Реферат
Орындаған:Айтанова Гулдана
Тексерген:Мұрат Дәулетпай
Сарань
2022
Кіріспе
І-тарау. Классикалық қозғалыс әрекетінің техникасын үйретудің теориялық негіздері.
Шаңғы тебу техникасына үйренуге оқушыларды дайындау
негіздері
Шаңғымен қозғалудың классикалық тәсілдерін үйрету техникасы мен әдістері
Оқушыларға классикалық қозғалыс әрекетінің техникасы бойынша сабақтарды ұйымдастырудың жалпы мәселелері
ІІ-тарау. Классикалық қозғалыс әрекеттердің техникасын үйретуде дене шынықтыру ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.
2.1 Классикалық қозғалыс әрекеттерінің техникасы бойынша сабақтар жүргізуге қойылатын жалпы әдістемелік ұсыныстар
2.2. Классикалық қозғалыс әрекетінің техникасын үйретуде қолданылатын ойын әдістері
Қорытынды
Кіріспе.
Шаңғы спорты – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Балалардың жан - жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз. Біздің елімізде кәсіподақтардың бірыңғай ерікті дене шыңықтыру- спорт қоғамдары құрылған. Оның негізгі міндеттерінің бірі балалар мен жеткіншектердің арасында дене шынықтыру – сауықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тәрбиесінің негізі балалық және жеткіншектік жаста қаланады. Тек қана осы кезеңде дене жаттығуларымен айналысу кажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады, спортқа қызығушылық калыптасады.
Мектеп жасындағы балаларды ауықтыру және үйлесімді дамыту мақсатында дене тәрбиесінің аса маңызды құралдардың бірі – шаңғы дайындығы. Айтылған кұрал өсіп келе жатқан ағза үшін маңызды сауықтыру мәнге ие. Бұл біріншіден, дене жаттығуларының арқасында қоршаған ортаның жағымсыз факторлары мен жұқпалы ауруларға ағзаның қарсылығы артатындығымен түсіндіріледі. Басқа сөзбен айтқанда, денесі мықты және шыныққан адам сирек ауырады. Екіншіден, өсу мен даму процесі ынталандырылады, жылуды реттеу реакциясы жетілдіріледі, яғни салқыннан болатын сырқаттануға қарсылық артады. Үшіншіден, ақыл-ой және дене қабілеттерінің артуына себепкер болатын шыдамдылық, күш, жылдамдық пен икемділік секілді қасиеттер дамиды. Шаңғымен қозғалу кезінде ағзаға оң әсерін тигізетін қолдың, аяқтың және кеуденің барлық негізгі бұлшық еттері жұмыс істеуге қатысады. Шаңғымен жүру және жүгіру оқушының жүрек-қантамырына, тыныс алуына және жүйке жүйесіне пайдалы әсер етеді. Ақырында, дене жаттығуларымен айналысу жағымды эмоционалды жағдайды туғызады, сергектік пен сенімділік қолдайды, балалардың шыдамдылығын, икемділігін, ептілігін дамытады.
Шаңғы спортымен шұғылдану кезінде жас, жыныс, ағзаның жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерінің есепке алынуы керектігі есте болғаны жөн. Басты талаптардың бірі – дене тәрбиесімен спортпен айналысу тәртібін сақтау, яғни олардың жүйелілігін, жүктемелердің біртіндеп арттырылуын, сабақ өтілетіндей жағымды жағдайларды әр түрлі құралдар мен формаларды кешенді түрде пайдалану. Мектеп бағдарламасында шаңғы дайындығы 1 –сыныптан бастап міндетті бөлім ретінде енгізілген. Шаңғы дайындығы сабағында негізгі білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру міндеттері шешіледі.
Көптеген дене шынықтыру мұғалімдері шаңғы дайындығын ұйымдастырумен байланысты әр түрлі мәселелерге кездеседі, олар: спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, шаңғыларды сақтау орнымен, сабақ тартымды, дәстүрлі емес және тиімді өтуі үшін қайда, қай алаңқайда, қалай ұйымдастыруға болады? Міне, сондықтан классикалық шаңғымен жүрудің техникасын оқыту әдістері төңірегіндегі зерттеулер аса өзекті болып табылады. Осыған орай мен «Шаңғы дайындығы бойынша қозғалыс іс әрекеттерін оқыту әдістемесі» тақырыбын таңдап алдым.
Зерттеудің объектісі: классикалық шаңғы тебудің техникасы.
Зерттеудің пәні: классикалық шаңғы тебу техникасын үйрету әдістері.
Зерттеудің мақсаты: 5-7 сынып оқушыларына классикалық шаңғы тебу техникасын үйрету әдістерін ұйымдастыру ерекшеліктерін қарастыру.
Зерттеудің міндеттері:
Оқушылардың шаңғы тебу техникасын үйренуге дайындық негіздерін қарастыру
Шаңғы тебуде қозғалудың классикалық тәсілін үйрету техникасы мен әдістерін меңгерту.
5-7 сыныптар үшін классикалық шаңғы тебу техникасы бойынша сабақ жүргізуге қойылатын әдістемелік нұсқаулықтарды дайындау.
Зерттеудің жаңалығы: Бұл жұмыста алғаш рет әр түрлі мәліметтер көзі мен ғылыми еңбектерді пайдалану арқылы оқушылардың шаңғы дайындығының барлық қырлары нақты қарастырылады және талданады. Ерекше назар 5-7 сыныптар аралығындағы кезеңге аударылады, өйткені негізгі оқу жүктемесі осы уақытта өткізіледі.
Зерттеудің өзектілігі: Зерттеу барысында жасалған сабақ өткізуге қойылатын тәжірибелік ұсыныстар мектептегі дене тәрбиесі бағдарламасында қолданыс табуы және оқушылардың шаңғы дайындығы әдісін өңдеуде, одан әрі зерттеуде теориялық база ретінде, жалпы ғылыми материал ретінде қолданылуы мүмкін.
Ғылыми болжамы: Классикалық шаңғы тебу қозғалысы бойынша жаттығулардың ойындық жаттығулармен және тапсырмалармен дұрыс сәйкес келуі 5-7 сынып оқушыларымен шаңғы дайындығы сабағында білім сапасын жақсартуға әсер ететін болады.
Зерттеу әдістері:Зерттеу, теориялық материалды жүйелеу және өңдеу, эмпиризмдік бақылау, қалыптасқан тәжірибені талдау.
І-тарау. Классикалық қозғалыс әрекетінің техникасын үйретудің теориялық негіздері.
Шаңғы тебу техникасына үйренуге оқушыларды дайындау
негіздері
Қозғалыс дегеніміз – өмір. Шындығында қозғалыс – ағзаның биологиялық қажеттілігі. Күнделікті өмірде адам әр түрлі қозғалыстарды жасайды, олардың жиынтық көлемі қозғалыс белсенділігі деп аталады. Сөйтіп, қозғалыс белсенділігі адам қызметінің таптырмайтын факторы бола отырып, тек оңтайлы көлемде және қолайлы күн режимінде ғана өсіп келе жатқан организмге сауықтыру әсерін тигізеді.
Мектеп бағдарламасында оқушылардың шаңғымен қозғалудың негізгі тәсілдерін білуі мен дағдыларын меңгерту, өзіндік жұмыс жасау дағдыларын, теориялық мәліметтерді білуі; жалпы еңбекке қажеттілік пен негізгі физикалық және моральдық–ерікті қасиеттерін дамытуды нығайту қарастырылған. Сыныптан сыныпқа жоғарылаған сайын оқу нормативтері, оқушылардың физикалық дайындығына талаптар жоғарылайды. Олардың өту арақашықтарының үлесі мен уақыты қысқарады.
Бағдарламада шаңғы дайындығы бойынша сабақтарды өткізу шаңғымен сыныптан тыс жұмыстарды жүргізумен тығыз байланыста қарастырылады. Шаңғымен сауықтыружәне спорттық-көпшілік ойындар жиі ұйымдастырылып тұруы керек.
Бүкіл әлемде спорттық шаңғы тебу түрі қысқы спорт түрінде белгілі болды. Оның табиғатпен байланысы және адамға деген пайдалылығымен үлесі зор. Шаңғы спорты адам денесін қалыптастыруға үлесі зор. Адам тұлғасының мәдениеті – бұл оның маңызды, материалдық және рухани құндылықтарды құру мен тұтынудағы шығармашылық қызметінде қолданатын әдісінің жоғарғы даму деңгейі. Адамның негізгі күш-қуаты тек оның қызметінде, ең алдымен еңбек нәтижесінде көрінеді. Тек қана, еңбек іс-әрекеті арқылы адам қоғамға өзгеріс енгізе алады және өзінің күші мен қабілетін іс жүзінде көрсете біледі. Мұндай іс-қимылды педагогикалық зерттеулерде «мәдени әрекет» деп түсіндіріледі. Дене мәдениеті қоғамдық кұбылыс ретiнде пайда болып, калыптасты және дамыды. Құрылу ерекшелiктерi мен қызмет ету жүйесi жайлы өзiнiң заңдылыктары бар ғылымның саласы болып табылады. Дене мәдениетінің мәнiн түсiну үшiн алдымен олардың мағыналы мазмұнын анықтап алу қажет. Бiрiншiден, дене мәдениеті — адамның денсаулығын нығайтып, күш — жiгерiн арттыруға, козғалыс белсендiлiгiн жетiлдiру мақсатында қоғамның жасайтын және пайдаланатын рухани, материалдық құндылықтарының жиынтығы.
Қалыптасқан өмір салты, еңбек ету мен дене тәрбиесінің жүйесі балалар мен жеткіншектердің күнделікті қозғалыс белсенділігін өзгертуі, не төмендетуі, не оны арттыруы мүмкін. Кіші жастағы балаларда тәуліктік қозғалыс белсенділігі көп жағдайда тұқым қуалаушылық негізде қалыптасатын, биологиялық себептермен реттеледі. Үлкен жастағы балаларда әсіресе жеткіншектерде, ол әлеуметтік жағдайлардың әсерімен қоғамдық тәрбие беру барысында жекелей қалыптасады.
Дене тәрбиесі мен спорттың барлық құралдары мен түрлерін дұрыс пайдалану арқылы ғана оңтайлы қозғалыс белсенділігіне жетуге болады. Мектепке дейінгі мекемелердегі,мектептердегі және КМТ- дегі оқыту мен тәрбиелеу бағдарламаларымен қарастырылған дене дайындығының міндетті түрлері және үйде дербес шұғылдану әрбір оқушыға қолайлы.
Шаңғының дамуының адамзат тарихында өзіндік орны бар. Шаңғы адамзат үшін спорт ретінде емес, қардың бетінде қозғалып жүру үшін керектігімен дамыды. Кейін келе, жылдамдықпен жүру үшін шаңғының жаңартылған-дамыған түрлері дайындала бастады. Шаңғы тепкен адам өзін шапшаңдық пен төзімділікке шыңдап қана қоймай, сонымен қатар жақсы тынығады.
Шаңғымен жылжудың дұрыс техникасы дегеніміз - қимыл жүйесі, олар арқылы шаңғышы өз қимылының жоғары жетістігіне жетеді. Басқаша айтқанда, шаңғымен жылжу техникасы шаңғышыға белгілі бір нәтижеге жету үшін оның дене күшінің дамуына сәйкес келетін мүмкіндігін жүзеге асыруға көмектесуі керек. Алайда егер шаңғышының жұмыскерлік қабілеті төмен болса, ең дамыған техника да жоғары спорттық жетістіктерге әкелмейді. Және керісінше, егер қимыл әрекеттері жақсы дамыған спортшы дамыған техниканы меңгермесе, спорттық жетістіктерге жете алмайды. Бұл техника мен спортшының дене бітімінің күш жұмсау қабілетінің өзара байланыстылығымен түсіндіріледі. Шаңғымен жылжу техникасының көрсеткіштері табиғилық, нәтижелілік, жылдамдық және үнемділік болып табылады.
Табиғи жүріс - шаңғы тебудің негізгі қозғалысы. Табиғи жүріспен жүргенде, айталық оң аяқ алдыға шықса сол қолмен таяну, сол аяқ алдыға шықса оң қолмен таяну арқылы шаңғымен жүру жалғасады. Жүгіру де осылай орындалады. Шаңғы тебу барысында трассаның бойында жота, еңіс, қия бет, т.б. кедергілі жерлермен өтуге тура келеді. Сондықтан жылдамдықты арттыру үшін өрлеу жерлерде таяқты алма-кезек пайдаланып, итеріліп отыру керек. Жазық жерде әдеттегідей табиғи жүріспен жүруге болады.
Оқу орнының арнаулы белгіленген шаңғы тебетін, яғни, сабақ өткізетін алаңы болады.
Шаңғыны бұрын салынған шаңғы ізімен жүргізіп сабақ өткізеді.
Шаңғы пайдалану мазмұнына қарай төрт түрге бөлінеді:
оқу-үйрену шаңғысы;
жарыс жолына шығатын жүгіру шаңғысы;
тау шаңғысы;
туристік шаңғы.
Шаңғы тебуді үйрену арнайы ережелерді талап етпейді. Жаттығуларды қарапайым жай жүрістен бастаған дұрыс. Егер сіз шаңғы тебуді үйренем десеңіз, келесі бірнеше кеңеске құлақ түру қажет.
Шаңғы тебуді үйренудің қарапайым тәсілі – екі аяқпен адымдап, алға қарай сырғанау. Осы әдіс екі аяққа салмақты алма-кезек түсіруге негізделген. Адам сол аяқпен адымдағанда таяқ ұстаған қолды алға, ал оң аяқпен адымдағанда сол қолды алға қарай сермейді. Осылайша, алма-кезек адымдау кезінде таяқ жерді бір рет қана тірейді. Бұл әдіс шаңғы ізімен жүргенде де, қар енді ғана түскенде де қолданылады. Шаңғы ізімен немесе өрден төмен сырғанағанда, екі аяқты қатар қойып, таяқпен қос қолдап, серпе сырғанаған тиімді. Осындай әдісте екпін алу үшін бірнеше адым алға жасап, қос қолдап таяқпен серпу керек. Шаңғы тебудің қарапайым әдістерін меңгеріп алғаннан кейін, оның күрделі түрлерін серуенге шыққан сайын жетілдіруге болады. Шаңғыға алғаш рет тұрғанда, серуен 3 шақырымнан аспауы тиіс. Әдетте шаңғы тебуді кәсіпке айналдырған адам 10 шақырым жүре алады.
Бұл спорт түрімен айналысқанда киетін киім-кешекке де көңіл бөлген дұрыс. Ең бастысы киетін киім жеңіл, әрі жылы болуы тиіс. Тізеден төмен түймеленетін қысқа шалбар мен жүннен тоқылған жылы шұлық кию артық болмайды. Шаңғышының ішкі киімдері де жүн матасынан тігіледі. Шаңғы тебудегі ең басты атрибутика ретінде аяқ киімді айтсақ, қателеспейтін шығармыз. Шаңғы тебудегі ең ыңғайлы әрі жылы аяқ киім – табаны қатты, былғарыдан тігілген етік. Әдетте, аяқ-киімнің өлшемі күнделікті киіп жүрген етіктен кең болады. Сондықтан, аяқ-киім таңдауда арнайы кеңесшілердің сөздеріне құлақ түрген жөн. Қолға бес саусақты биялай емес, былғары қолғап киген дұрыс.
Қандай зат болмасын уақыт өте келе тозатын бір қасиеті бар. Шаңғыны дұрыс пайдаланып, табанына арнайы май жақса, бұл спорттық бұйымның ескіруін мейлінше баяулатады. Ауа райына байланысты жағылатын майдың бірнеше түрі болады. Егер ауа райы құбылмалы болып, жерде көбік қар жатса, сарғыш түсті май пайдалану керек. Шаңғыны майлаған кезде бірнеше ереже есте сақтаған дұрыс. Біріншіден, шаңғы табаны құрғақ әрі таза болуы тиіс; майды шаңғының табанына біркелкі етіп жаққан дұрыс. Шаңғыменайналысатынадамныңшаңғыбаптайтынөзқұралдарыболады 5-6 сыныптарда екі адымды алма-кезек жүру техникасын үйрету және толық жетілдіру одан әрі жалғастырылады. Бір мерзімді жүрулер 5-7 сыныптарда үйретіліп толық жетілдіріледі. Пайдалану үшін щаңғы арнаулы бәтеңкеге бекітіледі. Жалпы шаңғы тебудің қалай қозғалатындығын, жер бедеріне байланысты қалай сырғанау керек екендігі жөнінде, әсіресе, еңіске түсу, өрге шығу, т.б. қозғалыстардың айла-тәсіліне жеке тоқталу қажет. Бұл кезде төрт адымды алма-кезек жүру техникасы үйретіле бастайды.
Шаңғы дайындығы сабағында бір мезгілде жүруді үйрету 5-сыныпта адымсыз жүруден басталады. Бір мезгілде адымсыз жүру қозғалу үйлесімдігі жағынан біршама қарапайым және оны үйренуде балалар үшін аса қиындық тудырмайды. Негізі бұл жүрудің басты қозғалу схемасын меңгеру қажет. Жүруді үйрену жеткілікті түрде сәтті өтеді, өйткені ол үйлесіміділік жағынан өте қарапайым. Бір мезгілде екі адымды жүрудің келісімді қозғалысына қол жеткізгеннен кейін, көбіне балалардың аяқ алысының әлсіздігі, адамдарының ұзындығы бойынша бірдей еместігі, таяқтарды алға созуда үйлесімділікті бұзуы секілді қателіктеріне назар аударылады.
Бір мезгілдегі екі адымды жүруді жетілдіре отырып, бір мезгілде бір адымды жүру негізгі және шешуші нұсқасы үйретіледі.
Бір мезгілде бір адымды жүру шаңғымен қозғалу кезіндегі біршама жиі қолданылатын, сырғанаудың жоғары жылдамдығын 8 м/с дейін дамытуға мүмкіндік беретін басты тәсілі. Бұл жүріс көбіне жазық далада жақсы сырғанау кезінде және таяқ үшін қатты таяныш кезінде қолданылады. Сырғанаудың нашарлау жағдайында оны көлбеу түсуге алмастыруға болады. Өте жақсы сырғанау кезінде жоғары білікті шаңғышылар осы жүрісті қолдана отырып, басында көлбеу көтерілуден (жазықтықта көтерілуде жоғары жылдамдыққа көшу кезінде) өте алады. Бір мезгілде жүрудің циклы бір рет сырғанақ адымынан және кейін екі шаңғымен де жылжу үшін бір мезгілде таяқпен сермеуден тұрады.
Бір мезгілде бір адымды жүрістің екі нұсқасы бар. Олардың айырмашылығы қол мен аяқтың жұмысында келісушіліктің өзгеруімен байланысты. Негізгі нұсқасы – аяқпен серпігенге дейін қолмен таяқты алға шығарады, аяқты алға қарай итергеннен кейін бірден қолмен сермеу басталады (екі сермеуді бірінен кейін бірін үзіліссіз жасау керек). Старттық нұсқасы –бір мезгілде аяқты итеріп таяқ алға қарай шығады, ал таяқпен итеріп қалу бір шаңғымен жылжудан кейін орындалады. Негізгі нұсқасы біршама үнемді (жалпы уақыт циклы 0,4 сек артық), өйткені қозғалу жиілігі төмен.
Шаңғымен қозғалудың классикалық тәсілдерін үйрету техникасы мен әдістері.
Шаңғымен жүгірудің негізгі екі түрі бар — «классикалық стиль» және «еркін стиль».
Классикалық стиль. Бастапқы «классикалық стилге» алдын ала дайындалған екі шаңғы жолынан тұратын шаңғы іздерімен бүкіл қашықтықты жүгіріп өтуді жатқызады. «Классикалық» шаңғымен жүгіруде спортшы екі таяқты кезек кезек пайдалану (яғни итеру) немесе екеуімен бір уақытта итеріп қозғалады. Бір циклдағы қадам бойынша бірқадамды, алмакезек екіқадамды және қадамсыз жүру бойынша бөлінеді.Еркін стиль. «Еркін стиль» аты айтып тұрғандай спортшы өзі қалай жүгірем десе солай ерікті дегенді білдіреді, ал «классикалық» жүгіру жылдамдығы бойынша «конькиліктен» баяу болғандықтан, «Еркін стиль» мен «конькилік жүгіру» синоним болып кеткен. Коньки тәсілімен жүгіру 1981 жылдан бері кең тараған, сол жылы оны алғашқы рет сол кездегі 40 жастан астқан финн шаңғышысы Паули Сиитонен пайдаланып (55 км жарыста) жеңіп шыққан. Ең кең тараған бір уақыттағы екіқадамды конькилік жүгіру (жазықтар мен аз және орта көлбеуліктерде пайдаланылатын) мен бір уақыттағы бірқадамды коньки тәсілімен жүгіру (стартта үдеуді,жазықтар мен 10-12° төбелерде пайдаланылады).
Шаңғышы-жарысушының көптүрлі қимыл-қозғалысын жақсы түсіну үшін тұтас қимылдарды белгілі бір бөлімдерге бөліп қарастырған жөн. Шаңғы жүрісінің шаңғышылармен жиі қолданылатын негізгі тәсілдерінің бірі - жеке сырғанау адымдардан тұратын ауыспалы екі адымды жүріс. Қимыл фазалары деп шартты түрде аталған сырғанау адымының бөлімдері өзара жеке дене мүшелері қимылының сипаты жағынан емес, өзара байланысқан топтар жағынан бөлінеді. Ауыспалды екі адымды жүрістің жазықтағы техникасының ерекшелігі
Жүріс неғұрлым ұзақ болса, солғұрлым жүріс циклындағы қимыл жылдамдығы төмендейді. Жүріс ұзақтығы ара қашықтықтың сыртқы жағдайлары мен ұзындығына байланысты, себебі қимыл қарқыны құбылып отырады, 30 және 50 км қашықтықта ол 10 және 15 км қарағанда төмен болып келеді. Жүрістің қимылы мен үйлесімділігінің қиысуындағы маңызды сәті болып синхрондық табылады – қолдар жұмысы мен аяқтарды белсенді алға шығаруды бір уақытта бастау. Қол қимылдарын аяқтың қозғау салғаннан кейін төмен және алға қарай түсірілгеннен кейін бастауға болады. Абсолютті мөлшерде қолмен қозғау салудың ұзақтығы 0,31-0,63 секундқа тең келеді. Бұдан кейін қол жұмыстарының пішіні мен сипатына тоқталған жөн. Таяқпен қозғау салғаннан кейін шаңғышы қолды алға қарай оның қозғау салудың алдында шынтақ буыны сәл бүгілген, қол буыны көз деңгейінен аспайтын, шынтақ төмен түсірілген, бұшық еттер еркін болған есеппен шығарады.Қол жұмысы дұрыс деп саналады егер ол фазада денеге сәл бүгілген жағдайда жақындаса,ал ІІ фазада артқа жылжу отырып, тез тік қойылса.Қолмен қозғау салу тез әрі толық амплитудамен бірге жасалады. Қозғау салуға арналған таяқ қарға 83-85 градус бұрышта қойылады. Итеріліс процесінде тірек шаңғысына салынатын қысым әдетте шаңғышы салмағының 1/5-1/6 төмендейді. Қолмен белсенді қозғау салу арқылы шаңғыға салынатын қысымды төмендету (сырғанаудың екінші фазасының басталуы) үйкелу күшін төмендетеді, ол жүріс циклында шаңғышының біркелкі қозғалысына әсер етеді. Ауыспалы екі адымды жүріс циклында қозғалыс құрылымы сыртқы жағдайларға қарай өзгеріп отырды. А сызбасында көрсетілген күш салу сызбасы ауыспалы екі адымды жүріс циклының ұзаруына және бүкіл цикл барысында жарысушының біркелкі қозғалысына ықпал етеді.
Ауыспалы екі адымды жүрісте кететін негізгі қателіктер:
Отыру:
аяқтар қатты бүгілген;
ауыспалы сырғанау (перекат) кезінде аяқ тік қойылған;
тірек аяғының табаны алға шығып кетеді;
дене қатты бүгілген;
дене салмағы аяқ табанының артқы жағында көбірек орналасқан;
басты алға қарай түсіру.
Аяқпен қозғау салу:қозғау салудың ІІ фазасында аяқты тік қоймау;
қозғау салу жоғары қарай бағытталған;
қозғау салудың І фазасының басында табанды ажырату;
аяқты бірдей ажырату (қозғау салудың соңында аяқ тік қойылмаған).
Екітіректі сырғанау:қозғау салудың әлсіз басталуы (қолмен төмен жасалатын соққы қимыл жоқ);
аяқталмаған қозғалыс салу; тік немесе қатты бүгілген қолмен қозғау салу.
Қимылсыз дене:жүрістің ұяңдығы;
қозғалыста емін-еркіндік, қарқындықтың болмауы;
қол мен аяқ қозғалысында өзара байланыстың бұзылуы.
Ауыспалы екі адымды жүрісті үйрету
Ауыспалы екі адымды жүріс. 1 мақсат. Сырғанау адымын үйрену – таяқсыз жүру.
1. Шаңғышы тұрысын меңгеру
Тәсілдер:
1.1 Бір орында шаңғышының тұрысын бірнеше рет орындау.
1.2 Осыны қолдармен жұмыс істеп орындау.
1.3 Негізгі тұрыста түзу беткейлерден құлама жасау.
Әдістемелік нұсқаулар: жаттығуларды орындау кезінде аяқтардың бүгілу деңгейіне, дененің, бастың қалыбына, дене салмағанының үлестірілуі, жамбастың тірек үстінен орналасуына көңіл аудару. Қолдар қатаң түрде параллельді, еркін, оптимальді амплитудамен жұмыс істейді. Көлденең тербелістерді болдырмау.
2. Аяқпен қозғау салуды үйрену
Тәсілдер:
2.1 Жалпақ дөңге дұрыс отырудан аяқтармен ауыспалы қозғау салу 2-3 градус.
2.2 Осыны бір аяқпен бірнеше итерумен қатар.
2.3 2-3 градус бұрыштағы конькилік жүріс және жазықта.
2.4 Бір орында табанмен қорытынды қимылды орындау: алға шығарылымдағы бастапқы қалыптан, дене салмағы арттағы сәл бүгілген тірек аяғында, алға және жоғары аяқ табанын аяқты тізеде бүгуді аяқтаумен қатар шығару (екі таяққа тірелу және тірексіз).
2.5 Аздаған сырғанаумен шаңғымен 2-3 градус бұрышта жүгіру.
Әдістемелік нұсқаулар; дене салмағын толық тірек аяғына ауыстыру, оның бүгілуіне және алға және жоғарыға қарай аяқпен қатты қозғау салуды орындауға көңіл бөлу. Сондай-ақ, бос аяқты сілтеу және ыңғайлы қоюына және қозғау салғаннан кейін оның салмағын денеге салуына назар аудару керек.
3. Аяқ және қолдармен сілтеу қимылдарының үйлесімділігін үйрену
Тәсілдер:
3.1 Отыру орнында қолдармен ауыспалы жұмыс жасау.
3.2 Осыны бос аяқта алға жылжытумен қатар қолды алға сілтеудің синхрондығын сақтай отырып орындау.
3.3 Аяқ қимылдарымен таяқтарды алға шағару және қоюдың үйлесуіне назар аудара отырып таяқты ілмектен төмен ұстап шаңғымен жүгіру.
3.4 Осыны аздаған сырғанаумен бірге орындау.
Әдістемелік нұсқаулар: қолды жартылай бүгіп алға шығарады, шынтақ төмен түсірілген; бос аяқ пен қарсы қолмен жасалатын сілтеу қимылы бірге орындалуы тиіс.
4. Бір шаңғымен сырғанау кезінде тепе-теңдікті сақтау
Тәсілдер:
4.1 Аяқпен ауыспалы қозғау салу және әрі қарай жазық бойымен бір шаңғымен сырғанау.
4.2 Осыны 2-4 градус бағытында.
4.3 Осыны қолдарды арқа қарай қою арқылы; 2-3 градус бағытындағы конькилік жүріс.
4.4 Түрлі жаттығуларды орындап сырғанау.
4.5 Бір орында бір тіректі қалыпты нақтылау.
Әдістемелік нұсқаулар: аяқпен итерілісті орындауды нақтылау, сырғанау шаңғысына дене салмағын уақытылы ауыстыру; оптимальды біртіректі сырғанауға жету, алға шығарылған қолға ұмтылу.
5. Сырғанау адымын ұзарту
Тәсілдер:
5.1 Отырысты, қозғау салуға дайындық, оның орындалуы мен аяқталуын нақтылай отырып сырғанау адымды орындау.
5.2 Адым санын есептей отырып 30-50 метрлік кесіндіні өту.
Әдістемелік нұсқаулар: сырғанау адымын жетілдіру үшін қимылдың біркелкілігі мен еркіндігіне жете отырып жаттығу жерлерін ауыстыру; кесіндіде адым көлемін азайтуға немесе ұлғайтуға тапсырма беру; жоғары сипатталған жаттығуларға мерзімімен оралу.
1 Мақсат. Таяқтарды қолдана отырып ауыспалы жүрісті меңгеру.
Тәсілдер:
1.1 Қолдармен жұмыстың салыстырмалы мәні мен сипатын түсіндіру.
1.2 Қолды алға шығару, қою, қозғау салу және қол және аяқтармен үйлесімді жұмысына назар аудара отырып қолдардың таяқтармен қимыл жасауын көрсету.
1.3 Бір орында бір тіректі қалыпты ұстай отырып, таяқты алға шығару және қарға қоюды нақтылау.
1.4 Таяқты ортада ұстап отырып қолды сілтеп сырғанау адыммен жүру.
1.5 Осыны таяқты ілмектен төмен ұстай отырып, оларды қарға мерзімімен қойып, аяқтармен үйлестіре отырып жасау.
1.6 2-3 градус жалпақ көтерілісте, жазықта еңісте таяқтармен ауысып итерілу.
1.7 Таяқты ілмектен төмен ұстап, таяқты алға шығаруға, қойылымға және дер кезінде қолмен қозғау салуға назар аудара отырып аздап жүрумен шаңғымен жүгіру.
1.8 Қолмен белсенді қозғау салусыз ауыспалы екі адымды жүріспен қимылдау.
1.9 Осыны қолмен белсенді қозғау салу арқылы орындау.
Әдістемелік нұсқаулар: қол және аяқпен қозғалысты жақсы меңгеру үшін қолмен қозғау салуды бастапқы кезде белсенділіксіз орындау және 2-3 градус жалпақ көтерілісте шаңғымен жүру керек; толық үйлесімде жүрісті орындаған кезде қолдардың толық тік тұруына дейін біртіндеп ұлғаюмен таяқты қарға қою арқылы қолмен қозғау салудың жігерлі басталуына жету.
2 мақсат. Жүрісті жалпы жетілдіру.
Тәсілдер:
2.1 Жаттығатын шаңғы жолында түрлі жылдамдықпен ауыспалы екі адымды жүріспен жүру.
2.2 Осыны қиылысқан жерде орындау.
Әдістемелік нұсқаулар: ауыспалы екі адымды жүрістің техникасын жетілдіру кезінде аяқ және қолмен қозғау салуды (күш, бағытты және соңын бақылай отырып) жетілдіру керек, шаңғымен сырғанауды қолдану және оның негізінде әрбір жаттығулардан олардың ұзындығы мен жиілігінің оптимальды байланысын орната отырып адымдар жиілігін арттыру керек.
Ауыспалы екі адымды жүрістің көптеген жаттығуларын қолдануды ұсынатын әдістеме жүрістің жеке элементтері, қимыл фазаларын және техникасын жалпылай меңгеруге мүмкіндік береді. Барлық жаттығуларды орындау міндетті емес – ол жаттығушылардың дайындықтарына байланысты. Кейбір жаттығушылар жүрісті бірден меңгеріп алады, сол кезде бұл жаттығулар жүріс детальдарын нақтылауға және бекітуге арналады. Алайда, спортшының қозғалу мүмкіндігінің диапазонын кеңейту техника элементтерін тез меңгеруге және қалыптасқан жағдайға байланысты оларды ұтымды қолдануға мүмкіндік беретінін естен шығармаған жөн.
Оқушыларға классикалық қозғалыс әрекетінің техникасы бойынша сабақтарды ұйымдастырудың жалпы мәселелері.
Шаңғы дайындығы сабағының мәселелерін табысты шешу көбіне материалдық базаны, сабақ өтетін орынды, оқу құжаттарын және оқушылар мен ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын алдын ала жүргізумен тығыз байланысты.
Сабақты дұрыс ұйымдастыруда мұғалімнің өзіндік жеке дайындығы маңызды рөл атқарады. Мектептегі сабақта жалпы білім беру мектептеріне арналған дене тәрбиесі бағдарламасының «Шаңғы дайындығы» бөлімінде қарастырған білім беру мен тәрбиелеу мәселелері қарастырылады. Шаңғы дайындығы бойынша сабақ барысында балалардың жас ерекшелік анатомо-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін ескере отыра бұл міндеттер нақтыланады. Шаңғы дайындығы сабағында келесі негізгі міндеттер шешіледі:
Балаларға шаңғымен қозғалу тәсілдерін үйрету;
Балаларды сауықтыру және шынықтыру, маңызды физикалық сапаларын дамыту (төзімділік, ептілік және т.б.);
Моральды-ерікті сапаларын тәрбиелеу (батылдық, табандылық, тәртіптілік және т.б.);
Шаңғы сабағына деген қызығушылығын қалыптастыру;
Өзіндік жұмыс жүргізу үшін қажетті білім-білік дағдыларын тәрбиелеу және т.б.
Шаңғы дайындығы бойынша әрбір жеке сабаққа және барлық оқу-тәрбиелеу процесіне дидактика принциптері мен ұлттық дене тәрбиесі жүйесі базасында бірқатар талаптар қойылады.
Әрбір шаңғы дайындығы сабағында нақты білімдік, сонымен қатар сауықтыру және тәрбиелеу міндеттері шешіледі. Егер білім беру міндеттері міндетті түрде жоспарланса, онда сауықтыру және тәрбиелік міндеттерді жоспарлау әрбір сабақта міндетті емес.Оқушыларда моральды-ерікті сапаларын тәрбиелеу, сауықтыру және шынықтыру бағдарламаға енгізілген ережелер бойынша шаңғы дайындығы сабағында, сыныптан тыс шараларда және басқа бөліктердің жаттығуларын қолданудың барлық жүйесінде жүзеге асырылады. Тәрбиелеу және сауықтыру міндеттерін шешудіарнайы жеке сабақтар немесе өзара байланысты жүйе бойынша жоспарлауға болады. Аталған міндеттерді орындау үшін мұғалім шаңғы спорты бойынша жаттығулар жиынтығын таңдауы, оларды өткізудің жағдайларын қарастыруы қажет. Мысалы, батылдыққа тәрбиелеу үшін шаңғы бойынша бірнеше өзара байланысты сабақтарда әр түрлі жерлерден төмен түсу, біртіндеп тегіс емес жерде жүруге көшу секілді жаттығуларды дайындауы керек.
Шаңғы дайындығының әрбір сабағы өткен және алдағы сабақтармен тығыз байланыста болғаны жөн. Көбіне балалар шаңғымен қозғалудың әдіс-тәсілдерін бір сабақта меңгеріп әкете алмайды. Тіпті қарапайым жүрістерді, қозғалыстағы бұрылыстарды және де басқа қарапайым элементтерді меңгеру үшін де, өзара бір-бірімен тығыз байланысты бірнеше сабақ өткізу керек. Өйткені әрбір әдіс-тәсіл әр түрлі үйрету уақыттарын талап етеді, бірі аяқталса, екіншісі басталады, ал үшіншісі жалғасады. Аталған сабақ жүйесін жоспарлау кезінде дағдылардың өзара әрекеттестігін, сәтті алып кету секілді жағдайларды жеткілікті дәрежеде пайдаланылуын ескерген дұрыс.
Шаңғы дайындығы сабағына қойылатын маңызды талаптардың бірі – мұғалімнің жетекшілік рөлі. Шаңғы дайындығы бойынша сабағының құрал-жабдықтарды таратумен, олардың дайындығымен және сабақ біткен соң базаға қайта оралу, сабақ өтетін орынға жету үшін кеткен уақытпен, оқу процесіне ауа-райының әсері және т.б. байланысты ұйымдастыру ерекшеліктері бар. Сондықтан уақыттың көп бөлігін жоғалтпау үшін сабақты шапшаң ұйымдастыру, оқушылардың жоғары тәртіптілігін және белсенділігін талап етіледі. Осындай қойылған міндеттер көбіне алдын ала дайындалу, әр түрлі шараларды ұйымдастыру, мұғалімнің әр сабаққа жеке дайындығына байланысты шешіледі. Сабаққа дайындалуда, сабақты өткізу барысында мұғалім балаларды ұйымдастырушы және жетекші, ол әрқашан жоғары талап қоя білу мен балалар әрекетін дұрыс бағыттауды жүргізуде алға қойылған міндеттерді шешеуге әсер етеді.
Шаңғы дайындығы сабағының мазмұны, жүктемесі, оқыту әдістері мен денені дамытуы әрқашан бағдарламалық материалдармен, қойылған міндеттермен, балалардың жасы мен жынысына сәйкес келуі қажет. Мұғалім сабақтың нақты міндеттерін шешеу үшін құрал-жабдықтарды, шаңғымен қозғалу тәсілдерінің техникасын біршама берік және тез меңгерту әдістерін және әдістемелік айла-амалдарды алдын ала таңдап алады. Сондықтан, үйретілетін материалдың қиындығын балалардың дайындық деңгейіне сәйкестігін әрқашан ескеру қажет. Осыған орай, шаңғы дайындығында денені дамытуға бағытталған жүктемелердің қарқындылығын, көлемін мұқият жоспарлаған дұрыс.
Сырғанау адымының әрбір фазасының өзінің жеке сипаттары бар – орындалу уақыты, жылдамдығы, сырғанау ұзынды және т.б.
Жалғыз сырғанау адымы екі кезеңге нақты бөлінген – шаңғының сырғанауы, мұнда шаңғышы бір шаңғымен сырғанайды және шаңғының қозғалыссыз тұруы, мұнда итерілістің алдында сырғанаудың соңынан сол шаңғымен кідіріс жасалады. Бұдан кейін екінші шаңғымен екінші сырғанау адым жасалады. Сөйтіп, шаңғышы оң және сол аяқтарын ауыстырып сырғанау адымдарын жасайды.
Ауыспалы адым жасағанда шаңғышы-жарысушы екі шаңғымен қатар жүрмейді.
Шаңғымен сырғанау кезеңі үш фазаға бөлінеді, ал итеріліс кезеңі екі фазаға бөлінеді.
І фаза – амортизациямен еркін сырғанау. Итерілістен кейін, мәселен, оң аяқпен итерілгеннен кейін шаңғышы сол аяқпен сырғанайды. Оң жақтағы шаңғы және екі таяқ ауада орналасады және қарға сүйенбейді. Еркін сырғанау жасалады. Бұл шаңғышының жылдамдықты ұлғайта алмайтын жалғыз фазасы. Фазаның шекаралары болып келесі сәттер табылады: басы – оң жақтағы шаңғының тіректен кетуі және соңы – оң жақтағы таяқтың қарға тірелуі.
ІІ фаза – тірек аяғын тік қою арқылы сырғанау . Бұл қимыл бұл фазада тік жүрген тірек аяқтың тізе буындары бүгілгенге дейін жалғасады. Бұл сәт ІІ фазаның соңы. Фазаның барысында шаңғышы жылдамдықты барынша төмендетпеуге ұмтыла отырып, таяқпен белсенді итеріледі. Таяқпен итерілу келесі екі фазада да жалғасады. Сондықтан ІІ фаза бұл маңызды қимылмен емес, жақсы ажыратылатын сипат – тірек аяғын тік қоюмен аталады.
ІІІ фаза – жартылай отырып сырғанау . Бұл сырғанаудың соңғы фазасы. Ол сирақты түсіру сәтінен басталып, шаңғының тоқтауымен аяқталады.
ІV фаза – жартылай отырып алға қарай ұмтылу. Ол тізе буынында итерілетін аяқтың тік қойғанға дейін жалғасады. Бұл фазада тізе буынында жартылай отыру аяқталады. Ортан жіліктің ұршық басындағы белсенді жазуды үлкен жылдамдықпен нәтижелі итеріліс қамтамасз етеді.
V фаза – аяқты жазу арқылы итеріліс. Бұл фаза жартылай отырыстың соңынан сол жақтағы шаңғының тіректен үзілуіне дейін жалғасады. Аяқпен алға ұмтылу фазаның соңында аяқталады. Сырғу адымы аяқталды, осы сәттен бастап келесі сырғу адымы басталады, ендігі жерде оң жақтағы шаңғыдан басталады.
Шаңғы жүрісінің көп түрлілігіне қарамастан, олардың жалпы негізгі элементтері бар.
Отыру. Дененің және оның жеке бөлшектерінің оптималды жағдайы, олар қиылысқан жерде шаңғымен жүру үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Сырғу. Бір шаңғымен сырғу кезеңін (жүрістің қандай да тәсілі болса да) анализ қолайлылығы үшін үш бөлікке бөлуге болады: амортизациямен еркін сырғу, тік аяқтармен сырғу және жартылай отырып сырғу, топпен.
Бір шаңғымен сырғанау кезінде екіншісін салмақ салмай алға жылжытады.
Жүрудің ауыспалы тәсілінде, сондай-ақ бір шаңғыда бір жүрістен екінші жүріске ауысудың бірқатар ауысымында қолдардың белсенді жұмысы да қолданылады.
Аяқпен қозғалу. Шаңғышы аяқпен қозғалу арқылы дене салмағын бір аяқтан екінші аяққа ауыстырып отырады және түсетін жылдамдыққа ие болады. Мәселен, тек ауыспалы екі адымды жүрісте аяқтың ауыспалы қозғалысында жалпы жылдамдықтың 80 пайызын жетілдіруге болады. Аяқпен қозғалу – бұл ортан жіліктің ұршық басындағы аяқты тік қою және тізені бір уақытта бүгу және тік қою арқылы денені алға қарай жылжыту қимылы .
Қимылдардың жалпы үйлесімі.
Шаңғышының қимыл үйлесімінде маңызды фактор болып ритм саналады. Қатаң белгіленген уақыт және кеңістік сипаты бар қимылдардың заңды қайталануының бұзылу қажығандыққа әкеліп соқтырады. Жүріс бір қалыпты, жеке жағдайда артық кідіріссіз, қимыл біркелкі болуы тиіс.
Жүрістің цикліндегі қимылдардың жалпы үйлесімділігінде біркелкіліктің маңызы зор: сол қолды оң аяқпен алға шығару, оң қолмен оң аяқты белсенді алға шығару арқылы қозғалысты бастау.
Ауыспалы екі адымды жүріс. Қозғаушы және тежеуші күштің өзара байланысына байланысты екі адымды жүрістегі цикл ұзындығы 3,5-6,5 м шамасында құбылады, ал ұзақтығы 0,8-1,5 сек шамасында. Ең кең тараған қарқындық – минутына 40-75 цикл; жазықтағы қимылдың орташа жылдамдығы 4-6,4 м/сек тең келеді.
Ауыспалы екі адымдағы жүрістегі сырғу адымы анализінің қолайлылығы үшін шартты түрде оны екі кезеңге бөліп қарастырайық – қозғау салу және сырғанау. Қозғау салу кезеңі екі фазаға бөлінеді: аяқты бүгу және тік ұстау арқылы итерілу; сырғанау кезеңі үш фазаға бөлінеді: амортизациямен сырғанау, аяқты тік қою және топпен.
Ауыспалы екі адымды жүрістің техникасын дұрыс талдау үшін шаңғышының жақсы жағдайда жазықтағы қимыл процесін қарастырған жөн.Аяқпен қозғау салғаннан кейін шаңғымен сырғанау бастау, қозғау салудың ұзақтығы 0,12-0,20 сек., бұл ретте бірінші бөлім а – б екіншісінен б – в біраз қысқа.
4- сурет –Таяқты дұрыс қоюдан сырғанаудың екінші фазасы басталады. Шаңғышы тірек аяғын тік ұстайды. Ол еркін тұрған аяқтың тірек аяғына 40-50 см-ге жақындаған кезде барынша тік болады. Бұл жерде сирақ және тізе буындары үлкен жылдамдыққа ие, ал ортан жіліктің ұршық басының жылдамдығы аздау, себебі аяқтарды тік қоюмен қатар шаңғышы денесімен төмен және алға қарай қосымша қимыл жасайды. Дененің еңкею бұрышы – 8-ден 11 градусқа дейін. Сырғанау процесінде ырғақпен аяқты тік қою бос аяқты белсенді алға шығаруға тиімді жағдай жасайды және мықты әрі жылдам қозғау салуға қажетті топтастыруды жасауға мүмкіндік береді. Мықты шаңғышы-жарысушылар дененің жалпы ауырлық орталығының артық тігінен келетін тербелістен құтылу үшін аяқты тік қойған кезде денелерімен қарсы орнын толтыратын қимыл жасайды – қосымша оны алға қисайтады. Денені алға және төмен түсіру арқылы дененің жалпы ауырлық орталығы жарыскердің аяқты тік қойғанына қарамастан сол деңгейде қалады.
Аяқты тік қойғаннан кейін жарыскер итеріліске дайындалады – сырғанаудың үшінші фазасы басталады – сирақты түсіріп сырғанау. Дайындық бос аяқтың тірек аяғынан 40-50 см аралықта тұрған жағдайда басталады.
Сонымен қатар жарыскер аяқпен қозғау салудың басталуына қарай бәтеңке тақасын шаңғыдан ажыратпай дене салмағы аяқтың саусақтарына жұмылдыруға тырысады. Дененің осы қалпы өтпелі болып табылады. Ол итеріліске қолайлы жағдай жасайды (5-сурет), әйтпесе, оптимальды амплитудамен жылдам қозғау салуды орындау қиынға түспек.
Қозғау салудың алдында дұрыс қалыпқа келуге ауыспалы сырғанау (перекат) көмектеседі. Аяқталған толық жасалған перекатсыз аяқпен бағытталған, мықты қозғау салуға болмайтынын есте сақтаған жөн. Ауыспалы сырғанау (перекат) арқылы аяқпен қозғау салуды бастауға қолайлы жағдайлар жасалады; және бұл жағдай арқылы дененің жалпы ауырлық орталығының проекциясы тірекке қатысты алға шығарылады, қозғау салу жоғары және алға қарай бағытталады . Бұл бағыт шаңғышыны алға қарай жылжытатын күшті тудырады.
Аяқпен қозғау салуды аяқтағаннан кейін перекат басталады.
Қимыл бағытына қарай жұмсалатын күшті зерттей келе, шаңғышының қозғалыс салудың алдында тірек аяғымен көтерілетіндей болатынын аңғаруға болады. Қозғау салудың алдында пайда болатын күш екі бірдей шаңғышының салмағына тең келеді. Күштің көлденең құрылымын қозғау салудың бірінші кезеңі барысында өсетін қисық ретінде қарастыруға болады. Тәжірибе түрінде аяқпен қозғау салудың 2/3 бойында өседі, содан кейін барып төмендейді және соңына қарай нөлге дейін жетеді .
Қозғау салудың көлденең құрылымының максимальды мөлшері 30 кг-ға дейін жетеді. Бұған бос аяқтың тежеліп, тірек аяқтың алдына 50-60 см дейін жеткенде пайда болатын күш әсер етеді. Бос аяқтың тежелгендегі инерция күшінің салмағы 5-7 кг дейін жетеді.
Шаңғымен кез-келген жүріс, әсіресе, ауыспалы екі адымды жүріс техникасында маңызды сәт болып дене салмағын бір аяқтан екінші аяққа ауыстыру табылады. Ол аяқпен қозғау салудан басталып, бос аяқтың алға қарай тежелуімен қатар аяқталады. Бұлшық еттерді бос ұстап оларды тек тежеу кезінде ғана қатайтып, аяқты алға қарай шығару. Аяқты алға шығару кезінде аяқ табаны артта қалып, алға шығару жылдамдығын тежеу кезінде тіземен бір қатарға шығарылады.
Қозғау салу кезінде бос аяқтың сирағын алға шығару бір аяқпен сырғанауды тежейтін қателік.
Бос аяқ ауырлық күшінің қысымымен төмек түсіріледі, содан кейін шаңғышы оны белсенді алға шығарады, нәтижесінде ол тізе буынында сәл бүгіледі біркелкі, тоқтаусыз орындалады.
Мықты шаңғышы бос аяқты алға шығарудың сипаты бойынша екі түрлі нұсқасын қолданады. Бірінші нұсқасында шаңғышы сан жамбасты алға шығарады, бұл жағдайда аяқ тізе буынында көбірек бүгіледі. Екінші нұсқада сирақты алға шығаруға назар қойылады. Нәтижесінде аяқ аз бүгіледі де бұл қимыл бос аяқты сілтеу күшін күшейтеді. Аяқпен сілтеуді күшейту жүрістің тиімділігін ұлғайтады. Мұнымен екінші нұсқаның кең таралғандығы түсіндіріледі. Қозғау салудан кейін бір аяқпен сырғанауға көшкенде шаңғышы бірнеше рет жүріп өткеннен кейін таяқтарды жерге қояды. Нәтижесінде циклда жарыскердің жылдамдығы көп жағдайда бір дәрежеде сақталады. 15-20 кг жететін қолмен қозғау салу сырғанаудың орташа жағдайларында бір шаңғымен сырғанау жылдамдығын сақтауға, тіпті оны қозғау салудың ортасында ұлғайтуға жеткілікті. Қимыл жылдамдығын төмендету пассивті сырғанаудың ұзақтығына байланысты. Шаңғымен қозғалуды дене жаттығуларының басқа түрлерімен салыстыратын болсақ, шаңғы дайындығы бір сарынды, біркелкі, сондықтан мұғалімнің ең басты міндеті сабақтың оңтайлы меңгерілуі үшін тартымды өткізуі қажет.
5. Сабақтың мазмұны және өткізу әдістемесі әрқашан балалардың сабаққа деген белсенді ынтасын арттыруы, жаңа материалды саналы түрде игеруіне ықпал етуі қажет. Сабақтың әсерлілігін жоғарылату үшін сабақ барысына жарысу элементтерін, ойындарды және ойынды тапсырмаларды кеңінен енгізу керек. Дегенмен сабақты ойын-сауық шарасына айналдырмаған жөн, одан білім беру міндеттері және тәрбие міндеттерін шешілмей қалады.
Шаңғымен қозғалудағы өткізілетін жаттығуларды ойын жаттығуларымен сәйкестігінше дұрыс қолдану шаңғы дайындығы сабағы оқу жұмысының сапасын жоғарылатуға көмектеседі.
6. Балалармен ұжымдық және жеке жұмыстарды тиімді байланыстыру қажет. Бастапқыда қозғалудың жаңа тәсілін үйретуде әрқашан ұжымдық оқыту қолданылады. Дегенмен, балалардың дайындық дәрежелерінің әр түрлігіне қарай кейбір балалар жаңа материалды меңгеруде жолдастарынан озып кетеді. Сондықтан оқыту процесін баяулатпау және оқушылардың белсенділігін төмендетпеу үшін балаларды кішігірім топтарға бөлген орынды.
Одан әрі қозғалу тәсілдерін меңгеру бойынша балалардың қателіктерін жеке түзетуге көшу керек. Бұл әдіс дене сапаларын дамыту кезінде өте қажет, ол үшін дайындықтары бірдей балаларды кіші топтарға бөлу жүргізіледі. Бұл жағдайда барлық балалар бір-біріне кедергі жасамай-ақ бірдей жылдамдықпен қозғалады. Шаңғы тебудің әдіс тәсілдерін үйрету кезінде әр түрлі дайындықтарына қарай балалармен жұптар құруға болады.
7. Шаңғы дайындығы сабағындағы балалардың белсенді әрекеті тек материал мазмұны бойынша емес, сондай-ақ күш салу сипатының әр түрлі болуы керек. Әр түрлі негізгі жаттығуларды шаңғы қозғалысында түрлі сәйкестікте қолдану балалардың назар аударуын, жұмыс істеу қабілеттерін тиімді жолға қояды.
Демек, бұның бәрі қозғалу тәсілдерін үйрету немесе қолданылатын әдістер бойынша білім беру элементтерімен, әңгімелеумен, түсіндірумен, бөлшектеріне түсінік берумен және басқа да әдістерімен кезектесіп жүргізіледі. Осындай сабаққа қойылатын барлық талаптарды орындау арқылы оның тиімділігіне қол жеткіземіз. Әсіресе, балалардың үйретілетін элементтерге деген қызығушылығын тудыру аса маңызды болып табылады.
ІІ-тарау. Классикалық қозғалыс әрекеттердің техникасын үйретуде дене шынықтыру ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.
2.1 Классикалық қозғалыс әрекеттерінің техникасы бойынша сабақтар жүргізуге қойылатын жалпы әдістемелік ұсыныстар.
Шаңғы спортын үйретудің басты формасы - сабақ. Шаңғыда қозғалу техникаларын толық және тез меңгеру үшін сабақтар жоғарыда аталғандармен жүйелі түрде кешенді жүргізіледі.
Шаңғы дайындығы сабағының бағдарламалық материалдары балалардың жүру әдіс-тәсілдерін берік игеруге және оларды сәйкесінше қолдана білугеуақыттары жетерліктей бөлінеді.
Мектепте ереже бойынша оқыту барысында жаттығуларды орындауды және қозғалу білім-біліктерін қалыптастыруды ұйымдастырудың қарсы алдынан, ағынды, жеке, топтық дәстүрлі тәсілдері қолданылады. [23.18б]
Шаңғымен жүру әдіс-тәсілдерінің барлық түрлерін үйрету үш кезеңге бөлінеді:
Бірінші кезең:
1. Жаттығушыларда қозғалу амалдары туралы біртұтас ойлауын құру.
2. Амалдары толықтай меңгеру үшін қажетті жеке элементтерді меңгерту.
3. Қозғалу амалдарын толықтай үйлесімділікпен орындауға үйрету.
4. Артық қозғалу мен қажетсіз бұлшық еттің зорлануын жою.
Екінші кезең:
Шаңғымен қозғалу амаларының техникасының жеке бөлшектерін нақтылау және меңгеру.
Қозғалу амалдарын бірге дәл және еркін орындауды меңгерту.
Аталған амалдардың заңнамалық циклын түсіну (кеңістіктік уақытша және динамикалық сипаттағы).
Үшінші кезең:
Әдіс-тәсілдердің нұсқаларын меңгеру және оларды әр түрлі сыртқы жағдайларда қолдану.
Жеке ерекшеліктерін ескеру.
Жоғары жылдамдықты және қуатты амал-тәсілдерді пайдалану.
Функционалды жағдайын және физикалық дамуын жоғарылату кезінде амал-тәсілдерді жетілдіру.
Оқытудың басты әдістері түсіндіру, көрсету және сынап көру болып табылады. Көрсетілетін жүрісті (жаттығу) түсіндіру (әңгімелеу) қысқа, әрі түсінікті болуы керек.
Толық түсіндіру көрсетуден кейін жақсы нәтижелер береді, өйткені бұл кезде балаларда үйретілетін жүріс (жаттығу) туралы жалпы түсініктері қалыптасады.
Көрсету қабылдау үшін қол жетімді анық болғаны жөн. Жаттығуларды алдымен қарапайым қарқынмен, кейін есеп бойынша баяу қарқынмен көрсету қажет.
Жаттығудың негізгі элементтеріне бағыттаумен баяу қарқында амплитуданы күшейту арқылы оны оқшаулау немесе қысқаша түсіндірумен сүйемелдеуде біршама айқын қозғалысты көрсету өте жақсы нәтижелер береді. Қорытындыда үйретілетін жаттығуды орындау үшін олардың мұмкіндіктерін ескере отырып, керекті ырғақты айқындау тиімді. Ол үшін есеп те қолданылады, бірақ ол элементтер арасындағы аралықтардың сәйкестігін нақты сақтай отырып жүргізу қажет.
Балаларға шаңғы қозғалысының амалдарын үйрету кезінде түсіндіруге қарағанда көрсету едәуір маңызды, өйткені балалар теориялық талдауға азырақ, ал еліктеуге көбірек бейімделген.
Шаңғымен қозғалу тәсілдерін үйрету тәжірибесінде амал-тәсілдерді меңгеруді жеңілдететін амалдарды қолдануға болады.
Біріншіден, шаңғышыға сыртқы қоздырғыш әрекетінің күшін сәйкесінше төмендетуге болады. Ол үшін оқу материалын жеңілдету керек: қозғалыс жылдамдығын азайту, оқу сабақтары өтетін жағдайды өзгерту (шаңғы тебу орнының сапалы дайындығы, оқу шеңберінің профилі және т.б.)
Дегенмен керексіз босаңсу бұдан арғы оқу процесін қиындатуға әкеліп соқтыратынын ұмытпау керек.
Екіншіден, тұтастай қозғалу актісі құрылымын бұзбай-ақ, бөлуге болмайтын қиын қозғалыстарды үйрету кезінде үйренушінің назарын ол үшін біршама қиын қозғалыс элементіне бағыттау қажет.
Оқытудағы көп тараған жүйелі сызбалар мынадай:
1. Жаттығу атауы.
2. Кәдімгі немесе жарыс тақырыбында көрсету.
3. Есеп бойынша баяу қарқында көрсету.
4. Басты элементтерді нақтылап, қысқаша түсіндіру арқылы көрсету.
5. Балаларға үйретілген жаттығуды байқап көру.
6.Жаттығуды толықтай немесе оның басты элементтерін есеп бойынша, әрбір есепке кідіре отырып, осы есептегі дененің бөлшектерінің жеке жағдайларын нақтылап көрсету.
7. Жаттығуларды есеп бойынша тоқтамай орындау.
8. Шаңғыда жаттығуларды толықтай немесе жеке элементтерін жоғары оңайлатылған жағдайда, балалар үшін біршама қолайлы қарқында орындау.
9. Жаттығуларды ақырын-ақырын күрделілендіру жағдайында орындау. Оқытудың бірінші кезеңінде шаңғышының өз мектебіндегі игерген жаттығулары мен элементтері жүргізіледі.
10. Шаңғыда тұра алмайтын балалар сабақ барысында кедергілер келтіреді. Шұлық пен шаңғының табандары бір-біріне тиеді, қардан бірі екіншісіне соғылады, тепе-теңдіктің жойылуынан шаңғылар аяқты тез қалпына келтіруге кедергі жасайды, содан қайта-қайта құлай береді де сабақтың сәтті өтуін тежейді. Сондықтан, мұндай балалармен сабаққа дейін қозғалудың жеке амал-тәсілдерін, шаңғыда тұрудың жалпы негіздерімен алдын –ала таныстырған жөн. Бірінші сабақта мынадай міндеттер қойылады: шаңғыны снаряд секілді меңгеру (шаңғы сезімдері), шаңғының қармен жалғасу сезімдерін дамыту (қар сезімі). Мұндай міндеттер келесі жаттығулар арқылы жүзеге асады:
1. Аяқты шаңғымен алма-кезек көтеру және оны ауада жоғары және төмен, оңға-солға қозғалту.
2. Шаңғыны алма-кезек көтеру және оны шаңғы табанын қардан ажыратпай оңға, солға, жоғары, төмен қозғалту. Сондай-ақ шаңғының табанын көтермей, шаңғыны қардан ажыратпай қозғалту.
3. Бәтеңке тақасы айналасы мен өкше айналасымен аяғын ауыстырып бұрылу.
4. Қырымен қосымша адымдар.
5. Шапшаң айналу бұрылыстары.
6. Терең емес қар бойынша мұғалімнің бұйрығы бойынша 20дан 60-қа дейінгі градуста бағытын өзгерте отырып, сырғанау жүрістері.
7.Жардан көлбеу баураймен тура, қиғаш, сырғанау қадамдармен, шырша баспалдағымен, жарты шырша баспалдағымен төмен түсу.
Айта кететін жай, мұғалім тарапынан тұрақты қадағалап және бірнеше рет қайталау арқылы жаттығуларды анық орындау керек. Міне, осыдан кейін барып шаңғыда қозғалудың амал-тәсілдерін үйретуге көшу қажет. Мұғалім техниканы игеруге кері әсерін тигізетін сәттердің (жағдайлардың) да болатынын әрқашан жадында ұстағаны дұрыс. Оларды объективті және субъективті деп бөлуге болады.
Объективтілер: нашар құрал-жабдықтар, киім-кешек, аяқ киім, оқу шаңғылары, нашар ауа райы, нашар таңдап алынған май.
Субъективтілер: жаттығушының аталған жаттығуға пассивті қатысуы, сенімсізділік, жаттығушының көңіл-күйінің төмендеуі.
Басқа маңызды мәселе – бұл шаңғы дайындығы бойынша сабақта жұмыс жасау формасы. Сабақты қалай қызықты, тартымды және тиімді өткізуге болады?
Сабақты оқыту формасының аса тартымды және тиімдісі топтық оқыту формасы. Бұл тәсілді сабақта ұйымдастыру балалар үшін өте қызықты, әсерлі, жүктеменің көлемі мен қарқындылығы бойынша тиімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жоғары моторлы жиілікті қамтамасыз ете отырып, сабақты жоғары әсерлілікпен өткізу оның сапасын жоғарылатады. Сабақтың бұл түрін келесі түрде қолдануға болады: балалар 4-6 адамнан тұратын кішігірім топтарға бөлінеді. Әр топта консультант бекітіледі (оған көбіне біршама дайындалған баланы қойған дұрыс). Сабақтың басында консультанттар тапсырма алады, олармен нұсқаулықтар жүргізіледі. Кейін әр консультант арнайы тапсырма бойынша өзінің тобымен жұмыс жасайды (мысалы, бірінші топ – классикалық жүріс, екінші топ – конькимен жүру, үшінші топ –төмен түсуді, төртінші топ - көтерілуді меңгереді). Белгілі уақыт өткен соң топ басқа консультантқа ауысады және келесі тапсырмаларды орындайды. Мұнда топтар бір деңгейлі және әр түрлі деңгейлі болуы мүмкін (мысалы, мықты – мықтылар, әлсіз-әлсіз, мықты-әлсіз). Мысалы, бір топқа конькимен жүруде қиналатын және т.б. мәселелері бірдей оқушыларды біріктіруге болады. Мұндай әдіс оқытуда дифференциалды әдістерді жүзеге асырады, яғни күшіне қарай тапсырмалар беру, бұл өз кезегінде балаларға өздерінің мүмкіндіктерін сезіну және оқу формасын таңдау әрекеті негізінде білім беру теориясын таңдауына көмектесетінін айта кеткен дұрыс.
Балаларға шаңғы тебуді үйрету процесінде мұғалімнің рөлі қандай? Мұғалім - нұсқаушы, консультант, әрі тәлімгер. Сабақты мұндай түрде ұйымдастыруда мұғалім балаларға жеке әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Сабақтың нәтижесінде балаларда шаршағандықты және бірсарындылықты тудырмайтын әр түрлі ептіліктері қалыптасады, дағдылары жетіледі, іс-әрекеттің ауысуы жүреді. Ал мұғалімнің рөліне балалар енген сәтте де балаларды өзіндік тәрбиелеу процессі жүреді. Сабақ соңында әдетте команда-топтар арасында жарыстар, шаңғы жарысы, эстафеталар, сонымен қоса балалар (қалаулары бойынша) өздерінің ең жақсы білім-біліктерін көрсету өткізіледі.
2.2. Классикалық қозғалыс әрекетінің техникасын үйретуде қолданылатын ойын әдістері.
Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады.
Сондықтан, мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін сапалы дәрежеге көтеру қазіргі Қазақстанның білім беру саласындағы өзекті мәселенің бірі болып табылады.
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі педагогика, психология, социология, физиология, анатомия ғылымдарымен сабақтас жүргізіліп, жас ұрпаққа білім беру, оны тәрбиелеу, оның денсаулығын нығайтудың жолдарын жан-жақты қарастырады. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы спорты, ұлттық ойындар мен ат спорты, спорттық педагогика, спорттық психология пәндері ортақ теориялық заңдылықтарға сүйенеді. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады.
Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Шаңғы дайындығы бойынша сабақ өткізген кезде ойындар, ойынды жаттығулар және тапсырмаларды пайдалану кеңінен қолданыс тапты. Ұзақ, бір қалыпты шаңғыда қозғалу балалардың тек физикалық емес, сонымен қоса психикалық шаршуына әкеліп соқтырады. Әсіресе, ойын ылғи бір орында және біркелкі орында өткізілгенде балалар қажып кетеді. Ойындарды және ойындық тапсырмаларды айтарлықтай шамада қолдану, сабақтың әсерлілігін жоғарылатады, жүктеменің қарқындылығын, моторлы жиілікті, балалардың қызығушылығын арттыра отырып, шаршауды азайтады.
Ойын барысында қойылған мақсатқа жетуде батылдық, ептілік, талаптылық секілді маңызды қасиеттерді мақсатты тәрбиелеуге болады. Жарыс элементі бар ойындар кейде балалардың шаңғы дайындығы және спорттық-көпшілік іс-шараларды өткізу бойынша сабақтарды ұйымдастыру кезінде балалардың моральды-ерікті қасиеттерін тәрбиелеудің ауыстырылмас құралы болып табылады. Әсіресе, бастауыш мектептегі шаңғы дайындығы сабақтарында ойын, ойындық жаттығуларды және тапсырмаларды қолдану аса маңызды. Олар үйретудің алты жастан басталуымен байланысты бастауыш мектептегі сабақтарды ұйымдастыруда ерекше маңызды рөл атқарады. Кіші мектеп жасындағы балалардың орталық жүйке жүйесінің дамуы ерекше болғандықтан, көп сарынды, элементтерді қайталай беру және т.б. секілді біркелкі сабақтардан тез жалығады да, үйренуге деген қызығушылықтары тез жоғалады. Ойындарды сабақта әр түрлі қолдануға болады. Шаңғы дайындығы сабағында және шаңғы дайындығы бойынша мектептегі секцияларда ойындар мен ойынды тапсырмалар шаңғымен қозғалу амалдарының техникасын үйрету мен жетілдіруде, және де физикалық қасиеттерін дамытуда қолданылады. Сондықтан, ойындарды әр түрлі шаңғымен қозғалу дене шынықтыру-көпшілік шараларда, қысқы мерекелерде, шаңғымен қыдыруда және өрмелеп шығуда көптеп енгізу қажет.Шаңғымен қозғалудағы барлық ойындар мен ойынды тапсырмалар алға қойылған мақсатқа байланысты шартты түрде екі топқа бөлуге болады: шаңғымен қозағлудағы тәсілдердің техникасын меңгеру және жетілдіруге арналған ойындар; ағзаны дамытуға арналған ойындар. Дегенмен, бірінші топтағы ойындар мен жаттығуларды мықты меңгерген соң оларды ағзаны дамыту үшін де қолдануға болады.
Балалардың шаңғымен жүру техникасын немесе жеке элементтерді меңгеруі бойынша оқығандары мен білім-біліктерін бекітуде, олардың тепе-теңдігін дамыту үшін әр түрлі ойын жаттығуларды (тапсырмаларды) пайдалануға болады.
Екі адымды алма-кезек жүру техникасын жетілдіруге арналған келесі жарысу элементтері бар ойын жаттығуларды мақсатты түрде пайдаланған жөн:
Азғантай екпінмен бір шаңғымен толықтай тоқтағанға дейін сырғанау. Жаттығу оң және сол аяқмен кезектесіп орындалады (тепе-теңдікті сақтау қажет) .
Орнынан жылжу немесе шамалы екпінмен 5 қадамнан асатын қашықтыққа жылжу.
Таяқсыз сырғанау қадамымен берілген бөлікті ең аз қадаммен жүріп өту. Балалардың жасы мен дайындығына қарай бөліктің ұзындығы 20-дан 40 метрге дейін өзгереді.
Сырғану қадамдарымен жалаушалармен белгіленген шаңғы жолымен жүріп өту. Бағдарлаулар (жалаулар, бұтақтар) аралығының арақашықтығы бір толық сырғанау қадамы. Сырғанау қадамы техникасын меңгерумен бағдарлау аралығының арақашықтығы осы сабақтағы сырғанау жағдайын ескере отырып артады.
Сырғанау қадамы техникасын жетілдіруде «Шаңғыдағы қырықаяқ» ойынын өткізуге болады. Бұл ойын үшін команданың (көбіне 2-3 команда) санына қарай бірнеше арқан қажет. Арқанның ұзындығы алшақ тұрған топ колоннасының ұзындығымен бірдей болуы шарт. Балалар шаңғымен бір колоннаға тұрады, бір-бірден таяқсыз, бір қолымен арқанды бойлай отырып, тіркеуден үзілмей (міндетті түрде аяқпен сырғанау қадамын орындайды), белгіленген мәреге қарай жылжиды. Топты шаңғымен сырғанауды жақсы меңгерген жас шаңғышы алып жүреді. Командалар параллель шаңғышымен жарысады, колоннадағы мәреге соңғы жеткен шаңғышыға қарап қай топтың жеңгені анықталады. Ойынды арқансыз да жүргізуге болады. Балалар колоннаға тұрғызылады, олардың әрқайсысы бір таяқты алға тартады, ал басқасы кейін тартады. Алда және артта тұрған шаңғышылардың таяқтары түйіседі де, бір тізбекпен жүру міндеттеледі. Топтың жетекшісі мен соңындағыларда бір таяқ тіреуіш болады. Командағы балалар таяқпен ұсталып, таяқты жібермей, алға қарай жылжиды. Мұндай ойындар сырғанау қадамдарын жақсы меңгерген оқушылардың білімдерін әрі қарай жетілдіру үшін өткізіледі. Ал төменгі сынып оқушылары мұндай колоннамен жүре алмайды.
Бір уақыттағы жүрісте және толық жүрістерде итерілуді жетілдіруге арналған келесі ойын-тапсырмалары қолданылады:
Азғантай итерілу арқылы бір уақыттағы қадамсыз жүрісті берілген бөлігін жүріп өту.
Бағдарлаушының итеруі арқылы бір мезгілде жүрудің берілген бөлігін жүріп өту. Шарт сырғанау қадамына арналғандай өзгертілмейді, бірақ үйретілетін бір уақытта жүру, балалардың жасы, жынысы және дайындығы ескеріледі.
Бір уақыттағы қажамдармен таяқтардан жасалған қақпалардан, таяқты итеру арқылы қақпалар арасынан, иілу арқылы олардың астымен сырғанап уачасткеден өту.
Шаңғымен басқару кезінде аяқты итеруді жетілдіру, тепе-теңдік сезімін тәрбиелеу мен координацияны басқару үшін тегіс жерде, аздап еңкею арқылы коньки жүрісімен қозғалу пайдаланылады (қар жақсы тапталған болуы қажет). Бөлікті азғантай қадамдармен өту керек.
5-7 сыныптарда екі қадамды жүру техникасын жетілдіруге арналған «Жазықтықта»жарыс-эстафетасын өткізуге болады. Балалар ойыншылардың саны мен алаңқайдың өлшеміне қарай 3-4 командаға бөлінеді. Тегіс тапталған алаңқайда команданың санына қарай трасса белгіленеді, 5-6 жалауша (шаңғы таяғы) бір-бірінен 6-8 м арақашықтықта орналастырылады.
Мұғалімнің белгісі бойынша команданың бірінші номерлері сырғанау қадамымен немесе алма-кезекті екі қадамды жүріспен, жалаушаларды оң және сол жағын кезекпен айналып өту арқылы трассаның бойлап жылжиды.
Трасса соңында жарысушы соңғы жалаушаны айналып өтеді де параллель шаңғышылар бойынша бір мезгілде оралады. Трассада қозғалу және кері оралу шарттары алдын ала ескертіледі.
Эстафетаны тапсыру келесі жарысушымен қол алысу арқылы жүзеге асады. Егер балалар жалаушаларды соқса немесе қалдырып кетсе. Онда олар қайта бұрылып, оларды орнына қойып, белгіленген жақты қайта өтуге міндетті.
Эстафетаны бірінші аяқтаған команда жеңімпаз атанады. Бұл ойынды жалаушалардың арақашықтығын қысқартып немесе оларды шахмат тәртібі бойынша қойып бұдан әрі күрделілендіруге болады. Мұғалім әр түрлі кедергілерді енгізу арқылы мұндай эстафеталардың түрлі нұсқаларын дайындай алады. Трассаның қиындығы балалардың жас ерекшелігі мен дайындығына және қойылған міндеттерге қарай ойластырылады.
Мұндай эстафеталар балалардың физикалық жетілуі үшін, ең алдымен шаңғыда қозғалу жылдамдықтарын арттыру үшін өткізуге болады.
Егер сынып үлкен болса, оқушылар екі кіші топтарға бөлінеді. Әр кіші топқа күші жағынан сәйкес келетін балалар енгізіледі. Ойын ережесі манадай: балалар топпен шаңғы жолымен ақырын қозғалады. Кіші топ бір ұзын жақтан өткенже мұғалім белгі береді, сол кезде балалар тез бұрылып жақын маңдағы қысқа шаңғы жолымен жоғары жылдамдықпен келесі шаңғы жолына дейінгі жерді кесіп өтуі керек. Бірінші келгендерге бір, екіншіге –екі және т.с. ұпай қосылады. Сосын ойын қайталанады: балалар тағы ақырын жүріспен дөңгелене қозғалады, белгі бойынша алаңқайға кесе көлденең жүгіреді. Жеңімпаз ең аз жинаған бойынша есептеледі. Бұл ойын балалардың шаңғымен қозғалуда жылдамдықтарын, жылжу реакцияларын дамытуға ықпал етеді. Егер балалар белгі берілмей тұрып қысқа шаңғы жолына түсіп кетсе, оған айыппұл салынады. Кіші топтағы қатысушылардың күштерінің сәйкестігі жарысу қызығушылығын біршама жоғарылатады және жылдамдықты дамытуда үлкен нәтиже береді.
Қозғалыс жылдамдығын дамытуға басқа да ойындар ықпал етеді, мысалы, «Қуып жет». қатысушылар жағынан теңЕкі команда параллель шаңғы жолымен жұптағы тепе-теңдікті сақтай отырып, жылжиды. Мұғалімнің «Оңға (солға)» деген белгісі бойынша екі команданың да қатысушылары айтылған бағытқа бұрылады. Алдында тұрғандар қашады, ал кейінгілер оны қуып жетуге тырысады. Жарыс мұғалімнің белгісінен кейін аяқталады. (жарыстың арақашықтығы балалардың жасына және дйындығына байланысты). Кейін ойын қайтадан басталады. Ойын алаңы ке, жалпақ болуы керек. Қарама-қарсы шаңғы жолы бір-бірінен 5-6 метр алшақ болғаны дұрыс.
Балалардың шапшаңдықтарын арттыру үшін басқа да ойындарды қолдануға болады. Мысалы, «Кім бірінші?», «Түлкілерді аулау», "Нысанаға тигіз!", "Жалаушаны алмастыр!", "Қуаласпақ", "Кең адым", "Түсіріп алма!", "Бір шаңғымен".т.б. Бұл ойындардың бәрін демалыстарда, шаңғымен қыдыруларда ұйымдастырған жақсы
Қорытынды.
Сонымен, зерттеуді орындау барысында жұмысымның келесі мақсаттарына жетуге тиіс болатынмын - мектеп жасындағы балалардың классикалық шаңғы жүрісі барысында техниканы үйрену әдістемесін ұйымдастыру ерекшеліктерін қарастыру.
Бірінші бөлімде біз балалардың шаңғы жүрісі техникасын үйретуденегізгі дайындықтарын, шаңғыда қозғалудың классикалық тәсілдерін үйрету әдістемесі мен техникасын, сонымен қоса, шаңғы дайындығы бойынша сабақтарды ұйымдастыру негіздерін қарастырдық,
Дене тәрбиесі бойынша мектеп бағдарламасында шаңғы дайындығы 1 сыныптан 11-сыныпқа дейінгі білім беру бөліктеріне енгізілген.
Классикалық мектеп бағдарламасында балалардың шаңғымен қозғалудың негізгі амалдары бойынша білім-білік дағдыларын меңгерту, жеке жұмыстар жүргізу дағдыларын, теориялық мәліметтерді айта білулерін, жалпы жұмыс жасау қабілеттерін арттыру және негізгі физикалық пен моральды-ерікті сапаларын дамыту қарастырылған.
5-6 сыныптарда алма-кезекті екі адымды жүрістің техникасын жетілдіру және меңгерту жалғасады. Ал 5-7 сыныптарда бір мезгілдегі жүріс меңгертіліп, жетілдіріледі, сондай-ақ көтерілу, төмен түсу, қозғалыстағы бұрылыстар, алма-кезекті төрт адымды жүрістің амал-тәсілдерін үйрету жалғастырылады.
Шаңғы дайындығы бойынша оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесінде 5-7 сынып оқушылары білуі тиіс:
Шаңғыда қозғалудың басты тәсілдерін игеру маңызды физикалық қасиеттерін дамыту (төзімділігін, күшін, ептілігін және т.б.)
моральды-ерікті сапаларын тәрбиелеу (батылдық, тәртіптілік, қайсарлық және т.б.)жалпы жұмысқа қабілеттілігін жоғарылату;
балаларды сауықтыру және шынықтыру;
өзіндік жеке сабақтар жүргізуі үшін білім-біліктіліктерін қалыптастыру.
Ереже бойынша 5-7 сынып оқушылары классикалық шаңғымен жүрудің техникаларын үйренеді және өздерінің меңгерген дағдыларын жетілдіреді. Классикалық шаңғы жүрісінің негіздері болып алма-кезекті (екі адымды және төрт адымды), бір уақытылы (адымсыз, бір адымды, екі адымды) табылады.
Шаңғы дайындығы сабағының міндеттерін табысты шешу материалдық базаны, жаттығу орнын, оқу құжаттары мен оқушыларға, ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын алды –ала дайындауға байланысты.
Шаңғы дайындығы бойынша сабаққа қойылатын белгілі бір талаптар бар.
Шаңғы дайындығы бойынша әрбір сабақта нақты білім беру, сонымен қатар сауықтыру және тәрбиелеу міндеттері шешіледі. Сондықтан әрбір сабақ алдыңғы және келесі сабақпен тығыз байланыста өткізіледі, ол өзіндік жұмыстың және толықтай оқу жұмысының бөлігі болып табылады.
Шаңғы дайындығы бойынша сабақтың мазмұны, жүктемесі, оқыту әдістері және физикалық сапаларын дамыту әрқашан бағдарламалық материалдармен, қойылған міндеттермен, балалардың жасы мен жынысына сәйкес келуі керек.
Өткізу әдістері және сабақтың мазмұны әрқашан баланың сабаққа белсенді әрекетін қалыптастыруы, жаңа материалды саналы меңгеруін туғызуы қажет.
Балалардың ұжымдық және жеке жұмыс жасауын үйлесімді байланыстыру керек.
Шаңғы дайындығы сабағында балалардың белсенді әрекеті материалдың мазмұны бойынша, күш түсіру сипаты бойынша да әр түрлі болғаны жөн. Бұдан сабақтың қандай түрде өткізілетіні аса маңызды болып табылады. Бұл мәселелерді мен жұмысымның екінші тарауында қарастырдым.
Мектепте ереже бойынша оқыту барысында жаттығуларды орындауды және қозғалу білім-біліктерін қалыптастыруды ұйымдастырудың қарсы алдынан, ағынды, жеке, топтық дәстүрлі тәсілдері қолданылады.
Оқытудың басты әдістері түсіндіру, көрсету және сынап көру болып табылады. Көрсетілетін жүрісті (жаттығу) түсіндіру (әңгімелеу) қысқа, әрі түсінікті болуы керек.
Толық түсіндіру көрсетуден кейін жақсы нәтижелер береді, өйткені бұл кезде балаларда үйретілетін жүріс (жаттығу) туралы жалпы түсініктері қалыптасады.
Көрсету қабылдау үшін қол жетімді анық болғаны жөн. Жаттығуларды алдымен қарапайым қарқынмен, кейін есеп бойынша баяу қарқынмен көрсету қажет.
Жаттығудың негізгі элементтеріне бағыттаумен баяу қарқында амплитуданы күшейту арқылы оны оқшаулау немесе қысқаша түсіндірумен сүйемелдеуде біршама айқын қозғалысты көрсету өте жақсы нәтижелер береді. Қорытындыда үйретілетін жаттығуды орындау үшін олардың мұмкіндіктерін ескере отырып, керекті ырғақты айқындау тиімді. Ол үшін есеп те қолданылады, бірақ ол элементтер арасындағы аралықтардың сәйкестігін нақты сақтай отырып жүргізу қажет.
Сабақты оқыту формасының аса тартымды және тиімдісі топтық оқыту формасы. Бұл тәсілді сабақта ұйымдастыру балалар үшін өте қызықты, әсерлі, жүктеменің көлемі мен қарқындылығы бойынша тиімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жоғары моторлы жиілікті қамтамасыз ете отырып, сабақты жоғары әсерлілікпен өткізу оның сапасын жоғарылатады.
Достарыңызбен бөлісу: |