Жылдарға арналған «Сәтбаев 2020 – жастарға мейірімді қала»



бет1/4
Дата25.02.2016
өлшемі0.52 Mb.
#22374
  1   2   3   4
Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2015 ж. «_____» ___________ №_____ қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН

2016-2020 жылдарға арналған

«Сәтбаев 2020 – жастарға мейірімді қала»

Сәтбаев қаласында мемлекеттік жастар саясатын дамыту

СТРАТЕГИЯСЫ
1. Кіріспе

«Қазақстан 2020: болашаққа жол» 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын жүзеге асырудың бірінші кезеңі аяқталып, 2016-2020 жылдарға арналған екінші кезеңі басталғалы тұр.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында геосаяси дағдарыс, мемлекет алдындағы жаңа қатерлер мен қауіптер жағдайында жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыру, индустриалдық, энергетикалық және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта кәсіпкерлікті, халықтың іскерлік белсенділігнін қолдау бойынша маңызды міндеттер белгіледі.

Бұл міндеттердің барлығын тек отансүйгіш, дені сау, жасампаз, өзіне сенімді, креативті, еңбекқор және белсенді жастармен қол жеткізуге болады. Қазақстанның болашағы кейінгі толқынның дамуына, олардың қоғамдағы мәртебесіне байланысты, ал оның негізі бүгіннен қалыптасады.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» жаңа заңына сәйкес, мемлекеттiк жастар саясаты – мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдау мен дамытуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесі. Осы орайда жергілікті атқарушы органдар аймақтық деңгейде жастар саясатын қайта құрылымдау және мемлекеттік жастар саясаты институттарының (жастар ресурстық орталықтары, жастарға арналған әлеуметтік қызметтер, жастармен жұмыс жасайтын жергілікті атқарушы органдар, жастар ұйымдары) тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдаулары қажет.

2015 жылдың 1 қаңтарына Сәтбаев қаласында 14 пен 29 жас аралығындағы 17 106 жастар тұрады, бұл қала халқы санының 24%. Жастардың басым бөлігі – оқушы, студент және еңбекші жастар. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға қалалық бюджеттен 2012 жылдан бастап 49 миллион 844 мың теңге қаржы бөлінген. 2012 жылдан бастап 10 бірлік штаты бар Сәтбаев қаласы әкімдігінің «Сәтбаев жастары» жастар ресурстық орталығы қызмет атқарады.


Бүгінде Сәтбаев қаласы жастары алдында аймақтың тез арада өзгеретін әлеуметтік-экономикалық жағдайында әлеуметтену және мобильдікке дайын болуларына байланысты қиыншылықтар мен проблемалар тұр. Бұл – біздің қоғамымыз үшін жат деструктивті діни ағымдардың таралуы, еңбек нарығындағы тез өзгеретін жағдайларға оқушы жастардың дайын болмауы, мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар аясындағы қолдау шаралары туралы толыққанды ақпараттандырылмау және жастардың кейбір бөлігіндегі патерналистік көзқарас.

«Сәтбаев 2020 – жастарға мейірімді қала» Сәтбаев қаласында мемлекеттік жастар саясатын дамытудың осы стратегиясы 2020 жылға дейін аталмыш проблемаларды шешу үшін әзірленген. Стратегия қоғамның өзін-өзі ұйымдастыруына жастардың қатысуына байланысты міндеттерді қосатын, жастарға бағытталған басымды бағыттардың жиынты.

Стратегия Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Сәтбаев қаласы әкімдігі, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы, Қарағанды облысы жастары бастамашылдығының орталығы және Қазақстан жастар конгресі арасындағы өзара ынтымақтастық пен әріптестік туралы меморандум негізінде әзірленген.

Сәтбаев қаласы стратегия аясында жастармен жұмыс жасаудың инновациялық стандарттары мен пакеттерін, жастар ресурстық орталығы мен қаланың жастар саясатына жастардың кеңінен қатысуын қамтамасыз ететін жастар ұйымдары желісін ұйымдастыру жұмыстарының тиімді моделін, жастардың кеңінен волонтерлік және кәсіпкерлік қызметке қатысуына бағытталған маңызды жастар жобаларын жүзеге асыру және жастар саясаты мектебін ұйымдастыру бойынша шараларды енгізу жөніндегі ел көлеміндегі пилоттық жоба ретінде танылады.

Жалпылай тұрғыда, стратегия бес институционалдық реформаның қоғамның өзін-өзі ұйымдастыру үдерістерін белсендетуге, Біртұтас болашақтың ұлтын және «Мәңгілік ел» идеялары мен Жалпыға ортақ еңбек қоғамы құндылықтарын ұстанушыларды қалыптастыруға қатысты мақсаттары мен міндеттеріне сай келеді.

Жастардың стратегияның жүзеге асыруға жаппай атсалысулары (жастар ұйымдарының қызметінде, негізгі жобаларда және т.б.) меритократия қағидаларына сәйкес үш деңгейде еріктілік және клуб қозғалыстарына қатысулары арқылы жүзеге асырылады (әрбір деңгейде өзінің ерекше белгісі бар – белгі түріндегі «#Zhasatpaev» логотипі):




үшінші деңгей – еріктілік жасақтар мен клубтар, жастар олардың қызметіне бұқаралық түрде атсалысады. Бұл деңгейге жататын жастар Жастар саясаты мектебінде міндетті оқудан өтіп, еріктілік және клуб қозғалысына арналған негізгі курстарды тыңдайды. Сонымен қатар олар өз қызметтерінің бағыттары бойынша тақырыптық курстарға қатысады. Аталмыш деңгейдегі жастар еріктіліктің бастамасы ретінде стратегияның ауқымды жобаларын жүзеге асыруға белсенді түрде атсалысады. Бұл деңгейді ерекшелейтін белгі – «#Zhasatpaev» қола белгісі және Болашақтағы бір ұлттың өкілігі куәлігіндегі тиісті жазба;

екінші деңгей – кәсіби бағдар және жұмысқа орналастыру, еріктілік жән клуб қозғалыстарында өздерін белсенді түрде көрсеткен жастар қамтылады. Бұл деңгейдің жастары Жастар саясаты мектебінде арнаы құзыреттерді қалыптастыру бойынша негізгі курстардан, сондай-ақ кәсіби шеберлік курстарынан міндетті түрде өтеді. курсы профессионального мастерства. Бұл деңгейді ерекшелейтін белгі – «#Zhasatpaev» күміс белгісі және Болашақтағы бір ұлттың өкілігі куәлігіндегі тиісті жазба;

бірінші деңгей – әлеуметтік кәсіпкерлік, оған екінші деңгейде (кәсіби бағдар және жұмысқа орналастыру) өзін белсенді түрде көрсеткен жастар қамтылады. Бұл деңгейдегі жастар басқарушы құзыреттерді қалыптастыру бойынша негізгі курстар, сонымен қатар кәсіби шеберлік курстарын міндетті түрде Жастар саясаты мектебінде оқиды. Бұл деңгейді ерекшелейтін белгі – «#Zhasatpaev» алтын белгісі және Болашақтағы бір ұлттың өкілігі куәлігіндегі тиісті жазба. Бұл деңгейдегі жастар жастар ұымдарының қызметіне қатыса алады. Бірінш деңгейдің қатысушысы Болашақтағы бір ұлт өкілі деп саналады.


2. Стратегияның ақсаты, міндеттері және қағидалары

Стратегияның мақсаты – өңірлік деңгейде отансүйгіштікті, азаматтық белсенділікті және жастар арасындағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік жастар саясатының мінсіз үлгісін қалыптастыру.

Стратегияның мақсаттары:

1) «Мәңгілік Ел» құндылықтары және Ұлытау-Жезқазған аумағындағы тарихи-мәдени мұра негізінде жастардың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;

2) жастардың еріктілігін және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту арқылы жастардың өзін-өзі ұйымдастыруына жол ашу;

3) жастар ұйымдарын дамыту және қолдау арқылы жастар ароасында азаматтық өоғамды дамыту;

4) өңірлік деңгейде мемлекеттік жастар сяасаты қатысушыларының біліктілік және кәсібилік деңгейін арттыру;

5) жастар жобаларын қолдау арқылы қызығушылық білдірген жерглікті мемлекеттік органдардың, үкіметтеік емес ұйымдардың, орта және шағын кәсіпкерліктің мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға қатысуын қамтамасыз ету.

Сәтбаев қаласында Мемлекеттік жастар саясаты әлеуметтік-экономикалық даму ескеріліп, төмендегі қағидалар негізінде әзірленеді және іске асырылады:

1) басым бағыттарды айқындау;

2) түрлі санаттағы жастардың қажеттіліктері мен мүдделерін анықтау;

3) жас азаматтардың аса маңызды жастар жобаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға атсалысуы;

4) мемлекеттің, азаматтық қоғам институттарының және кәсіпкерлік өкілдерінің өзара іс-қимылы;

5) ақпараттық ашықтық;

6) Стратегия нәтижелерін бағалаудың еркіндігі.

Басымды бағыттарды жүзеге асыруға арналған жобалар жастардың барлық санаттарына арналады, жынысына, ұлтына, кәсібіне, тұрғылықты жеріне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, барлық жастарға тең деңгейде қатысу мүмкіндіктеріне жол ашады, жастарға барынша олардың қызығушылықтарына сәйкес келетін қызмет аясын ұсынады.


3. Басымды бағыттар

1. «Отаншыл» - қазақстандық «Мәңгілік ел» идеясы негізінде жастардың мәдени, азаматтық және патриоттық құндылықтарды сіңіруі.



Клубтық қозғалыс – «Мұрагер» жас тарихшылар клубы. Клуб шеңберінде жергілікті тарихшылармен, өңіртанушылармен кездесулер, жақын маңдағы қалалар мен аудандардағы тарихи-археологиялық мұражайларға экскурсиялар, аймақтың тарихи-мәдени ескерткіштері мен археологиялық қазба орындарына экспедициялар ұйымдастырылады.

«12 кітап» әдеби клубы – жергілікті ақындармен және прозаиктермен шығармашылық кештер өткізу, а сайын жаппай кітап оқу және әрбір айдың таырыбына сай жақсылыққа ынталандыратын кітаптарды талқылау.

«Тілашар» полиглоттар клубы – үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) оқытады және байқаулар, фестивальдер, халықтың ұлттық мейрамдарын тойлау арқылы жастар арасында үш тұғырлы тіл ортасын қалыптастыру.

«Foresight» фантастикаға әуесқойлар клубы - «Білім реакторы» ұжымдық ойлаудың инновациялық технологияларды арқылы болашақтың бейнелерін қалыптастыр, түрлі бағыттар бойынша (ммандықтар, құндылықтар, өмір сүру дағдылары, келешектегі ғылыми жетістіктер және т.б.) «Келешек мұражайын» құру.

Волонтерлік қозғалыс – «Отаншыл» еріктілер тобы. Еріктілер осы басымды бағыттың базалық жобаларын жүзеге асыруға белсенді қатысады және этика, география, экология, тарих, аймақтану, қазақ, орыс, ағылшын тілдері, гуманитарлық ғылымдар және т.с.с. бойынша тақырыптық курстарда оқиды.

Негізгі жобалар:

– көшпелі үлгідегі жыл сайынғы «Отаншыл» жастардың туристік білім беру және еңбек лагері. Жыл ішінде әзірлік барысында түрлі жастар санаттары үшін көшпелі өркениет тақырыбы бойынша әртүрлі байқаулар өткізіледі және бұл байқаулардың жеңімпаздары оның жұмысына қатысу мүмкіндігін иеленеді. Лагерь әртүрлі жастар санаттары үшін ауысым бойынша өткізіледі. Сонымен қатар лагерьді ұйымдастыру үшін еріктілер қозғалысы және жастар ұйымдарының қорлары тартылады.



- Ұлттық жастар ойындары, олар үш жылда бір рет негізгі үш бағыт бойынша өткізіледі: спорттық, шығармашылық және зияткерлік. Ойындарды ұйымдастыру үшін еріктілердің күш-жігерімен Ойындардың жастар комитеті құрылады. Ол жастар арасында идеологияны ілгерілету бойынша негізгі қозғаушы күшке айналады.

2. «Таңдау» - жастар ұйымдарын және еріктілер қозғалысын дамыту негізінде жастардың өзін-өзі ұйымдастыруын дамыту.

Жастардың қоғамдық бірлестіктерін құру жұмыстары жастардың 7 санаттары бойынша желілік үлгіде ұйымдастырылады – жұмысшы жастар, жас еріктілер, ТжКБ стденттері, мектеп жастары, жас кәсіпкерлер, жас мамандар және табиғаттың жас қорғаушылары. Жастар ұйымдарының басты міндеті – жастардың қызығушылықтарын ояту, өз санатындағы жастарды «Мәңгілік ел» идеяларынң қағидаларын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік жастар саясаты жобаларына қатысуға ұйымдастыру және жұмылдыру. Сонымен қатар жастар ұйымдары ТжКБ жастар істері комитеттерімен және жастардың өзін-өзі басқару органдарымен бірлесе жұмыс істейді.

«Қазақстан жастары конгресі» қауымдастық түрінде ЗТБ бірлесе отыра Сәтбаев жастарының конгресі құрылады. Ол барлық жастар ұйымдарын біріктіріп, олардың қызметін үйлестіреді. Жастар конгресі – МЖС барлық қатысушыларымен өзара іс-әрекет орнатып, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын жастар ұйымдары мен қозғалыстарының бірлестігі. Сәтбаев жастары конгресінің және жастар ұйымдарының өкілдері жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультативті-кеңестік органдардың қатарына қосылады.

Жалпыға ортақ Еңбек қоғамын қалыптастыру, жастардың еңбек және патриоттық тәрбиесі көбіне-көп еріктілік қозғалысының түрлі бағыттарын ауқымды және жүйелі түрде ұйымдастыру арқылы мүмкін болмақ. Бұл міндетті шешу мақсатында осы стратегияның басымды бағыттары бойынша 7 волонтерлік топтарды біріктіретін «Сәтбаев жастары» еріктілер желісі құрылады. «Сәтбаев жастары» жастар ресурстық орталығы жанында қалалық еріктілер штабы құрылып, жастар саясаты мектебінің шеңберінде еріктілер курстары ұйымдастырылады.



Клубтық қозғалыс – жастардың пікірталас клубы және БҰҰ жастар үлгісі клубы жастар арасында тиісті турнирлер ұйымдастыру үлгісінде қызмет етеді.

Волонтерлік қозғалыс – «Таңдау» еріктілер тобы. Еріктілер осы басымды бағыттың базалық жобаларын жүзеге асыруға белсенді қатысады және қоғамдық-саяси пәндер, ағылшын тілі, шешендік өнер, көшбасшылық және т.с.с. бойынша тақырыптық курстарда оқиды.

Негізгі жоба – «Айсберг» шығармашылық бірлестігі төрт бағыт бойынша жұмыс істейді: театралдық, зияткерлік, шығармашылық және блог. Бірлестіктің жұмысы шеңберінде жастардың түрлі санаттарына арналған алаңдар құрылады, сонда-ақ шығармашылық бірлестіктің күшімен Youtube әлеуметтік желісінде «ZHASATPAEV» каналы жұмыс істейді (сарапшылармен кездесулер, жастар ток-шоуы, сұхбаттар және т.б).

3. «Көшбасшы» - «Сәтбаев жастары» жастар ресурстық орталығының тиімділігін және жастардың біліктілігі мен білімділігі деңгейін арттыру.

Тиімділікті арттыру мақсатында «Сәтбаев жастары»жастар ресурстық орталығының қызметін жастар саясатының қуатты ғылыми-зерттеу, кеңестік және білім беру орталығына бағдарлау жоспарланып отыр. Бұл ретте ЖРО қызметкерлері Жастар саясаты мектебінің сертификатталатын курстарын тыңдап, кәсіби құзыреттеріне сәйкестікке байланысты тоқсан сайын тестілеуден өтеді, Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережеге сәйкес ЖРО қызметінің стандарттары, жастар саясатының республикалық корпоративті порталы негізінде «Е.жро» электрондық жүйесі ендірілген, жастар әлеуметтік жобаларының краудсорсинг алаңы құрылды. ЖРО құрылымы келесі үлгіде қалыптаспақ:



1) әлеуметтік технологиялар мен болжамдау қызметі – өңірлік жастар саясатының ми орталығы, мықты ғылыми-зертету және әдістемелік орталық;

2) жастарды қолдау және сүйемелдеу қызметі – жастар жобаларын сүйемелдеуді қамтамасыз ететін жастар мен жастар ұйымдарына тікелей қызмет көрсету орны, мықты жастардың білім беру және ақпараттық-кеңестік орталығы.

3) баспасөз қызметі – бұқаралық ақпарат құралдарында жастар саясаты жайлы жағымды көзқарас қалыптастыру, жастар саясатының сайтын үйлестіру, брендинг негізінде еріктілермен бірлесе Youtube каналында интернет-каналдың қызметін, әлеуметтік желілерде парақшалар мен топтарды ұйымдастыру.

Жастар саясатының мектебі. ЖСМ шеңберінде ЖРО және МЖС басқа қатысушыларының жүйелі қызметі бойынша маңызды құзыреттерді (медиация, командалық коучинг, жаттықтырушылардың тренингі, жобалық менеджмент, брендинг, маркетинг) қалыптастыру, жастардың жалпы дамуы және еріктілер қозғалысын дамыту мақсатында курстар ұйымдастырылады. Курстар кадрларды даярлаудың үш деңгейінен тұрады: негізгі (корпоративті порталда барлық ниет білдіргендер үшін қолжетімді), сертификациялық және тренерлік.

Сонымен қатар жеке инвестициялар мен әлеуметтік жастар кәсіпкерлігін дамыту негізінде Жастар бастамаларын қолдау қоры құрылады, ол бөлінген қаржыны қайтару және қаржыландыру жүйелерінің мөлдірлігі қағидалары бойынша қызмет етеді. Қордың негізгі миссиясы – жастар саясатына қатысушылардың (жастар ұйымдары, жастар ресурстық орталықтары, әлеуметтік қызметтер және жастар) жобалары мен инновацияларын қаржылай қолдау.



Клубтық қозғалыс - мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың тиімділігін арттыру және аталған тақырып бойынша сарапшылар пулын қалыптастыру мақсатында «Сәтбаев жастары» жастар ресурстық орталығы жанынан «Жас сарапшы» жастар сарапшы клубының жұмысы ұйымдастырылады. Оның миссиясы жастардың әртүрлі өзекті мәселелерін талқылау және ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Волонтерлік қозғалыс – «Көшбасшы» еріктілер тобы. Еріктілер осы басымды бағыттың базалық жобаларын жүзеге асыруға белсенді қатысады және этика, география, экология, тарих, аймақтану, қазақ, орыс, ағылшын тілдері, гуманитарлық ғылымдар, мемлекеттік жастар саясаты және т.с.с. бойынша тақырыптық курстарда оқиды. Осы топ еріктілерінен «Сәтбаев жастары» жастар ресурстық орталығының кадрлық резервін қалыптастырылады.

Негізгі жоба – «Expo city of youth» жастар саясатындағы әлеуметтік инновациялар көрмесі үш жылда бір мәрте Сәтбаев қаласының аумағында өткізіледі. Жобаның қатысушылары – «Жастарға мейірімді мекен» желісіне қатысатын аумақтар 10 күн ішінде Сәтбаев қаласының жастарына өздерінің инновациялық жобаларын таныстырады, шеберлік-сыныптарын, концерттерді, семинарлар мен тренингтерді өткізеді. Көрме және «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығымен рейтингті есептеу нәтижесі бойынша еліміздің үздік Жастар ресурстық орталықтары анықталады.

4. «Бақытты отбасы» - жастар арасында отбасылық және моральды-адамгершілік құндылықтардың нығаюы.

Клубтық қозғалыс – «Жас Отау» жас отбасылар клубы, «Ақжүніс» болашақ қалыңдықтар клубы, «Азамат» ер-жігіттер клубы. Қызығушылықтар бойынша клубтар аясында табысты және бақытты отбасылармен, әжелермен, аталармен кездесулер, шығармашылық байқаулар мен фестивальдар, отбасылық театр (жас отбасылар клубы бойынша) ұйымдастырылады.

Волонтерлік қозғалыс – «Бақытты отбасы» еріктілер тобы. Еріктілер осы басымды бағыттың базалық жобаларын жүзеге асыруға белсенді қатысады және отбасылық тәрбие, этика, ұлттық тұрмыс және т.с.с. бойынша тақырыптық курстарда оқиды.

Негізгі жоба – «Қызғалдақ күні» пжас отбасылар мен махаббат мейрамы. Оның шеңберінде жас отбасылардың қатысуымен акциялар, флеш-мобтар, көрмелер, концерттік бағдарламалар, байқаулар мен фестивальдар өткізіледі. Мейрамның негізгі нышаны – қызғалдақ, жас отбасылар бір-біріне жастықтың, махаббат пен адаллдықтың нышанын сыйға тарту мүмкіндігін иеленеді.

Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер – «Сәтбаев жастары» жастар ресурстық орталығы жанынан жастардың жекелеген санаттары үшін жас отбасыларға арналған және балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен ата-ана қарауынсыз қалған балаларды бейімдеу бойынша әлеуметтік қызметтердің жұмысы ұйымдастырылады.

5. «Саламатты ұрпақ» - салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастар арасында спорт пен дене шынықтыруды дамыту.

Клубтық қозғалыс – жастар арасында фитнесті дамытуға бағытталған «Klondike» спорт клубы және спорттың осы түрімен кәсіби дайындалуға бағытталған Street Workout клубы. Сондай-ақ, әр түрлі бағыттар бойынша спорттық сециялар мен жеке фитнес-клубтар желісі дамуы мүмкін.

Волонтерлік қозғалыс – «Саламатты ұрпақ» еріктілер тобы. Еріктілер осы басымды бағыттың базалық жобаларын жүзеге асыруға белсенді қатысады және бұқаралық спорт түрлері, фитнес, салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану және т.с.с. бойынша тақырыптық курстарда оқиды.

Негізгі жобалар:

– жастардың фитнес-қозғалысын дамытуға бағытталған «ЖасSport» жобасы. Жоба шеңберінде қаланың ықшам аудандары бойынша күнделікті бұқаралық жүгіру және апта сайынғы таңғы фитнеспен айналысу ұйымдастырылады. Бұл қызмет үшін жастар ұйымдарының адами қорын және еріктілерді тарту көзделген.



- Жастардың «NOMAD» әскери-спорттық чемпионаты. Әскери-спорттық бағдарлау бойынша кешенді ойын (ұлттық тағамдарды әзірлеу, киіз үйді жинау, атты саяхатқа әзірлеу, бәйге, қазақ күресі, садақпен ату, көшпелі бағдарлау және т.б.) көшпелі әдет-ғұрыптарға қызығушылық танытқан еліміздегі қалалар мен аудандар жастарының қатысуымен көшпелі үлгіде үш жылдар бір мәрте өткізіледі.

Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер – қалалық емхана жанынан жастардың барлық санаттары үшін «Сенім» жастардың денсаулық орталығының қызметі жалғасады және ерекше әлеуметтік қызметті қажет ететін жастар үшін «Сәтбаев жастары» жастар ресурстық орталығы жанынан мүмкіндігі шектеулі жастармен жұмыс бойынша әлеуметтік қызмет ұйымдастырылады.

6. «Парасат» - жастардың құқықтық мәдениетін арттыру және жастар арасында діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу.

Клубтық қозғалыс – «Әділет» медиация клубы жастарды кикілжіңдерді шешуге дайындау үшін медиаторлар жарысы үлгісінде қызмет етеді, сонымен қатар клуб мүшелері жастар ұйымдарына кодекстер мен нормаларды, жобаларды әзірлеумен айналысады, әлеуметтік желілер арқылы құқықтық сауаттылықты арттыруды жүргізеді.

Волонтерлік қозғалыс – «Парасат» еріктілер тобы. Еріктілер осы басымды бағыттың базалық жобаларын жүзеге асыруға белсенді қатысады және діни экстремизм, терроризм, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, Қазақстан Республикасының заңнамасы және т.с.с. бойынша тақырыптық курстарда оқиды.

Негізгі жобалар:

- «Рухани мұра» жобасы – дінтанушылармен, діни қызметкерлермен, мәдениет пен өнер қайраткерлерімен пікірталас кездесулерді өткізу, олармен бірге діни мейрамдарды, спорттық тартыстар мен мүшәйраларды және т.б. өткізу арқылы дінге бет бұрған жастардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған.

- «Жас сақшы» құқықтық тәртіптің жастар жасақтары ТжКБ студенттері мен еріктілердің қатысуымен құрылады. Жасақтардың негізгі міндеті – құқық қорғау органдарымен бірлесе қалада қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша шараларға қатысу. Сонымен қатар жасақтардыңк қатысуымен әскери-спорттық жарыстар өткізілетін болады.

Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер – ерекше әлеуметтік қызметті қажет ететін жастарға «Сәтбаев жастары» жастар ресурстық орталығы жанынан девиантты мінез-құлықты жастармен жұмыс бойынша әлеуметтік қызметтер және Сәтбаев қаласы әкімдігінің Дін мәселелерін зерттеу орталығы жанынан деструктивті діни ағымдардың қызметінен жапа шеккен тұлғаларға арналған дағдарыс орталығы ұйымдастырылады.

7. «Кәсіпқор» - жастардың кәсіптік бағдары және жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін жағдай жасау.

Клубтық қозғалыс – «SAGE Satpaev» жастар кәсіпкерлігі клубы. Клуб болашақ кәсіпкерлерді бағыттау және жетекшілік ету және әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша олимпиадалар өткізу үлгісінде қызмет атқарады.

Волонтерлік қозғалыс – «Кәсіпқор» еріктілер тобы. Еріктілер осы басымды бағыттың базалық жобаларын жүзеге асыруға, жастарға арналған әлеуметтік қызметтер жұмыстарына белсенді қатысады және кәсіпкерлік, кәсіби бағыттау, ағылшын тілі және т.с.с. бойынша тақырыптық курстарда оқиды.

Негізгі жобалар:

- Кәсіби даярлық бойынша «WorldSkills Competition» чемпионаты және ТжКБ студенттерінің кәсіби шеберлігі жарыстары. Чемпионат жыл сайын әртүрлі байқау құзыреттері бойынша ашық тәртіпте өткізіледі. Сонымен қатар чемпионат аясында қатысушыларға мәнді іскерлік бағдарлама және Future Skills форумы ұйымдастырылады.

- «ZhasCom» жастар корпорациясы жастарға өз ісін ашу үшін өндірістік қорларды ұсынады, жастарды кәсіпті жүргізудің дағдыларына және жобалық менеджментке үйретеді, жұмыс орындарын құру және тәлімгерлік арқылы жұмыссыздық және жастарда тәжірибенің жоқтығы мәселесін шешеді. Жұмыс үлгісі: жастарға жеке кәсіп үшін қорлар ұсыну, одан түскен кірістің бір бөлігін корпорация мен жастар саясатының мақсаттарын келешекте дамыту мақсатында алу.

- Жас кәсіпкерлер үшін бизнес-тағылымдамалар. Жоба аясында тәжірибе алмасу және кәсіби даму мақсатында Сәтбаев қаласындағы белсенді жас кәсіпкерлердің Астана, Алматы мен Қарағанды қалаларындағы орта және шағын кәсіпкерлік нысандарына бизнес-тағылымдамалар ұйымдастырылады.

Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер – «Сәтбаев жастары» жастар ресурстық орталығы жанынан жастардың барлық санаттары үшін жастардың кәсіптік бағдары бойынша әлеуметтік қызметтер ұйымдастырылады.

Жастармен атаулы жұмыс «Сәтбаев жастары» жастар ресурстық орталығы «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесе әзірлеген жастардың әртүрлі санаттарына арналған технологиялық пакеттер бойынша да жүргізіледі. Технологиялық пакеттер – жеке ерекшеліктер мен анықталған қажеттіліктерді ескере отыра, жастардың белгілі санаттарын дамытуға септесетін қызметтер мен жобалардың толық кешені.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет