Реферат kz Қазақша рефераттар сайты саяси билік саясаттанудың негізгі проблемасы саяси



Дата01.07.2016
өлшемі77.16 Kb.
#169871
түріРеферат

САЯСИ БИЛІК – САЯСАТТАНУДЫҢ НЕГІЗГІ ПРОБЛЕМАСЫ

Саяси биліктің түрлері. Қоғам өзінің саяси жүйесінде әлеу­меттік міндеттерді билік арқылы, құқықтық заң-жобалар, на­нымдар және басқа шартты қалыптасқан дәстүрлер арқылы жүргізіп отырады. Бұл ретте саяси жүйенің өз ішінде саяси рөлдердің өзі бөлініп отырады. Мемлекет саяси билікті жүргізу­дегі ең негізгі буын болып табылады. Мемлекет мынандай си­паттармен айқындалады:

– бұқаралық билікті жүзеге асыратын адамдардың ұйымы, ол үшін нормалық-құқықтық және ақпараттық-идеологиялық жағдайларды қалыптастырып отырады;

– елдің барлық территориясын қамтитын жағдайда салық­тарды алып отыратын ұйым. Мемлекет саяси билікті жүргізетін құрылым екендігі белгілі.

Әр түрлі қоғамда мемлекеттің билігі де өзгеріп отырады, қызметінің түрлері де көбейіп отырады. Соңғы уақытта мемлекет үстем таптардың мүддесіне орай езілуші таптардың мүддесіне орай, езілуші таптардың қарсылығын басып отыратын аппарат деп келеді. Бұл дұрыс та. Тек бұл қырынан келіп қарау маркстік теорияны жете бағаламаумен бірдей. «Анти-Дюринг», «Л. Фейербах және неміс классикалық фило­софиясының ақыры», «Семьяның, жеке меншіктің және мем­лекеттің шығуы» деген еңбектерді талдай келіп, біз мынандай қорытындыларға келеміз:

– мемлекет адамзат қауымының немесе азаматтық қо­ғамның дамуына және еңбек бөлісіне қарай дамып жетілді;

– бұл процесс өз мүдделеріне сәйкес жаңа әлеуметтік топтардың шығуына әкелді;

– бұл бөлінудің өзі ортақ мүдделерді жүзеге асыру үшін қажетті функцияларды талап етеді;

– қарама-қайшы топтар арасындағы шиеленісті туғызып, олардың кейбіреуін басу қажеттігі туады;

– ортақ мүдделер мен функцияларды атқару қажеттігі шы­ғады.

Осы аталғандардан келіп биліктің төмендегідей маңызды функциялары шығады:

– мемлекеттің жалпыға бірдей мүддесін қорғау және белгілі бір тәртіпті сақтап отыру. Бұл алдымен ортақ мүддеге қарсы немесе экономикалық үстем таптардың мүддесіне қарсы шығушы жеке адамдар мен жіктердің мүддесін басуға бағыт­талады, одан кейін ел тұрғындарының мүдделерін үйлестіру және келістіру, үшіншіден, сыртқы шабуылдан қорғау.

– басқару арқылы ортақ мүддені қанағаттандыру – бүкіл қоғамның міндеттерін әкімшілік жолмен орындау.

Бірінші міндет қоғамның ыдырауына жол бермейтін қажетті­ліктен туады. Бірақ кей жағдайда қарсыласушы топтардың мүд­делеріне тағы басқа топтардың қосылуы мүмкін. Онда олардың ортақ мүдделерін таба білу қажет. Мемлекеттегі таптар мен жіктердің ымыраға келу жағдайын қарастыру болып табылады.

Мемлекеттің сыртқы дұшпандардан қорғалуындағы биліктің рөлі ерекше.

Елдің халқын басқару саласында мәселе күрделі болып келеді. Бұл мәселеде әр түрлі бағыттар бар. Бірінші бағыт мемлекеттің барлық функциялары елдің қоғамын тұтасымен басқару деп қарастырылады. Екінші бағыт атқарушы өкіметтің мемлекеттік басқару қызметі деп қарастырылады, заң шығару мен соттық билікті ескермейді. Мұны «әкімшілік» деп атайды. АҚШ-та оны бұқаралық «әкімшілік» дейді.

Жалпы теория мен практикада биліктің функцияларын: заң шығарушы, соттық және атқарушы деп бөледі. Мемлекет басшысының функциясы тағы бар. Билікті жүзеге асыратын подфункциялар да бар. Америкалық саясаттанушы Л. Уайт мемлекеттік басқару органдарын үш топқа бөледі:

штабтар – өзі орындай алатын шешімдерді қабылдай­тындар;

жедел қызметтер – штабтардың шешімдерін жүзеге асырушылар;

көмекші қызметтер – штабтар мен жедел қызметтердің қажетіндегі жұмысына жағдай туғызатындарды атайды.

Барлық мемлекеттік ұйымдар екі түрге бөлінеді: үкіметтің мемлекеттік органдары – жалпы мемлекеттік шешімдер қабылдайды; мемлекеттік басқару органдарының аппараты, олар мемлекеттік ұйымдар, мемлекеттік басқару, мемлекеттік аппарат деп аталады. Мемлекеттік ұйымдардың барлығын орталық және жергілікті деп екіге бөледі.

Бір сөзбен айтқанда, басқарушы, егеменді мемлекеттік органдар – саяси билік болып табылады. Ең бастысы «билікті бөлу» болып табылады. Социалистік мемлекетте билікті бөлісу жоқ, тек әр түрлі компетенциясы бар деген ұғым қалыптасқан. Ал компетенцияның өзі билікті бөлісу емес пе, марксизм-ленинизм классиктерінің өзі оны мойындайды. Қазіргі билікті бөлу мәселесінде Монтескьенің идеясы жатыр: заң шығару, орындаушы, сот билігі, оларға қоса мемлекет басшысының билігі бар. Билікті бөлу тұрғысынан саяси биліктің жұмыс істеуі: аралас билікте, билікті бөлісуде, биліктердің ынтымақтасып жұмыс істеу жағдайларында мүмкін болады. Аралас билікте мемлекет басшысы заң шығару, орындау, сот биліктерін аралас жүргізе алады.

Саясат ғылымында атқарушы билікке ерекше мән беріледі. Әкімшілік қызметтің барысы тұтасымен алғанда елдің жағ­дайына тікелей байланысты. Мемлекеттік басқару қашан бол­масын саяси басқару болып келеді. Атқарушы биліктің функ­циялары:

1 Егемендікті жүзеге асыру функциялары: а) мемлекеттің сыртқы жағдайдағы егемендігі мен тұтастығын қорғау; б) ішкі қарым-қатынасты сақтау, тәртіпті, ішкі тұтастықты сақтау; в) мемлекеттік-саяси жүйенің қызметін ұйымдастыру – сайлау науқаны, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар және басқа­лары.

2 Экономикалық функциялары. Қазіргі уақытта бір де бір мемлекет елдің экономикасын мемлекет тарапынан реттеуге қарсы емес. Мұнда туатын проблеманың ең бастысы саясат­тың экономикаға ықпал ету шегі мен оның берер нәтижелері. Экономикалық заңдылықтарды ескермей кету қатері бар. Сондықтан мемлекеттік билік экономиканың дамуына өте тиімді ықпал жасауы қажет. Социалистік мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей, саяси басшылық экономикалық бас­шылықты ауыстырмауы керек. Мемлекеттің функциясын бақы­лап отыру, дағдарысты жағдайларға жол бермеу, экономи­камен айналысқан мемлекеттік билікті тұтыну, қажеттілік өнді­рісінің қуаты мен ақиқаттың көлемін бақылап отыруы қажет.

Саясаттанушы Д. Кейнстің идеясы бойынша, нарықтық эко­номикадағы елдерде жұмыс қолы түгел қамтылуы керек, тұты­нушылардың тұтыну қабілеті өндіріс құралдарын өндіруге сәй­кес дамуы тиіс. Ол үшін мемлекет салық, бюджет, инвестиция­лық және несие саясатын қолдануы қажет. АҚШ сияқты елдер­де экономиканы реттеу сауда, мемлекеттік кәсіпорындар, транспорт, ғылыми-техникалық жұмыстар арқылы жүргізіледі:

– байланыс және коммуникациялық функциялар;

– әлеуметтік функциялар;

– мәдени-тәрбиелік функциялар.

Мемлекеттік аппараттың әкімшілік функциялары:

жағдайды, терең әлеуметтік құрылымдардың жағдайын талдау;

– бағдарламалық шешімдерді жасау;

– заңдық қызмет – бағдарламаларды заңдарға сәйкестен­діру арқылы талдау.

– финанстық қызмет – жеке бағдарламалардың бюджетін анықтау, мемлекеттің бюджетін әкімшілік жағынан дайындау.

Жеделдік (оперативтік) функцияларына:

– кадрлық қызмет;

– ұйымдастыру қызметі;

– ақпараттық-психологиялық жұмыс;

– бақылаушылық қызмет.

Ендігі бір маңызды мәселе мемлекеттік аппараттың жетекші партиямен байланысына қатысты. Бірпартиялық жүйеде ол белгілі. Ал көппартиялық жүйеде жетекші партия, үкіметтік партия басшы рөл атқарады.

Жергілікті өзін-өзі басқару мәселесін түсінуде азаматтық қоғам мен жергілікті мемлекеттік биліктің қарым-қатынасын талдап білу керек. Қазіргі кезеңде кейбір саясаткерлер жергілікті өзін-өзі басқаруды ұлтаралық шиеленісті өршіту үшін пайдалануды көздеуде.

Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметкерлердің мәртебесі туралы мәселе де маңызды орын алады. Қанша мемлекеттік қызметкерлер қажет? Парламентаризм және көппартиялық жағдайда билікке қабілеті жеткіліксіз адамдар келуі мүмкін. Сондықтан қазіргі жағдайда бұл барлық елдерді толғандырады. Оның өзі билік мәселесі бойынша техно­кратиялық теорияларды туғызуда. Оның мәні: үкіметтің билігінде ғалымдар, мамандар отыруы қажет деген сөз. Басқаша айтқанда, техниктер, инженерлер және ғалымдар басқаруы қажет. Бұл технократ-мамандардың билігі деген сөз.

Қоғам дамуында әлеуметтік процестердің техникалық, экологиялық, экономикалық, саяси, құқықтық, рухани күрде­лене түсуіне байланысты аталмыш проблеманы мамандарды қатыстыру арқылы шешудің қажеттігі шығады. Кейбір нақты мемлекеттік басқару органдарына мамандарды енгізу өзін-өзі ақтайтын практика: мәселен, консультанттар, кеңесшілер, сарапшылар, т.б. Практика көрсетіп отырғандай, маман мен саясаткерді үйлестіру мемлекеттік қызметке өте пайдалы адамды тартуға болатындығын дәлелдеп отыр. Батыс ел­дерінде мемлекеттік қызметкерлерді кеңінен дайындау және мамандандыру қолға алынған. Ол үшін социогуманитарлық, университеттік білім үстем болуда. Сонымен қатар лауазымы, шені, класность тобы, рейтингісі іскерлік қасиетіне берілген ұпайы ескеріледі.

Мемлекеттік құрылымның жүйесін айқындау екі түрлі жолмен белгіленеді: субординациялық-әкімшілік (командалық-бұйрықтық) және өкілділік-демократиялық (халықтың, өкіл­дердің қатысуымен) жолмен.

Мемлекеттік жүйелердің бірнеше типі бар: құл иеленуші, феодалдық, буржуазиялық, пролетарлық мемлекеттер. Жоғар­ғы биліктің субъектісі бойынша мемлекеттер: автократиялық, олигархиялық, демократиялық болады да, биліктің және оның органдарының құрылымы жағынан: монархиялық, республи­калық болып бөлінеді.



Олигархия – мемлекетті басқару тетігінің азғана топ адам­ның қолына көшуі. Оның мәні: өздерінше тіл табысқан, түсініс­кен, мақсат-мүддесі ортақ бір топ адамның ашықтан-ашық немесе құпия, әрі астыртын айламен мемлекеттік аппаратты, негізгі өндіріс құралдарды, банкілерді, қаржылық және әскери-жазалаушы күштерді қолына алу арқылы үстемдігін орнатуы.

Охлократия – қара тобыр халықтың билігі. Саяси режимнің қолға сирек түсетін ерекше түрі, мұндай жағдайда мемлекет­тік аппаратты басқару нормалық-құқықтық, моральдық құнды­лықтар мен дәстүрлер тәжірибесінде сыналған қатал негізде емес, саяси демагогтердің ықпалымен шапшаң өзгеріп отыра­тын қара тобырдың көңіл-күйі негізінде жүріп отырады.

Биліктің халық тобырының қолына өтуі қоғам мен мемле­кеттің дамуының аласапыран, өтпелі кезеңінде мүмкін болады, яғни дәстүрлі биліктің нағыз дағдарысы кезінде қоғамның мұндай жағдайы барлық кезде тиянақсыз болады, елдің халқының басым көпшілігінің тез арада-ақ наразылығын қоз­дырады. Және ол басқарудың, не демократиялық немесе авторитарлық түріне ұласып кетеді. Мұндай жағдай тарихта көп кездеседі.



Плутократия – байлыққа кенелген алпауыттардың биілігі. Біріншіден, саяси құрылыстың биілігі қоғамның ең бай, ықпалды тобының қолында болуы. Екіншіден, билікті үстем таптың ең ауқатты тобының жүргізуі. Аристотель мемлекеттің аталған үш түрін де қолайсыз мемлекеттер деп атаған.

Сонымен қатар қызмет жасауы (функционирование) жағы­нан субординациялық-әкімшілік және өкілдік-демократиялық болады, биліктің әрекет жасау сипаты жағынан: деспотиялық, диктаторлық, либералдық, бюрократиялық болып келеді, ал ұлттық-территориялық құрылымы жағынан: унитарлық, феде­ралдық, конфедералдық болып та бөлінеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет