Бұл жинақ көпшіліктің дұға
жасауға деген ынтасын арт-
тыруға арналады. Тілек тілеудің әдеп, шарттарын үйретеді.
Мақала ілгеріде өткен ізгі кісілердің
өмірінен алынған өне-
гелі оқиғалардан құралған. Бұл еңбек оқырманын ізгілікке,
адамгершілікке, туыстық қарым-қатынасты сақтауға үндейді.
Кітап жалпы көпшілікке арналған.
УДК 28
ББК 86,2
Д 80
УДК 28
ББК 86,2
ISBN 978-601-06-6469-2
«Дұға - Дұғаның маңыздылығы». Нұр-Сұлтан 2020
ISBN 978-601-06-6469-2
4
Бисмиллаһир Рахманир Рахим!
Барлық мақтау әлемдердің раббысы аса ұлы Алла Тағалаға
болсын! Адамзаттың
асылы Пайғамбарымыз Мұхаммедке,
оның әулеті мен сахабаларына Алла Тағаланың игілігі мен
сәлемі болсын!
Дұға – мұсылманның
пана сұраса қорғаны, жәрдем тілесе
қаруына айналған айбынды амал. Дұға –
Алла мен құлдың ара-
сындағы ұлы байланыс. Адамзат бұл амалдың қадіріне жетіп,
қуатын сезінсе, Алла Тағалаға алақан жаюдан шаршамас еді,
үздіксіз сұрар еді.
Намаз сөзінің түпкі мағынасы да «дұға» дегенге саяды: әр
намазда оқылатын «Фатиха» сүресі – ұлы дұғалардың бірі, ал
адамның Аллаға ең жақын кезі – сәждеде жатқан кезі.
Мұсылманның сәлемі де дұғадан тұрады:
«Әссәләму алейкум уа Рахматуллаһи уа баракатуһ!
Мағынасы:
Аллаһтың саған тыныштығы, рақымы әрі
берекеті болсын!
«Дұға – ғибадаттың негізі» деген хадиске сүйенсек, дұға
ету құлшылыққа жатады. Себебі,
сіз жаратушы раббыңыз ұлы
Алла Тағаланың алдында әлсіз, дәрменсіз екеніңізді сезініп,
қажетіңізді сұрайсыз. Ықыласпен жасасаңыз – дұғаңызға жауап,
амалыңызға сауап аласыз.
5
Дұға қайырсыздан құтқарып, қайырлыға жеткізеді.
Атақты сахаба Абдуллаһ ибн Омар:
«Дұға келіп қойған бәле-