9
Ей, бала, мені жібер, — деді. - Менің бес құлыным бар, бесеуін бесеуіңе
берейін, — деді.
Карағылыш оны қоя берді. Сонан соң кара бие құлын- дарын алып келіп,
ең
кішісін Қарағылышка берді, бөтен төртеуін төрт ағасына берді. Сонда бәрі
жарысқанда Қарағылыш озады екен.
ӘДЕП
Бір жұрттың бас әкімі екінші бір байға жолығысып сөйлесіп
тұрғанда, қасынан бір жарлы мұжық өтіп бара жатып иіліп, бас ұрып сәлем
берді дейді. Оған карсы әлгі үлкен әкім төре онан да төменірек бас ұрып сәлем
алды. Қа- сындағы бай:
Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, осы бір мұжыкка неге
сонша басұрасыз? - деп айтты дейді.
Сонда әкім:
-Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп, әдептілігін көрсеткенде,
мен онан әдепсіз болып қалай- ын ба? - деді дейді
ҚАНАҒАТ
Әзірет Әліден бір жүт келіп сұрады дейді:
- Толық байлык кайтсең
табылады?
Әлі айтты:
Қанағат ете білсең. Қанша мал көп те болса кана- ғаты жоқ кісі байлыкка
жеттім деп тоймайды. Қанша мал аз да болса,
барына қанағат ете білсе, бұл
адамның көңілі жайлы, тынышырак болады. Соның үшін Әзірет Әлі: байлық -
канағатта, - деді
МЕЙІРІМДІ БАЛА
Қытай жұртында ескі заң бар, біреуді алдағандығы мойнына түскен кісінін
қолын кесе-тұғын. Бір төре осындай іспен күнәлі болып, әлгі айтылған жазаны
бе- руге тұрғанда, күнәлі төренің жас кыз баласы «әкем үшін жауап беремін» деп,
мәлім болды. Қызды патшаға алып келісті.
Тақсыр патшам, - деді кыз, - менің әкем жазаға лайық болғаны рас, соның
үшін қолынан айрылуы ке- рек болды. Мінекей, тақсыр, әкемнің колы, -деп
өзінің қолын көтерді. - Бұл қол да менің жазықты болған атам- ның қолы, бірак
мұнымен бала-шағаларын асырауға шамасы келмейді. Бұйырыныз, тақсыр, осы
нашар
колын кесіп, жұмысқа жарап, бала-шағаларын
асырайтын қолын атама
калдыруға.
10
Патша баланың мұнша атасына мейірімділігіне ракы- мы келіп,
төренің
күнәсін кешті дейді.
Достарыңызбен бөлісу: