Реферат Микроағза технологиясы бойынша Тақырыбы: Қоректік орталарды дайындау және залалсыздандыру Орындаған: 3 курс суденті



Дата11.10.2023
өлшемі25.02 Kb.
#480428
түріРеферат
Реферат Микроағза технологиясы бойынша Тақырыбы Қоректік ортала-emirsaba.org


Реферат Микроағза технологиясы бойынша Тақырыбы: Қоректік орталарды дайындау және залалсыздандыру

Қазақстан Респубикасының Ауыл шаруашылық министрлігі


С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университеті
Ветеринария және мал шаруашылығы факультеті
Микробиология және биотехнология кафедрасы
Реферат
Микроағза технологиясы бойынша

Тақырыбы: Қоректік орталарды дайындау және


залалсыздандыру
Орындаған: 3 курс суденті

Тобы: 03-050-19-11


Тұрғамбек Л.Б.
Тексерген: Микробиология және биотехнология кафедрасының асссистенті
Абдиева Н.Т.
Нұр-Сұлтан 2021
Жоспар
Кіріспе

  1. Пайдалану мақсатына қарай қоректік орталардың топтары....................................................................3,4


Негізгі бөлім


2. Қоректік орта дайындау....................................................................5,6
2.1. Өсімдіктерді өсіруге қажетті қоректік орта........................................................................7
2.2. М.Бейеринк ұсынған жинақ орта...................................................................8
2.3. Қоректік орталарды жасау принциптері..............................................8
2.4. Қоректік орталарды залалсыздандыру..............................................8
3. Қорытынды........................................................................9
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................10
Кіріспе
  1. Пайдалану мақсатына қарай қоректік орталардың топтары


Пайдалану мақсатына қарай қоректік орталар 4 негізгі топқа бөлінеді:


А) Әмбебап қоректік орта.Бұл орталарда хемогетеротрофты, арнайы органикалық заттарды қажет етпейтін микроорганизмдердің көптеген түрлері өседі.Бұл орталарға бактериялар жақсы өсетін ет-пептонды сорпасы және ашытқы саңырауқұлақтарға лайықты сусло жатады.
Б) Арнайы орта.Ерекше органикалық заттарды қажет ететін және әмбебап ортада өспейтін хемоорганотрофты микроорганизмдерді өсіретін орта. Мысалы, спирохеталарға көмірсутегі мен аминқышқылдардан басқа, ұзын тізбекті майлы қышқылдар қажет. Олар қан сарысуы құрамына кіреді. Сондықтан спирохеталарға арналған қоректік ортаға қан не қан сарысуын қосады. Ал кейбір теңіздерде тіршілік ететін бактериялар, мысалы,Marinomonasтуысына жататындар, теңіз суына қажетті болады.
С) Элективті немесе таңдамалы орта.Бұл орта табиғи субстраттардан (топырақ, су, тағамдардан, өсімдік пен жануарлардан) микроорганизмдердің жеке топтарын бөліп алуға арналған. Оларды микробиологияға С.И.Виноградский енгізді. Элективті деп микроорганизмдердің белгілі бір тобының немесе түрінің өсуіне қажетті құрамы ерекше қоректік орталарды атайды. Элективті ортаны жасау барысында микроорганизмдердің физиологиясын және зат алмасуын, олардың қоректік зат көзіне талғамын, ортаның қышқылдылығын, оттектік мөлшерін, температураны және т.б жағдайларды ескеру қажет.
Мысалы, азот қоспалары жоқ минералды ортада, жарық көзі бар жағдайда, молекулярлы азот сіңіруші көк жасыл балдырлар жақсы өседі. Осы ортаға қосымша органикалық энергия көзін және көміртегі көзін қосып, қараңғы жағдайда аэробты, азот сіңіруші Azotobacter-діөсіріп алуға болады. Ал осы ортада оттексіз жағдайда тежесе, анаэробты, азот сіңірушіClostridium дамиды. Құрамы әр түрлі элективті қоректік орталарды пайдаланып, түрлі фототүзуші бактерияларды бөліп алуға болады. Мысалы, күкіртті фотосинтездеуші бактерияларды бөліп алу үшін органикалық заттар жоқ қоректік ортаны пайдаланады. Ол ортада сульфидтің бар-жоғына және оның мөлшеріне байланысты әр түрлі бактерияларды бөліп алуға болады.
Сонымен, органика және сульфид жоқ ортада азот сіңіретін цианобактериялар өседі. Ал осы ортаға сульфидті қосса, оның мөлшеріне қарай не жасыл, не қара-қошқыл күкіртті бактериялар өседі. Органикалық ортада қара-қошқыл күкіртті бактериялар басым болады.
Д) Дифференциалды-диагностикалық орталар.Бұл орталарды жалпы микробиологияда әр түрлі субстраттардан бөліп алынған бактериялардың физиологиялық-биохимиялық қасиеттерін анықтап, оларды жіктеу үшін пайдаланады. Ал медициналық және ветеринарлық микробиологияда оларды ауруларды қоздыратын бактерияларды анықтау үшін қолданады. Бұл орталар бактериялардың белгілі бір ферменттерінің, мысалы, каталаза, оксидаза, протеаза, фосфотаза, желатиназа және гемолитикалық ферменттердің бар-жоғын анықтау үшін қажет. Оған қоса, дифференциалды-диагностикалық орталар бактериялардың энергия көзі ретінде қандай заттарды қай жолмен пайдаланатынын анықтауға мүмкіндік береді.
Негізгі бөлім

  1. Қоректік орта дайындау


Жекеленген мүшелерді, ұлпаларды, жасушаларды және протопластарды сәтті өсірудің негізгі шарттардың бірі қатал зарасыздандыруды сақтау. Жасанды өсіруге арналған қоректік орталарда өсімдік ұлпаларда, жасушаларда микроорганизмдер жақсы дамиды да өсірілетін материалға қауіп туғызып жатады, сондықтан да мұқият зарасыздандыру өте қажет. Организмдердің тіршілік әрекеті нәтижесінде қоректік орталардың құрамы өзгереді. Одан басқа жкелеленген ұлпалар мен жасушалар протопластар ерекше тез микроорганизмдермен зақымданады. Сондықтан да барлық зертханалық жұмыстар жекелеген мүшелер, жасушаларн мен ұлпалар және өсімдік протопластары бойынша ламинар – бокстарда өткізіледі. Жұмысқа қажетті барлық материалдар, мақта пробкалары, қоректік орталар, өсімдік материалдар, ыдыстар, инструменттерді және боксты зарасыздандырылады.


Шоғырланған жасушалар мен ұлпаларды өсіруге арналған қоректік орталарда өсімдіктерге қажетті барлық макроэлементтер, дәрумендер, көмірсулар, фитогормондар болуы тиіс. Кейбір қоректік орталарда гидролизат казеині мен белгілі бір аминқышқылдар болады. Осыдан басқа қорктік орталардың құрамына ЭДТА (этилендиаминтетрасірке қышқылы) немесе оның натрий тұзы жасушаларға темірді жеткізуге белгілі бір рН болады. Шоғырланған ұлпалар мен жасушаларды өсіру кезінде қоректік орталарда қажетті компоненттің бірі көмірсулар болып саналады, себебі олар автотрофты қоректенуге қабілетсіз болады. Әдетте көмірсулар көзі ретінде сахароза немесе глюкозаны 20 – 40 г/л концентрациясында қолданады. Жасушалар дифференциясы және жасушалық бөліну индукциялары үшін өсу реттеушілер қажет. Сондықтан да калустық ұлпаларды алу үшін қоректік орталардың құрамына жасушаның дедифференцировканы тудыратын аусиндер мен цитокиндер кіруі керек.
Әдетте қоректік орталарда ауксиндердің көзі ретінде 2,4 дихлрфиноксисірке қышқылын (2,4-Д), 1 – 10 мг/л; индолилсірке қышқылын (ИСҚ) (ИУК) 1 – 30мг/л және нафтилсірке қышқылын (НСҚ) – 0,1 – 2 мг/лпайдалынады (ИСҚ) 2,4 Д қарағанда 30 есе аздау болады. Каллус пайда болу индукциясына әдетте ауксиндердің жоғары концентрациясын пайдаланады, ал кейінгі көшіріліп отырғызу кезінде ұлпа өседі де ортадағы ауксиндердің құрамы бірнеше есе азайтлады.
Жасанды қоректіе қоспаларда цитокиндердің көзі ретінде кинетин 6 – бензилалинопурин (6-БАП),зеатин (0,001 – 10 мг/л) кинетинге қарағанда зеатин мен БАП шоғырланған ұлпалардың өсуін және органогенез индукциясын реттеуде белсендірек болады. Кейбір қорктік қоспалардың құрамына аденин кіреді.
Жеке қоректік орталарда ауксин мен цитокиндерден басқа гибберел қышқылы да (ГҚ) болады. Кейбір жағдайларда қорктік орталарға өсімдік экстрактылары мен шырындарын қосады. Өсуін ең белсендіргіш қасиеттке кокос мен сұйық кокос жаңғағының сұйық эндоспермі ие
Қатты қоректік орталарды дайындау үшін теңіз балдырлардан алатын агар – агар полисарид пайдалынады. Әдетте қатты қоректік қоспаны алу үшін ортаға 5 – 8 % қосады.
Макротұздардың микротұздардың және дәрумендердің ерітінділерін концентрленген түрде дайындау ыңғайлы. Маточный ерітінділерді тоңазытқышта, ал дәрумендерді теріс температурада сақтау керек.
Макротұздардың ерітінділерін 10 – 20 есе концентірленген, микротұздардың 100 – 1000 есе болса, ал дәрумендердің ерітінділері 1000 есе концентрленген болып дайындау керек.
Жасушаларды, ұлпаларды және өсімдіктердің белгілі бір мүшелерін өсіру үшін қоректік орталардың әр түрлі құрамын қолданады.
    1. . Өсімдіктерді өсіруге қажетті қоректік орта


Өсімдіктерді өсіруге қажетті қоректік орта (Мурасиге - Скуга) Қазіргі кезде өсімдік жасушалары мен ұлпаларын өсіруге айтарлықтай көп көңіл бөлінуде. In vitro жағдайында өсімдіктерді өсіру іргелі реттеулер болып табылатын өсімдіктер генетикасы, физиологиясы, цитологиясы және молекулярлық биология сияқты ғылым салаларын дамыта отырып ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін жоғарлатып, сапасын көтеруде маңызды роль атқарады. Өсімдік шаруашылығы бүтін өсімдіктерді өсіріп көбейтеді, ал өсімдіктер биотехнологиясында істелінетін жұмыстар жасанды қоректік ортада өсетін өсімдік материалдарын (жасушалар, ұлпалар, мүшелер) пайдалануға негізделген. Зерттеліп жатқан нысандарға сипаттама: Өсімдіктер биотехнологиясының негізгі нысандары, ол тұтас өсімдіктерден оқшауланып алынған жасанды қоректік ортада асептикалық жағдайда өсірілерін жеке жасушалар, ұлпалар және өсімдік мүшелері. Өсімдік жасушалары іn vitro жағдайында қайтадан эмбриондық күйіне айналып, тұтас өсімдіктерге бастама бола алады, олардың бір қалыпты өсуге , гүлдеуге және ұрпақ беруге қабілеті бар. Қоректік ортада өскен өсімдік жасушаларының осындай ғажайып қасиетін тотипотенттілік деп атайды. Бұл құбылыс қазір биотехнологияда селекция жұмыстарын тездету мен жеңілдету және өсімдіктерді көбейту үшін табысты түрде қолданылуда. Тағы да ескеретін жағдай, ол жасушаларды жасанды ортада өсіру әдісі, дағдылы селекция әдістеріне қарағанда генетикалық жағынан өзгерген өсімдіктерді тез алуға мүмкіндік жасайды. Жасушаларды жасанды ортада өсіру әдістері алдымен генетикалық базисті кеңейтіп селекцияның тиімділігін арттырады.


    1. М.Бейеринк ұсынған жинақ орта


Жинақ ортаны М.Бейеринк ұсынды. Мұндай орталарда қандай да бір компонент артық мөлшерде болады. Сонда сол компонетті пайдаланатын микроорганизмдер өседі, яғни олар доминантты болады. Бұл орталарды табиғи субстратта саны аз бактерияларды бөліп алу үшін қолданады. Жинақ және элективті орталарды қолдану әдістері ұқсас болса да, олардың арасында айырмашылықтар да бар. Элективті орталарды қолданғанда, зерттейтін сынамаларды тікелей тығыз қоректік ортаға егіп, колонияларды бөліп алады. Ал жинақ орталарды қолданғанда, оларды, алдымен, сұйық ортада өсіріп алып, содан кейін тығыз қоректік ортаға егеді.


2.3.Қоректік орталарды жасау принциптері

Микроорганизмдерді лабораториялық және өндірістік жағдайда өсіру үшін жасанды қоректік орталар дайындалады. Микроорганизмдерді зерттеу барысында, көбінесе, синтетикалық (құрамы жағынан қарапайым) орталар пайдаланылады.Синтетикалық орта деп - белгілі бір химиялық қоспалардан тұратын орталарды атайды. Бұл орталардың негізін минералды заттар құрайды. Минералдардың негіздеріне энергия, көміртегі, азот көздерін қосып, күределілігі әр түрлі қоректік орталарды дайындауға болады.


Құрамында күрделі заттар, ашытқы экстрактісі, ашытқы автолизаты, пептон немесе ет экстрактісі қосылған орталарды күрделі орта деп атайды.
    1. Қоректік орталарды залалсыздандыру


Микроорганизмдерді өсіруге арналған қоректік орталарда басқа микроорганизмдердің тірі клеткалары және олардың споралары мүлде болмауы керек. Бөгде микроорганизмдерді жою үшін арнайы залалсыздандыру әдістерін қолданады. Бұл мақсатта, көбінесе, жоғары температураның әсерін пайдаланады. Температура микробтардың өсуіне лайықты деңгейінен жоғарылаған сайын, оның әсері күшейе түсетіндігі бұрыннан белгілі. Температураның әсерін микроорганизмдер популяциясының белгілі бір бөлігін жою үшін қажетті уақытпен сипаттайды.


  1. Қорытынды


Қорытындылап айтар болсақ, қазіргі таңда микробиология саласында қолданылып жүрген қоректік орталар мен оларды өсіру,залалсыздандыру, жасау принциптерін қарастырдық. Сонымен қоректік орталар пайдалану мақсатына қарай үлкен 4 топқа бөлінеді.


1. Әмбебап қоректік орта
2. Арнайы орта
3. Элективті немесе таңдамалы орта
4. Дифференциалды-диагностикалық орта
Бөлмелерді, өсімдік материалдарын, ыдыстарды, инструментерді, қоректік орталарды зарасыздандыру техникасын білу және жасанды қоректік орта үшін маткалық ерітінділерді дайындау әдістемелерін білу.
Өсімдіктерді өсіруге қажетті қоректік орта (Мурасиге - Скуга) Қазіргі кезде өсімдік жасушалары мен ұлпаларын өсіруге айтарлықтай көп көңіл бөлінуде. In vitro жағдайында өсімдіктерді өсіру іргелі реттеулер болып табылатын өсімдіктер генетикасы, физиологиясы, цитологиясы және молекулярлық биология сияқты ғылым салаларын дамыта отырып ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін жоғарлатып, сапасын көтеруде маңызды роль атқарады.
Осы оптардың қатарына М.Бейеринк қоректік ортаның тағы бір түрі жинақ ортаны қосты. Осылайша қоректік орталарды өсіру заңдылықтарын игере отырып өз қажетімізге пайдаланамыз.
Синтетикалық орта деп - белгілі бір химиялық қоспалардан тұратын орталарды атайды. Бұл орталардың негізін минералды заттар құрайды. Минералдардың негіздеріне энергия, көміртегі, азот көздерін қосып, күределілігі әр түрлі қоректік орталарды дайындауға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1 М.Х.Шығаева, Ә.Т.Қанаев «Микробиология және вирусология». Алматы, «Қазақ университеті» баспасы, 2008ж. (106бет; 116 бет, 118бет)
2 Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет.
3 Тұрашева, С.Қ. Клеткалық биотехнология: Оқулық / С.Қ. Тұрашева; ҚР білім және ғылым м-гі.- Алматы: Дәуір, 2011
4 Муромцев Г.С. Бутенко Р.Г. Основы сельскохозяйственной биотехнологии. М.: ВО Агропромиздат, 1990.384с.
5 Культура клеток и биотехнология. М.: Наука, 1986.285с.

http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет