Реферат Орындаған: Мәлікова А. С қабылдаған: Измагамбетова Р. К



Дата05.11.2022
өлшемі13.07 Kb.
#464091
түріРеферат
Реферат Орында ан М лікова А. С абылда ан Измагамбетова Р. К


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті


Реферат

Орындаған: Мәлікова А .С
Қабылдаған:Измагамбетова Р. К
Топонимика
Топонимика — ономастиканың жер-су, елді мекен атауларының шығуы мен пайда болуын (этимологиясын), мағынасын, құрылымының дамуын, таралу аймағын, қазіргі жағдайын, грамматикалық, фонетикалық пішінін, жазылуы мен екінші бір тілде берілуін зерттейтін құрамдас бөлігі. Бұл гректің «топос» — орын, жер, «онома» — атау деген екі сөзінен тұрады, яғни жер-су атаулары деген сөз.
Топоним дер, яғни жер-су аттары, негізінен үш бағытта зерттеледі:
1. семантикасы (мағынасы);
2. жасалу жолдары;
3. этимологиясы.
Топонимика география, тарих, тіл білімі, этнология ғылымдарының деректеріне сүйеніп, өзара байланыста дамиды. Кез келген аумақтың географиялық атауларының жиынтығы сол жердің топонимиясын құрайды. Топоним дер зерттелетін географиялық нысандардың көлеміне не мөлшеріне қарай макротопонимдерге (тау жоталары, үлкен ойпаттар, мұхиттар, т.б.), мезотопонимдерге (жеке таулар, теңіздер, т.б.), микротопонимдерге (көл, бұлақ, құдық, қоныс, т.б.) бөлінеді. Топонимика тіл тарихын зерттеуде маңызды дерек көзі болып саналады. Өйткені кейбір топонимдер (әсіресе, эндооронимдер мен эндогидронимдер) архаизмдер мен диалектизмдерді тұрақты сақтайды, көбінесе олар сол аумақты мекендеген халықтың субстрат тілдерінен бай мағлұмат береді. Топоним дердің халық берген дұрыс нұсқасын барлық жағдайда және басқа тілдерде дұрыс жазылуының маңызы зор. Қазақ тілінің Топонимикасын Ғ.Қоңқашбаев, Н.Баяндин, А.Әбдірахманов, т.б. ғалымдар зерттеген
Заманауи геотопонимикалық зерттеу бағытының негізін қалаушы ретінде Е.М.Мұрзаевті қарастыруға болады. Ол танымал географиялық терминдерден географиялық ақпарат алу әдісін ұсынды. Автор топонимдер географиялық орта туралы ақпарат көзі ретінде қарастырды. Э.М.Мұрзаевтың көпжылдық зерттеулерінің нәтижесінде көптеген жұмыстар жазылды, соның ішінде «Халықтық географиялық терминдер сөздігі». Е.М.Поспеловтың еңбектері топонимикадағы математикалық және картографиялық әдістерге, халық терминологиясы және географияны оқыту үдерісінде топонимияны қолданысына бағытталған.
Әлемнің түкпір-түкпірінде географиялық атауларын зерттеуге айтарлықтай үлес қосқан ғалымдар: А. Доза, А. Шерпилё (Франция); Г. Краэ, М. Фасмер(Германия), Э. Экуолл, А. Смит, А.. Рум, С. Мэттьюз (Великобритания); А. Профоуз, В. Шмилауэр (Чехия); В. Тащицкий, Й. Сташевский, С. Роспонд, К. Рымут (Польша); В. Георгиев (Болгария); Л. Киш (Венгрия), И. Иордан, Г. Драгу (Румыния); М. Ольсон (Швеция); Дж. Р. Стюарт, Н. Холмер (США), Дж. Армстронг (Канада), А. Кардозу (Бразилия) және т. б. көптеген ғалымдар. Әртүрлі ғылым өкілдерінің күшімен топонимика ғылыми танымда өз орнын алды.
Жіктелуі
Ороним - жер үсті қабатындағы нысандарының: тау, қырат, шың атаулары. Мысалы: Алатау, Хан Тәңірі, Алтай, Орал, Қаратау.
Спелеоним - жер асты қабатының нысандарының: үңгір, құдық, жар, лабиринт, сифон, жер асты өзен атаулары.
Хороним - кез келген территория, аймақ, облыс, аудан атауы. Мысалы: әкімшілдік, қалалық, табиғи хоронимдер, Шығыс Қазақстан, Орта Азия, Еуразия, Алматы облысы, Қызылжар ауданы.
Агроним - жер бөлімшелерінің атауы.
Гидроним - су нысандарының атауы.
• Потамоним - өзен атауы.
• Лимноним - көл, көлшік, тоған атаулары. Мысалы: Балқаш, Сасықкөл, Алакөл, Жалтыркөл.
• Гелоним - саз, батпақ атауы.
• Океаноним - мұхит не оның бөліктерінің атауы. Мысалы: Атлант мұхиты, Солтүстік Мұзды мұхит, Үнді мұхиты.
• Пелагоним - теңіз не оның бөліктерінің атауы. Мысалы: Каспий теңізі, Арал теңізі.
• Пегоним - бұлақ атауы.
• Қазақстанның топонимиялық жүйесі – осы аумақты мекендеген халықтардың, соның ішінде қазақ халқының заттық және рухани мәдениетінің ғасырлар бойы жинақталып, сақталып қалған көрінісі. Өткен замандардың реликтілік мұралары ретінде тарихи топонимдер аумақтың табиғат жағдайларын, ондағы мемлекеттер мен халықтардың тарихындағы маңызды оқиғаларды “жадында” сақтап, қаз қалпында бүгінгі күнге жеткізіп отыр. Сондықтан топонимдерді диахрондық бағытта зерттеуге топонимист ғалымдар ерекше маңыз берген. Кез келген қоғамның материалдық негізі қоғамдық қатынастардың тарихи дамуы мен қоғамның рухани келбетін анықтаған. Рухани мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылатын географиялық атаулардың қалыптасуында да тарихи астар бар. Е.М. Поспеловтың бейнелі түрде атап көрсеткеніндей, тарихи география “топонимиканың бесігінің жанында тұрды, ал алғашқы топонимистер тарихи географтар болды”.
• Топонимдерді зерттеуде жергілікті тарихи деректерге сүйену атаулардың семантикасы мен этимологиясына қатысты құнды мәліметтер бере алады. Бетпақдалада Кескентерек деп аталатын кішігірім төбе бар. Мағыналық жағынан талдасақ, осы атаудың негізінде “кесілген терек” деген сөз тіркесі жатқан сияқты. Бірақ, тарихи деректерге үңілсек, XVIII ғ. соңында осы өңірді жайлаған арғын руының атақты байы Убәнәстің жалғыз ұлы Кескентеректі аңшылық кезінде өзінің бүркіті өлтірген екен. Оның денесі сол маңдағы төбенің басында жерленіп, сол кезден бастап төбе Кескентерек деп аталады. Осылайша, төбе атауының терекке ешқандай қатысы жоқ екендігі тарихи деректер негізінде дәлелденеді. Топонимдердің тарихи негіздерін анықтауда тарихи жазба ескерткіштер, көне карталар, саяхатшылардың жолжазбалары, мұрағат қорлары белгілі дәрежеде көмек бере алады. Сол себепті тарихи топонимдерді зерттеудің қолданбалы маңызы зор.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет