Сабақтың тақырыбы: «Арифметикалық амалдарды қосу»



Дата28.06.2016
өлшемі45.28 Kb.
#162827
түріСабақ
Күні: 11. 10. 2010 ж.

Сыныбы: 8г сынып

Сабақтың тақырыбы: «Арифметикалық амалдарды қосу»

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: Оқушыларды екілік арифметикамен таныстыру арқылы білімдерін жетілдіру;

ә) тәрбиелілігі: Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыра отырып, жан – жақтылыққа тәрбиелеу;

б) дамытушылығы: Есеп шығару арқылы оқушылардың логикалық ойлауын дамыту.

Көрнекілігі: Интер. тақта, дербес компьютер, электронды оқулық, слайдтар.

Сабақтың түрі: Демонстрациялық көрсетілім көмегімен баяндау.

Пәнаралық байланыс: математика

Сабақтың әдіс – тәсілдері: Топтастыру» стратегиясы, Техникалық диктант,

электрондық оқулықпен жұмыс, БҮҮ стратегиясы.



Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

№1 Мына сандарды көшіріңіз:

а) 10111,11111011112 → ?16; б) 1F5A16 → ?8;

ә) 10111001,1011001112 → ?16; в) 2CE16 → ?16;

Үй тапсырмасын қорытындылай келе позициялық санау жүйесін топтастырайық:
Екілік (0,1) Сегіздік (0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7)



Он алтылық

Ондық (0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, А(10),

(0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9) В(11), С(12), D(13), Е(14), F(15))


ІІІ. Жаңа сабақ. «Арифметикалық амалдарды қосу»

Екілік санау жүйесінде арифметикалық амалдар ондық жүйедегі ереже бойынша орындалады, тек қана айырмашылығы – санау жүйесінің негіздеушісі екіге тең тек екі цифр қолданылады.

Арифметикалық амалдар барлық позициялық санау жүйелерінде бізге таныс ережелермен орындалады. Екілік санау жүйесінің арифметикасы қосу, азайту, көбейту, бөлу кестелері арқылы негізделген.

Екілік

сандарды

қосу


Екілік

сандарды

азайту


Екілік сандарды көбейту

Екілік

сандарды

бөлу


0 + 0 = 0

0 + 1 = 1

1 + 0 = 1

1 + 1 = 10



0 - 0 = 0

0 - 1 = 1

1 - 0 = 1

1 - 1 = 0



0 * 0 = 0

0 * 1 = 0

1 * 0 = 0

1 * 1 = 1



30 2

0 15 2

1 7 2

1 3 2

1 1 2


Екілік санау жүйесіндегі бөлу – ондық жүйедегі (бұрыштап) сатылап бөлу сияқты орындалады. Екілік жүйеде бөлу мейлінше оңай орындалады, өйткені бөліндінің кезекті цифры тек нөл немесе бірлік қана болады.

Енді бүгінгі сабағымызда осы қосу амалын толығырақ қарастырайық. Екілік жүйеде сандарды қосу осы қосу кестесіне негізделген. Екілік жүйедегі қосу кестесі маңызды операция, бірақ өте қарапайым. Компьютерде екілік сандармен орындалатын үш арифметикалық операция - азайту, көбейту бөлу, әдетте қосудың көмегімен орындалады. Екілік сандарды қосу сәйкес разрядтардың цифрларын тасымалды есепке алып қосамыз. Сонымен қатар 1+1 қосындысы 0-ді береді де, бірлік алдыңғы үлкен разрядқа тасымалданады.

Мысалы: екілік сандарды қосу:

1) х = 1101, у = 101

х + у = ? бірлік көрші разрядқа

1 1 1 0 тасымалданады

+ 1

1 0 0 0


1 0 1 1 0 х + у = 10110
Нәтижесінде: 11102 + 10002 = 101102

2) Ондық санау жүйесін есептеуге (мысалға) тексеру жүргіземіз. Ол үшін екілік санау жүйесіне көшіріп, оларды қосамыз:

11102 = 1 · 23 + 1 · 22 + 1 · 21 + 0 · 20 = 8 + 4 + 2 + 0 = 1410

10002 = 1 · 23 + 0 · 22 + 0 · 21 + 0 · 20 = 8 + 0 + 0 + 0 = 810

1410 + 810 = 2210

Енді алынған нәтижені ондық санға көшіреміз:

101102 = 1 · 24 + 0 · 23 + 1 · 22 + 1 · 21 + 0 · 20 = 16 + 0 + 4 + 2 = 2210

Нәтижелерді салыстыра отырып, қосуды дұрыс орындалғанына көз жеткіземіз. 2210 = 2210

IV. Бекіту. Есептер шығару.

1 – тапсырма: Арифметикалық қосу амалын орында:

а) 11001 ә) 1110010 б) 10110 в) 1010010

+ + + +

10111 11100 1011 11010

110000 10001110 100001 1101100


Электронды оқулықпен жұмыс.
2 – тапсырма: Арифметикалық амалды орындап, оның дұрыс орындалғанын тексеріңіз:

х = 1101, у = 101, z = 111; х + у + z = ?



1) 1 1 0 1 1 0 0 1 0 1 1 0 1

+ + +


1 0 1 1 1 1 1 0 1

+

1 0 0 1 0 1 1 0 0 1 1 1 1

1 1 0 0 1



х + у + z = 1101 + 101 + 111 = 110012

2) 11012 = 1 · 23 + 1 · 22 + 0 · 21 + 1 · 20 = 8 + 4 + 0 + 1 = 1310

1012 = 1 · 22 + 0 · 21 + 1 · 20 = 4 + 0 + 1 = 510

1112 = 1 · 22 + 1 · 21 + 1 · 20 = 4 + 2 + 1 = 710

1310 + 510 + 710 = 2510

110012 = 1 · 24 + 1 · 23 + 0 · 22 + 0 · 21 + 1 · 20 = 16 + 8 + 0 + 0 + 1 = 2510

Нәтижесінде: 2510 = 2510
Техникалық диктант.

Екілік санау жүйесінің арифметикасы қосу, азайту, көбейту, бөлу кестелері арқылы негізделген. Екілік сандарды қосу сәйкес разрядтардың цифрларын тасымалды есепке алып қосамыз. Сонымен қатар 1+1 қосындысы 0-ді береді де, бірлік алдыңғы үлкен разрядқа тасымалданады. Екілік жүйедегі қосу кестесі маңызды операция, бірақ өте қарапайым. Компьютерде екілік сандармен орындалатын үш арифметикалық операция - азайту, көбейту, бөлу, әдетте қосудың көмегімен орындалады.


V. Қорытындылау. БҮҮ стратегиясы


Білетінім

Үйренгенім

Үйренгім келеді









VІ. Оқушылардың білімдерін бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: § 2. 3 Арифметикалық амалдарды қосу (МАЗМҰНДАУ)

17 беттегі №2.3 тапсырмадағы есепті шығару: 1) 11102 + 10012 = ?



3) 11102 + 910 = ?

Сабақты аяқтау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет