Реферат қазақстан Республикасы Қызылорда, 2013 ж



бет1/3
Дата13.06.2016
өлшемі457.98 Kb.
#133932
түріРеферат
  1   2   3


ӘӨЖ 373.3.013:371.385
Қолжазба құқығында

Накыпова Гулнур Кабылтаевна

Өзіндік жұмыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары

6М010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін

алу үшін дайындалған

РЕФЕРАТ

Қазақстан Республикасы

Қызылорда, 2013 ж

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, гуманитарлық-педагогикалық институты, «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасында орындалды.




Ғылыми жетекші:

биология ғылымдарының кандидаты, профессор А.Е.Ерназаров


Ресми оппонент:



педагогика ғылымдарының кандидаты Р.А.Набуова






Диссертация « 4 » маусым 2013 жылы, сағат 14.00-де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, гуманитарлық-педагогикалық институты, 7 оқу ғимараты, №211 дәрісханасында қорғалады.

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.





Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Тәуелсіз Қазақстанның болашағы ұрпақ тәрбиесінде, оқу үдерісінде өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің, нарықты экономика кезеңінің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, дербестігін, кәсіби біліктілігі мен білімділігін керек ететіні белгілі.

Қазақстан Республикасының «Білім беру» туралы заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында», Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан халқына жолдауында» т.б. құжаттарда осы заманға сай білім беру жүйесін дамыту, кең ауқымды ойлай білетін тұлғаның рухани және салауатты өмір салты негізін қалыптастыру, тұлғаның дербестік қасиеттерінің дамуы үшін жағдай жасау, интеллектісін байыту міндеттерін алға тартып отыр.

Педагогика және психология ғылымдарына сүйенетін болсақ, оқыту үдерісінде негізгі орынды танымдық әрекет алады. Оқу әрекетінің нәтижелі болуы белгілі дағды мен іскерлікті меңгеруді ғана қажет етпейді, мақсатқа сәйкес туындайтын міндеттерді жүзеге асыратын түрткілер мен қажеттіліктердің пайда болуымен сипатталады. Мұндағы басты нәрсе оқушының оқи білуі ғана емес, оқығысы келуіне, яғни таным әрекетінің басымдық алуына байланысты. Қазіргі мектептің құрылымы мен білім беру мазмұнында болып жатқан өзгерістер педагогикалық үдерісті ұйымдастыруға жаңаша талаптар қойып, әсіресе бастауыш сыныптарда оқушылардың өзіндік жұмыстар негізінде танымдық белсенділігі артуы нәтижесінде оқу әрекетінің іргетасы қаланатыны белгілі.

Осыған байланысты мектептерде педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға ықпал ететін өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруда интерактивті әдістер мен педагогикалық, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану қажет. Тұлғаға бағдарланған білім беруде танымдық белсенділігі жоғары болған оқушының білімді меңгерудегі әрекеті де оның құзыреттілігін қалыптастыруға негіз болады.

Жалпы орта мектептің бастауыш сатысындағы кезең – оқушыда оқу әрекеті қалыптасуының өте қолайлы кезеңі. Оқушының танымдық белсенділігін дамыту нәтижесінде онда оқуға деген талап, ынта, құлшыныс туып, оқу біліктері қалыптасады, яғни оқушының әр түрлі оқу тапсырмаларын орындаудағы құзыреттілігі артып, ол білімді меңгеруде, оқу әрекеттерін бақылау, бағалауды, нәтижені берілген үлгімен салыстыруды үйренеді.

Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне енуі мен жаһандану талабына орай орта мектептегі білім сапасын көтеру, оқушылардың өзіндік жұмыстарын түрлендіру арқылы күшейту, сонымен қатар олардың танымдық белсенділіктерін арттыру қажеттігі туындап отыр.

Білім парадигмасының өзгеруіне байланысты жаңа білім мазмұнын меңгеруде өзіндік жұмыстар негізінде оқушының танымдық белсенділігін арттыру басты міндеттердің бірі болып табылады. Бастауыш сыныптарда педагогикалық үдерісті дамыта және тұлғаға бағдарлап ұйымдастырудың негізінде оқушылардың оқу әрекетінде өзіндік жұмыс арқылы танымдық белсенділігін арттыруға болады. Оқыту үдерісі екі жақты үдеріс болғандықтан, мұғалім өзінің іс-әрекетін оқушылардың өзіндік жұмысы арқылы танымдық белсенділігін дамытуға бағыттап құра білуі тиіс. Ал бұл өз кезегінде оқыту мен бала дамуының заңдылықтары туралы өте күрделі психологиялық және педагогикалық мәселе ретінде қарастыруды талап етеді.

Зерттеу тақырыбымыздың теориялық негіздері антропологиялық философияда Платон, Аристотель, Г.Гегель, И.Кант, Декарт, Г.Лейбниц, Д.Локк, Д.Дьюи, танымға қатысты мәселелері ұлы ғұламаларымыз Әбу Насыр әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Ибн-Сина т.б. еңбектерінен бастау алып, отандық және шетел философтары Ә.Нысанбаев, Д.Кішібеков, Ғ.Есім, М.Сәбит, Ұ.Сыдықов, Ж.Т.Берістенов, Қ.Ш.Нұрланова, Б.С.Гершунский, В.В.Краевский және т.б. зерттеулерінде жан-жақты қарастырылады.

Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту мәселесінің психологиялық аспектілерін отандық психолог-ғалымдар Ж.Аймауытов, Т.Тәжібаев, Қ.Б.Жарықбаев, М.Мұқанов, С.М.Жақыпов, Ә.Алдамұратов, Ж.Ы.Намазбаева, Г.Джумажанова, С.Қ.Бердібаева, К.Оразбекова, Б.Байжұманова және т.б. зерттеулерінде танымдық белсенділіктің психологиялық ерекшеліктері ашылып, оның білім беру ісін дамытуда басты рөл атқаратыны дәлелденген. Сонымен қатар ТМД психологтары Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, А.А.Люблинская, Б.Г.Ананьев, П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, А.В.Запорожец, А.В.Петровский, А.Я.Пономарев, Л.С.Рубинштейн, А.В.Брушлинский, О.К.Тихомиров, И.С.Якиманская т.б. танымдық белсенділікті арнайы зерттеу объектісі ретінде қарастырылып, оның білімді меңгерту ісін жетілдірудегі басты рөл атқаратыны туралы қорытындылар жасалған.

Оқытудың теориясы мен практикасына үлес қосып, оны жетілдіруді классик-педагогтар Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, В.А.Сухомлинский, А.С.Макаренко т.б. ерекше атап көрсеткен.

Шетел педагог-ғалымдары Ш.А.Амонашвили, Ю.К.Бабанский, Л.И.Божович, М.А.Данилов, Б.П.Есипов, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, В.А.Сластенин, А.З.Зак, И.П.Иванов, И.А.Зимняя, В.С.Кукушина, В.Оконь, П.И.Пидкасистый, С.В.Осипова, Н.А.Половникова, М.Н.Скаткин, В.А.Ситаров, Н.Ф.Талызина, Т.И.Шамова, Г.И.Щукина және т.б. ғалымдардың еңбектерінде танымдық белсенділіктің оқыту процесіндегі механизмдерінің ерекшеліктері анықталған.

Қазақ ағартушы интеллигенциясының өкілдері Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов және т.б. ағартушылардың бастауыш мектеп оқушыларына арналған оқу-әдістемелік құралдарында оқушылардың өздігінен орындайтын тапсырмаларына көңіл бөлінген.

Елімізде бастауыш білім мен тәрбие ісінің теориялық және тарихи аспектілерін К.И.Адамбеков, Б.А.Әлмұхамбетов, Р.Қ.Бекмағамбетова, А.Н.Ильясова, Ш.К.Майғаранова, Р.К.Төлеубекова, Қ.Т.Ыбырайымжанов т.б. зерттеу жұмыстарына арқау етсе, әр түрлі білім беру саласы бойынша оқушының танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық аспектілерін Р.М.Қоянбаев, Т.С.Сабыров, Ә.Муханбетжанова, А.Х.Аренова, Б.А.Тұрғынбаева, Ж.С.Сардарова, А.Е. Манкеш, Ә.С.Әмірова, Т.И.Кокумбаева, А.М.Текесбаева, Е.Ж.Рысбаев, А.К. Рысбекова т.б қарастырған.

Оқушылардың танымдық белсенділігін жетілдіруге бағытталған:


  • ұлттық дүниетаным тағылымдарын пайдалану негізінде (С.А.Ұзақбаева, Қ.Бөлеев, Р.Қ.Дүйсембінова, К.Ж.Қожахметова, Р.К.Төлеубекова, Ж.К.Күнпейст.б.);

  • ұлттық көркемөнер шығармашылығы құралдары негізінде (Б.А.Әлмұхамбетов, Е.О.Омар, З.Ш.Айдарова, А.А.Сағымбаев т.б) еңбектер, сондай-ақ жеке пән сабақтары арқылы оқушылардың танымдық әлеуетін арттыруға бағытталған:

  • математика пәнін оқытуда (Т.Қ.Оспанов, А.Б.Кадырбаева, М.О.Мұсабеков, А.О.Байдыбекова);

  • ұлттық музыка өнері құралдары негізінде (Ш.Б.Құлманова, Е.Ш.Қозыбаев, Ү.И.Мелдебековат.б.);

  • дүниетану пәнін оқытуда (Қ.А.Аймағамбетова, К.Жүнісова т.б.);

  • бастауыш сыныпта ана тілі және қазақ тілі пәнін оқытуда (С.Рахметова, Т.М.Әбдікәрім, Г.Уәйісова, Б.Т.Қабатай т.б.);

  • бастауышта информатика пәнін оқыту бойынша (Ж.Сардарова, Д.С.Байғожанова, Е.А.Вьюшкова т.б) педагогикалық зерттеулер бар.

Ғалымдардың педагогикалық зерттеулерінде оқушылардың танымдық қызығушылығы, таным әрекетінің белсенділігін арттыру (Ж.К.Елеупаева, Н.Д.Хмель, А.Е.Әбілқасымова т.б), жеке тұлғаны дамыту мәселелері қарастырылған. Дегенмен, бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттыру мәселесі арнайы зерттеу объектісі болмаған. Білім саласында болып жатқан түбегейлі өзгерістер бастауыш сынып оқушысын танымдық іс-әрекет арқылы тұлға ретінде қалыптастыруды басты міндеттердің бірі деп қарастыруды талап етіп отыр. Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттыру нақты теориялық және практикалық мәселе ретінде зерттеу қажеттігі бүгінгі білім берудің басым бағыттарының біріне айналып, өздігінен ізденуде, проблемалық жағдаятта шешім қабылдаудағы түйінді құзыреттіліктерімен түсіндіріледі.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары мен педагогикалық-әдістемелік әдебиеттерге жасалған талдаулар бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарында танымдық белсенділігін арттыру мәселесінің ғылыми тұрғыда негізделмегенін айқындауға мүмкіндік туғызды. Осы тұрғыдан алғанда келесі қарама-қайшылықтар туындап отыр:

– бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттыру қажеттілігі мен оның теориялық-әдіснамалық тұрғыда негізделмеуі;

– қазіргі қоғам сұранысына сай бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетін қалыптастыру мен оны жүзеге асырудың ғылыми-әдістемелерінің жасалмауы;



  • білімнің қарқынды дамуы жағдайында әр оқушының жеке білімінің

траекториясын таңдау мүмкіндігі мен тұлғалық-бағдарлы білім алудың іске асырылмауы.

Осы қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру бізге зерттеу мәселеміздің көкейкестілігін айқындап, тақырыпты «Өзіндік жұмыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары» деп таңдауымызға негіз болды.



Зерттеу мақсаты: өзіндік жұмыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруды теориялық тұрғыда негіздеп, педагогикалық шарттарын айқындап, ғылыми негізделген әдістемесін жасау.

Зерттеу нысаны - бастауыш сыныптардағы оқыту үдерісі.

Зерттеу пәні - бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттыруды қамтамасыз ететін оқыту формалары, әдістері және педагогикалық шарттары.

Зерттеу жұмысының болжамы. Егер оқыту үдерісінің әр кезеңдерінде бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстары олардың танымдық белсенділігі мен интеллектуальдық әлеуетіне негізделсе, онда оқушылардың білімі кеңейіп, дербестігі мен шығармашылығы, ізденімпаздығы, өзіндік іс-әрекетке бағытталған оқу ынтасы артатын болады.



Зерттеудің міндеттері.

- бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру мәселесінің теориялық негіздерін айқындап, «таным», «танымдық белсенділік», «өзіндік жұмыс» ұғымдарын бастауыш сынып оқушыларының білім деңгейлеріне қатысты нақтылап, анықтама беру;

- бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттарын анықтау;

- бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттырудың мазмұндық-құрылымдық моделін құру, өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлерін сұрыптау;

- бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттыруды қамтамасыз ететін оқыту формалары мен әдістерін және олардың тиімділігін анықтап, тәжірибе жүзінде тексеру.

Зерттеу әдістері:

- зерттеліп отырған мәселеге байланысты оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру үдерісіне теориялық (ғылыми-теориялық әдебиеттерді талдау, жинақтау, қорытындылау, салыстыру, нақтылау, нәтижелерді жобалау) талдау жасау;

- эмпирикалық (сауалнама жүргізу, әңгімелесу, бақылау, нормативті және оқу-әдістемелік құжаттарды талдау, диагностика, кеңестер беру, тест жүргізу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс) зерттеу әдістері;

- алынған нәтижелерді математикалық-статистикалық өңдеу, сараптау әдістері қолданылды.



Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі.

  1. Оқушылардың танымдық белсенділігінің теориялық негіздері айқындалып, оларға берілген сипаттамалар бір жүйеге келтірілді және негізгі ұғымдардың анықтамасы нақтыланды.

  2. Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары анықталды.

  3. Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттырудың мазмұндық-құрылымдық моделі жасалынып, өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері айқындалды.

  4. Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттыруды қамтамасыз ететін оқыту әдістемесі жасалды.

Зерттеудің практикалық мәні

- бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттырудың әдістемесі жасалынды;

- оқушылардың өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттыруға байланысты ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасалынды;

- оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың теориялық тұжырымдары, әдістемесі, қорытындылары, зерттеу нәтижелері мектеп мұғалімдері қызметінде, жоғары оқу орындарында маман даярлауда, педагог-кадрлардың біліктілігін жетілдіретін институттар пайдалануға болады.



Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

- оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік жұмыс ұғымдарының нақтыланған мәні;

- оқушылардың өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары;

- оқушылардың өзіндік жұмысында танымдық белсенділігінің қалыптасу моделі, өлшемдері мен көрсеткіштері, мүмкін болатын деңгейлері;

- бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттыруды қамтамасыз ететін тиімді оқыту әдістемесі.

Зерттеу базасы: Қызылорда қаласы, № 1 Қ. Мұхамеджанов атындағы мектеп-гимназиясы болып белгіленді. Зерттеу жұмысына аталған мектептен экспериментке 140 оқушы, бастауыш сынып мұғалімдері, әдіскерлері қатыстырылды.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу мен тәжірибеге енгізу. Зерттеу мәселесі эксперимент барысында сынақтан өткізілді және халықаралық конференцияларда, мерзімді басылымдарда жарық көрген ғылыми мақалаларда: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Инновационные процессы в современном образовательном учреждении» «Организация познавательной деятельности с целью стимулирования самостоятельной работы младшего школьника» - Самара, 2012; Өзіндік жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының құзіреттіліктерін қалыптастыру // Қазақстан мектебі - Алматы, 2012) көрініс тапты.

Диссертацияның құрылымы. Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Кіріспе бөлімде зерттеу жұмысының көкейтестілігі дәлелденіп, ғылыми аппараты, диссертацияның құрылымы беріледі.

«Өзіндік жұмыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде «таным», «танымдық белсенділік», «өзіндік жұмыстар» ұғымдарының мәні философиялық, психологиялық, педагогикалық тұрғыда бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру бағытында нақтыланып, «Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттыру» ұғымына анықтама берілді. Оқушылардың өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалып, өлшемдеріне сәйкес көрсеткіштері мен деңгейлері айқындалды.

«Өзіндік жұмыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың тәжірибелік-педагогикалық эксперимент нәтижелері» атты екінші бөлімде тәжірибелік-эксперимент жұмысының мазмұны мен оны ұйымдастыруда пайдаланылатын педагогикалық технологиялар, өзіндік жұмыстардың формалары, түрлері және әдістері, өзіндік тапсырмалар беру әдістемесі, оның тиімділігін дәлелдеу мақсатында жүргізілген тәжірибелік-эксперименттің нәтижесі баяндалды.

Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижесіне сүйене отырып, мұғалімдерге бастауыш сыныптың оқыту үдерісінде оқушылардың өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттыруға арналған әдістемелік және практикалық ұсыныстар беріледі.

Қосымшада оқыту үдерісінде оқушылардың өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттыруға арналған өзіндік тапсырмалар жүйесі ұсынылды.

Негізгі бөлім

Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттырудың теориялық негіздерін айқындау «танымдық белсенділік», «өзіндік жұмыс» ұғымдарын нақтылаумен тікелей байланысты. Бұл ұғымдардың мәні мен сипатын логикалық тұрғыдан талдауда ғылыми әдебиеттерде, сөздіктерде берілген анықтамаларға назар аударылды. Философтар таным дегеніміз – адамның жаңа біліммен молығу процесі деген тұжырым жасайды. Сондықтан, білім адам қызметіндегі таным үдерісінің нәтижесі болып табылады. Адам өзін қоршаған ортаны, әлеуметтік дүниені, табиғи әлемді танып білу барысында, олардың ішкі қасиетін анықтап, даму заңдылықтарын біледі, ондағы өзінің орнын да біліп, басқа адамдармен қарым – қатынасын анықтайды. Осы тұрғыдан алғанда философтар: «Таным дегеніміз – сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнеленуінің қайшылыққа толы күрделі процесі», - деген анықтама береді. Олай болса, таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білімі кеңейіп, тереңдей түседі, шынайы білімге айналады. Ендеше танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деген қорытынды жасауға болады.

Білім беру және оқыту теориясының әдіснамалық негізі – таным теориясы, оқушы тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілімі болып табылады. Бұл теория білім беру және оқытуды арнайы ұйымдастырылатын іс-әрекет ретінде қарастырады. Білім беру және оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселелеріндегі талаптарының бірі – танымдық белсенділік пен саналылық. Бұл талаптың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін кез-келеген жағдайда тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді. Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға мүмкіндік беретін ақыл-ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске аспайды. Оқушылардың танымдық белсенді іс-әрекетінің көздейтін мүддесі – білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады. Оқушы ақпаратты, іс-әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және жеке адам игерген ұжымдық тәжірибені мұғалімнің беретін білімімен шектеп қана қоймай, оны әрі қарай өз бетінше белсенді, нысаналы танымдық іс-әрекеті нәтижесінде игеруі тиіс. Жоғарыдағы «таным», «танымдық белсенділік» жайлы философиялық тұжырымдарға сүйене отырып, төмендегідей қорытындыға келдік: таным, дүниетаным ұғымдары тұлғаның танымдық белсенділігінің қоршаған ортаны, әлеуметтік дүниені, табиғи әлемді танып білу қажеттігін сипаттайды; қоғамда өзін белсенді мүше ретінде сезініп, оған бей-жай қарай алмайтын тұлға екенін көрсетеді; қоғамдағы келеңсіз жағдайларды жою үшін өздігінен белсенді әрекетке түсіп, оны түзетуге ықпал етеді; ол үшін білімнің қоғамдық мәнін түсініп, оны меңгеруде өзінің мүмкіндігіне қарай қарым-қатынасқа түсуде танымдық белсенділік көрсетеді; осылардың негізінде өзі танымдық белсенді іс-әрекетке араласады, өзінің сұранымын, қажеттілігін қанағаттандырады.

Психологиялық зерттеулерде өздігінен орындайтын оқу тапсырмаларына ерікті шоғырландырып, жаңа пайда болған қызығушылықтары мен сұраныстарын қанағаттандыра әрекеттенетіні дәлелденген (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, А.В.Петровский, Л.Б.Ительсон, В.Д.Щадриков). Бұл орайда субъект белсенділігі сыртқы материалды және ішкі психикалық әрекетті өз қатарына қосатын затты іс-әрекеттің бірдей жүйесі болып табылатыны арнайы зерттеу жұмыстарына арқау болған (Б.Г.Ананьев, В.М.Бехтерев, В.Н.Мясищев, С.Л.Рубинштейн). Психологиялық талдауларға сүйене отырып, пікірімізді қорытындылайтын болсақ, өзіндік жұмыстар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру үшін өзіндік жұмыстарды орындауға қызығушылығын тудырып, одан мотивтің пайда болуын, білім мазмұны бойынша меңгеруге жататын әрекет тәсілін, оқу әрекеттері негізінде елес, меңгерген әрекеттің алғашқы бейнесі қалыптасады, ал білім көлемін, сапасының деңгейін көтеру арқылы шешуге болады деп санаймыз.

Педагогикалық тұрғыдан өзіндік жұмыстар, танымдық белсенділік ұғымдарына берілген бірнеше анықтамалар бар. Танымдық белсенділік - білім мен іс-әрекет тәсілдерін өз күшімен игеруге ұмтылысынан көрініс табатын жеке тұлғалық қасиет (Т.Ш.Шамова), танымдық белсенділік – дара тұлға өзінің танымдық іс-әрекетін өз күшімен ұйымдастыруы және оны жаңа танымдық проблеманы шешу үшін қолдана білуі сияқты және адамның сапасы (И.Я. Лернер), танымдық белсенділік -мектеп оқушыларының білімді игеруде өз күшімен талпынуына дайын екендігінде, яғни қабілеті мен ұмтылысы (Н.А.Половникова), өзіндік оқу жұмысы оқушының мәселені қойып, оны шешкенге дейінгі жеңілден күрделіге өту, өзін-өзі бақылау және түзету ізденісінің белгілі бір деңгейдегі дербес оқу әрекеті; өздігінен білім алу, танымдық қабілетті қалыптастырудың құралы болып табылады (педагогикалық сөздік). Өзіндік жұмыс оқу әрекетінің арнайы бір формасы. Оқушылардың күрделі әрекеттерінің бір түрі. Оқушылардың өзіндік жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша олардың өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап, орындайтын жұмыстар жатады (Т.С.Сабыров). Өзіндік жұмыс – бұл оқытуды ұйымдастырудың формасы да емес, оқытудың әдісі де емес, ол оқушының алдына қойылған мақсатқа сәйкес, белгілі бір іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру құралы болып табылады (П.И. Пидкасистый), өзіндік жұмыс дегеніміз – мұғалімнің тікелей қатысуымен емес, бірақ оның белгілі уақыт мөлшеріне есептелген тапсырмасы бойынша орындалатын жұмыс, бұл кезеңде оқушылар өздерінің ой-өрістерін және іс-әрекеттерін қорытындылай отырып, алға қойған мақсатына жетуге ұмтылады (Б.П.Есипов) және т.б.

Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: «Белсенділік – философиялық, психологиялық қағида. Салдардың өзі әсер еткен заттың белсенді қатынасының нәтижесі. Қажырлылықты, ынталылықты, жігерлілікті, тынымсыздықты білдіреді. Белсенділік күнделікті іс-әрекетте (ойын, сабақ, еңбек) кездесетін міндеттерді ізденімпаздықпен орындай білу қабілеті. Тек белсенді адамдар ғана мақсатқа жету барысында батылдық көрсетіп, қиыншылықты жеңіп шыға алады. Күнделікті іс-әрекеттің ішінде шығармашылық ойындар баланың белсенділігін арттыруға ерекше мүмкіндік тудырады» - деген анықтама берілген. Олай болса, белсенділік адамның белгілі бір іске ықыласпен кірісіп, нәтижелі орындауға тырысуы болып табылады. Ынта іске қызығушылықтың негізгі ұйтқысы болып саналады. Бұл туа берілетін қажеттіліктер (жоғары жүйке қызметінің өзіндік ерекшеліктері және т.б.) мен қоғамдық өмірдің, оның ішінде, мәдени ортаның ықпалынан болатын қажеттіліктерге байланысты. Қажеттілік адам бойында қоғамның, қоршаған ортаның ықпалынан пайда болады. Ынта іс-әрекет кезінде қалыптасады. Оның ойынға, оқуға, еңбекке байланысты түрлері болады. Ынта істі ойдағыдай орындаудың шарты. Зерттеу мәселеміз тұрғысынан қарастыратын болсақ, оқыту үдерісінде өзіндік жұмыстар негізінде танымдық белсенділікті арттыру үшін оқуға байланысты ынтаны қалыптастыру қажет деп санаймыз. Таным белсенділігі мәселесі – педагогикалық зерттеулердің терең негізі екенін атап өту керек. Бұл мәселені зерттеуге маңызды үлес қосқан ғалымдар: М.Н.Скаткин, И.Ф.Харламов, М.А.Данилов, И.Л.Лернер, М.И.Махмутов, Т.Ш.Шамова, Г.И.Щукина және т.б. Маңызды әлеуметтік күшіне байланысты бұл қазіргі диалектикада, білім беру тәжірибесі мен тәрбиеде негізгі болып саналып отыр.

Қазіргі кезде республика көлемінде өзіндік жұмыс пен танымдық белсенділік жеке мәселе ретінде әрқырынан қарастырған ғалымдар: Б.Абыканова, Қ.А.Аймағамбетова, Х.Аренова, Қ.Б.Ахатаева, Т.М.Әбдікәрім, А.Е.Әбілқасымова, Ә.С.Әмірова, Ж.Т.Дәулетбекова, Ж.Ы.Сардарова, С.Р.Рахметова және т.б. Танымдық әрекеттің негізінде оқушыда танымдық белсенділік қалыптасады. Олай болса, бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттыру – берілген тапсырмаларды орындауда нәтижелерге өздігінен жете білуге үйрену процесінде рефлексивті әрекетке түсе алатын, сонымен қатар алған білімін тәжірибеде дәлелдеуде, өзін-өзі жүзеге асыратын, оны кез­-келген жағдайда қолдану құзіреттілігі деп түсінеміз. Осыған байланысты, оқушылардың өзіндік жұмыстарында танымдық белсенділігін арттырудың тиімділігін қамтамасыз ететін төмендегідей мұғалімдерге арналған шарттарды ұсынамыз:


  1. Оқыту үдерісінде өзіндік жұмыстарды орындау үшін қажетті білімді меңгерту;

  2. Оқыту үдерісінде тұжырымдалған ережені өзіндік жұмыстарды орындау барысында пайдалануға үйрету;

  3. Өзіндік жұмыстар негізінде танымдық белсенділікті арттыруға арналған тапсырмалар жүйесін ұсыну;

  4. Өзіндік тапсырмалар түрлерінің (жеке, жұптық, топтық) басым мәнге ие болуын қамтамасыз ету;

  5. Өзіндік жұмыстарды орындау барысында танымдық белсенділікпен ақпараттарды іздестіре білуге баулу;

  6. Өзіндік тапсырмалардың мазмұнына қарай орындау жолдарын меңгерту;

  7. Танымдық міндеттерді шешу барысында өзіндік жұмыстарды орындау нәтижесін болжай білу;

  8. Өзіндік жұмыстар негізінде оқушылардың жеткен нәтижесін дәлелдеуге үйрету;

  9. Өзіндік жұмыстарды орындауда оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасау.

Өзіндік жұмыстар негізінде танымдық белсенділікті арттыру шеңберінде біздің алдымызда негізгі мәселе педагогикалық модель, яғни элементтер жүйесінің логикалық құрылымын, білім беру үдерісін басқару жүйесін, теориялық білімдерді өздігінен игеру, іс-әрекеттің мақсат-міндеттерін белсенділікпен шешу мақсатын, оның мазмұнын, оны жүзеге асыруда қолданылатын әдіс-тәсілдерді, яғни тиімді педагогикалық технологияны саралау мәселесі туындады. Сөйтіп, бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттырудың моделін мотивациялық-тұлғалық, мазмұндық-амалдық, нәтижелі-бағалау компоненттерінен, олардың әрқайсысын айғақтайтын бірнеше көрсеткіштер, өлшемдер мен деңгейлерден тұратын, сонымен қатар, өзара бір-бірімен тығыз байланыстағы тұтас құрылым ретінде былайша бейнелейміз. Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттырудың құрылымдық-мазмұндық моделін төмендегі мазмұнда бере аламыз (1-сурет).

Сурет 1 – Өзіндік жұмыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың құрылымдық-мазмұндық моделі.


Төмен деңгей: Оқу-танымдық іс-әрекетте өзіндік жұмыстарды пайымдауы нақты емес, білімін өздігінен толықтыруға қажетті нәрсені ажырата алмайды. Жаңа білімді репродуктивті деңгейде қабылдайды. Оқу-танымдық әрекетті сараптап, бақылап, бағалауға ұмтылыс жасамайды.

Орта деңгей: Оқу-танымдық іс-әрекетте өзіндік жұмыстарға белсенділік танытып, білімін өздігінен толықтыруға, қажетті нәрсені ажыратуға танымдық ұмтылыс жасайды. Өзіндік көзқарасын дәлелдеуге тырысады. Жаңа білімді өткенді еске түсіру арқылы қабылдайды. Оқу-танымдық іс-әрекетті сараптап, бақылап, бағалауға ұмтылыс жасайды.

Жоғары деңгей: Оқу-танымдық іс-әрекетте жаңа білімді игеру мен толықтыруға қажетті нәрсені ажыратады, өзіндік жұмыстарда жоғары белсенділік көрсетеді. Жаңа білімді продуктивті деңгейде қабылдайды. Танымдық іс-әрекетті сараптап, бағалап, нәтижені болжап, тұжырым жасайды.

Оқу бағдарламалары негізінде жасалған оқулықтарда өзіндік тапсырмалардың берілу деңгейі оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға қаншалықты ықпалын тигізетіні талданды.

Қорыта келе, бағдарламаларда әсіресе, бастауыш сыныптарда оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарына танымдық белсенділігін арттыратын тапсырмалар жүйеленіп ұсынылуы қажет деп санаймыз.

Өзіндік жұмыстарды күрделі оқу тапсырмаларына құруда әр оқушыға іріктеу арқылы оқыту үдерісін жекелік қатынасқа айналдыруға, яғни сабақ үстінде әр оқушыны және барлығын бірге оқытуға мүмкіншілік туады. Өзіндік жұмыстың және үй тапсырмасын орындау мүмкіншілігі, оларды қызықтырумен қатар, олардың оқу мотивтерін қалыптастыруда белсенділіктерін талап етеді.

Оқу материалын меңгертуде орындатылатын өзіндік жұмыстарды жеті кезеңде бөліп қарастырдық:

1) сабақтың соңында бекітетін материалдың құрылымдық-логикалық схемасын немесе – тірек конспектісі арқылы орындату;

2) оқушылардың үй жұмысын тексеру кезінде орындату;

3) оқулық бойынша мұғалімнің басшылығымен орындату;

4) жаңа тақырыпты бекітуге байланысты орындату;

5) мұғалімнің басшылығынсыз орындату;

6) жалпы тақырыпты бекіту кезеңінде орындату;

7) шығармашылық сипаттағы өзіндік жұмыстарды орындату болып табылады.

Өздігінен орындайтын жұмыстар оқушылардың танымдық белсенділігін жоғарылататын кез-келген таным үдерісінің қажетті элементі. Оқыту тек сабақты ұйымдастыруды ғана емес, оқушының белсенді іс-әрекетін талап етеді. Сондықтан мұғалім сабақта өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруда тиімді әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдай білу қажеттігін ескере отырып, бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттыруда қолданылатын әдіс-тәсілдердің сараланған жіктемесі ұсынылды.

Кесте 1– Оқушылардың өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттыруда қолданылатын әдіс-тәсілдердің жіктемесі





Өзіндік жұмыста қолданылатын әдістердің сипаттамасы

Алынған әдебиеттер көзі және авторлары

1

Әдіс – нақты міндеттерді шешуге бағындырылған, шындықты меңгерудің тәжірибелік немесе теориялық салыстырмалы біркелкі тәсілдері мен амалдарының жиынтығы.

Қоянбаев Р.М.

Ыбырайымжанов Қ.Т.

«Педагогикалық сөздік»

Түркістан, 2006 [14] 170



2

«Проблемалық оқыту» ұғымы атауының өзі оның мәнімен байланысты. Жаңа білім мазмұны оқушылар үшін әрқашан проблемалы, ал оны меңгеру әдісі болады.

М.И.Махмутов «Мектепте проблемалап оқытуды ұйымдастыру» Алматы 1981 [26] 247c

3

Зерттеу әдісінде оқушыларға тапсырылған обьектіні мынадай жоспармен өзіндік зерттеу ұсынылады: зерттеу мақсаты –жұмыс жоспары – обьект туралы факт –тәжірибелер, тәжірибенің суреттері, жаңа фактілер – пайда болған сұрақтар мен проблемалар – жауаптардың мәліметі, болжамдар – пікірлер, қызметтің саналы тәсілдері және нәтижелері – қорытындылары.

А.В.Хуторской «Современная дидактика» М.: 1998 , Лира [95] 514 c

4

Эвристикалық әдісте білім мазмұнын меңгертуде оқушылардың даралық таным белсенділіктерін ескеріп, ішінара ізденіс арқылы мақсатқа сәйкес ізденушілік әрекетке жетелейді

И.Я.Лернер «Дидактические основы методов обучения –Москва, Педагогика, 1981

5

Тұлғалық-бағдарлы әдісте танымдық белсенділікті арттыру механизмдерін пайдалана отырып, оны оқушылардың танымдық әрекетімен сәйкестендіреді.

И.С.Якиманская «Знание и мышление школника» М.: Знание, 1985. [75]– 175 c.

6

Шығармашылық әдісте оқушылардың жеке шығармашылық бағытын таңдау қажеттігін және шығармашылық өнім туғызуға негізделген әрекет ретінде айқындалады.

М.Н. Скаткин «Совершенствование процесса обучения» -М.: Педагогика, 1971. –208c.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет