Реферат бұқаралық Коммуникацияның Ақпараттық Қоғам Қалыптастырудағы Рөлі


Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі кезеңдегі даму үрдiстерi



бет3/3
Дата30.09.2024
өлшемі22.48 Kb.
#504131
түріРеферат
1   2   3
БҰҚАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ

Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі кезеңдегі даму үрдiстерi
Мемлекеттiк тәуелсiздiк жаңа экономикалық саясатпен құқықтық мемлекет құру мiндеттерi республика ақпарат кеңiстiгiне де үлкен өзгерiстер ала келдi. Ол мiндеттердi жүзеге асыру қоғамның өмiрiн дұрыс түсiнiп қабылдап шынайы суреттеу мүмкiндiгiнен соң жүзеге аспақ. Егемендiк алған Қазақстан үшiн мемлекттiктi бiрегейлендiрумен байланысты көптеген мiндеттер мен проблемалар туды.
Жаңа мемлекеттi құруды мақсат еткен Қазақстан ең алдымен ескi тоталитарлық жүйенiң басты саяси идеологиялық қаруы болған баспасөзге, радио, теледидарға т.б.ақпарат тарату құралдарына цензурадан бас тартты.
Сөйтiп азаматтардаң әлеуметтiк саяси ақпараттардың кез- келгенiн еркiн таңдап қабылдау мүмкiндiгi туды.
Демократиялық, құқықтық, азаматтық қоғам құруды баспасөз, сөз бостандығы мен пiкiрлер плюрализiмiнсiз көзге елестету мүмкiн емес. Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарынан ақ бұған дейiн тегiс мемлекеттiк болып келген ақпарат құралдары бiрте-бiрте либералдандырылып кооперативтiк, комерциялық жекеменшiк басылымдар шыға бастады. Жаңадан көптеген газет журналдар мен радио станциялар, телеканалдар ашылды.
Қоғамдық ақпарат құралдарына саяси цензураның алып тастауынан батыстық шетел елдерiнен көптеген тиым салынған әдебиеттермен кинофильмдер т.б. Қазақстан рыногына ағыла бастады.
Бұл процесс өтпелi кезеңде азаматтардың сан-саққа бөлiнiп кеткен рухани құндылықтарына әр түрлi әсер еттi.
Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ақпарат құралдарының қаражатпен және қажеттi техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету дәрежесiнде бүгiнде айтарлықтай айырмашылық жоқ. Мемлекеттiк ақпарат құралдарының бұл салада көрсеткiштерi жоғары болып келгенiмен, нарық жағдайында өзiне де көрерменін оқырманын да жоғалтпай, экономикалық қаражат қиындығынан шыға бiлген меншiктiң әр түрiндегi ақпарат құралдарының қәзiр кадрларды таңдап алу мүмкiндiгi басым түсiп отыр.
Бұл үрдiс республикалық ақпарат кеңiстiгiнде сөз бостандығынан туындайтын көптеген жаңа демократиялық нышандарды ала келдi.
Қәзiргi таңда Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекет монополиясы жойылып отыр.
Алайда ақпарат тарату, тасымалдау, байланыс, транспорт, баспаханалық жүйе секiлдi ақпарат қызметiнiң құрамдас салалары бойынша ресми билiктiң ықпал ету мүмкiндiгi сақталып отыр.
Тәуелсiз Қазақстанның демократиялық ақпарат кеңiстiгiн қалыптастыру барысында транзиттi қоғам басынан өткерiп отырған мұндай сапалық жаңа өзгерiстердi түптеп келгенде сол ортаға прогрессивтi қызмет етерi анық.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет