Реферат Орындаған: Беделхан Абзал Тобы: лр 102 Тексерген;Керімбек. Ж жоспары: Көк жасыл балдырлар



бет1/5
Дата03.01.2022
өлшемі0.77 Mb.
#451215
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Беделхан Абзал ЛР 102 . реферат


Қазақ ұлттық аграрлық университеті

Реферат

Орындаған: Беделхан Абзал

Тобы:ЛР_102

Тексерген;Керімбек . Ж

Жоспары:

1.Көк жасыл балдырлар

2.Хроококкалылар

3.Хроококк және Горгомониялар

4.Осцилляториялық-Oscilatoris

5.Жасыл балдырлар

6.Хромотофордын кұрылысы және көбеюі

1.Көк-жасыл балдырлар.

Көк-жасыл балдырлар бір жасушалы, кауымды, көп жасушалы, жіп тәрізді ағзалар, олардың 1500-2000 дай түрлері бар. Баска балдырлардан жасуша құрылысының ерекшелігі, пигментерінің құрамы, тіршілік ортасының өзгешеліктері арқылы ажыратылады. Жасуша кабыкшасынын кұрамында онай кілегейленетін пектин, тек кейбіреулерінде ғана целлюлоза болады. Жасушасы органоидтарға бөлінбеген. Жасушаларда мынадай кабаттар болады: шеткі боялган кабаты- хромотоплазма, ортаңғы түссіз орталык плазма кабаттары. Хромотоплазма кабаты кұрамында жасыл-хлорофилл, көк - фикoциaн, қызыл - фикоэритрин, қызғылт, сары каротин пигментері болады, осыған байланысты олардың түсі көк-жасылдан сарғыш, күлгін, кызғылт, көгілдір, кейде тіпті кара тусті де болады. Орталық плазма бөлігінің атқаратын қызметі жағынан жасуша ядросына жақындайды. Бұл кабатта ядроның құрамына кіретін днқ элементі бар, ядрода болатын хроматин жіпшелері болады. Жасуша шырыны бар вакуольдері есейгенжасушаларда ғана пайда болады. Оның пайда болуы жасуша тіршілігін жоюға әкеп соғады. Оның есесіне көк-жасыл балдырлардын жасушаларында азотпен толы газ вакуолі болады. Кор заты ретінде гликопротеид, валютин және анабеин жиналады. Көк-жасыл балдырлар фотосинтездің нәтижесінде авто трофты және коршаған ортасынан органикалык заттарды сіңіру аркылы гетеротрофты коректенеді. Көк-жасыл балдырларда козғалғыш талшыкты кезеңі және жынысты көбеюі болмайды. Көбеюі бір жасушалы түрлерінде жасушаның тек екіге, кауымдыларында кауымнын ыдырауы, жіп тәрізді түрлерінде жіптің үзілуі не горгомонияга (протопластарының жинакталып үзілуі) бөлінуі арқылы болады. Эндо-және экзоспоралар аркылы жыныссыз да көбейеді. Арнаулы козғалыс мүшесі болғанымен, бұларда қозғалыс байкала ды, ол сырткы мембрана кабатынын толкын тәрізді жиырылуы мен кілегейдің бөлінуіне байланысты болуы мүмкін. Көк-жасыл балдырлар екі класқа бөлінеді: хроококкалылар, горгомониялар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет