Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022
жылғы 5 тамызда № 29031 болып тіркелді
Министерство просвещения Республики Казахстан
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-1) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27- бабының 1-тармағына және 36-бабына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 11 маусымдағы № 917 Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Мыналар:
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;