялық ауру даму қаупін азайту үшін эффективті нұсқаулар беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |